Қаныш Имантайүлы Сәтбаев 1899 жылы 12 көкектө Павлодар облы-сының Баянауыл ауданында көшпелі қазақ отбасында дүниеге келген.
1911 жылы ауыл мектебінде бастауыш білім алып, Павлодардың орысша-қазақша училищесіне түседі, ал 1914 жылы Семейдің мұғалімдер семинариясын-да оқиды. Оны бітіріп, еліңце мұғалім және халық соты болып бірнеше жыл қыз-мет істейді. Бірақ білімге деген құштарлық, туған өлкеге мол пайда келтіруге деген үмтылые жас Қанышты Томск технологиялық институтына алып келеді.Ол 1926 жылы аталған институттыңтау-кен бөлімін бітіріп, инженер-геолог маман-дығын алып шығады. Зейіңці жас студент кезінде-ақ профеесор, кейіннен ака-демик болған М.А.Усовтың жетекшілігімен өзінің ерекше қабілетін танытады.
1929 жылдың басында Атбасцветмет тресінде геологиялық бар* лау бөлімшесі ашылып, оны Қаныш Сәтбаев басқарады. Осыдан соң он бес жыл бойы Жезқазған мыс кен орныңца геологиялық-барлау қызметіне бас-шылық жасайды. Жігерлі де табанды басшылықтың арқасында бірегей мыс кен орны ашылады. Жезқазған дүние жүзінің аса ірі мыс кен орындарының көш бастаушыларының біріне айналады.
Сәтбаевтың геолог-барлаушы ретіңцегі қызметі ауданның барлық байлығын кешеңді түрде зерттеуге бағытталады. Жезқазғанмен қатар ол Атасу мен Қарсақ-байдыңтемір кенін, Найзатас пенЖездініңтемІр-марганецкенін, Байқоңырдың көмірін, соңцай-ақ, басқа да көптеген кен орыңцарын барлаумен айнапысады.
1941 жылы Қаныш Имантайүлы жаңадан үйымдастырылған КСРО ҒА филиалының Геологиялық ғылымдар институтының директорлығы-на тағайындалып, Алматыға ауысады. Сол жылдың күзінде КСРО ҒА Қазақ филиалы Президиумы төрағасының орынбасары, келесі жылы төрағасы болып тағайындалады, Ол бірінші күннен бастап филиаддың және институттың тақы-рыптық жоспарын мүлде өзгертіп, ғылымды соғысқа көмектесуге бағыттайды.
1942 жылы Сәтбаев Қазақ ССР Жезқазған аймағының кен орын-дары атты монографиясы үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды. Сол жылы оған атқарған жүмыстарының жалпы қорытындылары бойынша және ғылы-ми жүмыстарды үйымдастырғаны үшін геология-минерология ғылымдарының докторы дәрежесі берідці.
Қ.И.Сәтбаевтың бүл түста ғылыми қызметінің негізгі бір мақсаты-ғылыми зерттеулерді республика шаруашылығының, мәдениетініңдамуыменбайланыс-тыру болды. Соғыс жылдарында филиал республиканың ірі өнеркәсіп орында-ры Жезқазған, Балқаш комбинаттарымен, кеңці Алтайдың металлургиялық кәсіп-орындарымен тығыз байланыста жүмыс істеді. Өндірістің тапсырмасы бойын-ша, зерттеулер жүргізіліп, олардың нәтижелері өндіріске енгізіліп отырды. 1942 жыдцың соңы. Орал болат балқытушыларына марганец жетпей жат-ты. Никополь фашистердің қолында, ал Чиатурадан марганец кенін жеткізу аса қиын еді. Бұдан шығар жол қандай? Жезді! - деп ойлады Сәтбаев,- марганец дёген сол!. Аса қысқа мерзім ішінде ол стратегиялық затты өңціруді жолға қойды. Осылайша марганец кенін тиеген мыңдаған автомашиналар Магнитогорскіге қарай ағыла бастады.
1943 жылы Қаныш Имантайулы КСРО ҒА корреспондент-мүшесі болып сайланды. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың ауқымдылығы және ғылыми зерттеулерді әрі қарай дамыту қажеттігі филиадды Қазақстан Ғылым академия-сына айнадцыруға алғышарттар жасады.
Академияның туңғыш Президенті және Қазақстан ғылымының жетекшісі Қ.Сәтбаев болды. Қазақ КСР ҒА-ның үлкен ғылыми орталыққа айналуы осынау ғажайып адамның қызметімен тікелей байланысты десек, асы-ра айтқандық емес. Ол бұған терең ақыл-ойы, фактілерді, цифрларды, идея-ларды керемет жадында сақтау қабілеті, геология ғана емес, ғылым мен мәдениеттің сан саласын жете біліп, игеруге деген айрықша қүлшынысы, буыр-қанған күш-қуаты мен табаңцылығы, мемлекетке нұқсан кежіру атаулының бәрі-мен ымыраға келмейтін кесек мінезі, елін-жерін шексіз сүюі арқылы жетті.
1950 жыдцың басында Қазақ КСР Ғылым академиясы Геологиялықғылым-дар институтында Орталық Қазақстан бойынша материаддарды жинап, талдау жөніңдегі орасан үлкен жүмыс аяқталды. 1954 жылы жүмыс макеттөрі және жүйе-ленген металлогениялық болжам карталары жасалып бодды. Бүл жумысты Қазақ-стан металлогениясын теориялық негіздеу десе де болғандай.
1958 жылы Орталық Қазақстанның металлогениялық болжам кар-таларын жасағаны үшін Қ.Сәтбаев бастаған Қазақстан ғалым-геолог-тар тобы Лениндік сыйлық алды.
Қ.И.Сәтбаев шын мәнінде дүниежүзілік металлогендік ғылымды жасаушы-лардың бірі болды және ол елімізде осы бағыттың негізін қалады. Асқан ғүлама ғалым қазақ халқының тарихын, мәдениетін, этнологиясын, тілін, музыкасы мен фольклорын терең білді. Оның мінезінің басты белгілөрі, академик В.А.Обручев атап көрсеткеидей, білімге деген қүштарлық, туған өлкеге мол пайда келтіруге деген үмтылыс болды. Ол әр түрлі мамаңцық саласындағы жүздеген ғалымдар-дың ұлағатты үстазы бодды.
Оның үлкен Жезқазғаны және өз халқына лайықты ғылым ордасы-Ғылым академиясы, геология ғылымдарының кәшбасшысы - Геологиялық ғылымдар институты ғалымының даналық ойы мен көрегендігінің куәсіндей қазір де хал-қымызға қызмет етуде, алдағы уақытта да қызмет ете береді. Оның өз елінің ағарту саласын, мәдениетін, ғылымын және өнеркәсібін дамытудағы рөлі әлі жете танылып болган жоқ,
Осы бір тамаша адамның, ғылым мен ой-сана шамшырағының, көптеген жандардың досы мен жолдасының өмірі ерте үзілді. Ол ез халқының мақтаны-шы еді, елінің гүлденіп, өркендеуі үшін өмір сүрді және еңбек етті. Сондықтан, оның өмір жолы, іо-әрекеттері біздің барлығымыз үшін үлгі-өнеге болып қала бермек.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Ш.Қ. Сәтбаева. Әулиет сәулетім, Алматы, 1996.
2. М.Қ. Сәтбаева. Қаныш Сәтбаев. Алматы, 1989.
3. Ш.Ш. Шокин. Қазақстан - меніц Отаным. Алматы, 1999.
4. Ш.Ш. Чокин. Мир Сатпаева. Алматы. Шартарап. 1999.