Жылу берілудің түрлері.
№4 өзіндік жұмыс.
І-деңгей.
1. Жылу берілудің қай түрінде зат тасымалданады?
А. Сәуле шығару.
Ә. Конвекция.
Б. Жылу өткізгіштік.
2. Қыз бала допты жоғарыдан төмен лақтырды. Оның ішкі энергиясы қандай?
А. Ішкі энергиясы оның жылдамдығына байланысты.
Ә. Доптың түскен биіктігіне байланысты.
Б. Доптың ішіндегі ауа молскулаларының ретсіз қозғалысына байланысты .
3. Жер атмосферасына ұшып енген метеорит қызады.
А. Атмосфера метеоритке жылу береді.
Ә. Метеорит ауа үйкелісі әсерінен қызады.
Б. Жерге түскен соң ішкі энергиясы өзгермейді.
4. Дененің ішкі энергиясы қандай тәсілмен өзгереді?
А. Тек жылу алмасады.
Ә. Тек жұмыс атқарғанда.
Б. Жылу алмасуда жәнс жұмыс атқарады.
5. Күн ашық күні терезе алдыңда тұрған монетаны біраз уақыт өткен соң, суық суға салды
А. Монетаның ішкі энергиясы жылу алмасу арқылы өзгереді.
Ә. Судың ішкі энергиясы жұмыс атқару арқылы өзгереді.
Б. Судың ішкі энергиясы артады.
6. Қатты дене молекулаларының жылулық қозғалысы дегеніміз
А) Дене бөлшектерінің жоғарғы температурадағы бөлігінен төменгі температурадағы бөлігіне қарай қозғалысы.
Ә) Тепе-теңдік жағдайындағы молекулалардың тербелмелі қозғалысы.
Б) Бөлшектердің зат температурасына тура пропорционал реттелген қозғалысы.
II-деңгей
1. Бірдей температурадағы массалары 1кг және 0,5кг мыс білеушелердің қайсысының ішкі энергиялары артық?
2. Металл бөлшекті қызыдырғанда және бұрғымен тескенде ішкі энергиясы кандай тәсілмен өзгереді?
3. Арқанмен төмен түскенде неге адамның қолы қызады?
4. Сіріңкенің шIIIн жалынға ұстап жандырғанда және каробкаға үйкегенде, ішкі энергиясы қандай тәсілмен өзгереді?
5. Ағашты аралағанда ішкі энергиясы қандай жолмен өзгереді?
6. Адамның қолын қыздырған денені пайдаланбай, қалай жылытуға болады?
Ш-деңгей.
1. Түнге қарай теңіз суының ішкі энергиясы өзгере ме?
2. Газды кенеттен сыққанда оның ішкі энергиясы өзгере ме? Қалай өзгереді?
3. Бір ыдыста массалары бірдей мұз бен су бар. Қайсысының ішкі энергиясы артық?
4. Сынапты термометрмен су тамшысының температурасын өлшеуге бола ма?
5. Массалары бірдей, бірдей заттан жасалған екі шар бірдей биіктіктен бірі жерге екіншісі тасқа құлап ұшып түсті. Қай шардың ішкі энергиясы көп өзгерді?
6. Шайнектегі су қайнағанда судың жартысы буланды. Бу мен судың ішкі энергиялары бірдей ме?
Жылу мөлшері. Меншікті жылу сиымдылығы.
№5 өзіндік жұмыс
І-деңгей
1. Судың меншікті жылу сиымдылығы 4200Джкг-°С
А) Массасы 4200кг суды 1°С-қа жылытуда 1Дж жылу қажет.
Ә) Массасы 1кг суды 4200°С-ға қыздыруға 1Дж жылу керек.
Б) Массасы 1кг суды 1°С-ге қыздыру үшін 4200Дж жылу керек.
2. Меншікті жылу сиымдылығы
А) Затты 1°С-ге қыздыруға қажет жылу мөлшері.
Ә) 1кг затты қыздыруға қажет жылу мөлшері.
Б) 1кг затты 1°С-ге қыздыруға қажетті жылу мөлшері.
3. Массасы 100г алюминийді 20°С-ға қыздыруда 1800Дж жылу берілді.
А) Алюминийдің меншікті жылу сиымдылығы 3600Джкг°С.
Ә) Алюминийдің меншікті жылу сиымдылығы 900Джкг°С.
Б) Алюминийдің балқу температурасындағы жылу сиымдылығы 90Джкг С.
4. 1кг бұйымды 1°С-гс қыздырғанда 460Дж жылу жұмсалды
А) Бұйым мыстан дайындалған.
Ә) Бұйым болаттан жасалған.
Б) Бұйым шойыннан дайындалған.
5. Мыс және болаттан жасалған массалары бірдей денеге бірдей жылу мөлшері берілді.
А) Мыстың температурасы жоғары.
Ә) Болаттың температурасы жоғары.
Б) Екі дененің температурасы бірдей.
6. Меншікті жылу сиымдылығының өлшем бірлігі
А) Джкг°С;
Ә) Дж∙кг;
Б) Джкг.
ІІ-деңгей
1. Массасы 300г суды 10°С-ден 18°С-ге қыздыру үшін қандай жылу мәлшері керек.
(10,08кДж)
2. Сиымдылығы 27л бактағы ыстық су қоршаған ортаға 1,5МДж жылу берсе температурасы қаншаға төмендеді?
(13,2°С)
3. 1кДж жылу беру арқылы қанша су мәлшерін 10°С-қа қыздыруға болады?
(0,024кг)
4. 110г алюминийді 90°С температурага қыздыру үшін 9100Дж жылу қажет. Алюминийдің меншікті жылу мөлшерін есеитеңдер.
(920Джкг°С)
5. 20,7кДж жылу беру арқылы массасы қанша темір бөлшекті 20°С-ден -200°С-ге қыздыруға бслады?
(0,25кг)
6. Массасы 200г латунь гирді 20°С-ден 28°С-ге қыздыруға қанша жылу мөлшері қажет? с=400Джкг°С.
(640Дж)
7. Массасы 0,12кг күміс 66°С-ден 16°С-ге суығанда қоршаған ортаға қанша жылу мөлшерін береді? с=250Джкг'С.
(1,5кДж)
8. 168кДж жылу беру арқылы 4л суды қанша градусқа қыздыруға болады?
(10°С)
III-деңгей
1. Массасы 300г болат бөлшекті жоғарғы температураға дейін қыздырып, температурасы 10°С 3кг машина майына салды. Жылулық тепе-тендік орнағаннан кейін температура 30°С болса, болат бөлшектің бастапқы температурасы қандай еді?
(870°С)
2. Температурасы 100°С мыс бұйым температурасы 15°С, массасы 420г суға салғанда, жылу алмасу кезінде судың температурасы 18°С-ге көтерілсе, мыс бұйымның массасы қанша еді?
(0,1 бкг)
3. Сиымдылығы 200см3 стаканның төрттен үш бөлігіне қайнаған су құйып, үстіне температурасы 20°С суық су құйды. Қоспаның температурасы қандай?
(80°С)
4. Массасы 140г алюминий калориметрге температурасы 15°С 250г су құйып, үстіне 100°С-қа қыздырылған массасы 100г қорғасын білеуше тасталды. Калориметрде 16°С температура орнықты. Қорғасынның меншікті жылу сыйымдылығын анықтаңдар.
(140Джкг°С)
5. Массасы 200г латунь калориметрге құйылған массасы 150г судың температурасы 12°С. Егер калориметрге 100°С-ге қыздырылған, массасы 500г темір гир салынса, орныққан температура қандай болғаны?
(34°С)
6. Сиымдылығы 200л ваннаға температурасы 12°С суық су және температурасы 60°С ыстық су құйылды. Қоспаның температурасы 40oС болса, ыстық су мен суық судың көлемдері қандай?
(80л; 120л)
ІV-деңгей
1. Массасы 200г, температурасы 20°С суға температурасы 10°С 300г темір және температурасы 25°С 400г мыс салынған, орныққан температураны анықта.
(19,5°С)
2. Температурасы 20°С 39л су мен температурасы 60°С 21л суды араластырса қоспаның температурасы қандай?
(34°С)
3. Массасы 128 латунь калориметрде 8,5°С температурадағы 240г суға 146г, температурасы 100°С металл цилиндр тасталған. Жылу алмасу кезінде 10°С температура орнықты. Металдың меншікті жылу сыйымдылығын анықтаңдар.
(120Джкг°С)
4. Массасы 100г темір калориметрде температурасы 15°С, 500г су бар. Калориметрге температурасы 100°С, жалпы массасы 150г қорғасын мен алюминий салынған. Судың температурасы 17°С-ге көтерілді. Қорғасын мен алюминийдің массасын анықта.
(39г, 111 г)
5. Температурасы 10°С суға, 100°С-ге қыздырылған денені тастағанда біраз уақыттан соң судың температурасы 40°С болды. Егер денені судан шығармай, температурасы 100°С дәл сондай денені суға салса, судың температурасы қандай болады?
(55°С)
6. Жылу сиымдылықтары бірдей болу үшін, қорғасын мен қалайының көлемдерін қандай қатынаста алу керек?
(1,24)
Отынның жану жылуы.
№6 өзіндік жүмыс
І-деңгей
1. 60 МДж жылу мөлшерін алу үшін, қанша құрғақ отын жағу керек.
(5кг)
2. 0,1 кг спирт жанғанда қанша жылу мөлшері бөлініп шығады.
(2,7 МДж)
3. 500г отын жанғанда 22МДж жылу бөлінеді: отынның меншікті жану жылуын анықта. Ол қандай отын?
(44 МДжкг)
4. 60 МДж жылу бөліп шығару үшін массасы қанша тас көмір жағу қажет
(2кг)
5. Көлемі 3м3 құрғақ ағаш жанғанда қанша жылу бөлінеді?
(15,6*109 Дж)
6. Көлемі 5л керосин жанғанда қанша жылу бөлінеді?
(172МДж)
II- деңгей
1. Массасы 2кг суды 14°С-ден 50°С-ге градусқа қыздыру үшін қанша спирт жағу керек, егер спирт жанғанда бөлінген жылу тек суды жылытуға ғана жұмсалса?
(11 г)
2. 10г спирт толық жанғандығы жылу 3кг суды жылытуға жетсе, суды қанша градусқа қыздыруға болады?
(21°С)
3. Массасы 10кг темір қазандағы 50л суды 15°С-ден 65°С-ге қыздыру үшін қанша ағаш отын жағу керек? Отынның жылуы түгелімен суды қыздыруға кетті деп есептеңдер.
(0,89кг)
4. Массасы 30г спирт толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін пайдаланып, қанша суды 14°С-ден 50 С-ге қыздыруға болады?
(5,2кг)
5. Массасы 5кг суға температурасы 1103°С темір гир тасын тастағанда температурасын 7°С-ден 53°С-ге көтерілді. Гир тастың массасын анықтаңдар.
(2кг)
6. Көлемі 100л суды, масса 0,5кг көмірдің толық жанғандағы жылу мөлшерімен қанша градусқа жылытуға болады? Көмірдің меншікті жану жылуы 34 МДжкг
(40°С)
ІІІ-деңгей
1. . Массасы 0,6кг қайың агаштың толық жанғанда бөлінетін жылудың 25%-і қанша суды 10°С-ден 100°С температураға дейін қыздырады? Қайынның меншікті жану жылуы 11-106Джкг
(4кг)
2. П.Ә.К-і 25%, массасы 1,5т кірпіш пештің температурасын 10°С-ден 70°С-ге көтеруге қанша отын жағу керек? q=10-106Джкг
(31,7кг)
3. Спирт шамын пайдаланып массасы 175г суды І5()С-ден 75°С-ге қыздырды. Шамның бастапқы спиртпен косқандағы массасы 163г, ал суды қыздырып болған соң массасы 157 г болса, П.Ә.К-і кандай болғаны?
(27%)
4. П.Ә.К-і 50% спирт шамында 50г спирг жаққанда мпссаеы 0,5кг мыс ыдыстағы 2л суды 10°С-де қандай темперотураға дейін қыздыруға болады?
(88,6°С)
5. Массасы 2кг алюминий ыдыстағы температурасы 20°С, 4л суды қайнатуға, П.Ә.К-і 40% примусқа қанша керосин құю керек?
(81г)
6. Массасы 1кг шойын қазандағы температурасы 20°С 5л суды қайнатуға, П.Ә.К-і 25 % пешке қанша қарагай отын жағу керек? q=10*106 Джкг
(689г)