Ирак Республикасы

Скачать

Ирак Республикасы – Батыс Азиядағы мемлекет. Солт. Туркиямен, бат. Сирия және Иорданиямен, шығ. Иранмен, оңт. Сауд Арабиясымен т.б. елдермен шектеседі. Оңт.- шығысында Парсы шығанағы. Жері 434,9 мың км 2. астанасы – Бағдад қаласы. әкімш. жағынан 16 мұхафазға бөлінеді.
Ирактың негізгі тұрғындары арабтар мен курдтар. Арабтар елдің оңт. және орт. аудандарында, курдтар солт.- шығысында тұрады. Көшпелі арабтар мен курдтар руға, тайпаға бөлінеді. Арабтардың ірі тайпалары анайза, дафир, шаммар. Басқа халықтардан түрікмендер, армяндар, еврейлер т.б. тұрады. Ресми діні – ислам, халқының 95 % -і мұсылмандар. 1км 2 жерге 22 адамнан келеді. Халықтың 10 % көшпелі, 57,8 % –і қалаларда тұрады; ірі қалалары – Бағдад, Басра, Мосул, Киркук, Неджеф.
Ирак 1958 жылғы революцияға дейін мешеу дамыған аграрлы ел саналды. Негізгі байлығы мұнай түгелімен шетел капиталының қарамағында болды. 1958 жылдан бастап агр. Реформа жүргізілді. 1964 жылы мемл. Ирак ұлттық мұнай компаниясы құрылды; банкілер, қауіпсіздендіру компаниялары, 30- дан астам ірі өнеркәсіп және сауда компаниялары национализацияланды; экономикасында мемл. сектор ұлғайды. 1960-71 ж. Ұлттық табыс 437 млн-нан 947 млн. динарға жетті. Ирак экономикасының дамуына СССР үлкен көмек көрсетті.
Өнеркәсіптің басты саласы – мұнай өндіру. Ирак мұнай өндіруден капит. дүниеде 7- орын алады. Мұнай кәсіпшіліктерінің көбі әлі де ағылшын-америка-француз «Ирак петролеум компани», компаниясының және оның филиалдары – «Мосул Петролеум компани», «Басра Петролеум компани» қарамағында; олар 1971 жылғы келісім бойынша, түскен пайданың 55%-ін Иракқа береді. Басты мұнай кәсіп- шіліктері – Киркук, Мосул, Басра, Дияла Ливаларында шоғырланған. Мұнайдың көбі экспортқа шығарылады. Табиғи газ, тұз, кварц, әк тас өндіріледі. Мата тоқу, киім тігу, былғары, аяқ киім, цемент, тамақ кәсіпорындары бар. Басрада азотты тыңайтқыштар, Амарада, Сулейманияда қант, Искандерияда а.ш. машиналарын жасау з- дтары салынуда.
Ауыл шаруашылығы – Ирак эконо микасының негізгі саласы. 1958 ж агр. Реформа туралы заң қабылданды : шехтер мен помещиктердің жері азайтылды. 1958-70 ж. 2,2 млн. га жер бұрынғы иелерінен алынып, 76 мың шаруа семьясына бөліп берілді. 1970ж. агр. реформа туралы жаңа заң қабылданды: енді шаруаларға берілетін жердің мөлшері – шаруашылықорналасқан ауданның табиғи жа Реформа туралы жаңа заң қабылданды: енді шаруаларға берілетін жердің мөлшері – шаруашылықорналасқан ауданның табиғи жағдайына, жердің сапасына және егілетін дақыл түріне қарай белгіленетін болды. 1971 ж. 838 а.ш. коперативі құрылды. Егістігінің 80 %-іне арпа, бидай, күріш, егіледі. Сондай-ақ мақта, темекі елдің оңтүстік жағында құрма пальмасы өсіріледі. Экстенстивтік мал шаруашылығы дамыған.

Сыртқы саудасы. Экспортқа мұнай және оның өнімдері, құрма, мал терісі, жүн, мақта, арпа, цемент шығарылады. Басқа елдерден машиналар мен өндіріс құрал- жабдықтары, азық-түлік, қара металдар, химия және формацевтика товарлары, мата, ағаш сатып алынады.
Сыртқы сауда серіктестері: Ұлыбритания, Франция, Бельгия, Италия, Египет, Ливан, Кувейт. Ирактың СССР мен және басқа соц. елдермен қарым- қатынасы өрістеп барады. Ирак – араб елдері «жалпы рыногының» мүшесі. Ақшасы- ирак динары.
Оқу – ағару ісі. Иракта 1958 жылғы революцияға дейін елдердің 80 –і, әйелдердің 95 –і сауатсыз болды. 1959 жылы міндетті бастауыш білім беру жөнінде заң қабылданды. Оқу програмасына кейбір өзгертулер енгізілді. Оқу орындары кқбейе бастады. Көптеген ирактықтар жоғарғы білімді СССР- де, АҚШ- та, Египетте т.б. елдерде алады.


Скачать


zharar.kz