Ең табыскер адам
Қазіргі уақытта кейбір ауқатты, баймын деген адамдардың өздері ертеңгі күндеріне сенімсіз. Олар қымбат көліктер мініп ресторандарға барып тамақтанса да, қабақтарынан қар жауып ашылмай, түнеріп жүреді. Олар біледі: екі-үш ай жұмыстары жүрмей тұралап қалса, қарыздарын төлей алмай борышқа белшесінен бататындарын. Егер бұл бір жылға созылса, бастарына қара түнек, ақырзаман орнайды. Осындай жағдайлар маза бермей, көңілдері аласапыран болып жүреді. Себебі, олар өздеріне-өздері төлемеген яғни алдымен өздерін жарылқамаған.
Есіңде болсын – алдымен өзіңе төле, қалғанын көре жатасың. Өйтпесең балаңа, жұбайыңа сендерді жақсы көремін деп айта алмайсың. Олардың осыны сезінулері үшін, іс-әрекет жасап, дәлелдеуің шарт.
Себебі, өзіміз ақша басқаруды түсініп алдық. Осының арқасында Сен – өзіңе әрі қожайын, әрі құлсыз. Өзіңнің кірісіңді 10 пайызын келешекке сақта. Бұл сенің ақшаң емес, бұл сенің арманыңның ақшасы, бұл ақшаға тисуге құқың жоқ. Қалған ақшаңнан тағы да 10 пайыз көңіл көтеруге, сергуге, қонақ шақыруға, қонаққа баруға сақтап қой, бұдан артық емес. Бұл ақша бір жерге бара қалсаң, біреуге силық алсаң да қажет болады. Саған белгілі бір жүйе қажет. Егер белгілі бір жүйе құрап алсаң, ол жүйе өз бетінше жұмыс істей береді. Сол кезде саған ақшаның өзі келеді де, құрған жүйеңнің бір бөлігіне айланады. Өзіңнің тұрмыс жағдайыңның күрт жақсарғанына Өзің таң қалатын боласын.
Мейлінше барлық пәнді оқып жан-жақты болғаны дұрыс. Егер ірі кәсіппен айналысамын деп шешсең орыс тілін де жақсы меңгерген жөн. Себебі ұлтымыз қазақ болғанмен,ірі келіссөздер орысша жасалады. Математика қажет екен деп алгебраны көп оқудың қажеті жоқ, себебі ондағы есептер сенің жұмысыңда кездеспейді. Кәсіпкердің есептейтіні мүлде бөлек, оны үлкен оқу орындарында үйренесің. Экономиканы көбірек оқу керек, себебі ондағы ақпараттарды кәсіпкер адам жақсы меңгеру қажет, әйтпесе кейін шығынға ұшырайсың.
Табыскер Бизнесмен — бизнеспен айналысушы адам, коммерсант, кәсіпкер. Ол ақша жасаушы, айналымдағы табыс әкелетін капиталды иеленуші адам, яғни белсенді экономикалық, коммерциялық қызметпен айналысушы адам. Қарамағында ешкім жоқ іскер адам немесе ұйымда ешқандай тұрақты қызметі жоқ, бірақ оның акцияларын иеленуші және оның басқармасының мүшесі болып табылатын ірі меншік иесі бизнесмен бола алады. Ол әлдебір кәсіпорынның меншік- тенушісі болуы мүмкін, бірақ өзі менджмент, маркетинг, қаржы саласында жұмыс істеу үшін жалданған адам болуы мүмкін.