Жануарлардың жарақаттары және жарақаттанулары пәнінен
МБ-1 тапсырмалары
Эссе тақырыптары:
Жануарлардың механикалық жарақаттары және оның алдын алу
Жануарлардың физикалық жарақаттары және оның алдын алу
Бақылау сұрақтары:
1. Жарақат және жарақаттың түрлері
2. Жарақаттанған жануарларға реаниматологиялық көмек көрсету
3. Жарақаттанған жануарлардың жарақатын емдеу әдістері
4. Жарақатты емдеудің механикалық әдістері
5. Жарақатты емдеудің физикалық әдістері
6. Жарақатты емдеудің биологиялық әдістері
7. Жарақатты емдеудің патогенетикалық әдістері
8. Организмнің жарақатқа жергілікті реакциясы – жарақаттық қабыну, жіктелуі
9. Жарақаттық қабынудың даму кезеңдері
10. Жарақат үрдісінің (процессінің) биологиясы
11. Жарақаттың жазылуы
12. Жараланған жануарларды зерттеу
13. Ашық механикалық жарақаттар, түрлері, себептері
14. Жабық механикалық жарақаттар, түрлері, себептері
15. Кесілген асептикалық жарақат, анықтау, емі
16. Кесілген инфекция түскен жарақат,анықтау, емі
17. Тесілген асептикалық жарақат, анықтау, емі
18. Кесілген инфекция түскен жарақат, анықтау, емі
19. Тесілген инфекция түскен жарақат, анықтау, емі
20. Жарақаттан қан ағу, себептері, түрлері
21. Жарақаттан аққан қанды тоқтату әдістері
22. Қансырау және жарақаттанған жануарларға қан құю
23. Соғылу, дәрежелері, аипаттамалары
24. 1 – ші дәрежелі соғылу, анықтаук, емдеу
25. 2 ші дәрежелі соғылу, анықтау, емдеу
26. Гематома, емі
27. Лимфаэкстравазат, емі
28. Созылу, себептері, белгілері, емі
29. Үзілу, белгілері, себептері, емі
30. Шайқалу, себептері, белгілері, емі
31. Басылу, себептері, белгілері, емі
32. Жарақаттық талма (шок), емі
33. Коллапс, емі
34. Күйік себептер, клиникасы
35. Күйікті емдеу
36. Үсік, себептер, клиникасы
37. Үсікті емдеу
38. Жануарлардың бас аймағындағы жарақаттар, анықтау және емдеу
39. Жануарлардың шүйде аймағындағы жарақаттар, анықтау және емдеу
40. Жануарлардың мойын, аймағындағы жарақаттар, анықтау және емдеу
41. Жануарлардың кеуде аймағындағы жарақаттар, анықтау және емдеу
42. Жануарлардың бел омыртқа аймағындағы жарақаттар, анықтау және емдеу
43. Жануарлардың шоқтық аймағындағы жарақаттар, анықтау және емдеу
44. Жануарлардың бүйір аймағындағы жарақаттар, анықтау және емдеу
45. Жануарлардың электр тогынан жарақаттанулары
@@@ Ветеринариялық реаниматология.
$$$ 1
Ветеринариялық реаниматология:
A) Өлу механизмі туралы ғылым саласы.
B) Өлімші хәлдегі жануарларға ветеринариялық көмек туралы ғылым саласы.
C) Ауру малға ветеринариялық көмек туралы ғылым саласы.
D) Ветеринариялық операциялар туралы ғылым саласы.
E) Организмнің өлу механизмін зерттейтін, аяқ астынан өлімші жағдайға ұшыраған жануарлардың өмірін сақтап қалуға бағытталған ғылыми негізделген алғашқы ветеринариялық көмектер мен емдеу шаралары туралы ветеринариялық ғылымдардың жеке саласы.
$$$ 2
Реанимация-
A) Жүрек ауруын жедел емдеу.
B) Өкпе ауруын жедел емдеу.
C) Зақымдалған ағзаны жедел сылып тастау.
D) Оттегімен жедел емдеу.
E) Жандандыру, тірілту, өмірге қайта оралту.
$$$ 3
Өмір мен биологиялық өлім аралығындағы кезең.
A) Нағыз өлім.
B) Өлім алды кезеңі.
C) Өмірдің соңғы кезеңі.
D) Аралық кезең.
E) Клиникалық өлім кезеңі.
$$$ 4
Өлу процессінің физиологиялық механизмі:
A) Танатогенез.
B) Овогенез.
C) Спермогенез.
D) Эмбриогенез.
E) Патогенез.
$$$ 5
Өлім процессін зерттейтін ғылым саласы:
A) Танатология.
B) Психология.
C) Эпизоотология.
D) Ветеринария.
E) Биология.
$$$ 6
Өмір мен биологиялық өлім арасындағы кезеңнің бірінші сатысы:
A) Жанталас.
B) Жанталас алды.
C) Клиникалық өлім.
D) Терминальдық.
E) Өлім алды.
$$$ 7
Өмір мен биологиялық өлім арасындағы кезеңнің екінші сатысы:
A) Жанталас алды.
B) Жанталас.
C) Клиникалық өлім.
D) Терминальдық.
E) Өлім алды.
$$$ 8
Өмір мен биологиялық өлім арасындағы кезеңнің үшінші сатысы:
A) Жанталас алды.
B) Жанталас.
C) Клиникалық өлім.
D) Терминальдық.
E) Өлім алды.
$$$ 9
Клиникалық өлім сатысының сипаттамасы:
A) Жүрек соғысы, тыныс алу тоқтайды. Қайтымды саты.
B) Жүрек соғысы, тыныс алу баяулайды.
C) Жүрек соғысы мен тыныс алу ырғағы бұзылады.
D) Тыныс алу тоқтайды.
E) Жүрек соғысы, тыныс алу тоқтайды. Ми торшалары өледі. Қайтымсыз саты.
$$$ 10
Биологиялық өлім сатысының сипаттамасы:
A) Жүрек соғысы, тыныс алу тоқтайды. Қайтымды саты.
B) Жүрек соғысы, тыныс алу баяулайды.
C) Жүрек соғысы мен тыныс алу ырғағы бұзылады.
D) Тыныс алу тоқтайды.
E) Жүрек соғысы, тыныс алу тоқтайды. Ми торшалары өледі. Қайтымсыз саты.
$$$ 11
Жүрек соғысы, тыныс алу тоқтаған соң ми торшалары өле бастайды:
A) 1 сағаттан соң.
B) 1 минуттан соң.
C) Бірнеше сағаттан соң.
D) Бірнеше күннен соң.
E) 5 – 6 минуттан соң.
$$$ 12
Өлім хәліндегі жануарлардың қан айналу, тыныс алу ағзаларының қызметін қалыпқа келтіруге, организмді қайта жандандыруға бағытталған дәрігердің іс - әрекеті:
A) Емдеу.
B) Ауруды анықтау.
C) Операция жасау.
D) Аурудың алдын алу.
E) Реанимациялық көмек көрсету.
$$$ 13
Жануарлардың аяқ астынан өлім халіне ұшырауының себебі:
A) Қатты жарақат алу, көп қан жоғалту.
B) Ауруға ұшырау.
C) Буаздық.
D) Авитаминоз.
E) Микроэлементтердің жетімсіздігі.
$$$ 14
Жануарлардың аяқ астынан өлім халіне ұшырауының бір себебі:
A) Операция кезінде наркоз бермеу, ауырсындырмау жасамау.
B) Ауруға ұшырау.
C) Буаздық.
D) Авитаминоз.
E) Микроэлементтердің жетімсіздігі.
$$$ 15
Жануарлардың аяқ астынан өлім халіне ұшырауының бір себебі:
A) Ток соғу.
B) Ауруға ұшырау.
C) Буаздық.
D) Авитаминоз.
E) Микроэлементтердің жетімсіздігі.
$$$ 16
Жануарлардың аяқ астынан өлім халіне ұшырауының бір себебі:
A) Күн өту.
B) Ауруға ұшырау.
C) Буаздық.
D) Авитаминоз.
E) Микроэлементтердің жетімсіздігі.
$$$ 17
Жарақаттанған жануардың естен тануы:
A) Қатты қорқу.
B) Жарақаттан болған шок.
C) Клиникалық өлім.
D) Қатты шошыну.
E) Талықсу.
$$$ 18B
Жарақаттанған жануарлар қиналған дыбыс шығарады ( сиыр өкіреді, шошқа шыңғырады) жанталаса қимылдайды, көзі шарасынан шығып қарашығы кеңейеді. Жүрек соғысы, дем алысы жылдам. Қатты қысылады, тер басады:
A) Торпидтік шок.
B) Эректильді шок.
C) Нағыз шок.
D) Жанталас.
E) Жанталас алды.
$$$ 19
Жарақаттанған жануар қатты әлсіреген. Жүрек соғысы, дем алысы баяу. Еріксіз нәжіс, зәр бөледі. Дене қызуы, қан қысымы төмендеген. Бірақ жануар әлі есін біледі:
A) Торпидтік шок.
B) Эректильді шок.
C) Нағыз шок.
D) Жанталас.
E) Жанталас алды.
$$$ 20
Жарақаттанған жануар есінен танып, жүрек соғысы, тыныс алуы тоқтаған:
A) Торпидтік шок.
B) Эректильді шок.
C) Нағыз шок.
D) Жанталас.
E) Жанталас алды.
$$$ 21
Жарақаттан болған шокты емдеу:
A) Шоктың себебін жою.
B) Жалпы және жергілікті ауырсындырмау жасау.
C) Оттегімен емдеу.
D) Жүрек, өкпе жұмысын жақсартатын дәрілер егу.
E) А, В, C және D тармақтарында көрсетілген емдер.
$$$ 22
Жүрек қан тамыр жүйесі қызметінің әлсіреп, қан қысымының кенеттен төмендеуі, малдың талықсуы:
A) Жарақаттан болған шок.
B) Клиникалық өлім.
C) Коллапс.
D) Эректильді шок.
E) Торпидтік шок
$$$ 23
Коллапстың себептері:
A) Жарақаттан көп қан кету.
B) Күю, улану.
C) Қатты шаршау.
D) Қатты шошу.
E) А, В, С және D тармақтарында көрсетілген емдер.
$$$ 24
Жүрек бұлшық етінің талшықтарының жиырылуын ретке келтіру үшін қолданылатын электр аспабы:
A) Электрофарез аппараты.
B) Электр дифибриллятор.
C) Гальванизация аппараты.
D) Электрокогулятор.
E) Электрокардиограф.
$$$ 25
Коллапсте емдеу:
A) Себебін жою, малды салқын, тыныш жерге қою.
B) Қан тоқтату.
C) Қан тамырына қан, физиологиялық ерітінді, 40 % -ды глюкоза құю.
D) Жүрек, өкпе жұмысын жақсартатын дәрілер егу .
E) А, В,С және D тармақтарында көрсетілген емдер.
$$$ 26
Күн өткен жануарларды емдеу:
A) Малды салқын, тыныш жерге қою.
B) Үстіне салқын су шашу, жуу.
C) Тері астына 2 – 3 мл 20% - ды кофейн бензот натрий, 1% лобелин егу.
( 100 кг – 1 мл).
D) Күре тамырдан қан ағызу.
E) А, В,С және D тармақтарында көрсетілген емдер.
$$$ 27
Малға күн өтудің клиникалық белгілері:
A) Жүргенде тәлтіректеу, сүріну, кілегейлі қабықтар алқызыл түсті, дене қызуы жоғары, жүрек соғысы жиі, дем алысы ауыр.
B) Айналмаға ұшырау, көзі көрмей қалу.
C) Дене қызуы көтеріліп жатып қалу, жөтел
D) Дене қызуы қалыпты, іш өту.
E) А, В, С және D тармақтарында көрсетілген емдер.
$$$ 28
Малға ыстық өту себептері:
A) Малды тар, есік – терезесі жабық қорада ұстау.
B) Ыстықта металдан жасалған, желдеткішсіз вагондарда тасымалдау.
C) Темір қорапты автокөлікпен тасымалдау.
D) Күн көзінде бағу.
E) А, В тармақтарында көрсетілген себептер.
$$$ 29
Ыстық өткен малды емдеу:
A) Себебін жою.
B) Себебін жою, шөлін қандыра су беру, қан тамырға физиологиялық ерітінді, 40 % -ды глюкоза құю.
C) Уқалау жасау.
D) Суық басу.
E) Жүрек жұмысын жақсартатын дәрілер егу.
$$$ 30
Механикалық жарақаттардың түрлері:
A) Күю, үсу.
B) Жүйке - стрестік, сәуле жарақаты.
C) Механикалық, физикалық.
D) Химиялық, биологиялық.
E) Ашық, жабық.
$$$ 31
Сыртқы ортаның механикалық әсерлерінен тері мен кілегей қабықтардың, анатомиялық бүтіндігінің бұзылуымен сипатталатын жарақаттар:
A) Ашық.
B) Жабық.
C) Кесілген.
D) Тесілген.
E) Ашық сынық.
$$$ 32
Ашық механикалық жарақаттардың клиникалық белгілері:
A) Ауырсыну.
B) Тері мен кілегей қабықтардың бүтіндігінің бұзылуы.
C) Қан ағу.
D) Жарақаттың қабынуы.
E) А, В, С және D тармақтарында көрсетілген клиникалық белгілер.
$$$ 33
Үшкір заттың денеге енуінен болған жарақат:
A) Ашық механикалық жарақат.
B) Жабық механикалық жарақат
C) Кесілген.
D) Тесілген.
E) А және D тармақтарын
$$$ 34
Ашық механикалық жарақаттың түрлері:
A) Кездейсоқ.
B) Операциялық.
C) Соғылған.
D) Гематома.
E) А және В тармақтарында көрсетілген түрлер.
$$$ 35
Кездейсоқ ашық механикалық жарақаттың түрлері:
A) Кесілген.
B) Тесілген.
C) Шабылған.
D) Жұлынған.
E) А, В, С және D тармақтарында көрсетілген түрлер.
$$$ 36
Бір жануардың денесінде екі және одан да көп жарақаттар түрінің болуы;
A) Кездейсоқ және операциялық жарақаттар.
B) Ашық және жабық жарақаттар.
C) Соғылған және ұрылған жарақаттар.
D) Гематома және лимфоэкстравазат.
E) Құрама жарақат.
$$$ 37
Жаңа жарақат:
A) Жарақат алу уақыты 12 сағаттан аспаса.
B) Жарақат алу уақыты 24 сағаттан аспаса.
C) Жарақат алу уақыты 36 сағаттан аспаса.
D) Жарақат алу уақыты 48 сағаттан аспаса.
E) Жарақат алу уақыты 72сағаттан аспаса.
$$$ 38
Кесілген жарақаттың құрылымы:
A) Аузы және түбі.
B) Жарақаттың шеті, қабырғалары, түбі және қуысы.
C) Ашық және жабық.
D) Таяз және терең жарақат.
E) Жарақаттың түбі мен беті.
$$$ 39
Тесілген жарақаттың құрылымы:
A) Жарақаттың аузы, өзегі.
B) Жарақаттың шеті, қабырғалары, түбі және қуысы.
C) Ашық және жабық.
D) Таяз және терең жарақат.
E) Жарақаттың түбі мен беті.
$$$ 40
Тесік жарақат:
A) Жарақаттың аузы, өзегі.
B) Жарақаттың шеті, қабырғалары, түбі және қуысы.
C) Ашық және жабық.
D) Таяз және терең жарақат.
E) Жарақаттың үшкір зат кірген және шыққан ауыздары бар.
$$$ 41
Енген жарақат:
A) Жарақаттың аузы, өзегі.
B) Жарақаттың шеті, қабырғалары, түбі және қуысы.
C) Үшкір зат немесе мылтық оғы денедегі табиғи қуыстарға енсе.
D) Таяз және терең жарақат.
Е Ашық және жабық жарақат.
$$$ 42E
Ашық механикалық жарақаттардың түрлері:
A) Асептикалық.
B) Инфекция түскен.
C) Үзілген.
D) Созылған.
E) А, В тармақтарында көрсетілген түрлер.
$$$ 43
Ашық механикалық жарақаттардың жануар өміріне төндіретін қаупі:
A) Жарақаттық шок.
B) Қансырау.
C) Инфекция түсіп асқыну.
D) Емдеудің қиындығы.
E) А, В және С тармақтарында көрсетілгендер.
$$$ 44
Жаңадан болған ашық асептикалық жарақатты емдеу:
A) Жарақаттың қанын тоқтату.
B) Дезинфекциялық дәрілермен жуу.
C) Жарақатқа тігіс салу.
D) Асептикалық таңғыш салу.
E) А, В,С және D тармақтарында көрсетілген емдер.
$$$ 45
Инфекция түскен ашық механикалық жарақатты емдеу:
A) Жарақаттың қанын тоқтату, жарақатқа тігіс салу.
B) Дезинфекциялық дәрілермен жуу, антибактериалдық дәрілермен өңдеу, жарақатты толық немесе жартылай сылу.
C) Новокаин блокадасын жасау.
D) Асептикалық таңғыш салу.
E) А, В,С және D тармақтарында көрсетілген емдер.
$$$ 46
Сыртқы ортаның әртүрлі механикалық әсерлерінен терінің анатомиялық бүтіндігінің сақталып, тері асты ұлпалары мен ішкі ағзалардың әртүрлі патологиялық өзгерістерге ұшырауы:
A) Ашық механикалық жарақат.
B) Жабық механикалық жарақат.
C) Механикалық жарақат.
D) Асептикалық жарақат.
E) А, Б, В тармақтарында көрсетілгендер.
$$$ 47
Жабық механикалық жарақаттың түрлері:
A) Соғылу.
B) Созылу.
C) Үзілу.
D) Кесілу
E) А, В, С тармақтарында көрсетілгендер.
$$$ 48
Жабық механикалық жарақаттың себептері:
A) Соғу.
B) Созу.
C) Құлау.
D) Тебу
E) А, В, С және D тармақтарында көрсетілген себептер.
$$$ 49
Жабық механикалық жарақат салдарынан тері астында пайда болған қан толы қалта:
A) Соғу.
B) Созу.
C) Құлау.
D) Гематома
E) А, В, С тармақтарында көрсетілгендер.
$$$ 50
Жабық механикалық жарақат салдарынан тері астында пайда болған лимфа толы қалта:
A) Ісіну.
B) Ауырсыну.
C) Лимфоэкстравазат.
D) Қабыну.
E) С, Д тармақтарында көрсетілгендер.
$$$ 51
Соғылудың дәрежелері:
A) 1 – ші дәрежелі.
B) 2 – ші дәрежелі.
C) 3 – ші дәрежелі.
D) 4 – ші дәрежелі.
E) А, В, С, D тармақтарында көрсетілгендер.
$$$ 52
Соғылған жер қанталап ісінген, гематома, лимфоэкстравазат пайда болған. Ішкі ағзалар шайқалған:
A) 1 – ші дәрежелі соғылу.
B) 2 – ші дәрежелі соғылу.
C) 3 – ші дәрежелі соғылу.
D) 4 – ші дәрежелі соғылу.
E) 5 – ші дәрежелі соғылу.
$$$ 53
Соғылған жердің терісі, тері асты борпылдақ ұлпасы жаншылған. Қан тамырлары жарылып гематома пайда болған. Сүйек сынған, буын шыққан. Бұлшық еттер мен сіңірлер созылған:
A) 1 – ші дәрежелі соғылу.
B) 2 – ші дәрежелі соғылу.
C) 3 – ші дәрежелі соғылу.
D) 4 – ші дәрежелі соғылу.
E) 5 – ші дәрежелі соғылу.
$$$ 54
Соғылған жер ауырады, аздап ісінген, 1 – 2 күннен кейін ол жер көгереді. 3 – ші күні қоңыр түске еніп, одан соң сарғайып барып жазылады:
A) 1 – ші дәрежелі соғылу.
B) 2 – ші дәрежелі соғылу.
C) 3 – ші дәрежелі соғылу.
D) 4 – ші дәрежелі соғылу.
E) 5 – ші дәрежелі соғылу.
$$$ 55
Соғылған жердің терісі, тері асты борпылдақ ұлпасы жаншылған. Сүйектер ұматылып сынған. Бұлшық еттер мен сіңірлер үзілген. Малдың жарақаттық шоктан өлуі мүмкін:
A) 1 – ші дәрежелі соғылу.
B) 2 – ші дәрежелі соғылу.
C) 3 – ші дәрежелі соғылу.
D) 4 – ші дәрежелі соғылу.
E) 5 – ші дәрежелі соғылу.
$$$ 56
1 – 2 – ші дәрежелі соғылуе емдеу:
A) 1 – ші күні суық басу, 2 - ші күннен бастап жылулық емдер жасау, қыздыратын дәрілер жағу.
B) 1 - ші күннен бастап жылулық емдер жасау, қыздыратын дәрілер жағу.
C) Тек суық басу.
Д ) Гипс салу.
E) Операциялық ем жасау.
$$$ 57
Гематоманы емдеу:
A) Қысып таңғыш салу.
B) Қан толған қуысын ашып, ішіндегі қанын тазалап, ашық жарақат ретінде емдеу.
C) Жылулық емдер жасау, қыздыратын дәрілер жағу.
D) Суық басу.
E) Дезинфекциялық дәрілермен өңдеу.
$$$ 58
Тері мен оның астындағы ұлпалардың шектен тыс созу күші әсерінен гистологиялық өзгеріске ұшырауымен сипатталатын жарақат :
A) Абсцесс.
B) Лимфоэкстравазат.
C) Созылу.
D) Гематома.
E) Флегмона.
$$$ 59
Қатты және тез соққы әсерінен үлпершек (паренхималы) ағзалардың ұлпаларының молекулалық деңгейде өзгерістерге ұшырауы:
A) Гематома.
B) Созылу.
C) Лимфоэкстравазат.
D) Соғылу.
E) Шайқалу.
$$$ 60
Үзілуді емдеу:
A) Үзілген ұлпаларды тігу.
B) Новокайн блокадасын жасау.
C) Тыныштық беру.
D) Таңғыш салу.
E) А, В, С және D тармақтарында көрсетілген емдердің барлығы қолданылады.