Қан арқылы:
Жұғу оқиғаларының 10-15%-ы осы жолмен болады. ЖИТС-пен ауыратын адамның қанында АИТВ болады. АИТВ бар қан арқылы жұғу әр түрлі жолмен болады.
• Тексерілмеген қанды құю арқылы;
• Қолданылған және дезинфекцияланбаған шприц, ине, хирургиялық құралдар, татуировка құралдары, акупунктурлық инелер, ұстара, қайшы сияқты барлық кесетін және тесетін құралдар арқылы жұғуы мүмкін;
• Тамыр жолымен есірткі қолдану;
• Тамыр жолымен есірткі қолданатындардың бөлісетін ине, шприц және есірткі ерітетін қасық арқылы жұғуы;
• АИТВ жұққан ағза, талшық және сперманың трнасплантациясы арқылы жұғц мүмкіндігі.
Анадан балаға жұғу:
Барлық жұғу оқиғаларының 5-10%-ы осы жолмен болады. АИТВ жұқтырған әйелден ауру баласына жүктілік, босану және емізу кезінде жұғуы мүмкін. АИТВ жұқтырған әйелдің дүниеге әкелетін сәбиіне аурудың жұғу ықтималы 30% болып табылады. Жүкті ананың емделуі арқылы бұл ықтимал 7%-ға түседі. Сүт арқылы жұқтыру ықтималы бұдан жоғары емес, бірақ АИТВ жұқтырған әйелге емізуге болмайды. Жүктілік және АИТВ туралы мағлұмат алу үшін ЖИТС орталығымен хабарласқан дұрыс.
АИТВ жұқпайтын жағдайлар:
АИТВ/ЖИТС күнделікті өмірде, бір бөлмеде отыру, бір мектепте оқу, бір ауаны жұту арқылы жұқпайды. АИТВ зақымдалмаған теріден өтпейді.
• Түкірік, көз жасы, тер, түшкіру, жөтелу, зәр, үлкен дәрет;
• Қол ұстасу, теріге тию, сипалау, құшақтау, сүйісу;
• Тамақ, душ, кран, бассейн, теңіз, сауна, монша;
• Шыбын және басқа жәндіктердің шағуы, мысық, ит және басқа жануарлармен бірге өмір сүру АИТВ-тың жұғуына себеп болмайды.