Өмірді сақтандыру деген не және ол маған қажет пе?
Басты Жарияланымдар мен шолулар
Артқа
Өмірді сақтандырудың (Life Insurance) негізгі мақсаты сіздің табысыңызға тәуелді адамдардың өмірін қаржылай қамтамасыз ету. Егер сіз кенеттен о дүниелік болып кетсеңіз, бұл сақтандыру сіздің туыстарыңызды сіздің жалақыңызды алмастыратындай қаржымен қамтамасыз етеді, егер,әрине, олар соның көмегінсіз бірқалыпты күн көре алмайтын жағдайда болса. Бұған қоса, бұл сақтандыру заңгерлік және медициналық шығындарға байланысты, сондай-ақ, жерлеу шығындарын, егер сіздің отбасыңыз оны көтере алмайтындай жағдайда болса, барлық уақытша шығындарды қамтамасыз етеді.
Жоғарыда айтқандарды ескере келе, сіз өз өміріңізді сақтандырасыз ба, жоқ па, анықтап алғаныңыз абзал. Ол үшін өзіңіздің күні ертең өмірден озғаныңызды елестетіп көріңіз, бұл.әрине, жағымсыз, бірақ көз алдыңызға шынайы картина келеді. Сіздің отбасыңызда жерлеуге қажетті қаржы бар ма? Сіз өсиет-хат немесе ,керсінше, қарыз қалдырдыңыз ба? Сіздің жұбайыңыз, балаларыңыз не болмақ? Олар сіздің табысыңызға толық, әлде жартылай тәуелді ме? Егер сіз егде немесе науқас адамға күтім жасайтын болсаңыз, сізді алмастыратын адам тез табыла ма?
Егер сіз жалғызбасты болсаңыз немесе өзіңіздің серігіңізбен бірдей ақша тапсаңыз, бірақ сіздің бала-шағаңыз, шаруашылығыңыз болмаса, сізге өмірді сақтандырудың қажеті бола қоймайды, егер қажет бола қалса, шағын ғана. Мұның орнына сіз өз қаржыңызды былайша жоспарлай аласыз, жаман айтпай жақсы жоқ, жерлеуге арналған белгілі бір соманы сақтап қойыңыз да, сақтандыруға жұмсалуы мүмкін қалған ақшаны инвестициялаңыз.
Екінші жағынан, егер сіз үлкен отбасының бірден-бір асыраушысы ретінде жиған қаржыңыз жоқтың қасы болса, онда сіз өміріңізді сақтандыруға үлкен мән беруіңіз керек. Сіздің бюджетіңізде азық-түлік пен тұрғын үй шығындарына жұмсалатын негізгі шығындардан соң, маңыздылығы бойынша сақтандыру шотын төлеу тұру керек. Бұған қоса, өмірді сақтандыру - инвестициялаудың бір түрі екендігін есте сақтаған
Өмірді белгілі бір мерзімге сақтандыру.
Өмірді белгілі бір мерзімге сақтандыру (Term Life Insurance) өз отбасыңды өте ыңғайлы және арзан тәсілмен сақтандыруға және сақтандыру жарнасынан ақша үнемдеуге мүмкіндік береді. Ондай сақтындырудың негізгі мақсаты - өмірді белгілі бір өмір кезеңінде сақтандыру. Егер сіз бұрынғыға қарағанда аса қауіпті саналатын жұмысқа орналассаңыз (мәселен шахтадағы жұмыс, жартасқа өрмелеушінің жұмысы) сіздің жұмыс мерзіміңізде сондай сақтандыруға ие болу тиімді. Сіз қауіпті жұмыстан босағаннан кейін, уақытша сақтандыруыңыздан қандай да бір айыппұлдық төлемсіз бас тартуыңызға болады. Белгілі бір мерзімге сақтандырудың артықшылықтары көп. Әсіресе ондай сақтандыру өте қарапайым және түсінікті, мұның өзі оны іс жүзінде кезкелген адамға қолжетімді етеді. Өзінің қарапайымдылығы мен қолжетімділігі арқасында мұндай сақтандыру өте арзан және сәйкесінше тиімді іс болып табылады – сіз өз өміріңізді белгілі бір мерзімге сақтандырасыз, шағын жарна төлейсіз, ал қалған ақшаңызды инвестициялайсыз. Уақыт өте келе, сіздің инвестицияларыңыз өзіңіздің жеке сақтандыруыңыз бола алатындайн белгілі бір сомаға айналады. Бұл жағдайда сіз өз өміріңізді сақтандыру туралы ойламауыңызға болады, ал отбасыңыз сіздің инвестицияларыңыз арқылы қорғалады. Белгілі бір мерзімге сақтандырудың тағы бір жағымды жағы - оның икемділігі.
Жаңартылатын (Renewable) және конверсияланатын (Convertible) атты сақтандыру түрлері бар. Сақтандырудың бүл түрлері арқылы өз сақтандыру компанияңызбен жасалған бұрынғы сақтандыруыңызды кезекті медициналық тексеруден өтпей-ақ жаңартуыңызға болады. Тек біз сіздерден сақтандырудың бұл түрлерімен мейілінше толығырақ танысуға, олардың жаңартылатын деген сөзі нені білдіретініне өзіңіздің көз жеткізуіңізге кеңес береміз. Есте сақтаңыз, жас ұлғайған сайын белгілі бір мерзімге сақтандыру қымбатқа түседі. Жас кезімізде сақтандыру жарналары арзанырақ болса, 50-ден асұан соң, сақтандырудың дәл сондай жалпы сомасы үшін жасалатын төлемдер әлдеқайда жоғары болады. Сондықтан қосымша шығыннан аулақ болу үшін, сақтандырудың жалпы сомасын азайтуды ойластырған жөн, бұл сіздің сақтандыру жарнаңызды төмендетеді.
Жасымыз ұлғайған сайын, сақтандырудың мұндай түрі аса өзекті бола қоймайды - біздің балаларымыз өз бетінше күнін көре алады, сонымен қатар, біздің инвестициялардан қандай да бір қор жиналады. Бұл мәселе барынша күрделі болғанымен, өте өзекті де. Сақтандыру индустриясы сізге шынайы көрінетін сомамен есептесуге және алуға болатын көптеген формулалар ұсынуы мүмкін. Біз, инвесторлар, қолымызға шот алып, ол формуланы өз бетімізше есептеуге тырысамыз. Егер нәтиже басқаларымен сәйкес келсе – біз дұрыс жолдамыз.
Сонымен, сіздің негізгі мақсатыңыз мынау болмақ: сіздің отбасыңыз жыл сайын сақтандыру компаниясының көмегімен төленетін қандай сомада, асыраушы зейнетке шыққанынша, оның жалақысына пара-пар жалақы алуы керектіген есептеп шығу. Егер осы теория тұрғысынан келсек, ондай формула көптеген адамға жарайтын болады. Өзіңіздің жылдық табысыңызды білгендіктен, мұны есептеу өте оңай. Сіздің бір жылғы табысыңызды(салық төлегенге дейінгі) сіздің зейнетке шығуға дейінгі жыл санына көбейтеміз. Нәтижесінде шыққан сома сіздің өз өміріңізді сақтандыруға арналған сақтандыру сомасын көрсетеді. Тек инфляцияны ескеруді ұмытпаңыз. Көп ақша шықты ма?
Кейбір тәсілдердің көмегімен сақтандыру сомасын өзгертуге болады. Жесірлерге немесе көпбалалы отбасыларына мемлекеттен немесе жұмыс берушіден жәрдемақы түрінде берілетін көмектер сіздің сақтандыруыңыздың деңгейін төмендетуі мүмкін (дегенмен біз сіздерге оған арқа сүйеуге кеңес бермейміз). Сонан соң - сіздің жұбайыңыздың жалақысы да сақтандыру жарнасын әжептәуір азайтады. Егер сіздің қандай да бір жинаған қорыңыз немесе инвестицияңыз болса, оны да ескеруді ұмытпаңыз.
Жоғарыда айтқандарымызды қорытындылай келе, сіздерге берілген ақыл-кеңестер сіздің сақтандыруыңызды есептеудің және құрудың бірден-бір жолы болып табылмайтынын атап айтқымыз келеді. Басқа да жолдарды мәселен, сайттардағы сақтандыру компанияларының сақтандыру калькуляторын пайдаланыңыз, бұл жұмысты жасап көрген дос-жарандарыңыздан сұрастырыңыз, ең болмаса, бірнеше сақтандыру агентерімен немесе кеңесшілерімен ақылдасыңыз. Егер кімде-кім сізді әлдеқайда үлкен немесе шағын сақтандыру қажеттілігіне сендірмек болса, оның бұлай деуіне сенімді негіз бар екеніне көз жеткізіңіз.