Коммерциялық банктердің несиелік саясаты

Скачать

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік Университеті.
3 деңгейлі СМЖ құжат
ПОӘК

ПОӘК 042-18-4.1.- 6003-2014
Несие ісі пәні бойынша оқу-әдістемелік мәліметтер
Баспа № 1 11.09.2014ж.

5В050900 ҚАРЖЫ МАМАНДЫҒЫ ҮШІН
НЕСИЕ ІСІ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МӘЛІМЕТТЕР

Семей
2014

Мазмұны
1.
Глоссарий

2.
Дәрістер

3.
Практикалық сабақтар

4.
Оқушылардың өздік жұмыстары



1.ГЛОССАРИЙ

Акция – иеленушінің акционерлік коғамда өзінің меншікті қаражаттардың бөлігімен иелену құқығы
Ақша активтер – жеке және заңды тұлғалардан ақша сомаларды алу құқығы.Бұл банктегі дипозиттер, облигациялар, акциялар, несиелер, зайымдар ж.т.б.
Валюта – бұ біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша бірліктері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері мен төлем құралы.
Валюталық бағам – бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы.
Валюталық паритет – валюталық бағамның негізі болып табылатын заңды тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындағы шекті қатынасы.
Валюталық саясат – бұл елдің ағымдық және стратегиялық мақсатына сәйкес, халықаралық валюталық және басқа экономикалық қатынастар аумағында жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы.
Валюталық реттеу – нормативтік құқықтық актілерді жасау және бекіту, ақпараттар жинау, валюталық заңдылықтардың орындалуына бақылау жасау, заңмен көзделген санкцияларды қолдану шаралары.
Дивиденд – акционерлерге қолында бар акцияларының құндылықтарына қарай жыл сайын төлеп отыратын және акционерлер арасында бөлінетін акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігі.
Дисконт – қор биржасында сатылатын бағалы қағаздардың бағасы мен оның ағымдағы биржалық бағамының арасындағы айырма.
Депозит – бұл клиенттердің (жеке және зхаңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің қарыз түрінде немесе өз меншікті қаражаттарын сату жолымен тарататын қаражаттары.
Домицилиант – векселде көрсетілген төлемді жүзеге асыратын, векселде делдал ретінде қатысатын банк.
Депозиттік сертификат – бұл салым иесіне белгілі бір мерзім өткен соң тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражаттарының барлығын куәләндыратын эмитент банктің жазбаша куәлігі.
Диверсификациялау – тәуекелді төмендету құралы. Егер капитал әр түрлі бағалы қағаздар арасында таратылатын болса онда тәуекелдер төмендейді. Бағалы қағаздар қоржынына облигацияларды, артықшылығы бар және жай акцияларды кіргізу жөн – мұндайды бағалы қағаздардың түрлері бойынша диверсификациялау деп атайды. Диверсификациялау экономиканың салалары, аймақтары, мемлекеттер және мерзім бойынша айырылады.
Банк ресурстары – бұл банктің пассивті операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастырылуға бағытталған банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.
Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидендті төлегеннен кейін және резервтік қорға бөлулерлен кейін қалған банк пайдасының бір бөлігі.
Еншілес банк – жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы бас банкке тиесілі және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар заңды тұлға.
Қарыз міндеттемелер – инвестор (несиегер) және осы құжатты шығарған тұлға (несие алушы) арасында зайымды дәлелдейтін құжат. Қарыз міндеттемелерге облигацияларды, мемлекеттік зайымдарды, банктердің депозиттік және сақтандыру сертификаттарды, вексельдерді жатқызады.
Қарыз бағалы қағаздар – пайыз түрінде табысты алу айырбасқа қарызға берілген қаражаттарды дәлелдейтін және қарыз алушының белгіленген уақытта қарызды қайтарып беру міндеттемесін көрсететін бағалы қағаздар.
Инвестициялар- көбейту немесе құның сақтау мақсатымен экономиканың әр түрлі салаларына салынатын ұзақмерзімді капитал салымдары.
Инвестор-инвестициялық қызметті асыратың жеке немесе заңды тұлға.
Инновациялар - ғылым, техника, технологияны еңгізу негізімен негізгі капиталды (өндірістік қорларды) немесе өндірілген өнімді жаңарту.
Ипотекалық несие –бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.б.) кепілге алып, ұзақ мерзімге берілетін несие.
Қаржы-несиелік саясаты – ҚР Ұлттық Банкінің қаржылық реттеу әдістерінен тұратын мемлекеттің саясаты.
Қаржылық салымдар - бұл бағалы қағаздарды сатып алу, яғни инвестициялық қоржының құрау. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар, олардың атқаратың мақсатына қарай ірі банкілердің инвестициялық қоржынында жетекші ролге ие болып отырған меншікті инвестициялар. Жалпы, қаржылық инвестициялар дегеніміз несие-қаржы қызметі болып табылады, сондай-ақ несие мекемелеріне (банкілерге) сақтауға тапсырылатың ақша сомасы, қаржы мекемелеріне сақтауға тапсырылатың бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар) және депозиттік салымдар.
Коммерциялық банк – бұл ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын және қолма қолсыз ақшада төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты.
Конверсиондық операциялар - сол елдің қолма-қол және қолма-қолсыз ұлттық валюта-
ларына қолма-қол және қолма-қолсыз шетел валюталарын сатып алу және сату мәмілелері.
Күмәнді несиелер – қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер.
Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығаруымен немесе өзін өзі өтеуімен байланысты ұзақ мерзімді лизинг.
Дисконталған таза пайда –бастапқы уақытқа келтірілген барлық мерзім бойынша есептелген ағымдағы тиімділіктін сомасы.
Лизинг – бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларын, өндірістке, саудаға, қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.
Мерзімді депозит – белгілі мерзімі бар және тұрақты пайыз төленетін, сол сияқты алдын ала алуға шек қойылатын салым.
Несиелік саясат – банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары.
Несиелік тәуекел – қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.
Овернайт – банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.
Пайыз тәуекелі – берілген несиелерге байланысты пайыз мөлшерлемелерінен тартылған қаражаттарп бойынша төленетін пайыз мөлшерлемелерінің артып кетуі нәтижесінде коммерциялық банктер, несиелік мекемелер және инвестициялық ұйымдар қызметі процесіндегі зияндардың пайда болу қаупі.
Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.
Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.

2 ДӘРІСТЕР – мақсаты болып ұсынылатын пән теориялық сұрақтарын ұстамды нысанда қарастыру табылатын оқу сабағының нысаны.

Модуль 1. Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің қазіргі жағдайы

Тақырып 1. Кіріспе Несие ісі пәнінің құрылымы және мазмұны

1.Несие ісі курсынын пәні, құрылымы, міндеттері, оның басқа банктік сала пәндерімен өзара байланысы.
2. Курс құылымы оның ерекшеліктері мен сипаты.

Тақырып 2. Несиелік жүйе және оның элементері
1.Несиелендіру обьектісі және несиелік қатынастардың субьектісі.
2.Банктік несиелендірудің жіктелуі.
3.Банктік несиелердің принциптері.
4.Несиелендіру әдістері.

1.Несиелеу субъектілері мен объектілері.

Несие қүрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз капиталынан түрады. Мүндағы несие беруші мен қарыз алушыларды несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынас субъектілері деп атауға болады.
Осы тараптардың біреуі болмаса несиелік мәміле жасалмайды. Несие берушілерге мемлекет, банктер (орталык және коммерциялық), банк типтес мекемелер мен қаржылық үйымдар, сондай-ақ халықаралык қаржы үйымдары да жатады.
Кейбір жағдайларда, несиенің коммерциялық формада берілуіне байланысты несие берушіге өнім өндіруші кәсіпкерлер де жатуы мүмкін. Ал қарыз алушыларға қаражатыңа деген уақытша қажеттілігі бар кез келген заңды және жеке түлғалар жатады.
Несиелеу объектісі — бүл несиенің пайдалану заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады.
Несиелеу объектісі материалды қүндылыңтар, өндіріс және ай-налыс шығындары түрінде, сол сияқты, егер несие материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк алдындағы шаруашылық үйымның міндеттемесі ретінде де болады.
Материалды қамтамасыз етілген несиелеу объектісіне өндірістік шикізат қорларын, негізгі және көмекші материалдарды, жанармай, ыдыстар, сатып алынатын жартылай өнімдер, азық-түліктер жәые басқа да материалды қүндылықтардың маусымдық жинағы және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және сауда үйымдарындағы тауарлардың маусымды қорлары жатады. Мүндай қорларды жасау, ең бастысы, өндіріспен және өнімдерді сату процесімен тығыз байлаиысты.
Несиелеу объектісіне экспортты және импортты тауарлар мен қызметтермен жабдықтау, экономикалық қызметке байланысты шығындар, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке түлғалардың сатып алынатын шикізаттары, материалдары, қүралдары және басқа да мүліктері, ломбардтық операциялар, шаруашылық субъектілердің кірістері мен шығыстары арасындағы алшақтық жатады.
Үзақ мерзімді несиелеу объектілеріне жататындар мынадай түрлерге белінеді:
өндіріс объектілерінің құрылысы;
өндіріс объектілерін қайта қүру, техникалық жағынан қайта қаруландыру, кеңейту;
техникалар, қүрал-жабдықтар және көлік қүралдарын сатып алу;
■ жана өнім шығаруды үйымдастыру,
өндірістік емес маңызы бар объектілерді салу.

2. Әдетте, несиенің негізгі екі формасы қарастырылады: коммерциялық және банктік. Сонымен қатар көптеген жарияланымдарда несие формаларына тұтыну, мемлекеттік, халықаралық, үкіметаралық, фирмалық және т.б. жатқызылады.
Коммерциялық несие – бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы. Несиенің осы формасының объектісі ретінде тауарлық капитал қызметін атқарады. Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның мақсаты – тауарлады өткізуді жылдамдату.
Коммерциялық несиенің сақталуының негізгі себептерінің бірі – тауарлардың ұдайы жеткізуін талап ететін кәсіпорындардың экономикалық байланыстарының үнемі ұлғаюы және жетілдірілуі болып табылады.
Басқа да несие формаларының жедел өсуіне байланысты коммерциялық несиенің рөлі оның көмегінің абсолютті шамада ұлғаюына қарамастан қысқарып кетті.
Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз келісімі аясы тар мақсат емес, ол сатып алу-сату келісіміне қосақталып жүреді. Қарыз келісімі тауарлардың өткізілуін жеңілдетеді. Төлемді кейінге қалдыру мерзімі жабдықтаушы мен сатып алушы арасындағы сауда келісімі жасалған уақытта жеке анықталады. Әдетте төлеуді кейінге қалдырудың ең жоғары мерзімі 90 күнге белгіленеді. Төлемді кейінге қалдыру тауарлардың түріне және басқа факторларға (мысалы, азық-түлік тауарларын төлеу қысқа мерзім ішінде жүзеге асырылады) байланысты. Төлемді кейінге қалдыру кезеңін ұзарту сатып алушы мүддесіне сай келеді, оны өткізілетін тауарлар бағаларының төлемдерімен салыстыруға болады.
Коммерциялық несиенің артықшылықтарымен қатар, кемшіліктері де бар. Уақыт шектеулігі, өлшемдері, қозғалыс бағыты тәрізді белгілі кемшіліктерден басқа төлемді белгілі бір дәрежеде кейінге қалдыру мәжбүрлік сипатына ие болады; тауарларды төлеу мерзімі жиі бұзылады; жабдықтаушылар сатып алушылардың қаржылық жағдайы туралы әр уақытта жақсы хабардар болмайды, ал бұл олардың шаруашылық қызметі үшін белгілі бір тәуекел туғызады. Төлеуді кейінге қалдыру – банктік сфераның ықпалынан күшті әсер көреді( атап айтқанда, ол жабдықтаушы оңай түрде банкте векселді қаншалықты есептеуге алатынына байланысты). Көрсетілген кемшіліктер коммерциялық несиенің рөлін төмендетеді.
Банктік несие – бұл банктердің арнайы несие-қаржылық мекемелерінің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несиесі. Банктік несие коммерциялық несиенің шектеулерін жояды. Бос ақшалай капиталдар кез-келген өндіріс саласына беріледі және банктік несие арқылы кез-келген бағытта қозғала алады.
Банктік несие сферасы коммерциялық несие сферасына қарағанда несиені қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет етеді, ал банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және жинақтарын капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлануына қызмет етеді. Өндірістің жанданып, жоғарылаған кезінде нағыз капиталдың көлемі өседі, өндірістік мақсаттар үшін банктік қарыздарға деген сұраныс жоғарылайды. Қоғамдық капиталдың ұдайы өндірілуі тұрғысынан банктік несие қарыз капиталына (қарыз алушылар қаражаттарды жұмыс істеп тұрған капиталдың көлемін ұлғайту үшін пайдаланғанда) және ақшалай қарызға (қарыз алушылар қаражаттарды өздерінің қарыздық міндеттемелерін өтеу үшін алғанда) бөлінеді.
Банктік несие әмбебап болып келеді, өйткені банк арқылы қайта бөлінген қарыз капиталы экономиканың барлық салаларында қолданыс табады. Бұл ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін атқарады. Қарыз мәмілесінің дербес сипаты бар, онда ақшалай капитал өнеркәсіптік капиталдан бөлектенген. Кредитордың мақсаты – пайыз түрінде табыс алу. Қарыз алушыға қайтарымдылық, мерзімділік және пайыз төлеу жағдайларында қарыз капиталын ұсынушы банктік мекеме ретінде көрінеді.
Тұтыну несиесі – бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық (бөлшек сауда орындары арқылы төлемдң кейінге қалдыра отырып, тауарды сату) және банктік (тұтыну мақсатына қарыздар) формада берілетін несие. Тұтыну несиесінің негізгі міндеті – тұрғындарға тауарларды сатуға қолдау көрсету. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан – тауар айналымының ұлғаюымен несиенің де көлемі өседі, өйткені тауарларға болған сұраныс несиеге де сұранс өседі, екінші жағынан тұрғындарды несиелеудің өсуітөлем қабілетіне сұранысты күшейтеді. Бұл тәуелділік, әсірісе, қазіргі уақытта нарықтың тауарлармен толығу жағдайында көрінеді.
70-жылдардан бастап бірқатар елдерде жеке тұлғаларға тұрақты несиелер ашу тәжірибесі кең таралды. Бұл жерде айтылатын нәрсе тауарларды сырттай каталогтардың көмегімен немесе ірі әмбебаптардан сатып алатын алушылар туралы болып отыр. Тұтыну несиенің бұл түрінің мақсаты – клиенттерді жоғальпай сақтап қалу және оларды көбейту, сонымен қатар сәйкесінше фирманың сауда айналымын ұлғайту.
Сондай-ақ, банктік мекемелер тұтыну несиесі жүйесіне қосылған. АҚШ-пен Ұлыбританияның коммерциялық банктері жеке тұлғаларға дербес несиелер деп аталатын несиелерді беруді қолдана бастады. Бұл несиелерді тұтыну несиенің бір түрі деп қарастыруға болады,бірақ олардың тауарларды қаржыландырудан бірқатар мәнді айырмашылықтары бар.
Біріншіден, дербес несиелер – бұл жеке тұлғаларға ақшалай формада беретін банктік қарыздар; екіншіден, бұл несиелер нақтылы коммерциялық мәмілеге бекітілген, сондықтан олар сатып алынған тауар үшін төлемді кейінге қалдыруға қарағанда анағұрлым икемді болып табылады; үшіншіден, делдалдардың болмауы мұндай несиелер жүйесін едәуір икемді және қарапайым етеді, өйткені оған тек банк пен қарыз алушы қатысады.
Дербес несиелер тұтыну тауарларын сатып алу мен белгілі бір қызметтерді алу үшін (мысалы, туристтік сапарларды төлеу) кезінде пайдаланылады. Бұл несиелерді көбінесе жас жанұялар және білім алудың бүкіл кезеңіне қарыздарын 5 жыл ішінде өтеу үшін оқуға түскен студенттер алады. Әдетте дербес несиенің соммасы қарыз алушының 3 айлық еңбекақы мөлшерімен шектеледі, өтеу мерзімі 36 ай.
Тұтыну несиесі көптеген елдердің экономикасында үлкен роль атқарады, сондықтан ол мемлекеттік органдар тарапынан белсенді реттеуге ұшырайды. Бұл реттеуді екі түрге бөлуге болады: беру деңгейі және пайдалану деңгейі бойынша. Беру сатысында мемлекет тұтынушыларды несиелеуді кейде қолдап, кей-кезде тежейді. Банктер және қаржылық компаниялар қызметтерінің бұл түріне несиелік шектеу әрекеті табылады.
Тұтыну несиесі жеке тұлғаларға ұзақ мерзімді банктік қарыз формасында тұрғын үй алуға және салуға берілуі мүмкін. Қазақстанда осы үшін мамандандырылған Мемлекеттік тұрғын үй құрылыс банкі құрылған.
Жаңа тұрғын үй саясатының Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес азаматтарға қызмет көрсету үшін Тұрғын үй құрылыс банкінде қарыз-жинақ шоттары ашылады. Қарыз-жинақ шоттарын құрылысты бастауға, аяқталмаған құрылысты жалғастыруға, жарналарды жинақтау мен тұрғын үй сатып алуға, осы мақсаттарға жеңілдік несиелерін беру үшін пайдаланады.
Ипотекалық несие – жылжымайтын мүліктерді: жерді, тұрғын үй және өндірісті ғимараттарды кепілдікке ала отырып берілетін қарыз.
Мемлекеттік несие – азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты қарыз алушы немесе кредитор ретінде мемлекеттік және жергілікті билік органдары болатын несиелік қатынастар жинағы. Мемлекеттік несиенің негізгі формасы мемлекеттік займдар, сонымен қатар қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер, тұрғындардың жинақ кассасындағы салымдар болып табылады. Қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер (вексельдер және басқа несиелік міндеттемелер) ресми түрде бюджеттегі уақытша кассалық үлесті жабу үшін шығарылады. Қазақстанда 1994 жылдың сәуір айынан бастап қазыналық вексельдер аукционы үнемі өткізіліп отырады.
Халықаралық несие – валюталық және тауарлық ресурстарды қайырымдылыық және пайыздар төлеу шарттарымен беру бойынша байланысты халықаралық экономикалық қатынастар сферасындағы қарыз капиталының қозғалыс формасы. Кредиторлар және қарыз алушылар ретінде банктер, жеке тұлғалар, кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, сонымен қатар халықаралық және аймақтық ұйымдар қатынасады.
Несиенің келесі бір түрі бұл – ауылшаруашылық несиесі. Енді қазіргі жағдайда ауылшаруашылығын дамытудың бір жолы – ол коммерциялық банк арқылы ауылшаруашылығына несиелендіруді ұйымдастыру. Қазіргі таңда ауылшаруашылығының саласына қарай несиені ұсынуда, бұл салада келесідей жетіспеушілік туындайды:
Капитал көлемінің жетіспеуіне байланысты, ауылшаруашылық кәсіпорындарды өнім өндіруді өздігінен ұйымдастыра алмайды;
Нарықтық экономикада өнім сапасын жоғарлату;
Жыл мезгіліне егіншілік, мал шаруашылығының табиғи климиттық факторларға тәуелді болуы;
Сондықтан ауылшаруашылығының осындай бағытына қарай банктер ипотекалық несие мен лизинг несиесін ұсынады.
Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас ретінде несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие оның бір түрі.
Түрдің формадан айырмашылығы – диалектика категориясы болып табылмайды, ол несиені ерекше түрдегі экономикалық қатынастар ретінде түсінуді анықтайтын жіктеудің категориясы болады.
Осыған байланысты несие түрлері төмендегідей жіктеледі:
Мерзімдері бойынша:
1. қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
2. орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін);
3. ұзақ мерзімді (3-5 жылдан жоғары);
несиелеу объектілері бойынша:
1. негізгі қорларға берілетін несие;
2. айналым қорларына берілетін несие;
несиелеу әдістері бойынша:
1. қалдық бойынша несиелеу;
2. айналым бойынша несиелеу;
Айналым бойынша сауда және жабдықтаушы-өткізуші ұйымдар несиеленеді, ал қалғандарына айналым бойынша да, қалдық бойынша да несиелеудің элементтері бар.
Мысалы, тұтыну несиесінің түрлері тауарлы және ақшалай болуы мүмкін, ал халықаралық несиені төмендегідей жіктеуге болады:
1. несиелеу объектісі бойынша: тауарлы және қаржылық;
2. экономикалық мазмұны бойынша: сыртқы сауды операцияларымен байланысты коммерциялық және қаржылық – кез-келген мақсат үшін пайдаланылады (қарызды өтеуге, бағалы қағаздарға инвистициялау);
3. несие субъектілері бойынша: қысқа, орта, ұзақ мерзімді;
Қазақстанда несиелердің келесі түрлері дамыған:
аукциондық – Ұлттық банктің ақша-несие саясатының уақытша құралы болып табылатын және екінші деңгейдегі банктерге аукциондық негізде,республика банктерінің 1 айдан 3 айға берілетін қысқа мерзімді несиелерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы берілетін несие;
ломбардтық – Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге ала отырып, жоғары пайызбен берілетін қысқа мерзімді несиенің түрі;
бюджеттік – Ұлттық банк Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қайтарымдылық шартымен беретін несие;
Қазіргі несиелеу жүйесі қарьіз алушының несиелік қабілетін аньқтау әдістеріне де негізделеді. Айта кету керек, қарыз алушының несиелік қабілеті — бұл коммерциялың банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып табылады.
Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс әрекетімен байланысты болып келеді. Сондықтан да, банк несиесінің берілуі алдын ала ықпал ететін факторларды оқып-үйрену арқылы несиелік қабілетті оқып үйренуге жағдай жасайды.
Экономикалың түсініктегі механизм белгілі бір қызметті жандандыруға және бір нәрсені іске қосуға қойлатын қүралды білдіреді. Бүл мағынасында механизм терміні басқаруда жиі қолданылады. Яғни, оныц мәні экономикалық оның ішінде несие саясатының міндеттерімен анықталаты басқарылатын объектіге басқаратын субъектінің әрекет ету лазмүнымен байланысты болып келеді.
Несиелік механизм — нарытык, к,атынастарга сай экономиканың, тиімді дамуын к,амтамасыз ететін несие түрлерінен, несиелеу приниптерінен, несилеу әдістері мен тәсілдерінен және несиелік тәуекелді басқарудан туратын экономикалык, механизмнін күрамдас бөлігі
Қазіргі несиелік механизм экономикалык механизмнің бір бөлігі ретінде бола отырып, іс жүзінде несие қызметінің жүйесін ңақты және кешенді түрде бейнелейді. Нарықтың экономика жағдайында несиенің дамуы және қызмет етуі үшін пайдаланылатын несиелік механизм өзінің негізі және қүрылымы бойынша объективті сипатыңа ие. Олай болмаса несилік механизм несиенің экономикалық категория ретіндегі қызмет етуін жеткізе және тура бейнелей алмай, сондай-ақ оның қозғалысының объективті негізінен айырылып қалар еді.
Несиелік механизм несиелеуді экономикалық үйымдастыру қатынастарының белгілі бір қабатын, яғни несиелік қатынастардың жоғарғы буынын білдіреді. Мүндағы буын ретінде несиенің объективті сипатын және несиелік қатынастарды үйымдастыруға байланысты шаруашылықтың субъективтік қызметінің өзара іс әрекеті түсіндіріледі.
(Несиелік механизмге несиенің мазмүны және өзіндік ерекшеліктерін сипаттайтын қатынастар және олардың пайда болу әдістері, тәсілдері және формалары жатады. Соңғылары несиелік қатынастардың мәніне жатпағанымен де, олар несиелік іс-тәжірибені сипаттайтын процеске жаңын немесе оның үстінде қалыптасады.
Берілген несиелік механизм түжырымы бүл механизмнің тек субъективтік сипаты туралы кездесетін позицияларға қарама-қарсы түрады. Осы түрғыдан, кейбір мамандар несие категориясын жалпы әдістемелік жоспардан оқып біле отырып, ғылыми таным барысында бірден несиенің мазмүнын, оның қызметтерін талдаудан несиелеу механизіміне өтеді.
Кез келген экономикалық механизм өзара байланысңан, яғни оның бір элементінің қозғалысы немесе өзгеруі басқаларының қозғалуы мен өзгеруіне ықпал ететін элементтер жиынтығынан түра ды.
( Несиелік механизмнің басқа экономикалық механизмдер сияқты мынадай қүрылымдық элементтері болады:
несиенің, түрлері;
несиелеу объектілсрі;
несиелеу субъекпплері;
несиелеу әдістері;
несиелеу процессі (несиелеу механизмі);
■ несиелеу принциптері;
несиелік тәуекелді баск,ару;

Банктік несиенің түрлері

Несиенін түрі — бүл несиелік к,атына тар к,үрыдымылык, олардын неіізгі к,ызметтерінін, яғни әр алуан сыртк,ы және ішкі өзгерістер барысында толык, сақталатын көрінісі.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалаи өзгергенімен де, несиенің түрі сол күйінде сақталады.
Коммерциялың банктер өздерінің клиетітері әр түрлі несиелер береді. Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
. қарыз алушылар категорияларына қарай:
1. Қаржылық, институттарга берілетін несиелер:
-мақсатты қорларға;
-банктерге;
-қаржы-несие мекемелеріне.
2. Қаржылык, емес агенттерге берілетін несиелер:
-өнеркәсіп салаларына;
-ауыл шаруашылығына;
-саудаға;
-дайындау үйымдарына;
-жабдыңтау-сату үйымдарына;
-кооперативтерге;
-жеке кәсіпкерлерге.
3. Түтыну мқсатына берілетін несиелер.
II. Мерзіміне к,арай:
- қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
-орта мерзімді (1 жылдан 3 —5 жылға дейін);
-үзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
. Тагайындалуы және пайдалану сипатына қарай:
-негізгі қорларға жүмсалатын;
-айналым қаражатына жүмсалатын.
IV. қамтамасыз ету дәрежесте к^арай:
1. қамтамасыз етілген:
- кепілхатпен,
- кепілдемемен;
- кепілдікпен.
2. Сак,тандырылган.
3. қамтамасыз етілмеген:
- сенім (бланктік)несиесі.
V. қайтарылу дәрежесіне к,арай:
1. Стандартты несие — қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ
қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер;
2) Күмэнді несиелер — қайтарылу уақыты кешіктірілген,мерзімі үзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес,
күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-санатты күмәнді.
3) Үмітсіз несиелер — қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі
өткен несиелер шотына жазылған несиелер.
VI. Валютамен берілуіне к,арай:
- үлттық валютамен;
- шетел валютасымен.
VII. Берілу шартына к,арай:
1. Түтыну несиесі — бүл жеке түлгаларга түтыну тауарларын сатып алу үшін және түрмыстык қызметтерді өтеуге берілетін нссие.
2. Ипотекалык, несие — бүл қозгалмайтын мүліктерді (түрғын үйді, өндіріс гимараттарын, жерді жэне т.с.с.) кепілге ала отырып, үзак, мерзме берілетін несиені білдіреді.
Овердравт несиесі — клиенттін шотынан к,аражатты шегеру, дебеттік к,алдык, бойынша берілетін қыск,амерзімді
4. Овсрнайт несиесі — өтімділікті к,олдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралык, несиенің түрі.
5. Онколъдык, несие — кредитордын алгашк,ы талабы бойынша өтелегін к,ыск,а мерзімді несие.
6. Банкаралык, несие ~ банктердін бір-бірне беретін несиесі.
7. Ломбардтык, несиесі ~ тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы кағаздарды кепілге алып, берілетін несие.
8. Лизингтік несие — к,үрал-жабдыктарды жалға алумен байланысты берілетін несие.
9. Рамбурстык, нссие шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат пен дайын өнімдсрді сыртка шыгару тэжірибесінде пайдаланылатын несие.
10. Сенім несиесі - банктін сеніміне кірген, төлем к,абілеті жоғары клиенттерге берілетін несие.
11. Маусымдык, несие — жабдьқтаушынын к,аржыладыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындагы уақыт
бойынша алшак,тыкты жабуга арналган несие.
12. Консорциалдык, несие — ірі жобаларды несиелеумак,сатында банктердін өзара к,осылып беретін несиелері.

3. Несиелеуді ұйымдастыру принциптері

Несиеулеу принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру' облысындағы объективті экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейді.
Несиелеу принциптері негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелілігі және т.б. анықталады.
Қазіргі несиелік қатынастарды үйымдастыру принциптері екі топка (бөлінеді:
топқа — жалпы экономикалык, Тәртіптегі принциптер:
■ несиенің мақсаттылығы;
• несиенің дифференциалдығы.
топк,а — несиенін мәнін бейнелейтін принциптер:
■ несиенің мерзімділігі;
• иесиенің қайтарымдылығы;
■ несиенің төлемділігі;
• несиенің қамтамасыз етілуі.
Қазіргі несиенің дифференциалдық припципінің мазмүны өзгерген десе болады.
Біріншіден, ол мерзімділік принципімен байланысады, яғни несие уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі. Сондықтан да несиелеудің дифференциациялануы тек несиелік қабілетті сипатайтын қөрсеткіштер негізінде ғана жүзеге асырылады.
Екіншіден, бүл принцип несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ре-сурстарға деген сүранысын оқып-үйрену барысында потенциалды қарыз алушылардың несиелік қабілетін және сүралып отырған несиенің қамтамасыз етілу сипатын және олардың банк үшін пайдалылығын, сондай-ақ қаражаттардың жүмсалу үзақтығын жетекшілікке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады.
Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің дифференциациялануы, оның өткен жүйедегі вариантымен салыстырғанда қаталдау болып табылады.
Мерзімділік — белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделген несиенің ерекше бір белгісі. Ол, яғни несие берушінің қарыз алушыға берілген қаражаты белгілі бір уақыт ішінде келісілген тәртіпке сай қайтарылуға тиістілігімен қорытындыланады. Осыдан келіп, несиенің қайтарымдылың принципі туындайды.
Несиенің қайтарылымдылығы оның экономикалық категория ретінде басқа да тауарлы-ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратылатын ерекшелігімен сипатталады. қайтарылмайтын несие болмайды. Сондыңтан да, қайтарымдылық несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.
Шаруашылықтың нарыңтық қатынастарға өтуіне байланысты несиелеудің бүл принципіне ерекше мән берілген.
Біріншіден, оның сақталуына байланысты үдайы өндірісте ақшалай қаражаттармен бірңалыпты қамтамасыз етілуі тәуелді.
Екіншіден, бүл принципті сақтау коммерциялың банктердің өтімділігін ңам-тамасыз ету үшін қажет. Олардың жүмысын үйымдастыру принциптері тартылатын несиелік ресурстардың қайтарымсыз жүмсалымдарға салынуына жол бермейді.
Үшіншіден, әр жекелеген қарыз аулушы үшін бүл принциптің сақталуы банктен жаңа несие алуға мүмкіндік береді.
Несиенін төлемділғі — бүл несие беруші қарыз алушыга берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп
қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылылың несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы (пайыз) түрінде беріледі. Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің бағасы деп те атайды. Еркін реттелетін нарық жүйесі түсында несие үшін сыйақы мәлшерлемесі несиеге деген сүраныс пен үсыныс негізінде қалыптасады.

4. Несиелеу әдістері

Несиелеу әдістері — несиенің берілу және қайтарылу ерекшеліктерімен байланысты болатын банктік несиенің кәсіпорындардың қаражат айналымының шсңберіне қатынасу тәсілдері.
Реформалауға дейінгі кезеңдегі отандың банктік тәжірибеде несиелеудің екі әдісі қолданылған:
к,алдык, бойынша;
айналым бойынша.
К,алдық бойынша несиелеу барысында несие қозғалысы (яғни, несиені беру және қайтару) несиеленетін қүндылықтар қалдыңтарымен тығыз байланысты болды. Ондай қүндылықтарға: әр түрлі тауарлы-материалды қүндылықтар (шикізат, негізгі және қосымша материалдар, қосалқы бөлшектер, тауарлар және т.б.), аяқталмаған өндіріс, алдағы кезеңдегі шығыстар, дайын өнімдер және жөнелтілген тауарлар жатады. Қорлардың нормативтен жоғары өсуі несиеге деген сүраныс тудырып, ал олардың азаюы несиенің сол мөлшерде қайтарылуын талап етті.
Мүндай несиелеу әдісінде несие компенсациялық сипатта болды, өйткені, несие шаруашылық органдардың қүндылыңтары мен шығындар қорларының нормативтен жоғары бөлігіне жүмсалған меншікті қаражаттары-ның орнын жабуға бағытталды. Компенсациялық несиелер жай несиелік шоттар бойынша берілді. Сондай-ақ бүл несиенің қайтарылуы есеп айырысу шотынан шегеру жолымен жүзеге асырылды.
Айналым бойынша несиелеу (тауар айналымы) әдісінің ерекшелігі ондағы несие қозғалысы материалдық қүндылықтар айналымымен, яғни олардың түсу және жүмсалуына байланысты анықталады. Бүл несиелеу әдісінде жаңа несиенің берілуі мен бүрын берілген несие бойынша қарыздың қайтарылуы уақыт бойынша үштасып қалып отырды. Мүнда несие төлемдік сипатқа ие болды, себебі несиенің берілуі тікелей төлемге қатысты және ең бастысы. заемдың қаражаттарға деген қажеттілік туындаған кезде жүзеге асырылды. Сөйтіп, айналым бойынша несиелеу әдісі төлемдік сипаттағы несиелердің көмегімен жүргізіліп, арнайы несиелік шоттар бойынша беріліп отырылған.
Бүл жерде несиенің қайтарылуы өнімді сатудан түскен ақшалай түсімдер есебінен банктік несиелік шотқа түсу арқылы жүзеге асқан.
Демек, бірінші әдіс бірақ рет пайдалануға жараса, ал екіншісі, банктік несиелерді үнемі беріп отыру үшін қызмет етумен қатар, халық шаруашылығының қорларының айналым шеңберін және төлем айналымын үйымдастыруда оның рөлі арта түсті.
Қалдық бойынша несиелеу әдісі нарықтық жағдайға өтуімен байланысты өзінің тәжірибелік маңызын жоғалтты, өйткені 80-ші жылдардағы банкті реформалаудың бірінші кезеңінің жүрісінде саны көп ауқымды объектілерді несиелеуден (қалдық бойынша, сол сияқты айналым бойынша да) біртүтас несиелеу механизмі бойынша ірі объектілерді тек айналым бойынша несиелеуге етудің объективті процесі аяқталды.
Мұнда айналым бонынша несиелеу жиынтың қорлар мен өндіріс шығындары бойынша несиелеу формасын қабылдады, сондай-ақ мүндай формаға іс жүзінде шаруашылықтың барлық салалары өткізілді.
К,азіргі жағдайда мүндай тәртіпте өнеркәсіптік, көлік, қүрылыс, ауыл шаруашылық, сауда және жабдықтау-сату үйымдары несиеленеді.
Сонымен, қазіргі банктік тәжірибеде несиелеу әдісінің үш түрі қарастырылады:
айналым бойынша несиелеу әдістері;
к,алдык бойынша несиелеу әдістері;
■ айналым-қалдъщтык,.
Айналым бойынша несиелеу барысында несие несиелеу объектісінің айналымындағы қозғалысын жалғастырып отырды. Несие қарыз алушының шығындарын оның ресурсы босағанға дейін аванстайды. Несиеге деген объективтік қажеттілікті үлғайту шараларына байланысты несие мөлшері өсіп, бүл қажеттіліктің азаюына байланысты несие қайтарылады. Бүл әдіс негізінен несиенің қозғалысымен қажеттілікті төмендету немесе үлғайту шараларына байланысты үздіксіз қамтамасыз ететін, яғни үздіксіз жаңартып отыратын процесс болып табылады.
Қалдык, бойынша несиелеу барысында несие несиеге деген қажеттілік тауарлы-материалды қүндылыңтар және шығындар қалдықтарымен өзара байланысты.
Мысалы, кәсіпорын өзіне қажетті қүндылықтарды өзінің қаржылай көздері есебінен сатып алуы мүмкін және содан соң оларды қамтамасыз өте отырып, банктен несие алуға өтініш жасайды, сондай-ақ шығарылған шығындарын өтейді.
Несие бүл жағдайда тауарлы-материалды қүндылықтардың қалдықтарын есепке ала отырып, ком-пенсациялау тәжірибесінде беріледі, ал қажетті материалдарды сатып алу шығындары авансылау үшін берілмейді.
К,алдың бойынша несиелеуде-несиелеу объектісінің кішкене бөлігі қамтылса, ал айналым бойынша несиелеуде несиелеу объектісі толығымен қамтылады.
Айналым және қалдьқ бойынша несиелеудің іс жүзінде үштасуының нәтижесінде айналым-к,алдықтық әдісі түзіледі.
Мүндағы бірінші кезеңде, несиеге деген қажеттіліктің туындауына байланысты несие берілсе, ал екінші кезеңде, берілген не-сие қатаң түрде өтеледі. Бірінші кезеңде несие тауарлы-материалды қүндылықтарды кепілге алып, шығындар айналымының бастапқы кезеңінде берілсе, ал екінші кезеңде, несие клиенттің банк алдындағы мерзімді міндеттемелері негізінде өтеледі.
Шетелдік банктік тәжірибеде несиелеудің мынадай екі әдісі белгілі: бірінші әдіс бойынша несиені беру туралы мәселе әр алған сайын қарапайым тәртіппен шешіледі. Несие қаражатқа деген белгілі бір мақсатты қажеттілікті қанағаттандыруға беріледі. Бүл әдіс несиелерді нақты бір мерзімге, яғни мерзімді несиелерді беру барысында қолданылады.
Екінші әдіс барысында несиелер қарыз алушы үшін банктің алдын ала белгіленген несиелеу шегі көлемінде беріледі. Бүл несиелеу шегі оларға белгілі бір мерзім аралығында төлем ңүжаттарын банкке төлеуге көрсету жолымен қажеттілік шараларына байланысты пайдаланылады.
Несие берудің мүндай формасын несиелік желіні ашу деп
атайды.
Несиелік желі — келісілген лимит негізінде белгілі бір мерзім ішінде к,арыз алушыга несие беріп отыратындыгы заңдастырылган, ягни банктің қарыз алушы алдындагы міндеттемесі.
Ашылған несиелік желі арқылы несиенің есебінен банк пен қарыз алушының арасында жасалынған несиелік келісімшартқа сәйкес, кез келген есеп айырысу қүжаттарын төлеуге болады.
Несиелік желі көбіне бір жылға ғана ашылады, бірақ кейде одан да қысңа мерзімге ашылуы мүмкін. Клиент банктен несиелік желі мерзімінің кез келген уақытында қосымша келіссөздер жүргізбей-ақ және ешңандай бланк толтырусыз несие ала алады.
Бірақ банк қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлағанын байқап қойса, бекітілген шек көлемінде несие беруге келіспеу қүқығы сақталады. Белгіденген тәртіп бойынша, несиелік желі түрақты қ,аржылық жағдайы және жақсы ресурстары бар клиенттерге ашылады. Клиенттің өтініші бойынша несиелеу шегі қайта қаралуы да мүмкін.
I Несиелік желінің жанартылатын және жанартылмайтын түрлері болады. Жаңартылмайт.ын несиелік желі ашқан жағдайда несиені беріп және оны өтегеннен кейін банк пен клиент арасындағы қарым-қатынас аяқталады. Жаңартылатын несиелік желі барысында (револьверлік) несие автоматты түрде қарыздың белгіленген лимит шегінде беріледі және өтеледі.
Несиелік желі, сол сияқты, мақсатты да болуы мүмкін, Мүндай мақсатты несиелік желі клиенттің бір келісімшарт төңірегінде белгілі бір тауарларды жабдықтауды төлеуі үшін ашылады.
Жаңартылатын несиелік желі әдісінің сыртқы көрінісі жағынан отандық, яғни ірі объектінің айналымы бойынша несиелеу әдісіне көбірек үқсастығы да болады. Бірақ та олардың арасында айырмашылықтар бар. Сөйтіп, шетелдік банктер несиелік желіні тек бірінші кластық қарыз алушыларға ғана ашады, ал біздің коммерциялық банктерде ондай клиенттерді бөліп жатпайды.
Сонымен қатар, несиелеу шегін анықтау тәсілдері де әр түрлі, сол сияқты өлшенбейтін төлемдер көлеміне байланысты ажыратады. Бізде ол біршама маңызды. Мүндай кемшіліктер жаңа коммерциялың қүрылымдарға несиелік желі ашуға болмайды. Бірақ та, мүндай клиенттерді несиелеудің басты әдісі — әр жекелеген несиелерді беру барысында қарапайым көзңараста болу болып табылады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Несиелік объектісі, субъектісі дегеніміз не?
2. Несиелік принциптеріне не жатады?
3.Несиелік механизмді қалай түсінесіздер?
4.Несиелер қалай жіктеледі?
5. Несиелеу механизмі және несиелік процесс нені білдіреді?
6.Несиелеу түрлерін ата?
7. Несиелеу әдістеріне не жатады?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. ҚР Ұлттық банкі туралы ҚР заңы.30.03.1995.
2. ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы ҚР заңы 30.03.1995.
3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-
Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.139-173.

Модуль 2. Қазақстан Республикасындағы несиелендіруді уйымдастыру

Тақырып 3. Активті және пассивті операциялары
1. Активтер және активтік операциялар туралы түсінік, олардың пассивтік операциялардан айырмашылығы.
2. Пассивтік операциялары және олардың қалыптасуының қайна көздері, банктік меншік капиталы, олардың қызметтері банктік резевтер, жарғылық капитал, депозиттіқ операциялар және олардың түрлер.

1.Банктін жинақтағын ресурыстарын табыс табу және өтімділігін қамтамасыз ету мақсатымен орналастыруын актив операциялары деп атайды.
Актив операциялары негізінен төрт топқа бөлінеді:
1. Несие – есептеу операциясы, оның нәтижесінде банктің несиелік портфелі қалыптасады;
2. Инвестициялық операциясы, ол инвестициялық портфельдің негізін құрайды.
3. Кассалық және есептесу операциялары – бантің клиентерге көрсететін қызметтерінің бірі.
4. Басқа операциялар.
Несие – есептеу операциялары – ол банктің несие ресурстарын орналастыру қызметіндегі несие беру операциясы.
Банк табысының көп бөлігі осы операцияларды жүргізуден түсіреді.
Коммерциялық банктердің клиентеріне беретін қарызын біраз бөлгілерге байланысты топтастыруға болады:
1. Борышқордың типіне байланысты – кәсіп орынға, үкметке және жергілікті үкмет орындарына, халыққа басқа банктерге берілетін қарыз.
2. Пайдаланатын мерзіміне байланысты – қысқ мерзімді (1 жылға дйін), орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), үзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
3. Қызмет ету ортасына байланысты - өндіріс аясына берілген қарыз және айналыс аяасына берілген қарыз.
4. Борышқордың қай салаға тиістілігіне қарай өнеркәсіпе, саудаға, ауыл шаруашылығына, транспортқа берілетін қарыз.
5. Қамтамасыз етілуі бойынша – кепілді, қорғаулы, қауіпсіз және қамтамасыз етілмеген
6. Өтеу тәсіліне қарай - бір уаққыта және бөлік – бөлікпен өтелетің қарыз.
Несиені банктер несилердің мына негізгі принцип тері сақталғанда ғана береді:
Қамтамасыздық.
Қайтарылымдылық.
Мерзімділік.
Төлемділік және мақсаттылық.
Контокоренттік шоттардан берілетін несие контокоренттік несие деп аталады. Контокорентің несиелере ұсыну тәртіптері сақтала отырып, келісім-шарт бектіледі. Банктердің контокоррентік шот бойынша әрбір қарыз алушы үшін несие сомасын шектеуде лимит белгіленеді.
Аталған несиені қамтамасыз ету құрамына ипотека, бағалы қағаздар және т.б. жатады.
Овердрафт – клиентке чек бойынша банктің қысқа мерзімді несие беруі немесе оның банкке берген шоттарын ағымдағы шотындағы қалдықтан артық болса да , бекітілген лимит шегінде банктің төлеуі.
Нәтижесінде ағымдағы шотта дебеттік қалдық қалады. Овердрафтның жоғары сомасы ағымдағы шот ашылғанда шартпен анықталады. Ол клиенттің ағымдағы есеп айырысуына қаражат жетіснестігін қанағаттандыруға берілетін несие . Несие үшін ақы жұмсалған нақты қарыз бойынша алынады.
Қысқа мерзімді несиелер – күнделікті айналым операцияларына қажетті айналым капиталының құнын өтеу үшін беріледі.
Оларға жататындар : несиелік желі (линия) соның ішінде маусымдық және жанамалы қағаздар күтпеген оқиғаларға жұмсалатын несиелер мен қарыз алушының айналым капиталын толықтыру үшін берілетін қарыздар.
Орта мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздар – күрделі құрылыс шараларын жүргізу үшін, үй және қондырғылар сатып алу үшін , сонымен қатар , негізгі капиталды қаржыландыру үшін беріледі. Оларға жататындар :
1. мерзімдік қарыздар
2. мүлікті кепілге алып берілетін қарыздар
3. құрылыстық қарыздар және қаржылық лизингтер

Несиелік желілер - анықталған тәртіптерді сақтай отырып , белгіленген уақыт аралығында несиелерді пайдалануға мүмкіндік беретін, несиелердің максималды сомасын алу туралы банк пен қарыз алуша арасындағы келісім шарт . Жақсы табыс тауып , жиі несие қолданып жүрген фирма қажетті жағдайда көлемі. Алдын ала белгіленген қарызды банктен алуға келісім – шарт жасасады. Бұл қарыз бір жылға дйінгі мерзімде беріледі.
Несиелік желінің мынандай түрлері болады:
Маусымдылық - өнлірістің маусымдық болуы мен байланысты айналым құралдарының жетіспеушілігінен банктерге беріледі.
Жаңармалы – айналым құрылдарының ұзақ мерзімге жетпеуіне байланысты қарыз алушыға берілетін несие.
Күтпеген оқиғаларға жүмсалатын қарыздар – айналым құралындағы күтпеген жағдайларға бір жолғы қажеттілігін қаржыландыру үшің беріледі.
Айналым капиталын толықтыруға арналған перманенттік қарыздар – айналым құралындағы ұзақ мерзімі тапшылықтарды жабу үшін беріледі. Бұл жерде несиелер ай сайын немесе үш ай сайын жойылып, жабылып отырады.
Мерзімді қарыздар – ғимраттарға жөндеу жұмычтарын жүргізу, көлік сатып алу, құрал – жабдықтар олу және бастапқы қарыздарын қаржыландыру үшін беріледі. Бұл қарыздар күрделі капитал енгізілетін салаларда өте кеңінен қолданылады.
Өтімділігіне және пайда әкелуіне қарай банк активтерін төрт бөлікті топқа бөлуге болады:
Бірінші топқа – бірінші реттегі резервтер жатады. Бұл алынатын төлеуге салымдарды және несиеге деген сұранысты қанағаттандыруға тез арада пайдалануға болатын ең өтімді активтерді білдіреді. Мұндай активтерге : кассадағы нақты ақшалар; басқа да банктердегі корршоттағы қаражаттар;инкассалау процесіндегі чектер және басқа да қаражаттар жатады.Мұндай активтер табыс әкелмейді, бірақ банк өтімділігінің көзі ретінде қызмет етеді.
Екінші топқа – екінші реттегі резервтер жатады. Бұлар кішкене табыс әкеледі, бірақ та, оларды жоғары өтімді активтер ретінде ақшаға айналдыруға болады. Оларға: вексельдер, басқа да қысқа мерзімді бағалы қағаздар; сұранымды ссудалар; және бірінші классты қарыз алушыларға берілген қысқа мерзімді ссудалар.Бұл топтың басты тағайындалуы – олар бірінші реттегі резервтерді толықтыратын көздер ретінде қызмет етеді.
Банк активтерінің үшінші бір маңызды бөлігін банктік ссудалар портфелі құрайды.Банктік ссудалар біршама табысты және өте жоғары тәуекелді болып табылады.Бұл активтер топтары банктің басты пайда көзі ретінде қызмет етеді.
Төртінші топты – банктің бағалы қағаздар портфелі құрайды.Банктің бағалы қағаздар портфелін қалыптастырудың басты екі мақсаты болады:
1. банкке табыс әкелу;
2. екінші реттегі резервке қосымша көз ретінде қызмет ету;
Ссудалық операциялар – банктің ресурстық базасын орналастыруды банктің активтік қызметінің негізгі бөлігін құрайды.Макроэкономикалық деңгейдегі бұл операцияның мәнін, операцияның көмегімен банктер уақытша жұмыс жасамайтын,жасайтын етуімен сипатталады.Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі ссудаларды береді.Оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктейді:
1. Несие берушілеріне қарай:
Банктік;
Арнайы несиелік мекемелер;
Бюджеттік;
2.1)қарыз алушылар ктегорияларына қарай:
қаржылық институттарға берілетін несиелер.
үкіметке;
мақсатты қорларға;
банктерге
арнайы несиелік мекемелерге
2)Коммерциялық емес агенттерге берілетін несиелер
өнеркәсіп салаларына
ауыл шаруашылығына
саудаға
дайындау ұйымдарына , жабдықтау-сату ұйымдарына
кооперативтерге
жеке кәсіпкерлерге
3)тұтыну мақсатына берілетін несиелер
3.Мерзіміне қарай:
қысқа мерзімді (1жылға дейін)
орта мерзімді (1жылдан 5жылға дейін)
ұзақ мерзімді (5жылдан жоғары )
4.Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай:
негізгі қорларға жұмсалатын
айналым қаражатын жұмсалатын
5.Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
1)қамтамасыз етілген:
кепілдемемен
кепілмен
2)сақтандырылған
3)қамтамасыз етілмеген
сенім несиесі
6.Қайтарылу дәрежесіне қарай:
мерзімді
күмәнді
7.Валютамен берілуіне қарай:
ұлттық валютамен
шетел валютасында
8.Берілу шартына қарай:
авальдық
акцептық
аукциондық
ипотекалық
валюталық
овердрафтық
лихингтік
жеңілдікпен берілетін
тұтыну
ревальвердік
маусымдық
факторингтік
форфейтингтік
9.Несиелеу обьектісіне қарай:
меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға
материалдық запастар жиынтығы мен өндіріс шығындарына
сыртқы экономикалық қызметке байланысты товарларды экспорттау мен импорттауға
азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар,материалдар, құралдар және басқадай мүліктер алуына
ломбардтық,ссудалық,кепілдік операцияларға
театрлар және демалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары арасындағы маусымдық үзілістерге

2. Банк ресурстары термин несиелік ресурсына қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондық опе-рацияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.
Жоспарлы экономиканы әкімшіл және әміршіл басқару жүйесі жағдайында банк ісінің ұйымдастырылуында мемлекеттік монополия көрінісі байқалды. Барлық кәсіпорындар, үйымдар және мекемелер заңды түрде мемлекеттік банк мекемелерінде өздерінің ресурстарын міндетті түрде сақтауға тиіс болды. Банкке кәсіпорындар мен мекемелердің ресурстары іс жүзінде ақысыз тартылды. Тек кооперативтік кәсіпорындарға ғана жартылай мөлшерде төленді. Осындай жағдайларда жалпы мемлекеттік к,арыз к,оры деген экономикалың түсінік қалыптасты. Жалпы мемлекеттік қарыз қор халық шаруашылығын несиелеу үшін банк жүйесі арқылы мемлекеттік ықпалымен жинақталған қаражаттар жиынтығын білдіреді. Демек, олар банк ресуртары болып саналады. Несиелік қорды орталықтан бөлу сипаты банк ресурстарының құрылымдарына тікелей әсер етті. Сол кезеңдер де банк ресурстары меншікті және тартылған қаражаттарға бөлінген. Мұндағы меншікті қаражаттарға: жарғылық, резервтік, негізгі құралдар, амортизациялық. және банк ісін дамыту қорлар, ал тартылған қаражаттарға: мемлекеттік бюд­жет қаражаты, кәсіпорындардың, ұйымдардың есеп айырысу және ағымдық шоттардағы қаражаттары және халықтық ақшалай жинақтары жатты. Осындай жағдайларда банк ресурста­ры нарығы қалыптасып, мемлекеттік қарыз қоры осы нарықтың бір бөлігін құрады.
Бүгінгі таңдағы банк ресурстары нарығының құрылуында көптеген ерекшеліктер бар деуге болады. Коммерциялық банктердің қызметінің тұрақтылығы үшін, ең бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек, ал оның қамтамасыз етілуі, банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындағы көлемі және мерзімі бойынша тепе-теңдіктің сақталуын талап етеді.
Банк ресурстары нарығының пайда болуымен қатар бағалы қағаздар нарығы қалыптасады. Сөйтіп банктер жаңа қызмет түрлері ретінде бағалы қағаздармен, факторинг, лизинг және басқа операциялармен тікелей жұмыс жасай бастады. Бұл, яғни банктің ресурстық құрамына тек қана ақшалай қаражаттар емес, сол сияқты тауарлы-материалдық, құндылықтар және бағалы қағаздар кіреді дегенді білдіреді. Ұлттық (орталық) банкіміз банктердің банкі болып табылатындықтан, коммерциялық банктердің ресурстарының бір бөлігі сол банктен алған ресурстардан да құралады.
Демек, коммерциялың банктер ерекше бір кәсіпорын ретінде делдалдың қызметке байланысты, банктік ресурстар нарығында ақшалай ресурстарды сатып ала отырып, оны қажет ететін кәсіпорынға, ұйымға және халыққа сатып отырады.
Банк ресурстары — бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық, активтік операциялар бойынша банк өтімділігін к,амтамасыз ету жэне пайда табу мак,сатында орналастыруға бағыгпталатын банктің меншікті және тартылған к,аражаттарының жиынтығы.
Нарықтық қатынастарға өту барысында банктік ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы-материалды құндылықтар жатады.
Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануына, әмбебаптығы мен қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.
Банк ресурстарының құрылымына мыңалар жатады:
1) Банктің меншікті капиталы.
2) Банктің заемдык, және тартылған к,аражаттары.
Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі
тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ға жуық бөлігі өтелсе. ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Банк ресурсы дегеніміз не?
2. Банк ресурсы құрылымы неден тұрады?
3.Банктің меншікті капиталын қандай баптар құрайды?
4.Меншікті қаражат жеткілігін қалай анықтайды?
5.Банк активтері?
6.Банктің активтері қандай топтарға бөлінеді?
7.Банк активтерінің жіктелуі?
8.Банк активтерінің құрылымы неден тұрады?
9.Банк несиелері қалай жіктеледі?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. ҚР Ұлттық банкі туралы ҚР заңы.30.03.1995.
2. ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы ҚР заңы 30.03.1995.
3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.- Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.94-96.

Тақырып 4. Несиелендіруді ұйымдастыру.

1.Несиені беру кезеңдері.
2.Банктік ссуданы алуға қажетті құжаттар жиыны.
3. Банктік ссуданы беру тәртібі.
4. Ссудаларды өтеуге және пайдалануға бақылау. Несиелік санкциялар.

1.Несиелеу механизмін кеңес экономистері жалпы несиелік механизмнің техникалың қабаты ретінде бөліп қарастырады.
Несиелеу механизмі — несиенін берілу және к,айтарылу әдіс-тәсілдерін және несиелеу процесін, сондай-ак, несиенін к,озгалысына бак,ылауды к,амтитын несиелік механизмнін к,урамдас бөлігі.
Басқаша айтқанда, несиелеу механизмі бүл несиені пайдалану механизмін білдіреді. Несиелеу механизмі — бүл несиені гылыми түргыда тану механизмін сипаттайды. Бүл механизм практикада нақты әрекет ететін, өзінің субъективтік сипаты бар механизм. Несиелеу механизмі өзінің мәні жағынан несиелік процесс технологиясын бейнелейді.
Несиелеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:
несиеге деген өтінішті к,арау;
■ несиелік к,абілетін талдау;
несиелік келісімшарт жасасу;
несис беру;
несиелік мәміленін орындалуына бак,ылау жасау.
I кезец. Банкке келіп түскен несиеге деген өтінішт қарау.
Кез келген несиелік операциялар осыдан басталады. Мүндай қүжаттарда қарыз алушы мен сүралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсаты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі.
Банктің қоятып талаптарына байланысты өтінішке қосымша, яғни несиелік операциялар сипатына байланысты қүжаттар беріледі.. Клиенттердің әр түрлі топ-
тары үшін әр турлі құжаттар пакеті әзірленуі мүмкің.
Мысал ретідегі қүжаттар пакеттін қүрамына жататындар:
1)күрылтайшылық қүжаттардың, жарғының, жалға алу шарттарының, тіркелген куәліктерінің немесе патенттерінің; нотариалды түрде куәландырылған жерді пайдалану қүқығын куәландыратын қүжаттар; азаматтардың төл қүжаттары және клиенттің несие алуға қүқығын растайтын басқа да қүжаттардың көшірмелері;
2.соң,ғы екі жылдың қарыз алушының балансы және оған қосымша беттер;
З.несиеленетін шаралардың рентабельдік деңгейін және оның қайтарылу мерзімін сипаттайтын техникалық-экономикалық есебі;
4.несиеленетін мәмілелерді растайтын. келісімшарттар көшірмелері (материалдық қүндылықтарды жабдықтауға және сатуға арналған шарттар, тауарлы-материалдық қүндылықтар шотының көшірмелері және т.с.с),
5) басқа банктерден алған несиелер туралы мәліметтер бойынша көшірме);
6)қамтамасыз ету мақсатында кепілге берілген мүлікке қарыз алушының меншік қүқығын растайтын қүжаттар;
7. несиеңі қайтаруға байланысты міндеттемені куәландыратын қүжаттар;
8.қызметін жаңадан бастаған, яғни каржылық есептер және басқа да қүжаттары жоқ кәсіпорынның бизнес жоспары.
К,ажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиені қайтаруын қамтамасыз ететін басқа да қүжаттар мен мәліметтерді талап ете алады. Сонымен қатар, банкпен түрақты несиелік қатынаста болатын қарыз алушылар үшін кейбір қүжаттар тізімі қысқаруы мүмкін.
Карыз алушы банкке несие алуға өтініш жасаған уақытта, банк несиелеудегі оның мүмкіндігін алдын ала бағалау үшін есеп карточкасін толтыруы мүмкін.
Онда: фирманың жетекшісі мен қарыз алушының аты-жөні; қызметі және меншік түрі; клиенттің заңды мекен-жайы; ағымдың және ва-люталық шот ашқан банктің аты және реквизиттері; негізгі қүрыл-тайшылары; ол сүрайтын несиенің мақсаты, сомасы және мерзімі; соңғы есептік күнге берілген баланс қүрылымы және басқа да көрсеткіштер.
Тапсырылған қүжаттарды оқып үйрену барысында банк қарыз алушының алған несиесін қайтару қабілетін бағалаудың шешім қабылдау үшін аса маңызы бар. Бағалау техникалық-экономикалық есеп негізінде жасалады.
ІІ Кезен. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау кезені.
Қарыз алушының несиелік қабілеті — Қарыз алушының алған несиесі бойынша қарызды уақтылы және толық көлемде қайтару кабілетін бағалаумен сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардң әсерінен болуы мүмкін, сондықтан да банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан бүрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бүл көрсеткіш банктің өтімділігіне ықпал етеді.
К,арыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынадай факторлар есепке алынады:
-несиеге к,атысты к,абілеттілгі. К,арыз алушыға несиені бере—отырып, қарыз алушының атынан шығатын түлғаның қүқықтың қуатын анықтайтын Жарғысы және нүскауымен танысуға тиіс;
- К,арыз алушының іскерлік бедел . Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп қарыз алушының ңагызды қаитаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай-ақ келесі шартқа байланысты барлық міндеттемелерді орындауы тусіндріледі.
-Табыс алу к,абілетлігі. Банк қарыз алушының несиені қайтаруға жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.
Қарыз алушының табыс алу қабілітіғі анықтау барысында сату көлеміне, баға шығындарына, шығыстарға әсер ететін факторлар есепке алынады.
Бұл факторларға: қарыз алушы кәсіпорынның орналасқан жері, оның тауарлары мен қызметтерінің сапасы, шикізат қүны, қызметкерлерінің біліктілігі жатады. Несиелеудегі шетелдік тәжірибеде бүл факторларға қоса жарнамалау тиімділігі, бәсеке сияқтыы факторлар ескеріледі.
III кезен. Несиелік және кепіл туралы келісімшарт жасасу. Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болганнан кейін, несиелік шарт жасасу үшін несиелеу субъектісімен катынасқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сүрақтарда банк пен қарыз алушы келісімшарт негізінде шешеді.
( Несиелік келісімшарт екі жақтың өзара міндеттемелерін және жауапкершіліктерін аныктайды. Онда мыналар көрсетіледі:
несиелеу мақсаты және объектісі;
несиенің мөлшері;
несиені беру мерзімі және қайтару шарттары;
несиені камтамасыз ету формасы;
несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі;
— несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін қарыз алушының беретін қүжаттарының тізімі;
— несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі.
Несиелік келісімшарттың мазмүнын келісуші жақтардың өздері анықтайды.
Несиелік қатынастарды ұйымдастыру тәжірибесінде кепіл туралы келісімшарттың орны ерекше. Кепіл туралы шарт кепіл затына байланысты ажыратылады.
Кепіл затына: заттар, бағалы қағаздар, басқа да муліктер және мүліктік қүқықтар жатады.
Материалдық-заттық мазмүнына қарай кепіл заттары мынадай топтарға бөлінеді:
Клиенттін, мүліктерінің, кепілі
"тауарлы-материалдық қүндылықтар кепілі:
а) шикізаттар, материалдар, жартылай өнімдер кепілі;
ә) тауарлар және дайын өнімдер кепілі;
б) валюталық бағалылар (нақты валюталар), алтыннан жасалған бүйымдар кепілі;
в) басқа да тауарлы-материалдық қүндылықтар кепілі;
• бағалы қағаздар (вексельдер) кепілі;
■ сол банктегі депозиттер кепілі;
жылжымайтын мүлік кепілі (ипотека).
), Мүліктік құқықтар кепілі:
жалгерлік қүқық кепілі;
авторлың қүқық кепілі;
жерге қүқық кепілі.
Кепіл туралы келісімшартта мынадай мәселелер қарастырылады:
Келісімшарт жасасушы тараптар туралы мәліметтер;
Келісімшарт заты;
Кепіл берушінің құқықтары мен міндеттері;
Кепіл үстаушының құқықтары мен міндеттері;
Талап ету құқықтары;
Кепілге қойған мүлікті қайта рәсімдеу, басқа мүлік
есебінен;
Кепілге қойған мүліктің бузылуына байланысты тәуекел
жағдайлары мен кепіл затын ауыстыру;
Тараптардың жауапкершіліктері;
Ерекше шарттар;
Дауларды шешу;
Басқа шарттар.
■ Кепіл туралы келісімшарт жасасушылардың заңды мекен-жайы мен өзге де мәліметтері.
IV кезен Несие беру кезені. Бүл кезең ағымдық шот ашу, несиені беруді қүжаттау тәртібін (қосымша қүжаттар толтырылуы мүмкін), несиені беру тәсілін анықтайтын несиелеуді үйымдастыру және техникалық шарттарын қамтиды.
Несиенің көлеміне байланысты әр түрлі берілу тәсілдері болады. Біріншісі — несие клиенттің шотына толығымеи аударылып, қажет болған жағдайларда жүмсалынады.
Екіншісі — несие алу қүқығы қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктің туындауына байланысты біртіндеп іске асады.
Үшінші — белгілі . бір соманы алуға клиенттің қүқығы бола отырып, ол оны алудан бас тартады (мысалға, артың сыйақы төлегісі келмейді).
Несиенің мөлшері оны беру барысында несиелеу ережелеріне сәйкес анықталады.
V кезен Несиені қайтаулі _және оган сыйақ,ы төлеуіне бак,ылау жасау — несиелік операцияның маңызды кезеңі.
Несиелер бойынша қарызды қайтару тәсілі банк қаражаттарының пайдалану үзақтығына және олардың төлем айналымын қүраудағы рөліне байланысты.
Несиенің берілуі сияқты несиені қайтарудың бірегей жасалған үлгісі жоқ.
Іс жүзінде несиені қайтарудың төмендегідей көптеген варианттары болады:
1) мерзімді міндеттемелер негізінде эпизодтық қайтару;
2) меншікті қаражаттардың жинаңталуың және несиеге
деген есеп айырысу шотына қажеттіліктің азаю шамасына қарай қайтару;
3) алдын ала белгіленген сома негізінде жүйелі түрде
қайтару;
4) түскен түсімді бірден несиелік қарызды жабуға есеп-
теу;
3) несиенің қайтарылу мерзімін созу;
5) мерзімі өткен қарызды Мерзімі өткен несиелер шо-
тына аудару;
7) банк резерві есебінен мерзімі өткен несиелерді шегеру.
Несиелік қарызды қайтару туралы қарастырылған варианттар бүл процесті мынадай белгілеріне байланысты жіктейді:
Қайтаруына қарай:
1) несиені толық қайтару;
2) несиені жартылай қайтару.
Қайтару жиілігіне қарай:

1) несиені бірден қайтару;
2) несиені бөліп-бөліп қайтару.
Қайтарудың жүзеге асырылу уақытына карай:

1) несиені жүйелі түрде қайтару;
2) несиені эпизодтық қайтару.
Қайтару мерзімдеріне қарай:

1) несиені мерзімді қайтару;
2) несиенің уақытын созып қайтару;
3) несиенің мерзімін өткізіп барып қайтару;
4) несиені мерзімінен бұрын қайтару.
Қайтару көздеріне қарай:

1) клиенттің меншікті қаражаттары;
2) жаңа несиені пайдалану;
3) кепіл берушінің шотынан шегеру;
4) басқа кәсіпорын шотынан түскен қаражаттар;
5) бюджеттік түсім және т.б.
Несиенің қайтарылуын арнайы құжат арқылы жасауға да, жасамауға да болады. Несиенің қайтарылун негіздейтін қүжаттарға: клиенттің жазбаша үкімі, банктің өзіңың үкімі, соттық бүйрықтары жатады. Клиенттің өзінің шотынан ақшалай қаражаттарды шегеру туралы берген үкімі жазбаша да және ауызша да болады. Несиенің қайтарылуы қағазсыз, яғни байланыс ка-налдары арқылы да жүзеге асырылады.
Несиенің қайтарылуына бақылау жасау үшін банкте несиелер бойынша мерзімді міндеттемелердің картотекасын жүргізеді. Банк қызметкерлері күнделікті қайтарылып мерзімі жеткен несиелерді қарай отырып, қарыз алушының,есеп айырысу шотынан қаражаттарды шегеруге үкім-ордерін береді.
Жартылай қайтаруға байланысты төлемдер уақыты жеткен кезде мерзімді міндеттеменің келесі бетіне тиісті белгілерін жасайды. Егер де қарыз алушының ағымдық шоты басқа банкте ашылған болса, несие бойынша қарызды және сыйақыны кайтару қарыз алушының төлем тапсырмасы негізінде жүргізіледі.
Жекелеген жағдайларда, қарыз алушының уақытша қаржылық қиындықтарға кезігуіне байланысты банк қайтару мерзімін кейінге қалдыруға рүқсат етуі мүмкін, бірақ бүл қарыз жоғарғы сыйақымен қүжатталады.
Сыйақы мөлшері оны төлеу мерзімі және тәртібі, сондай-ақ оларды іздестіру механизмі несиелік келісімшартта анықталады. Сыйақы ай сайын, тоқсан сайын және т.б. есептелуі және қайтару кестесіне сәйкес іздестірілуі мүмкін.
Пайызды есептеу барысында шартты турде айдағы күндер саны — 30, ал жылдағы 360 күнмен алынады.
Банк несиелік келісімшарттың орындалуына, қарыз алушының алған несиені пайдалануына және оны толық қайтаруына бақылау жасайды. Осы мақсатта қарыз алушының шаруашылык қызметіне, оның қаржылық жағдайына талдау жасап, қажет болған жағдайларда, орнында ақшалай және есеп айырысу қүжат төленуге тиіс. Ал қалған сомасы, яғпи 50 пайызға жуығы жыл бойы салынуға тиіс.
Жарияланған жарғылық қордың 50 пайызың ақшалай түрдегі сомасы сол банктің корреспонденттік шотына түсіріліп, ал материалдық қүндылықтары бірлескен түрде бағалануына байланысты банкті қүрушы акционерлердің жалпы жиналысында акті бойынша қабылданады.

2." Қазіргі банктердің несие үшін сыйақы_ мелшерлемесі белгілеуде ескеретін басты факторларына мыналар жатады:
орталық банктің коммерциялық банктерге беретін несиелері (мүдделендіру) бойынша белгіленетін сыйақысының базалык
мөлшерлемесі;
банкаралық несие бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі;
өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін ор-
таша сыйақы мөлшері;
банктің несиелік ресурстарының қүрылымы тартылған
(қаражаттар үлесі қаншалықты жоғары болса, несие бағасы со-
ғүрлым қымбат болуға тиіс);
несиеге деген сүраныс (сүраныс аз болса, несие бағасы да
арзан болады);
несиенің сүралатын мерзімі мен түрі, нақтырақ айтсақ,
банк үшін оның қамтамасыз етілуіне байланысты тәуекел
дәрежесі;
• еліміздегі ақша айналысының түрақтылығы (инфляция
қарқыны қаншалықты жоғары болса, соған сәйкес несие үшін
төленетін сыйақы да жоғары болуға тиіс. себебі, инфляция жағ-
дайындағы ақшаның қүнсыздануынан банктің ресурсын жоғал-
ту тәуекелі артады).
Сонымен қатар, пайыз мөлшерлемесіне объективтік және экономикалық, сол сияқты субъективтік факторлар да әсер етеді. Шын мәнісінде, заңды және жеке түлғалардан тартатын несиелік ресустар қаншалыңты қымбатқа түссе, соғүрлым несиенің бағасы жоғары келеді.
Банктік тәжірибеде несие бойынша жай және күрделі сыйақы есептелу формулалары қолданылады.
Жай сыйақыны есептеу формуласы мынадай түрде беріледі:
І X Р X П
----------------
360 х 100
мүндағы:
і — сыйақы мөлшері;
Р — қарыз қалдығы;
п — сыйақы есептелетін кезеңдегі күндер саны;
I ~ несиенің барлық мерзіміне есептелетін жай сыйақы сомасы.
Несие бойынша есептелетін күрделі сыйақыны есептеу формуласы мынадай: i
I= P*(1+------)n-1
1200
мүндағы:
і — сыйақы мөлшерлемесі;
Р — несиенің бастапқы сомасы;
I — несиенің барлық мерзіміне есептетін сыйақы сомасы;
п — аймен берілген несиенің үзақтығы.
Несиелеудің келесі бір принципі — берілетін несиелердің материалдқ, жагынан қамтамасыз етілуі. Бүл принциптің пайда болуы негізінен несиенің экономикалық категория ретінде шығуымен бірге келеді. Бірақ та уақыт өте келе бүл принциптің мазмүны толығымен өзгерген.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Несиелік саясат дегеніміз не?
2. Несиелік саясаттың құрылымдық элементтеріне не жатады?
3.Несиелік механизмді қалай түсінесіздер?
4.Несиелік механизмнің элементтер неден тұрады?
5. Несиелеу механизмі және несиелік процесс нені білдіреді?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. ҚР Ұлттық банкі туралы ҚР заңы.30.03.1995.
2. ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы ҚР заңы 30.03.1995.
3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-
Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.139-173.

Тақырып 5. Коммерциялық банктердің несиелік саясаты.

1.Несиелік саясаттың экономикалық мазмұны.
2.Банктің несиелік саясаты және оның құрамдас бөліктері.
3.Банктің несиелік саясатын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар және олардың депозиттік саясатпен байланысы.

1.Несиелік саясат банктің несиелік жумысы ұймдастыру негізін және несилеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары.
Кең мағынасында, несилік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар тұрғысынан қарастыруға болады.
Тар мағысында, несиелік саясатө бұл несиелік процесті ұймдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды. Несиелік саясат банктің несилік жұмысын, оның жалпы стратегияларына сай ұймдастыру негізін және несилеу процесін қалыптастыруға қажетті ңүжаттар жүйесін (үйымдастыру) жасау шарттарын білдіреді.
Ж алпы несиелік саясат мынадай сипатта болуға тиіс:
нүсңаулық емес, яғни директивті нүсқауларды қамтиды;
несиелеудің мақсаттарын нақты және мағыналы анық-
тауға мүмкіндік береді;
нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін
қамтиды;
оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен
нүсқаулықтарды қамтитын қүжаттардан түрады.
Несиелік саясат банктің стратегиясын, оның тәуекелді басқару облысындағы саясаттарын ескере отырып жасалады. Несиелік саясат несиелік қызметтің мынадай негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді:
- несиенің берілуіне және несиелік портфельді басқаруға жауап беретін банк қызметкерлері жетекшілікке алатын
объективтік стандарттар мен критерийлерін;
- несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын түлғалардың басты іс-әрекеттерін;
- сыртңы аудит қызметтерінің жүмысын және банктегі несиелік қызметтің сапалығын;
- ішкі баңылау қағидаларын.
Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы іс-әрекеттердің тізбектелуін қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердің лауазымды міндеттерін аныңтау үшін қажет.
Несиелік саясатты іске асырудың белгілі бір тәртібі болмайын-ша несиелеудің біртүтас ережелерін тәжірибеге енгізу мүмкін емес. Сондықтан да, жазбаша түрде жазылған несиелік саясат пен оны іске асырудың соған сәйкес ережелері несиелік процесті жүргізудің негізін күрайды.
Несиелік саясат, банк қызметкерлерінің бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дүрыс таңдай білуіне,
сондай-ак, несис беру мүмкіпдігі туралы сүраңгы шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиетін таңдаудағы біліктілігіне негізделеді.
Сондай-ақ, несиелік саясат банктің бүгінгі иелігіндегі немесе ертең енгізуді дүрыс санайтын несиелік өнімдермен аныңталады. Мысалға, кәсіпорындарға қысқа мерзімді несиелер (айналым қаражаттарын толықтыруға) және үзақ мерзімді инвестициялық несиелер (өндірісті кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта қаруландыруға, ғылы-ми-техникалық инновацияларды енгізуге) берген қолайлы.
Несиелік саясаттың маңызды элементі банктегі бақылауды үйымдастыру болып табылады (потенциалды қарыз алушыны несиелеу мүмкіндігі туралы сүрақты шешу барысьшда несиелік стандартты дүрыс қолдануға бақылау жасау; жекелеген несиелік қызметкерлердің қүзыретін сақтауға бақылау жасау; банктің несиелік портфелінің жағдайына және оның ішінде проблемалық несиелерге қойылатын жалпы бақылау).
Ішкі несие саясатын жасау банк жетекшілерінің несиелеу мақсатын қалыптастыруды және бүл мақсаттардыц банктің жалпы міндеттері мен стратегиялық мақсаттарі мен қаншалықты сай келетінін анықтауды талап етеді. Несиелеу мақсаттары анықталғаннан соң, соның негізінде банк қызметкерлерінің қажетті несиелік операцияларды атқаруына мумкіндік беретін банктің несиелік саясатын және оған коса несиелеу стандарты мен несиелік нүсқаулыңтары жасалады.
Несиелік стандарттар мен нүсқаулықтарды жасауды бастапқы кезеңі аяқталуына байланысты, бүл қүжаттардың бірінші редакциясы тәжірибелі қызметкерлерге сараптаушылардың берілуі тиіс. Сараптаушылардың талдауы және үсыныстары енгізілгеннен кейін несиелік саясат бойынша комитет (немесе директорлар кеңесі, несиелік комитет) саясатты және соған сәикес нүсқаулықтарды бекітеді.
Несиелік саясат несиелеу лимиттерін, тәртібін, кейде несие-леу бойынша жекелеген ережелерді де ңамтиды. Мысалы, несиелік саясатта бір қарыз алушыға келетін тәуекел лимиті анықталады. Сонымен қатар, несиелік саясатта барлың несиелердің несиелік ңүжаттарда көзделген мақсаттарға сай берілуі де қарастырылуы мүмкін.
Несиелік саясатта несиелік комитет туралы ережеде қамтылады. Несиелік комитет несие беру барысьнда қорытынды жасап, несиені беруге байланысты мәселелерді қамтиды.
Отандың банктер тәжірибесіндегі несиелік комитеттің шешетін мәселелері мынадай:
— несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің несие беру туралы қорытындысын қарайды;
— несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;
— несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;
несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін
бекітеді;
несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар
белгілейді;
несиелеу шартын бекітеді (несиелік лимит, несиелік желі);
берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
банктің несиелік стратегиясын жасайды;
несиелеу бойынша бөлімшелердің жүмысын талдайды;
несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына қол қояды
және хаттамаларды тіркеу кітабын жүргізеді.
Несиелік саясатта қарыз алушылардың негізгі қызметіне байланысты тәуекелдігі жоғары операцияларды немесе жобаларды қаржыландыру үшін тағайындалатын несиелер туралы да айтылуға тиіс.
Несиелік саясатпен банк қызметкерлерін таныстыру, оларды соған сай келетін ережелер мен нүсқаулықтарға уйрету,
банкте несиелік саясатты енгізудің негізгі элементі болып та-былады.
Несиелік саясат несиелік қызметтің басты бағыттарын аныктайды. Оларды, өз кезегінде, несиелік саясаттың қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі ретінде түжырымдауға болады.
Несиелік саясатта мынадай элементтер көрсетілуге тиіс:
-несиелік к,ыз.иетті үйымдастыру;
- несиелік портфельді баск,ару;
- несиелеуге бақылау жасау;
- күзыретті бөлу принциптері;
- несиелеуді таңдаудын жалпы критерийлері;
- несиелеудін жекелеген багыттары бойынша шектеулер;
- несиелермен жасалатын агымдык жүмыстардын принииптері:
- несиелер бойынша зиян шегу жагдайларына резерв жасау.
Іс жүзінде несиелік саясатты іске асыру тәсілдері мен әдістерін белгілі бір формада, яғни соған сай келетін мынадай үш қүжат түрінде қөруге болады:
1) несиелеу саясаты;
2) несиелеу стандарты;
3) несиелеу нүқаулык,тары.
Сондай-ақ аталған үш қүжат ерекше бір қүжатта — Несиелік саясат бойынша жетекшілік ету біріктіріледі.
Несиелеу саясатында несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер жүмыскерлерінің қызметтерін нақтылайтын несиелік нүсқаулықтар мен несиелеу стандарты, несиелеудің жалпы ба-ғыттары мен бағдарлары анықталады.
Несиелеу стандарты — бүл банкте несиелік қызметті жүзеге асыратын барлық қызметкерлердің жетекшілікке алатын қүжаты.
Несиелеу стандартында мынадай сүрақтар қарастырылады:
-қарыз алушының қаржылың ақпараттарын жинау жэне талдау тәртібі;
-несиенің кепілхаттар және кепілдемелермен қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар;
-әкімшілік стандарттар және несиелік процесті үйымдастыру ережелері;
- қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәртібі;
-қүжаттардың толтырылуына қойылатын талаптар;
-несиелеудің айрыңша түрлері бойынша ережелер (мысалға, ипотекалық немесе түтыну несиелері бойынша).
Барлың банктер бойынша қүжаттар айналымын стандарттау маңсатында несиелеу стандарттарына әр түрлі қүжаттар үлгілері жатуға тиіс. Ондай қүжаттарға: несиелік келісім-шарт, кепіл туралы шарт, кепілдеме туралы шарт және т.б. жатады.
Несиелік нүск,аулык, несиелеу процедураларын іске асырудын жалпы алгоритімін бекітетін кезектіліктін кадамдарын суреттеуді білдіреді.
Басқаша айтңанда, ол несиелік қызметтің ңақты бір бағыттарына жатады.
Жалпы, несиелік саясатта қарыз алушы туралы қажетті ақпараттар жинау және несиелік қабілетіне талдаудан бастап, несиелік талдау және аудит, несиелер бойынша мүмкін болар зиян процесін қамтитын несиелік процестің барлың кезеңдері көрсетіледі.
Несиелік саясат мынадай қызметтерді атқарады:
1. банктегі несиелеу процесін үйымдастыруға бақылау жасау-
ға негіз ретінде болу:
2. несиелеуді жүзеге асыратын бөлімдердің қызметкерлері
үшін анықтама материал және нүсқаулық ретінде болу;
3. несиелік бөлімдердің жетекшілері үшін несиелік нүсқау-
лықтардың талаптарының орындалуына бақылау жасау қүралы;
4. несиелік талдау және аудит бөлімі жүмыскерлерінің
тексеруді жүзеге асыруьіна негіз болатын талаптарды анықтау. Коммерциялық банктің несиелік саясатын іске асыру процесінде проблемалық несиелермен жасалатын түрмысқа ерекше көңіл бөлініп және қосымша бақылау жасалу тиіс.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Несиелік саясат дегеніміз не?
2. Несиелік саясаттың құрылымдық элементтеріне не жатады?
3.Несиелік механизмді қалай түсінесіздер?
4.Несиелік механизмнің элементтер неден тұрады?
5. Несиелеу механизмі және несиелік процесс нені білдіреді?
6.Несиелеу принциптеріе ата?
7. Несиелеу әдістеріне нежатады?
8.Несиелік тәуекелді басқару әдістері?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. ҚР Ұлттық банкі туралы ҚР заңы.30.03.1995.
2. ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы ҚР заңы 30.03.1995.
3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-
Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.139-173.

Тақырып 6. Қарыз алушының несие қабілеттілігі және оларды анықтау әдістері

1.Қарыз алушының несиелік қабілеттілігінің түсінігі.
2. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың экономикалық көрсеткіштері.
3. Клиенттердің несиелік қабілетін анықтау әдістері.

1.Қарыз алушының несиелік қабілеті — бұл қ,арыз алушынын, өзінің к,арыздык, міндеттемелері бойынша толык, жэне уақтылы есеп айырысу к,абілеті.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем кабілетінен бір айырмашылығы — онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі төлемсіздікті есепке алмайды, ал жақын перспекти-вадағы қарызды өтеу қабілетін болжайды. Өткен уақыттардағы қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында иек артатын ең бір формальды көрсеткіш болып табылады. Егер де қарыз алушының мерзімі өткен қарызы болып,ал балансы өтімді және меншікті капиталдың мелшері жеткілікті болса, онда банкке өткен уақыт-тағы төлемдердің бір рет кешіктірілуі, клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы қорытынды үшін негіз болып табылмайды. Несиелік қабілеті бар клиенттер банкке, жабдықтаушыларға, бюджетке ұзақ төлемсіздіктің болуын жібермейді.
Клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі, банктің нақты ңарыз алушыға беретін нақты несиесімен байланысты қарапайым (жеке) тәуекелдерінің дәрежесін керсетеді.
Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын объективті бағалау және несиелік операцияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу банкке несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мүмкіндік береді.
Әлемдік және отандық банктік тәжірибе қарыз алушының несиелік қабілетінің мынадай критерийлерін бөліп қарайды: қарыз алушының мінездемесі, қаражатты қарызға алу қабілеті; ағымдағы қызметі барысында қарызды өтеу үшін қажетті қаражатты табу қабілеті (қаржылық мүмкіндігі), капиталы, несиенің қамтамасыз етілуі, несиелік мәміле жасалатын жағдай, бақылау (қарыз алушының қызметінің заңдылық негізі, банк стандарты мен қадағалау ұйымдарына несиенің сипатының дәл келуі).
Қарыз алушынын мінездемесі деп оның заңды тұлға ретіндегі беделі және менеджерлерінің беделі, қарызды қайтарудағы жауапкершілігі және несиенің мақсатының банктік несиелік саясатына сай келуі түсіндіріледі.
Қарыз алушының заңды тұлга ретіндегі беделі оның сол аяда ұзақ уақыт қызмет етуінен, экономикалық көрсеткіштерінің орташа салалық көрсеткіштерге сай келуінен, оның несиелік та-рихынан, оның серіктестерінің (жабдықтаушылары, сатып алушылары, несие берушілері) іскерлік әлеміндегі беделінен тұрады. Менеджерлерінің беделі олардың кәсіби жарамдылығына (білімі, жұмыс тәжірибесі), моральдық сапасына, жеке қаржылық және отбасылық жағдайына, оның басқаратын құрылымы мен банк арасындағы қарым-қатынастар нәтижесіне байланысты негізделеді.
Қаражатты қарызға алу қабілеті қарыз алушының несиеге өтініш беруге, несиелік келісімшартқа қол қоюға немесе келіссөздер жүргізуге құқының болуын, яғни кәсіпорынның не­месе фирманың өкілдерінде белгілі бір өкілеттіліктерінің бол­уын білдіреді.
Қарьіз алушының несиелік қабілетінің ең негізгі критерийлерінің бірі — оның қарыз өтеу үшін ағымдағы қызметінің жүргізілу барысында қаражат табу қабілеті болып табылады.
Қарыз алушының капиталы оның несиелік қабілетінің біршама маңызды критерий болып саналады. Оны бағалауда мынадай екі шарттың маңызы зор:
1) оның жеткіліктілігі яғни Орталық банктің тарапынан жарғылың қордың (акционерлік капиталдың) ең төменгі мөлшеріне қойылатын талабы және қаржы левераж коэффициент
негізінде талданады;
2) несиеленетін операцияларға меншікті капиталды жұмсау дәрежесі, яғни ол банк пен қарыз алушының арасында тәуекелдің бөлінуін куәландырады. Қаншалықты меншікті капитал жұмсалымы көбірек болса, соғұрлым қарыз алушының несиелік тәуекеліне ықпал ететін факторларды қадағалап отыруға мүмкіндік туады.
Несиенің қамтамасыз етілуі — қарыз алушының активтерінің құны және несиелік елісімшартта көрсетілетін қарызды өтеуде екінші қосымша көздердің (кепіл, кепілхат, кепілдеме, сақтандыру қағаздарының) болуы. Мұндағы қосымша көздер қарыз алушының басына қаржылық қиындықтар туу барысында, олардың банк алдындағы міндеттемелерін уаңтылы орындауына кепілдік береді. Кепілдік сапасы, кепілхат беруші, кепілдемеші мен сактандырушының тұрақты болуы, қарыз алушынын ақшалай қаражатының жеткіліксіздігі жағдайында аса маңызды.
Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы, салалардағы ағымдық немесе болжанған экономикалық жағдай, саяси факторлар жатады. Бұл жағдай банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды.
СОҢҒЫ критерий — бақылау, бұл мынадай сұрақтарды ескереді: қарыз алушының қызмет етуі және несиелік шаралардың жүзеге асырылуы үшін заңды және нормативтік негіз бар ма? Заңдардағы күтілетін өзгерістер (мысалы: салық заңы) қарыз алушының қызметінің нәтижесіне қалай әсер етеді? Несиелік өтініште көрсетілген қарыз алушы және несие туралы мәліметтер, банктің несиелік саясаты туралы құжатта белгіленген банктің стандартына, сол сияқты, несиелердің сапалылығын бақылап отырып, банктік қадағалау ұйымдарының стандарттарына қаншалықты сәйкес келеді?
Аталып өткен, банк клиентінің несиелік қабілетін бағалау критерийлері несиелік қабілетті бағалау тәсілдерінің мазмұнын анықтайды. Ондай тәсілдер қатарына жататындар:
іскерлік тәуекелді бағалау;
менеджментті бағалау;
к,арыз алушының қаржылық, тұрақтылығын бағалау;
қаржылық коэффициенттерді бағалау;
ақша тасқынын талдау;
қарыз алушы туралы аппарат жинақтау;
• орналасқан жеріне бару арқылы қарыз алушының жұмысын к,адағалап отыру.
Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудағы басты факторға оның қаржылық жағдайы жатады. Ол қарыз алушының қызметін көрсететін көрсеткіш ретінде қызмет ете отырып, меншікті және заемдік қаражаттарды орналастыру және пайдалану құрылымдарымен, сондай-ақ пайданы алу, бөлу және тиімді пайдаланумен сипатталады.
Банктердің тәжірибесінде қолданылатын несиелеу процесінің өзіндік кезеңдері болады. Несиелік процесс несиеге деген өтінішті өңдеуден басталып несиенің толық қайтарылуымен аяқталады.
Жинақталған ақша сомасы ел экономикасын инвестицияландырып капиталға айналады. Ақшаның капиталға айналуын қамтамасыз ететін құрал – несие.
Әр кезеңде пайдаланылатын несиелеу механизмінің элементтері несиелік операциялардың сапалы сипатын бере отырып, олардың жүзеге асырылу техникасын білдіреді.
Несиелеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:
-несиеге деген өтінішті қарау;
-несиелік қабілетін талдау;
-несиелік келісім-шарт жасасу;
-несие беру;
-несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.
Несие құрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз капиталынан тұрады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушыларды несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынас субьектілері деп атауға болады. Осы тараптардың біреуі болмаса несиелік мәміле жасалмайды.
Қарыз алушының кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау оның қаржылық жағдайына баға беруді сипаттайды. Қаржылық жағдайына баға беруде клиенттің қаржылық құжаттары қолданылады.
Қарыз алушының кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның мынадай төлем қабілетіне байланысты:
1) шаруашылық шарттарына сәйкес төлем талаптарын уақтылы қанағаттандыру;
2) несиені қайтару;
3) жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалақы төлеу;
4) бюджетке төлемдерді және салықтарды төлеу.
Қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсы болса, ол барлық міндеттемелері бойынша есеп айырыса алады.
Қарыз алушының несиелік қабілетін банктік талдау шектеулі және кең көлемде жасалады. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау шін оның тиімділігін, төлем қабілеттілігін, шаруашылық-қаржылық қызметін жан-жақты бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін ұсынатын көптеген әдістемелер қолданылады. ҚР-да ҚР Ұлттық банкіндегі перспективалық зерт-теулер орталығы дайындап, ҚР, Ұлттық банк Директоратының 27 қырқұйек 1994 ж. мәжілісінде № 26 қаулы бойынша бекітілген Қарыз алушының несиелік қабілетін талдауына байланысты банктердің әдістемелік нқсқауың, сондай-ақ АҚШ-та және басқа да елдерде пайдаланатын әдістемелер де біршама танымал.
Кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын талдау үшін негізгі көздер ретінде Қаржы министрлігі бекіткен мынадай жылдың бухгалтерлік есеп формалары қызмет етеді: Кәсіпорын балансы (№1 форма); Қаржы нәтижелері және оларды пайдалану туралы есебі (№2 форма); Кәсіпорын балансына қосымша бет (№3 форма); сондай-ақ ҚР статистикалық есеп формасы Кәсіпорынның (үйымның) қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есебі (№1-Ф — мерзімді — тоқсандық формалары) және Кәсіпорынның (үйымның, мекеменің) өнімінің (жұмыстар, қызмет) кеткен шығындары туралы есебі (№5-з — мерзімді — тоқсандық— жылдық формалары).
Өтімділік деп кәсіпорынның барлық төлем түрлері бойынша өз міндеттемесін орындай алу қабілетін түсіндіреді. Өтімділік жалпы қарыз және өтімді қаражаттар (ақшалай қаражаттар, ала-шаң қарыз, қорлар) көлеміне байланысты болып келеді. Баланс өтімділігі актив баптарындағы ақшалай қаражаттарға айналу мүмкіндігіне байланысты топтастырылған қаражаттарды, пас­сив баптарындағы төлеу мерзіміне қарай топтастырылған міндеттемелермен салыстыру арқылы анықталады.
Баланс активінің баптары олардың өтімділік дәрежелеріне қарай үш топқа бөлінеді:
1) ақшалай қаражаттар (есеп айырысу шотындағы және банктегі басқа да шоттардағы қаражаттар қалдығы; касса; басқа да ақшалай қаражаттар; арнайы қорлардың қаражаттары;
күрделі қаржы жұмсалымдарына пайдаланылмаған каражаттар қалдықтары);
2) жеңіл іске асатын талаптар (төлейтін мерзімі жетпеген, жөнелтілген тауарлар және тапсырылған жұмыстар; бере қабілетін бағалауда мынадай негізгі көрсеткіштер пайдаланылады.
Берешектермен есеп айырысу құрамында үш айға дейінгі қарыздар есепке алынбайды. Мұнда көзінің жүйесіндегі кәсіпорындармен оларға қаржылай көмек ретінде берілген қаражаттар бойынша есеп айырысун бабында жақын арадағы үш ай ішінде қайтарылатын қарыздар есепке алынады.
3) жеңіл іске асырылатын тауарлы-материалдық құндылытар (арзан бағалы тез тозатын заттарды шегеріп тастағандағы өндірістік қорлар; аяқталмаған өндіріс; алдағы уақыт шығыстары; дайын өнім; басқа да айналым қаражаттары).
Қарыз алушылардың салалық ерекшеліктеріне байланысты өтімділік коэффициентінің біршама оңтайлы мәні 1,2 мен 1,5 аралығын құрайды. Көрсеткіштің мәнінің 1-ден төмен болуы жарамайды. Өтімділік коэффициент қарыз алушының қарызды өтеу үшін жедел түрде шаруашылық айналымынан ақшалай қаражаттарды босатуын сипаттайды. қаншалықты бұл коэффициенттің мәні жоғары болса, соғұрлым қарыз алушы тұрақты келеді.
Бірақта алашақ қарыздық сипатын ескеру қажет. Алашақтар туралы есеп аталған шоттардың қарыз алушының жағдайына әсер етуіне баға беруге және сондай-ақ жүргізілген несиелік саясаттық нәтижелігін бағалауға мүмкіндік береді.
Өтімділік коэффициентін талдау барысында мынадай факторларды есепке алу қажет:
• қызметінің көлемі (қаншалықты өндіріс және өнімді сату көлемі үлкен болса, соғұрлым тауарлы-материалдық құндылықтар қоры көп болады);
өнеркәсіп және өндіріс саласы (өнімге сұраныс және оны сатудан түсетін төлемдердің жылдамдығы);
өндіріс циклінің ұзақтығы (аяқталмаған өндіріс көлемі);
материалдар қорын жаңарту үшін қажетті уақыт (етімді қаражаттардың айналысы);
жұмыстың маусымдылығы.
Өтімді қаражаттардың мөлшерінің темендеуіне ықпал етушілерге мыңалар жатады:
ағымдағы қызмет зияндары;
өткен жылдары және төтенше оқиғалардың нәтижесінде болған зияндар;
өтімді қаражаттар бағасының төмендетілуі;
• күрделі қаржы жұмсалымдарға мобилизациялануы.
Өтімді қаражаттардың артық болғаны қажет емес. Егер де ол артық болса айналым активтерінің жұмыс тиімділігі азаяды. Өтімді қаражаттардың артық болу себептері: күрделі қаржы жұмсалымдарды кеңейтпей-ақ пайданың жинақталуы; амортизацияланатын объектілердің ауыстырылмауының нәтижесінде амортизацияның жинақталып қалуы.

Тақырып 7. Несиелік тәуекел және оны азайту әдістері

1.Несиелік тәуекел және оның пайда болу себептері.
2.Несиелік тәуекелді азайту әдістері.
3.Шетел тәжірибесінде қабылданған несиелік тәуекелді бағалау әдістері.

Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақтылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақтылы айналысып отыруға тиіс.
Несиелік тәуекел — қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында кайтара алмауына байланысты банктін зиян шегуін сипаттайды.
Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің негізгі элементтеріне жататындар:
несиелік қызметті ұйымдастыру;
лимиттер белгілеу;
несиелік ұсынысты бағалау және қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау;
несиелік тәуекел деңгейіне байланысты несиелерге рей­тинг қою және белгіленген лимиттермен салыстыру;
несиелер бойынша мүмкін болар зияндарды есепке ала отырып, сыйақы мөлшерлемесін анықтау;
несиелік шешімдерді қабылдау барысында күзіретті бе­лу — несиелерді авторизациялау;
несиелік мониторинг;
несиелік портфельді басқару;
проблемалық несиелерді қалпына келтіру.
Кез келген банктік несие белгіленген мөлшер шегінде (ли­мит) беріледі. Несиенің мөлшерін банк мекемесі қарыз алушымен бірлесе отырып, материалдық қорлардың құралу қажеттілігін зерттеу негізінде шығындарды, өндіріс көлемі мен өнімнің өтімділігін, ауыл шаруашылық өнімдерін, оның қайта еңделуін және басқа да шығындарды ескере отырып анықтайды.
Қарыз алушыға берілетін несиенің мелшері әр түрлі жағдайларға байланысты болып келеді. Біріншіден, қарыз алушыға берілетін несие шамасы қарыз алушының жасаған өтінішіне бай­ланысты. Бірақ та бұл өтініштегі несие мөлшері несиені қайтарудағы нақты мүмкіндіктермен, сондай-ақ банктің нақты есебімен сәйкес келмеуі мүмкін.
Екіншіден, несиенің мөлшері экономикалық жағдайларға байланысты, соның ішінде:
қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтық шамасына;
несиені қамтамасыз ететін нақты тауарлы-материалды бағалылар қорына және олардың етімділік дәрежесіне;
маржа деңгейіне;
несиелік тәуекел дәрежесіне және банктің клиентке деген сенім дәрежесіне;
банкте бар ресурс көлеміне және т.б.
Несиелерді авторизациялау — несиелік тәуекелді төмендету мақсатында жүргізілетін анықтамалар жэне тексерулер процесін білдіреді.
Несиелік мониторинг — несие бойынша мәселе туындай к,алған жағдайда, қарыз алушының несиелік қабілетінің өзгерісін қадагалап отыруға байланысты шаралар жүйесі болып табылады.
Несиелік портфельді басқару — бұл банк к,абылдауға дайын болып отырған тәуекел түрлерінің барлығын айк,ындауды және олардың ең жоғарғы жететін деңгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып та­былады.
Несиелік портфельді басқаруды іске асырудың ортақ алғышарттарына жататындар;
нақты қарыз алушылар мен олардың топтары үшін несиелеудің ішкі банктік лимитін белгілеу;
несиелік рейтингпен байланысты болатын, жекелеген қарыз алушылардың тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекелді талдау формасын жасау;
әр түрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау;
төменгі тәуекел деңгейі бар ең маңызды салаларды аныктау;
жоғарғы тәуекел деңгейі бар салаларға қатысты несиелік саясатты қатаңдату;
несиеге баға белгілеу саясатын дайындау.
Несиелеу лимиттерін белгілеу — несиелік портфельді құруға бақылау жасауда тәуекелдерді төмендету және ұзақ мерзімді өміршеңдік қабілетті жақсарту үшін пайдаланылатын басты тәсіл.
Проблемалқ, несиелерге:
несиелік келісімшартта көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты кешіктірілген және қосымша келісім берілген несиелер;
сақтандыру, кепілхат немесе кепілдемемен каздуамасыз етілген несиелер бойынша сақтандыру компанияларының, кепіл хатты және кепілдеме берушілердің банк алдындағы міндеттемелері орындалмағандар;
несиелерге есептелетін пайыздың несиелік келісімшартта көрсетілген күннен 30 күн өткенге дейін қайтарылмаған несие­лер жатады.
Сондай-ақ проблемалық несиелерге қарсы шараларға мыналар жатады:
қарыз алушының қызметін қайта құру;
несиені қайтару кестесін өзгерту;
—- пайыз (сыйақы) төлеу тәртібін өзгерту.
Несие үшін төлейтін сыйаңы (мүдделендіру) мелшерлемесі — несиенің багасын білдіреді. Оның мөлшері, жалпы жағдайда тартылған ресурстарға төлем мен сыйақы маржасының қосын-дысынан құралады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Несиелік портфель дегеніміз не?
2. Несиелік тәуекелді қалай түсінесіздер?
3.Несиелеу лимиттерді белгілеу қалай түсінесіздер?
4.Проблемалық несиелер дегеніміз не?
5. Несиелік мониторинг не үшін қажет?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. ҚР Ұлттық банкі туралы ҚР заңы.30.03.1995.
2. ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы ҚР заңы 30.03.1995.
3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-
Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.162-173.

Тақырып 8. Коммерциялық банктерде несиені басқару
1.Мәселелі ссудалардың мәні мен қалыптасу мәселелері.
2. Мәселелі ссудалардың қалыптасу профилактикасының әдістері.
3. ҚР-ның банктеріңдегі мәселелі несиелермен жұмыс.

Проблемалық несие дегеніміз несие келісім-шартында көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты кешіктірілген қосымша келісім берілген несиелер, сақтандыру, кепілхат немесе кепілдемемен қамтамасыз етілген несиелер бойынша сақтандыру компанияларының, кепілхатты және кепілдеме берушілердің банк алдындағы міндеттемелері орындалмаған және несиелерге есептелетін пайыздық несиелік келісім-шартта көрсетілген күннен 30 күн өткенге дейін қайтарылмаған несиелер жатады.
Ең оптималды саясат сақтық пен ресурстарды табысты орналастырудың барлық потенциалды мүмкіндіктерінің максималды пайдалануы арасындағы балансты сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.
Тәжірибелі деген банк қызметкері клиент тартайын деп жатқан қарызды қайтаруға байланысты қиындықтарды ең бастапқы сатысында-ақ байқап, жағдайдығ алдын алуға және сонысымен банк мүдделерін қорғауға сол кезден бастап тиісті шаралар қолдана бастайды. Бұл шараларды барынша ерте қолданған жөн. Мұнда ескеретін жайт, банк шығындары тек қана қарызды, пайызды төлемеумен ғана шектеліп қоймайды, сонымен қатар басқа да мынадай жағдайлармен байланысты болуы мүмкін:
банк беделіне нұқсан келеді, өйткені мерзімі өткен және қайтарылмай жатқан несиелердің көптігі салымшылар, инвесторлар сенімінің төмендеуіне алып соғады;
әкімшілік шаралар ұлғаяды , өйткені проблемалық ссудалар несие персоналының өте мұқият болуын және алтын уақытын алады;
квалификациясы жоғары кадрлардың кету қауіпі оларды стимулдау мүмкіндіктерінің операциялардың пайдалылығының төмендеуінен азаюы әсерінен туындауы мүмкін;ү
барлық қаражаттар өнімді емес активтерде қайтарылып тасталынады;
қарыз алушы тұлға тарапынан сотқа қарсы арыз түсуқауіпі тууы мүмкін, онда ол, банкінің ссуданы қайтып алу туралы талабы оны банкроттыққа алып келгендігін дәлелдеп шығуы мүмкін;
банк персоналымен жіберілген қателер кезінде, әсіресе несиеге өтінішті қарастыру уақытында, келісім шартарын дайындау және кейінгі бақылау процесінде туындайды.Ең жиі кездесетін мынандай ереже бұзушылықтар бар:
Қарыз алушыға деген жеткілікті деңгейде қаталдықтың болмауы (мысалы, өтінішті достық көңілмен мақұлдай салу);
қаржылық сараптаманың профессионалды жүргізілуі;
несие қызметкероінің кәсіпорын қажеттіктерін, сала спецификасын т.б. маңызды факторларды жақсы зерттемеу, оның әсерінен ссуданы жақсы құрылымдамау (структурование);
ссуда бойынша кепілдің жеткілікті болмауы (мысалы, кепілдің бағасы жоғары алу);
ссуданы құжаттаған кезде жіберілген қателер (келісімде банк мүдделерін көздейтін маңызды шарттарын көрсетпей кету);
ссуданы қайтару уақытында қарыз алушы үстінен бақылаудың нашарлығы (компанияны кепілін тексерудің, зерттеудің болмауы);
Ссуда алған кәсіпорының немесе компанияның тиімді жұмыс істемеуі әсерінен:
басшылықтын әлсіздігі;
өнім сапасының төмендеуі және оның рыноктан ығыстыру факторлары;

жарнамалық компанияның жоспарының болмауынан, болашақ рыноктарды бағалаудың қателігінен маркетингтін тиімді болмауы;
компания қаржыларының бақылауының нашарлығы (дебиторлық қарыздың өсуі, қосымша шығындар т.б.)
Сонымен қатар,банк тарапына тәуелді емес факторлар да маңызды рөл ойнауы мүмкін:
экономикалық конъектураның нашарлауы;
саяси өзгерістер;
заңнаманың өзгерісі;
технологиялық ілгерілеушіліктер және т.б.
Бұлар былай анықталады:
қаржылық есеп беруін сараптау;
қарыз тұлғаның өзімен жеке контактілерде;
үшінші тұлғалардың хабарлары нәтижесінде;
банкының басқа бөлімдерінің мәліметтері негізінде;
Несие, қызмет ету периодында, қарыз алушы банкке балансын, пайда мен шығындары туралы есебін, нақты қаражаттырын тусуі туралы есебін және т.б. материалдарды беруге міндетті. Оларды өте мұқият сараптау пайда бола бастаған қауіпті ашып бере алады. Банк мынаған көңіл бөлу керек:
дебиторлық қарыздың күрт өсуі;
запастардың айнамалының тежелуі;
қысқа мерзімді активтер үлесінің төмендеуі;
қысқа мерзімді қарыздың пропорционалды өспеуі;
операциондық қызметтен шығындардың пайда болуы;
коммерциялық несиелеу шарттарының өзгеруі және т.б.
Банк үшін клиентпен әрдайым персоналды контактілерді сақтап тұру тиімді. Яғни компанияны, оның филиалдарына соғып, басқарушы кадрлармен кездесу жұмыстары, бұлар жұмысбасты емес персоналды, артық запастарды, көрсетілмеген құрал-жабдықтары анықтауға мүмкіндік береді. Банк қызметкерлерін келесідей фактілер аса мұқият болуға шақырады:
жоғарғы басқарушы құрамның мінезінің, әдеттегі істерінің өзгеруі;
басшылардың отбасы аясындағы проблемалары;
банкпен қарым-қатынастың курт өзгеруі;
басты қызметкерлерін ауыстыру;
жаңа кәсіпорындары құрумен қызығушылық, жылжымайтын мүлікті сатып алумен айналысу;
қаржылық есеп беруді жақсы құрмау;
негізделмеген тәукелге бел буу;
Кәсіпорын оның жаңа иесіне пайда әкеле бастайды, бұл барлық жақтардың қызығушылықтарына сай келеді және де мәміленің соңғы тиімділігін анықтайды.
Коммерциялық банкілердің мерзімі өткен ссудалық қарыздарының үлес салмағына әсер ететін сыртқы факторларды зерттеу өте күрделі өзгермеліі шара. Оны шешуде оның құрамының әрбірінің өзгергіштігінің жоғары деңгейі үлкен қиындықтар туғызады.
Несиені қайтармаудың макроэкономикалық себептеріне:
инфляцияның деңгейінің секірмелі өзгеріштігі;
валюта бағамдарының өзгерісі;
нақты қызмет етуші заңнаманыңболмауы және т.б. факторлар.
Микроэкономикалық деңгейдегі қарыздардың пайда болу себептеріне:
кәсіпорындармен өз құрал-жабдықтардын тиімді пайдаланбауы;
құрал-жабдықтарының моральды және физикалық жағынан қатты тозуы;
басқарушы персоналдың төмен білім деңгейі;
мамандардың жүйелі түрде жалақысы төленбеуінен жоғалтуы және т.б.
Қазіргі нақты фискалды ауыртпашылық жүктеумен және оған байланысты жоғары айыппұлдармен сипатталатын салық жүйесі кезеңінде несиені қайтармау тәуекелі өседі. Бұл ең алдымен мынаған байланысты, яғни қарыз алушының несие бойынша төлеуге дайындап қойған ақша қаражаттары күтпеген жерден бюджетке алынуы мүмкін.
Қазір бізде проблемалық несиелердің несие портфеліндегі нақты үлес салмағы шамамен 31,4 құрап отыр, бұл көрсеткіш кейбір банкілерде және олардың филиалдарында 35%-ға дейін барады. Проблемалық несиелердің (күмәнді+үмітсіз ) несиелердің құрылымы төмендегі диаграмада бейнеленген:
Жалпы проблемалық несиелер банкінің қателерінен де туындайды. Мысалы: Ресейде банкілердің 1997-2000 жылдарда қатты қықаруын ресми көзқараз бойынша 1998 жылы болған қаржылық дағдарысқа жабады, ал шындығында оның себебі болып активтердің төмен спалығы және олардың қайтарылмауы болды. СБС-Агро банкі екі миллиард доллар берген займдарының соттар, прокуратура және Ішкі Істер органдары, басқа да қатысы бар құрылымдар көмегімен сол соманың тек оннан бір бөлігін қайтара алған, нәтижесінде 90 % салым проблемалық болып, салымшылар үшін мәңгі қайтарылмайтын болды. Мұндай жағдай, әсіресе қазіргі салымшының сенімі үшін күрес кезіненде бүкіл банк жүйесіне кері әсерін тегізеді.
Проблемалық несиелірмен жұмыс жасау тәжірибесін біздің банкілеріміздің жинақтаі бастағанына көп уақыт бола қойған жоқ.
Банк үшін клиенттін басқа серіктестерімен қарым-қатынастын өзгеруі көп мәліметтерде бере алады:
қарыз алушының несиені қабілеттілігі туралы оның тауарларды төлеуге байланысты жеңілдіктер ұсынуға өтінішіне орай банкпен шақырымдар алуы;
компания туралы оның жаңа несиелеушілерінен мәлімет алу;
сақтандыру компаниясының сақтандыру премияларын төлемеу туралы сақтандыруды жою туралы хабар беру;
банк шоттарында қаражаттры жоқтығы уақытында чектерді төлеуге ұсыну;
алдын-ала төлеу шарттында компаниямен тауарларды сатып алу.
Ең жақсы амал – қарыз алушымен біріге отырып несиені қалпына келтіруге және қарама-қайшылықтарды жоюға бағытталған жұмыстар жоспарын құру.Егер бұл шаралар өз мақсатына жетпесе, онда банк өз мүділерін қорғап, қарыз алушыға қарызды қайтару, кепілді сатуды, кепілдік берген тұлғаға өз талаптарын орындауды талап етуге міндетті. Ең соңғы амал – ол қарыз қайтармаушы тұлғаны банкрот деп жариялау, бірақ бұл әрбір талаптар үшін ең тиімсіз жол болып саналады.
Егер клиентті, бұл жағдайды түзеуге болатынына көз жеткіздіртсе, онда іс-әрекет жоспарын құрастыруға болады, ол мынандай іс шараларды қосуы мүмкін:
активтерді сату;
қосымша шығындарды азайту;
маркетингтік стратегияны өзгерту;
басшыларын ауыстырып, оның орнына ең басты орындарға жаңа тұлғаларды тағайындау.
Басқа шешім банкпен кепілді сатуымен сиппатталуы мүмкін. Бұл үшін ең алдымен құжаттарды тексіріп, банк шынымен де кепіл бойынша нұсқау беру құқының бар екендігіне көз жеткізу қажет. Сосын кепілді сатуы мумкіндіктерінің қандай деңгейде екіндігін анықтау керек: әдетте бұл қымбат тұратын және уақыт алатын процесс. Ең тиімді жол – кепілді сатуда қарыз алуышымен бірге отырып жұмыс істеу.
Егер бірнеше кәсіпорын және банкілер бір-бірімен қарыздық міндеттемелерімен байланысты болса, онда несиелік қарызды жоюдың ең оңай жолы – клиринг болып табылады.
Батыс Европа елдерінде клирингілік есеп-айырысулар арқылы циклдік есепке алулар өткізіледі. Банкілермен кәсіпорындардың өз ара талаптары цикл бойынша өтіледі. Бұл жерде әрбір экономикалық агент өзінен кейінгіге, ал соңғысы біріншеге кредитор болады. Мұндай қарызды өтеу процедурасы барлық циклдар біткенше қайталан береді.
Үшінші тұлғалар қатысатын схемаларды пайдаланса, мұнда сөз кәсіпорын қарызы объектісі болып табылатын мәмілілер туралы болып отыр. Мәміле қабылданғанда тауар бағасы ол қанша тұратындағымен емес, ол үшін қанша бере алатындығымен анықталады. Сондықтан қарыз бағасы номиналдан төмен болып қалады. Дегенмен қарыздарды кейбір бағалы қағаздарда айырбастаса онда, ол бойынша уақыт өте келе бағалы қағаздар банкке табыс әкеле бастайды.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Несиелік саясат дегеніміз не?
2. Несиелік саясаттың құрылымдық элементтеріне не жатады?
3.Несиелік механизмді қалай түсінесіздер?
4.Несиелік механизмнің элементтер неден тұрады?
5. Несиелеу механизмі және несиелік процесс нені білдіреді?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. ҚР Ұлттық банкі туралы ҚР заңы.30.03.1995.
2. ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы ҚР заңы 30.03.1995.
3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-
Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.139-173.

Тақырып 9. Несиенің қайтымдылығын қамтамасыз ету формалары

1.Банктік ссудалары қамтамасыз ету формаларын жіктеу.
2.Кепіл міндеттерді атқаруды қамтамасыз ету әдісі ретінде.
3.Нарық жағдайындағы кепілгерлік және оның мәні.

Кепілге берілетін несие — бұл қарыз алушының активтерімен қамтамасыз етілген несие. Кепілге берілетін активтер қарыз алушының иелігінде қалып, оның пайдалануында болады.
Экономикасы жақсы дамыған елдердегі қарыз алушының жағдайы жақсы болып келген жағдайларда несие қамтамасыз етілмеуі де мүмкін.
Кепіл несиені қамтамасыз етудің ең тұрақты формасы ретінде мынадай шарттарды сақтайды: біріншіден, кепілдің құнын анықтау барысында несие мөлшері мен пайыз мөлшерлемесін қоса ал-ғандағы сомасын, сол сияқты кепілді іске асыруда және оны ақшаға айналдыру үшін уақытты дұрыс анықтау қажет; екіншіден, кепіл туралы келісім жасаған кезде, барлық заңдылық жақта-рын, құқылығын, міндеттілігін тексере отырып, тұрақты және заңды түрде қорғалуын қамтамасыз ету қажет; үшіншіден, бүгінгі жағдайға сай, қарыз алушының иелігінде болатын кепілдің тұрған жерін, жағдайын, құндылығын үнемі бақылап отыру қажет. Бұл айтылған жағдайлар көбіне бағалы қағаздарға да байланысты болып келеді.
Несие берушінің кейбір активтерді анықтаудағы нақты мәселелері кездеседі. Сондықтан кепілге берілетін кейбір активтердің мынадай сипатта болуын білу шарт:
Біріншіден, кепілге несие берілуі туралы шешім қабылдағанға дейін жеңіл бағаланатын болуға тиіс.
Екіншіден, кепілге алынатын мүліктің нарықтағы қозғалыс мүмкіндігін үнемі тексеріп отыру қажет.
Үшіншіден, кепілдің етімділік дәрежесін есепке алу өте маңызды, басқаша айтсаң, кепілге алынатын зат көп уақыт өтпей нақты ақшаға айналуға тиісті.
Төртіншіден, кепіл туралы келісім жасасқанда, кепілдің амортизациясын немесе моральдық тозу жақтарын ескеру қажет. Өйткені, кейбір активтер басқаларына қарағанда өзінің бастапқы құнын тез жоғалтады.
Кепілхат — қарыз алушы төлеуден бас тартқан жағдайда, үшінші бір жақтың қарызды өтеймін деген жазбаша міндеттемесін береді. Бұл жағдайда кепілхаттың заңдылығы туралы несие берушіге қарыз алушыдан төлеуді кепілдеуге, кепіл берушінің құқығы туралы сұрақтың маңыздылығын ескеру қажет. Кепілхатты несиенің қамтамасыз ету құралы ретінде пайдалану, кепілхатты берушінің тұрақтылығын алдын ала бағалап білуді талап етеді.
Кепілхат — күрделі экономикалық құрал ретінде мынадай түрлерге бөлінеді:
Біріншіден, ол қамтамасыз етілген немесе к,амтамасыз етілмеген болып келеді.
Екіншіден, ол шектеулі немесе шектеусіз болады. Шектеусіз кепілхат бойынша, оны беруші бір қарыз алушының барлық қарызын несие берушіге төлей алмайтындығы жағдайында төлеуге кепіл береді. Мұндағы кепілхат қамтамасыз етілмеген болып келеді. Шектеулі кепілдеме — бұл нақты бір қарыз алушының несиеге байланысты болатын қарызын төлеуге кепілдік береді. Кепілхаттың бұл түрлері біздің елімізде дами алған жөн.
Үшіншіден, жеке немесе корпоративтік кепілхаттар. Жеке кепілхат жеке тұлғаларды, серіктестіктерді несиелеу барысында қолданылады. Корпорациялардың кепілхаттары басқа бір қорпорациялардың алған несиелерін қамтамасыз етуде жиі пайдаланылады. Бұл аталған кепілхаттар дамыған елдер тәжірибесінде кең қолданылғанымен де, біздегі корпорациялардың беретін кепілхаттарына банктер әлі де болса, олардың түбінде өтей алатындығына сенімсіздік танытуда.
Несиелерді қамтамасыз етудің келесі бір жолы — несиелерді сақтандыру. Бұл енді біздің тәжірибемізде кезінде қолданылғанымен де, оның айналасында көптеген мәселелер орын алуда.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Несиені қамтамасыз ету формалары?
2. Кепіл дегеніміз не?
3.Цессия дегеніміз не?
4.Кепілхатты қалай түсінесіндер?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. ҚР Ұлттық банкі туралы ҚР заңы.30.03.1995.
2. ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы ҚР заңы 30.03.1995.
3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.-
Алматы: ИздатМаркет, 2004. –с.139-173.

2. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ – бұл оқу сабағының формаларының бірі, ол оқушыларының дербестік әрі өздігінше дамуына және іскерлік пен дағдыларды алуға бағытталады.

Модуль 1. Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің қазіргі жағдайы

Тақырып 1. Кіріспе Несие ісі пәнінің құрылымы және мазмұны
1.Несие ісі курсынын пәні, мақсаты, міндеттері.
2.Курс құрылымы, оның ерекшеліктері мен сипаты.

Тақырып 2. ҚР несиелендіру жүйесі және оның негізгі элементтері
Сағат саны: 2
Кілті терминдер: Несиелеу объектiсi, несиелеу субъектiсi, несиелеу қағидалары, несиелеу әдiстерi, арнайы қарыздық шот, несиелiк саясат, несиелiк тәуекел, банк провизиясы, банктiң стандартты несиелерi, банктiң күдiктi несиелерi, банктiң үмiтсiз несиелерi, овердрафт, онкольдық несиелер, овернайт, ипотека, тұтыну несиесi, коммерциялық несие, мемлекеттiк несие, халықаралық несие, несиенiң азаматтық нысаны, венчурлық несиелеу, авальдық несие, акцепттiк несие, ломбардтық несие.
Сабақ мақсаты: : несиенің мәнін оқу, несие жүйенің құрылымын қарастыру, несиелік әдістерін меңгеру
Сабақ барысы:
- Ауызша сурау
- Рефераттар мен баяндамаларды тыңндау
- Экономикалық диктант жүргізу
- Карточкалармен жеке жұмыс жасау
-Тест тапсырмаларды шығару
Сабақ сұрақтары:
1.ҚР несие жүйесінің құрылымы.
2. Несие жүйесі және оның негізгі элементтері.
3.Несиелендіру әдістері.
4.Несие бағасы. Несие бағасын аңықтайтын факторлар.
5.Несиені беру кезеңдері.
6.Несиелік келісімшарт, оның құрылымы.
Бақылау жұмыстарының сұрақтары:
1.Несиелеу принциптері нарықты экономика жағдайында банктік несиелеу жүйесінің негізгі элементі.
2.Ссудалық шоттардың формалары: арнайы ссудалық шоттар, контокорренттік ссудалық шоттар.
3.Банктің несиелік саясаты және оның құрамдас бөліктері. Банктің несиелік саясатын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар және олардың депозиттік саясатпен байланысы.
Есептер:
1 Есеп: Коммерциялық банк Орталық банктен 500 млн тенге сомасында 7 күнге 42% жылдық мөлшерлемесiнде несие алды. Қарыздың өскен сомасы мен есептелген пайыз сомасын тап.
2 Есеп: “Айша” тiгiн фабрикасы жаңа өнiм шығаруға банктен 5жылға 510 млн тенге көлемiнде 14% жылдық мөлшерлемемен несие алды. Жыл сайынғы төлем-?
III Өзгермелi жағдайағы коммерциялық банктiң несиелiк саясаты атты iскерлiк ойын.
Банк активтерiнiң сыныптамасы, балансы бойынша банк провизиясын есептеу.
4 Есеп: Несие 800 000 тенге 2 жылға берiлдi.Операцияның нақты табыстылығы күрделi % ставкасы бойынша - 40% жылдық. Инфляциялық күтiлетiн деңгейi - жылына 30%. Өтелетiн сома мен несие беруде % ставкасын тап.
5 Есеп: Банктiң бухгалтерлiк балансы мен табысы және шығысы есеп бойынща өтiмдiлiгiн ескере отырып топ бойынша активтерiн табысты активтерi мен олардың үлесiн, табыссыз актив сомасы мен олардың үлесiн тап.

Әдістемелік нұсқау: берілген курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.
Әдебиеттер:
1. ҚР Ұлттық банкі туралы ҚР заңы.30.03.1995.
2. ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы ҚР заңы 30.03.1995.
3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.- Алматы: ИздатМаркет, 2004.

Модуль 2. Қазақстан Республикасындағы несиелендіруді уйымдастыру

Тақырып 3. Активті және пассивті операциялары
Сағат саны: 2
Кілті терминдер: Банк активтері, банк активтерін басқару, активтерді бағалау, активтерді басқару әдістері, активтер портфелі, активтер мен пассивтерді теңестіру, банк пассивтері, активтерді басқару тәуекелдері, активті операциялар, пассив операциялар, банк ресурстары, Жарғылық капитал, резервтiк қор, бөлiнбеген пайда, эмиссиялық табыс, акция, облигациялар, депозиттiк саясат, НОСТРО корреспонденттiк шоттары, ЛОРО корреспонденттiк шоттары, НАУ шоттары, депозит.
Сабақ мақсаты: : Активті және пассивті операциялар бойынша оқу және меңгеру, осы операциялардың жеке түрлерін қарастыру
Сабақ барысы:
- Ауызша сурау
- Рефераттар мен баяндамаларды тыңндау
- Экономикалық диктант жүргізу
- Карточкалармен жеке жұмыс жасау
-Тест тапсырмаларды шығару
Сабақ сұрақтары:
1. Активтер және активтік операциялар туралы түсінік.
2. Активтік операциялардың негізгі бағыттары.
3.Пассивтік операциялар туралы түсінік және оларға анықтама.
4.Пассивтік операциялардың жүзеге асу формалары.
Бақылау жұмыстарының сұрақтары:
1.Коммерциялық банктердің активтері мен банк типтес емес басқа заңды тұлғалардың активтерінің бір-бірімен салыстырғандағы ерекшеліктері.
2.Банк активтерінің сапасы туралы ұғым, оларды сапасына байланысты топтастырудың критерийлері: өтімділіг, табыс әкелу дәрежесі, тәуекелдігі.
4.Пассивтік операциялар - банктілік операциялардың ең басты және маңызды бағыты
5.Банкттік міндеттемелері және міннддеттемелер портфелі туралы түсінік.
Әдістемелік нұсқау: берілген курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.
Есептер:
Есеп-1: Клиент 14% мөлшерлемесiне 100000 теңге сомасы депозитiн 18 ай мерзiмiне салды. Клиенттiң бантке алатын ақша сомасын анықтау қажет?
Есеп –2: 200,0 т. көлемiндегi депозит бакке 12.03.15ж салынып 25.12.15ж талап етiлдi. Пайыз мөлшерлемесi 12%-ды құрады. Есептелу мерзiмiн есептеудiң әртүрлi әдiстерi арқылы есептелген % сомасын анықта.
Есеп –3: Фирма Коммерциялық банкке 9-21 қараша аралығына 28 млн. салды. Талап етуге дейiнгi салымдарға банк 2% жылдық мөлшермен % мөлшерлемесiн есептейдi. Пайыз жай. Салынған сома табысын анықта.
Есеп 4: Клиент банкке 50000 т.көлемiнде 4 айға 16 жылдық мөлшерлемесiнде салым жасады. Жиналған соманы анықта.
Есеп 5: 500000 т.көлемiндегi депозит банкке 3 жылға салынған. Жай және күрделi % мөлшерлемесi 16% жылдық мөлшерлемесiне тең болса есптелген % сомасын анықта.
Есеп 6: Сақталудың орташа мерзiмiн есепте: 1.салымдық теңгенiң, егер келесi мәлiмет берiлсе.
Алдыңғы және есептiк жылдардағы салымдардың орташа қалдықтары сәйкесiнше 150 және 200000 теңгенi құрады, ал теңгедегi салымдарды беру бойынша айналыс 100 және 120000 теңгенi құрады. Есептiк жылдағы салымдар тұрақтылығын анықтау қажет.
Есеп 7: Банктегi салым қалдығы жыл басында 205000 теңгенi, ал жыл аяғында 220000 теңгенi құрады. Салымдар бойынша тұсiмдер 102000 теңгенi құрады. Салымдарға түскен қаржылардың жиналу жеңгейiн анықта.
Есеп 8: Банк пассивi.
1. Резервтiк қор 25,0 21,2
2. Жарғылық қор 47,6 82,3
3. Банктiң басқа қорлары 18,0 22,4
4. Клиенттердiң ағымдық,
есеп айырылысу
шарттарындағы
қаржы қалдықтары 1293,0 1450,0
5. Корреспондент банктерiң шоттары 115 123
6. Жедел шоттар 470 510
7. Азаматтар салымдары 72 56
8. Депозиттiк сертификаттар 500 500
9. Басқа банктерден алынған несиелер 374 516
10. Пайда 276 1206
11. Несиелеушi 890 640
Баланс 4070,6 5126,9

1. Несиелiк ресурстарды бөлу керек.
А. Меншiктi
Б. Тартылған
В. Қарыздық
2. Әр топтың үлестiк салмағын анықтау.
3. Меншiктi және қарыздық ресурстар арақатынасын анықтау.

Әдебиеттер:
1. ҚР Ұлттық банкі туралы ҚР заңы.30.03.1995.
2. ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы ҚР заңы 30.03.1995.
3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.- Алматы: ИздатМаркет, 2004.

Тақырып 4. Несиелендіруді ұйымдастыру
Сағат саны: 2
Кілті терминдер: несие кезеңдері, несиелік құжаттар, несиелік келісім, несие бағасы, күрделі пайыз, несиелік механизм, несиелік процесс
Сабақ мақсаты: несиені беру кезеңдерін қарастыру және талдау жасау.
Сабақ барысы:
- Ауызша сурау
- Рефераттар мен баяндамаларды тыңндау
- Экономикалық диктант жүргізу
- Карточкалармен жеке жұмыс жасау
-Тест тапсырмаларды шығару
Сабақ сұрақтары:
1.Несиені беру кезеңдері.
2.Банктік ссуданы беру тәртібі.
3.Несиелендіру шектерін анықтау.
4.Ссудаларды өтеуге және пайдалануға бақылау.
Бақылау жұмыстарының сұрақтары:
1.Несиелеу механизмнің ерекшелігі.
2.Несиелік процесстің мағынасы.
3. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау кезеңі.
Әдістемелік нұсқау: берілген курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.
Әдебиеттер:
1. ҚР Ұлттық банкі туралы ҚР заңы.30.03.1995.
2. ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы ҚР заңы 30.03.1995.
3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.- Алматы: ИздатМаркет, 2004.

Тақырып 5. Коммерциялық банктердің несиелік саясаты.
Сағат саны: 2
Кілті терминдер: несие, несиелік саясат, несиелік келісім, несие бағасы, мерзімділік, төлемділік, қайтарымдылық, Несиелiк келiсiм шарт, несиелiк өтiнiм, жедел мiндеттеме, несиелiк құжаттар жиыны, несиелiк санкциялар, қысқа мерзiмдiк несиелендiру, орта мерзiмдiк несиелендiру, ұзақ мерзiмдiк несиелендiру, пайыздық мөлшерлеме, кешiктiрiлген (мерзiмi өткен) несие, субординирленген қарыз, жай сыйақы есептемесi, күрделi сыйақы есептемесi.
Сабақтың мақсаты: несиелік саясаттың экономикалық мазмұнын ашу.
Сабақ барысы:
- Ауызша сурау
- Рефераттар мен баяндамаларды тыңндау
- Экономикалық диктант жүргізу
- Карточкалармен жеке жұмыс жасау
-Тест тапсырмаларды шығару
Сабақ сұрақтары:
1.Несиелік саясаттың экономикалық мазмұны.
2.Банктің несиелік саясаты және оның құрамдас бөліктері.
3.Банктің несиелік саясатын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар және олардың депозиттік саясатпен байланысы.
Бақылау жұмыстарының сұрақтары:
1. Несиелік саясаттың негізгі элементтері.
2. Банктің несиелік саясатын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар.
Әдістемелік нұсқау: берілген курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.
Есептер:
1. Клиент банктен 10жыл мерзiмiне 12% жылдық мөлшерлемесiмен 500000 тенге көлемiнде несие алды. Несиенiң барлық мерзiмiне есептелген % сомасын есепте.
2. Фирма банктен 5жылға 15000$ көлемiнде 15% жылдық ставкасымен несие алса, жыл сайынғы төлем -?
Әдебиеттер:
1. ҚР Ұлттық банкі туралы ҚР заңы.30.03.1995.
2. ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы ҚР заңы 30.03.1995.
3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.- Алматы: ИздатМаркет, 2004.

Тақырып 6. Қарыз алушының несие қабілеттілігі және оларды анықтау әдістері
Сағат саны: 2
Кілті терминдер: қарыз алушының несиелiк қабiлеттiлiгi, несиелiк тәуекел, несиелiк құжаттар жинағы, несиелiк бюро, несиелiк қабiлеттiлiк класы, PARSEP әдiстемесi, CAMPARI әдiстемесi, “6Cи” ережесi, “5Си” ережесi, маржа, неиелiк саясат, несиелер сыныптамасы, несиелiк желi, несиелiк өтiнiм.
Сабақтың мақсаты: қарыз алушының несие қабілеттілігі анықтау әдістерін қарастыру
Сабақ барысы:
- Ауызша сурау
- Рефераттар мен баяндамаларды тыңндау
- Экономикалық диктант жүргізу
- Карточкалармен жеке жұмыс жасау
-Тест тапсырмаларды шығару
Сабақ сұрақтары:
1.Қарыз алушының несиелік қабілеттілігінің түсінігі.
2. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың экономикалық көрсеткіштері.
3. Клиенттердің несиелік қабілетін анықтау әдістері.
Бақылау жұмыстарының сұрақтары:
1.Несиелік процесс және несиелеу кезеңдері
2. Банк клиентінің несиелік қабілетін бағалау – несиелік тәуекелді сақтандырудың алғы шарты
3. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың экономикалық көрсеткіштері
Әдістемелік нұсқау: берілген курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.
Есептер:
1есеп: Ф№1 Бухгалтерлiк баланс пен №2 пайдалар мен шығындар туралы есеп мәлiметтерi бойынша қарыз алушы кәсiпорынның шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi мен оның несиелiк қабiлеттiлiгiне баға беру қажет.
2 есеп:
Актив
Жыл соңы
Пассив
Жыл соңы
Негiзгi актив

Меншiк капитал

1000
500
1850
400
Ұзақ мерзiмдi қаржылық салым
Негiзгi құрал
Құрал жабдық

1121
268
2393
Жоғарғы капитал
Қорлар
Мақсатты қаржыландыру
Бөлiнбеген табыс

Барлығы
3782
Барлығы
3750
Айналыс активтерi

Өндiрiс қорлары
Аяқталмаған өндiрiс
Дайын өндiрiс
Деб.қарыз
Қысқа мерзiмдi қаржылық салым
Ақшалай қаржы
2871
2500
2500
12487

1370
1292
Ұзақ мерзiмдi несие
Кредит қарыз
2304
18450
Барлығы
26802
Барлығы
26802

Өтiмдiлiктiң орташа салық көрсеткiшi – 0,6 (I класс) орташа салық жабылу –2,5 (I класс)
Өнiм сатудан табыс 1997 жылы 250 млн.тг
Табыстағы өндiрiс шығыны үлесi-60%.
Табу керек: өтiмдiлiк, меншiк қаржылармен қамтамасыз етiлу көрсеткiштерi.

3 есеп
Атауы
Жыл басы
Жыл соңы
Атауы
Жыл басы
Жыл соңы
Ақшалай қаражат
1400
2300
Активтер барлығы
152600
161800
Дебитолармен е.а – барлығы
120000
122000
Қысқа мерзiмдiк мiндеттемелер
135200
102300
Соның iшiнде

Меншiк капитал

42500
Алдағы 3 айда
30000
40000
Соның iшiнде: жоғарғы капитал
7100
11000
Үмiтсiз деб.қарыз –12 айдан аса мерзiмдiк
28000
29000
Өнiм сатудан табыс
62500
73300
ТМҚ қорлары
29600
30500
Кезең бойынша табыс
1800
9800
Қысқа мерзiмдi өтiмдi бағалы қағаз
17
4500

Басқа ағымдық активтер
1500
300

Табу керек: Табыстылықтың жыл басы мен жыл соңындағы коэффициентiн, барлық қарыз мiндеттемелерiмен меншiк капиталы қатынасын, барлық қарыз мiндеттемелермен акцион капитал қатынасын.

Әдебиеттер:
1. ҚР Ұлттық банкі туралы ҚР заңы.30.03.1995.
2. ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы ҚР заңы 30.03.1995.
3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.- Алматы: ИздатМаркет, 2004.

Тақырып 7. Несиелік тәуекел және оны азайту әдістері
Сағат саны: 1
Кілті терминдер: Банктік тәуекел, трансляциялық валюталық тәуекел, пайыздық тәуекел, банктің ішкі тәуекелдері, валюталық тәуекел, банктік сыртқы тәуекелдері, пайдалық тәуекелдерді азайту әдістері, тәуекел деңгейіне әсер ететін факторлар, елдік индекс, тәуекелдерді басқару, несиелік тәуекелдерді бағалау.
Сабақ мақсаты: : Несиелік тәуекелдердің мәнін оқу, несие тәукелдерді басқаруды қарастыру, несиелік тәукелдің талдау әдісін меңгеру
Сабақ барысы:
- Ауызша сурау
- Рефераттар мен баяндамаларды тыңндау
- Экономикалық диктант жүргізу
- Карточкалармен жеке жұмыс жасау
-Тест тапсырмаларды шығару
Сабақ сұрақтары:
1.Несиелік тәуекел және оның пайда болу себептері.
2.Несиелік тәуекелді азайту әдістері.
3.Шетел тәжірибесінде қабылданған несиелік тәуекелді бағалау әдістері.
Бақылау жұмыстарының сұрақтары:
1. Қарыз алушының несие қабілетін бағалау.
2. Несиелік тәуекелді басқару эволюциясы
3. Несиелік тәуекелдердің рейтингтік бағасы және эмитенттің сенімділігін бағалау
4. Коммерциялық банктердің қызметіне әсері
Әдістемелік нұсқау: берілген курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.
Есептер:
1 есеп:
Несие мөлшері
Кешік.қарыз.ұзақт
Қам-з етілуі
Қам-з ету сомасы
Қам-з ету өтімділігі

нег.қарыз
% б-ша

300
-
-
кепіл
400
өтімді
150
60
-
кепіл
300
өтімді
500
-
5
банк кепілдемесі
700
-
800
25
-
кепіл
900
өтімді
50
-
-
сақтан-н
150
күдікті, сақтан-н
Көрсетілген несие портфеліндегі әрбіреуінің сапасын бағалап оларды тәуекел топтарына бөлу.
2есеп:Банк 2 несие берді.
1. Сауда ұйымына 15.05.14ж- берілген 15.07.14ж дейін, 100 млн теңге көлемінде, 80% жылдықпен, қамтамасыз етілмеген. Қарыз алушы - банктің тұрақты клиенті, қаржы жағдайы жақсы, қаржы түсуі – орташа. Өтелу әдісі-мерзім соңында бірден өтелу.
2. Шығынды жабуға 29.08.14ж – 15.09.14ж аралығына берілген 200 млн сомасында, жылдық 110%, банк резидент кепілімен (кепіл сомасы 30млн) қарыз алушы – тұрақты клиен, қаржы жағдайы қанағаттанарлық, қаржы түсуі – орташа. Өтелу әдісі – мерзім соңында бірден өтелу. Әр несие сапасын анықтап тәуекел тобына жатқызып, тәуекел деңгейін анықта.

Әдебиеттер:
1. ҚР Ұлттық банкі туралы ҚР заңы.30.03.1995.
2. ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы ҚР заңы 30.03.1995.
3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.- Алматы: ИздатМаркет, 2004.

Модуль 3. Несиелендіруді басқару

Тақырып 8. Коммерциялық банктерде несиені басқару
Сағат саны: 1
Кілті терминдер: несие, несиелік тәуекелдер, несие көрсеткіштері, несие кәбілеті, Мәселелi несие, несиелiк жоғалту, қаржылық жоғалту, "кешіктірілген" несие, мәселелі ссуданың қалыптасуы,"кешіктірілген" несиені алдын алу, мәселелі несие тәуекелі, мәселелі несие тәуекелін төмендету стратегиясы, айыппұл, "мәселелі" несие алушымен қатынсты тоқтау.
Сабақтың мақсаты: мәселелі ссудалардың мәнін оқыту
Сабақ барысы:
- Ауызша сурау
- Рефераттар мен баяндамаларды тыңндау
- Экономикалық диктант жүргізу
- Карточкалармен жеке жұмыс жасау
-Тест тапсырмаларды шығару
Сабақ сұрақтары:
1. Мәселелі ссудалардың мәні мен қалыптасу мәселелері.
2. Мәселелі ссудалардың қалыптасу профилактикасының әдістері.
3. ҚР-ның банктеріңдегі мәселелі несиелермен жұмыс.
Әдістемелік нұсқау: берілген курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.
Есептер:
1 есеп: "Аққу" фабрикасы Наурыз банктен өндірісті кеңейтуге 50млн.тенге соамсында 3 жылға несие алды. Несие бойынша –12% жылдық несие пайыздары сомасын анықта.
2 есеп: "Альфа" фирмасы шетел нарығын игеру үшін 450 мың тенге көлемінде 6 жылға 15% мөлшерлемесінде несие алды. Несие бойынша пайыз сомасын анықта.

Әдебиеттер:
1. ҚР Ұлттық банкі туралы ҚР заңы.30.03.1995.
2. ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы ҚР заңы 30.03.1995.
3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.- Алматы: ИздатМаркет, 2004.

Тақырып 9. Несиенің қайтымдылығын қамтамасыз ету формалары
Сағат саны: 1
Кілті терминдер: Кепiл, кепiлге салу, кепiлдiк, кепiлдеме, несиенi сақтандыру,бағалы қағаздар кепiлi, кепiлдiк хат, кепiлдiкке салушы, кепiлдiкке зат ұстаушы, цессия, тыныш цессия, ашық цессия, құқытар кепiлi, тұрақты кепiл, қайта өңдеудегi тауарлар кепiлi, кепiл келiсiм шарты, кепiлдi бағалаудың нарықтық әдiсi.
Сабақтың мақсаты: несиенің қайтымдылығын қамтамасыз ету формаларын түсіндіру
Сабақ барысы:
- Ауызша сурау
- Рефераттар мен баяндамаларды тыңндау
- Экономикалық диктант жүргізу
- Карточкалармен жеке жұмыс жасау
-Тест тапсырмаларды шығару
Сабақ сұрақтары:
1.Банктік ссудалары қамтамасыз ету формаларын жіктеу.
2.Кепіл міндеттерді атқаруды қамтамасыз ету әдісі ретінде.
3.Нарық жағдайындағы кепілгерлік және оның мәні.
Бақылау жұмыстарының сұрақтары:
1. Кепіл – несиенің қайтарылуын материалдық қамсыздандырудың формасы.
2.Несие бойынша қарызды өтеудің бірінші реттегі қаржы көздерінің банктер үшін өте қолайлылығы.
3.Берілген несиені клиенттер тарапынан уақытында қайтарылуын қамтамасыз етудің қаржы көздері.
4.Банктен алған несие бойынша қарызды мерзімінде қайтарып, проценттік өсім ақыны төлеудің бірінші реттегі қаржы көздері.
Әдістемелік нұсқау: берілген курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.
Әдебиеттер:
1. ҚР Ұлттық банкі туралы ҚР заңы.30.03.1995.
2. ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы ҚР заңы 30.03.1995.
3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым.- Алматы: ИздатМаркет, 2004.
Ситуациялық есептер.

1 есеп: Банк 1 жылға 100 млн теңгенні несиеге берді. Талап етілетін операцияның талап ететін нақты табыстылығы 8%- ке тең, инфляцияның жылдық деңгейі 15%-ға тең деп қабылданған. Несие бойынша пайыздық мөлшерлемені, өтелетін соманы және алынған пайыздар сомасын анықта.
2 есеп: 500 млн несиесі 200 күнге берілген. Инфляцияның жыл бойынша есептелген деңгейі 20%-ға тең деп алынған, операцияның нақты табыстылығы 12 жылдық пайыз құрауы керек, жылдағы күн саны-365. Несие беру кезіндегі пайыз мөлшерлемесін, өтелетін соманы және алынған пайыз сомасын анықта.

Тұтынушылық несие
1-есеп: Клиент банкке несиелiк бөлiмге 100000 мөлшерiнде 5жылға кейiнге қалдырылмайтын қажеттiлiктерге несие алуға өтiнiм жасады. Табыс туралы анықтаманы ұсынды-таза табыс 25000 теңге. Екi кепiлгерде 40000 теңгелiк 50000 теңгелiк таза табыс бар. Бұрын несие қолданбаған және әкiмшiлiк төлеттiру шараларына салынбаған. Несие көлемi мен қарызды қолдану үшiн төленетiн % сомасын анықта. Табу керек:
1. Клиент төлем қабiлеттiлiгiн
2. Несиенiң минимал (ең төменгi) көлемiн
3. Несие бойынша қаралатын төлемдер кестесiн.
II Есеп: Қарыз алушының орташа айлық табысы 6 айда 50000 теңгеге тең, несиелеу мерзiмi-5жыл, несие бойынша % мөлшерлемесi 28 жылдық болса, кейiнге қалдырмайтын қажеттiлiктерге несиенiң максималдық көлемiн анықтау керек.

Консорциалдық несие.
1-есеп: Банктiк консорциум негiзгi кәсiпорын мен оның алмастырушы зауытын жаңартуды қаржыландыру үшiн несие беру мүмкiндiгiн қарастыруда. Несиенiң жалпы көлемi 28,5 млрд.т. Консорциум мүше-банктерi келесi көлемдегi несиелiк ресурстарды бередi: Банк А-11млрд.т., Банк Б-45млрд.т., Банк В-9,5млрд.теңге.
Несие В-9,5 млрд.т көлемiнде негiзгi өндiрiстi жаңарту үшiн және ауыстырушы зауытты жаңартуға-12,5 млрд.т қолданылған. Несие мерзiмi-1,5жыл Б банкiнде бiрiншi қарыз алушыға тәуекел нормативi бұзылуы мүмкiн.
Табу керек:
1. Консорциалды келiсiм шарт рәсiмделетiн құжаттарды атау.
2. Несиелеудiң мүмкiн болатын сызбаларын көрсету.
3. Басқа банктердi осы келiсiм – шартқа қосудың мәндiлiгiн (дұрыстығын) негiздеу.
2-есеп: Банктiң кепiлдiк операцияларын жүзеге асыру үшiн консорциум.
Клиент несие бойынша 6млрд.т.көлемiнде кепiл сґрады. Оның 1млрд.теңге көлемiнде консорциум ұйымдастырушы банкке несие бойынша қарызы бар, ұйымдастырушы банк капиталы 4млрд.теңгенi құрайды.
Табу керек:
1. Консорциумның 3 қатысушылары арасында берiлетiн кепiл сомалары қалай бөлiнетiн болады.
2. Қандай факторлар консорциум шегiнде берiлетiн кепiлдер көлемi мен мүмкiндiгiн анықтайды.
3. Консорциум ұйымдастырушы банк осы келiсiмде қатыса алады ма.
4. Консорциалдық кепiлдер бойынша төлемдер мен төлемақыларды не анықтайды.

Коммерциялық несие және банктердiң векселдермен операциялары.
1. Банк фирмаға 500 млн тг номиналындағы вексельдi сатады. Вексель бойынша төлем мерзiмi 40 күннен соң болады, есептiк мүлшерлеме –24% жылдық
Табу керек: вексель бойынша дисконт жеңiлдiк сомасын
2. Кәсiпорын бұрын сатып алынған дисконттық вексельдi банкке ұсынды. Вексель бойынша төлем мерзiмi –10 күннен соң. Вексель номиналы –50 млн.тенге, есептiк мөлшерлеме-16% жылдыј. Вексель бойынша дисконт сомасы мен банктен вексель бойынша төленетiн соманы анықта.

Ломбардтық несие
1 есеп: 2003 жылдың 12 шiлдесiнде ұлттық банк Лариба банкiне 10 күнтiзбелiк күнге 36% жылдық мөлшерлемесiмен 10 млн.тг сомасында ломбардтық несие бердi. Несиенi қолдану үшiн есептелегн пайыз сомасы мен қарыздың өскен сомасын анықта.
2 есеп: 2004 жылы 12 қазанда ұлттық банк Нұрбанкке 14 күнге 40% жылдыј мөлшерлемесiнен 720млн теңге көлемiнде ломбардтық несие бердi. Несиенiң өтелуге тиiс мерзiмi-22 қазан. Бiрақ несие 26 қазанда өтелдi. Айыппұл сомаларын және қарыздың өскен сомасын есепте.
3 есеп: ұлттық банк Каспий банкiне 10 күнге 36% жылдық мөлшерлемесiмен 10млн.тенге сомасында ломбардтық несиенi 2005 жылдың 12 тамызында бердi. Ломбардтық несие бойынша қарыздың өскен сомасын анықта.

Ипотекалық несиелеу.
Ипотекалық банк 10 жыл мерзiмiндегi ипотекалық несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелерiн белгiледi.
А.Он жылдық тiркелген пайыз-10% жылдық
Б.Алғашқы 5 жылға-10% жылдық несиелеудiң II жартысына 10-12% жылдық шамасында өзгеретiн (тербелетiн) жүзушi пайыз
Қай нұсқа тиiмдi болып шықты.
2есеп: Жылжымайтын мүлiк нарығында дағдарыс нәтижесiнде кепiлге салынған пәтер бағасы 30%-ға төмендедi. Ипотекалық несие сомасы 450 000т. Бастапқы кезде 50% болған несие мен кепiл құнының қатынасы қандай?
3 есеп: Банк пәтердi кепiлге ала отырып 800 000т сомасында несие бердi, пәтердiң бағаланған құны 1млн.тг. Мұндай пәтер бағасы 20% төмендесе несие сомасы мен жылжымайтын мүлiк құнының қатынасы қандай болады?

4.ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ

4.1.Өздік жұмыстарының тақырыптары

1.Қазақстандағы қысқа мерзімді несиенің перспективалары мен қазіргі мәселелері.
2. Несиелеу тәсілінің рейтингісі және оның банктің лимиттік саясатының формалаудағы рөлі.
3.Банк ссудасының қайтарымын қамтамасыз етудегі шетелдік тәжірибе және оны ҚР-да қолдану мүмкіндігі.
4.ҚР-ы екінші деңгейдегі банктердегі несиемен қамтамасыз ету формаларының перспективалары мен мәселелері.
5.Несиелеу процесінде пайда болған мәселелер және оларды шешу жолдары.
6. ҚР-ы ұзақ мерзімді несиелеу жүйесінің дамуы.
7.Ауылшаруашылық кәсіпкерлікті несиелеу ерекшелігі.
8.Өнеркәсіпті несиелеу ерекшелігі.
9.ҚР-ы қазіргі кезеңдегі консорционалдық несиелеу.
10.Шағын және орта бизнестің дамуындағы банктің үлесі.
11.Қазақстандағы ипотекалық несиенің үлгісі және оларды қолдану перспективалары.
12.Несиелеу кезіндегі вексельдерді қолдану мәселелері мен перспективалары.
13.ҚР-ы екінші деңгейдегі банктің лизингтік операцияларының даму перспективасы мен мәселелері.
14.ҚР-ы тұтынушылық несиенің даму перспективасы.
15.Кепіл несиені қамтамасыз етудің негізгі формасы.
16.ҚР-ы банктеріндегі проблемалық несиелермен жұмыс істеу.
17.Қарызгердің несиелік қабілеттілігі нарықтық қатынастар жағдайында несиені басқару негізі.
18.Кәсіпорынның сыртқы экономикалық іскерлігін несиелеу.
19.Шағын және орта бизнесті несиелеу.
20.Қайтарымдылық негізде инвестицияны несиелендіру және қаржыландыру мәселелері.
21.Тұрғын –үй құрылысын несиелендіру мен қаржыландыру.
22.Банктің ссудалық (қарыз)портфелін басқару
23 .Несиелік тәуекел құралдары
24.Қарыз алушының несие қабілетін бағалау әдістері.
25.Несиелік жүйе тәуекелдерін реттеу.

4.2 Несие пәні бойынша емтихан сұрақтары

1. Несиелеу әдістері және қарыздық (ссуда) шоттардың нысандары
2. Кепіл құнын бағалау әдістері
3. Коммерциялық банктің пассивтік операциялары
4. Қазақстан Республикасының банктерінің консервациялауі мен жойылу тәртібі
5. Банктік несиелеудің қағидалары
6. Банктің меншікті капиталы: оның құрамы және құрылу тәртібі
7. Несиелік келісім шарт, оның мазмұны мен мәні
8. Банктік ресурстар және олардың сипаттамасы
9. Лизинг туралы келісім-шарт және оның мазмұны
10. Коммерциялық банктердің қорлары және олардың сипаттамасы
11. Несие жүйе, оның Қазақстан республикасындағы рөлі және орны
12. Банктік капиталдың жеткіліктері және оны анықтау әдістері
13. Несиелік құжаттама және оның мазмұны
14. Несие жүйесінің негізгі элементтері
15. Ломбардтық несиелеу
16. Ипотекалық несиелеу, оның қағидалары мен түрлері
17. Коммерциялық банктің активтері және олардың құрылымы
18. Коммерциялық банктердің функциялары және қызмет ету қағидалары
19. Банктік несиелердің сыныптамасы
20. Несиелік тәуекелді бағалаудың статистикалық әдістері (Z үлгісі, Чессер)
21. Банк активтерін басқару әдістері
22. Несие беру тәртібі
23. Банк пассивтерін басқару әдістері
24. Банк өтімділігі мен төлем қабілеттілігінің көрсеткіштері
25. Кепілдік. Кепілдік келісім-шарты
26. Коммерциялық банктің пайыздық саясаты
27. Коммерциялық қабілеттілігін бағалаудың шетелдік тәжірибесі
28. Тұтынушылық несиелеудің төлем қабілеттілігі
29. Несиелік қатынастардың объектілері мен субъектілері
30. Қазақстан Республикасының несиелік жүйесі және оның сипаттамасы
31. Халықаралық несие: нысандары және түрлері
32. Мәселелі несиелер, олардың пайда болу себептері
33. Салымдар (депозиттер). Олардың түрлері
34. Қарыз алушының несиелік қабілеттілігін бағалау әдістері
35. Коммерциялық банктің лизингтік операциялары және олардың түрлері
36. Екінші деңгейлі банктердің Қазақстан республикасының Ұлттық банкімен өзара қатынасы
37. Ақша-несиелік саясат және оның әдістері
38. Банктік несиелердің қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандары мен түрлері
39. Активтер мен шартты міндеттемелердің сыныптамасы, олар бойынша провизия құру
40. Несие бағасы. Несие бағасын анықтайтын факторлар
41. Қарыз алушының несиелік қабілеттілігінің тобын (классын) анықтау
42. Банктің несиелік портфелі және оның сапасын бағалау
43. Лизингтік операциялардың ұйымдастырылуы мен жүргізілу әдісі (техникасы)
44. Бағалы қағаздармен банк операциялары
45. Несиелік санкциялар және оларды қолдану шарттары
46. Банктің несиелік портфелі және оның сыныптамасы
47. Пайыздық мөлшерлемелер, олардың түрлері, есептеу әдістері мен тәсілдері
48. Банктік тәуекелдердің сыныптамасы
49. Банктік несиелеу жүйесі және оның құрамдас бөліктері
50. Коммерциялық банк басқарылуының ұйымдастырушылық құрылымы
51. Кепіл, оның мәні. Кепіл түрлері
52. CAMEL рейтингтік жүйесі
53. Цессия, оның түрлері
54. Кепілгерлік. Кепілгерлік туралы келісім – шарт
55. Коммерциялық банктің несиелік саясаты және оның негізгі элементтері
56. Коммерциялық банктің депозиттік (салымдық) саясаты
57. Банктік несиелердің қолданылуы мен өтелуін (қайтарылуын) бақылау
58. Консорциалдық несиелеу: мәні, қажеттілігі мен мәні
59. Несиелік тәуекел және оны бағалау әдістері
60. Кепіл туралы келісім-шарт және оның мазмұны


Скачать


zharar.kz