Дәрістердің қысқаша мазмұны
Тақырыбы:Педагогикалық ұжымның тиімді жұмыс жасауының бір жағдайы ретінде отбасы мен мектепке дейінгі мекемелердің өзара әрекеттесуі.1 сағат
Мақсаты: Ата- ана мен педогогтар арасындағы карым-катынастардың принциптері,міндеттері туралы елестетуді қалыптастыру.Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен қатынасқа түсудің профессоналдық компитенттілігінің белгілерін шығару.
Жоспар:
1. Ата-аналармен педогогтардың қарым-қатынас орнатуының принциптері.
2. Ата-анамен жұмыс атқарудағы бала-бақшаның маңызды міндеттері
3. Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен қарым-қатынастағы педагогтың профессионалдық компитенттілігі.
4. Отбасыға деген қатынастағы мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелейтін мекемелердің атқару және ұйымдастыру рөлі.
5. Дәрістің қысқаша мазмұны:
Қарым-қатынас әріптестердің өзара теңдігі ретінде өтіп жатыр. Ата-аналар мамандардың кеңестерін белсенді тыңдайды,ал өздері баламен үйде жұмыс істеудің жоспарын жасауға қатысады.Сенімді қарым-қатынастар орнату үшін қамтамасыз ету керек:
-Әр баланың даму ерекшелігіне байланысты нақты мәлімет беру
Ата-аналардың балалар тәрбиесіне қатысуға қызықтыру
Ата-аналардың эгоцентризмін бұзу
Ата-аналармен әріптестік қарым-қатыныс орнату
Отбасымен жұмыс жасауды ұйымдастырудың маңызды негіздері:
- ата-аналардың педагогикалық мәдениетін қалыптастыру
- тәрбие процессіне қатысатын ата-ана, отбасының басқа мүшелері, педагогтардың талаптарын біріктіру
- балалардың психикалық, физикалық, эмоционалдық жағынан дамуына мектепке дейінгі мекемелер мен үйде жағдай жасау
- балаларды тәрбиелеу сұрақтары бойынша ата-аналарға көмектесу
Тиімді өзара әрекеттесудің арқасында ата-аналар баларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысына қатысады, олар келесі принциптерді ұстануы керек:
Ата-аналар балалардың тәрбиесі мен оқытуына байланысты шешім қабылдауға құқықтары бар және олар соған жауап береді
Отбасымен байланыс орнатылады
Ашық әрі достасастық қатынас пен өзара сыйластық қамтамасыз етіледі.
Қазіргі замандағы педагогикалық теорияда ата-анамен жұмыс жсасауда бала-бақшаның келесі маңызды міндеттері бар:
- отбасымен жеке жұмыс жасауды ұйымдастыру
- әртүрлі типтегі отбасылардың қиын, маңызды сұрақтарына мамандардың қатысуын тыс қалдырмау
Қазіргі замандағы мектепке дейінгі мекемелерде бала-бақша мен ата-аналардың бірігіп жұмыс жасауында маңызды жағдайлар бар:
Мәселелік семинар-тренингтер кезінде педагогтар мен ата-аналардың баларды тәрбиелеу мен оқыту туралы көзқарастарын біріктіру
Педагогтар мен ата-аналарды дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістермен қарым-қатынас жасауға үйрету
Ұжымдық шығармашылық әрекеттердегі ата-ана мен балалардың жеке дара және шығармашылық қабілеттерін дамыту
Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен қатынастағы педагогтың профессионалдық компетенттілігі
Профессиналдық компетенттіліктің құрамына келесі жеке дара қасиеттер мен ұстанымдар, білім, білік, дағдылар кіреді:
Жеке дара сапалар мен ұстанымдар (жеке даралық компонент)
Білім (мазмұнды компонент)
Біліктер мен дағдылар(әрекеттік компонент)
Коммуникативтілік біліктер мен дағдылар
Әдебиет:
1. Зверева О.Л. Кротова Т.В. МДМ педагогтың ата-анамен қарым-қатынасы- 2005
2. Денякина Л.М. МДМ-дегі басқару әрекетіне деген қатынасы М., 1997.
3. Дуброва В.П., Милошевич С.П. МДМ-де әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру. М., 1995.
4. Давыдова О.И., Богославец Л.Г., Майер А.А. МДМ-де ата-аналармен жұмыс. – М., 2005
Тақырыбы: МДМ-де ата-анамен жұмысты ұйымдастыру. 1 сағ.
Мақсаты: отбасымен жұмыс жасауды ұйымдастыру жұмысының бағыттары туралы ұғым қалыптастыру. Оның сәтті ұйымдастырылуына шолу жасау
Жоспар:
1.Оқыту ұйымдарының отбасымен жұмыс жасауының негізгі бағыттары
2. МДМ-ң отбасымен жұмыс жасауының системасы
3. Ата-анамен жұмысты сәтті ұйымдастыруға шолу
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Оқыту ұйымдарының отбасымен жұмыс жасауының негізгі бағыттары
Отбасыларға мінездеме жасау.Отбасыларды зерттеу үшін диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру.Ата-аналарды психолого-педагогикалық жағынан білімдерін кеңейту жұмыстарын ұйымдастыру. Отбасылық тәрбиенің тәжірибесін қолдану.Отбасылық тәрбиелеуге халық педагогикасының дәстүрлерін енгізу. Отбасымен жұмысқа психолгты белсенді түрде енгізу.
Ата-анамен жұмысты ұйымдастыпрудың маңызды шолулары:
-Басқарманың қолдауы
-психолгтың тәрбиешілермен бірігіп жұмыс атқаруы
-ата-аналардың түрткісі
-мақсаттарға жету үшін ата-аналарды қатыстыру( жоспарлаау мен талқылыауды ұйымдастыру арқылы
-ата-аналармен жақсы байланыс және тиімді әрекеттесу
-әрекет еркіндігін қамтамасыз ететін жұмыстағы инновациялық климат.
Ата-анамен жұмысты тиімді ұйымдастыруға бөгет жасайтын факторларды айтып өтуге болады:
Тез әрі оңай сәттілікті тосу( киын сұрақтарға оңай жауап іздеу)
Топтық өара әрекеттесуінің тәжірибесінің жоқтығы
Педагог пен психологтан мүмкін емес өте жоғары қорытынды;
Дұрыс емес қалыптасқан топтар (атап айтқанда топта конфликтілік жақтардың болуы).
Ата-аналармен жұмыс жасаудағы тағы бір қиындық ата-аналар үлкен адамдар, олардың өз көзқарастары, стереотиптері бар. Мысалы:
- мен онсыз да бәрін білемін - жаңа тәжірибе алу мүмкіндігін терістеу,
- сіз мені неге үйрете аласыз, менің сізден жасым үлкен - жасының үлкендігін көрсету.
- тәрбие-еркектің жұмысы емес - жынысына,
- сіз педагог не психологсыз, сіз айналысыңыз - міндеттеу және т.б.
Ата-аналарға теориялық материалды көрсетуде қиындықтар кехздеседі. Ата-аналар консультацияға әртүрлі деңгейдегі профессионалдықпен, біліммен түрлі деңгейдегі жұмысқа деген қызығушылықпен келеді. Кейде теорияны жеткізуге жалпы платформаны жеткізуге уақыт жоқ. Теория тәжірибемен біріккен интеграцияда жақсы танылады. Практикалық жаттығулар арқылы ата-аналар теориялық материалды жақсы біріктіреді.
Қарым-қатынас психологиясында түсінбеушіліктің 4 деңгейі бар:
— фонематикалық барьер
семантикалық барьер
стилистикалық немесе синтаксистік барьер
логикалық барьер
Барьерлерді жеңу мүмкін: фонематикалықты — нақты дикциямен, орынды ым-ишара арқылы; семантикалықты — аудитория білімімен және оған таныс терминдер мен түсініктерді қолдану арқылы, жаңа сөздерді үйрету арқылы; стилистикалықты — оратордың мәліметті дұрыс қалыптастыру арқылы, стилистикалық бояуы бар сөздерді дұрыс қолдану. Әңгімелесудің басы мен аяғы жақсы есте сақталады, ортасына қарағанда. Мәліметтің өзі нақты ұйымдастырылған болу керек, ол үшін 1-ден, 2-ден деген сөздерді қолдануға болады; логикалық барьерді жеңу үшін тыңдаушылардың психологиялық бағытын білу керек: егер аудитория мәлімен тақырыбына онша қызықпаса оратор мәліметтің басында ең мықты аргумент айту керек. Жоғары қызығушылық танытқан адамдар үшін аргументациялық системаны қолданады.
Ата-аналардың наразылығы мынандай кездерде болады:
жұмыстың мақсатф түсіндірілмегенде;
Біріккен жұмысты жоспарлауда ата-аналар қатыспады. Ата-аналарға кез-келген өзгешеліктерді қолдау тән, егер олар дайындыққа қатысса. Біздің барлығымызға өз кеңестерімізге құлақ асу тән;
Ұжымның дәстүрлері жауапсыз қалады. Жұмыстың әдеттегі жағдайына қалыптасу керек, мысалы ата-аналар жиналысының мүмкіндіктері қолдану;
Өткізілетін жұмыс қосымша энергетикалық ресурстарды қажет етеді, кететін уақыттың көбеюімен қауіпті;
Бәрі онсыз да жақсы сияқты (бұның бәрін неге ойлап тапты?);
Жұмысты ұйымдастырушы сенім мен құрметке ие емес. Өкінішке орай біз жиі жобаның өзіне емес, оның авторына қараймыз.
Әдебиет:
1. Козлова А.В., Дешеулина Р.П. Работа ДОУ с семьей. – М., 2004
2. Белая К.Ю. Методическая работа в ДОУ. – М., 2006
3. Давыдова О.И., Богославец Л.Г., Майер А.А. Работа с родителями в ДОУ. – М., 2005, стр. 76.
4. Микляева Н.В. Создание условий эффективного взаимодействия с семьей. М.,2006
5. Фалькович Т.А., Толстоухова Н.С., Обухова Л.А. Нетрадиционные формы работы с родителями. – М., 2005
Тақырыбы: МДМ мен отбасының өзара әрекетіне қазіргі заманғы қатынасы. 1 с
Мақсаты: отбасы мен МДМ-ның өзара әрекеті туралы ұғым қалыптастыру.
Жоспары:
1.балабақша мен отбасы қарым-қатынасының өзара әрекеті мен бірігіп жұмыс істеуі. 2.балабақшаның ашықтығы.
3. ата-анамен жұмысқа деген дифференциялдық қатынас;
4. МДМ мен ата-аналардың жұмыс жасауының мазмұны, ұйымдастырылуы және әдістемесі.
Отбасылық тәрбиенің приоритетін мойындау балабақша мен отбасының жаңа қатынасын талап етеді. Бұл қатынастардың жаңалығы бірігіп жұмыс жасау, өзара әрекеттесу сияқты ұғымдармен анықталады.
Бірігіп жұмыс жасау – бұл тең дәрежеде қатынас жасау, мұнда ешкім бұйрық беріп бақылап, бағалай алмайды.
Отбасы – МДМ деген контекстегі бастысы – сәттіліктер, сәтсіздіктер, сенімсіздік, белгілі бір отбасындағы баланы тәрбиелеудегі қиындықтар. Педагогтар мен ата-аналардың қарым-қатынасының жаңа формаларына ену үшін балабақша ашық системамен жұмыс істеу керек. Шетелдермен отандық зерттеулерге қарағанда – МДМ-ның ішке ашық, сыртқа ашық түрлерін түсіндіреді.
Бала-бақшаға ішкі ашықтық беру дегеніміз – педагогикалық процессті еркін, дифференционалды қылу, балалар, педагогтар, ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты ізгілендіру. бала-бақшадағы ішкі ашықтық - бұл білім беру процессіне ата-аналарды қатыстыруАта-аналар, отбасы мүшелері МДМ-де балалардың өмірін түрлендіруге көп үлес қоса алады.Бұл әр отбасы жасай алатын эпизодтық іс-шара болуы мүмкін. Кейбір ата-аналар,отбасы мүшелері өткізілетін оқыту, денсаулық шараларына қатысады.Мысалы, үйірмелер ұйымдастырады, театрлық жұмыстарға қатысады.
Осылайша, МДМ жұмысына ата-аналардың қатысуынан барлық субъектілер ұтады. Ең бастысы балалар. Тек қана жаңаны біліп қоймайды, ең маңыздысы олар көп қызықты нәрсе білетін, қолы алтын ата-аналарын, апаларын, аталарын одан сайын жақсы көріп, құрметтейді. Педегогтар, өз кезегінде отбасыларды жақсы тануға, үйдегі тәрбиенің мықты және әлсіз жақтарын білуге мүмкіндік алады, үйренеді..
Бала-бақшаның сыртқа ашықтығы дегеніміз – бала-бақша микросоциумның , өз микроауданының әсерін қабылдауға дайындығы, территориясында орналасқан соционалдық институттармен яғни, жалпы орта мектеппен, музыкалық мектеппен, спорттық кешенмен, кітапханамен т.б. бірігіп жұмыс істеуге дайындығы.мысалы кітапхана көлемінде кітап мерекесі өтеді, оған бала-бақшаның ересек топтағы балалры қатысады, музыкалық мектептің оқушылары бала-бақшаға келіп концерт қояды, ата-аналар, балалар, қызметкерлер аудандық іс-шараларға қатысады.
Бала-бақша ашық деклорациялық системаға айналу үшін ата-аналар мен педегогтар психолгиялық сенімді қарым-қатынаста болу керек, ата-аналар педагогтың балаға деген қатынасы жақсы екендігіне сенімді болу керек. Сондықтан да педагог балаға мейірімді көзқараспен қарау керек; ол баланың дамуындағы жағымды жақтарын көруге тырысып, жақсы жақтарын дамытудың жолдарын қарастыру керек. Ашық бала-бақшаның жағдайында ата-аналар өздеріне ыңғайлы уақытта топқа келіп, баласын бақылап,баламен ойнауға мумкіндік алады.Педагогтар мұндай жоспарланбаған, еркін келулерді кейде ұнатпайды,өз жұмыстарын тексеру деп ойлап қалады. Бірақ ата-аналар бала-бақшаның өмірін бақылыай отырып,көптеген қиындықтарға (ойыншықтың аздығы, жуынатын бөлменің тарлығы т.б.) көз жеткізе отырып көмектесуге. Ұқсас мәселесі бар ата-аналар тобында өзара әрекеттесуді дифференционалдық қатынас дейміз.
Дифференционалдық қатынас ата-аналармен жұмысты ұйымдастыруда керек, - ол педагогикалық білім мен дағдыларды шыңдауға пайдалы. Ата-аналарға деген дифференционалдық қатынасты тәрбиешілер іске асыру үшін олар жалпыпедагогикалық, спецификалық жағдайларды жасауы керек:
- ата-аналар мен педагогтар арасындағы сенімді қарым-қатынас;
- ата-аналарға деген қатынаста такт, ізгілік, сыпайылық білдіру;
- әр отбасының өмір сүру жағдайларын, ата-анасының жасын, тәрбиелеу мәселелелеріне дайындығын ескеру ;
- ата-аналармен жұмыстың әртүрлі формаларының өзара байланысы
-ата-аналр мен балаларға бірдей әсер ету;
- ата-анамен жұмыс жасағанда белгілі бір бірізділікті, системаны сақтау
Дифференциация тестілеу, анкеталау түрінде отбасын зерттейтін белгілі бір бағдарламамен жұмыс істеулер і керек:
1. Отбасы құрылымы (қанша адам, жасы, білімі, мамандығы),
2. Отбасының психологиялық климаты (өзара жеке қарым-қатынас, сөйлесу стилі).
Бұл үшін педагог балалардың ата-аналарымен жек-дара әңгіме жүргізуі, әртүрлі әдістемелерді қолдануы керек.
Отбасылық өмірдің стилі мен фоны: отбасылық жағдайдың (жағымды, жағымсыз) қандай әсері бар екенін, отбасылық конфликті мәселелерінің себебі
3. Анасының, әкесінің отбасындағы әлеуметтік статусы, тәрбие процессіне қатысу деңгейі, баланы тәрбиелеуге деген ынтасы
4. Отбасының тәрбиелік климаты (мақсаттарды мойындау, үйдегі педагогикалық жүйенің болуы не болмауы)
Мақсаты: Ата-аналармен бірлесе отырып,баланың тұлғасын дамытуға бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыруОтбасымен бірігіп балардың өмірін қорғау, денсаулығын сақтау үшін қолайлы жағдай жасау, баланың тұлғалық әрекетінің дамуы үшін отбасымен бірге эмоционалды жағдай туғызу, психологиялық жағынан кедергісіз жетілуін қамтамасыз ету. Отбасының тәрбиесін, әдептерін, дәстүрлерді сақтауын ескере отырып, балаларды әлеуметтік ортаға қарым-қатынас мәдениетімен таныстыруға ықпал жасау.
Қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұратын ұлы мақсат мұраттарының ең бастысы - өзінің өмірін, тәжірибесін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.Себебі, ұрпақ тәрбиесі келешегін берік ететін басты фактор болып саналады.
Адамзат қоғамы даму тарихында қалыптасқан тәрбие мен оқыту, теориясы және практикасын дамыту саласындағы маңызы мен тәрбиелік мүмкіндіктері жайлы Я.А.Коменский, К.Д. Ушинский, В.Г.Белинский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, Н.Н.Хан, В.А.Сухомлинский,Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев,А.П.Сейтешов М.Ә.Құдайқұлов, А.А.Бейсенбаева, Қ.К.Жампейісова, Г.Т.Хайруллин, В.В.Трифоновтар маңызды педагогикалық ой пікірлер қалдырды.
Сондай-ақ халықтың қалыптасқан тәрбие тәжірибесін оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану туралы Г.Н.Волков, Я.И.Ханбиков, М.Сейфуллаева, А.Ш.Гашимов, Т.Г.Тимошина, С.Қ.Қалиев, М.Х.Балтабаев, Қ.Б.Жарықбаев, Ә.Табылдиев, С.А.Ұзақбаева, К.К.Қожахметова, Ж.Ж.Наурызбай, Қ.Қ.Шалғынбаевалар өз еңбектерінде тұжырымдады.
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру – қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттердің бірі.
Қазіргізамандажасұрпаққасапалыбілімменсаналытәрбиеберуәлеуметтікқұрылымныңеңмаңыздыміндеттерініңбірінеайналды. ҚазақстанРеспубликасының 2015 жылғадейінгібілімдідамытутұжырымдамасында Мектепкедейінгітәрбиеүздіксізбілімберудіңалғашқысатысы. Олбаланыңжекебасерекшелігінескереотырыпдамытатынорталық делінген.
Баланытәрбиелеу, дамытужәнебілімберумәселелеріндеотбасыменбалабақшаұжымыныңбірлескенөзаратығызбайланыстаболуы.
Балатәрбиесіанасүтіненбасталып, өмірбойықалыптасатынкүрделіқұбылыс. Тәрбиеніңеңалғашқынегізіотбасындақаланып, балабақшаменбайланысарқылыоданәріжалғасады.
Жаста білген,басқа сіңген тәлімің,
өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас, - деп классик жазушы айтқандай балалық шақтан бойына орныққан, ана сүтімен даритын, ұлттық сезім нышандары, сөз өнері оның болашақ шамшырағына айналып, рухани байлығын кеңейтеді.
Оны туған жерге, елге, халқына деген сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеу – аса жауапты міндеттердің бірі.
Педагог ғалымдардың тұжырымдарына сүйенсек тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасындағы өнегеге байланысты екенін білеміз.
Отбасылық тәрбиелеудің басымдылығын тану дегеніміз – отбасы мен мектеп жасына дейінгі мекеменің жаңа қарым – қатынасын талап етеді.Бұл қарым-қатынастың жаңашылдығы ынтымақтастық және өзара қарым-қатынас деген түсініктермен анықталады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандартында: ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды топтардың педагогикалық процеске тарту мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасының өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету қажеттілігін ұсынады. Мектеп жасына дейінгі мекеменің отбасымен өзара қарым-қатынас барлық нысандары мен түрлерінің негізгі мақсаты балалар, ата-аналар, педагогтар арасында сенімділік қатынасты орнату, оларды бір командаға біріктіру, өздерінің проблемаларымен бөлісу және бірлесіп шешу қажеттілігіне тәрбиелеу.
Мектеп жасына дейінгі мекеме педагогтары мен ата-аналардың өзара сабақтастығы мен серіктестігін мынадай жұмыс бағытында іске асыруға болады:
- педагогикалық және психологиялық сауаттылықты жетілдіру;
- іс-әрекеттің түрлі формалары (ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатысу, әртүрлі үйірмелер, клубтар) және қосымша қызмет көрсету;
- балалардың шығармашылық жоспарларын іске асыруға жағдай жасау;
- қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу;
- әлеуметтік дамытушы орта қалыптастыруға көмек көрсету;
Педагогикалық - психологиялық сауаттылыққа жетілдіру, яғни ата-аналарды педагогикалық үдеріске тарту арқылы бала тәрбиесінің мақсат, міндеттерінің түсінуіне, бала тәрбиесін ойдағыдай іске асыруына ықпал етеміз. Ата-ана баланың мүмкіндігін ескеру, сонымен қатар кідіріс те болдырмау керектігін түсінеді. Ата-аналардың педагогикалық мүмкіндіктерін анықтайтын жағдайлардың кешені өз деңгейінде болу қажет. Олар отбасының тұрмыстық жағдайы, құрылысы және отбасы мүшелерінің саны, психологиялық жағдайы, мәдени білім деңгейі, ата-ана өнегесі.
Ата-аналарды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатыстырудың маңызды нәтижесі ата-аналар өз балаларының оларға тән емес ортадағы қылығын, оның басқалармен қалай араласуын, білім деңгейін, құрдастарының оған деген қарым-қатынасын зерттей алады. Өз баласының дамуы басқалардан артта қалған жоқ па, балабақшада ол үйдегідей емес, өзін басқаша ұстауын еріксіз салыстырады. Жыл бойы жүргізілетін жұмыс жоспарын ата-аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата-аналар заман талабына сай өзекті мәселерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата-аналардың ұсыныс –тілектерімен санаса отырып ата-аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, кеңестер мен сұрақ-жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата-аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс-тәсілдері қарастырылады.
Балалардың шығармашылық қиялы мен қабілеттерін дұрыс бағытта дамыту үшін олардың жас ерекшеліктері мен нақты дара ерекшеліктерін ескере отырып қалыптастыру қажет.Балаларға арналған көркем шығармалар баланы шынайы болмысты нақты әрекетімен таныстыра отырып, оны көркемдеп баяндап баланың сөздік қорын молайтып,тілін байытамыз.Мектеп жасына дейінгі балалар бейнелеу өнерімен жалпы топтық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінен тыс уақыттарда шұғылдана алады. Барлық білім салалары бойынша іске асыруға болады.
Балалардың логикалық ойлау қабілеті, интелектуалдық дарындылығы, есте сақтау қабілеттері түрлі логикалық, сенсорлық ойындар арқылы баланың шығармашылық қабілеті дамып, ақыл-ой белсенділігі арта түседі. Шығармаларды, ертегілерді, әңгімелерді еске түсіріп сөйлеу шығармашылығын дамыта отырып, театрлық көрсетулер ұйымдастыруға болады. Ата-аналармен жүргізілген жиналыстарда балалардың жұмыстарынан көрме жасап қоямыз.
Қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу.
Ата-аналармен мейілінше кең тараған жұмыстардың бірі ол -ашық есік күні. Мектеп жасына дейінгі мекемемен, оның дәстүрлерімен, ережелерімен, тәрбиелеу - оқыту жұмыстарының ерекшеліктерімен таныстыруға, олармен қызықтыра білуге және қатысуға мүмкіндік береді. Ата-аналармен топтарға саяхат жасау, балабақша жұмысынан үзінді көрсету (ұжымдық жұмыстар, серуендеуге жинау т.с.с.) немесе әдіске ата-аналармен әңгімелеседі, олардың алған әсерлерін анықтайды, туындаған сұрақтарға жауап береді. Әңгімелерді жеке дара, ұжымдық түрінде өткіземіз. Бұл екі жағдай да, нақты міндет: нені анықтау қажеттігі, немен көмектесуге болатыны белгіленеді, ата-аналардың пікірлерін де тыңдаймыз.
Ата-аналар конференциясы.Конференцияның негізгі мақсаты – отбасылық тәрбиелеудің тәжірибесімен бөлісу. Ата-аналар алдын-ала мәлімдеме дайындайды, немесе оларды бірлесіп те дайындаймыз.Конференцияны мектеп жасына дейінгі мекеме балаларының, қызметкерлерінің, отбасы мүшелерінің бірлескен концертімен аяқтауға болады.
Әлеуметтік дамытушы орта қалыптастыруға көмек көрсету.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке даралығын дамытуға отбасы мен мектеп жасына дейінгі мекеменің дәстүрлі емес өзара іс-әрекеті бірлігінің педагогикалық принципі негізінде жүзеге асыруда байқауға болады.Тәрбиешілердің, қоғамдық ұйымдардың және отбасының ұрпақты тәрбиелеуде бірлесіп қоян-қолтық жұмыс істеуін талап етеді.Егер де тәрбиелеу күштері қалыптаспаса және бір-біріне қарама-қайшы келсе, онда бала психикалық жүктемелерге тап болады.
Дамытушы ортаға:
• Демалыс аймағы;
• Интеллектуальдық - танымдық аймақ;
• Өз бетінше бейнелеу әрекетін жасау аймағы;
• Ойын аймағы.
Кеңестер.Әдетте кеңестер жүйесі құрастырылады, олар жеке дара немесе ата-аналар топтарымен жүргізіледі. Топтық кеңестерге бірдей проблемалы немесе тәрбиелеуде бірдей табыстары бар әр түрлі топтың ата-аналарын шақырамыз.Ата-аналардың белгілі білімдерді, әдістерді меңгеруі, проблемалық мәселелерді шешуге көмек көрсету кеңестердің басты мақсаты болып табылады.Кейбір жас ата-аналарға семинар - практикумдардың маңызы зор. Бұл нышан оқытудың әдістері мнн тәсілдері туралы айтуға, кітапты қалай оқу керектігін көрсетуге, иллюстрациялы суреттерді көруге, оқығаны туралы әңгімелеуге, жазуға қолын жаттықтыруға мүмкіндік береді.Ата-анамен балабақша арасындағы тығыз қарым-қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ.
Біздің мақсатымыз ХХІ ғасыр талабына сай жаңашыл, шығармашыл, мәдениетті, жан-жақты сауатты жеке тұлға тәрбиелеу.
Әдебиеттер:
1. ЗвереваО. Л., Кротова Т. В. Общение педагога с родителями в ДОУ. Методический аспект. М, 2005
2. СолодянкинаО. В. Сотрудничество дошкольного учреждения с семьей.пособие для работников ДОУ. М. 2005
3. ДороноваТ. Н. Взаимодействие дошкольного учреждения с родителями. М., 2002
Тақырыбы:М.Д.М.-де ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру.
Мақсаты: балақшадғы ата-аналармен жұмыс істеуді ұымдастыруға және дағдылпндыруға үйрету.
Жоспар:
1. Ата-анамен жүргізілетін жұмысты әдістемелік дұрыс ұйымдастыру
2. Мекеме ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыс жоспарының мақсаты
3. Педагогтарды отбасымен жұмыс жүргізу шеберлігіне дайындаудың мақсаты
4. Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың жаңа бағыттарын игерудің мақсаты
Болашақ ұрпақ тәрбиесін іске асырып отырған кезкелген мекеме үшін отбасымен жұмысты тиісті дәрежеде ұйымдастырудың маңызы өте зор. Себебі, отбасы баланың түпкі тамыры, болмысын қалайтын мекен. Отбасымен жұмыс мүмкін педагогтардың жүргізетін жұмыстарының ең қызықты бір бағыты шығар. Бір жағынан, бұл жұмыс аса бір шеберлікті, құпиялықты, мәдениетті, білімді, тәжірибені қажет ететін жұмыстардың бірі. Өйткені, отбасымен жұмыс жүргізген кезде түрлі адамдармен, түрлі түсініктермен, түрлі мінез-құлықтармен, түрлі қиыншылықтармен қарама-қарсы кездесесің. Осының барлығынан педагогтық абыройыңа кір келтірмей шығу үлкен өнерді қажет етеді. Сол себептен білім беру мекемесінде отбасымен жүргізілетін жұмыстарды әдістемелік жағынан орынды ұйымдастырудың маңызы өте зор.
Ата-анамен жүргізілетін жұмысты әдістемелік дұрыс ұйымдастыру дегеніміз не ? Бұл - мекеме ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыстарды педагогикалық қағидаларға сәйкес, баланы жан-жақты дамытуға негізделген, бала құқығын сақтауға және қорғауға бағдарланған түрде ұйымдастыру. Отбасымен жүргізілетін жұмыстарды әдістемелік жағынан белгілі бір ретпен, жүйелі түрде ұйымдастыру жүргізілген жұмыстың нәтижесіне әсер етеді. Жұмыстар алдыңғы уақытта жүргізілетін жұмыстарға ұқсамайтын және жаңашыл бағытта болды. Яғни оның негізінде отбасымен ашық қарым-қатынас жатты. Бүгінгі таңда сол жұмыстар заманның талабына сай, бала мен отбасының қажеттігіне сай өзгертіліп, әртараптандырылып отырылуда. Бірнеше жылғы іс-тәжірибе мекемемізде отбасымен жүргізілетін жұмыстардың белгілі бір тұрақтылығы мен заңдылығының қалыптасуына әкелді.
Негізгі қағидалары:
1. Мекеме ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыстардың жоспарын құру
2. Педагогтарды отбасымен жұмыс жүргізу шеберлігіне дайындау
3. Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың жаңа бағыттарын үздіксіз игеру.
Мекеме ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыс жоспарының мақсаты – отбасымен қарым-қатынастың тиімді, оңтайлы түрлері арқылы отбасын мекеме жұмысына белсендіре араластыру, бала тәрбиесіне деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады. Осыған байланысты жылдық жоспарда мынадай жұмыс түрлері жоспарланады:
· Ата-аналарды балабақшамен таныстыру (презентация);
· Ата-аналарға арналған ашық сабақтар;
· Ата-аналарға арналған педагогикалық кеңестер (оқу жылында 1 кеңесті арнауға болады);
· Педагогикалық әңгімелер
· Тақырыптық кеңестер (әр топта оқу жылында 3-4 рет және осынша жалпы түрде);
· Жиналыстар (оқу жылында 3-4 рет);
· Дөңгелек үстелдер (дәстүрден тыс түрде ата-аналармен өзекті тақырыптар төңірегінде әңгімелесу);
· Ата-аналарға арналған конференция (ата-аналар, шектеулі мамандар, тәрбиешілер өмірлік жағдаяттарды моделдейді, тақырыптар аналарға арналған Анам жайлы әңмелесейікші, әкелерге арналған Мен үшін ең қымбат жан т.с.с.);
· Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын қамтамасыз ету;
· Көрнекі насихаттық жұмыстар.
Балабақшамен таныстыру жұмысы – жылына 1 рет оқу жылының басында жүргізіледі. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты ата-аналарды балалардың білім алу және тәрбиелену ортасымен таныстыру болып табылады. Яғни, отбасын балалар өмір сүріп отырған ортаның материалдық-техникалық базасымен және осы ортаның оқу-әдістемелік қамтамасыздану дәрежесімен, педагогикалық ұжыммен, мамандармен таныстыру және осы арқылы олардың оң көзқарастарын қалыптастыру, достық қарым-қатынас құру.
Ата-аналарға арналған ашық сабақтар – отбасына баланың белсенділігін, даму деңгейін ғана көрсетіп қоймайды, сонымен қатар топ ішінде сабақтардың ұйымдастырылу ерекшеліктерімен де таныстырады. Сондай-ақ балабақшада балалар тек ойын әрекетімен айналысады деген жансақ ойлардан сақтайды.
Ата-аналарға арналған педагогикалық кеңестер – оқу жылында 1 рет болуы мүмкін. Бұл кеңесті әсіресе оқу жылының басында өткізген ыңғайлы. Көбіне бұл бала тәрбиесінде кездесетін өзекті мәселелерге арналады.
Педагогикалық әңгімелер – отбасына баланы таңертең әкелгенде және кешке әкеткенде тәрбиешінің ата-анамен әңгімелесуінен бастау алады, тәрбиеші оларға бала тәрбиесіне қатысты бағдар көрсетеді, өз ойын айтып, ата-ана ойын тыңдайды. Бұл әңгімені жалпылай да өткізуге болады.
Тақырыптық кеңестер – белгілі бір тақырыпқа байланысты болуы мүмкін. Бұл кеңестерді тәрбиеші, дәрігер, шектеулі мамандар бере алады. Тақырыптар жиі кездесетін сұрақтар төңірегінде таңдалады.
Жиналыстар – оқу жылында бірнеше рет ұйымдастырылады. Баланың жетістіктері жайында ата-аналарға ақпараттар беріліп, топтың түрлі мәселелері шешіледі.
Дөңгелек үстелдер – еркін түрде ұйымдастырылып, еркін ашық әңгімелесуге бағытталған. Бұл ата-аналардың ашылып әңгімелесулеріне мүмкіндік береді. Тақырыптар тәрбиешінің қалауымен немесе ата-аналардың сұранысымен таңдалуы мүмкін.
Конференция– түрлі жағдаяттарды моделдеу арқылы ата-аналарға балабақшаның тыныс-тіршілігін таныстыруға мүмкіндік туады.
Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын қамтамасыз ету – бұл ата-аналарға бала дамуындағы ерекшеліктер туралы кәсіби кеңестер беру. Арнайы педагогикалық немесе медециналық мамандықтары жоқ ата-аналар кей кездері қиыншылықтармен, түсініспеушіліктермен кездесіп қалуы әбден мүмкін. Осыған байланысты мұндай кеңестердің маңызы өте зор.
Көрнекі-насихаттық жұмыстар - бәрімізге таныс хабарландыру, дәрігер бұрышы, мәзір т.с.с. ұқсас, күнделікті бағыттармен ғана шектелмеуі керек. Көрнекі ақпараттар ата-аналарға өте жақсы әсер етеді.
Педагогтарды отбасымен жұмыс жүргізу шеберлігіне дайындаудың мақсаты – оларды ата-аналармен және отбасы мүшелерімен мәдени қарым-қатынас жасауға үйрету. Аталған бағыт бойынша мекемеде төмендегідей жұмыс түрлері жүргізіледі:
· Топ ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыстардың жоспарын құру бойынша әдістемелік көмек көрсету және осы жұмыстарды қадағалау;
· Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың барлығын салауатты рәсімдеуді қамтамасыз ету;
· Отбасы мүшелірімен қарым-қатынас жасау мәдениеті бойынша психолог тарапынан кеңестер беру және осы жұмыстың орындалуын қадағалау;
· Педагогтардың ата-аналар мен мекеме арасында жасалатын келісім-шарттың мазмұнын нақты білулерін қамтамасыз ету;
· Ата-аналармен болуы мүмкін келеңсіздіктердің алдын алу жұмыстары;
· Бала құқығын қорғау конвенциясының мазмұнын меңгерулерін қамтамасыз ету;
· Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың мониторингін жүргізу.
Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың жаңа бағыттарын игерудің мақсаты – отбасымен қарым-қатынасты жақсартуға мүмкіндік беретін тиімді әдіс-тәсілдерді ендіру, тәжірибеде қолдану.
· Білім кеңістігінде пайда болған отбасымен қарым-қатынастың жаңа формаларын игеру, озық тәжірибелерді ендіру;
· Ата-аналардың белсенділіктерін арттыруға мүмкіндік беретін дәстүрден тыс қарым-қатынас түрлерін тәжірибеде қолдану (сайыстар, рингтер, дөңгелек үстелдер, диспуттар, пікірталастар т.с.с.);
· Отбасымен жүргізілетін жұмыстар бойынша өзінің жаңа авторлық жобасын ұсынған педагогтарға қолдау көрсету.
Жоғарыда аталған жұмыстардың барлығы бүгінгі күні біздің мекемемізде кеңінен қолдануда. Әрине, бүгінгі таңда бұл жұмыстар өз нәтижелерін беруде. Дегенмен, отбасымен жүргізілетін жұмыстар үздіксіз өзгерістерді қажет етеді. Себебі, бүгінгі күннің ата-аналары жаңа заманның, озық технологиялардың адамдары. Осыдан бірнеше жыл бұрыңғы ата-аналар үшін балаларының уақытылы тамақтанылуы, қаралуы ғана маңызды болса, бүгінгі ата-аналар үшін аталған шарттармен қатар баланың сапалы білім мен саналы тәрбиемен қамтамасыз етілуі де аса маңызды. Сондықтан ата-аналар қауымын мекеме жұмысымен таныстырудың бірден бір жолы оларды мекеме жұмысына, яғни бала тәрбиесіне белсендіре араластыру болып табылады. Ал ол үшін ата-аналарды мекемеде жасалып жатқан жұмыстарға қызықтыра білу керек.
Тақырыбы:Баланың дамуы туралы МДМ-ң және отбасының функционалдық өзара әрекеттесу моделі 2с.
Мақсаты: МДМ-ң отбасымен өзара әрекеттесу ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру Жоспар:
1. МДМ мен отбасының мәліметтік-аналитикалық блогы
2. МДМ мен отбасының өзара әрекетінің іс-тәжірибелік блогы
3. МДМ мен отбасының бақылау, бағалау өзара әрекетінің блогы
Структура-функционалдық модель 3 блоктан тұрады: мәліметтік-аналитикалық,іс-тәжірибелік және бақылау-бағалау
Мәліметтік-аналитикалық блок - ата-аналар мен балалар туралы мәлімет жинау, қорытындылау,отбасыны зерттеу,олардың қиындықтары мен мәселелрін зерттеу.
Осы блоктағы міндеттер педагогтың ары қарайғы жұмысының формалары мен әдістерін анықтайды. Бұл әдістерге: сұрақ-жауап, анкетілеу, патронаж, интервьюировілеу, бақылау, медициналық карталарды зерттеу
Ата-аналармен мәліметтік-аналитикалық болк тұрғысындағы жұмыста өзара байланысты 2 бағыт бар.
Бірінші бағыт — ата-аналарды сауаттандыру,белгілі бір сұраққа байланысты керек мәліметті беру. Сұрақтарға жауап беру үшін әртүрлі формалар қолданылады: лекциялар, жекелей және топтық кеңестер, мәліметтік қағаздар, газеттер, парақ-еске салулар, ата-аналарға арналған кітапханалар, видеотека, аудиотека және т.б.
Екінші бағыт — білім беру аймағына қатысатындардың барлығының жемісті қарым-қатынас орнатуы, яғни пікірлермен, идеялармен, сезімдермен бөлісу.
Осы мақсатта ата-аналар мен балалар қарым-қатынасқа түсетін іс-шаралар жоспарланады және өткізіледі. Ата-аналардың балаларымен дәстүрлі қарым-қатынас орнатудағы сұрақтары, мысалы, не жедің, шалбарың неге кір деген сұрақтармен аяқталады.
Педагогикалық ұжымның басты міндеті ретінде ситуациялық-қызметтік және тұлғалық-ориентациялық тұрғыда ортақ істі іске асыру ( сурет салу, спектеакльдегі рөлдер, кітаптар, ойындар, мейрамға дайындалу, серуенге дайындалу, ортақ жоба жасауға дайындалу).
Екінші блок балалардың денсаулығы мен дамуына байланысты белгілі бір міндеттерді шешуге байланысты болғандықтан ол іс-тәжірибелік деп аталады.
Медициналық қызметкерлердің, мамандардың, психолгтардың, педагогтардың одан арғы жұмысының формалары мен әдістері бірінші блоктағы анализ қорытындысында алған мәліметке байланысты.
Соңғы екі жылда ғалымдар мен іс-тәжірибешілер ата-аналармен жұмыстың қызықты формаларын ойлап тапты.
Үшінші блок – бақылау-бағалау блогы.
Бақылау-бағалау блогы – бұл балабақшаның мамандары өткізетін іс-шараның өнімділігінің қорытындысы.
Іс-шараның өнімділігін анықтау үшін мынадай әдістерді қолдануға болады: сұрақ-жауап, бағалау парағы, экспресс-диагностика және әрбір іс-шарадан кейін өткізілетін басқа әдістер. Педагогтардың өз анализдерін жасаудың да маңызы зор.
Арнайы зерттеу нәтижесінде модельмен жұмыс істеу педагогикалық ұжым мекеме тұрғысында және бала-бақша немесе топтың көлемінде әрекетті структілеуге мүмкіндік береді..
Осылайша, осы модель МДМ-ң меңгерушілеріне педагогикалық ұжыммен жұмыс істеудің жөнелту нүктесі болып табылады.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңарту, ондағы гуманизациялау және демократияландыру үрдістері мектепке дейінгі ұйымның отбасымен қарым-қатынасын белсендіру қажеттілігіне әкелді.
Отбасы – балаға эмоционалдық тылда психологиялық қорғау беретін бірден-бір алғашқы социум. Отбасының маңызы мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ерекше. Отбасы жүйесіндегі ғалымдар мен мамандар арасында (Т.А.Маркова, О.Л.Зверева, Е.П.Арнаутова, В.П.Дуброва, И.В.Лапицкая және т.б.) отбасылық институт - эмоционалдық қатынастар институты деп бекер саналмаған. Әрбір бала өз ата-анасынан, әжесі мен атасынан, бауырларынан ерекше сүйіспеншілік күтеді: яғни оны үлгілі тәртібі мен қылығы үшін емес, қандай болса солай сүйгенін қалайды.
Жанұя... Бала үшін отбасы – бұл қоғамдық тәжірибенің көзі. Отбасында ол өзі еліктейтін үлгілер табады, мұнда ол әлеуметтік туылады. Егер біз адамгершілігі зор, дені сау ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, онда бұл мәселені бүкіл әлеммен: балабақша, отбасы, қоғам – шешуіміз қажет.
Мектепке дейінгі ұйымдардың басты мақсаты – отбасында баланы тәрбиелеуге кәсіптік көмек беру, оны ауыстырмай, тәрбиелік функцияларын жүзеге асыруды толықтыру және қамтамасыз ету арқылы жүргізу.
Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналармен жұмыстың формалары мен заманауи моделдері атты әдістемелік ұсынымда мектепке дейінгі білім жүйесіндегі танымал моделдер ұсынылады және мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналармен жұмыстың заманауи әдістері ашылады.
Ата-аналармен ұжымдық жұмыс түріне өздеріңізге таныс белгілі іс-шаралар жатады.
Біріншіден, бұл - ата-аналармен жұмыстың тиімді формасы болып табылатын ата-аналар жиналысы. Ата-аналар жиналысында топтың тіршілік әрекетінің мәселелері талқыланады. Ата-аналар жиналысына дайындық кезінде келесі ережелерді ұстану қажет:
- жиналыс мақсатқа бағытталған болуы;
- ата-аналардың өтініші мен қызығушылығына жауап беру;
- нақты белгіленген тәжірибелік мінездеменің болуы;
- диалог түрінде өткізілуі;
-жиналыста бала кемшілігін және бала тәрбиесіндегі ата-аналардың қателіктерін жарияламау керек.
Ата-аналармен жұмыстың дәстүрлі емес,тиімді формаларының бірі - шағын жиналыс. Қызықты отбасы анықталып, оның тәрбиелеу тәжірибесі зерттеледі. Одан кейін шағын жиналысқа екі-үш отбасы шақырылады, онда отбасы тәрбиесіндегі позицияларымен, отбасының дәстүрлі тәрбиесі туралы бөліседі.
Ата-аналармен жұмысты келесі кезеңдерге сүйене отырып, құруға болады:
- Ата-аналармен жұмыс мазмұны мен формаларын ойластыру. Олардың қажеттілігі зерттеу мақсатында экспресс-сұрақ жүргізу және алынған мәліметтерді келешек жұмыста қолдану.
- Тәрбиешілер мен ата-аналар арасында болашақтағы іскер әріптестік үшін жағымды қарым-қатынас орнату. Ата-аналарға олар қызыға қатыса алатын, бала бейнесінің жағымдылығын қалыптастыратын жұмыстар өткізу.
- Ата-аналарда баланың жағымды бейнесін формалау үшін отбасында айтылмайтын, ата-анасы күтпеген, олар үшін қызықты ақпаратты хабарлау. Бұл баланың құрбыларымен тіл табысудағы ерекшелігі, оның еңбекке деген қатынасы, іс-әрекеттерінің жетістіктері болуы мүмкін.
- Педагогты бала тәрбиесіндегі отбасы мәселелерімен таныстыру. Бұл кезеңде тәрбиешілер ата-аналармен диалог жүргізеді, отбасымен сөйлескенде тек жағымды жақтарын емес, бала қылығындағы қиыншылықтар, кедергілер туралы да айтады.
- Баланың жеке тұлғасын ересектермен бірге формалау және зерттеу. Ата-аналармен біріккен мұндай зерттеулерде жұмыстың нақты мазмұны жоспарланады және әріптестік формасы таңдалады.
Отбасының тәрбиесін, әдептерін, дәстүрлерді сақтауын ескере отырып, балаларды әлеуметтік ортаға қарым-қатынас мәдениетімен таныстыруға ықпал жасау. Қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұратын ұлы мақсат мұраттарының ең бастысы - өзінің өмірін, тәжірибесін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, ұрпақ тәрбиесі келешегін берік ететін басты фактор болып саналады. Сондай-ақ халықтың қалыптасқан тәрбие тәжірибесін оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану туралы Г.Н.Волков, Я.И.Ханбиков, М.Сейфуллаева, А.Ш.Гашимов, Т.Г.Тимошина, С.Қ.Қалиев, М.Х.Балтабаев, Қ.Б.Жарықбаев, Ә.Табылдиев, С.А.Ұзақбаева, К.К.Қожахметова, Ж.Ж.Наурызбай, Қ.Қ.Шалғынбаевалар өз еңбектерінде тұжырымдады.
Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында Мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық делінген.
Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.
Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандартында: ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды топтардың педагогикалық процеске тарту мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасының өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету қажеттілігін ұсынады.Балалардың логикалық ойлау қабілеті, интелектуалдық дарындылығы, есте сақтау қабілеттері түрлі логикалық, сенсорлық ойындар арқылы баланың шығармашылық қабілеті дамып, ақыл-ой белсенділігі арта түседі. Шығармаларды, ертегілерді, әңгімелерді еске түсіріп сөйлеу шығармашылығын дамыта отырып, театрлық көрсетулер ұйымдастыруға болады. Жас ұрпақ елдің ертеңі. Сондықтан, балаларға саналы білім, сапалы тәрбие беруге борыштымыз. Ол үшін баланы балабақша жасында осы әдеттерге баулу керек. Саналы, білімді баланың болашағы жарқын болады.
ата- аналармен жұмыстың белсенді әдістері мен түрлерін қолдандық:
- тәрбиеленушілер отбасына бару;
- топтық және жалпы ата- аналар жиналстары;
- кеңестер;
- ата- аналар қатысуымен өткізілетін сабақтар;
- ата-аналармен бірлесе жасаған балалар жұмыстарының көрмесі;
- бірлескен саяхаттар;
- Қатынасу күндері;
- Мейірімді істер күні;
- Ашық есік күндері;
- ата- аналардың мерекелерді дайындау мен өткізуге қатысуы;
- фотомонтаждар безендіру;
- заттық- дамыту ортасын бірлесе құру;
- ертеңгілік сәлемдесу;
- топтық ата- аналар комитетімен жұмыс;
- тренингтер;
- семинар- практикумдар;
- ата- аналар қонақта;
- Сенім телефоны;
- Сенім поштасы;
- отбасылық вернисаж.
Тақырыбы: М.Д.М.-дегі ата-аналармен жұмыстың формалары
Мақсаты: Балабқшадағы ата-аналармен жұмыс формаларын білу және меңгері.
Жоспар:
1. Ата-аналармен жүргізетін жұмысының формалары мен әдістері.
2. Ата-аналармен жүлгізілетін жұмыстардың мақсаты міндеттері және мазмұны.
3. Ата–аналармен жүргізілетін жұмыстағы тәрбиешінің негізгі міндеттері.
4. Ата–аналармен атқаратын жұмыстарында тәрбиешінің қызметі.
5. Ата-аналармен жұмыс жүргізудің негізгі формалары.
Ата-аналармен жүргізетін жұмысының формалары мен әдістері
Ата-аналардың өз балаларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің, сынып жетекшісі ата – аналар педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттеледі. Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде Ата-аналарды тәрбиелеу деген ұғым пайда болды. Ондағы көзделген мақсат ата–аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес олардың педагогикалық білімдерін жетілдіры отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуынша, әр елде сонымен қатар отандық педагогикада жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде сай ата – аналар балаларын тәрбиелеу барысында айтулы қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтанда олар мұғалімдердің ақыл – кеңестерін, практикалық көмектерін аса қажет етеді. Олардың ұйымдастыруындағы ақыл – кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата–аналарға ғана қажет емес. Сонымен бірге отбасы тәрбиелі ата–аналарға да керек. Себебі: қоғамның қарқынды дамуы осы бағытта жаңа талаптар қоюда. Сондықтан, ата–аналарға бала тәрбиесінде, біріншіден, педагогикалық білімдерді жинақтауға, екіншіден, олардың өздерінің тәрбиелі және дамуын міндеттейді. Егерде мектеп пен ата–аналардың тәрбиешілік өзара әрекетін бірлікте ұйымдастырса, бұл шешімін табатын міндеттер. Ол мектеп тәжірибесінде мұғалімдердің ата–аналармен кездесуін, ата–аналар жиналысын ұйымдастыру, ата–аналар комитетін құру, ата–аналар белсенділерімен жұмыс істеу, ата–аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру, конференция өткізу секілді жұмыстар барысында атқарылады.
В.А. Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін, - дейді. Олай болса, отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтанда педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата – аналармен жұмыстың маңызы ерекше.
Мақсаты: ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдарға тарту, баланы тәрбиелеу мен дамыту процесінде өзара әрекеттерінің түрлі стратегияларын құру, отбасылық тәрбиені іске асыруда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.
Міндеттері:
1. Ата-аналарға педагогикалық білім беру, олардың педагогикалық мәдениеттерін жетілдіру, ата-ана дағдыларын қалыптастыру.
2. Ата-аналарды балабақша өміріне отбасылармен тиімді жұмыс түрлерін іздестіру мен енгізу арқылы қатысуға бейімдеу.
3. Педагогтер мен ата-аналар арасында тиімді серіктестікті құру, мектепке дейінгі ұйым қызметіне белсенді қатыстыру.
4. Өз баласының дамуы, тәрбиелеу мен білім беру саласында ата-аналардың қажеттіліктерін анықтау.
5. Отбасылық тәрбиенің үздік тәжірибелерін зерттеу, жалпылау және тарату.
Мазмұны:
Ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білім берудің мақсаты мен міндеттерін іске асыруда өзара қарым-қатынастың ұжымдық және жеке түрлерін (дөңгелек үстелдер, іскерлік ойындар, ата-аналардың конференциялары, кеңестер, педагогикалық кеңестер, ата-аналар жиналысы (жалпы және топтық) ауызша журналдар, ата-аналар клубтары және т.б.) қолдану.
Педагогикалық білімдерінің насихатын көрнекілік үгіттеу жүйесі арқылы жүргізу: жылжымалы папкалар, видеофильмдер, жаднама-нұсқаулар, шақыру қағаздары, сурет көрмелері ата-аналар бұрыштары және т.б.
Ата-аналарға отбасылық оқу әдебиеттерінен хабардар болуға, кездесу барысында талқыланатын тақырыпқа қызықтыруға, оларды тәрбиелеудің кеңінен тараған стереотиптерін талдауға, өз тәжірибелерінің ассоциациясын құруға көмектесу.
Педагог пен ата-ананың баланы тәрбиелеу мен дамыту бойынша бірлескен әрекеттерін жұмылдыру. Балабақшада немесе үйде нақты тұлғаны тәрбиелеудегі проблемаларын шешудің тиімді тәсілдерін табу үшін оларды ашық әңгімеге шақырып, педагогтермен бірге өз ойлары мен күдіктерін бөлісу ықыластарын оятып, қызықтыруға тырысу.
Отбасыларды зерттеу бойынша диагностикалық жұмыстар жүргізу. Отбасылармен жеке және дифференциалды топтық жұмыстарда тиімді әдістері мен түрлерін қолдану.
Отбасылық тәрбиеге халықтық педагогиканың дәтүрлерін енгізу. Балаларды басқа келеңсіз көріністердің алдыналуда адамгершілік құндылықтарға негізделген отбасын құруда ата-аналарға көмек көрсету.
Отбасымен қалыпты қатынасын дамыту үшін ата-аналар және педагогтер бірлесіп іс-шаралар (ата-аналар конференциясы, кеңестер, әңгімелесу, сұрақ-жауап кештері, пікір-сайыс, ата-аналарға арналған үйірмелер және т.б.), сонымен қатар педагогтер, ата-аналар және балалармен бірлесіп (ертеңгіліктер және мерекелер, концерттер, ашық есіктер күні, викториналар, спорттық мерекелер мен ойын-сауықтар, газет шығару, бірлесіп жасаған шығармаларынан көрме ұйымдастыру және т.б.) іс-шаралар өткізу арқылы жағдай құруын жетілдіру.Мамандармен (психолог, логопед, қосымша білім беру педагогтерімен т.б.) жеке кеңестер беру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету. Ата-аналарға мамандардың жұмыстарымен танысуға, балаларының мәселелері мен олардың дамуының алға басулары туралы ақпараттар алуларына мүмкіндік беру.Ата-аналарға мектепке дейінгі ұйымдардың ұйымдастыру тіршіліктеріне қатыстыру, олардың шығармашылықпен өзін-өзі жүзеге асыруларына жағдай жасау.Ата-ана — әкелермен, аталармен, әжелермен қарым-қатынасының әртүрлі түрлерін қолдану. Олардың беделін көтеруге бағытталған шығармашылық, әлеуметтік маңызды әрекеттеріне балалармен бірлесе отырып қатыстыру.
Отбасылық тәрбиенің озат тәжірибиесін жүйелі жалпылау, суретті газеттер, ұжымдық жұмыстар, жинақталған суреттер түрінде ұсыну.
Жұмыс түрлері:
1. баланы отбасында тәрбиелеу жайлы сауалнама жүргізу;
2. баланың ата-аналармен және отбасы мүшелерімен балабақшадағы және отбасындағы қарым-қатынасын бақылау;
3. ата-аналар үшін электронды және қағаз түріндегі психологиялық-педагогикалық кеңестер;
4. балалардың тілін, саусақ моторикасын, қимыл белсенділігін дамыту бойынша жеке ұсынылатын парақшалар;
5. ата-аналардың барлық білім беру салалары бойынша дербес және ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыруға қатысуы.
Ата-аналармен өзара сыйластыққа жағдай жасау: әрбір ата-ананың аты-жөнін білу, тыңдай білу, қызықтыратын сұрақтарға жауап беру, шын ниетін, тiлектестiгін білдіру. Ата-аналардың балаларымен қарым-қатынас жасау түрлерін анықтау (беделімен басымдылық көрсету, дербестігіне қысым жасау), жеке қабілеттерін көрсету арқылы баланың табиғи мүмкіндіктерін көрсету. Отбасы тәрбиесінің бес білім беру саласының мазмұнына сәйкес болуына әсер ету:
- Денсаулық білім беру саласының мазмұнын іске асыру мектепке дейінгі ұйым және отбасының күн тәртібіне сәйкес гигиеналық дағдыларды қалыптастырып, денсаулықты шынықтыру мен дамытуға жағдайларымен қамтамасыз етуге бағытталады.
- Қатынас білім беру саласы ана тілінде қарым-қатынас жасау, халық ауыз әдебиетімен таныстыру арқылы ата-аналармен біріккен жұмыстарды ұйымдастыру мүмкіндіктерін құруға көзделеді.
- Таным білім беру саласы ата-аналарға бірлескен ойын, практикалық іс-әрекеттер арқылы балалардың танымдық қызығушылығы мен әуесқойлығын қанағаттандыру бойынша кеңестер беруге, ата-аналарды отбасы жағдайында баланың шығармашылық өсуіне мүмкіндік құруға үйретуге, заттарды қолданып музыканы тыңдау жағдайларымен қамтамасыз етуге бағытталады.
- Әлеуметтік орта білім беру саласы ересектермен қарым-қатынас барысында өзін-өзі көрсете білуге жағдайлар құруға, өзін бағалай білуін қалыптастыруға бағытталған.
Ата–аналармен жүргізілетін жұмыстағы тәрбиешінің негізгі міндеттері:
1. Ата–аналармен тұрақты байланыс орнату.
2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.
3. Ата–аналар ұжымын құру.
4. Ата–аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру..
Ата–аналармен атқаратын жұмыстарында тәрбиешінің қызметі
1. Ата–аналарды сыныптағы оқу тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру.
2. Ата–аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру.
3. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру.
4. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру.
5. Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуі.
Ата-аналармен жұмыс жүргізудің негізгі формалары:
1)Ата-аналар жиналысы:
Алдағы атқарылатын жұмыстар туралы ұсыныс, пікірлер;
Жаңа оқу жылы бойынша ақпараттар;
Оқу жылы аяқатлу бойынша қорытынды;
Ата-аналарға психологиялық-педагогикалық кеңестер;
Ата-аналарды балабақалық іс-шараларға Тарту.
2)Ата-аналмен пікір алмасу
Демалысты тиімді өткізейік!;
Жазғы демалс.
3)Ата-аналармен әңгімелесу
Отбасы мен балабақшаның бала тәрбиесіндегі орны;
Қауіпсіздік ережесін біліп жүрейік.
Әдебиеттер :
1. Глебова С.В. Детский сад – семья: аспекты взаимодействия. – Воронеж, 2005
2. Зверева О.Л. Кротова Т.В. Общение педагога с родителями в ДОУ. – М., 2005
3. Козлова А.В., Дешеулина Р.П. Работа ДОУ с семьей. – М., 2004
4. Белая К.Ю. Методическая работа в ДОУ. – М., 2006
Тақырыбы: МДМ-гі ата-аналар жиналысы 1 сағ
Мақсаты: МДМ-дегі ата-аналар жиналысын ұйымдастыру туралы түсінік қалыптастыру. Ата-аналармен жұмыс істеудің ерекшеліктерін ашу, ата-аналар жиналысының өнімділігін көбейту. Жоспары:
1. Ата-аналар жиналысындағы педагог
2. МДМ-дегі ата-аналар жиналысын ұйымдастыру
3. Ата-аналар жиналысы кезіндегі өара әрекеттің принциптері
4. Ата-аналар жиналысыны ұйымдастырудың өнімділігін жоғарылату
Ата-аналар жиналысы дегеніміз – бұл балаларды дамыту, тәрбиелеу, оқыту кезіндегі мәселелер мен міндеттерді шешу үшін жиналған адамдар тобы. Ол оқыту мекемесіне бастысы, өз балаларына көмектесу үшін қолданылады.
Ата-аналар жиналысы бірнеше функцияны: маңызды мәселелерді шешу, ата-аналар ұжымын ұйымдастыру жағдайы, тәрбие процессіе басқару және т.б орындайтын жұмыстың әмбебап формасы.
Ата-анаман жұмыстың көптеген формасының ішіндегі жетекшісі ретінде ата-аналар жиналысы болып қала береді.
Ата-аналар жиналысы 2 бөлімнен тұрады:
1.жалпы бөлім (әңгімелесу, белгілі бір жағдайды шешу, жоспарлау, дисскусия т.б).
2.жеке дара бөлім ( бірнеше ата-ананың өздерін қызықтыратын сұрақтары бойынша жеке дара консультация өткізуі).
Ата-аналардың балалардың жас ерекшеліктері, жас ерекшелік дағдарыстары туралы біліп, оларға көмектесудің жолдарын білгендері маңызды.
Ата-аналардың өз балаларына деген қарым-қатынаста қай кезде белсенді болу керек, ал қай кезде ол көмек артық болатындығы туралы ұғымдары болу керек.
Ата-аналардың тәрбиешімен белгілі бір тақырыпта кездесуінің нәтижесі ретінде пайдалы мәлімет алу өз баласының тәрбиелеу мен оқыту процессін жақсарту туралы мәлімет алу болып табылады.
Айта кету керек: ата-аналардың барлығы естігендерін орындайды деп айтуға болмайды. Егер кейбір ата-аналар алған мәліметті қолданса немесе өз баласына деген қатынаста қателіктерін мойындаса – бұның өзі жаман емес көрсеткіш.
Ата-аналар жиналысының жылына кемінде екі рет өткізілгендігі тиімді. Бұндай жағдайда ата-аналардың психологиялық компитенттілігін жоғарылату жұмыстары жүргізілетіндігін айтуға болады.
Психологтың осы жұмыс формасының тағы бір қорытынды нәтижесі ретінде ата-аналардың жеке дара кеңесін айтуға болады, онда талқыланатын тақырып ата-аналар үшін маңызды.
Тәрбиешінің ата-аналар жиналысындағы позициясы (басқарушылық, оқытушылық емес, сыйласымдылық әрі мейірімді) ата-аналармен жұмыстың сәтті әрекеттесуінің негізін қалайды.
Алайда ата-аналар бұндай қарым-қатынасқа дайын болмай шығады. Бұл пассивтілікте, қарсылықтың әртүрлі формасында көрінеді.
Егер тіпті ата-аналар жоғары қызығушылық пен жоғары белсенділік танытса да, көбінесе байқаусыздық танытады, бұл да психологпен жұмыс істеуде қиындықтар туғызады.
Берілген фактілерді ата-анаман кездесуде ескреген жөн. Алдын ала ата-аналардың қызығушылығын жоғарылату үшін қандай мазмұнда, қандай формаларда жұмыс істеу керектігі туралы ойланған жөн. Ата-аналар жиналысында болатын өзара әрекеттестік қиындықтары туралы ойлану – педагогтың профессионалдық қызметінің маңызды бөлігі.
Ата-аналардың қызығушылығын оятып, сенімділігін арттыру үшін уақыт керек. Тек шыдамдылық, ата-аналарға деген мейірімді сыйласымдылық қатынас қана педагогқа күтілген нәтижеге жетуге мүмкіндік береді.
Жиналыс кезіндегі ата-аналармен өзара әрекеттесу принциптері:
Ата-аналарға, балаларына деген сыйласымды, мейірімді қатынас, әрекеттерді бағалауды өз жағынана да, ата-аналар жағынана да болдырмау.
Психологиялық феномендерді түсінікті жеңіл тілмен жеткізу профессионалдық терминологияны қолданбау қиын нәрсе туралы оңай түрде айту.
Конфедионалдық принципті қолдану,белгілі бір бала туралы диагностикалық мәлімет бермеу. Топқа байланысты жалпы тенденцияларды айтқан жөн.
Ата-аналардың назарын өз мүмкіндіктері мен ресурстарына аудару, өзін ата-ана ретінде жақсы бағалауға үйрету.
Тақырыптық ата-аналар жиналысы ата-аналардың өз еркімен қатысуын талап етеді. Ата-аналардың қарсылық білдіру қиындықтарына, төмен дәрежедегі қызығушылықтарына, психологтың жаңа жұмыс формаларына деген сенімсіз көзқарастарына байланыстытақырыптық ата-аналар жиналысының дайындалу бөліміне баса назар аударған жөн
Дайындық бөлімінің негізгі бөлімдері:
1. Ата-аналар жиналысының мүмкін тақырыптарын таңдау, олардың аттарын қалыптастыру.
2. Тақырыптық ата-аналар жиналысына ата-аналардың қатысуының мотивациялық дәрежесін көтеру.
3. Белгілі бір топқа байланысты жиналыстың тақырыптық мазмұнының мәліметтерін жинау.
4. Жиналыстың тақырыптық мазмұнын дайындау, жиналыстың мақсаты мен міндеттеріне байланысты талқыланатын сұрақтардың бірізділігін сақтау.
Ата-аналардың жиналысын ұйымдастырудың өнімділігін қалай арттыруға болады.
Ата-аналардың интелектілік эмоционалдық ресурстарын ескеру. Оларды дұрыс бағаламауға да болады. Ата-аналар жиналысына өз еркімен келу – бұл соншалықты аз емес.
Қанағаттану келесі принциптермен жүзеге асады:
- белсенділік (ата-аналардың қалауларын ескеру)
-белгілі бір шешімдерді қабылдау үшін, мәселелерді талқылау үшін ортақ бірігу.и
- маңыздылығы (талқылауға алынған тақырып, мәселе маңызды болу крек.)
- қорытындылығы ;
-бірігіп жұмыс істеуі ( балалар мәселесін шешуде бір-біріне көмек, түсіну мәселелерін отбасы шешсе, оқытушылық мәселелерді балабақшалар мен МДМ шешеді).
Ең керекті жиналыстарды ғана өткізу
Ата-аналарға тақырыпты алдан ала айту, техникалық дайындық жұмысын жүргізу.
Ата-аналар жиналысын уақытында бастап, кақытында аяқтау.
Пікіртер мен идеялар алмасуды ұйымдастыру.
Рефлексия өткізу.
Психологтың бағаламайтын талқылауларының маңыздылығына назар аудару.
Профессионалдық этиканың нормаларын сақтау.
Баланы тексеруге ата-ананың келісімін алу.
Психолог конструктілі түрде әртүрлі жағдайларда, әртүрлі көзқарастар тұрғысында қорытынды жасай алу керек.
Әдебиеттер :
1. Глебова С.В. Детский сад – семья: аспекты взаимодействия. – Воронеж, 2005
2. Зверева О.Л. Кротова Т.В. Общение педагога с родителями в ДОУ. – М., 2005
3. Козлова А.В., Дешеулина Р.П. Работа ДОУ с семьей. – М., 2004
4. Белая К.Ю. Методическая работа в ДОУ. – М., 2006
5. Давыдова О.И., Богославец Л.Г., Майер А.А. Работа с родителями в ДОУ. – М., 2005, стр. 76.
6. Микляева Н.В. Создание условий эффективного взаимодействия с семьей. М.,2006
7. Фалькович Т.А., Толстоухова Н.С., Обухова Л.А. Нетрадиционные формы работы с родителями. – М., 2005
Тақырыбы: Ата-аналармен жұмыстағы диагностикалық әдістер
Жоспар:
1. Ата-аналармен жұмыс.
2. Ата-аналармен балабақша ұжымының бірлескен жұмысын ұйымдастыру жолдары.
3. Диагностикалық талдау жұмыстары
4. Ата-анамен жімыстағы диагностикалық әдіс ұйымдастырудың нәтижесі
Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы- ата-ана. Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі деген ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Ата-анаға баладан жақсы ешкім жоқ. Ал бар тәрбиеміздің көзі – ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздер, яғни небір кереметтің барлығы осы айтылған нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер екені сөзсіз.
Ата-аналармен жұмыс.
Тәрбиешілердің ата-аналармен ынтымақтастығы оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі болып табылады. Тәрбиеші үшін ата-аналарды педагогикалық үрдістің белсенді мүшесі ету оңай шаруа емес. Ол асқан шеберлік пен зор жауапкершілікті қажет етеді. Мұндай міндетті шешу үшін тәрбиешінің тәрбие жұмысының жоспарында оқушылардың отбасын зерттеу.
Ата-аналардың педагогикалық сауатын көтеру. Ата-аналар комитетінің жұмысымен байланысты арттыру.
Ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу.
Ата-аналарды оқушылардың оқу-тәрбие үрдісінің нәтижелерімен, барысымен жүйелі таныстыру.
Мұндай маңызды істерді жүзеге асыруда тәрбиеші тәрбие жұмысының мақсатын, міндеттерін, мектептің ерекшелігін, ата-аналар құрамын, ата-ана мен тәрбиешінің қарым-қатынасының негізгі ұстанымдарын ескеріп есепке алады.
Ата-аналармен балабақша ұжымының бірлескен жұмысын ұйымдастыру жолдары.
Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру міндеттері:
- ата-аналарды балаларының оқу еңбегінің нәтижелері туралы хабардар етіп отыру;
- ата-аналарды балаларының оқуына көмекті дұрыс ұйымдастыруға үйрету;
- топ ұжымымен қызықты іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қатыстыру;
- ата-аналармен тақырыптық жиналыстар оздыру;
- мектептегі ашық есік күндеріне шақырып, қатыстыру;
- ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу;
Тәрбие-тал бесіктен басталады деп халқымыздың ежелгі салты мен тамаша дәстүрі заманымыздың заңғар жазушысы М.О.Әуезовтің Ел болам десең, бесігіңді түзе деген қанатты қағидасында да үйлесім табуы бекер емес. Арнай мамандарымыз жеткіншек ұрпақтарымыздың адами қарым-қатынасын жасауға, қоғам тірлігі үшін материалдық өндіріс саласында еңбек етуге даяр болуға, еңбек ету қажеттілігін ажырата білуге, музыкаға, өнерге, әдебиетке ынтасын үнемі жетілдіру барысында жұмыстанады.
Диагностикалық талдау жұмыстары ата- анадармен өзара іс- әрекеттің ең қызықты әрі жауапты бағыты. Сынып жетекшісі өз сыныбы оқушыларының ата- аналарын жан- жақты зерттеп, олардың педагогикалық білім дәрежелерін, отбасындағы қарым – қатынас деңгейін анықтау арқылы жыл бойы атқарылуға тиісті жұмысты тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. Диагностикалық зерттеулер:
Балабақшаға көмегі;
өз баласына ықпалы;
тәрбиешімен қарым – қатынасы;
ата- аналарды топтау;
балабақшадағы оқу- тәрбие үрдісіне көз қарасы;
Ата-ана жұмысын диагностикалық әдіс ұйымдастырудан біз қандай нәтиже алдық.
1.Ата-ана өзін мазалап жүрген сұрақтарына тәрбиішімен бірге жауап таба білді.
2.Жаттанды білім алу мен бірлесе оқудың айырмашылығын білді.
3.Психологиялық ерекшеліктерді,қабілеттері әртүрлі болатыны туралы білді.
4.Балабақшада педагогикалық сенім күшейді.
5.Тікелей балабақша жұмысына араласуы арқалы ата-ананың педагогикалық-психологиялық тақырыпқа қызығушылығы оянды.Ата-анармен жұмыстың балабақшада маңыздылығы неде?
6.Оқу тәрбие жұмысын ата-анамен бірлескен әрккетінің негізінде құрыды әлде де одан әрі дамыту.
7.Ата-ананың бала тәрбиесіндегі белсенділігін арттыру.
8.Ата-ананы бала психологиясының ерекшелігіне, көңіл-күйіне мен беруге бағыттау.
Қолданылған әдебиеттер:
М.М.Мұқанов, Жас және педагогикалық психология ( Алматы 1982ж)
Ү.Тұрғынтаева, Халық даналығы-адамгерішілік тәрбие құралы. Отбасы және балабақша (2001ж)
Ә.Табылдиев, Халық педагогикасы және тәрбие (1990ж)
М.Т.Баймұқанова, Отбасымен әлеуметтік педагогикалық жұмыс (Астана 2005ж)
Тақырыбы: Ата-аналармен қарым-қатынастың дағдыларын қалыптастыру.Ата-аналармен жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру.
Жоспар:
1. Ата-аналармен қарым-қатынас
2. Ата - аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты
3. Ата - аналар және топ жиналыстарына ата - аналарды тартудың қажеттілігі
Қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл - қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып өсуі -
ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат. Оның қуат алатын қайнар бастауы отбасы. Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата - ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра алмайды. . отбасы - өмірге сәби әкеліп, оны тәрбиелеп, қалыптастыруда және ұрпақ жалғастыруда теңдесі жоқ орын.
Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметтінің мақсаты - балаланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Көздеген мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.
- Отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру.
- еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне - өзі қызмет етуге үйрету.
- Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым - қатынас жасауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйрету .
- Әдебиетке, мәдениетке, өнерге тәрбиелеу. Бұл міндеттер жүзеге асу үшін бала дүниеге келген күннен бастап отбасында, қоғамдық орындарда, мектепте тәлім - тәрбие беріледі.
Баланы жастан , Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің деген даналық сөздердің мағынасы өте терең. Себебі, есейіп кеткен соң баланың теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Осы кезде Балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын, өзіңіздің мінез - құлқыңызды, өмірге көзқарасыңызды ой елегінен өткізіп, бақыладыңыз ба ? деген сауал туады.
Ұлы педагог А. С. Макаренко : Балалардың алдында беделді болуды қаламайтын ата – ана жоқ. Бірақ қалай, қай бағытта өнеге беріп, өсіріп келе жатқанын ойламастан, бала санасын рухани өктемдік жасап тәрбиелейтін ата – ана баршылық. Бұл беделді болудың қандай жолы? Мұндай жолмен келген адал баланың санасы жетілгенде өздігінен жойылады деген.
Отбасы - барлығының басы, жан - жақты даумуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата - ана мен баланың қарым - қатынас нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал әке мен шеше - баланың алғашқы тәрбиешілері.
Ата - аналар бала бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс .
Бала бақыты - білімде. Білім бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не жасаса да келістіріп жасайды , - дейді А. Байтұрсынов.
Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата - аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым ролін мойындай отырып бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір ұстаз ата - аналармен қарым - қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата - ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата - ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді.
Ата - аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты:
* Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту;
* Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту;
* Ата — аналармен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа алу;
Ал міндеттері:
* Бала өміріне қолдау жасау, келешекте өз жемісін береді.
* Қоғам тарапынан көрсетілген қолдау, ата - ананың өміріндегі тұрақтылық пен болашаққа деген сенімін нығайтады.
Қазіргі уақытта жұртшылықтың балаларды тәрбиелеуге қатысы кеңейе түсіп, тәрбие жұмысы еңбек ұжымының күнделікті ісіне айналуда тәрбиешілердің практикасында ата - аналармен және көпшілікпен бірігіп жұмыс істеудің әр түрлі формалары қалыптасып, жемісті түрде қолданылуда. Олар ата - аналармен жекелеп және ұжымдық жұмыстар жүргізді.
Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін сәтсіздіктер ата - аналардың пеадгогикалық сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті тәржірибенің жоқтығынан болады. Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата - аналарға көмектесу тәрбиешілердің міндеті .
Ата - аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады?
Ол үшін біз ата - аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі ролін анықтау үшін, ата - аналардың ұсыныс - пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға болады. Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата - аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата - аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата - аналардың ұсыныс - пікірлермен санаса отырып ата - аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, консультациялар, сұрақ - жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата - аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс - тәсілдері қарастырылады. М. Әуезов Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең алдымен әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек . өмірлік тәжірибе ұлы жазушымыздың сөзінің құдіреттілігін байқатады.
Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты күшейтіп, бағытты жұмыс жүргізу, ұйымдастырылатын мерекелік іс - шараларға, ата - аналар және топ жиналыстарына ата - аналарды тартудың қажеттілігі:
* Балаларда іс - әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады;
*Балалар маңызды жетістіктерге жете алады;
*Балалар еліктеудің жаңа үлгісін алады;
* Ересектер мұғалім жұмысымен жақын танысып, оны бағалай біледі;
* Ата – аналар және басқа да ересектер мектепке оқыту философиясымен және оқу жоспарларымен танысады;
* Ата – аналар және отбасы мүшелері өздерінің бала тәрбиелеуге, оқытуға қатысы бар екендігін сезінеді,
Топқа ата – аналарды тартудың қажеттілігі
* Балаларда іс — әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады
* балаларға маңызды жетістіктерге жете алады
* балаларға отбасы мен балабақша байланысын сезіну ұнайды
* тәрбиешіге балаларға жетекшілік жасау жеңілірек болады жекелеп оқыту мүмкіндігі туады
* ата - аналар және отбасы мүшелері өздерінің балаларының оқытуға қатысы бар екендігін сезінеді
* ата – аналар балабақшадағы оқыту - тәрбие жоспарларымен танысады
Ата – анамен жүргізілетін жұмыс
Жұмыс түрлері :
• топішілік ата - аналар жиналысы
• балабақшаішілік ата – аналар жиналысы
• ата – аналармен жеке кездесу
• ата – аналар үшін ашық есік күн
• мерекелік кештерге шақыру
• ата – аналарды тренинг ойындарға қатыстыру
• отбасылық жарыстарға қатыстыру
Негізгі міндеттері :
* тәрбиешінің топ ата - аналармен құрамын зерттеуі
* ата – аналармен тұрақты байланыс орнату
* ата – аналар ұжымын құру
* ата - аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру
* үштік одақ ( бала, ата – ана, тәрбиеші ) жұмысын жандандыру
Атқаратын қызметі :
* ата - аналарды топтағы оқу - тәрбие процесінің мазмұны және әдістемесімен таныстыру
* ата – аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру
* отбасы тәрбиесі туралы ата - аналарға педагогикалық және психологиялық кеңес беру
* ата - аналар белсенділерімен жұмыс жүргізу және әр түрлі қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуін қауымдастыру
Әдебиет
1. Эйдемиллер Э.Г.,Юстицкис В. Психология и психотерапия семьи. – СПб.: Питер, 2002.-656с.
2. Берн. Э. Игры, в которые играют люди: психология человеческих взаимоотношений.пер. с англ. А.Грузберга.- М.: Эксмо, 2007.- 567с.
3. Федотова А.Ю. Курс: психология семейных отношений.- М,2000.
4. Ильин Е.П. Психология общения и межличностных отношений. — СПб.: Питер, 2009. — 576
Тақырыбы: Ата-аналардың әр түрлі жас кезеңдерінің топтарымен жұмыс істеу ерекшеліктері
Жоспар:
1. Мектепке дейінгі балалық шақ ерекшеліктері
Мектепке дейінгі жастағы балалар үлкендермен қарым-қатынас жасауға өте ықыласты болады. Әртүрлi сұрақтар қойып, өздерi бiлетiн ертегiлердi бар ынтасымен айтып бередi. Танымдық қызығушылығы белсендi болады. Үлкендермен қарым-қатынас жасау қажеттiлiгi қанағаттанбаған кезде, олардың арасында эмоционалдық жатырқаушылық пайда болады. Төрт жасқа қарай бала құрдасын ортақ iс-әрекетке қатысушы есебiнде қабылдайды.
3-4 жасар баланың өзiн-өзi бағалауы өте жоғары деңгейде болады. Бұл — бiреу оның тұлғалық қасиеттерiн дұрыс бағаламаған кездегi өз-өзiн қорғаудың тұлғалық механизмi болып табылады.
3 жас пен 4 жас аралығында баланың сенсорлық үдерiсiнiң — сезiну мен қабылдау түрлерi қалыптасады. Фонематикалық есту, түстi ажырату, көз қырағылығы, заттардың пiшiнiн ажырату қабiлеттерi жетiле түседi.
Балалар заттарды ұстап көрiп танудан, көзбен көру арқылы тануға көшедi. Жаңа заттарды қарап, көзбен көрiп танудан сипап-сезу, есту, иiскеп көру арқылы қабылдауға ауысады.
Сөз — 3-4 жастағы балалардың сенсорлық үдерiстерiн дамытуда жетекшi орын алады. Балалардың сөздiк қорын заттардың сынын, бiр-бiрiмен қарым-қатынасын бiлдiретiн, мазмұнды қабылдауын қалыптастыратын жаңа сөздермен байытады.
3-4 жастан бастап баланың есi ерiксiз сипатта болады. Бала материалды өзi iс-әрекетке тiкелей қатысу арқылы есiне сақтайды. Бұл жастағы баланың ойлау қабiлетi сапалық өзгешелiгiмен ерекшеленедi. Оған қиял мен шындықты ажырату қиынға соғады. Ол — өзiмшiл. Оған анимастикалық түсiнiктер тән. Айнала қоршаған заттардың бәрiн өзiмен салыстырады, олар да өзi сияқты ойлауға және сезiнуге қабiлеттi деп ойлайды.
Нысандарды қарастыра отырып әдетте, ол заттың едәуiр ашық бөлiгiн ажыратады.
Мектепке дейiнгi кiшi жастағы балаларда кеңiстiк, уақыт, сан туралы қарапайым түсiнiктерi қалыптаса бастайды.
3-4 жасар балалар ауа райы құбылыстары мен оның салдары арасындағы қарапайым байланыстарды түсiне бастайды. Тек қана өзi ғана емес, басқа да тiршiлiк иелерi де тағам мен судағы қажеттiлiгi бар екенiн түсiнедi. 3-4 жасар балаларда құрастыру әрекетi әлi де ойынмен бiрге ұштаса отырып жүргiзiледi. Әр түрлi материалдарды қолдану барысында балалар олардың қасиеттерi мен құрастырудың ерекшелiктерiн танып-бiледi.
Бұл кезеңде балалар қарапайым қол еңбегi түрлерiнiң әдiстерiн меңгередi (бүктеу, умаждау, жырту және ұсақ-түйектердi қолдан жасау).
Төрт жасқа қарай балалар көркем шығарма мәтiнiн эмоционалды және тұтастай қабылдайды. Оның материалды қаншалықты түсiнгендiгi сөйлеу тiлiнде ғана емес, заттарды ажырату және ойын әрекеттерi үстiнде байқалады.
Бала үшiн бейнелеу өнерi — өзi жасаған бейнелер. Бұл бейнелер баланың өзi сияқты дербестiгiмен, ашықтығымен ерекшеленедi.
Мүсiндеу, жапсыру, сурет салу барысында сызықтар мен пiшiндер тiрiлiп, баланың көз алдында жағу, сызу арқылы бейнеге айналады. Бала сызықтарды, пiшiндердi, түстi дақтарды, жағуларды қолданып, қарапайым сюжеттердi бейнелей алады.
Бұл кезеңде көп балалардың музыкаға ықыласы жоғары деңгейде болғандықтан, музыка мәдениетiн меңгертуге өте қолайлы.
Мектепке дейiнгi кiшi жаста баланың моторлық қызметтерi қарқынды дамиды. Балалардың қозғалыс белсендiлiгi iс-әрекет дербестiгiнiң жоғары деңгейлiгiмен сипатталады.
3 жастан бастап нақты және саналы қызығушылығы бiлiне бастайды, бұл кезеңде бала өзiндiк еркi бар жеке адам екенiн түсiне бастайды. Ми қызметi мен психикалық қызметi қарқынды дамуын жалғастырады, мiнез-құлқында өзгерiстер пайда болады. Көркем шығармаларды қабылдауы мен музыкаға деген ықыласы артады. Бұл баланың қызығушылығы мен қабiлеттерiн анықтауға мүмкiндiк бередi. Көпшiлiкпен ойнайтын ойындарға қызығушылығы арта түседi.
Үш жасар бала — қажымас қайраткер, ол желiмдеуге, мүсiндеуге, сурет салуға дайын, бiрақ ұзақ әңгiмелер мен түсiндiрулердi қабылдай алмайды.
3-4 жасар баланың тұлғалық дамуының базистiк мазмұны өзiнiң көпқырлылығымен, әрдайым даму үстiнде және әр жас кезеңiнiң өзiндiк мазмұнының ерекшеленуiмен сипатталады.
3-4 жастағы балалардың тұлғалық, базистiк сипаттамасына құзыреттiлiк, эмоционалдылық, бастамашылдық, дербестiк жатады.
Құзыреттiлiк. Бала төрт жасында әлеуметтiк құзыреттiлiктiң белгiлi деңгейiне жетедi: басқа адамға қызығушылығын бiлдiредi, оған сенедi, үлкендермен және құрдастарымен өзара қарым-қатынас жасауға тырысады. Басқа адамдармен байланыс орнату үшiн қатынасудың тiлдiк және тiлдiк емес (көзқарастар, ым, ишара, мәнерлi қылықтар мен қозғалыстар) тәсiлдерiн қолданады. Өзiнiң қай жынысқа жататынын түсiнедi (Мен ұлмын, Мен қызбын).
Бiлiктiлiк құзыреттiлiгi баланың қоршаған әлемдi танып-бiлу мақсатында әртүрлi сұрақтар қойып, белсендi қызығушылық танытуынан көрiнедi. Ол әртүрлi тұрмыстық заттар мен ойыншықтарды ерекшелiктерiне (түсi, пiшiнi, көлемi, фактурасы, құрылымы), қызметiне қарай қолданып, байқайды. Сонымен қатар ауызша сипаттай алады (үлкен, әдемi, дөңгелек, т.б.).
Ана тiлiн меңгеру негiзгi грамматикалық санаттар мен сөйлеу тiлiн меңгеруiмен сипатталады.
Екiншi тiлдi меңгеру. Мектепке дейiнгi кiшi жастағы бала екiншi тiлдiң неге керек екендiгiн түсiнбейдi. Сондықтан оны меңгерудi алдына саналы түрде мақсат етiп қоймайды. Ол балалардың өзге тiлдi адамдармен қарым-қатынас жасау барысында қалыптасады.
Екiншi тiлдi меңгеру үдерiсi баланың үлкендермен және басқа балалармен қарым-қатынасындағы тұлғалық, танымдық, ойын iс-әрекетi қажеттiлiктерiн қанағаттандыру барысында құрылады. Осы мақсаттағы қарым-қатынас баланың тiлдiк ортаға тiкелей қатысуымен жүргiзiлуi керек. Бiрлескен iс-әрекет қуану, үлкендермен, құрдастарымен ынтымақтасу, олармен қарым-қатынасына қанағаттану негiзiнде қалыптасады.
Дене қызметiн дамытудағы 3-4 жастағы балалардың құзiреттiлiгi олардың өмiрлiк маңызды қозғалыс түрлерiн (жүру, жүгiру, өрмелеу), қарапайым гигиеналық және өз-өзiне қызмет көрсету дағдыларын меңгеруiмен анықталады.
Эмоционалдылығы. Балада үлкендермен эмоционалдық қарым-қатынас жасау қажеттiлiгi жоғары болады. Өзiнiң түрлi көңiл күйi мен сезiмiн (қуаныш, ренiш, қорқыныш, таңқалу, рақаттану, т.б.) ашық көрсетедi.
Бастамашылық баланың тiршiлiк әрекетiнiң барлық салаларында: қарым-қатынаста (үлкендерге бастамашылық қарым-қатынас: сұрақтар қою, өтiнiш жасау, т.б.), заттық-тәжiрибелiк әрекет (заттар мен материалдар: бояу, қағаз, ермексаз, конструкторлармен эксперимент жасау арқылы байқап көру), өз бетiнше құрастырған сюжеттi-бейнелеу ойындарында көрiнедi. Осы әрекеттер арқылы баланың шығармашылық қабiлетi дамиды.
Дербестiк — 3-4 жастағы балалардың маңызды ерекшелiгi (Мен өзiм, Қолымнан келедi). Олар барлық iс-әрекет түрлерiнде үлкендерге елiктеп, оларды қайталайды (өзi тамақтанады, киiнедi), мақсатты бiр iс-әрекетке қызығушылықпен кiрiседi (ыдыс жуады, кiр жуады, дүкеннен сатып алады және т.б.).
Үлкендер баланың белсендiлiгiн қолдап, ынталандырып отырумен қатар, әр кезде қауiпсiздiк ережелерiн сақтауы керек. Өйткенi бала айтылған ескертулердi ескере бермейдi, сондықтан үлкендер қауiптi жағдайлардың алдын алу шараларын ұмытпағаны жөн (зақым келтiретiн, жаралайтын, сынатын немесе кесетiн заттарды алып қою, шкафтардың есiктерiн жабу және т.с.с.).
Балалық баланың негізгі ӛмірлік мұқтаждарын (биологиялық, рухани, материалдық) қамтамасыз етуде ересектердің қатысу дәрежесімен; баланың ортаның жағымсыз әсеріне қарсы тұра алу мүмкіндіктер деңгейімен (ӛз бетімен немесе үлкендердің кӛмегімен) анықталады. Балалық кезеңдерінің педагогикалық сипаттамасы.
Мектепке дейінгі балалық. Бала негізгі ӛмірлік мұқтаждарын қамтамасыз етуде ересектердің кӛмегін қажет етеді, оның ортаның жағымсыз әсеріне қарсы тұра алу мүмкіндіктер деңгейі ӛте тӛмен.
Кіші мектептегі балалық. Баланың биологиялық, эмоционалдық, материалдық мұқтаждарын қанағаттандыруда отбасының ролі сақталады, бірақ әлеуметтік-танымдық мұқтаждарын мектеп қанағаттандырады. Ортаның жағымсыз әсеріне қарсы тұра алу қабілеті балада аздап ӛсті. Негізгі қорғау қызметтері отбасы мен мектепке жүктеледі.
Жеткіншектік балалық. Баланың биологиялық, эмоционалдық, материалдық мұқтаждарын қанағаттандыруда отбасының ролі белгілі бір мӛлшерде сақталады, әлеуметтік-танымдық мұқтаждарын қанағаттандыруда мектептің, құрбы-құрдастарының ролі жоғарлай түсті. Балада микро-, макроортаның жағымсыз әсеріне қарсы тұра алу қабілеті біршама ӛсті. Құқықтық жауапкершілігі қалыптаса бастады. Ересектердің, тәрбиелеуші ұжымның қорғау қызметі біршама тӛмендейді. Осы кезде, еркін қарым-қатынаста туындаған жағымсыз жаңдайдың ықпалы балада жоғары эмоционалдық қабылдауды қалыптастырады.
Үлкен балалық. Эмоционалдық, материалдық мұқтаждарын қанағаттандыруда отбасының ролі белгілі бір мӛлшерде сақталады. Оқушының әлеуметтік, танымдық мұқтаждарын қанағаттандыруда, оның ӛз білімін жетілдіру, ӛзін-ӛзі тәрбиелеуді ұштастыра білетін мұғалімдер маңызды роль атқарады. Кейбіреуі материалдық мұқтаждарын ӛз бетінше қанағаттандыруы мүмкін. Толық құқықтыққа ие (үйленуден басқа). Ересектер сияқты микро-, макроортаның жағымсыз әсеріне қарсы тұра алу қабілеті жоғарлады. Енді ересектер болашаққа әлеуметтік-кәсіби бағыт-бағдар беру қызметінмен айнасады.
Жас ерекшелігі педагогикасы оқу курсының құрлысы және мазмұны: баланың даму кездеріне байланысты психодене дамуының ерекшеліктері, психологиялық даму доминантары, іс-әрекеттің негізгі түрлері, негізгі педагогикалық ой, педагогикалық іс-әрекет технологиясы.
Психодене дамуының ерекшеліктері тұлғаның биологиялық жағынан қалыптасуын сипаттайды. Бұнда баланың дене сапасының, дара-психологиялық қасиеттерінің дамуына байланысты әртүлі іс-әрекетке қатысу мүмкіндіктері, оның қарым-қатынас, шығармашылық, мінез-құлқының әлеуметтік нормалар мен ережелерді сақтау, топтың, ұжымның шын мүшесі бола білу мүмкіндіктері туралы сӛз болады.
Психологияның ең негізгі міндеті тұлғаның ішкі әлемін тану деген қағиданы ескерсек, оның мәдениетпен және тарихпен тығыз байланысты екенін айтып кеткен жөн болар. Әлеуметтік дамыған тұлғаны тек қоғамда қабылданған нормаларды ұстанумен ғана емес, сонымен қоса белгілі бір топтарға, ұжымдық және қоғамдық құндылықтарға бағытталғанымен ерек-шеленеді. К. Юнг бойынша осы жас дағдарыс кезеңі. Шынайы өмірдің талаптарына жасөспірім бейімінің сай келмеуі орын алады.1920-шы жылы психолог Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша жасөспірім кезеңіне қатысты психологияда біршама жалпы теория қарастырылған. Бұл теориялар қазіргі заманда мәнді болып келеді. Кең түрде жасөспірім кезеңін 3 негізгі тұрғыда қарастыруға болады.1) Биогенетикалық биологиялық процес негізінде және дамудың басқа да процестері қарастырды.2) Социогенетикалық тұрғы тұл-ғаның өмір барысында алдына қойған мақсаты мен әлеуметтік процестеріне басты зейін аударуын бекітеді.3) Психологенетикалық — өзіндік даму негізіндегі психика процестерінің қызметтерін негіз етіп қою.Биологиялық теорияның өнімі американ психологы Ст. Холл ол даму психологиясының басты заңы (рекапитуляция заңы) деп қарастырды. Мұнда индивидуалды даму, финогендік басты сатысының қайталануы болып табылады.Биогенетикалық концепциясының неміс өкілдері “Конституционная психология” Э. Кречмер әртүрлі биологиялық фактор негізінде, тұлға типолониясының басты проблемасын жасады. Адамның физиологиясы мен дамуының арасында ерекше байланыс бар деді. Пайдаланған әдебиеттер:
1. Белкин А.С. Основы возрастной педагогики. - М.: Издательский центр
Академия, 2000. - 192 с.
2. Н.Айғабылов. Бастауыш класс оқушыларының ақыл - ой әрекеті белсенділігін арттыру. Алматы, Мектеп. – 1985, 20б.
3. А.В.Петровский. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. Алматы, Мектеп. – 1987. 125б.
4. Поливанова К.Н. Психологическое содержание подросткового возраста
Вопросы психологии, 1996. № 1 стр. 20-23.
5. Н.С.Ахтаева, А.І.Әбдіғапбарова, З.Н.Бекбаева. Әлеуметтік психология –
Алматы Қазақ университеті, 2007.
6. Кон И.С. Психология юношеского возраста – М., 1979.
7. Драгунова Т.В. Подросток М., 1976.
8. М.М.Мұқанов. Жас және педагогикалық психология. Алматы, КазПИ
баспасы. -1980. 29б.
Тақырыбы:Ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сауаттандырудың имперактивті әдістері
Мақсаты: Өскелең ұрпақтың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды тәрбиелеу процесінде отбасы мен мектептің ынтымақтастығы
1. Ата-аналардың функционалдық сауаттылығы
2. Отбасымен жүргізілетін жұмыстың дербес түрі
3. Функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы іс- әрекеттің негізгі басым бағыттары
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Өскелең ұрпақтың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды тәрбиелеу процесінде отбасы мен мектептің ынтымақтастығына үлкен рөл бөлінеді. Отбасы мектепке оқушылардың іс әрекетін ұйымдастыруында Білім туралы Заңды ойдағыдай жүзеге асыруына көмек көрсетеді. Алайда ата-аналардың педагогика негіздерін нашар білуі қазіргі кезеңде әлеуметтік тәрбиелеу мен мектепке бейімдеу ісіне кедергі келтіріп отыр. Сондықтан дәл қазір отбасы мен мектептің өзара әрекетін нығайту, бала тәрбиесіндегі әкелер мен аналардың жауапкершіліктерін арттыру қажет. Және бұл шараны мектеп ұйымдастыруы тиіс. Осыған орай бұл істі ұйымдастыруда мектеп мұғалімі, психологы, әлеуметтік педагог жұмысының маңызы артады, көптеген маңызды мәселелер мен сұрақтардың шешімі осыған байланысты.
Тікелей балалармен жұмыс жасайтын әлеуметтік педагог, өзінің кәсіби қызметіне орай, отбасын нығайту ісіне өзіндік үлесін қосуы керек. Мектепте отбасы мен сынып жетекшісінің бірлескен жұмысын ұйымдастыра отыра, ол соңғы нәтижеге – әр баланың барынша тұлға ретінде дамуын қамтамасыз етуге ұмтылады. Әлеуметтік педагог бүгінгі күні отбасын тұлғаның балалық шағындағы даму жағдаятын анықтайтын әлеуметтік орта ретінде қарастырады. Сонымен қатар, әлеуметтік педагог қазіргі кезеңде қандай да бір проблеманың мәнін белгілеуде, жөнсіздіктің себебін анықтауда қиындықтар көреді.
Сынып жетекшісі деген арнайы мамандық болмағандықтан, сыныпқа жетекшілік жасау міндетін оқу жүктемесі бар пән мұғалімдері атқарады, ал, кейбіреуі жарым-жартылай орындайтыны да жасырын емес. Сол себепті, әлеуметтік педагог мұғалім, отбасы мен баланың өзара әрекетін ұйымдастыру бойынша білім беру мекемелерінде ата аналардың тәрбие процесіндегі белсенділігін арттыруда қажет өзекті формалары мен әдістерін ашуда олармен жұмыс жүргізеді.
Сынып жетекшісінің міндеті − ата-аналарға көмектесу. Ата-аналар кез-келген сұрақтың жауабын білетін, өз тәрбиеленушілерін жақсы көретін, яғни мектеп оларға екінші үй болатындай барлық мүмкіндікті жасауға дайын сынып жетекшісін көргісі келеді.
Сынып жетекшісінің негізгі міндеттерінің бірі – отбасы мен мектепті біріктіруге күш салу, сыныптың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін шешу үшін олардың іс-әрекетін үйлестіру отбасы мен мектептің тығыз ынтымақтасу жолдарын анықтау, отбасы-мектеп бірыңғай тәрбие кеңістігін қалыптастыру болып табылады.
Ал ата-аналар – отбасында бала тәрбиесіне қажет қолайлы жағдай тудыру және отбасылық тәрбиеде қателікке жол бермеу үшін белгілі бір психологиялық-педагогикалық білімдерді, педагогикалық іс-әрекеттің практикалық дағдылары мен біліктерін толық көлемде меңгеру бойынша жұмыс жүргізеді.
Қойылған мақсатқа орай, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша мектеп және отбасының өзара әрекеттесу формасын анықтау міндетін шешу қажет.
Отбасымен, оқушылардың ата-аналарымен байланыс орнату – барлығының бастауы. Отбасына ену қажет қана емес, сонымен қатар, ата-аналардың барлық арман-тілегінің басты шарты – өз баласының тәлімгері бойынан ең алдымен, өзіндегі қымбатты сеніп тапсыруға болатын Адамды көргісі келетіні.
Педагогтардың ата-аналармен қатынасындағы қағидалар:
– ақыл үйретпей, кеңес беру керек. Бірлескен іс-әрекеттер туралы бірге ойласу, кеңесу;
– ата-аналармен қарым-қатынас жасай отыра, олар бізге қажет, біздің одақтасымыз, олардың көмегі мен кеңесіне мұқтаж екенімізді көрсету;
– ата-аналық сүйіспеншілік пен құрметке үндеу;
– балаларды сипаттай отыра, ең алдымен бала туралы жақсыны ғана айту қажет;
– ата-аналардың тұлғасына, олардың еңбектегі жетістіктеріне жоғары құрмет көрсету;
– ынтымақтастық, ортақ шығармашылық.
Мамандар баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы отбасымен іс-әрекеттің барлық түрлерін пайдалануды ұсынады. Педагогтар ата-аналарға іс-әрекеттің бірдей түрлерін күштеп ұсынбастан, негізінен, ата-аналарды шыдамдылықпен мектеп және сынып жұмыстарына қатыстыра отыра, олардың қажеттіліктеріне, сұраныстарына, отбасылық тәрбиенің ерекшеліктеріне бағдарлануы қажет. Отбасымен жұмыстың негізгі түрлері – дербес және топтық жұмыстар.
Отбасымен жүргізілетін жұмыстың дербес түрі.
Жұмыс жоспарына оқушылардың отбасына бару, ата-аналармен жүргізілетін жеке әңгімелер, оқушыларды дамытудың келешегі мен құралдарын бірге анықтау, педагогикалық консультациялар, дербес тапсырмалар кіргізіледі.
Ата-аналармен жүргізілетін дербес жұмыс отбасы мүшелерінің әрқайсымен тікелей қатынас орнатуға, бала тұлғасы дамуына ықпал ететін жолды іздестіруде үлкен түсіністікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Отбасымен жұмыстың топтық түрі.
Өзара іс-әрекеттің топтық түрін қолдана отыра, ата-аналардың жекелеген топтарын келесі белгілері бойынша саралауға болады:
ата-аналар активі (сыныптың, мектептің);
мүдделері бойынша ұйым жұмыстарының жетекшілері-ұйымдастырушылары (үйірме, секция жетекшілері);
мектепте, немесе сыныпта қандай да бір мәселені әзірлейтін және шешетін ата-аналар;
бала тәрбиесінде ұқсас проблемалары бар ата-аналар;
қыз (ұл) балалар тәрбиелеп отырған ата-аналар;
жалғыз (көп) бала тәрбиелеуші ата-аналар;
дамуы мен мінез-құлқында ауытқушылығы бар баланың ата-аналары.
Жақсы отбасы көрсеткішінің бірі – ондағы қолайлы ахуал болып табылады. Дегенмен, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жоғары сынып оқушылары арасында Біз өз балаларымызды білеміз бе? тақырыбында жүргізген сауалнама нәтижелері қуантарлық емес. Отбасында біз күн сайын отбасылық өмір мәселесі, мектептегі істеріміз, күнделікті оқиғалар туралы ой бөлісеміз бе? деген сауалға респонтенттердің 62% иә десе, 38% жоқ деп жауап берген. Каникул кезінде отбасымен бірге демаламыз ба? сауалына жоғары сынып оқушыларының 18% – иә десе, қалған 82% – жоқ деген және т.б.
Мектептің отбасымен өзара іс-әрекет формалары оқушылардың функционалдық сауаттылығын, бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту мен сауықтыру үшін қажет іс-әрекеттің оңтайлы түрлері мен әдістерін қалыптастыруда белгілі қызмет атқарады.
Бұл үшін отбасында бала тұлғасының қалыптасуына және дамуына кері әсер ететін әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық проблемаларды диагностикалау және анықтау қажет.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы іс- әрекеттің негізгі басым бағыттары: отбасына практикалық көмек және педагогикалық қолдау көрсету; ата-аналарды отбасы тәрбиесі мәселесі бойынша оқыту, бала тәрбиесіндегі оң тәжірибемен таныстыру; отбасындағы сәтсіздіктің себептерін, отбасындағы балаға деген қарым-қатынасты зерттеу; қамқоршы, қабылдайтын отбасыларын және т.б. құру бойынша ақпарат тарату, көмек көрсету.
Бұл үшін қажет:
Тиімді технологиялар: балалар мен ата-аналардың тұтынушылық- құндылық аясы туралы деректер банкін құру, топтық кеңестер жүйесі, мақсатты конференциялар, іскерлік ойындар, баспасөз-конференциялары, бейнежазбалар талдауы, отбасыішілік қатынасты ұйымдастыру.
Ерекше жағдайлар мен ерекшеліктер: ата-аналардың, мектепке дейінгі мекемелерінің тәрбиешілері, әлеуметтік педагогтары, практикалық психологтары, мектеп және басқа оқу орындары педагогтарының, қоғамдық-мемлекеттік мекемелері мен социум қызметінің күшін біріктіру. Аса маңызды мәселе – мектеп және отбасы тәрбиесін, білім алушылар тәрбиелілігін және функционалдық сауаттылығын диагностикалау. Бұл мәселелер бойынша диагностика бірнеше қызмет атқарады:
белгілеуші (ақпараттық);
болжамдаушы (мектеп-отбасы өзара әрекеттесуінің дамуын болжау);
құндылыққа-бағдарланған (бағалаушы);
дамытушы (тәрбиелік).
Диагностика нәтижелеріне дұрыс талдау жасау маңызды. Оларды белгілеу формаларына: кестелер, диаграммалар құрастыру; сипаттамалар құрастыру; диагностикалық карталар, күнделіктер жүргізу жатады.
Еліміздің білім беру ұйымдарында өскелең ұрпақтың сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасы өзара іс-әрекеттерінің тиімді де нәтижелі сан қырлы түрлері қолданылады.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектептің отбасымен өзара іс-әрекеттерінің түрлері:
Ата-аналар жиналысы. Бірлескен әрекеттерді, педагогикалық көзқарастарды келісу, проблемалар туралы бірін бірі хабардар ету, қол жеткізген нәтижелерді талдау.
Педагогикалық практикум. Шынайы тәрбие жағдаяттары арқылы ата-аналар мен педагогтардың тәжірибелерін пайымдау, тәрбие әрекетіндегі олардың білім, біліктерін келісу.
Отбасыларына бару. Отбасы рейдін ұйымдастыру. Баланы және ата-ананы отбасы жағдайында зерттеу, отбасы ахуалымен танысу. Қажет болған жағдайда құзыретті мекемелерге ақпарат жеткізу (ата-аналар комитетіне, құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесіне, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиясына, немесе инспекциясына).
Психологиялық-педагогикалық кеңестер. Отбасыларға проблемалық жағдаяттан шығар жол іздеуде көмек көрсету, ата-аналардың психологиялық мәдениетін көтеру, жауапкершілігін арттыру және оның әлемді шығармашылықпен меңгеруге даярлығын қалыптастыру. Сенім телефоны қызметі. Телефон арқылы шұғыл, кәсіби, құпия көмек. Абоненттерге дағдарыс жағдайынан шығуы үшін шығармашылық, тұлғалық, рухани және дене бітімі жағынан дамытудағы көмек.
Психологиялық-педагогикалық консилиум. Бала дамуы, оның мінез-құлқын түзету проблемаларын шешу бағдарламасын әзірлеуде ұсыныстар, көзқарастар мен іс-әрекеттерді келісу мақсатында бала тұлғасының ерекшеліктерін бірлесе отырып талқылау.
Баспасөз конференциясы. Сұрақ-жауап түріндегі қатынас, ата-аналар және педагогтардың психологпен, әлеуметтік педагогпен, құқық қорғау және әділет органдары өкілдерімен кездесуі.
Дөңгелек үстел. Өзара түсіністікке, бір немесе бірнеше проблема бойынша педагогикалық келісімге қол жеткізу (қатынастың дискуссиялық түрі).
Тәжірибе алмасу. Нақты тәрбие мәселесін талқылау.
Клубтың отырысы. Психологиялық-педагогикалық ағарту, ата-аналардың демалысын ұйымдастыру.
Педагогикалық ринг. Педагогтар мен ата-аналардың зияткерлік, педагогикалық шеберлігі мен білігін көтеру.
Ата-аналар лекторийлері. Ата-аналардың психологиялық- педагогикалық, функционалдық, құқықтық және т.б. сауатын көтеру.
Ата-аналар хабаршысы. Мектеп оқушыларының даму, оқу, отбасы тәрбиесі мәселелерін баяндау.
Ашық есік күні. Танысу, тәжірибе алмасу, ата-аналарды мектептегі оқу- тәрбие процесіне қатыстыру.
Кіші педагогикалық кеңес. Мектептің өзекті мәселелерін шешу ісіне ата-аналар жұртшылығын тарту.
Ата-аналар комитеті. Ата-аналарды мектептің оқу-тәрбие, мәдени-көпшілік және шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру проблемасын шешуге қатыстыру.
Мектеп кеңесі. Жұртшылықтың, ата-ана, педагогтік және білім алушылар ұжымдарының мектепті басқару, мектептің тиімді жұмыс жасауы мен дамуы үшін қажет көмек көрсету, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде мемлекет және қоғам қойған маңызды талаптарды жүзеге асыру ісіне қатысуы.
Бірлескен мәдени-көпшілік шаралар. Бірлескен мәдени демалыс ұйымдастыру, саяхат–ойын, мектептік туристік слет және т.б. өткізу.
Ата-аналар конференциясымен толық оқу жылына сайланған білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі, ата-аналар комитеті және әкелер кеңесімен өзара іс-әрекет жұмыстың ерекше де басты түрі болып табылады.
Ата-аналар активі – бұл педагогтардың тірегі, өзара дұрыс іс-әрекетте олардың ойының жолбасшысы болады.
Жұмыстың топтық түрінен біз ең тиімдісі деп ата-аналар жиналысын атай аламыз. Әр ата-аналар жиналысы мұқият дайындалады, ол қызықты да, ата-аналардың белсенді қатысуы жағдайында өтуі үшін арнайы сценарий әзірленеді.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектептің отбасымен өзара іс-әрекеттерінің жоғарыда аталған түрлері:
педагогтарға, оқушылар мен ата-аналарға бірін бірі жақсы білуіне;
– отбасылардың бала тәрбиелеудегі мүмкіндіктерін анықтауға;
педагогтық ұжым мен ата-аналардың өзара іс-әрекетінің міндеттерін анықтауға;
ата-аналардың педагогикалық көзқарастарын түзуге;
ата-аналардың педагогикалық оқытуын ұйымдастыруға;
оқушылардың ата-аналарын оқыту-тәрбиелеу процесіне қатыстыруға;
мектептегі өзін-өзі басқару органдарының жұмысына оқушылардың ата-аналарын қатыстыруға;
оқушылардың сапалы білімін қамтамасыз етуде, балалардың саналы түрде кәсіп таңдауында кәсіби мүддемен даярлығын дамытуда, адамгершілік және мәдени мінез-құлқын, салауатты өмір салты қажеттілігін тәрбиелеуде, мектеп оқушыларын отбасылық өмірге дайындауда педагогтар мен ата- аналардың бірдей көзқарасын қалыптастыруда;
оқушыларды тәрбиелеу процесінде, біртұтас педагогикалық көзқарас негізінде мектеп және отбасының өзара іс-әрекетін ұйымдастыруда педагогтар мен ата-аналардың шынайы ынтымақтастығын құруға көмектеседі.
Еліміздің көптеген мектептерінде тәрбиенің әлеуметтік институты ретінде отбасымен өзара әрекеттесудің формалары және әдістерінің жүйесі қалыптасқан. Тақырыптық ата-аналар жиналысы, ата-аналар комитетінің мәжілістері, ата-аналар университеттері, ата-аналармен мақсатты кездесулер, Сенім телефоны қызметінің жұмысы, ата-аналар үшін психологиялық-педагогикалық кеңестер олардың психологиялық-педагогикалық, функционалдық және құқықтық сауаттылығын арттырады.
Әдебиеттер :
1. Глебова С.В. Детский сад – семья: аспекты взаимодействия. – Воронеж, 2005
2. Зверева О.Л. Кротова Т.В. Общение педагога с родителями в ДОУ. – М., 2005
3. Козлова А.В., Дешеулина Р.П. Работа ДОУ с семьей. – М., 2004
4. Белая К.Ю. Методическая работа в ДОУ. – М., 2006
Тақырыбы: МДҰ мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастағы қиындықтар.
Мақсаты: Балабақшадағы ата-аналармен қарым-қатынас қиындықтарын таба білу
Жоспар:
1. МДҰ мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастағы қиындықтар.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Көптеген жылдар бойы мемлекет өндірістік және қоғамдық жұмыстарды алға қойып соның нәтижесінде ата-аналарды өз балаларының тәрбиесінен алшақтатқанмен қатар, өз балаларына деген жауапкершілікті алып, бала тәрбиесін қоғамға жүктеді. Мен жұмыстамын, баланың тәрбиесімен айналысуға менде уақыт та, арнайы білім де жоқ , - бұл ойды бүгін де естуге болады.
1. Материалды және жанға қатысты сұрақтардың арасындағы шешімі әлі табылмаған қайшылықтар, сонымен қатар отбасылық және өндірістік жауапкершіліктердің арасында әйелдер ананың беделін түсіреді, ал әке болу, әлеуметтенудің маңызды институты ретінде құрып кетті.
2. Тәрбиешіге деген сенім жоқ, ата-аналарға балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту ұнамайды, және балабақшадан соң балаларын гимназияларға, лицейлерге, авторлық мектептерге береді, соның өзінде балалар да, ата-аналар да ешқандай тілексіз балабақшаға барады.
3. Балабақшалар әлі күнге жабық мекеме болып қалуда, ата-аналар нашар немесе мүлде тәрбиелеу, оқыту құрылымын түсінеді, сондықтан олар тәрбиешілерге кеңес беруге, көмектесуге қырлары жоқ. Бұл ата-аналар-сырттан бақылаушылар.
4. Ата-аналардың кейбір бөлігін сырттан бақылау ролі ұнатпайды. Олар МДМ-нің дамуына үлес қосады, өз ұсынытарын,тілектерін, талаптарын алға тартады, нәтижесінде әлеуметтік тапсырыс құрады. Бірақ бұл жерде де проблеме пайда болады: Мұндай әлеуметтік тапсырыс музыка, би, шет тілдеріннен алшақ; ол көбіне сәнге жақын. Тәрбиеші шын мәніндегі әлеуметтік тапсырысты құруға көмек бере алады.
5. Ата-аналар мен педагогтар өздерін бір ойлы әріптестерміз деп сезінбейді, көбіне олар әрқашан бір-бірін түсінбейтін оппоненттар.
Әдебиеттер :
1. Глебова С.В. Детский сад – семья: аспекты взаимодействия. – Воронеж, 2005
2. Зверева О.Л. Кротова Т.В. Общение педагога с родителями в ДОУ. – М., 2005
3. Козлова А.В., Дешеулина Р.П. Работа ДОУ с семьей. – М., 2004
4. Белая К.Ю. Методическая работа в ДОУ. – М., 2006
Тақырыбы: Ата-аналармен жұмыста анкетлеуді қолдану
Мақсаты: МДМ-дегі ата-аналар сауалнама өткізу туралы түсінік қалыптастыру. Ата-аналармен жұмыс істеудің ерекшеліктерін ашу.
Жоспары:
1. Анкеталық әдіс түсінігі
2. Анкеталық әдіс түрлері
3. Ата-аналар жүргізілетін сауалнамалар
Дәрістің қысқаша жоспары:Анкеталық әдіс- қоғамдық тұрмыс пен әлеуметтік жағдайды зерттеудің нақтылы социологиялык эдісінін бірі. Анкеталық әдіс көпшіліктің белгілі бір мәселеге қатысын немесе пікірін анықтау үшін қолданылады.
Анкеталық әдістің екі түрі бар: 1) интервью-анкета (анкеталарды белгілі бір адам арқылы таратып, ондағы сұрақтарға жауап алу); 2) сырттай сұрастыру (сұраққа жауап берушілер анкеталарды интервью алушылардың қатысуынсыз толтырады).
Анкеталық қолдануда сұрақ қоюдың бірнеше түрі болады. 1) Дихотомиялық сұрақ (жауап берушілерден "ия", "солай", "жоқ", "олай емес" т.б. сөздердің астын сызу немесе тұсына белгі қою арқылы өзінің пікірін білдіру талап етіледі). 2) Жабық анкета (сұраққа беретін жауаптардың бірнеше нұсқалары тізіледі де, жауап беруші солардың бірін белгілеу арқылы өз пікірін білдіреді). 3) Ашық анкета (жауаптын мазмұнына ешбір шек қойылмайды) - неғұрлым мазмұнды, толық мәлімет алудын тиімді жолы.
Анкеталық әдіс қолданылғанда жауап берушілердің аты-жөніне ерекше мән беріледі. Егер бұл шарт дұрыс орындалса, зерттеуде қажетті мәліметтің алынуы қамтамасыз етіледі. Анкеталық әдіс арқылы жиналған мағлұматтарды талдау кезінде алынған мәліметтердіңобъективтік шындыққа сәйкестігіне көп мән беріледі. Сондықтан зерттеуге тиісті әлеуметтік топтардың бір типті болуын мұқият қадағалаған жөн. Ол үшін анкеталарды таратпастан бүрын зерттелетін объектінің (әлеуметтік топ, ұжым т.б.) белгілі бір қоғам құрамындағы алатын орнын анықтау қажет және сұрақтардың қисынды болуы, соңғы сұрақтар алдыңғы сұрақтармен ұштасып, объектінің мәнін тереңірек қамтуы тиіс.
Нақтылы социологиялық зерттеулерді жүргізгенде, анкеталарды қанша адамға тарату керек екендігі, зерттеудің мақсаты мен міндетіне қарай адамдарды сұрыптау, олардың білім дәрежесін, әлеуметтік күйін т.б. жағдайларын алдын ала анықтау, осыған байланысты анкеталар таратылатын адамдарды топтарға бөлу мәселелерін ғылыми тұрғыдан шешу қажет.
Анкеталық әдіс қолданылғанда,синтетик, (жинақтау),демограф, (халық құрамын зерттеу) әдістер қажетіне қарай пайдаланылады. Ғылыми зерттеу практикасында анкеталық әдіс дербес қолданылмайды. Бүл әдіс нақтылы социолог, зерттеулердің басқа әдістерімен тығыз байланысты болғандықтан, соларды бірге пайдаланудың нәтижесінде ғана объектінің жан-жақты зерттелуі қамтамасыз етіледі.
Анкеталық әдіс -психологияда адамның психикалык ерекшеліктерін зерттеуде пайдаланылатын әдістердің бірі. Мұнда кісі бұрын жазылып қойылған сұрақтарға жазбаша, кейде ауызекі жауап қайырады. Осы әдіспен әртүрлі таптың, ұжымның психикалық өзгешеліктері (талап, тілегі, қызығуы, талғамы т.б.) зерттеледі. Мысалы студенттердің қандай кітаптарды құмартып оқитындығын, олардың сүйікті жазушылары мен артистері кім екендігін т.б. осы тәріздес мәселелерді Анкеталық әдіспен анықтауға болады. Ондағы сұрақтар шұбалаңқы келмей, қысқа, түсінікті тұжырымдалып жалпы саны 5-8-ден аспауы тиіс.
Оқушылардың тәрбиелілігін және функционалдық сауаттылығын диагностикалау әдістері: бақылау; сауалнама жүргізу; тест өткізу; тәрбиеленушімен әңгіме; педагогтармен әңгіме; ата-аналармен әңгіме; қызмет нәтижелері мен өнімдерін талдау; социометриялық әдістер; аяқталмаған тезис; педагогикалық консилиум.
Мысалы, балалардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында ата-аналардың осы мәселе бойынша сұраныстары мен қажеттіліктерін зерттеу үшін сауалнама жүргізіп, қойылған сұрақтар бойынша талдау жасауға болады:
1. Сіз заманауи білім берудегі маңызды міндеттердің бірі – функционалдық сауаттылықты қалыптастыру екенін білесіз бе?
2. Сіздің балаңыз қосымша білім беру мекемелеріне, музыка мектебіне, спорттық-сауықтыру мекемелеріне барады ма?
3. Сіздің балаңызды не қызықтырады? Оның қызығушылығы тұрақты ма?
4. Сіз балаңыздың ерекше қабілеттері бар деп ойлайсыз ба?
5. Сіз мектепте қосымша (ақылы) қандай қызмет алғыңыз келеді (екінші шетел тілін оқыту, пәндерді тереңдете оқыту, жаңа пәндерді (курсты) оқыту)?
6. Сіз білім беру процесін ұйымдастыру туралы қандай қосымша ақпарат алғыңыз келеді (мектеп әкімшілігінен, мұғалімнен, педагог-психологтан, әлеуметтік педагогтан, медицина қызметкерінен)?
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру процесінде педагогтардың кәсіби қиындықтарын анықтау үшін сауалнама:
1. Сіз жаңа буын стандарттары туралы жеткілікті дәрежеде хабардарсыз ба?
2. Сіз оқытуда жүйелік-іс-әрекеттік тұрғыдан жүзеге асыру біліктерін пайдалана білесіз бе?
3. Сіз білім алушылардың өзіндік шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру әдіснамасын меңгеруде қиналасыз ба?
4. Сіз басқа мұғалімдердің шығармашылық іс-әрекетін жинақтауға және пайдалануға қабілеттісіз бе?
5. Функционалдық сауаттылық деңгейін арттыру үшін Сізде өз кәсіби деңгейіңізді көтеру қажеттілігі бар ма?
6. Сіз педагогикалық қызметте стереотиптерден бас тартуға және вариативтілікті қолдануға қабілеттісіз бе?
7. Сіз оқыту әдістерін таңдауда және оқыту әдістерін, тәсілдері мен түрлерін үйлестіруде қиналасыз ба?
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекеті түрлері туралы талдау жүргізуде қолдануға болатын сауалнамалар үлгісі А және Ә қосымшаларында берілген.
Әдебиеттер :
1. Глебова С.В. Детский сад – семья: аспекты взаимодействия. – Воронеж, 2005
2. Зверева О.Л. Кротова Т.В. Общение педагога с родителями в ДОУ. – М., 2005
3. Козлова А.В., Дешеулина Р.П. Работа ДОУ с семьей. – М., 2004
4. Белая К.Ю. Методическая работа в ДОУ. – М., 2006
Тақырыбы: Отбасылық клубтарды ұйымдастыру арқылы ата аналарды балабақшаның өміріне араластару.
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Балалардың мінез - құлқы, бейімі, қызығушылығы, мүмкіндігін т. б. тереңірек зерттеу. Ата - ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету.
Заманымыздың белгілі жаңашыл ұстазы-Ш.Амонашвили Воспитание детей нужно начинать с воспитания родителей деген. Ол бұл ойға өзінің ұстаздық қызметінен жинақтау нәтижесінде келгені сөзсіз. Олай болса, тәрбие ісінде ата-ананың алар орны, беделі жоғары болуы керек.
Өйткені, отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы-ата-анасы және тәбиешісі.
Отбасындағы ата-анаға өздері өмірге әкелген баласы үшін қаншалықты жауапкершілік жүктелетіндігі елімізде заң жүзінде қарастырылған. Қазақстан республикасының 27-бабында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында, балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу-ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы -деп көрсетілген.
Демек, баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Туындаған тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық мектеп пен ата-ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Өйткені, баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына ұстазға, ата-анаға, құрбы-құрдастарына, олардың күнделікті іс-әрекетіне, жүріс-тұрысына, сырт көрінісіне, сөйлеген сөзіне, әдептілік т.б. қасиеттеріне байланысты. Жан-Жак Руссо Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді деген екен. Бұдан шығатын түйін, бала тәрбиесіне ең алдымен оның ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ойы, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек.
Бала – ата-ананың ғана емес, ұлыс пен ұлттың ертеңгісі, келер тахқа аманат. Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл- парасатты, ой-өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу қоғамымыздың ең өзекті мәселесі.
Балабақша пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда тәрбиеші негізгі рөл атқарады. Отбасымен жүргізілетін жұмыстарды қазіргі уақыт талабына сай етіп ұйымдастыру тәрбиешінің маңызды міндеттерінің бірі.
Жас ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы.Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс құбылыс емес, ол қоғамның заманның бағыт-бағдарымен,тыныс-тіршілігімен жүріп отырады.Ұлттық тәрбиенің негізі балаға ана тілімен ана сүтімен, бесік жырының әлдиімен беріледі.Ал балабақшада балаға әр бүлдіршіннің тілге, ілім, білімге деген жеке дара бейімділігімен қызығушылығын дамыта отырып,ойлау қабілеттері мен танымдық қабілеттіліктеріне қалыптастырады. Балабақша мен ата-ана ынтымақтастығы бірін-бірі қос өзеннің сағасындай толықтырады десек те болады.
Ата-ана сұранысымен талап-тілектерін қанағаттандыра отырып, біліммен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізінде жұмыс жасау керек.
Жас бала дегеніңіз ол-ұрығын жарып жаңа көктеп келе жатқан жас шыбық іспетті де,ал тәрбиеші болсажаңадан көктеп келе жатқан нәзік шыбықты күтуші бағбан іспетті.Бала тәрбиесі отбасынан басталып, балабақшадан жалғасын табады.Халықта Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады,ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың деп бекер айтылмаған. Сондықтан бала бойынан жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық,яғни адамгершілік құнды қасиеттеді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікте тәрбиелеуде отбасы мен балабақша шешуші ролъ атқарады.
Ұлтымыздың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты екендігі шындық,
Балабақшаның ата-аналармен жұмысын ұйымдастыру нысандары әртүрлі болуы мүмкін,Жұмыстың бұл нысандары мен әдістерінің барлығы педагогтық тұрғыдан негізделгендігі және ынтымақтастық пен өзара іс-әрекеттің біртұтас жүйесінде бірін-бірі толықтырып отыруы қажет.Барлық типтегі балабақшалардағы ата-аналармен жұмыстың кең тараған түрлері жиналыстар, конференциялар, біріккен шаралар, отбасылық кеш, сайыс тағы басқалар.
Балабақша мен ата-аналардың бүлдіршіндердің бойында елжандылық,Отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудағы ынтымақтастығын нығайту мақсатында жүргізілетін жұмыстарды мен мына бағытта қойдым.
1.Әкімшілік-ұйымдастыру жұмыстары
2.Психологиялық педогогикалық кеңес беру жұмыстары
3.Ақпараттық әдістемелік жұмыс
4.Диогностикалық талдау
Әкімшілік ұйымдастыру жұмыстары балабақшаның және топ тәрбиешісінің, ата-аналар кеңестерінің іс-әрекетін ұйымдастыру ата-аналар қаулысын балабақшаның жұмысшы ұйымдарына тарту және іс-әрекетке бағыттау. Бұл балабақша өмірін жандандыра дамыта түсетіні анық, ол іс-шараларды тәрбиенің мына қырларынан көруге болады.
1.Салауатты өмір салтын қалыптастыру
2.Әкелер мектебі
3.Аналар мектебі
4.Әжелер мектебі
Өзімнің іс тәжірибеме бала тәрбиесіне әкелерді жұмылдыру.Оларды балабақша бағдарламасына тарту үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді және көп жағдайда балабақшаның ішкі жұмыстарына әкелерді тарту қиындау. Осы мақсатты жүзеге асыру мақсатында әкелер клубының үйірмесінің жұмыс жоспарын құрдым.
Негізгі міндеттері.
1.Тәрбиешінің топ ата-аналарымен құрамын зерттеу.
2.Ата-анамен тұрақты байланысып отыру.
3.Әкелер клубының құрамын құру .
4.Ата-аналармен педогогиалық білім дәрежесі мен мәдіниетін үнемі арттырып отыру.
5.Үштік Одақ(бала,әке,ата).Тәрбиеші жұмысын жандандыру.
Атқарылатын қызметі.
Ата-аналарды топтағы оқу -тәрбие процесінің мазмұны мен әдістемесімен таныстыру. Отбасы тәрбиесі туралыы ата-анаға педагогикалық және психологиялық кеңес беру.
Психологиялық педагогикалық кеңес беру жұмысы.
Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық білім жүйесін меңгеруіне, балалардың әлеуметтік ортадағы мінез- құлқын білуіне қарай ағартушылық көмек көрсету.
Олар:
*Лекциялар мен әңгімелер.
* Жеке кездесу.
*Психологиялық тест.
Ақпараттық әдістемелік жұмыс.
Ата-аналарға тәрбие мәселелері бойынша әдістемелік көмек беру. Ақпарат құралдарына балабақша өмірі, отбасы тәрбиесі мәселеріне байланысты мақалаларды жариялау, ата-аналар қауымына арналған ақпараттық және әдістемелік жарнамалар шығару.
1.Ата-аналарға арналған қабырға газетін шығару.
2.Маман дәрігерлермен кездесу.
3.Балалардың(ашық есік күні) сабақтарына қатысу.
Диагностикалық талдау жұмыстары.
Ата-аналармен өзара іс-әрекеттің ең қызықты әрі жауапты бағыты. Тәрбиеші өз тобының ата-аналармен жан жақты зерттеп, олардың педогогикалық білім дәрижелерін, отбасындағы қарым-қатынас деңгейін анықтау арқылы жыл бойы атқарылуға тиісті жұмысты тиімді жоспарлауға мүмкіншілік береді.
Диагностикалық зерттеулер:
*Топқа көмегі.
*Өз баласына ықпалы.
*Ата-аналарды топтау.
*Балабақшадағы оқу тәрбие процесіне көзқарасы.
Осы іске асырған жағдайда ата-аналармен балабақшадағы тәрбиеленушілердің арасындағы ынтымақтастық нығая түседі.
Бұқаралық мәдени жұмыс.
Ата-аналарды балабақша ішілік, топтың дәстүрлі іс-шараларына барынша көбіріек қатыстыруға бағытталу керек.Ата-ананы ынтымақтастық, серіктестікке шақыра отырып, балабақшадағы әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыруда ата-аналарды тарту. Бұл шарада біздің балабақшда өз орнын тпаты деп есептеймін.Әр мерекелік ертеңгіліктерге ата-аналар көріністерді, образдарды балалармен бірге отырып, сақыналап көрсетеді. Мысалы ретінде Наурыз мерекесін тойлау кезінде, әжелер наурыз көже дайындап,балалармен, тәрбиешілермен мерекені тойлауы баларға үлкен әсер етті.Баланың бойында адамгершілік,елжандылық қасиеттерді қалыпқастыруда ата-анар мен ынтымақтастыққа өткізілетін жұмыс түрлерінен әкелер мектебі мен аналар мектебі жанұя мүшелерінің жетістіктерін мақтаныш етеді.
Мен және менің жанұям көрмесін,Респуплика күніне орай ата-аналардың қатысуымен өткізілген Достық жәрменкесі, Өнерлі отбасы байқауы,әртүрлі спорттық жарыстар Спортпен достасқаның,күшіңе күш ұқосқаның, Әке шеше және мен тағы басқа мерекелерді аиап айтуға болады. Өнеге отбасымен балабақшадан атты іс-шарадан ата-ана, бала, тәрбиеші арасындағы үштұғырлықты бекіту мақсатында өткізіліп, ата-ана мен балабақша ынтымақтастыған нығайта түстік.Көркейту—көгалдандыру айлығында әкелермен бірге Әр сәбиге бір ағаш атты акция өткізілді.
Ата-ана жұмысын бұлайша ұйымдастырудан біз қандай нәтиже алдық.
1.Ата-ана өзін мазалап жүрген сұрақтарына тәрбиішімен бірге жауап таба білді.
2.Жаттанды білім алу мен бірлесе оқудың айырмашылығын білді.
3.Психологиялық ерекшеліктерді,қабілеттері әртүрлі болатыны туралы білді.
4.Балабақшада педагогикалық сенім күшейді.
5.Тікелей балабақша жұмысына араласуы арқалы ата-ананың педагогикалық-психологиялық тақырыпқа қызығушылығы оянды.Ата-анармен жұмыстың балабақшада маңыздылығы неде?
6.Оқу тәрбие жұмысын ата-анамен бірлескен әрккетінің негізінде құрыды әлде де одан әрі дамыту.
7.Ата-ананың бала тәрбиесіндегі белсенділігін арттыру.
8.Ата-ананы бала психологиясының ерекшелігіне, көңіл-күйіне мен беруге бағыттау.
Балаларды тәрбиелей отырып, қазіргі ата-аналар,тәрбиешілер еліміздің болашақ тарихын, демек дүниенің тарихын естен шығрмау керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
6. Козлова А.В., Дешеулина Р.П. Работа ДОУ с семьей. – М., 2004
7. Белая К.Ю. Методическая работа в ДОУ. – М., 2006
8. Давыдова О.И., Богославец Л.Г., Майер А.А. Работа с родителями в ДОУ. – М., 2005, стр. 76.
9. Микляева Н.В. Создание условий эффективного взаимодействия с семьей. М.,2006
10. Фалькович Т.А., Толстоухова Н.С., Обухова Л.А. Нетрадиционные формы работы с родителями. – М., 2005
Тақырып: Консультация – МДМ-дегі ата-аналармен жұмыстың бір формасы ретінде.
Мақсаты: Балабақшада ата- аналарға баланың жеке дамуына ерекшеліктері мен түрлі мәселелері бойынша сұрақтарын тыңдап консултация жүргізу, психолог мамандармен қарым-қатынас орнату және ата-анамен балабақша арасында байланыс орнату.
Кеңес беру әлеуметтік жұмыстардың маңызды әдісі мен технологиясы болып табылады.
Кеңес беру – бұл іс барысында маманның өтініш жасаған адамға пайда болған мәселелердің мәнін түсіндіріп және ұғындыратын, сондай-ақ оны шешу үшін қолдануға болатын түрлі амалдарды ұсынатын әлеуметтік жұмыс түрі. Әлеуметтік міндеттерді шешудің технологиялық әдістері ретіндегі кеңес беру – бұл азаматтардың, жеке адамдардың, отбасылардың, топтардың, қауымның қажетті бір ақпаратты анықтау мақсатын және оны қамтамасыз етудегі көмек көрсетудің баламалы түрлерін нұсқаумен ақыл-кеңес беру арқылы әлеуметтік қызметте жиі пайдаланылатын шара.
ХХІ ғасырдың соңғы тоқсанында түрлі психикалық бұзылыстардың "отбасылық диагностикасы” мен "отбасылық емдеу” туралы оқу пайда болды. Ресейдегі әлемде алғаш отбасы терапиясын нағыз негізін салушы И.В.Маляревский болып есептеледі, ол 1882 жылы Санкт-Петербургте психикалық ауру балалар мен жасөспірімдер үшін дәрігерлік –тәрбиелік мекеменің қалаған, оның қызметкерлері психикалық аурулардың отбасындағы өзара қатынасты анықтау мен есі ауысқандардың сол немесе басқа көріністердің қалыптасуында дисгормониялық тәрбмелеудің роліне көп көңіл бөлген. Ауру балалардың туысқандары мен қазіргі отбасы терапиясының бейнесі болып таблатын "отбасылық тәрбиелеу” өткізіледі. Екінші әлемдік соғыс аяқталғаннан кейін 20 ғасырдың 40 жылдарынан бастап, отбасылық терапияға деген қажеттілік өсті. Қазіргі уақытта отбасы терапияда бірнеше бағыттарды бөледі: психодинамикалық, жүйелік және бағдарламалық, сонымен қатарэклетикалық. "Кішкентай Ганс” оқиғасынан Фрейд талдауынан туындаған психодинамикалық бағыт тарихи бірінші болды. Сол кезде психодинамикалық ыңғайдың негізгі белгілерін әсіресе отбасы мүшелерінің тарихи өткенін олардың ұғынбаған (жете түсінбеген) тілектерін, психологиялық мәселелері мен өзара проекцияларын талдап қисынға келді. Психотерапияның тапсырмалары (міндеттері) – инсайтқа жету, яғни өткен өмірдегі шешілмеген мәселелердің қазіргі уақытта отбасындағы өзара қатынасқа қалай әсер ететіндігін, мұндай бұзылған қарым-қатынастың контекстен невротикалық белгілер мен оның кейбір мүшелерінің өмірге бейімделуінің конструктивті емес тәсілдері қалай пайда болғандығын саналы меңгеру.
Жеке отбасының негізгі қадамдары келесідей:
- психотерапевті отбасымен біріктіру;
- психотерапевтикалық сұранысты тұжырымдап айту;
- отбасылық қатынастарды реконструкциялау;
- психотерапияның аяқталуы мен бөлінуі.
Мара Сельвини Паллацоли түрлі жыныстағы терапевтер бригадасы отбасымен жұмыс істейтін, ал қалғандары олардың жұмыстарын бақылайтын бір жақты мөлдір айнаның артында жұмыс істейтін принципті ұстанған. Психотерапияның бірлігі бір үйде тұратын отбасы мүшелерінің барлық сессияға қатысуы болып табылады. Кездесулердің жиілігі айына бір рет, бар болғаны он ақ сессияға дейін. Оның әдісі қысқа және кенет болатын, ал кенет шешуші қозғалыспен отбасында өзгерістің туғызуы тырысатын. Пародоксальді тапсырма өте мұқият өңделіп, отбасындағы регидті ережелер мен аңыздарға қарсы тұратын оң барлық мүшелерін әрекеттер сериясына тартатын.
Бағдарламалық отбасы терапиясы: Отбасы терапиясының бұл әдісі мәселені шешуге бағытталғандықтан "мәселені шешуші” "қысқа” деп аталады. Бұл бағыттың ең танымды тұрғалары – Джей Хейли, Гари Уитер, Клу Маданес. Өз жұмыстарында психотерапевтер отбасы мүшелерінің тұлғалық ерекшеліктерін шоғырлатпайды. Берілген ыңғай белгінің бөліктеріне үлкен көңіл бөлумен, ал отбасыға қызығушылықпен сипатталады. Бұл бағыт әйгілігін 1970 жылы ие болды. Бұл әдістің идеяларын көптеген өкілдері Милтон Эриксонның жұмыс тәжірибесінен алып пайдаланған. Оның тәжірибесіне екі ыңғай тән: әсер етудің жанама әдістерін қолдану және клиент ұсынғанның барлығын қабылдау. Бағдарламалық ыңғайдың мәні отбасындағы өзгеріс, бұзылыстың себебін түсінуден маңыздырақ болғандықтан мәселені шешуүшін бағдарламаларды өңдеу болып табылады. Бағдарламалық терапевтер мәселенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін факторларды зерттейді. Көптеген бағдарламалық психотерапевтердің пікірінше қалыпты жұмыс істейтін отбасы – бұл белгілерден қашатын және өзгермелі жағдайлардың талабына сәйкес жұмыс істей алатын отбасы. Отбасы қылықтық психотерапия: Отбасы қылықтық психотерапия өзінің негізгі принципі ретінде қылықты салдармен біріктіруде көрінеді, осыдан қылықтың паттерні жағымды салдар туынданғанға дейінгі барлық жағдайдағы өзгерістерге қарсы тұрады. Бұл бағыттың өкілдерін қылықтардың жүйелілігінің талдауы қызықтырады.
Басқа бағыттар: Отбасылық коммуникативті терапия Пало Алто бағытынан бөлініп шықты. Оның жүргізуші өкілдері П. Вацианик,Д.Джексон және басқалары болып табылады. Отбасы коммуникативті терапия мақсаты коммуникация тәсілдерінің өзгеруі немесе интеракцияның жұмыс істейтін үлгілерін өзгеру мақсатымен саналы әрекеттер болып табылады. Алғашында бұл бағыттың өкілдері, мысалы, Вирджиния Сатир, жәй отбасындағы коммуникацияны жақсартуды мақсат етіп қойды, содан соң бұл идея блегіні қолдайтын коммуникацияның тәсілдерін өзгертуге дейін кішірейді. Отбасы коммуникация негізгі техникалар тобы келесілері болып табылады, отбасы мүшелерін анық коммуникацияның ережелеріне үйрету; отбасында коммуникацияны талдау және интерпретациялау; әртүрлі тәсілдер мен ережелердің көмегімен отбасындағы коммуникацияны манипулыциялау. Бұл психотерапияның түрлі жоғары тиімділіктегі әдіс ретінде дәлелдене алады. Тәжірибеге негізделген отбасы психотерапия бағытының өкілдерінің бірі ең танымалдары Карл Уйткейер және Огаст Напри. Бұл әдіс "тәжірибе” мен "сапалы мәнге” негізделген.
Ерлі-зайыпты психотерапия: Ерлі зайыпты психотерапия отбасылық жұпқа бағытталған психотерапияның формасын атайды. Ол отбасылық жұпқа отбасылық қатығыстар мен дағдарысты жағдайларды бастан кешіруге, өзара қақтығыста үндестікке жетуге, қажеттіліктерді өзара қанағаттандыруды қамтамасыз етуге көмектеседі. Ол өз бетінше әдіс ретінде де, отбасы психотераипя кезеңі ретінде де жұмыс істей алады. Жұмыс ерлі-зайыптылармен немесе психотерапевтің қабылдауына келген серіктестің бірімен өткізіледі. Ерлі-зайыпты психотерапия мұндай вариантында психотерапевтпен күйеуі (әйеләнің) мәселелері емес, оның ерлі-зайыптылығы жөніндегі ойлары, сезімдері, уайымдары ғана талқыланады. Қазіргі уақытта ерлі-зайыпты психотерапияда динамикалық, қылықтық және гуманистік ыңғайлары ең кең тараған. Динамикалық ыңғайда ерлі-зайыптының қолайсыздықтың екі серіктестіктің ішкі қылық мотивация көзқарасымен қарастырылады. Тұлғалық қатынастардың динамикасы мен олардың психикалық процестердің динамикасымен байланысы қарастырылып отырады.
Отбасылық кеңес беру: Отбасылық кеңес беру – бұл отбасылық терапияның бір түрі, оның өзіндік терапевтикалық қатысудың ерекшелейтін белгілері мен шектері бар. Отбасылық кеңес беру, отабасылық терапиямен бірге параллельді дамып, бір –бірін өзара байытты. Отбасылық кеңес берудің алдында тұрған мақсаты – отбасындағы әрекеттестікті өзгерту мен жеке тұлғалық өсу мүмкіндігін қамтамасыз етуүшін отбасы мүшелерінің мәселелерін зерттеу болып табылады. Отбасы кеңес беру мен отбасы терапиясы немен өзгешеленеді? Біріншіден, отбасы кеңес беру аурудың тұжырымдамасын қабылдайды. Екіншіден, отбасындағы ролдік әрекеттестік жағдай мен аспектісін талдауға екпін қояды. Үшіншіден, ол кеңес беру субъектілерінің жекелік ресурстарын іздеу мен жағдайды шешудің тәсілдерін талқылауға көмек беруге шақырылған. Отбасы кеңес берудің басты теоретикалық тұжырымдар санының ішіне когнитивті – қылықтық терапия, рационалды-эмоционалды терапия және басқа келтіріледі. Мұнымен оның арсеналында бар әдістер мен тәсілдердің түрлілігі қамтамасыз етілген. Отбасы кеңес берудің негізгі принциптері мен ережелері келесі бөлімдерге келеді. Байланысты орнату және кеңес берушінің клиентке қосылуы. Оптималды қатынасқа мүмкіндік туғызатын конструктивті арақашықтықты сақтаудың көмегімен, сонымен қатар кеңес берушімен кеңес алушының мимикалары мен тыныс алуларын синхронизация тәсілдерін, өзінің отбасылық мәселелері жайында хабарлаушының басым репрезативті жүйесін бейнелейтін сөздік формасн кеңес берушінің қолдауымен қол жетеді. Мета-модельдеу (НЛП) және терапевтикалық метафорлар тәсілдерін қолдану мен клиенттің мәселелері туралы ақпаратты жинау.
Бұл мақсатқа жету үшін кеңес беруші мынадай нақтылайтын сұрақтарды қоя алады: "мынадай нәтижеге қол жеткізе аласыз ба?”, "сіз нені қалайсыз?”, " ол жайында жоқ деген жағымсыз , бөлшексіз, яғни жағымды нәтижені суреттейтін сөздермен айтуға тырысыңызшы”. Психотерапевтикалық келісім шартты талқылау отбасына кеңес берудің маңызды міндеттерінің міндеті болып табылады. Бұл кезеңде клиент пен оның кеңес берушісінің арасындағы жауапкершілік қалай бөлінетіндігін талқылау жүргізіледі. Мысалы: отбасы кеңес беру қауіпсіздік жағдайларына, клиенттің мәселелерін шешуге жету технологиясына кеңес беруші жауап береді. өз кезегінде клиент өзі белсенділігі, өзінің ролдік қылығын өзгерту тілегінде шынайылығын және т.б. үшін жауапты болады. Бұл фазаны сәтті өткеннен кейін қатысушылар жұмыстың ұзақтығы (3-6 сағат) бір сеансты өткізу ұзақтығымен терапевтикалық кездесулердің кезеңдігі (мысалы, алғашында аптасында 1 рет, кейіннен 2-3 аптада бір рет) жайында келіседі. Соңында төлем ақы шарттары мен келісім шарт жағдайларын екі жақ бұзу санкциялары талқыланады. Кейіннен клиенттің мәселесін нақтылау, сонымен қатар жалпы отбасының және оның мүшесінің әрқайсысының ресурстары анықталады. Бұған мынандай сұрақтар қойылуға мүмкіндігін туғызады: "сіз бұрын қиындықтармен қалай күрестіңіз?”, "сізге онда не көмектесті?”, " сіз қандай жағдайларды мықты болдыңыз?” ,” сіз өз күшіңізді қалай қолдандыңыз?”. Кеңес берушінің өзінің қылығы мұнда клиентке кеңес беру процедурасының қауіпсіздігі мен сәттілігіндегі үмітін нығайту керек: "Сіздің тілегіңіз өзгерісті, сіздің бұрынғы тәжірибеңізді, белсенділік пен шынайылықты кеңес берушінің сізбен бірге қызмет істеуге тілектестігімен бірігу, оның профессионалды қасиеттері мен жұмыс тәжірибесі жұмыстың сәттілігінің кепілдігі болады”. Кеңес берудің қатысушылар мен құлықтың қалыптасқан стереотиптерінің жағымды және жағымсыз жақтары талқыланады. Мысалы, мына сақтардың көмегімен: " сіздің пікіріңізше, құралған жағдайда ең жағымсызы не? Ал бұл жағдайларда ең жағымдысы не?” құлықтың жаңа шаблондарын бірігіп іздеу жүзеге асады. Кеңес беруші келесі сұрақтарды ұсыналы: " Сіз мәселені шешу үшін әлі не істеген жоқсыз?” , "сіз үшін маңызды адамдар ұқсас жағдайда өздерін қалай ұстайды? Сіз солай істей алар ма едіңіз?” немесе "сізге осындай істі істеуге не көмектеседі?” кеңес беруші визуализация тәсілдерін қолдана алады: клиенттер транста болып, туындайтын кенестетикалық сезімдерді белгілеп жаңа жағдайларың бейнесін құрайды.
"Экологиялық тексеру”. Кеңес беруші отбасылық мүшелеріне ұқсас жағдайда 5-10 жылдан кейін өзін елестетіп, өзінің күйін зерттеуді ұсынады. Отбасы кеңес берудің соңында жақындап, кеңес беруші нәтижелерді "қауіпсіздігі” бойынша күш сала бастайды. Кейде клиенттерге жаңа қылық шаблонын меңгеруде сенімділік алуға көмектесетін әрекеттерді қажет етумен байлаысты. Олар кеңес берушіден алынған нәтижелерді талқылау үшін үй тапсырмасы мен бірнеше уақыт өткеннен кейін қайта кеңес алуға шақыру ала алады. Қазіргі уақытта отбасы кеңес беру Ресей аймағы даласындағы кең тараған психотерапевтикалық көмектің түрі болып табылады. Мұндай процедура жағдайлар қатарында қажетті болған, мысалы, әдебиеттерде "пародаксальді тапсырмалардың” көмегімен Джей Хейли қалай істегені жайында суреттеледі, оны нақты орындау теріс нәтижеге алып келеді, өзінің сезімдерін көрсету жайында кеңес беру өткізілген жас ерлі-зайыптылар өздерінің "эмоционалды әсер беруді тексеру үшін” күніне бір сағат ұрысу ұсынылған. Хейли саналы түрде ешкім өзіне кесірін тигізе алмайтынын біліп, адами табиғатын осылайша ескерген. Ерлі-зайыпты тапсырманы орындауға тырысып, оны тастап кетті, оларда бір-бірін бағалау тілегі күшейіп, "ақымақ кеңес беруші” кеңесінен бас тартып, осылайша "бөліну” болды.
Соңында сәтті отбасылық өмірге қажетті іскерлікер мен дағдылар отбасы мүшелерінде жеткіліксіз екендігі анықталады; отбасы психотерапия барысында бұл жетпейтін дағдылар түрлі психотерапивтикалық техникалар, арнайы жаттығулар мен тренировкалардың көмегімен қалыптасады. Олардың жалпы принципі отбасы мүшесінің алдында нақты міндет тұрады, мысалы, ол қалыптастыруы керек, іскерлік пен дағды түрінде, және тапсырманы орындай алған, алмағаны жайында сынауға болатын критерий айтылады. Отбасылық психоаналитикалық терапия: Психоаналитикалық отбасының терапияның қатысушыларының тұрғасының (қазіргі шындық негізінде) бұрынғы бейсаналы қатынастар негізінде емес, толыққанды сау тұлғалар ретінде әрекеттесуге дайын болатындай етіп өзгеруі болып табылады. Психоаналитиктер бақылау мен тыңдауды таңдап, бос талқылауды кенет сұрақтармен тоқтатады.Отбасы жүйелі психотерапия: Қазіргі уақытта жүйелі бағытталу ең кең ұсынылған перспективті, экономикалық мақсатқа бағытталған және терапевтикалық тиімді отбасы терапия бағыты болып есептеледі. Жүйелі отбасы психотерапиясында отбасы құрылған байланыстарды сақтау мен эволюцияға талпынатын бүтіндік жүйе ретінде қарастырылады. Отбасының пайда болуы дамудың заңдылықты дағдарысынан өтеді (некеге тұру, ата-ана отбасынан айырылуы, жүктілік бланың туылуы, баланың мектепке дейінгі мектеп мекемелеріне түсуі, олардың мектепті бітіруі және өзінің өмір жолын таңдауы, ата-аналардан ажырау, ата – анасының зейнетақыға шығуы және т.б.) әсіресе осы тіршілігінің бөлігінде отбасы бұрынғы тәсілдер мен жаңа мәселелерді шешуге қабілетсіз болғандықтан өздерінің бейімделуіне реакцияларын күрделендіру қажеттілігінің алдында тұрады.
Жанұяны зерттеушінің құрған кеңесі немесе болжамы жанұялық теориялық моделінен ғана емес, ондағы қалыптасқан жанұяның имплицитті моделіне де байланысты. Бұл психотерапияның тиімділігі бұл мақсаттар мен интерпритациялар клиенттер үшін қаншалықты қалыпты болып саналады соған байланысты. Бірақта вербальді деңгейде біз өзіндік мақсаттың, стереотиптің, клиенттің тұлға екендігінде деген сыйластықтың жоқтығын, сонымен қоса өмірлік тәжірибесі бар, өз мақсаты мен құндылықтарын әрқашанда ұғына бермейтін тірі одан болып қала береді. Жанұяны қатаң ғылым объектісі ретінде қарастыратын әлеуметтанушылардың өздері де "жанұялық өмірдегі тұлғалық тәжірибе сыналушылардың шынайы еместігі мен өз өзін қоғауы жанұялық қарым-қатынасты зерттеуге құлшыныс білдіруге кедергі жасайды " деп айта кетеді.
Психолог – кеңесінің жұмысы жемісті болу үшін әрбір жанұядағы жанұялық теорияны ондағы бағытты, жұмыс техникасын өзінше жорамалдап қоймай жанұяның өзіндік концепциясын ұғынып, өзі жұмыс істейтін жанұяда қандай мәдениеттің басымырақ екенін түсінуі қажет. Жанұяға еніп кеткен мәдениет екінші бір тері сияқты: біз онда дағдылы түрде өсеміз де оның бар екендігін байқамай да қаламыз. Дегенменде оның біздің мінез-құлқымызға әсері көп екеніне таң қалмауға да болады.
Пайдаланылған әдебиеттер :
1. Малкина-Пых Г. Семейная терапия. Изд-во ЭКСМО, 2006.
2.Эриксон Э. Детство и общество Пер. с англ.-СПб.:Речь,2000.-416с.
3. Асмолов А.Г. Психология личности.- М.: Изд-во Моск.ун-та,1990.-367б.
4. Ковалев С.В. Психология современной семьи. -М., 1999.
5. Домбровский А., Велента Т. Кризис семьи Семейная психология и семейная терапия. 2005.№3.