ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУ НЕГІЗДЕРІМЕН ТАРИХЫ

Скачать

Құқық өмірге адам баласымен бірге келген жоқ. Зерттеушілердің пікірінше, ол мемлекетпен бірге пайда болды.
Адамдар мінез-құлқының ерекше реттеушісі ретінде құқықтың пайда болуының үш негізі бар: әлеуметтік, экономикалық және саяси.
1. Әлеуметтік негізі адамдар мінез-құлқы мен психологиясындағы өзгерістерге байланысты. Әлеуметтік қатынастардың ламуымен әрбір адамын жеке, даралық бейнесі де айқындала түсті. Енді адам өз мінез-құлқының түрін де таңдай алатын еді. Бірақ бұл, өз кезегінде әр түрлі мүдделердің соқтығуына әкелетін қауіпті бостандық болып шықты. Адамдар енді өз мінез-құлықтарын бір-біріне сәйкестендрудің анағұрлым ыңғайлы жолдарын іздестіре бастады. Осындай ізденіс нәтижесінде адамды жеке өзіне жетерлік бостандық аймағымен қамтамасыз ететін және осы аймақтан шығып, басқа да жекелеген адамдармен және қоғаммен қарым-қатынасқа түсерде сондай ережелер ұстануы қажеттігін айқындайтын құқық өмірге келді. Ал осы мақсатты шешуде адамдар моральдық, діни нормалар мен дәстүрге сүйене алмады. Себебі, бұлардың адамды оның тек өзіне ғана тән, ешкім қол сұға алмайтын таңдық аймағымен қамтамасыз етуге қабілетсіз болып шығуында еді.
2. Экономикалық негізі. Өнеркәсіп пен сауда айналымы өсуі алынған өнімді жеке иелену тәжірибесін дүниеге әкеледі мұның өзі жеке меншіктің пайда болуы еді. Жеке меншік қатынастарды реттеудің ең икемді құралы ретінде құқы дүниеге келуінің экономикалық негізі дегеніміз осы. Өйткені моральдық, діни нормалар мен дәстүр өз табиғатында меншіктік қатынастардан аулақ болып шықты.
3. Саяси негізі. Қоғамдық қатынастардың дамуы өмірге мемлекет, әлеуметтік топтар және т.б. адамдардың ұйымдасу құрылымдарын әкелді. Өзінің нақты басқару жүйесі бар мемлекет пен бір қалыпты жүйеге түсірілген мінез-құлық ережелерін бекітті. Өз сақталуының кепілі мемлекет болып табылатын құқықтық саяси негізі осылайша қаланды. Ал енді мораль, дін не дәстүр ережелері өздерін сақтау үшін күш қолдануды қажет етпейтін, тіпті олар көптеген жағдайларда күш қолдануға қарсы да бола алмайтын еді. Сондықтан олар мемлекетке құкық сияқты тірек бола алмайтын еді.
Міне, көріп отырғанымыздай, осындай нақты пайда болған үш жағдай өмірге құқықты әкелді. Себебі өзіміз байқаған құқық бұлар үшін өмірлік қажеттілік еді.


Скачать


zharar.kz