1970 -80 ж.ж. аралында қазақ операсы мен балеттің көркем сурет пен графиканың қолданбалы өнерінің шеберлері Европа, Азия, Африка, Америка елдерінде өнер көрсетті. Алайда, сыртқы саясат саласындағы қарсы шешімдер біліктілік жағынан төмен және шала ойлайтын идеялогия мемлекет аралық қатынастарды қалыптастыру жолында көптеген тастүйін кедергілердің бой көрсетуіне себепші болады. Екі әлеуметтік саяси жүйе арасындағы текетірестің өрши түсуіне, шынайы дүниені айқын тануға «дұшпан бейнесі» елестейтін түсінік кедергі болады. «Саяси күрестің күшеюі» туралы жолнұсқа келді. Осының салдарынан екі жақ та әскери күшін еселей өсіріп, қарулануға жұмсалатын қаржы көлемін үсті – үстіне ұлғайта түсті. Әскери шығындардың негізгі ауыр салмағы екі аса ірі мемлекетке – АҚШ пен КСРО –ға түсті. Бұл шығандар ең алдымен осы мемлекеттің азаматтары түр алатар жүкке айналды.
Ұлы мемлекеттік тәкаппарлық жанталаса қарулануды күшейтуге, ядролық қару қоймасын жаңарта жасақтауға итермеледі. Қазақ халқының ұлы перзенті Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов дүниеге келген жерлерде, яғни бұрынғы Семей, Павлодар, Қарағанды облыстарының түйіскен тұсында орнады. Семей ядролық полигоны Қазақстан жерін қасіретке ұшыратты. Ядролық заряд мұнда алғаш рет 1949 ж. тамыздың 29-да сыннан өткізілді. Ғалымдардың пікірі бойынша, әрбір эксперименттік қондырғы мен оны жер астында сынақтан өткізу құны орта есеппен 30 миллион сомға тең. Әскерилер ұзақ жылдар бойы жұмған аузын ашпай, кейіннен полигонның жергілікті халықтың денсаулығына бәлендей зияны жоқ деп мәлімдеме де, полигон айналадағы табиғатқа, адамның денсаулық жағдайына аса қатерлі еді. Дәрігерлер мен фельдшерлерге рактан, лейкоздан және иондаушы радиацияға байланысты туындаған басқа да ауруларынан қайтыс болғанға дәл диагноз қоюға тыйым салынды.
КСРО Денсаулық саутау Минстрлігі бұл аймақта медициналық зерттеулер жүргізуге де тыйым салды, ол әскери дәрігерлер жүргізген тексерістің аса құпия сқталып, ядролық полигон әрекеті солардан келген зардап көлемі туралы мәліметтер жасырын ұсталды. Адамға денсаулығын осыншалық сұрқиялық көзқарас салдарынан полигон маңайда тұратын халықтың әр түрлі ауруларға шалдығуы жиілей бастады. Мәселен, бұрынғы Семей облысында Абай ауданының, Қарағанды облысындағы Егіндібұлақ ауданының тұрғындары сәуле ауруына ұшырады.
Бүгін орнында жел ескен кеңестер Одағы бір кездерде екі полюсте орналасқан әлемнің екі алып күшінен біреуі саналатын. Ең болмағанда дүниежүзінде осындай пікір қалыптасқан еді. Мұндай пікірдің орнығуының себебі де экологиялық негіз бен көрсеткеннен гөрі дүниежүзінің ең қуатты күші болған АҚШ –пен бәсекеге кірген космос және соғыс өндірісі жарысында жеткен ерекше жетістігі мен стратегиялық негізге барып тірелетін.
Міне, бұл соғыс өндірістегі бақталастық жолдарында ескі Код-ғы өкіметі космостық тәжірибелерін және соғыс өнеркәсіпке бағытталған жұмыстан, сондай-ақ, бұл жұмыстан туындаған ластануларын ерекше Орта Азия және түркі республикасына бағыттайтын. Қазақстан болса Орта Азияда қол жеткізген кең байтақ жер көлемі жағынан болсын, стратегиялық жер асты байлығы жөнінен болсын Кеңес өкіметінің бұл жұмысынан туындаған қауіп – қатерлер мен ластануы жинақтау нүктесіне дейін Одақтың негізі саналған славян тектес халықтың пайдасына қолданған Одақтың ұзақ уақыттар бойы атом және басқа химиялық қарулардың, ракета сынақтардың және осы саланың негізі қажетті заттарын құраған уранның қамтамасыз етілуі және өндірілуіне байланысты жұмыстарын Қазақстан жерлерінде топтастырған.
ҚР-сы 1991 ж. Кеңестер Одағы тарқағаннан кейін өз тәуелсіздігін жариялаған кезде елдегі экономикалық қайта құру экономиканың, территорияның, тарихтың және мәдениеттің бүкіл шындықтары мен қайшлықты көріністе еді. Негізінде бұл жағдай ескі Кеңестер Одағының тәуелсіздікке қолы жеткен республикалардың да ортақ проблемасы еді. Өйткені бұл проблема жүйенің бір орталыққа бағынышты жұмыс істеуі, келешекте тәуелсіздігін ала қалған күнде бұл республикалардың көпке дейін етек – жеңін жинап, өз - өзіне келе алмауы үшін жоспарлы түрде жасалған.