Ипотекалық несие банктің (қаржылық ұйымның) тұтынушыларға ұсынатын несиелерінің бір түрі болып табылады. Ипотека сонау ерте заманда б.з.д. VІ ғасырда Грецияда алғаш рет дами бастаған, кейін келе Рим империясында дами түсіп, біздің заманымызға дейін келген. Қазіргі кезде ипотекалық несиені банктер тұтынушыларға ұсынып, тұрғын үй мәселесін шешудің бір жолы ретінде кең танылуда. Алайда банк осы несиені ұсыну барысында кейбір келеңсіздіктермен соқтығысуда. Бұл несие тәуекелі деген ұғыммен ұштасады.
Банктер ақша қаражаттарын беру барысында делдал болып табылады, сондықтан ол өзіне несие тәуекелдігін қабылдайды. Несиенің өз уақытында қайтарылмауы банктің зиян шегуіне немесе банкроттыққа алып келеді. Несиелік тәуекел – бұл қарыз алушының қаржылық жағдайының төмендеуімен немесе банкроттылығымен және несиенің толық немесе бір бөлігін, олар бойынша пайыздар сомасын қайтара алмаумен байланысты тәуекел. Ол ішкі ортаның әсеріне қатысты болады. банк қызметкерлерінің клиент нәтижелерін: қаржылық және нарықтық көрсеткіштерін және қызметінің болашағын дұрыс бағаламау салдарынан потенциялды несие қабылеттіліг жоқ клентке несие беру себебінен туындайды. Осының бәрі несиенің бір түрі болғандықтан, ипотекалық несиеге де қатысты жағдайлар. Ипотекалық несие тәуекелі өте жоғары болып келеді, өйткені онда көп сомада қаражат беріледі және оның пайызы да жоғары болады. ал ең негізгісі, несиенің бұл түрі ұзақ мерзімге берілгендіктен қайтарымдылығы тәуекелді талдау ақпараттарының алғышарттарының бірі сәйкестендіру. Банк әртүрлі ақпараттар алуға қажетті шығындарға да көңіл бөле отырып, өзінің барып отырған тәуекелін анықтауы керек.
2. Тәуекел мөлшерін анықтау. Тәуекелді сәйкестендіру мен тәуекел мөлшерін өлшеу әдісі тығыз байланысты. Тәуекел көлемін сандық сипатта анықтау нақты тәуекел мөлшерін қалыптастыруға және потенциалды шығындар көлемін бағалауға көмектеседі.
3. Несиелік тәуекелді басқару. Тәуелдің мөлшерін анықтағаннан кейін оны басқару стратегиясын және әдістемесін дайындау керек. Бұл несиелік тәуекелдің лпайда болуын ескеруге және банктің өтімділігі мен табыстылығына әсер ететін несиелік тәуекел салдарын алдын алуға бағытталады.
4. Несиелік тәуекелді басқару бойынша жүргізілетін шаралардың нәтижесін әрдайым бақылап, болжамдалған көрсеткіштерден тәуекелдің ауытқуы себебін табуға және талдауға көмектеседі. Бақылау клиенттің несиелік қабілетінің нашарлауын және бағасын, кепілін анықтауға көмек береді.
Несиелік тәуелді басқарудың тиімді жүйелерінің бірі – несиелік тәуекелді бағалау. Сондықтан несиелік тәуекелвді бағалау өзара байланысты факторлар жиынтығынан тұрады (2-сурет).
Несиелік тәуекелді бағащлауға әсер ететін критерийлерді толық түрде ашып көрсетсек, олар келесідей:
1. Несиенің қамтамасыз етілуі клиенттің ссудалық қарызын жабу деңгейі. Бұл фактормен байланысты критерий қамтамасыз етілудің өтімділігі, жеткіліктілігі, сақтандырылуы. Бұл банктің қамтамасыз етуді қалай жүзеге асырылатындығын көрсетеді.
2. Несие мәмілесінің сипаттамасы несие келісімінің негізділігі және нақтылығы сипаттарынан көрінеді. Бұл өз кезегінде несиенің мақсатқа сәйкес болуымен, оның мерзімділігімен, қайтарымдылық және өтеу шартымен сипатталады.
3. «Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығы» клиенттің қаржылық жағдайын бағалау, яғни уақытылы банкроттықтан сақтануға көмек береді. Мұның негізі несиелік қабілет, капитал жеткіліктілігі, репутация басқару сапасы болып табылады.
Екінші деңгейлі банктер мен ипотекалық компаниялар үшін өз несиелік тәуекелдерін төмендету ипотекалық несиелердің болашақ дамуын анықтайтын фактор болып табылады. Өйткені несие берудің мерзімін ұзарту жәхне алғашқы жарна көлемін төмендету несие алушылардың тәуекелін төмендетусіз мүмкін емес. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалауы бойыншаж, несие тәуекелі жалпы көлемде алғанда несие бойынша мирнималді мөлшерлеме құрылымында компонет болып табылады. Эал ол өз кезегінде несие алушының табыс алмай шығындарды ұлттық валютада 49,2%-бен шетелдік валютада 59,8%-бен жабуға мүмкіндік береді [2].
Ипотекалық несие тәуекелін төмендету үшін отандық қаржы нарығында тиімді құралдың қажеттілігі туындайды. Әлемдік тәжірибедегі көпшілік мойындаған ипотекалық несиені төмендетудің құралы оны кепілдендіру (сақтандыру) болып табылады. Ипотекалық несиені кепілдендіру (сақтандыру) институтын құрған бірқатар елдер бұл шешімге әртүрлі экономикалық крезистер және дүмпулердің нәтижесінде келген. Яғни өздезрінің тәжірибелеріне негізделіп, несиелік тәуекелді кепілдендіруді қаржылық тұрақтылықты нақтыландыруға бағытталған алдын алу шарасы ретінде енгізген.
ҚР ҰБ кейпінде құрылтайшысы мемлекет болып табылатын ипотекалық несиені кепілдендіру Қазақстандық қорының 2003 жылдың қазан айында құрылуы елдің қаржжылық жүйесін күшейтудің мақсатты саясатының нәтижесі болып табылады.
Ипотекалық несиелерді кепілдендіру банктер мен ипотекалық компанияларға несие тәуекелін қормен бөлісу арқылы төмендетуге мүмкіндік береді. Қор өзі дербес андеррайтинг жүргізетін және ипотекалық тұрғын үй қаразы бойынша қарыз алушының өз міндеттемелерін орындамау себебінен туындайтын залалдан ұзақ мерзімді қорғайтын ұйым ретінде қарастырылады.
Қордың кепілі ипотекалық несиенің толық мерзімінде әрекет етеді. Қордың 500 млн теңге капиталы бір жылда 500 ипотекалық несиені кепілдендіруге жеткілікті (әрбір ипотекалық несиевге орта есеппен алғанда 15000 АҚШ доллары деп алғанда). Мұнда тәуекелдің өзіндік капиталға 20:1 қатынасымен қарастырылған. Сондай-ақ бұл 2005-2007 жылдардағы республикалық бюджеттен 3,8 млрд теңвге көлеміндегі трансферттерді есептемегендегі жағдай.
Қор өзін-өзі қаржыландырушы ұйым бола тұра, ипотекалық несиелерді кепілдендіруден түсетін сыйақыларды өзіне негізгі мақсат деп қарастырмайды. Олар қордың резерві болып жинақталады.