Шын мәнісінде эпидемиология пәні медицинаның бір жеке тармағы ретінде адамдардың жұқпалы ауруларын зерттейтін ғылым

Скачать

 Эпидемиология пәні, даму тарихы, мақсаты.

Эпидемиология термині халық арасындағы құбылысты зерттейтін ғылым деген түсінікті білдіреді. Басында бұл термин көп тараған қауіпті жұқпалы аурулардың (оба, тырысқақ, сүзек және т. б. ) тарауларын зерттеу деген мағынада пайдаланған. Шын мәнісінде эпидемиология пәні медицинаның бір жеке тармағы ретінде адамдардың жұқпалы ауруларын зерттейтін ғылым.
Жұқпалы аурулардың басқа аурулардан ерекшелігін айқындайтын екі басты себептері бар:
1. Өзіндік этиологиялық фактордың болуы, яғни инфекциялық процесті тудыратын себептік фактор ретінде қоздырғыштың болуы;
2. Инфекциялық процестің мәнін анықтайтын микроорганизмнің паразиттілік финомені, басқаша айтқанда аурудың залалды жұқтырушылық қасиетінің болуы.
Сонымен, эпидемиология – адам қоғамындағы жұқпалы аурулардың пайда болуы, таралу, даму заңдылықтарын зерттейтін және олардың алдын алу мен күресу шараларының іздестіретін ғылым.
Даму тарихы. Ертедегі Шығыс Азия халықтары жұқпалы аурулардың мәні туралы кейбір мағлұматтардан хабардар болған. Мысалы, олар алапес ауруының жұқпалы екенін білген, ондай ауруларды халық арасынан аластаған немесе ерекше алапестер қорасына қамаған. Қытайда осыдан 3 мың жылдан астам уақыт бұрын халықты шешекке қарсы ету әдісі қолданған.
Жұқпалы ауруларды тірі қоздырғыштардың тудыратындығына алғаш рет Гипократтың және басқа Греция мен им ғалым философтардың еңбектеріндегі болжам ретінде айтылған.
Қайта өркендеу дәуірінен жұқпалы аурулардың мәні туралы еңбектердің тарауларында Италия ғалымы Фраксторды, ағылшын зерттеушісі Сиденгалды (1624 – 1689 ) атап кетуге болады. Микробиология әлі пайда болмаған кезде ағылшын дәрігері Э. Дженнер (1749 – 1823 ) шешек ауруына қарсы сиыр шешегінің қабыршығын адам денесіне енгізді. Бұл әдістің кейін қауіпсіз және тиімді екені дәлелденді.
18 ғасырда Ресейде жұқпалы аурулармен күресу жолдарыда әжептеуір дамылды. Бұл жерде орыс ғалымы Д. Самойловичтің ( 1724 – 1810 ) еңбегін ерекше атап өу керек. Осы ғалым эпидемигияның ірге тасын тұңғыш қалаушысы болып есптелінді.
19 ғасырды бактериология дәуірі десе де болаы. Осы ғасырда Л. Пастер, Р. Кох, И.И. ММечников ашқан ұлы жетісіктер эпидемиология ғалымына зор үлес қосты. Бұл кезеңдегі эпидемиологияның ғылыми және тәжірибелік жаңалықтарына айтарлықтай үлес қосқандардың ішінде Г.Н. Минх, О.О. Мочутковский (1845 – 1903) болды. Олар бөртпе сүзегі мен қайталама сүзегінің қоздырғыштарының жұқтыру арқылы осы аурулардың таралу жолдарын ашты.
19 ғасыр аяғы мен 20 ғасыр басы эпидемиология ғылымының ең табысты кезеңі десек болады. Осы кезеңде Р.Н. Габричевский қан сарысуын дифтерияны емдеуге қолданды. Оның жаншау (скарлатина), безгек ауруларына да байланысты еңбектері бар.
Кеңес одағы кезеңіндегі эпидемиология ғылымының теориясына қосқан үлстері жағынан А.В. Громашевскийдің, В.А. Башиннің, И.И. Елкиннің, В.Д. Беляковтың, И.Қ. Қарақұловтың, И.И. Кереевтің, .П. Шляховтың, Ю.В. Литвинның және басқа да ғалымдардың орны ерекше. Осылардың ішінде Л.В. Громашевский ашқан Эпидемиологияның көптеген заңдары, эпидемиялық процесс туралы ілімі, Б.Л. Черкасскийдің эпидемиялық процесті әлеуметтік – экологиялық тұрғыдан қарау концепциясы ерекше орын алады.
Эпилемиологияның мақсаы - халық арасындағы жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралу себептерін білу үшін эпидемиялық процестің теориялық және тәжірибелік жақтарын толық түсіндіру арқылы аурудан сақтану мен күресу шараларын дәлелдеп көрсету.
Эпидемиологияның міндеті - жұқпалы аурулардың пайда болуын, даму мен реттелу механизмдерін зерттеу және аурудың алдын алу мен күресу әдістерін іздестіру және оларды іс жүзінде пайдалану.


Скачать


zharar.kz