Қазақ хандығының құрылуы.

Скачать

Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды(1458-1473)жж.Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды(1473-1480)жж.Бұлардың тұсында Жетісудың қазақ рулары мен тайпалары 1462жылы Моғолстан ханы Есенбұғы өлгеннен кейін, ондағы феодалдық тартыстардың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайта түсуге күш қосты. Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан жерінен бірқатар рулардың ауа көшіп,Жәнібек пен Керейдің қол астына келуі Қазақ хандығын бұрынғыдан да күшейтті. Бұлар жаңадан құрылған Қазақ хандығының үкімет билігін нығайтып, оның беделі мен әскери саяси күш-қуатын арттыра түсті. Едәуір әскери күш жинаған және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 жылы Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Оның нлінде қиян-кескі қырқыс басталып, халық ыдырай бастады. Мұны қазақ хандары Керей мен Жәнібек тиімді пайдаланды.Олар бұдан 12 жыл бұрын өздері көшіп кеткен ата қонысы Дешті Қыпшаққа қайта оралды.Сөйтіп Әбілхайыр ханның мұрагерлеріне қарсы күрес жүргізді. Бұл күрестің барысында Әбілхайыр ханның орнына отырған мұрагер баласы Шайх Хайдар өлтірілді. Әбілхайыр ханның немерелері Мұхаммед Шайбани мен Махмұд сұлтан Астраханға барып паналады. Күресте жеңіске жеткен Қазақ хандары 40 жыл Әбілхайыр билеген Дешті Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тайпаларды өзіне қосып алды. Қазақ хандығының жері едәуір кеңейді.
Керей мен Жәнібек, олардан кейін Бұрындық Шығыс пен Батыс арасындағы сауда жолының үстіне орнаған Сырдария жағасынжағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Ясы (Түркістан) т.б. қалаларды Қазақ хандығына қарату үшін бітіспес күрес жүргізді. Сырдария бойындағы қалалар үшін соғыс Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани ханмен отыз жылдан астам уақытқа созылды. Өйткені Мұхаммед Шайбани Астрахань қоршауынан қашып шығып, Түркістан аймағына келді. Мұнда ол өзінің билігін жүргізіп отырған Әмір Темір тұқымынан шыққан Мұхаммед Мәзит тарханды паналады. Ол Қазақ хандығына қарсы Мұхаммед Шайбаниды айдап салу мақсатын көздеді. Бірақ бұдан ештеме шықпады. 1470 жылы қыста қазақ ханы Керей әскерлерімен Түркістанға шабуыл жасады. Ал Жәнібектің үлкен, баласы Еренжі Сауранды имеданді. Сауран түбінде соққы жеген иМұхаммед Шайбани Бұхараға қашты.
1472 жылы Мұхаммед Шайбани Түркәстанға қкайта оралып, Ноғай Ордасының әмірі Мұса мырзаның көмегімен Аркөк бекінісі мен Сығнақ қаласын басып алды. Бұл уақытша жеңіс еді. Бұрындық сұлтан мен Махмұд сұлтан бастаған қазақтың біріккен жасақтары Қаратаудағы Соғұнлық асуында Мұхаммед Шайбанидің әскерлерін талқандады. Бұрындық сұлтан Сығнақ қаласын қайтарып алды. Бұл соғыста күйрей жеңілген Мұхаммед Шайбани Маңғыстауға қашты. Сырдария жағасындағы қалалр қайтадан Қазақ хандығына өтті.
Бұл кезде Қазақ хандығына Мұхаммед Шайбанимен қатар Моғолстан ханы Жүніс және Орта Азия жерінде билік етіп тұрған Әмір Темір әулетімен де күрес жүргізуге тура келді. Өйткені бұларда Сырдария жағасындағы маңызды сауда орталықтарын өздеріне қаратып алуды көздеді.
1482-1485 жж. Моғолстан ханы Жүніс әскерлерімен Ташкент пен Сайрам қалаларын басып алды. Ал XVI ғ. Басында Моғолстан билеушісі Жүнүстің баласы Сұлтан Махмұд хан Отырар қаласын басып алып, оны Мұхаммед Шайбаниға берді. Моғолстан ханның қолдауына сүйеніп және Отырарға ие болған Мұхаммед Шайбани тағы да Сауран мен Ясы (Түркістан) қалаларына шабуыл жасап, басып алды. Қазақ ханы Бұрындық және Қасым мен Жәдік сұлтандар Темір әулетінен шыққан Мұхаммед Мәзит тарханнан қолдау алып Созақ, Сауран қалаларына әскери шабуыл ұйымдастырды. Бұрындық Сауранды қайтарып алып, Отырар қаласын қоршауға алды. Бірақ Моғоғлстан ханы Сұлтан Махмұд Ташкенттен Мұхаммед Шайбаниға әскери көмек беріп, қазақ жасақтары амалсыздан Отырар қаласын қоршауды тоқтатты. Мұхаммед Шайбани хан қазақтармен бітім жасады. Осы келісім бойынша Отырар, Ясы, Аркөк, Бозкент қалалары мен Түркістан аймағының бір бөлігі Мұхаммед Шайбаниға қарады. Сығнақ, Сауран, Созақ қалалары мен иелігінде қалды. Ал Ташкент пен Сайрам қалаларын Моғолстан ханы Сұлтан Махмұд биледі.
Сөйтіп Дешті Қыпшақты басып алуға ұмтылғандардың бірінен соң бірін жнңіп және Сығнақ, Созақ, Сауран қалаларын саяси, шаруашылық және әскери тірек еткен Қазақ хандары өз иеліктерін едәуір ұлғайтты, хандықтың нығаюына үлестерін қосты. Дешті Қыпшақта Қазақ хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп, Мәуеренахрға кетуге мәжбүр болды. Мұнда ло темір әулеті билігін басып алды да, Шайбани әулетінің негізін қалады.
Сыр өңіріндегі қалалар мен олардың төңірегіндегі көшрелі жұрт мекендеген жерлер және Жетісу өлкесі үшін күрес барысында қазақ, өзбек, қырғыз, қарақалпақ халықтарының этникалық шекарасының қалыптасуы мекендеді. Сонымен қорытп айтқанда, Қазақ хандығының құрылуына XV ғасырдың екінші жартысында Қазақстан жерінде екі мемлекеттің - Әбілхайыр хандығы (Көшпелі өзбек мемлекеті) мен Моғолстан ішкі саяси ахуалы нақты жол ашты. Өйткені, бұл мемлекеттердегі көшпелі ақсүйек – сұлтандардың эконмикалық күш-қуаты артып, олардың әрқайсысы өз иеліктерінде жеке билік жүргізуге ұмтылды, феодалдық талас-тартыс күшейді. Сөйтіп,бұл мемлекеттердің тарихи біріккен нлдігінен айырылып, күйреуіне алып келді.
Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы аса маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірде мекендеген қазақ ру-тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың зтникалық территориясын біріктіруде маңызды рөл атқарады. Қазақ хандығының қалыптасуы қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып бірігу жолынлағы күресін біржолата аяқтауда шешуші кезең болуымен ерекшеленеді.
Қазақ хандығының құрылуы Жетісу жеріндегі ру-тайпалардың оның қол астына бейбіт жолмен көшуін қамтамасыз етті. Қазақтардың біртұтас мемлекеттігінің пайда болуы қазақ жүздерінің, жалпы қазақ хақы қалыптасуының маңызды факторларының бірі болды. XV ғасырдың екінші жартысында оңтүстік-шығыс Қазақстанның халқы өлкенің басқа аймақтарымен шаруашылық, этникалық және саяси қатынастары одан әрі жалғасып, күшейе түсті.


Скачать


zharar.kz