ҚХР-мен қарым-қатынастар

Скачать

КІРІСПЕ

ҚХР-мен қарым-қатынастар – Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы саясатындағы басты бағыттарының бірі. Территориялардың шекаралас болуы, сондай-ақ, күшті шығыс көршінің үлкен экономикалық потенциалы мен оның халықаралық аренадағы, соның ішінде Азия кеңістігіндегі, салмағы бұл аймақтағы егеменді республикалардың Қытаймен тұрақты достық қатынастарда болу мүдделілігін анықтайды. Және де бұл қарым-қатынастар теңдік, өзара мүдделілік пен мемлекеттердің ішкі істері мен жағдайларына қол сұқпаушылық принциптеріне негізделіп орнатылуы керек.
Орталық Азияның жас мемлекеттері ҚХР-мен көп векторлы байланыстардың бар болуын ең алдымен территориялық тұтастық пен қауіпсіздік, экономикалық даму мен ішкі саяси тұрақтылығы үшін қолайлы сыртқы жағдайларды құру сияқты мәселелерді шешу тұрғысынан қарастырады.
Өз кезегінде, Орталық Азия Қытайдың экономикалық және қауіпсіздік мүдделер шеңберіне кіреді.Бұл аймақтағы республикалармен байланыстарды нығайту – ҚХР сыртқы саясатының басты міндеттерінің бірі.Қазіргі кезеңде, ҚХР шекараларына жақын жерде АҚШ әскери базаларының бар болуы жағдайларында, Пекин сыртқы саяси мүдделері мен басымдақтары арасында Орта Азиялық аймақғының маңыздылығы күрт өсуде..
Пекиннің бұл бағыттағы саясатын анықтайтын маңызды факторларының бірі, – бұл аймақтың Қытайдың ең тұрақсыз ауданы – Синьцзян Ұй:ғыр Автономдық Ауданымен шекаралас болуы. ҚХР мен Орталық Азияның үш мемлекеті – Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы 3000 км созылған шекараның екі жағында да ұқсас мұсылман ұлттардың өкілдері тұрады: қазақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр, тәжік пен дұңғандар.Пекин Орталық Азия республикаларының тәуелсіздігін алу кезіндегі «демонстрациялық» эффектінің Синьцзянның жергілікті халықтарына ықпал етуінен қорықты.Бұндай қорқыныш Шығыс Түркістан (ұйғырлардың СУАР-ды атауы) тәуелсіздігі үшін қозғалыс басшыларының аймақтың жаңа мемлекеттері тарапынан көмек күткендігінен туындаған болатын. Алайда, мұндай жоспарлар шындаққа асқан жоқ.
Оның үстіне, Қытайдың Орталық Азия мен Қазақстанда елеулі экономикалық мүдделері де бар.Тіпті екі жақ арасындағы байланыстарды орнатудың бастапқы кезеңдерінде-ақ, бұл елдердің рыноктарында Қытайдың орнын табу қытай дипломатиясының түсінігінше басты міндеттердің бірі болды. Ал бұл елдердің астаналарында қытай сауда өкілділіктері тіпті, қытай елшіліктерінен бұрын да ашылған болатын.
Орталық Азия елдерінде өндіріс көлемдерінің азаюы, Ресейден келетін тауарлардың азаюы, сатып алу мүмкіншіліктерінің төмендеуі жергілікті рыноктардың қытайлық көпшілік қолды тауарларымен толтырылуына жақсы мүмкіндіктер жасаған болатын. Қазіргі кезде, қарқынды экономикалық дамуды бастан кешіріп отырған Қытай өз назарларын аймақтың шикізат, оның ішінде, әсіресе, энергетикалық ресурстарына бағыттауда.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін ҚХР Орталық Азия республикалары мен Қазақстанның егемендігін таныған алғашқы мемлекеттердің бірі болды. 1992 жылдың 3 қаңтарында-ақ Қытай өкіметі Қазақстанмен,содан соң , келесі күннен бастап 7 ақпанға дейінгі уақыт аралығы ішінде Өзбекстан, Тәжікстан, Қыргызстан және Түркіменстанмен дипломатиялық қатынастар орнатылғаны туралы мәлімдеді.
Бұл байланыстарды нығайту процесінде шекаралық мәселені шешудің маңыздылығы ерекше үлкен болды. Өз уақытында, Қытайдың ҚСРО-ға, оның үш Орталық Азиялық республикиларына тікелей қатысы бар, шекаралық талаптарын қойғаны мәлім. Бұл сұрақ негізінен Ресей мен егемендік алған шекаралас үш мемлекеттердің (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстанның) бірлескен делегациясы және Қытай арасында болған пікірсөздер барысында өз шешімін тапқан (1990-шы жылдардың бірінші жартысы – ортасы).
Қытай Халық Республикасымен көпжақты қарым-қатынастарды дамыту жағынан Орталық Азия республикилары арасында Қазақстан үздік орын алады. Екі елдің жоғарғы деңгейлі мемлекет қайраткерлері мен басшыларының арасында кездесулер жиілігі өте жоғары. Н. Назарбаевтың Қытай Халық респуликасына ресми сапарының нәтижесінде қабылданған (1993 октябрь) Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасындағы достық қарым-қатынастар негіздері туралы Декларация Алматы мен Пекиннің бейбітшілік мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастықты нығайту ниеттерін көрсетеді.
Екі жақтың да мемлекетаралық байланыстардың тиісті принциптермен сәйкес қызмет етуі, оның ішінде ішкі істеріне қол сұқпаушылық, бұл елдер басшыларымен жиі-жиі дәлелденуде; бұл принциптер 2002 жылы декабрьде қол қойылған Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасындағы достық және ынтымақтастық туралы Келісімнің негізі болды. Қазақстанның жоғарғы деңгейлі мемлекет қайраткерлері Тайваньды Қытайдың бөлінбес бөлігі ретінде қарастыратындығын жиі-жиі айтуда, ал Қытай қазақстандық дипломатиясының бастауларына қолдау көрсетеді. Соның ішінде Н. Назарбаев ұсынған Азиядағы ынтымақтастық пен сенімділік шараларына байланысты кеңес (СВМДА) шақыру бастамасын атап айтсақ болады. ҚХР тарапынан қолдау көрсету мысалы ретінде ҚХР басшысы Цзян Цзэминьнің СВМДА мүше елдерінің басшыларының жиналысына (Алматы 2002 июнь ) қатысуын айтуға болады. Жалпы, Қытай-Қазақстан арасындағы өзара байланыстардың заңдылық негізін 105 әр түрлі документ пен екі жақты келісім-шарттар құрайды.
Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түркіменстанның Қытаймен қарым-қатынастардың негізінде де достық пен ынтымақтастық саласындағы өзара мүдделілік жатыр. Бұл мемлекеттердің әр қайсысы ҚХР-мен басты салалардағы қатынастарды реттейтің көптеген келісім-шарттары мен басқа да документтер негізінде ресми түрде байланысты.
Курстық жұмысымыздың мақсаты Қытайдың жүргізіл отырған сырқы саясатындағы Орталық Азияға қатысты позициялары арқылы бұл мемлекеттің бүкіл аймақ қауіпсіздігіне әсер етуін анықтау және осының арқасында қарым-қатынастардың болашақ даму перспективасын ашып көрсету болып табылады. Осы мақсаттардан төмендегідей міндеттер түындап отыр:
– Қытайдың қазіргі сыртқы саясатындағы Орталық Азия республикаларының орны мен ролін анықтау;
– Қазақстан мен орталық Азия аймағындағы елдердің Қытайменен сыртқы саяси байланыстары және ынтымақтастықтың даму барысын айқындау және оның негативті жақтарын көрсету;
– Аймақтағы қауіпсіздік мәселесі төңірегіндегі сұрақтарды, соның ішінде қауіпсіздік жағдайлары мен шараларын зерттеу, Қытаймен ынтымақтастықтың дамуына шолу жасау, сол сияқты Қытайдың аймақ қауіпсіздігіне ықпалын қарастыру;
– Сауда, мұнай-газ секторындағы қатынастарның және заңсыз қытайлық миграциясының қауіпсіздік жағдайына әсерін ашу.
Курстық жұмысын жазу барысында біз кең көлемде деректер мен әдебиеттердәі пайдаландық. Қ. Тоқаевтың «Под стягом независимости» еңбегінен біз Қазақстан.-Қытай қатынастарының алғашқы бес жыл ішіндегі жетістіктер туралы мәліметтерді пайдаландық. Келтірілген мәліметтер Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық қатынастарщдың дамуы, ыңтымақтастықтың негізгі бағыттары, Қытайдың сауда-инвестициялшық басымдықтар жайында акпарат береді.
К. Сыроежкиннің «Современный Синцзянь и его место в Казах-стано-Китайских отношениях» атты еңбегінде және «Китайские сюрпризы» мақаласында келтірілген Қытайдың газ-мұнай импортындағы экспансияның негативті жақтары қарастрылып, Қазақстан және орталық Азия елдерінің нарықтарында орнығуының себептері ашылады. Автор Қытайдың геосаяси жағдайын зерттеп, оның энергетикалық потенциалы мен ішкі тұрақсыздық жағдайларын көрсетеді. Және де осы факторлардың аймақтық қауіпсіздік жағдайына әсер етуі баяндалған.
Н. Назарбаевтың «Критическое десятилетие» атты еңбегі Қазақстанның экономика және ынтымақтастық саласындағы жетістіктерін баяндап, Қазақстанның Орталық Азиядағы орны мен геосаяси жағдайын көрсетеді. Сондай-ақ біз қазақстандық және қытайлық газет пен журналдарды кең көлемде қарастырдық.


Скачать


zharar.kz