Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы
РЕФЕРАТ
Орындаған: Нұрланова Дария
Қабылдаған: Изтілеуова Шолпан
Пингвиндер еліне саяхат!
Пингвиндер ұша алмайтын, бірақ суда өте жақсы жүзетін және сүңги алатын құстар.
Алдыңғы аяқтары суда жүзуге ыңғайлы, ескекке айналған. Сирактары нашар дамыған, табан сүйектерінің жоғарғы бөлімдері бір-бірімен толық қосылып кеткен. Төсіндегі қыр сүйегі биік болады. Сүйектерінің ішінде қуыстары болмайды. Қауырсындарының өзіндік ерекшелігі бар, жіктелмеген аптериясы болмайды. Қауырсындарының түктері—пәрлері жіңішке болады. Пингвиндердің кейбір түрлерінің бауырында (1—2) жұмыртқа сақтайтын қатпарлары болады. Балапандары жұмыртқадан шыққанда әлсіз, соқыр және денесі бүтіндей мамықпен қапталып тұрады. Ұзақ уақыт ұяларында болады.
Бұлар негізінен Антарктикалық материктің жағалауларында тіршілік етеді. Салқын ағынды қуалай отырып, солтүстікке карай тараған. Олар теңіз жағалауларында топтанып жүреді. Құрлықта жүргенде тікесінен тік тұрып, жайлап қозғалады. Қауіп төнсе, жер бауырлап жылжып, аяғымен және қанатының жәрдемімен жартасқа, немесе мұзға тырмысып шыға алады. Ұяларын жерге салады, кейбір түрлері ұяларын тастарды жинастырып, үйіп жасайды, енді біреулері жерді шұңқырлап ұя салса, үшінші бір түрлері жерден терең ін қазады. Олар ұяларының түбіне шөп төсейді. Көпшілігінде бір, кейде екі жұмыртқа туады. Жұмыртқаларын екеуі де басады. Су ішінде ая-ғын және қанатын пайдаланып, жақсы жүзеді, сүңгиді. Олар балықтармен, шаян тәрізділермен, кейде басаяқты моллюска- лармен қоректенеді.
Пингвиндердін, 20 шақты түрі белгілі. Африканың батыс жағалауында көзілдірікті пингвиндер (Sрһепіsсиs сіетегзиз) тір-шілік етеді. Антарктикада корол пингвиндері (Аріеподиtеs ра-tасһопіса) деп аталатын, денесінің ұзындығы 90 см (110 см-ге дейін) ал салмағы 45 кг болатын ірі пингвиндер де кездеседі.
Пингвиндердін, айта қаларлықтай кәсіптік маңызы жоқ.