Бірінші межелік бақылау сұрақтары
1. Менеджмент ұғымының пайда болуы және даму эволюциясы.
2. Білім беру жүйесіндегі менеджерге қойылатын талаптар
3. Психология – педагогикалық әсерлердің әдістері.
4. Кәсіптік білім беруде педагогикалық менеджменттің мақсаты
5. Мекеме стратегиясының шешімін қабылдау және оны жүзеге асыру
6. Менеджменттің мәні, әдістері және қызметтері.
7. Менеджмент және оның қазіргі заманғы білім жүйесіндегі рөлі.
8. Қазіргі заманғы ҚР-ның білім беру жүйесі
9. Білім беру жүйесі әлеуметтік жүйенің түрі ретінде, оның атқарушы жұмыстары: мақсатты, мазмұны, қызметті, талдау-нәтижелік.
10. Білім беру мекемелері қызметінің басымдық бағыттарын таңдау
11. Білім беру жүйесінің жалпы принциптері.
12. Педагогикалық кадрларды біліктілігін арттыру және өздігінен білімін жетілдіру.
13. Білім беру мекемелерін басқару қағидалары.
14. Ақпарат ұғымы, оның педагогикалық менеджменттегі рөлі мен маңызы.
15. Педагогикалық менеджмент әдістерінің төрт түрі.
16. Экономикалық ынталандыру әдістерін жетілдіру
17. Педагогикалық менеджменттің функциялары туралы ұғым.
18. Ұжым мүшелерінің жеке дара психологиялық ерекшеліктері.
19. Басқару қызметі деңгейі мен педагогикалық менеджмент әдістерін жүйелеу.
20. Психология – педагогикалық әсерлердің әдістері.
1Білім беру менеджері қызметінің принципіне жатпайды:
A) Қоғамдық пікір арқылы әсер ету
B) Менеджменттің педагогикалық бағыттылығы
C) Қызметтік мақсатқа лайықтылығы
D) Басқару үрдісінің пәрменділігі
E) Өзін- өзі жүйелі жетілдіру
2. Менеджмент сөзінің жалпы түсінігі?
A) Басшының алдына қойған мақсаттарға қол жеткізуде, басқа адамдардың еңбектерін, қабілеттерін жұмылдыра білуі
B) Білім беру мекемесінің жұмысын жоспарлау, реттеу
C) Білім беру процесін басқарудың принциптері мен технологиялық тәсілдерін анықтау
D) Педагогикалық жүйелерді ғылыми негізде басқару
E) Басқару шешімдерін рәсімдеу
3. Педагогикалық менеджмент әдісі:
A) Психо- педагогикалық әсер ету
B) Өзін- өзі жүйелі жетілдіру
C) реттеу
D) жүйелеу
E) жоспарлау
4. Қай мәліметтер ағымында басқарушыларды өзінің қарауындағы адамдармен тікелей және кері байланыспен қамтамасыз етуге бағытталған:
A) Өзара жұмысты қамтамасыз ететін мәліметтер ағымы;
B) Негізгі мәліметтер ағымы;
C) Оқу мекемелерінің нарыққа кіруіне мүмкіндік беретін мәліметтер ағымы;
D) Білім берудегі қызмет көрсету нарығындағы мәліметтер ағымы;
E) Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы мәліметтер ағымы
5. Білім беру менеджері қызметінің деңгейлерін атап көрсетіңіз:
A) репродуктивті, икемделген, оқшауланған үлгі, жүйеленген үлгі, экстрополяциялық
B) жоспарлау, ұйымдастыру
C) икемделген, репродуктивті, ұйымдастыру
D) талдау, жоспарлау
E) ұйымдастыру, талдау