Жұмабаев Мағжан Бекенұлы (25.06.1893, қазіргі Оңт.Қазақстан обл., Булаев ауд,. Сасыққөл басында - 19.03.1938) - ақын, аудармашы. Сол кездегі дәстүр бойынша әуелі ауыл молдасынан сабақ алады. Бұдан соң әулетті әкесі Бекен Мағжанды Кызылжардағы Бегішов медресесіне оқуға береді. Мұсылмандық орташа дәрәжелі білім беретін бұл медресе бес жылдай оқып бітірген соң 1910-1913 ж. Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде оқиды. Осында жүріп «Садақ» журналын шығарысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. Абайдың өлеңдер жинағымен танысады, татар ақын, жазушылармен достасады, араб, парсы, түрік тілдерін оқып үйренуін жалғыстырады. Орыс тілінен сабақ алады. Абай үлгісімен Шығыс һәм Батыс поэзиясынан бірдей нәр алады. 1913-1917 ж. Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқып, оны медальмен үздік бітіреді. Омбыда оқып жүрген кезінде сондағы жастармен тізе қосып «Бірлік» әдеби үйірмесін құрысып, оның «Балапан» атты қолжазба әдеби журналын редакциялайды. 1917-23 ж. «Бостандық туы», «Ақжол» газеттерінде және «Шолпан» журналында істеп жүріп халық ағарту жұмысына белсене араласады. 1923-26 ж. Москвада көркем әдебиет институтта оқиды. 1927-29 ж. Бурабай, одан соң Петропавлда муғалімдік, о,ытушылық қызметтер атқарады. Ақындық өнермен Қызылжар медресесінде оқып жүргенде айналыса бастайды. 1912 ж. Қазан шаһарында Жұмабаевтың «Шолпан» атты өлеңдер жиңағы жарық көрді.
Жұмабаев ел жайына, әлеуметтік мәселелерге ой жіберді («Шын сорлы»)халқын өнер білімге шақырды (« Ләззат қайда», «Жазғы таң», «Сорлы қазақ», «Өнер!білім қайтсе табылар», «Балалық шақ»). Бірқатар өлеңдерін әйел теңдігі тақырыбына арнады («Жас келін», «Зарлы сұлу», «Сүйгеніме», «Алданған сұлу»).
Ағартушылық реализмі қрістей келіп сыншыл реализмге ауысты, бүкіл халықты тап, топқа жіктемей баршасын түгел әлемдік мәдени жетістіктерге қол артуға үндеу табиғи түрде бұл тілекке кім қарсы, қоғам дамуына қандай күш кедергі деген сауалға ұласты, басты кедергі - отаршылдық деген шешімге келді. Ақын халқымен бірге күйзелді, назаланды, ашу!ызаға булықты, сөйтіп романтикалық әуенге бөленген жорық идеясы туды (« Жарыма», «Есімде...тек таң атсын», «Жаралы жан», «Мен жастарға сенемін»). Мағжан шығармаларындағы романтикалық сарын әсәресе оның символистік арнада жазған өлеңдерінен айқын көрінеді. Ол символизм болашақ пердесін ашатын жаңа мифология туғызды, келешек суретін салу саясатшылардың емес, ақындардың қолында деген қағидаға кәміл сенді («От», «Пайғамбар», «Күншығыс», «Жарлы жан», «Айға»). Мағжан символизміндегі ерекшелік - тарихи нақтылығында, ал мұның өзі реалистік нышандардың бірі екендігі мәлім.
Жұмабаев поэзиясындағы құнарлы арнаның бірі - түрік тақырыбы. Мұнда реалистік һәм романтикалың сарындар астасып, бірге өріліп отырады. Түрік тақырыбы, сайып келгенде, ұлт-азаттық тақырыбы айдынына құяды, отаршылдыққа қарсы жанқиярлық күреске қайрап шындайды («Орал тауы», «Қазақ тілі», «Тез барам», «Түркістан», «Тұранның бір сауында», «Орал»).
Жұмабаев қазақ лирикасының сыршылдығын терендетті, жүректің ең нәзік пернелерін сөйлетті, адамның небір тылсым сезімдеріне тіл бітіре білді. Бұл қасиет оның әсіресе махаббат лирикасына тән («Сүй, жан, сәулем»). Мағжан әлемдік поэзияда экологиялық тақырыпты жырлаушылардың біріне жатады. («Айда атыңды, Сәпсемба», «Шойын жол»). Ол техникалық прогреске қарсы болған жоқ, ол оның ұлттық мәдени, рухани дәстүрлерді бұзуына қарсы еді. Ол табиғатты аялауға шақырды. Жұмабаев ақын қазақ поэмасының баяндау стилін, шешендік мәнерін өзгерту қажет екендігін алғаш айтқандардың бірі болды. Ол қазақ поэмасын суреткерлік арнаға бұрады. Көп жылдар бойы Жұмабаевқа буржуазияшыл ұлтшыл деген айып тағылды. Оны қазақ даласындағы қас жауы етіп көтеруге тырысты. Шын мәнінде, ақын «кенестік ағысты» жатсынған жоқ. Оған «Қызыл жалау» өлеңі, «Тоқсанның тобы» атты өлеңдер куә.
Кеңес жылдары Жұмабаев екі өлеңдер жинағын жариялады. Алғашқы 1922 ж. Қазанда, екіншісі - Ташкенте басылып шықты. Ақынның және бір пейіл қойып, ықыластана, беріле істеген қызметі - педагогика саласы. Мектеп оқушыларына , мұғалімдерге арнап «Педагогика»(1922,1923), «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні» еңбектерін жариялады.
М.Жұмабаев аударма саласына үлкен мән берді. И.Гете, Г.Гейне, Әбу Фирас, А.В. Кольцов, М.Ю.Лермонтов, А.А.Фет, И.И.Дмитриев, А.А.Блок өлеңдерін, А.М.Горький, В.В.Иванов, Д.Н.Мамин-Сибиряк әңгімелерін қазақ тіліне аударды.