Тест сұрақтары
1 Қолдану процесінде қажетті тәжірибені жинақтауға арналған және тұтынушылардың қалың көпшілігіне қолжетімді, уақытша қолданылатын стандарт:
2 Стандарттау жөніндегі қызметтің әр түріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді белгілейтін құжат:
3 Қолданылу саласы кең немесе техникалық реттеудің белгілі бір саласына арналған жалпы ережелері бар стандарт:
4 Көп мәрте және ерiктi түрде пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектiлерiне қағидаларды, жалпы қағидаттар мен сипаттамаларды белгiлейтiн құжат:
5 Техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін стандарт:
6 Уәкiлеттi орган бекiткен және тұтынушылардың қалың көпшiлiгiне қолжетiмдi стандарт:
7 Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымы әзірлеген және бекіткен стандарт:
8 Ұлттық стандарты дегеніміз не?
9 Техникалық реттеудің мақсатына жатады:
10 Техникалық реттеудің мақсатына жатпайды:
11 Қазақстан Республикасы Үкіметінiң техникалық реттеу саласындағы құзыретiне не жатады?
12 Уәкiлеттi орган қандай функцияларды орындамайды?
13 Қазақстан Республикасы Үкіметінiң техникалық реттеу саласындағы құзыретiне не жатпайды?
14 Мемлекеттік органдар өз құзыретi шегiнде техникалық реттеу саласында қандай өкілеттіктерді орындайды?
15 Уәкiлеттi орган қандай функцияларды орындайды?
16 Қандай органдар техникалық регламенттердің жобаларын әзiрлеу, техникалық регламенттерді әзiрлеуге және қолдануға байланысты салада мемлекеттік органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшiн құрылады?
17 Қандай орган әзiрленiп жатқан және қабылданған техникалық регламенттер, стандарттар, ветеринариялық-санитариялық, санитариялық және фитосанитариялық шаралар және өнімнің, көрсетілетін қызметтің сәйкестігін растау рәсімдері жобаларының жариялану көздерi туралы немесе олар жөніндегі ақпарат туралы құжаттардың көшiрмелерi мен ақпаратты беру мақсатында Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Хатшылығымен, Дүниежүзiлiк сауда ұйымына мүше елдермен, халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен құрылады және жұмыс iстейдi?
18 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң құрылымына не кірмейді?
19 Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң құзыретiне не жатады?
20 Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар өтінiм берушiлермен жасалған шарт талаптарымен аккредиттеу саласы шегiнде қандай функцияларды жүзеге асырмайды?
21 Сәйкестiктi растау жөніндегі органдардың міндетіне не жатпайды?
22 Зертханалар сәйкестiктi растау жөніндегі органдармен немесе басқа өтінім берушiлермен жасалған шарт жағдайларында қандай қызметтi жүзеге асырмайды?
23 Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негіздері қай заңмен орнатылған?
24 Стандарттың қандай категориялары ҚР аймағында әрекет етеді?
25 10.07.2012 жылғы Техникалық реттеу туралы ҚР заңына өзгертулер мен толықтыруларымен ҚР аймағында енгізілген стандарттың түрлерін көрсетіңіз
26 Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің қай органы техникалық регламенттерді бекітеді?
27 Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің қай органы техникалық регламенттерді әзірлеу бойынша жоспарды әзірлейді?
28 Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің қай органы мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін құрады?
29 Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің қай органы мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін құруға қатысады?
30 Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің қай органы мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің даму бағдарламасын бекітеді?
31 Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің қай органы әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу . . .қағидаларын бекітеді?
32 Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің қай органы ұлттық стандарттарды келісу, қабылдау, есепке алу . . . тәртібін айқындайды?
33 Стандарттың қайсысы уақытша қолданылуға арналады?
34 Консорциум стандарты қай органмен бекітіледі?
35 Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қоры бұл ... ..жиынтығы:
36 Ағылшын сөзінен аударғанда стандарт сөзі нені білдіреді?
37 Ұлттық стандарт дегенді қалай түсінесіз
38 Шет мемлекеттің стандарты – бұл:
39 Техникалық реттеу саласында Қазақстан Республикасының Заңнамасы қай құжатқа негізделеді?
40 Стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйым (ИСО) қай қалада негізін қалады?
41 Стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйым (ИСО) қай жылы құрылды?
42 Қазақстан Республикасының стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі Комитеті қай жылы құрылды?
43 Техникалық реттеу принциптеріне жатпайды:
44 Стандарттау саласында техникалық реттеудің негізгі мақсаты: