Қазақстан Республикасындағы
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің
қызметі туралы
ЕСЕП
Астана қаласы
2010 жыл
Мазмұны
Кіріспе сөз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Жалпы бөлім 1.1.Келіп түскен хаттардың жалпы сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4 1.2. Уәкіл жұмысының түрлері мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7 1.3. Уәкілдің шара қолдану актілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11 1.4 Уәкілдің консультативтік кеңестік органдарының жұмысына қатысуы ... ..13 1.5 Халықаралық ынтымақтастық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
ІІ. Арнайы бөлім
2.1 Өмірге құқық. Бостандыққа және жеке қолсұқпаушылық құқығы ... ... ... 19
2.2. Сотта қорғалу және әділ сот қарауына құқық ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22 2.3. Сот шешімдерінің орындалу сатысындағы адам құқықтары ... ... ... ... ..24 2.4. Наным бостандығына құқық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26 2.5. Азаматтық құқығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 28 2.6. Азаматтардың мемлекеттік органдарға шағымдану құқығы ... ... ... ... ...32 2.7. Меншік құқығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35 2.8. Азаматтардың баспанаға және өмір жағдайларын үзіксіз жақсарту құқығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
2.9. Еңбек құқықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41 2.10. Зейнетақымен қамтамасыз ету құқығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45 2.11. Денсаулық сақтау құқығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..47 2.12. Мүгедек және психикалық кемістіктері бар адамдардың құқықтары ... ...50 2.13. Балалардың құқықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54 2.14. Әйелдердің құқықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59 2.15. Босқындардың, еңбек мигранттарының және оралмандардың құқықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..61
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...64
Қосымша:
1. Азаматтардың хаттарымен жұмыс істеу жөніндегі статистикалық деректер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .66
2. Ұсыныстар мен хаттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 70
3. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің және оның мекемесінің қоғамдық іс шараларға қатысуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...97
4. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің және оның мекемесінің халықаралық іс шараларға қатысуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 103
Қазақстанда құқықтық мемлекет құру азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен байланысты арнайы институттарды одан әрі жетілдіруді талап етеді. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүїйесіндегі маңызды тетігі Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты болып табылады. Бұл мемлекеттік құқық қорғау институтын құру Қазақстандағы демократияның дамуындағы үлкен қадам болды. Осы институт қызметінің нәтижелігін арттыру мәселесін қарау керектігін тәжірибе көрсетіп отыр.
(Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасынан)
КІРІСПЕ СӨЗ
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2009 жылғы қызметі туралы осы есеп Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ереженің 23-тармағына сәйкес жасалған және Мемлекет басшысына ұсынуға арналған.
Осы құжат Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2008 жылғы қызметі туралы алдыңғы жылғы есебінің форматы мен құрылымын сақтаған. Онда Уәкілдің бұрын мемлекеттік органдарға берген нұсқаулардың іске асырылуын қамтиды, сондай –ақ есеп азаматтардың Уәкіл мекемесіне түскен хаттар санының ұлғаюын ескере отырып жасалған, бұқаралық ақпарат құралдары мониторингісінің нәтижелері белсендірек пайдаланылған, қоғамда үлкен пікірталас тудырған жекелеген мәселелер бойынша Уәкілдің құқықтық қорғау жұмысының нәтижелері көрсетілген.
Есеп бұрынғыдай шағымданушылардың хаттарында көтерілген адам құқықтары мәселелерін сипаттаумен шектелмейді, ол сонымен бірге балалар, әйелдер, мүгедектер, оралмандар, босқындар, еңбек мигранттары туралы, сотта қорғалу, ар-ождан және діни наным бостандығы, денсаулық сақтауға құқықтарын қамтамасыз етужөніндегі, азаматтық мәселелер, еңбек және тұрғын үй құқықтары саласындағы ахуал туралы ақпаратты қамтиды.
Есепке Уәкілдің жыл бойы әзірленген хаттары, ұсыныстары, бірқатар құқықтық қорғау мәселелері бойынша әртүрлі мемлекеттік органдарға жіберген сараптамалық қорытындылары қоса берілген.
Осы есеп қалыптасқан тәжірибе бойынша Парламент палаталарына, Үкіметке, басқа да мемлекеттік органдарға, шет мемлекеттердің елшіліктеріне, халықаралық және ұлттық құқықтық қорғау ұйымдарына жіберілді. Есеп Уәкілдің интернет-сайтына орналастырылады және жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдары үшін тұсаукесері болады.
1. Жалпы бөлім
1.1.Келіп түскен хаттардың жалпы сипаттамасы
Есепті кезеңде Уәкіл атына жалпы алғанда 1348 хат түсті, бұл 2008 жылдан 273 хатқа артық. Олардың көбісі (1175) әдеттегідей пошта арқылы келді, сонымен бірге 74 хат электрондық пошта арқылы, 173 Уәкілдің және мекеме қызметкерлерінің жеке қабылдауында мазмұндалған. Жалпы Уәкілге ауызша және жазбаша түрде 2294 адам хат жолдаған.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жеті жыл қызметі бойы жазбаша және ауызша түскен хаттар саны
Атауы
2003
жыл
2004
жыл
2005
жыл
2006
жыл
2007
жыл
2008
жыл
2009
жыл
Барлығы
Жазбаша хаттар
855
1156
1965
1374
1286
906
1175
8717
Діни бірлестіктерді тіркеу мәселесі бойынша эдвокаси кампаниялары аясындағы жазбаша хаттар
-
-
-
757
-
-
757
297
358
528
482
398
169
173
2405
1152
1514
2493
2613
1684
1075
1348
11879
2008 жылдағыдай, хаттардың ең көп бөлігі Астана (16,9%) және Алматы (13,2%) қалаларының тұрғындарынан, сондай - ақ Карағанды облысынан (10,2%) келген. Павлодар облысынан келген хаттар саны екі есе өскен (7,8%).
Аумақтар
2009 жылғы хаттар саны
2008 жылы хаттар саны
Астана
198
136
Алматы
155
103
Акмола облысы
77
72
Ақтөбе облысы
14
15
Алматы облысы
104
59
Атырау облысы
21
21
Шығыс Қазақстан облысы
92
104
Жамбыл облысы
38
40
Батыс Қазақстан облысы
16
24
Карағанды облысы
120
77
Қостанай облысы
67
45
Қызылорда облысы
18
17
Маңғыстау облысы
15
10
Павлодар облысы
92
40
Солтүстік Қазақстан облысы
45
30
Оңтүстік Қазақстан облысы
44
54
Шет елдерден
59
59
Барлығы
1175
906
Есепті кезеңде ұжымдық шағымдар санының өсуі байқалып отыр ( 1022 адамның қолымен 76), олар негізінен ипотекалық несие алған азаматтардан және үлескерлерден келіп түскен.
Ұжымдық және жеке жазбаша хаттар санының ара қатынасы келесі диаграммада келтірілген.
Есепті кезеңде үкіметтік емес ұйымдардан 95 хат түсті, олардың ішінде ең көбісі Қазақстандық адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюродан келген.
2009 жылғы хаттардың тақырыптары айтарлықтай өзгермеген: өткен жылдардағыдай құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әрекеттері мен әрекетсіздігіне (20%), сондай-ақ сот шешімдерімен келіспеушілік туралы мәселелер бойынша шағымдар үстем орын алады (17,3%). Соттардың әрекеттері мен әрекетсіздігіне шағымдар Уәкілдің құзырына жатпағандықтан осындай шағымдар қабылданбаған, ол туралы шағымданушылар тиісті түрде хабарландырылған.
Ар-ождан және діни наным бостандығына құқықтарды іске асыру мәселелері бойынша шағымдар санының (5,8%) артуын атап өткен жөн , олардың ішінде қарағанды қаласында саентология шіркеуінің жабылуына байланысты шағымдар басым орын алады.
Тұрғын үй құқықтарының бұзылуына түскен шағымдар 5,3% құрайды, көбінесе бұл үлестік құрылыс және мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу жөнінде.
Еңбек құқықтарын бұзушылыққа шағымдануға әрекеттенулер 4,4% пайызды құрайды. Хаттардың осы санаты негізінен еңбекақы төлемеумен немес кешіктірумен, сондай ақ шағымданушылардың пікірінше, жұмыстан заңсыз шығарулармен байланысты.
Денсаулық сақтау құқығына қатысты хаттар 1,6% құрайды, негізінен олар алдын ала қамау және бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарға тиісті медициналық көмек көрсетпеу, сондай ақ сапасыз медициналық көмек көрсету не оны көрсетпеу фактілеріне, медициналық қызметкерлердің мүгедектікке әкеп соққан әрекеттеріне, МСЭКтің мүгедектікті тағайындаудан бас тартуына қатысты шағымдар.
Сотталғандардың қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінің әкімшілік қызметкерлерінің тарапынан оларға азаптауды қолдануына, лайықсыз қарым қатынас жасауына шағымдарының өсуі (4,9%) назар аудартады. Осындай үрдісті 2009 жылғы мамырда БҰҰдың Азаптауларға қарсы комитетінің арнайы өкілі М. Новактың Қазақстанға инспекторлық сапармен келуіне жасаған реакциямен байланыстыруға болады.
Мемлекеттің қатысуы жоқ заңды тұлғалардың әрекеттеріне шағымдардың біршама өсуі (4,5%) коммерциялық банктердің 2009 жылы ипотекалық несиелерді кейінге қалдырудан бас тарту жағдайларымен байланысты болды.
Орталық және жергілікті атқару органдарында әкімшілік ету мәселелері шағымданушылардың ең көп көтеретін мәселелер болып табылады (6,2%). Хаттарға келсек, орталық және жергілікті атқару органдары жиі өтініш берушілердің хаттарына нақты жауаптар бермейді, қабылдаған шешімдердің себептерін түсіндірмейді. Жергілікті атқару органдардың лауазымды адамдарымен өзара іс қимыл жасауда негізгі мәселелер, бұрынғыдай тұрғын үй және жер мәселелері болып табылады. Мемлекет қажеттігіне жеке адамдардың баспанасын қирату, жер телімдерін алып қою, өтемақы мөлшерлері көптеген жағдайларда халықтың қанағаттанбауын тудырады, бұл оларды әртүрлі инстанцияларға, соның ішінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілге хат жолдауға мәжбүрлейді.
Қазіргі заманғы әділ сот билігінің пәрменділігі мағынасында сот шешімдерін орындау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Соттың қорғауы сот актісін қабылдаумен емес оның нақты орындалуымен аяқталады. Сонымен бірге Уәкілге сот шешімдерінің орындалмауына шағымдар келіп түсуде. Есепті кезеңде барлығы атқарушы құжаттарды орындау мерзімдерінің бұзылуына, борышкерлерге заңнамада көзделген барлық мәжбүрлеп өндіру шаралары қолданылмауына, сондай ақ нақты сот орындаушыларының әрекеттеріне қатысты аталған шағымдардың 3,5% пайызы түсті.
Шағымдардың 1,7 % тіркеу, азаматтық алу, ықтиярхат, жеке басын куәландыру құжаттарын ресімдеу мәселелеріне қатысты болды.
Ақпарат алу құқығының бұзылуы туралы хаттарда (2%) шағымданушылардың көбісі мемлекеттік органдардың азаматтардың хаттарына жауап бермейтінін, сондай ақ әртүрлі ақпарат алу мүмкіндігінің болмауын көрсетеді.
Есепті кезеңде Уәкіл атына саяси құқықтарды іске асыру мәселесі бойынша бір ғана хат түсті, ол бейбіт жиналыс бостандығы құқығына қатысты.
2009 жыл бойы алғысхаттар түскен. Кейбіреулерінің мәтіні төменде келтіріледі.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппараты адам мүдделері мен құқықтарын қорғаудың пәрменді механизмі болып табылады, Сіз басқарып отырған Аппарат қызметкерлерінің Орал қаласында қиын жағдайға тап болған адамдардың тағдырына уақытылы және жедел араласуы оның кәусі болды. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында шексіз құқық бұзушылық тоқтатылып, жұрт қалыпты өмір сүруге кірісті, өздерінің отбасыларына қайтып оралды. Азаматтардың хаттарымен нақ осындай жоғары деңгейде жұмыс істеу, әр адамның қадір қасиетіне, абыройына қатысты осындай адами және әлеуметтік бағыты бар саясат Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппараты сияқты маңызды және қажетті демократиялық институттың қызметін насихаттау үшін басты дәлел болып табылады. Право на жизнь әлеуметтік қор білдірген белсенді азаматтық ұстанымыңыз, жоғары біліктілігіңіз және азаматтық кемелділігіңіз, өмірдің күрделі жағдайына тап болған адамдарға қатысты сіздерге үлкен алғыс білдіреді.
Сіздің игі миссияларыңызда табыс, тұрақтылық және ертеңгі күнге сенімділік тілеймін.
Бұдан әрі ынтмақтастығымызды жалғастыратынызға сенім білдіремін.
Құрметпен, Право на жизнь әлеуметтік қорының директоры Голубь Марина Вячеславовна.
Сізге және қарағанды қаласы ІІБ органдарына менің сіңлім Цыбулько Ольга Николаевнаны іздеу жөнінде жүргізген жұмысыңызға көп рахмет, ол табылды, тірі және дені сау, кейінгі өміріне алаңдамаймыз.
Құрметпен, Зайцев Александр Николаевич, Киль қаласы Германия
Сіздерге акті жазуларын алуға көмегіңіз бен берген түсіндірулеріңіз үшін шын жүректен алғыс білдіремін, олар кейін жұмыста пайдаланылады.
Құрметпен, Ресей Федерациясының Свердлов облысының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Т.Г. Мерзлякова
Ұлымыз Азизбаев Викторды қорғауға көмек көрсеткеніңіз үшін өте ризамыз.
Сізге және Сіздің ұжымызға жақсылық, ырыс-береке, жанұяда бақыт, Сіздің өте жауапты жұмысыңызда табыс тілейміз.
Құрметпен, Азизбаев Х.А.
Уәкіл атына 2009 жылы түскен хаттарына келсек, шағымданушылар жалпы адам құқықтары саласындағы халықаралық және ұлттық стандарттарды жеткілікті біліп, оларға сілтеме жасайтынын атап өткен жөн. Бұл азаматтардың құқықтық сауттылығының артуының және тиісті мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың құқықтық қорғау жұмысы күшеюінің куәсі екені сөзсіз.
1.2. Уәкіл жұмысының түрлері мен әдістері
Азаматтардың құқықтарының бұзылуы туралы хаттарды қарау, құзырлы органдарға тиісті сұратулар әзірлеу және жіберу және олар бойынша шара қолдану Уәкіл функцияларын жүзеге асырудың негізгі механизмдері болып табылады.
Сұратулардың көпшілігі , бұрынғыдай Бас прокуратураға, Ішкі істер министрлігіне, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне жіберілген.
Есепті кезеңде уәкіл мекемесінің сұратуларына белгіленген мерзімдері бұзылып ұсынылған жауаптар саны жалпы санының 8,3 % құрайды. Осындай жауаптар жиі Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінен келеді (31 ден 10).
Уәкілдің мемлекеттік органдарға және ұйымдарға жіберілген сұратуларының кестесі
Органның атауы
Сұратулар саны
Мерзімдері бұзылып ұсынылған жауаптар саны
Бас прокуратура
335
29
Ішкі істер министрлігі
143
4
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
75
2
Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі комитеті
62
5
Әкімдіктер
91
4
Әділет министрлігі
120
7
Қаржы министрлігі
7
2
Денсаулық сақтау министрлігі
16
4
Білім және ғылым министрлігі
17
2
Сыртқы істер министрлігі
7
1
Қорғаныс министрлігі
5
Ауыл шаруашылығы министрлігі
2
Туризм және спорт министрлігі
1
Көлік және коммуникация министрлігі
1
Төтенше жағдайлар министрлігі
2
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
31
10
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
2
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
4
Ақпараттандыру және байланыс министрлігі
3
1
Қаржылық нарықты және қаржы ұйымдарын реттеу агенттігі
7
1
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті
4
Республикалық ұлан
1
Самұрық-қазына ұлттық әл ауқат қоры
1
1
Соттар
4
2
Мемлекеттік мұрағат
8
1
Банктер
2
Шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік органдары
5
1
Өзге де ұйымдар
6
2
Қазақстан адвокаттары одағы
1
Барлығы
963
79
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен оның мекемесі іске асыратын еліміздегі адам құқықтары саласындағы ахуалдың мониторингісі қауқарсыз әлеуметтік топтар ұсталатын әртірлі объектілерге барумен байланысты.
Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысының, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының пенитенциарлық мекемелеріне сапармен шығулар болды.
Аталған кезеңде, Уәкіл жанынан құрылған, құқық қорғау органдары мен құқықтық қорғау ұйымдарының өкілдерінен тұратын, Азаптауларды қолдану фактілерін қарау жөніндегі жұмыс тобы жабық типтегі мекемелерде ұсталғандардың, айыпталушылардың және сотталғандардың құқықтарын сақтау мониторингімен айналысты. Жұмыс тобы форматында барынша өзекті мәселелер қаралды, атап айтқанда, 17 сәуірінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ӘМ ҚАЖКБ ЕС – 164 3 түзеу мекемесінде орын алған төтенше жағдайға ( дене мүшелеріне жаппай зақым келтіру) байланысты Әділет министрлігінің ҚАЖК төрағасының ақпараты тыңдалды.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жоғарыда аталғанның мағынасында Алдын ала қамау және бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың құқықтарын сақтаудың жағдайы мен мәселелері туралы Арнайы баяндама әзірленіп, ҚР Президентінің Әкімшілігіне жолданды.
Уәкіл мекемесінің қызметкерлері мүгедектер құқықтарының бұзылуы туралы БАҚтағы ақпаратқа байланысты Қазақстандық су қараңғылар қоғамдық бірлестігінің Талғар оқу өндірістік кәсіпорнына барып қайтты. Тексеру нәтижелері бойынша Бас прокуратураға хат жіберілді.
Адам құқықтары мен бостандықтары туралы заңнаманы жетілдіруге және оны халықаралық құқықтың жалпыға танымал қағидалары мен нормаларына сәйкестендіруге ықпал ету Уәкіл қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
Мәселен, құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу, ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктеріне мемлекеттік кепілдері туралы, наным бостандығы мен діни бірлестіктер туралы заң жобаларына, Халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске сараптамалық қорытындылар әзірленген.
Уәкіл мекемесі есеп беру жылы ҚР Парламент Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатамен өзара белсенді іс қимыл жасады.
Имидждік және құқықтық ағарту қызметіне аса назар аударылды.
Уәкілдің қолдауымен Қазақстан Республикасында азаптауларға жол бермеу: дискуссиядан іс жүзінде іске асыруға кірісу халықаралық конференция өтті, оның жұмысына Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің, мемлекеттік органдардың, халықаралық және отандық құқықтық қорғау ұйымдарының өкілдері қатысты.
Бұл форум Қазақстанда Еурокомиссияның және Халықаралық түрме ұйымдарының көмегімен іске асырылған азаматтарды бостандығынан айыру және шектеу орындарына қоғамдық бақылау, үлттық алдын механизмінің қазақстандық үлгісін әзірлеу жөніндегі екі пилоттық жобалардың қорытындысын жасады. Бұндай қоғамдық бақылауды құруға өткен жылы ратификацияланған Азаптауларға қарсы конвенцияға Факультативтік хаттамамен нұсқама берілген.
Одан басқа, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі Бас прокуратурамен, Сыртқы істер министрлігімен, БҰҰдың Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) және Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігімен бірлесіп Бала құқықтары туралы конвенцияның 20 жылдығына және оны Қазақстанның ратификациялағанына 15 жыл толуына арналған халықаралық конференцияны ұйымдастырды.
Форум барысында соңғы екі онжылдықта бала құқықтарын қамтамасыз ету саласында прогресске қол жеткендік атап көрсетілген және Қазақстанда Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыру жолындағы қазіргі заманғы талаптар қаралды. Маңызды іс шараларға Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған Конституциялық құндылықтар және оларды Қазақстанның заңнамасында және құқық қолдану практикасында іске асыру жолдары тақырыбында ҮІІ Тамыз оқуларын жатқызуға болады.
Уәкіл қыркүйекте Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасын қабылдауға байланысты Егемен Қазақстан газетіне сұхбат берді.
Одан басқа, мекеме қызметкерлері азаматтардың коммуналдық қызметке құқықтарына байланысты мәселелер бойынша, Өзбекстанда сотталған азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесі, балалар құқықтарына байланысты мәселелер бойынша БАҚқа жарияланымдар берді.
Есепті кезеңде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үш ақпараттық бюллетені басып шығарылды және оның дербес веб-сайтын жаңарту жүзеге асырылды.
Осы бағытта ағарту қызметі маңызды рөл атқарады. Мысалы, мекеме қызметкерлері Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары, Қаржы министрлігінің, Бас прокуратура, әлеуметтік мекемелер, сондай ақ қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері үшін дәріс берді.
Уәкіл мекемесінің әкімшілік жұмысы мағынасында 2009 жылы Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары әзірленді.
Мекеме қызметкерлерінің аттестациясы мен функционалдық міндеттері қайта қаралды.
Уәкіл мекемесі есеп беру жылы қызметкерлер үшін екі оқу семинарын ұйымдастырды, сондай ақ мемлекеттік тілді оқыту курстары жүргізілді.
2009 жылы сәуір айында мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үш бос орынға байқау өткізілді, оның нәтижесінде мекеме штаты құқық қорғау және әлеуметтік жүйелерде қажетті жұмыс тәжірибелері бар білікті мамандармен толықты.
Үкімет республикалық бюджетті қалыптастыру барысында Уәкіл мекемесінің штат санын аумақтардағы өкілдерді енгізу есебінен ұлғайту туралы ұсынысты қолдады, бұл 2009- 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында тиісті түрде бекітілді.
Бірақ, экономикалық дағдарысқа байланысты бұл мәселенәі іске асырылуы белгісіз уақытқа шегіндірілді.
БҰҰдың Ұлттық құқықтық қорғау институтының мәртебесін Адам құқықтарын қорғаумен және қолдаумен айналысатын ұлттық мекемелердің мәртебесіне қатысты қағидаларға (Париж қағидалары) сәйкес келтіру қажеттігі бар екені анық, олар жеткілікті қаржыландыруды, оңтайлы штат ресурстарын, сондай-ақ Омбудсменнің халыққа қол жетімділігін көздейді.
1.3. Уәкілдің шара қолдану актілері
Уәкіл қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаға сәйкес ол есепті кезеңде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Үкіметке 7 хат жолдаған. Уәкіл Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Қазақстанға БҰҰдың азаптауларға қарсы арнайы баяндаушысы Манфред Новактың инспекторлық сапары алдында мемлекеттің түзеткен ұстанымын әзірлеу қажеттігіне байланысты хат жолдаған.
ҚР Үкіметіне қоғамда кең талқыланған мәселелер бойынша хаттар жіберілді.
Мысалы, банктердің кепілге алынған баспананы сот тәртібінен тыс алып қоюымен байланысты заңсыз әрекеттеріне азаматтардың шағымдарының көбею үрдісіне назар аударылды.
Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша осы мәселе Әділет министрлігінде қаралған, оның жауабына сүйенсек, осы норманың қолданыстағы бұрын жасалған шарттарға тарайтын етіп несие алушының тиісті елді мекендегі жалғыз баспанасын сотсыз сатуға тыйым салу туралы мәселе ойластырылуда.
Үкімет алдына қойылған басқа да маңызды мәселе кейбір банктердің несие алушылардың ипотекалық несиелерін қайта қаржыландырудан бас тартуы болды. Атап айтқанда, несие алушылардың өтініштерін жекелеп қарау туралы ұсыныстарын қолдау, әлеуметтік қауқарсыз несие алушылардың мұқтаждарына және сақтандыру компанияларының банктермен қосылуымен байланысты мәселелерді шешу ұсынылды.
БҰҰдың Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі комитетінің сессиясында қаралуы жоспарланған Қазақстан Республикасының Халықаралық экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пакті аясында қабылдаған міндеттемелерді орындауы туралы баяндама шеңберінде БҰҰдың лайықты баспанаға құқық жөніндегі арнайы баяндаушысы Ракель Рольниктің үстіміздегі жылы инспекторлық сапармен келуін дайындалуға жауапты үйлестіруші органды белгілеу туралы ұсыныс берілді.
Қазақстан негізінде ұлттық және діни шыдамдылық пен толеранттық жататын этникааралық және конфессияаралық келісімнің үлгісі екенін ескере отырып, Уәкіл еліміздің оқу орындарында хиджаб кию туралы мәселені шешу жөнінде ведомствоаралық деңгейде шара қабылдауға бастамашы болды, бұл соңғы жылдары елімізде көп пікірталастар туғызып отырған мәселеге айналды.
Қазақстанның халықаралық актілерден туындайтын міндеттемелріне сүйене келе, мемлекеттің және оның Басшысының қылмыстық саясатты гуманизациялау және сотталғандарды ұстаудың лайықты жағдайларын жасау жөніндегі көпқырды қызметі мағынасында, Үкіметке ҚАЖнің бар объектілерін қайта салу және жаңа объектілерін салуға бюджеттік қаражат бөлу кезінде назар аудару туралы өтініш айтылды.
Қазақстан қоғамының барлық әлеуметтік топтарының өмір деңгейін ұдайы арттырып отыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мағынасында Арселор Миттал Теміртау АҚ кәсіпорны жұмысшыларының еңбек және әлеуметтік мәселелерін шешу қажеттігімен байланысты хат жіберілді.
2009 жылы мемлекеттік органдарға түскен шағымдар, БАҚтағы ақпараттарға негізделген, сондай ақ өз бастамасымен 8 ұсыныс, соның ішінде, Бас прокурордың атына (3), Әділет министріне (2), Денсаулық сақтау министріне (1), Ішкі істер министріне (1), Алматы қаласының әкіміне (1) дайындалып жіберілді.
Аталған ұсыныстар мүгедектердің, жаппай саяси қуғын сүргін құрбандары мен одан зардап шеккендердің, сотталғандардың, азаматтығы жоқ адамдардың құқықтарын, сондай ақ денсаулық сақтау және жеткілікті өір деңгейіне құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты болды.
Осылайша, Уәкілге Ресей Федерациясынан келіп түскен шағымдар негізінде Бас прокуратураға іргелес мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен бірлесіп қазіргі кезде Қазақстан азаматы болып табылмайтын шағымданушыларды саяси қуғын-сүргін құрбандары, одан зардап шеккендер деп тану тәртібін реттеу туралы мәселені шешу туралы өтініш жіберілді.
Қазақстандық су қараңғылар қоғамдық бірлестігінің Талғар оқу өндірістік кәсіпорнына мониторинг жасау үшін бару нәтижелері бойынша жоғарыда аталған органға осы мамандандырылған мекемеде орын алған заң бұзушылықтарға прокурорлық шара қолдану туралы хат жіберілді.
Әділет министріне Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, сотталғандарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттырудың арнайы бағдарламасын әзірлеу және енгізу мәселесін қарау қажеттігі туралы ұсыныстар жіберілді.
Одан басқа , 2009 жылы 16 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының ЕС – 164 3 мекемесінде орын алған төтенше жағдайға (жаппай дене мүшелеріне зақым келтіру) байланысты Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Азаптауларды қолдану фактілерін қарау жөніндегі жұмыс тобының кезектен тыс отырысы өтті, Әділет министріне жіберілген тиісті ұсыныс соның нәтижесі болды.
Денсаулық сақтау министріне Алматы қаласында вирустық гепатитті тегін диагностикалау және емдеу жөніндегі қызметті алу бойынша қалыптасқан ахуалды жою жөнінде шара қолдану туралы ұсыныс жіберілген.
Сонымен қатар, Ішкі істер органдарының құрылымдық бөлімшелерінің азаматтық мәселелерді қарау кезінде жол берілетін құқық бұзушылықтарды жою қажеттілігіне Ішкі істер министрінің, сондай ақ Алматы қаласы әкімінің назары Алтын бесік шағын ауданы және Казречка көшесі тұрғындарының белгілі мәселелеріне аударылды.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ережеге сәйкес Уәкілдің ұсынысын алған лауазымды тұлға оны түскен күнінен бастап бір ай ішінде қарап, қарау нәтижесі туралы хабарлауға міндетті. Сонымен қатар, жауаптар ұдайы уақытылы, тиісті адамның қолымен және тиісті дәлелдемелермен келмейтінін атап өткен жөн.
Жалпы, жоғарыда көрсетілгендей, 2009 жылы Уәкілдің шара қолдану актілерінің жалпы санынан көпшілігі ҚР Үкіметіне жіберілген, бұл өз кезегінде, ортақ мәселелермен біріккен азаматтардың топтарымен маңызды мәселелерді шешу қажеттігіне байланысты болды.
1.4. Уәкілдің консультативтік- кеңестік органдардың жұмысына қатысуы
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасын бекітуіне байланысты, 2009 жылды Қазақстанның құқықтық дамуында айтарлықтай жаңа кезеңнің басталуы ретінде қарауға болады.
Осы көп мерзімді құжатта еліміздің Ата заңының талаптарына сәйкес мемлекеттің жалпы даму, соның ішінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін нәтижелілік, жариялылық және есептілік қағидаларына негіздеп, мемлекеттік басқарудың сапалық тұрғыдан жаңа моделін орнату жөніндегі жалпы стратегиясы мағынасында ұлттық құқықтық жүйені жетілдірудің негізгі бағыттары жазылған.
Концепцияға сәйкес Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесіндегі маңызды механизм болды, оның қызметінің тиімділігін ұдайы арттыру қажет.
Осыған байланысты, аталған бағдарламалық құжат жан жақты ойластырылып, Омбудсмен мүшесі болып табылатын, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат кеңесінде қабылданғанын атап өту қажет.
Уәкіл сонымен қатар, консультативтік кеңестік органдардың – ҚР Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның, сондай-ақ Қазақстанның ЕЫҚҰда төрағалық етуі мәселесі жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысына, Парламент Сенаты мен Мәжілісі комитеттерінің отырыстарына, конференцияларға, семинарларға және басқа да форумдарға, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың, атап айтқанда Жоғарғы Соттың, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, әділет министрліктерінің қорытынды алқаларына қатысуға аса мән береді.
Ведомствоаралық комиссиялардың (заң жобалау жөніндегі, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі, адамдарды заңсыз әкелу, әкету және саудалау мәселелері жөніндегі, Үкімет жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөіндегі кеңес, Сыртқы істер министрлігі жанындағы халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттар жөніндегі комиссия) жұмысында Уәкіл мүддесін Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы білдірді.
Обудсмен жанында заң жобаларын кез келген дайындық сатысында зерделеу жөніндегі кеңестік талдау функциясы бар сараптамалық кеңес жұмыс істейді.
Осыған байланысты, есептік кезеңде адам мен азаматтың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған, республика ратификациялаған халықаралық шарттар мен қабылданған заңдарды тізіп атаған жөн, олар Уәкіл мекемесінің қатысуымен әзірленген.
Қазақстан Республикасының заңдарымен Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге 1966 жылғы 19 желтоқсандағы Факультативтік хаттама, ТМД мемлекеттерінің еңбек мигранттары мен олардың отбасыларының құқықтық мәртебесі туралы конвенция, БҰҰның мемлекеттірдің және олардың мүліктерінің юрисдикциялық иммунитеттері туралы конвенциясы, Спортта допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенция ратификацияланды.
Есепті жылы республикада адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау механизмдерін одан әрі жетілдіруге бағытталған бір тұтас заң пакеті қабылданды. Осылайша, Халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс халыққа медициналық көмек көрсету сапасын арттыру мәселесін жүйелі негізде шешуге, қазіргі заманғы емдеу әдістерін қолдануға, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру механизмін жақсартуға мүмкіндік береді.
Осы құжат бұрын қолданыста болған 11 заңның орнын толтыра отырып, Үкімет пен Денсаулық сақтау министрлігінің 156 нормативтік құқықтық актісін қабылдауды көздейді.
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне білікті заңгерлік көмек көрсетумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң азаматтардың білікті құқықтық көмекке конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Гендерлік теңдік туралы – ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдері туралы, Тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу туралы қабылданған заңдардың қоғам үшін маңызы зор.
Халықаралық стандарттар ескеріле отырып, Босқындар туралы Заң әзірленіп Мемлекет басшысы қол қойды, ол аталған санаттағы адамдардың және пана іздеп жүргендердің құқықтық жағдайын реттейді, сондай ақ Кейбір заң актілеріне босқындар мәселелері бойынша түзетулер енгізу туралы Заң, ол республика аумағында босқындар жағдайын құқықтық реттеуді одан әрі жетілдіруге бағытталған.
Азаматтардың жеке өмірінің қолсұқпаушылығына Конституциямен кепілдік берілген құқықтарын қорғау жөніндегі қосымша шаралар қабылдауға аталған мәселелер бойынша республиканың кейбір заң актілеріне түзетулер енгізуді көздейтін қабылданған заң бағытталған.
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мемлекеттік функцияларды атқаруға өкілетті адамдардың және оған теңестірілгендердің құқықтық жағдайы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң мемлекеттік қызметкерлер үшін кейбір заңнамалық шектеулерді алып тастауды көздейді.
Қазақстан Республикасының заң актілеріне тұрғын үй коммуналдық сала мәселелері бойынша қабылданған өзгерістер азаматтардың тұрғын үй қатынастары саласындағы құқықтарының мемлекеттік кепілдерін нығайтуға бағытталған.
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң төлемақы көлемін арттыруды және азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдаудың өзге де қосымша шараларын белгілеуді көздейді.
Елімізде үш буынды сот жүйесін құруға және іс жүргізу заңнамасын Конституцияға және Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы Конституциялық заңға енгізілген өзгерістермен сәйкес келтіру мақсатына Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң бағытталған.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сотқа дейінгі қысқартылған іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді одан әрі жетілдіруді көздейді.
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне қылмыстық жазаны орындау және қылмыстық атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң қылмыстық жазаларды орындау тәртібі мен жағдайларын, сондай ақ қылмыстық атқару жүйесінде қызмет атқарудың жекелеген мәселелерін жетілдіруді көздейді.
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне наным бостандықтары және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Парламент қабылдаған және Мемлекет басшысына қол қоюға ұсынылған Заңның кейбір жекелеген нормалары азаматтар мен діни бірлестіктердің заң алдындағы теңдігінің конституциялық негіздерін бұзушылықтарды қамтыған, осыған байланысты Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің хаты бойынша өзінің нормативтік қаулысымен жоғарыда аталған заңды республика Конституциясына сәйкес емес деп таныған.
Конституциялық Кеңес, сондай-ақ, Заңсыз жолмен алынған кірістерді жария етуге және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы тұру туралы және Заңсыз жолмен алынған кірістерді жария етуге және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы тұру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Парламент қабылдаған Заңдарды қараған. Оларды қарау нәтижелері бойынша әркімнің жеке салымдары мен жинақтарының құпиялылығына құқығын көздейтін конституциялық норма ресми түрде түсіндірілді және Үкіметке аталған заңдар қолданысқа енгізілгенге дейін (олардың бірінші рет ресми жарияланғанынан алты ай ішінде) заңнамаға қажетті түзетулер енгізуге бастамашылық ету ұсынылды.
1.5. Халықаралық ынтымақтастық
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2009 жылы құқықтық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастығы бірқатар жағайларға байланысты өткен жылдардан көрі ерекше белсенділікпен көзге түсті. Біріншіден, Қазақстанның ЕЫҚҰда төрағалық етуіне жан жақты және қарқынды дайындық жүзеге асырылып жатты. Екіншіден, жыл бойы азаматтық және саяси құқықтар туралы, экономикалық, әлеуеттік және мәдени құқықтар туралы халықаралық патілер, Нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы халықаралық конвенция бойынша елдік баяндамалар, сондай ақ БҰҰдың Адам құқықтары жөніндегі кеңесінде адам құқықтарыбойынша жалпы мерзімді шолу рәсімін өту үшін Ұлттық баяндама әзірленіп жатты. Үшіншіден, жыл бойы Қазақстанға БҰҰдың азаптауларға қарсы арнайы баяндаушысы және БҰҰы азшылықтар мәселелері бойынша тәуелсіз сарапшысы, Еуропа Одағын, ЕЫҚҰ, халықаралық үкіметтік емес ұйымдарды білдіретін жоғары деңгейдегі бірқатар делегациялар сапар шекті. 2010 жылы, атап өткендей, БҰҰдың жеткілікті баспана туралы мәселе бойынша арнайы баяндаушысы Р. Рольниктің сапармен келуі күтілуде.
Уәкіл мекемесі, жоғарыда мазмұндалғанға байланысты кейбір жағдайларда адам құқықтары мәселелері бойынша негізгі сарапшы ретінде болды. Ол мемлекеттік органдар үшін құқықтық қорғау тақырыбы бойынша бірқатар талдау және ақпараттық материалдар дайындады, ал оның қызметкерлері мемлекет ішіндегі, сондай-ақ халықаралық іс шараларда адам құқықтары жөніндегі пікірсайыстарға белсенді қатысты.
Уәкіл адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуын бақылау мен бұзылған құқықтарды қалпына келтіру жөнінде шара қолданудағы негізгі міндетін жүзеге асыра отырып, Ресей Федерациясындағы, Қырғыз Республикасындағы, Өзбекстандағы, Молдова Республикасындағы, Әзірбайжандағы, Польшадағы әріптестерімен бірге хат жолдаған азаматтардың өтініштерін уақытылы қарау мәселесі бойынша өзара тығыз іс қимыл жасады.
Өткен жылы шет елдерден 33 хат (2008 жылы -26) түсті, оларың мазмұны әдеттегідей, азаматтарды құжаттандыру, оларды зейнетақымен және әлеуметтік қамтамасыз ету, еңбек қатынастары және т.б мәселелерге қатысты болды.
Барлық түскен хаттар қаралды, оларға білікті жауаптар берілді, ал бірқатар арыздар бойынша шетелдік азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді.
Халықаралық қауымдастықты Қазақстанда адам құқықтары мен бостандықтары ахуалы туралы ақпараттандыру тұрғысында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2008 жылғы қызметі туралы есебінің 2009 жылғы қарашада Вашингтонда, атап айтқанда, Мемлекеттік департаментте, АҚШ Конгресінің Азия, Тынық мұхит аймағы бойынша және ғаламдық қоршан орта жөніндегі өкілдері Палатасының шағын комитетінде және халықаралық ҮЕҰ қатысуымен өткен дөңгелек столдар аясындағы тұсаукесерін аса маңызды оқиға деп санауға болады. Уәкілдің 2009 жылғы қыркүйекте Варшава қаласында өткен адами өлшемдер саласындағы міндеттемелерді орындау жөніндегі ЕЫҚҰ жыл сайынғы кеңесіне қатысуы да сондай маңызды оқиға болды, онда Қазақстанда адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұлттық құқықтық қорғау мекемесінің ұстанымы туралы айтылды, ЕЫҚҰға мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының, халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен пікір алмасу болды, бұл сондай ақ халықаралық қауымдастыққа мемлекеттің осы салада қолға алып жатқан шаралары туралы ақпаратты жеткізуге мүмкіндік берді.
Уәкіл мекемесі 2009 жылғы мамырдағы Қазақстанға БҰҰдың азаптауларға қарсы арнайы баяндаушысы М. Новактың инспекторлық сапары алдында белсенді жұмыс жасады. Осы дайындық жұмыстарының мазмұндық және ұйымдастырушылық бөліктері жалпы осы сапардың ойдағыдай жүзеге асырылуына ықпал етті. Тиісті арнайы баяндама 2010 жылғы наурызда БҰҰдың Адам құқықтары жөніндегі кеңесінде ұсынылады.
БҰҰдың азаптауларға қарсы арнайы баяндаушысының сөйлеген сөзіне аса назар аударылатын болады және БҰҰдың кеңесінде маңызды да жан-жақты пікірсайыстар туғызатын болады, оның қорытындысы бойынша құжат бекітіледі, кейін елімізде әртүрлі салалардағы ахуалды бағалауға қатысты БҰҰдың ресми ақпарат көзі ретінде пайдаланылатын болады.
2009 жылғы шілдеде Уәкілдің БҰҰы азшылықтар мәселелері бойынша тәуелсіз сарапшысы Г. МакДугалмен кездесуі өтті, ол осы саладағы ахуалды бағалау және ҚР Үкіметіне Нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы халықаралық конвенцияда және Ұлттық азшылықтарға немесе этникалық, діни және тілдік азшылықтарға жататын адамдардың құқықтары туралы декларацияданың ережелерін іске асыруға көмектесу мақсатымен келген. Халықаралық шенеунік осы кездесу барысында мемлекеттің Қазақстанда этникааралық және конфессияаралық теңдікті қамтамасыз ету саласындағы қызметімен таныстырылды.
Жыл бойы Уәкіл мен БҰҰның Астанадағы орталығы арасында әртүрлі деңгейлерде көптеген мәселелер бойынша кеңестер ұдайы болып тұрды.
Уәкілдің ЕЫҚҰ демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры Я. Ленарчичпен кездесуі, сондай ақ кейін ЕЫҚҰ Елшілері делегациясымен кездесуі барысында Уәкіл мекемесі мен осы ұйым арасындағы аймақтық және екі жақты ынтымақтастықты нығайту туралы келісімге қол жеткізілді.
2009 жылғы маусымда Уәкілдің Данияны Сыртқы істер министрі П.С. Меллермен кездесуі өтті, оның қорытындылары бойынша Данияның адам құқықтары жөніндегі институтымен және ЕЫҚҰ Астана қаласындағы орталығымен бірлесіп ынтымақтастық жобасы әзірленген, ол ұлттық құқықтық қорғау институтына адам құқықтарын қорғау және қолдау саласындағы өзінің қызметін одан әрі жетілдіруге, еуропа елдері омбудсмендердінің жұмыс тәжірибесімен танысуға көмек көрсетуді көздейді,
Екі жақты ынтымақтастық мәселелері Уәкілдің Хьюман Райтс Вотч халықаралық құқықтық қорғау ұйымының атқарушы директоры К.Росспен болған кездесу барысында да көтерілген.
2009 жылғы қазанда Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Қазақстан Республикасы мен Еуропа Одағы арасындағы құрылымдық диалогқа қатысты, ол көптеген мәселелер аясында адам құқықтарын жылжыту және қорғау әселелеріне аса назар аударды.Ол сонымен қатар Брюссельде 17 қарашада өткен Қазақстан Республикасы- Еуропа одағы Ынтымақтастық кеңесінің 11ші отырысына қазақстандық делегация құрамына енгізілді.
Уәкіл офисі БҰҰ жүйесі мекемелерімен де байланыс жасайды. 2009 жылы ПРООН халықаралық сарапшысы В. Сироткинмен (2009.14.09), БҰҰ ЖҚКБ өкілдері М. Фаркуарсонмен және К. Оразовпен (2009.28.09), БҰҰ АҚЖКБ Орталық Азияға арналған Аймақтық Өкілінің міндетін атқарушы Ф.Фрейзермен (2009.29.10) кездесулер ұйымдастырылды.
Ақпарат алмасуға ықпал ететін отырыстарға, конференцияларға, семинарларға қатысу ынтымақтастықтың маңызды бағыты болып табылады.
Уәкіл есепті кезеңде Ыссық көлде өткен Адам құқықтары жөніндегі ІІІ халықаралық форумға қатысты, бұл форум омбудсмендер үшін өзекті құқықтық қорғау мәселелерін талқылау жөніндегі пайдалы диалог алаңы болды.
Уәкіл Бас прокуратурамен, Сыртқы істер министрлігімен БҰҰдың Балалар қорының (ЮНИСЕФ) көмегімен және Еуроодақтың Қазақстандағы өкілдігімен бірлесіп, БҰҰдың Бала құқықтары туралы конвенциясына 20 жыл: қазіргі заманғы талаптар мен Қазақстан Республикасындағы инновациялық әдістер тақырыбында Бала құқықтары туралы конвенцияның 20 жылдығына және оны Қазақстанның ратификациялағанына 15 жыл толуына арналған конференция өткізді.
Қазақстанның алдағы уақытта БҰҰдың Адам құқықтары жөніндегі кеңесінде Жалпы мерзімді есебін өтуін ескере отырып, Орталық қызметкерлері жылғы 24-26 қарашада Женева қаласында өткен, адам құқықтары жөніндегі ұлттық институттардың рөлі мен БҰҰдың адам құқықтары жөніндегі механизмдерімен ынтымақтастығына арналған семинардың жұмысына қатысты.
Мекеме қызметкері 2009 жылғы желтоқсан айында БҰҰ ҚЖКБ ұйымдастырған Орталық Азияда азаматсыздықтың алдын алу мен оны азайту және азаматтығы жоқ адамдарды қорғау жөніндегі аймақтық конференцияға қатысты, конференция аясында азаматтығы жоқ адамдарды қорғаудың халықаралық және аймақтық механизмдері зерттелді.
2009 жылғы 12 желтоқсанда Бангкок әуежайында ИЛ- 76 ұшағы мен құрамында мемлекетіміздің төрт азаматы бар экипаждың ұсталуына байланысты Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Тайланд Корольдігінің Омбудсменіне оқиғаны елдің құзырлы органдары жан жақты және объективті қарауын қамтамасыз етуді сұрап хат жолдады.
Уәкілдің қатысуымен халықаралық ынтымақтастықтың қарқындығы мен жандандырылуы адам құқықтары жөніндегі ұлттық институттың мемлекеттік механизмдегі рөлі мен орны, сондай-ақ оған халықаралық қауымдастық тарапынан қызығушылықтың артатынын куәландырады, бұл құқықтық қорғау қызметіне жаңаша қарауды талап етеді.
Уәкіл 2008 жылғы қызметтің есебінде Халықаралық шарттарға қосылу және ратификацияланған шарттардың нормаларын заңнамаға енгізу стратегиясын , сондай-ақ халықаралық шарттар жүйесі аясында Халықаралық ұйымдармен серіктестік бағдарламасын әзірлеуді ұсынды. Халықаралық гуманитарлық құқық пен халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссия аталған ұсыныстарды Адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттармен жұмыс істеу жөніндегі іс әрекеттердің 2009- 2012 жылдарға арналған жоспарын бекіту кезінде назарына алды.
2. Арнайы бөлім
2.1. Өмірге құқық. Бостандыққа және жеке қолсұқпаушылық құқығы
Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың жалпыға танымал қағидалары мен нормаларын ұстай отырып, өлім жазасын кезең кезеңмен жою саясатын жүргізеді. Қазақстан Конституциясының 15- бабының 2-тармағына 2007 жылғы 21 мамырда енгізілген өзгерістер мен толықтырулар осының куәсі бола алады, олар қолданыстағы Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің нормаларын Ата Заңның ережелеріне сәйкестеніретін Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР 2009 жылғы 10 шілдедегі Заңын қабылдау үшін негіз болды.
Қолданылып жүрген заңнаманы жетілдіру, адамның өмірге негізгі құқығын қамтамасыз ету осы заңды қабылдаудың мақсаты болып табылады.
Республиканың Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Факультативтік хаттаманы ратификациялауы 2009 жылғы маңызды оқиғалардың бірі болып табылады.
Хаттама жеке адамдарға Пактіде бекітілген құқықтарын халықаралық деңгейде қорғау мүмкіндігін береді., атап айтқанда, ол БҰҰдың Адам құқықтары жөніндегі комитетіне АСҚХП қатысушы мемлекеттердің осы шарт бойынша міндеттемелерін бұзуына қатысты жеке хабарларды қабылдау және қарау жөнінде өкілет беруді қарастырады. Қазақстан юрисдикциясындағы адам, егер ол құқықтық қорғаудың барлық қолда бар ішкі амалдарын пайдаланып болса, Пактіде мазмұндалған қандай да бір құқықтардың бұзылуы туралы БҰҰдың Адам құқықтары жөніндегі комитетіне хабарлай алады.
Бостандыққа және жеке қолсұқпаушылық құқығы 1948 жылғы Адам құқықтарының жалпы декларациясының да 3-тармағында бекітілген, 1966 жылғы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 9- бабында, сондай - ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-бабында бекітілген. Қазақстан Республикасының Конституциясы осы құқықтың негізгі кепілі ретінде тұтқынға алу және қамауда ұстау тек заңнамада көзделген жағдайларда және тек соттың санкциясы бойынша ғана тұтқындалғанға қарсылық жазу құқығын бере отырып, мүмкін болатынын көздейді. Соттың санкциясынсыз адам жетпіс екі сағаттан артық ұсталмайды.
Уәкілдің атына келген шағымдардың талдауы өткен жылы тек анықтау және алдын ала тергеу органдары қызметкерлерінің ғана әрекеттеріне 199 хат түскенін көрсетеді, бұл барлық келіп түскен шағымдардың жалпы санынан 17 пайызын құрайды. Соның ішінде прокуратура органдарына 12, ҰҚК – 17, қаржы полициясына 18, ішкі істер органдарына 152 шағым түсті.
Прокуратура органдарына шағым үшін көбінесе: азаматтардың хаттарына шара қолданбауы, қылмыстық істерді тергеу барысында уақыт созу фактілері бойынша прокуратура қызметкерлерінің әрекетсіздігі, қылмыстық істерді қозғаудан бас тартуға келісім беруі негіз болды.
Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің әрекеттеріне түскен шағымдар, арызданушылардың айтуынша, күдіктенушілерді ұстау кезінде қызметтік өкілеттіктерін аса пайдаланумен, тергеу изоляторларында ұстау жағайлары мен жеткіліксіз медициналық қызмет көрсетумен байланысты.
Қаржы полициясы органдарына коммерциялық ұйымдардың басшыларынан, олардың қызметтерін тексерудің негізділігімен, байланысты шағымдар, саябақ қоғамдарынан жер бөлу мәселелері бойынша және т.б. арыздар түсті.
Азаматтардың шағымдарының көптен бір бөлігі (152) ішкі істер органдарының қызметкерлерінің әрекеттеріне арызданумен байланысты, оларды шартты түрде мынадай топтарға бөлуге болады: заңсыз ұстау, ішкі істер органдары қызметкерлері тарапынан күш және психологиялық зорық зобылық қолдану, процессуалдық әрекеттерді жүргізу кезінде құқықтарды негізсіз шектеу, дәлелдемелерді дұрыс бағаламау, қамауда ұстаудың тиісті жағдайларының болмауы.
Ақмола облысының Қоғамдық бақылау комиссиясына өзінің ұлы С.ті ұстау кезінде Көкшетау қаласы Ішкі істер басқармасының полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне азамат Н.нан түскен арыз осыған мысал бола алады. ҚБК басшысы және бір мезгілде Луч надежды қоғамдық қорының директоры Л.А. Рубежанская Ақмола облысы ішкі істер департаментіне дереу тиісті шара қолдану туралы хат жазған, себебі Көкшетау қаласы Ішкі істер басқармасының полиция қызметкерлері тарапынан қатыгездік көрсетуіне азаматтардан келіп түскен шағымдар көбейіп барады. Сонымен қатар хатта облыс ІІД ҚҚБ тексеретін барлық хаттарға фактілер расталмады деген жауаптар келетіні көрсетілген, сонымен бірге шағымдарды тексеру кезінде полиция қызметкерлері тарапынан корпоративтілік орын алатындығы көрсетілген. Бр езгілде, Қоғамдық қордың директоры жабық мекемелерде азаптау және қатыгезіктерді қолдану фактілерін қарау жөнінде кеңес беру үшін Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Азаптауларды қолдану фактілерін қарау жөніндегі жұмыс тобына хат жолдады, сонымен бірге осы факті бойынша құжаттар пакеті ұсынылды, осыны Уәкіл мекемесі бақылауға алды. Жоғарыда аталған бұзушылықтар туралы облыс әкімі хабардар етілді, одан кейін қысқа мерзімде осы іс бойынша материалдар ҚР Ішкі істер министрлігінің Тәртіптік кеңесіне ұсынылды.
Нәтижесінде Н. айыптау жөніндегі қылмыстық іс жүргізу оның әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталу негіздерімен тоқтатылды.
Ішкі істер министрінің бұйрығымен Көкшетау қаласы ІІБ ТБ бастығы М.З. Букебаев полиция қызметкері атағына кір келтірген әрекеттер үшін ішкі істер органдарынан шығарылды. Облыс ІІД және ІІБ азамат Н. құқықтарының бұзылуына қатысты бірқатар қызметкерлері тәртіптік жауапқа тартылды.
Қадір қасиетіне қолсұқпаушылық құқығы Ата Заңның 17-бабында көзделген, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін анықтайтын заңнама нормаларымен кепілдік беріледі. Мысалы, қылмыстық іс жүргізу барысынад алып келу, ұстау, үйде қамап ұстау, қамауға алу, жеке тінту және сипаты бойынша басқа да мәжбүрлеу әрекеттерге тек заңда келтірген негіздемелер болғанда ғана және онда белгіленген тәртіппен мүмкін болады (ҚР ҚІЖК 134, 135, 149, 150, 158- баптары). Одан басқа, куәландыру және тергеу эксперименті сияқты процессуалдық әрекеттерді жүргізу ҚР ҚІЖК 226, 239-баптарына сәйкес тек адамның денсаулығына қауіп болмайтын жағдайда ғана мүмкін болады. Ал Уәкіл поштасы қылмыстық іс жүргізу заңнамасының осы талаптары ұдайы сақталмайтынын көрсетеді. Профилактикалық деп аталатын полиция іс шараларын өткізу кезінде заңсыз ұстау, кейде зорлық зомбылық әрекеттерге жол берілетін заңсыз ұстаулармен байланысты болады.
Сонымен қатар, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге шағымданған азаматтардың заңсыз анықтау және тергеу әдістері туралы сөздері кейде анықталмай жатады, бүл құқық қорғау органдарынан келіп түскен материалдардың мазмұнымен сондай ақ өзге де жағайлармен расталады. Көптеген жағдайларда Уәкіл прокуратураға хат жолдағаннан кейін қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулылардың күші қадағалау, сондай ақ жоғары тұрған прокурорлармен жойылған, ал атериалдар қосымша тексеруге жіберілген. Аталған тексерулердің қорытындылары бойынша , әдеттегідей, ІІБ қызметкерлерінің әрекеттерінде қылмыс құрамы болағандықтан қылмыстық іс қозғаудан қайта бас тарту туралы шешім қабылданған.Тәжірибе шағымда мазмұндалған дәлелдердің расталмауы осы шағымдар негізсіз болып табылады деген ұғымды білдірмейтінін көрсетеді. Жекелеген жағайларда прокуратура органдары, ішкі істер органдарының өздері де бұзушылық шынымен орын алғанын мойындайды, бірақ жағдай өзгеруіне байланысты (қызметкер өз еркімен жұмыстан кеткен, ал қылмыстық іс мәні бойынша соттың қарауына берілген) не бұзушыларды тәртіптік жауапқа тарту мерзімінің өтуіне байланысты шара қолданылмайды немесе өте сирек қолданылады.
ҚР Жоғарғы Сотының жеке бостандықты және адамның қадір қасиетіне қолсұқпаушылықты сақтау, азаптауға, зорлық зомбылыққа, басқа да адамның қадір қасиетіне нұқсан келтіретін қарым қатынастарға немесе жазаларға қарсы тұру туралы заңнаманы қолдану мәселелері жөніндегі 2009 жылғы 28 желтоқсандағы Нормативтік қаулысы адамның қадір қасиетіне қол сұқпаушылық құқығын іске асыруда маңызды рөл атқаруы тиіс.
2.2. Сотта қорғалу және әділ сот талқылауына құқық
2009 жылғы тәжірибе, бұрынғыдай, азаматтың сотта қорғалу және әділ сот ісіне құқығын қамтамасыз етудің өзектілігін дәлелдейді.
Осы құқықты іске асыру әркімнің әіл сот билігіне қол жетімділігін, оның ісін заңмен соттылығы жататын сотта қаралуын, сотта талқылаудың барлық рәсімдерін, сондай ақ оны жргізудің ақылға сыйымды мерзімдерін тиісті түрде сақтауды, қатысшылар үшін процессуалдық құқықтар мен кепілдерді қамтамасыз етуді, сот актілеріне наразылық білдіру мүмкіндігін және мемлекет тарапынан олардың орындалуын қамтамасыз етуді көздейді.
Сот актілерімен және әрекеттерімен келіспеушілік пен байланысты арыздардың санаты Уәкіл атына түскен шағымдардың ішінде бұрыңғыдай ең көбі болып табылады.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ережеге сәйкес, ол соттың әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарды қарамайды, ол туралы шағымданушыларға белгіленген тәртіппен хабарланған.
Сонымен қатар, сотта қорғалу және әділ сот ісіне құқығы негізгі құқықтар жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылатынына сүйенсек, осы бөлімде Уәкіл мекемесіне есепті мерзімде келіп түскен аталған санаттағы шағымдарға талдау ұсынылады (318, соның ішінде 191 – қылмыстық істер бойынша, 119 - азаматтық , 8 - әкімшілік істер бойынша).
Осындай 150 шағым бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдардан түсті. Сот үкімдерімен келіспеушілік туралы шағымдар жиі құқық қорғау органдарының әрекеттеріне берген шағымдармен қоса жүреді. Олардың саны 67 құрайды.
Шағымдар талдауынан шағымданушылар соттардың қылмыстық және азаматтық іс жүргізу заңнамасының нормаларын сақтамайтынына, жазалау шараларымен өздерінің келіспейтініне, соттың сот құжаттарын бермейтініне, куәгерлерді шақырудан бас тартатынына, сот отырысының хаттамасында процесс барысын объективті көрсетпеуіне келіспеушілік білдіреді.
Әлеуметтік және экономикалық қатынастар саласында құқықтардың бұзылуына шағымдар хаттардың үлкен тобын біріктіреді. Осылайша, Уәкіл атына азаматтық заңнамамен реттелетін тұрғын үй, жер, еңбек және өзге де дауларға негізделген 119 хат түскен.
Ең көп түскені баспана, мүлікті бөлу және жұмысына қайта орналастыру туралы даулар бойынша хаттар.
Әкімшілік істер бойынша шағымдар көбінесе айыппұл және қамауға алу түріндегі әкімшілік шараларды қолдану туралы қаулылармен келіспеушілікке қатысты.
Елде болу ережелерін бұзған үшін Қазақстаннан кетіру бөлігінде сот шешімімен келіспейтіні туралы шетелдіктерден 4 шағым түсті.
Уәкіл атына елден тыс жұмыс істейтін 1 Қазақстан азаматшасы шағымданды.
Құқықтық қорғау ұйымдарынан, адвокаттардан, қорғаушылардан қорғалушылар мен сенім білдірушілердің мүддесіне 80 шағым түсті.
Шағымданушылар сот әрекеттеріне берген 67 шағымдарында бәрнен де сот отырысына келу туралы тараптарды уақытылы хабарлар етпейтінін және сырттай сот шешімін шығаратынын көрсетеді.
Сот актілерімен келіспеу туралы шағымдар аумақтар бойынша мынадай болып түсті: Алматы қаласының және Алматы облысының (39дан), Қарағанды облысының (35), Астана қаласының (32), Ақмола облысының (32), Шығыс Қазақстан облысының (31), Қостанай облысының (22), Павлодар облысының (22), Солтүстік Қазақстан облысының (14), Маңғыстау облысының (10), Оңтүстің Қазақстан облысының (9), Батыс Қазақстан облысының, Қызылорда облысының (6дан), Ақтөбе облысының (2) соттарына қатысты түскен.
2008 жылғы наурызда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен Жоғарғы Сот Төрағасы арасында қол қойылған меморандумға сәйкес 88 шағым Жоғарғы Сотқа ақпарат ретінде жіберілді.
Осы санаттағы шағымдар саны соңғы екі жылдарда 2005-2007 жылдардың көрсеткіштерімен салыстырғанда азайып келуі фактісі назар аудартады.
Әділ сот билігіне Конституцияның 13-бабының 2-тармағымен кепілдік берілген кедергісіз қол жеткізу құқығы толығымен қамтамасыз етілгенін атап өткен қажет қажет: жеткілікті заңнамалық негіз бар, сот құрылысы жүйесінде реформалар жүргізіліп жатыр, мамандандырылған соттар құрылды. Бірақ тәжірибе көрсетіп отырғандай, осы құқықтың бұзылуымен байланысты күрделі мәселелер сот процесін жүргізу кезінде туындайды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2009 жылғы 10 желтоқсандағы ҚР Заңында сот жүйесі құрылымын үш буынды етіп өзгерту, сот талқылауының үзіксіздік қағидасын енгізу, жаңа мамандандырылған соттарды құру, кассациялық іс жүргізуді қайта жананыру көзделген.
Сот құрылысын және сот ісін жүргізуді осылайша оңтайландыру әртүрлі сот органдары функцияларының қайталануын азайтуға тиіс, яғни соттағы істердің қысқаруына және өтуі мен шешілуін тездетуге, жалпы әділ сот билігіне қол жеткізуді жеңілдетуге әкеп соғуы тиіс, бұл сот жүйесінің транспаренттігі туралы халықаралық стандарттарына сәйкес келеді.
Заңнама тек прокурорлардың ғана емес, тергеу және анықтау органдарының да әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды сотта қарау тәртібін көздейді.
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне білікті заңгерлік көмек көрсетумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы маңыздылығы кем емес Заң қабылданды, ол адвокаттың қылмыстық процестегі рөлін арттыруға ғана емес, жәбірленушінің де құқығын, соның ішінде тегін заңгерлік көмек алу, сондай ақ қылмыспен келтірілген шығындарын мемлекет есебінен өндіріп алу құқықтарын кеңейтуге бағытталған.
Қорғаушы ҚР ҚІЖК талаптарына сәйкес қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысы негізінде іске қатысуға жіберілген сәттен бастап қанапроцеске қатысушы болып саналған. Қабылданған заңға адвокат қылмыстық іске қорғаушы ретінде адвокаттың куәлігін және ордерді ұсынуы бойынша жіберіледі деген норма енгізілген.
Басқа да заңмен көзделген адамдар қылмыстық іске қорғаушы ретінде қатысу құқығын растайтын құжаттарды ұсынған сәттен қылмыстық іске қатысуға жіберілген деп саналады.
ҚІЖК енгізілген өзгерістер тараптардың сот процесіндегі жарыспалылығын және тең құқықтылығын күшейтеді.
Адам мен азаматтың Конституциямен кепілдік берілген сотта қорғалу құқығын қамтамасыз ету саласындағы ұсыныстар мен одан кейінгі іс әрекеттер Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында және ҚР Адам құқықтары саласындағы іс шаралардың 2009- 2012 жылдарға арналған ұлттық жоспарында көзделген.
2.3. Сот шешімдерінің орындалу сатысындағы адам құқықтары
Атқарушылық іс жүргізу азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету мен қорғау түрлерінің бірі болып табылады, себебі сот шешімдерін және азаматтық және әкімшілік істер бойынша қаулылар мен ұйғарымдарын, қылмыстық істер бойынша мүліктік өндіріп алу бөлігінде үкімдері мен қаулыларын, сондай ақ заңдармен көзделген жағайларда өзге де органдардың шешідерімен қаулыларын міндетті түрде және уақытылы орындау оның міндеті болып табылады.
Республиканың атқарушылық іс жүргізу жүйесін дамытудың негізгі бағыттары ҚР Жоғарғы Сотының 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында көзделген. Жоспарда сот орындаушыларын әлеуметтік қорғау шаралары заңмен бекітілуі және олардың санын кезең кезеңмен судьялардың санына дейін жеткізу, атқарушылық іс жүргізу органдарына сот шешімдерін орындау тәртібін бұзумен және сотты құрметтемеумен байланысты істер бойынша анықтауды жүзеге асыру жөнінде өкілет беру, сот приставтарының санын көбейту, атқарушылық іс туралы заңнаманы бір езгіл жетілдірумен бірге жеке сот орындаушылар институтын енгізу белгіленген.
ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – СӘК) пікірі бойынша жеке орындау институтын енгізу азаматтарымыздың құқықтарын сақтау механизмінің тиімділігін арттыру тәсілдерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты СӘК ҚР Парламентінің қарауына Атқарушылық іс және сот орындаушылардың мәртебесі туралы және Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне атқарушылық іс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын енгізді, онда баламалы негізде жеке сот орындаушылар институтын енгізу көзделеді және оны Парламент Мәжілісі қолдады. Заң жобасында жеке сот орындаушылар институтын енгізуден басқа сот актілерін орындау рәсіін жақсарту, көптеген құқықтық кемістіктерді реттеу, атқару құжаттарын қамтамасыз ету шараларын жетілдіру, төлемеушілерге ықпал етудің жанама жолдары көзделеді. ҚР Президентінің Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 793 қаулысына сәйкес Ішкі істер министрлігінен сот шешімдерін орындау тәртібін бұзумен және сотты құрметтемеумен байланысты қылмыстық істерді тергеу жөніндегі өкілеттер СӘКқа берілуі тиіс.
СӘК ақпараты бойынша 2009 жылдыә 9 айында атқаруда 806 014 астам атқару материалдары болды, бұл 2008 жылдың сындай мерзіміндегіден 165 артық.
Егер 2009 жылы аяқталған атқарушылық істердің саны бойынша (431,3 мың атқарушылық істер немесе 53,3%) және нақты орындаумен аяқталған атқарушы істердің саны (326,9 мың атқарушылық құжаттар немесе 75,8 % 12,8 млрд теңгені құрайды ) бойынша есептесек, атқарушы іске қатысушылардың құқықтары мен мүдделері шамамен тиімді қорғалатын болған.
Сонымен қатар, орындалмай қалған көптеген атқарушы парақтар бойынша сот процесін ұтқан азаматтар ештеңеге қол жеткізе алмаған. Одан әрі олар тағы мемлекеттік бажға, адвокаттың қызметіне және т.б. шығыс ретінде шығындалды, борышкерлер оларды қайтармаған.
2009 жылы атқарушы іс жүргізге қатысты 67 шағым түсті. Бұл шағымдарды қарау кезінде борышкерлердің өндіріп алатын мүліктерінің болмауы және қарызданушының тұратын орнын анықтау мүмкін болмауы, жауапкердің сот шешімін уақытылы орындағысы келмеуі және басқалар атқарушы құжаттың талаптарын орындамаудың себептері болып табылатыны анықталды.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілге саяжай телімдерінің иелері Ш. Мен Д. Алматы қаласы Бостандық ауданы сотының шешімінің, олардың Алматы Пауэр Консалидейтед АҚ жер телімдері иелерінің құқықтары бұзылуын жою туралы берген талап арызын қанағаттандыру туралы, осы АҚты жоғарывольттық желінің орнатылуын олардың жер телімдерінен қауіпсіз (25 метр) қашықтыққа ауыстырып орнатуды міндеттеген Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа қаулысының орындалмауына шағымданған.
Уәкіл мекемесі ҚР Жоғарғы Соты жанындағы СӘКне хат жолдады.
Алматы қаласы Сот Әкімшісінің № 2 Бостандық аумақтық бөлімінің сот орындаушысы борышкерге сот шешімін орындау туралы, сот актісін орындамаған үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы ескерте отырып, бірнеше рет хабарлама жібергеніне қарамастан орындау үшін шара қолданылмаған. Борышкер әртүрлі сылтаулармен сот актісін орындауды кейінге қалдыра берген. Сонымен бірге, тексеру кезінде сот орындаушысы сот шешімін орындау үшін толық көлемде шара қолданбағаны анықталған, атқарушылық іс туралы заңнама талаптары бұзылған. Осыған байланысты сот орындаушысы тәртіптік жауапқа тартылған.
СӘКке және аумақтық органдарына 2009 жылдың 9 айында сот шешімдерін орындау мәселелері бойынша азаматтардың 7100 шағымдары түскен. Олардың ең көбісі алиментті өндіртіп алу (1894 шағым), шығынның орнын толтыру (1295 шағым) туралы шағымдар құрайды.
Атқарушы іс саласындағы ахуалды талдау атқарушы істі құқықтық және ұйымдық тұрғысынан одан әрі жетілдіру қажеттігін көрсетті.
2.4. Ар-ождан және діни наным бостандығына құқық
Әр адамның ойлауға, ар ожданына және дінге бостандық құқығы бар. Бұл құқық діннің болуына немесе қабылдауға немесе өз таңдауы бойынша сенуге және өз дініне наным еркіндігіне және жалғыз өзі, сондай ақ басқалармен бірге, жеке немесе бұқаралық түрде сену, табыну, діни және ритуалдық дәстүрлер мен оқуларды орындау бостандықтарын қамтиды.
Дінге сену немесе наным бостандығы тек заңда белгіленген және қоғамдық қауіпсіздікті, тәртіпті, денсаулықты және моральды, басқа адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын да сондай қорғау үшін қажетті шектеулерге жатады.
Қазақстанда тәуелсіздік жылдары бойы діни инсттуттары айтарлықтай көбеәді. Мысалы, католиктер діни бірлестіктері екі есе (42ден 86ға дейін) өсті, протестанттардікі үш есе (457 ден 1272ге дейін), Қазақстан үшін жаңа конфессиялардікі үш есе (14тен 49ға дейін) артты. Жалпы, діни бірлестіктер саны 6 еседен көп өсті, яғни 671ден 4173ке дейін.
2003 жылдан бастап елімізде әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының құрылтайлары өтеді, 2011 жылы республика Ислам конференциясы ұйымын басқаратын болады.
Қазақстан Республикасы бұрынғы кеңес одағы кеңістігінде діни толеранттығы идеяларын алға жылжыту және діни азшылықтардың құқықтарын құрметтеуде көшбасшы болып табылады, оны халықаралық қауымдастық мойындады және қолдады.
Жалпы, ҚР Конституциясының, сондай ақ Азаматтық кодексінің, Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы кодексінің, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, Қылмыстық кодекстердің, Діни наным және діни бірлестіктер бостандығы туралы, Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы, Қоғамдық бірлестіктер туралы заңдардың нормаларына негізделген Қазақстан Республикасының діни наным бостандығы мәселелері жөніндегі қолданыстағы заңнамалық базасы негізігі халықаралық құқықтық құжаттарға, тап айтқанда, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына, БҰҰдың дін мен наным негізінде шыдамаушылық пен кемсітудің барлық түрлерін жою туралы декларациясына және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге сәйкес келеді.
Мемлекет басшысы, діни және конфессияаралық толеранттықтың ерекше маңыздылығына тоқтай отырып, Қазақстан халқы ассамблеясында сөйлеген сөзінде Президент Әкімшілігіне және ҚР Үкіметіне Әділет министрлігінің Діни істері комитеті негізінде өзіндік Діни істер агенттігін құру туралы келісілген ұсыныс енгізуді тапсырды.
Еліміздің Парламенті 2008 жылы Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне Діни наным және діни бірлестіктер бостандығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңын қолдап, Мемлекет басшысына қол қоюға жіберген, оны кейін, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі 2009 жылғы 11 ақпандағы нормативтік қаулысымен аталған заңды Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келеді деп таныды.
2009 жылы Қазақстанда тіркелген Бірлестік Шіркеуінің ізбасары Е. Дреничеваның ісі қоғамда үлкен пікірталас тудырды, бұл Омбудсменнің араласуын талап етті.
Уәкіл атына Ресей Федерациясы азаматшасы Д, мүддесіне Қазақстандық адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюродан және Қазақстанның діни бірлестіктері ассоциациясынан хаттар түсті.
Хаттардың мазмұндарына келсек, Бірлестік Шіркеуінің қызметі аясында дәріс оқып, семинарлар өткізген үшін 2 жылға бас бостандығынан айырылып сот залынан қамауға алынған.
Хаттарды қарау аясында Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы пленарлық отырыс хатшысы, ҚР Республикасының Жоғарғы Сотының судьясы Ж.Н.Баишевпен кездесті, ол заңда белгіленген тәртіппен апелляциялық шағым беруді ұсынды, сондай ақ ҚР Бас прокуратурасына қарау үшін тиісті сұратулар жіберілді, олар туралы шағымданушыларға хабарланды.
Нәтижесінде, Алматы қалалық соты, Д. Ісі бойынша апелляциялық шағымды қарап аудандық соттың үкімін жойды, одан кейін Д. қамаудан босатылды.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл атына есепті кезеңде ар ождан және діни наным бостандығына құқықтардың шектелуі мәселелері бойынша 94 хат түсті, бұларды негізінен әртүрлі инстанциядағы соттар қараған.
Аталған шағымдар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істері комитетіне қарау үшін жіберілген.
Есепті кезең бойы бұқаралық ақпарат құралдарында еліміздің оқу орындарында хиджаб кию мәселесі бойынша пікірталас болды. Қазақстандықтардың белгілі бір бөлігін адаңдатып отырған бұл мәселе 2009 жылғы 13 қарашада өткен Мемлекет басшысының еліміздің халқымен тікелей байланысында қозғалған, сондай-ақ Омбудсменге келген тиісті шағымдардың мазмұндарында қамтылған.
Жоғарыда мазмұндалғандарға байланысты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істері комитетіне (бұдан әрі - Комитет) және ҚР Білім және ғылым министрлігіне тиісті сұратулар жіберілген.
Бірақ ұсынылған жауаптарда келтірілгендей, аталған ведомстволар шағымданушылардың көтерген мәселелері бойынша өз пікірлерін сақтап қалып отыр.
Осыған байланысты Уәкіл Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысына хат жіберілді .
Қазіргі уақытта орта, кәсіптік техникалық және жоғары оқу ұйымдарының оқушылары мен оқытушыларының хиджаб кию мәселесі қаралу сатысында.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы есепті жылы әртүрлі дін өкілдерімен (Свидетели иеговы, Саентология шіркеуі РБ, ЕХБ Мәскеу шіркеуі) кездесулер өткізді, кездесулер барысында оларды қызықтыратын барлық сұрақтар талқыланды.
Уәкілдің, сондай ақ Қазақстанға Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІІ құрылтайына келген, әлемде барлық жерде өлім жазасын жоюды қолдаушы ретінде белгілі Қасиетті Эджидио қауымының (Италия) делегациясымен кездесуі өтті.
2.5. Азаматтыққа құқық
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы әркімнің азаматтыққа құқығын жариялайды. Ешкім еріксіз өзінің азаматтығынан немесе азаматтығын ауыстыру құқығынан айырылмайды.
Азаматтық мәселелері Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңмен, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қырғызстан, Украина арасындағы азаматтықты алудың жеңілдетілген тәртібі туралы келісімдермен реттеледі.
Қазақстан Конституциясының 10-бабына сәйкес Қазақстан азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, және оны алу негізіне қарамастан жалғыз және тең болып табылады.
Уәкіл атына есепті кезеңде тіркелу, азаматтық алу мәселелері бойынша 23 хат келіп түсті.
Көбінесе, осындай топтағы шағымдарды құқықтары бұзылған адамдар тікелей жібереді, бірақ бірқатар жағдайларда аталған құқықтарды қорғау туралы өтінішпен хаттарды еліміздің жекелеген үкіметтік емес ұйымдары мен көршілес елдердің құқықтық қорғау ұйымдары жібереді (Сведрлов облысындағы, Красноярск өлкесіндегі және Саха Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдері, Қазақстандық Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюро және т.б.).
Барлық түскен хаттар бойынша нақты жұмыс жүргізілді, онда мазмұндалған фактілер жан жақты зерттелді және еліміздің тиісті уәкілетті органдарының көмегімен азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін тиісті шара қолданылды.
Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес азаматтыққа Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде кемінде бес жыл тұрақты не Қазақстан Республикасының азаматымен кемінде үш жыл некеде тұратын адамдар қабылдануы мүмкін.
Әкімшілік процедуралар туралы Заңға сәйкес шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында, егер Конституциямен, заңдармен және халықаралық шарттармен өзгеше көзделмесе, азаматтарға белгіленген сол құқықтармен және бостандықтармен пайдаланады, сондай ақ сол міндеттер жүктеледі.
Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес ішкі істер органдары Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша өтініштерді қабылдайды және оларды қажетті құжаттармен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жібереді, Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарымен көзделген Қазақстан Республикасы азаматтығын алуды және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды тіркейді.
Осыған байланысты түскен шағымдарда азаматтыққа қабылдау мәселелері бойынша істерді қарау тәртібін бұзатын миграциялық қызметтердің қызметкерлерінің әрекеттерін атап өткен жөн.
Мысалы, азаматша Р. шағымында 2008 жылы оның жұбайы С. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы Шымкент қаласының ІІБ Абай ауданының миграциялық полиция бөліміне өтініш берді. 2009 жылғы 13 наурызда ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті материалды басқа мемлекеттің азаматтығының жоқтығын немесе тоқтатылуы туралы анықтаманы сұрату және іске қоса тігу үшін толықтыруға қайтарған.
Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Қазақстан Республикасы заңының 32-бабына сәйкес азаматтық алуға өтінішті қарау мерзімі 6 айдан аспауы тиіс.
Одан басқа, ҚР ІІМ 2002 жылғы 23 тамыздағы № 556 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығымен байланысты мәселелерді қарау жөніндегі нұсқаулығының 10-тармағында жергілікті ішкі істер органдарында және ұлттық қауіпсіздік органдарында, Ішкі істер министрлігінде және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарында өтініштерді қарау мерзімі осы органдардың әрқайсысында бір айдан, барлығын қосқанда алты айдан аспауы тиіс деп көрсетілген.
Бірақ осы талаптарды бұза отырып, Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің Миграциялық полиция басқармасы Р. өтінішін бір жылдан артық қарап, осы күнге дейін оның Қазақстан Республикасы азаматтығын алу мәселесі өз шешімін таппаған.
Олыс ІІД қызметкерлерінің істі тиісті түрде ресімдемеуі себеп болған, осының салдарынан ол Комитетке қайтарылған.
Уәкіл атына республикада бұрын тұрған азаматтардан Қазақстан олардың азаматтығына жататынын растайтын немесе теріске шығаратын құжаттарға қатысты ақпарат беруді сұраумен көптеген сұратулар түседі. Бұндай анықтама Ресей Федерациясының азаматтығын ресімдеу кезінде міндетті құжаттардың тізіміне кіреді.
Мысалы, Красноярск өлкесіндегі Адам құқықтары жөніндегі уәкілі М.Г. Денисов Б. мүддесіне хат жолдады.
Шымкент қаласында туылған Б. 1991 қыркүйекте Ресей Федерациясына тұрақты тұруға кеткен, ол онда осы күнге дейін тұрады.
Бірақ Б. осы уақытқа дейін РФ азаматының төлқұжатын ала алмай жүр, себебі Б. Шымкент қаласында тіркеуде бар жоғы анықталмай отыр.Ресейдің Красноярск өлкесі бойынша ФМҚБ ақпараты бойынша РФ азаматының төлқұжатын ресімдеу үшін қажет ақпаратты алу мақсатында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы не болмауы туралы мәлімет алу үшін тиісті сұратулар жіберілген. Бірақ Ресей тарапы жауап алмаған. Осыған байланысты Б. заңдық маңызы бар фактілерді: мұрагерлікті қабылдауды, мүгедектікті ресімдеуді, некені тіркеуді және т.б. ресімдей алмай жүр.
Осыған байланысты біз ҚР Әділет министрлігіне және Ішкі істер министрлігіне сұратулар жібергенбіз.
Ұсынылған ақпаратқа келсек, Б. Шымкент қаласында тіркелген болып шықты, сондай ақ Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті Б. төлқұжат берілгені туралы №1 үлгідегі анықтаманың көшірмесін ұсынған.
Красноярск өлкесіндегі Адам құқықтары жөніндегі уәкілге берілген жауапта Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшісіне немесе ҚР тиісті консулдығына дербес өтініш беру қажеттігі түсіндірілді, ол жерде оның Қазақстан Республикасының азаматтығы жойылғандығы тіркеледі.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Заң күшіне енген күнге дейін (1992 жылғы 1 наурыз) еліміздің аумағында тұрақты тұрған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады, бұл 1974 жылғы үлгідегі төлқұжатта тіркеу туралы мөрдің болуымен не көрсетілген мерзімде тіркеу бар екенін көрсететін құзырлы органдардан алған басқа да ақпаратпен расталуы мүмкін. Бірақ аумақтардағы шенеуніктердің біліксіздігі және немқұрайлылығы салдарынан қажетті ақпарат алу мүмкін емес.
И. шағымының мазмұнынан шағымданушы мен оның зайыбы осы күнге дейін 1974 жылғы үлгідегі КСРО төлқұжаттарымен құжаттанып келгені анықталады.
Құжат алу үшін құзырлы органдарға барғанда олар Қазақстан Республикасының азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды алу тәртібі туралы тиісті түрде ақпарат ала алмаған, сондай ақ ішкі істер органдары қызметкерлерінің өрескелдігіне тап болған.
Біз шағымданушының мүддесіне Ішкі істер министрлігіне сұрату жібердік.
Министрлік жіберген ақпаратта шағымданушы Алматы облысының аумағында тіркелген, сондықтан Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заңға сәйкес оңайлатылған тәртіппен құжаттандырылуы тиіс делінген.
Осыған байланысты шағымданушы мен оның зайыбына тұратын жері бойынша миграциялық полицияның бөлімшесіне № 5 үлгідегі анықтаманы алу үшін өтініш беру қажеттігі түсіндірілді, ол әділет органдарында құжаттану және Қазақстан Республикасының жеке куәлігін ресімдеу үшін қажет.
Қазіргі кезде Қазақстандық адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюро және оның республиканың барлық аймақтарында орналасқан филиалдары осы күнге дейін 1974 жылғы үлгідегі КСРО төлқұжаттарымен құжаттанып келген азаматтарға ескі құжаттарын Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын жаңа құжаттарға ауыстыру жөнінде көмек көрсетуге бағытталған пилоттық жобаны іске асырады.
Ресей Федерациясы Свердлов облысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Т.Г. Мерзлякованың Свердлов облысының түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан Ф. мүддесіне соңғының азаматтығы мәселесі бойынша құзырлы органдардың тұжырымдамасын алуға ықпал ету жөніндегі өтініші Қазақстанның құзырлы мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелері арасында үйлестіру жоқ болуының мысалы бола алады. Ф. қылмыстық іс материалдарына ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің миграциялық комиссия бөлімінің бастығы А. Тоқсановтың хаты қоса тігілді, оған сәйкес В.В. Федотов Қазақстан республикасының азаматы болып табылмайды және азаматтығы жоқ адам болып табылады.
Осы хат негізінде Ф. қылмыстық ісі Ресей Федерациясының 26 гарнизондық әскери сотының соттылығына жататындық мәселесі шешілді.
Сонымен қатар, Министрлікке және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жіберген біздің сұратулар бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Қазақстан Республикасы заңының 3-бабына сәйкес Ф. Қазақстан азаматы болып табылады деген жауап келді.
Осы ақпарат Свердлов облысы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жіберілді. Алайда, кейін жұмыс барысында, ол Ресей Федерациясының Бас әскери прокурорының көмекшісінің Байқоңыр қаласындағы ҚР ІІМ өкілдігінің арнайы полиция басқармасының бастығының міндетін атқарушы Г.В. Ким өзінің 2009 жылғы 6 мамырдағы хатында Ф. Қазақстан азаматы емес екенін тағы растағаны туралы хатын алған.
ҚР ІІМ және Бас прокуратурасының жауаптарында біздің кезекті сұратуымызға олардан Ф. қатысты Байқоңыр қаласындағы ҚР ІІМ өкілдігінің ол Қазақстан азаматы емес екені туралы ақпарат расталмады деп есептеу керек деген жауап келген.
Жоғарыда аталған жағдай адам құқықтарының жиі болып тұратын бұзылушылықтарының куәсі болып табылады, ол сонымен қатар халықаралық сипатқа ие болады.
Тіркеу, азаматтық, ықтиярхат, жеке басын куәландыратын құжаттарды алу кезінде құқық бұзушылыққа шағымдар түсуіне ҚР ІІМ миграциялық қызметтерінің, әділет органдарының осындай мәселелерді қарауды негізсіз созуы және тіркеу рәсімдерін жасанды түрде күрделендіруі себеп болатынын көрсетеді, аталған құжаттарды алу мерзімін ұзартуға және осы мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы бұзуға негіз болады, осылар Уәкілдің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне берген ұсынысында көрсетілген. Осы ведомствоның аумақтық бөлімшелерінде орын алатын бұзушылықтар туралы ақпараттандыру, сондай ақ бұдан кейін Қазақстан Республикасы азаматтығын алуға үміткер адамдардың құқықтарын бұзуға жол бермеу ұсыныстың мақсаты болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережелеріне сәйкесқұжаттарды қолданыстағы заңнамада және көрсетілген ережеде көзделген жағдайлардан басқа алып қоюға тыйым салынады.
Сонда да, ішкі істер органдарының мамандандырылған қызметі қызметкерлері ІІМ өткізу туралы ведомстволық ережесін басшылыққа ала отырып, Қазақстан азаматтары мен шетелдік азаматтардан мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимаратына кіру кезінде жеке басын куәландыратын құжаттарды, соның ішінде төлқұжаттарды алып қоятыны бар.
Бұл мәселе белгілі деңгейде адам мен азаматтың шектелуіне тек заңдармен және ҚР Конституциясымен белгіленген шарттармен ғана жол берілетін конституциялық құқықтарына нұқсан келтіретін болғандықтан, 2009 жылғы желтоқсан айында ҚР Конституциялық Кеңестің төрағасы И.И. Рогов Әділет министрлігіне жеке басын куәландыратын құжаттарды алып қою мәселелерін заңнамалық тұрғыда реттеу мүмкіндігін қарастыруды ұсынумен хат жолдады.
Есепті кезең бойы Уәкіл аппараты Орталық Азия елдері үшін азаматсыздықты қысқарту және алдын алу жөніндегі аймақтық жоба аясында БҰҰдың Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасымен ынтымақтастықты жалғастырды.
Орталық Азиядағы азаматсыздық мәселелерін ортақ түсінуді қалыптастыру мақсатында БҰҰдың Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасы Орталық Азияда, соның ішінде Астанада да бірқатар семинарлар мен дөңгелек столдар өткізді.
2009 жылғы желтоқсанда Ашгабадта (Түркменстан) Орталық Азияда азаматсыздықты қысқарту және алдын алу және азаматтығы жоқ адамдарды қорғау жөніндегі аймақтық қорытынды конференция өтті, оған Адам құқықтары жөніндегі уәкіл офисінің қызметкері қатысты.
Қонференция қорытындылары бойынша азаматтығы жоқ адамдарды анықтау, 1974 жылғы үлгідегі КСРО төлқұжаттар иелерін қоса алғанда, жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдар үшін құқықтық мәртебесін растайтын тиісті құжаттар алуға көмектесуді қамтамасыз ету, мемлекет аумағында туатын барлық балаларды туылу кезінде тіркеуді қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жалғастыруға, азаматсыздық жағдайларын анықтаудың ресми рәсімін әзірлеуге бағытталған ұсыныстар қабылданды.
2.6 Азаматтардың мемлекеттік органдарға хат жолдау құқығы
Мемлекет басшысы республикалық телеарналарда тікелей желі кезінде азаматтардың сұрақтарына жауап бере отырып, мемлекеттік құрылымның бастығынан бастап, кез келген мемлекеттік қызметкер азаматтардың хаттарын заңда белгіленген тәртіппен қарауға және белгіленген мерзімде оларға жауап беруге міндетті. Ал, егер олар жауапты созатын болса, осы шенеуніктердің басшыларына шағымдану керек. Басшы жедел шара қолдануы тиіс. Бұлардың барлығы Мемлекеттік қызмет туралы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңдарда, барлық нормативтік құқықтық актілерде жазылған. деп нақты айтқан.
Азаматтардың Уәкіл атына түскен хаттары сондай ақ олардың мемлекеттік органдарға хат жазу құқықтары бұзылатынын көрсетеді.
Мәселен, әкімшілік ету мәселелері бойынша Уәкіл мекемесіне 2009 жылы 90 (2008 жылы -92) хат түсті, олардың 62 жергілікті атқарушы және өкілді органдарда тиісті әкімшілік болмауына байланысты. Олардың әрбір төртіншісі (21) тұрғын үй мәселелеріне қатысты шағымды қамтиды, ал әрбір тоғызыншысы (10) жер құқықтары мәселелеріне қатысты.
Осылайша, түрғын үй және жер мәселелері бұрынғыдай, шағымданушылардың жергілікті атқарушы органдарының лауазымды адамдарымен өзара іс қимыл жасағанда көтеретін негізгі мәселелері болып табылады. Тұрғын үйді бұзу, жеке адамдардың жер учаскелерін мемлекет қажеттігіне алып қою көптеген жағдайда халықты қанағаттандырмайды, бұл оларды әртүрлі инстанцияларға , соның ішінде Уәкілге шағымдануға мәжбүр етеді. Шағымданушылар әкімдердің шешімдерімен, өтемақы мөлшерлерімен , тиісті құрылымдардың әрекеттерімен келіспейді.
Шағымданушыларға жер учаскелерін қиратқан үшін өтемақы төлеу туралы 54 атқарушы парақтар бойынша сот шешімдерін 2005 жылдан бастап орындамай отырған Астана қаласының Тұрғын үй басқармасының Пәтер бюросына шағыммен елорданың 72 тұрғындарының атынан азаматша Р. жазған хаты осындай мысалдардың бірі болып табылады. Шағымданушылардың мәселені шешу туралы бірнеше хаттарына әкімдіктің, Пәтер бюросының және Астана соттары әкімшісінің лауазымды адамдары тиісті шара қолданбаған. Тек Уәкіл мекемесіне жазғаннан кейін ҚР Жоғарғы Соты жанындағы сотқа әкімшілік ету комитеті мен Астана қаласының прокуратурасы атқарушы іс өндіріле басталғаны туралы: борышкер - Пәтер бюросына тиесілі анықталған мүлікті бағалау және алғашқы өндірілген азғантай сомаларды өндіріп алушы -шағымданушылар арасында бөлінетіні туралы хабарлады.
Елорда тұрғыны А. оған мүшелерінің 95 пайызы ақшалай сома алған Автокомбинат саяжай қоғамындағы мемлекет мұқтажына алынған жер учаскесі үшін ұзақ уақыт өтемақы төленбеген факті бойынша әкімдік пен Пәтер бюросына нәтижесіз хат жолдағаны туралы Уәкіл атына жазған арызы әуре сарсаңға салудың тағы бір мысалы болып табылады.
А. 2008 жылы Пәтер бюросымен жерді алып-сату туралы шартқа тұрғанына, қала әкімінің орынбасары С.М. Хорошунның және Пәтер бюросының бас директоры О.Д. Мальсаговтың жеке қабылдауларына, олардың жазбаша сендірулеріне қарамастан, ақшалай өтемақы осы күнге дейін төленбеген. Ұлттық орталықтың сұратуларына Пәтер бюросы мен Астана қаласы прокуратурасының формальды жауаптары келді.
2009 жылғы қарашада А.М. Шукебаеваның және Алматы қаласы Казречка көшесінің басқа да тұрғындарының Шығыс айналма жолын салуға және көшкін болу мүмкіндігіне байланысты бұзылған құқықтары мүддесіне Алматы әкімі атына аталған азаматтардың заңды құқықтарының бұзылуына әкеп соққан себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс берілді.
Уәкіл мемлекеттік органдармен өтініш берушілердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мақсатымен өзара іс қимыл жасай отырып, бұл ретте өз ұсыныстарының дұрыстығы сөзсіз деп тайынбаудан аулақ, оның сұратуларына мемлекеттік органдардан жауап ретінде келетін объективті, дәлелді, заңдарға негізделген түсіндірулермен әрқашан келісуге дайын (қосымшаны қараңыз).
Азаматтар мен ұйымдардың тұрғын үй құқықтарын, жер туралы заңнаманы, сонда й ақ еңбек құқықтарын, заңдылық пен құқық тәртібін сақтау мәселелерінің басым орын алатынын аталған Қазақстан Республикасы Президентімен тікелей желі аясында түскен 44 мың хатқа мазмүнды талдау да көрсетті.
Азаматтардың Мемлекет басшысына жолдаған көптеген сұрақтары мен хаттары қандай да бір салаларда қолайсыздықтың анық бір белгісі болды. Мысалы, мектепке дейінгі және жалпы білім беру мекемелерінің жетіспеуі, халыққа көрсететін кейбір мемлекеттік қызметтердің сапасының төмендігі, кейбір шенеуніктердің құзырлықсыздығының бөлігінде.
Уәкілге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың хаттарының талдауы азаматтар мен ұйымдардың құқықтарының бұзылуы жергілікті атқарушы және өкілді органдарының заңнаманы дұрыс қолданбағандығынан және Конституция мен республиканың қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмейтін заңға тәуелді актілерді шығаруынан жиі туындайды.
Нормативтіңк құқықтық актілер туралы Заңға сәйкес орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың азаматтың және адамның құқықтары мен бостандықтарына қатысты аталғанактілері міндетті түрде әділет органдарында тіркеуге жатады, осыған байланысты Бас прокуратура мен Әділет министрлігі ұсынған кейбір статистикалық мәліметтерді келтірген жөн.
2009 жылғы 11 ай ішінде жергілікті атқарушы және өкілді органдары прокурорлардың 2236 наразылықтарын қанағаттандырды (2008 жылдың осы кезеңінде - 1660 ), олар бойынша 5000 астам заңсыз актілер күшін жойған не өзгертілген, олардың ішінде 257 нормативтік құқықтық акті, олардың 50 әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен.
Прокуратура органдары туралы Заңның 23-бабының 2- тармағына сәйкес, прокурорлық қадағалау актілерін мойындамауға байланысты соттарға прокурорлардың 60 арыздары түскен, олардың ішінде 33 қанағаттандырылған, бұлар жергілікті атқарушы және өкілді органдарының заңсыз нормативтік актілерді шығаруы мәселелері бойынша енгізілген.
Әділет министрлігі 2009 жылы орталық атқару органдары қабылдаған 592 нормативтік құқықтық актілердің 103ін және жергілікті атқарушы және өкілді органдары шығарған 498 актіні мемлекеттік тіркеуден бас тартқан.
Келтірілген мәліметтер Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактілерге Факультативтік хаттаманы ратификациялауға байланысты да үлкен алаңдаушылық тудырады, оған сәйкес Қазақстан азаматтары БҰҰдың Адам құқықтары жөніндегі комитетке өз құқықтарының бұзылуы туралы тікелей шағым жолдау мүмкіндігіне ие болады.
2.7. Меншік құқығы
Конституциясының 6-бабына сәйкес Қазақстанда мемлекеттік және жеке меншік мойындалады және бірдей қорғалады. ҚР Конституциясының 26-бабында бекітілген меншікке қолсұқпаушылық конституциялық қағидасы Қазақстан Республикасының азаматтарының жеке меншігінде кез келген заңды түрде алынған мүлік бола алады. Осы қағидаға сәйкес, мүлік иелеріне мүлікті иелену, пайдалану және өздеріне тиесілі мүлікке билік ету құқықтарын қамтамасыз ету мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
Түскен хаттардың сипаты оларды шартты түрде мынадай топтарға бөлуге мүмкіндік береді.
Жылжымайтын мүлікті жариялаумен байланысты хаттар. Есепті кезеңде шағымданушылар өздерінің жылжымайтын мүлікті жариялаумен байланысты көптеген хаттарында сот шешімдерінің орындалмауын көрсеткен.
Шағымданушылар жекелеген хаттарында мүлікті жариялау туралы өздерінде бар шешімдерге сәйкес жылжымайтын мүлікті ресімдеу кезінде туындаған қиындықтар туралы айтқан.
Кейбір хаттарда шағымданушылар мүлікті бөлу бөлігінде сот шешімімен келіспейді, бұл әдетте, некесін тіркемеген азаматтар арасындағы мүліктік қатынастарды құқықтық реттеудің даулы сәттерімен байланысты. Түскен хаттардың мазмүнын талдау соттардың мүліктік қатынастар саласындағы қолданыстағы заңнаманы біркелкі қолданбауын куәландырады.
Некесін тіркеген жұбайлар мүлкінің құқықтық режиміне ҚР Азаматтық кодексінің, Неке мен отбасы туралы ҚР Заңының нормаары қолданылады, оларға сәйкес некеде болу кезінде жұбайлардың жинаған мүлкі олардың ортақ меншігі болып табылады. Ондай мүлікке табыстардың барлық түрлері, сол табыстар есебінен алынған жылжитын және жылжымайтын, кімнің атына алғанына не жұбайлардың қайсысы ақша енгізгеніне қарамастан, жұбайлардың некеде болған кезінде алған кез келген мүлік жатады.
Меншік құқығы мүліктік айналымда негізгі заңды алғышартты құрайды. Сондықтан заңнама меншік құқығының беріктігін сақтау және қолдау үшін оның қолсұқпаушылығы қағидасына сәйкес тоқтатылуы негізін реттейді.
Өтініш берушілер мүлікті әжбүрлеп алып қою туралы кейбір шағымдарында судьялардың істерді қарау кезінде объективті болмауына, дәлелдемелерді зерттеу және бағалау кезінде оларға жеткілікті назар аудармайтынын көрсетеді.
Уәкіл атына, екі жыл бойы А. мен И. сотталған адамның отбасы тұратын үйді тәркілеуді көздейтін сот шешімімен келіспейтіні туралы шағымданып келеді бұл жағдайды сот ескермеген. Хаттың мазмұнына тоқтасақ, сот орындаушысы атқарушы іс жүргізу барысында жер телімі мен үйге тыйым салған, кейін олар сауда-саттықта сатылған. Ал, ҚР Қылмыстық атқару кодексіне қоса берілгенда түрақты тұрып жатқан болса, ен Сот үкімі бойынша тәркілеуге жатпайтын мүлік тізіліміне сәйкес, тұрғын үй, пәтер немесе оның жеке бөліктері, егер сотталған адам немесе оның отбасы онда тұрақты тұратын болса тәркілеуге жатпайды.
Өткен жылы Уәкіл азаматтардың сот шешімімен келіспейтіні туралы оған түскен хаттардың қорытындысы мен талдауы нәтижесінде ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасына ең жиі кездесетін мәселелер бойынша олардың мазмұндары мен дәлелдемелерін қысқаша сипаттаумен хат жіберген. Хаттарда келтірілетін дәлелдемелерді, атап айтқанда осы хатты тексеру нәтижесінде ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының хатында даулап отырған сот актілерінің заңдылығы мен негізділігі барлық сот инстанцияларымен тексерілмеген, сондықтан осы хаттардың авторлары бұл сот актілеріне заңда көзделген тіртіппен қарсылық жазуға құқылы екені көрсетіліп айтылған. Ол туралы шағымданушыға хабарланған.
Үстіміздегі жылы Уәкілге И. БҰҰдың Адам құқықтары жөніндегі комитетіне арыздану тәртібін түсіндіруді сұрап хат жолдады, себебі ол өзінің бұзылған құқықтарын қорғау үшін сотқа 4 рет жүгінген, бірақ оның арыздары ҚР Азаматтық процессуалдық кодексінің 150, 151- баптарының талаптарына сәйкес келмегендіктен қайтарыла берген.
Азаматтардың жер құқықтарының бұзылуына байланысты хаттары олардың жеке тобын құрайды.Жер заңнамасының нормалары жер ресурстарын қорғауды және ұтымды пайдалануды, осы ресурстарды пайдаланатын азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды көздейді.
Есеп беру жылы Уәкіл атына жер мәселелері бойынша 32 хат түсті, олар бойынша уәкілетті органдарға тиісті сұратулар жіберілген не қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті түсіндірулер берілген.
Сонымен қатар, жер телімдері иелеріне мемлекет қажеттігіне алып қойылған жер теліміне өтемақы төленбеуіне немесе оның көлеміне байланысты шағымдардың түрақты көбею үрдісі сақталып отыр. Бірінші кезекте, республика азаматтарының жылжымайтын мүлкі орналасқан жер телімдерінің құрылысқа тартылуына байланысты осы жағдайдағы әңгіме ең алдымен Астана, Алматы сияқты ірі қалалардың тұрғындары туралы айтылып отыр. Соттардың жер телімін мемлекет қажеттігіне алып қою туралы заңнаманы біркелкі қолдануы мақсатында Соттардың жер телімін мемлекет қажеттігіне алып қою туралы заңнаманы қолдануындағы кейбір мәселелер туралы ҚР Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 8 нормативтік қаулысы қабылданған. Бірақ түскен шағымдардың мазмұндарының талдауы және олар бойынша жүргізілген тексерулер жергілікті атқарушы органдар жер телімдері иелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін көбінесе ескермейтінін көрсетеді.
Азамат П. Астана қаласы әкімдігінің мемлекет қажеттігі үшін П.-ға 3 661 920 мың көлемінде өтемақы төлей отырып, жер телімін мәжбүрлеп алып қою туралы талап арызын қанағаттандыру туралы Астана қаласы Сарыарқа аудандық сот шешімінің орындалмау фактісі бойынша Уәкіл атына хат жолдаған. Астана қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі алқасы аталған шешімді өзгеріссіз қалдырды. Бірақ осы шешім П.-ға өтемақы төлеу бөлігінде орындалмаған.
Уәкіл ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі комитетіне, ҚР Бас прокуратурасына, Астана қаласының әкімдігіне сұратулар жіберді.
Сұрату бойынша жүргізген тексеру Астана әкімдігінің өндіріп алушы ретінде өтініші болмауына байланысты, сот өндіру парағын жазып бермегендігі анықталды. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 236-бабына сәйкес сот шешімі күшіне енгеннен кейін атқару парағы жазылады, ол өндіріп алушыға беріледі не оның жазбаша өтініші бойынша сот аумақтығы бойынша тиісті атқарушы іс органына орындау үшін жібереді. Осыған байланысты Астана әкімдігіне жоғарыда аталған сот актісін орындау жөнінде шара қолдану туралы хат жіберілген. Сонымен бірге шағымданушыға шешім шығарған сотқа сот актісінің көшірмесін Астана қаласының Соттар әкімшілігіне орындау үшін жіберу туралы сұрап, сотқа дербес арыздану құқығы туралы түсіндірілді.
Шағымданушылар мазмұндары ұқсас шағымдарда Астана қаласы әкімдігінің мүддесін білдіретін Пәтер бюросы АҚ қызметінің тиімділігіне кұмәнданады. Мемлекеттік органдардың жанында Астана қаласының Пәтер бюросы АҚ, сондай ақ Алматы қаласының Алматы жер АҚ сияқты ұйымдардың қызмет ету мақсаттылығы туралы Уәкілің ұстанымы Уәкілдің 2008 жылғы қызметі туралы есепте мазмүндалған.
Сонымен қатар, сот шешіміне сәйкес мемлекет қажеттігі үшін алып қойылған жер телімдерінің иелеріне өтемақы төлемеу жөнінде қалыптасып отырған практика міндеті сот шешімдерін міндетті түрде және уақытылы орындау болып табылатын атқарушы іс жүргізу функциясының толық атқарылмауының куәсі. Сот шешімдерінің ұзақ бойы орындалмауы сот орындаушыларының атқарушы құжаттарды қамтамасыз ету жөнінде барлық шараларды тиімді қолданбауын.а, Сот әкімшілігі тарапынан бақылау төмен болуына байланысты.
Шағымдардың келесі санаты жергілікті атқарушы органдардың жер телімдеріне құқықты куәландыратын құжаттарды қарау мерзімдерін сақтамауымен байланысты.
Мәселен, Уәкіл атына жеке кәсіпкер Э. Павлодар қаласының жер қатынастары бөлімі ММ қызметкерлерінің әрекеттеріне шағымданды. Шағымданушының арызына келсек, аталған бөлім қызметкерлері оның жер телімдерінің мақсатты тағайындалуын өзгерту туралы арызын қарау кезінде ҚР Жер кодексінде көзделген мерзімдерді бұзған (өтініш 2007 жылғы 15 мамырда берілген).
Ал, ҚР Жер кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 49-1 бабына сәйкес жер телімінің мақсатты тағайындалуын өзгерту туралы арыз оның түскен сәтінен бастап, отыз күнтізбелік күнге дейінгі мерзімде қаралады.
Осы хатты Уәкіл мекемесі қарау кезінде Кодексте қарастырылмаған құжаттарды талап ету азамат Э.-нің арызын қарау мерзімінің бұзылу себептерінің бірі болды. Жер телімдеріне құқық беру жөніндегі комиссия 2008 жылғы 14 тамызда жер телімдерінің мақсатты тағайындалуын өзгерту мүмкіндігі туралы шешім қабылдаған. Жер телімдерінің құнын есептеу тек 2009 жылғы 14 сәуірде, Үкіметтің кадастрлік құнның жаңа ставкаларын енгізуді көздейтін 2008 жылғы 16 тамыздағы № 956 қаулысы шыққаннан кейін жүргізілген.
Жер телімдерінің кадастрлік (бағалау) құнын анықтау актілері Жер телімдеріне құқық беру жөніндегі комиссия арызды қарау үшін, сондай ақ жергілікті атқарушы органның жер телімін мақсатты тағайындалуын өзгерту немесе өзгертуден бас тарту туралы шешімінің жобасын әзірлеу кезінде міндетті қосымша болып табылады. Тексеру аталған актілер арызды комиссияда қарау үшін ұсынылмағанын анықтады. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органның жер телімдерінің мақсатты тағайындалуын өзгерту туралы шешім Үкіметтің кадастрлік құнның жаңа ставкаларын енгізуді көздейтін жоғарыда аталған қаулысы күшіне енгенге дейін қабылданбаған. Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша аймақаралық жер инспекциялары тексеру нәтижелері бойынша Павлодар қаласы әкімінің атына 2009 жылғы 23 қазанда жер телімдерінің мақсатты тағайындалуын өзгерту мерзімдерін бұзған үшін кінәлі адамдарды тәртіптік жауапқа тарту туралы және келешекте осындай бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде шара қолдану туралы нұсқау берді. Павлодар облысының прокуратурасы Павлодар қаласы әкімінің атына заң бұзушылықты жою, сонымен қатар, Э. хаты бойынша ақтық шешім қабылдауды талап етіп, ұсыным жіберді.
Шағымданушылар жекелеген хаттарында жер мәселелері бойынша қылмыстық істерді құқық қорғау органдары сөз бұйдаға айналдыратынына шағымданған.
Мәселен, Уәкіл атына И. мен А. дан өзерінің жер құқықтарын бұзған А. әрекеттеріне қатысты жымдық шағым түсті. Шағымның мазмұнына сүйенсек, азамат Ал. өтініш берушілерді жаңылыстырып, олардың жер үлестеріне меншік құқығын өзіне қайта ресімдеген. Осы факті бойынша Алматы облысы бойынша ЭСЖКД азамат Ал. қатысты 2006 жылғы желтоқсанда қылмыстық іс қозғаған, ол шағымданушылардың айтуынша, екі жыл бойы сарсаңға салынып келе жатыр. Уәкілдің ҚР Бас прокуратурасына сұратуы бойынша 2008 жылғы 26 қарашада Талғар АІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі К. Тұрлыбаев азамат Ал. әрекеттерін ҚР Қылмыстық кодексінің 177- бабының 3-бөлігінің б тармағынан ҚР Қылмыстық кодексінің 177- бабының 1-бөлігіне қайта саралау туралы шешім қабылдаған. Сол күні аталған тергеуші ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37- бабының 1-бөлігінің 4-тармағы негізінде, яғни Ал. қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімі өтуіне байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылдаған. Алматы облысының прокуратурасы 2009 жылғы 17 шілдеде осы шешімдердің күшін жойды және іс материалдарын қосымша тексеруге жіберді. Одан басқа, қылмыстық істі тексеруді облыс прокуратурасы өзінің бақылауына алды.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 167-бабына сәйкес жер құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар сот тәртібімен қаралады. Есепті кезеңде Уәкілдің атына мемлекеттік қажеттілік үшін алынған жер учаскелеріне берілген өтемақының мөлшерімен келіспеу, мүлікті басқаның заңсыз иелігінен талап ету бөлігіндегі жер даулары бойынша сот шешімімен келіспеуге байланысты едәуір шағымдар келіп түсті. Осындай шағымдарды қарау Уәкілдің құзыретіне жатпайтын болғандықтан, олар өндіріске қабылданбады, арыз берушілерге өздерінің құқықтарын қорғау жөніндегі қажетті шаралар көрсетіліп, тиісті түсіндірмелер және құқықтық консультациялар берілді.
Өтініштердің дербес тобын жер учаскелері иелерінің құқық белгілеу құжаттарды уақтылы ресімдемеуіне байланысты жер дауларына қатысты өтініштер құрайды. Келіп түскен өтініштердің мазмұнын талдау халықтың жер учаскелеріне меншік құқығын ресімдеу рәсімі туралы хабардарлығының жоқтығын, жер құқықтық қатынастары саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың түсіндіру қызметінің жеткізіліксіздігін көрсетеді.
Мысалы, Уәкілдің атына шаруа қожалығының төрағасы К. жер учаскесіне меншік құқығын бұзу туралы шағыммен жүгінген. Өтінішті қарау шеңберінде Уәкіл Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне, Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігіне сұратулар жіберлген.
Аталған мемлекеттік органдардың берген жауаптарынан Шығыс Қазақстан облысы Халық депутаттарының Таврический аудандық кеңесінің бұрынғы атқарушы комитетінің шешімімен К-ға өмір бойы мұраға қалдырылатын иелікке бұрынғы Ярославский совхозының жер үлесінен Восход бау-бақша серіктестігінің жер учаскесімен шекаралас жалпы алаңы 6,0 га жер учаскесі берілгені анықталған.
К-да көрсетілген жер учаскесіне құқық орнату құжаттарының болмауына байланысты Восход бау-бақша серіктестігінің заңдастырылған жер учаскелерінің К-ға берілген аумаққа кірігуі орын алған.
Сонымен бірге, 2009 жылғы 6 қазанда К. мемлекеттік органдардың әрекетіне шағымдану және жылжымаймын мүлікті заңдастыру туралы шешімді жарамсыз деп тану жөніндегі талап арызын қанағаттандырусыз қалдыру туралы Өскемен қаласы сотының шешіміне қадағалау шағымын берген.
Жоғарыда мазмұндалған фактілер меншік құқығы сияқты аса нәзік саланы қамтамасыз ету мемлекеттік органдарға ерекше жауапкершілік артатынын көрсетеді.
2.8. Азаматтардың тұрғын үйге және өмір сүру жағдайларын
үздіксіз жақсартуға құқығы
2008 жылғы қызметі туралы есепте Уәкіл иесіз мүлікті мемлекет табысына айналдырып, оны кейін азаматтарға беру мәселесін қараудың мақсатқа сай екендігіне ҚР Индустрия және сауда министрлігінің назарын аударған болатын. Осыған орай, Жер қатынастары туралы ҚР Заңына енгізілген түзетулерге сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтығын сақтауға қарамастан иесінің тұрғын үйде тұрмауы құқықтары мен міндеттерін тоқтатпайтындығын және шектемейтіндігін белгілейтін бұрынғы норма алынып тасталғанын атап өткен жөн.
Тастап кеткен тұрғын үйдің иесі жарияланған (қайта оралған) кезде ҚР Азаматтық кодексінің осы тұрғын үйді иесіз ретінде коммуналдық меншікке беріп, сондай-ақ оны иелену мерзіміне байланысты алу нормаларын іс жүзінде қолдануға мүмкіндік берді. Бұдан басқа, меншік иесінің тастап кеткен тұрғын үйге құқығы туралы дауларды соттардың қарауының жинақталған практикасы бар.
Заңнамадағы олқылықты жою және жергілікті атқарушы органдардың оны дұрыс қолдануы тастап кеткен (тастаған) тұрғын үй жөніндегі мәселелерді заңда белгіленген тәртіпте реттеуге мүмкіндік берді, ал коммуналдық меншікті басқару жөніндегі уәкілетті органдар бұны уақытында жүзеге асырмаған.
Есепті кезеңде Уәкілдің атына олардың тұрғын үй құқығын бұзуы туралы 88 азаматтан өтініш келіп түсті, олардың негізгі тобы үлескерлерден келді. Есепті жылы тұрғын үйді кепілге беріп банктен несие алған азаматтардың өтініштері көп болды, оларға қарызды өтеудің ай сайынғы сомасын уақтылы төлемеген жағдайда олардың жылжымайтын мүлкін сауда-саттыққа салу немесе оларға хабарламай тұрғын үйді сату туралы ескертілген. Бұл ретте қарыз алушымен бірге оның отбасының кәмелетке толмаған және қартайған мүшелері бірге шығарылған. Аталған шағымдарда мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар, бір ғана отбасы мүшесі жұмыс істейтін жас отбасылар банктен ипотекалық несие бойынша төлемдердің мерзімін кейінге қалдыруды сұраған. Күтпеген өмір жайларына, ауыр материалдық жағдайына байланысты олар төлеуге қабілетсіз болып қалған. Уәкілдің атына осындай 18 өтініш келіп түскен.
БҰҰ-ның Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары жөніндегі комитетінің №7 жалпы тәртібі ескертулерінің (1997) 16-тармағына сәйкес, тұрғын үйден шығару үйсіз адамдардың немесе басқа құқықтарын бұзу жағынан қорғалмаған адамдардың пайда болуына әкеп соқтырмауға тиіс.
2009 жылғы наурызда өткен БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы үшінші комитетінің отырысында несиелер мен ипотекалық қарыздарды төлеуге байланысты мәселелер, табыс деңгейі төмен отбасыларын қауіпті жағдайға соқтырып, оларлы, тіпті үйсіздерге айналдырды деп көрсетілген.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабы 3-тармағын және 76-бабы 2-тармағын ресми түсiндiру туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2000 жылғы 20 желтоқсандағы №212 қаулысына сәйкес, Конституцияның жоғарыда көрсетілген нормасы меншік құқығын қорғау кепiлдігін көздейтiн конституциялық ереже болып табылады. Алайда бұл ереже абсолютты болып табылмайды және мүлікті иеліктен шығару кезінде міндетті алдын ала сот шешімін қарастырмайды. Конституциялық Кеңестің осы құқықтық ұстанымы оның 2000 жылғы 16 маусымдағы №62 қаулысында көрсетілген, ол қаржы ұйымдарының (банктің, ипотекалық ұйымның) Азаматтық кодексте көзделген борышкер мүлкін соттан тыс сатуға құқығын растайды.
Жоғарыда мазмұндалғандарға байланысты, Уәкіл қолданыстағы заңнамаға соттан тыс тәртібімен сатылуы мүмкін жылжымайтын мүліктің құрамынан тұрғын үйді, ол қарыз алушының жалғыз үйі болғанда, алып тастау бөлігінде түзетулер енгізу қажеттілігін қарау өтінішімен Үкіметке жүгінген.
Бір уақытта өткен жылы Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры АҚ ипотекалық несиелердің ставкасын 9-11 пайызға дейін төмендетуге бағытталған ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асырғанын атап өткен жөн. Бағдарлама жұмыс істеген уақыттан бастап іс жүзінде 31304 қарыз алушымен шарттар қайта жасалды немесе олар қайта қаржыландырылды. Оның нәтижесінде қарыз алушылар ай сайын бұрынғыдан төмен сомаларды төлуге мүмкіндік алды.
Үлестік құрылысқа бірнеше шарт жасасқан үлескерлердің оларға бір ғана пәтер беруне келіспеуі туралы шағымдары өтініштердің жеке тобын құрайды.
Халықтың әлеуметтік қорғалатын санаттарын қол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі бұрынғыдай өзекті болып қала береді. Өтініштердің елеулі бөлігін кезектің өте баяу жылжыйтындығына шағымданатын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған көп балалы аналардан, зейнеткерлерден, мүгедектерден келіп түсетін өтініштер құрайды. Көрсетілген өтініштер бойынша жергілікті атқарушы органдарға тиісті сұратулар жеберілген.
Тұрғын үй қатынастары туралы ҚР Заңының 74-бабына сәйкес, мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмде белгiленген кезек ретiмен берiледi. Осы тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары бірдей деп танылады.
Сонымен қатар, есепті жылы тұрғын үй даулары бойынша шығарылған сот шешімдеріне жасалған шағымдар саны артты. Осындай 25 шағым Уәкілдің құзыретіне жатпайтындығынан мәні бойынша қаралмады.
Өтініштердің келесі тобын іске асырылған 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй алмағанына, 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй комиссиясының шешімдерімен келіспеуне байланысты азаматтардың шағымдары құрайды.
Сонымен бірге, осы бағыттағы Үкіметтің белсенді жұмысын атап өткен жөн. Қазіргі уақытта әкімдіктер арқылы жалдамалы тұрғын үй берудің мемлекеттік бағдарламалары іске асырылуда, оларды алушылар негізінен халықтың басым топтары болып табылады, сондай-ақ төлеуге қабілеті бар халық санатына арналған Самұрық-Қазына ҰӘҚ арқылы жалдамалы тұрғын үйді сату бағдарламасы жоспарлануда.
Жилстройсбербанк АҚ-дан жылдық 4,5 пайызға жеңілдікпен несие беру арқылы Нұрлы көш бағдарламасы шеңберінде оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар жүргізіліп отыр. Осы бағдарлама бойынша 2009 жылы Шымкент қаласы, Қызыл жар ауылында, Ақмола облысы Көкшетау қаласында және Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласында 3 пилотты жобаны іске асыру жүргізілді. Онда барлық қажетті инженерлік-коммуникациялық және әлеуметтік инфрақұрылыммен бірге 850 тұрғын үй салынып, 200 пәтер қалпына келтірілуде.
2010 жылы осындай пилотық жобалар Ақмола облысы Қарабұлақ ауылында және Степногорск қаласында, Ақтөбе облысы Көктау ауылында, Өскемен қаласында, Қостанай облысы Заречный кентінде, Солтүстік Қазақстан облысы Пеньково ауылында және Шымкент қаласы Асар шыған ауданында іске асырылатын болады.
2.9. Еңбек құқықтары
Танылған әлеуметтік-экономикалық құқықтардың бірі еңбек етуге құқық, ол Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактке сәйкес, әр адамның өз еркiмен таңдап алған немесе өз еркiмен келiскен еңбегімен күнкөрiс жасау мүмкiндiгi құқығын қамтиды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабына сәйкес, әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына, қауiпсiздiк пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегi үшiн нендей бiр кемсiтусiз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалуға құқығы бар.
Республикада халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздықты қысқарту жөнінде шаралар қабылданады.
Дүниежүзілік қаржылық-экономикалық дағдарыстың салдарын еңсеру және халықты еңбекпен қамтуға жағдай жасау мақсатында 2009 жылы Жол картасы үкіметтік бағдарламасын іске асыру жүргізілді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша осы бағдарламаны іске асыру шеңберінде 258,5 мың жұмыс орны жасалды, 247,1 мың адам жұмысқа тұрғызылды.
Республика экономикасында 2009 жылдың аяғына қарай 7,9 млн. адам жұмыс істеді. 2008 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда олардың саны 58,6 мың адамға немесе 0,7 пайызға артты.
Жұмыссыздардың саны 539,9 мың адамды құрды, жұмыссыздық деңгейі – 6,4 пайыз болды.
Жаппай жұмыстан босатуды болдырмау және жұмыс орнын сақтап қалу үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ірі компаниялармен меморандумдарды жасасу жөніндегі жұмыстарды жалғастырды. Есепті кезеңде 8000-нан астам меморандумға қол қойылды.
Еңбек жағдайын жақсарту, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстар жалғастырылды. Нәтижесінде 2009 жылдың 9 айы ішінде ұйымдарда жәбірленген адамдардың саны 17,5 пайызға төмен болды.
Мемлекеттiк еңбек инспекторлары кәсіпорындар мен ұйымдарға тексерулер жүргізеді. Өткен жылы 17,4 мың кәсіпорында жоспарлы тексерулер өтті, 84 мыңнан астам еңбек заңнамасын бұзу фактілері анықталды, бұзылған құқықтарды қалпына келтіру үшін шаралар қабылданды.
Қабылданып отырған шараларға қарамастан, іс жүзінде азаматтардың еңбек құқықтарын іске асыруға байланысты мәселелер бар. Мұны Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына келіп түскен шағымдар растайды. Есепті кезеңде осындай 73 өтініш келіп түскен.
ҚР Еңбек кодексінің 22 және 23-баптарына сәйкес, уақтылы және толық көлемде жалақы төлеу қызметкердің негізгі құқығы мен жұмыс берушінің негізгі міндеті болып табылады. Осы ереже еңбек шартын анықтау кезінде де бекітілді, оған сәйкес жұмыс берушінің жалақы бойынша міндеті еңбек шартының мәнін бекітетін жағдайларға жатқызылды.
Алайда іс жүзінде азаматтар жалақыны белгіленген мерзімде және толық көлемде төлеуге құқықтарының бұзылуын жиі кездеседі.
Алматытелефонстрой АҚ, Ақмола облысындағы Жаңа Жер ЖШС, Батыс Қазақстан облысындағы Қазақалтын ММК, БГК-Ақсай ЖШС және Ақсай нан өнімдерінің комбинаты ЖШС, Алматы қаласының 50-ден астам кәсіпорындары, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шымкентавтокомплект ЖШС, Автоматика АҚ-ның қызметкерлері, тау-кең, өндеу өнеркәсібі, құрылыс кәсіпорындарының жұмыскерлері осындай жағдайға душар болған.
Осыған орай, еңбек заңнамасын бұзу фактілерінің алдын алу және жолын кесу, оның ішінде жалақыны негізсіз кешіктіру бөлігінде, прокурорлардың әрекеттері өзекті болды. Осылай, прокуратура органдары жүзеге асырған тексерулер нәтижесінде, 2009 жылдың тек бірінші ғана жартыжылдығында екі жүз мыңға жуық қызметкерлердің құқықтары қалпына келтірілді, олардың пайдасына 9 млрд. теңге жалақы өтелді. Тәртіптік жауапкершілікке 363 адам, әкімшілік жауапкершілікке – 727 адам тартылды.
2009 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына жалақыны уақтылы төлемеуге, жалақыдан зейнеткерлік алымдарды уақтылы аудармауға шағыммен 26 өтініш (36 пайыз) келіп түскен.
Уәкілдің араласуының нәтижесінде жекелеген өтініштер бойынша азаматтардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Мысалы, Д-нің өтінішінде Алматы облысында орналасқан Алматы қанты АҚ қызметкерлеріне жалақыны ұзақ мерзім ішінде төлемеу, еңбек жағдайлары зиянды учаскелерде жұмыс істейтін қызметкерлерге қатысты еңбек заңнамасы нормаларын бұзу фактілері көрсетілді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сұратуы бойынша прокуратура органдары мен әлеуметтік қорғау органдары жүргізген тексеру осы бұзушылық фактілерін растады, сондай-ақ жұмыс берушінің кінәсі бойынша болған іркіліс уақыты үшін жалақыны төлемеу фактілері анықталды.
Облыстық прокуратура органдары жиналып қалған берешекті дереу өтеу жөнінде 2 ұйғарым шығарды, оларды қарау бойынша аталған АҚ 2008 жылғы қыркүйектен 2009 жылғы мамырға дейінгі іркіліс үшін 2,5 млн. теңгеден астам орташа жалақыны төледі, 151 қызметкерге 700 мың теңге сомасында еңбектің зиянды жағдайлары үшін қосымша ақша төленді.
4 басшы қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, Алматы облысы Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті директорының атына кәсіпорын директоры Б.Е. Мұқатовқа қатысты әкімшілік іс жүргізуді қозғау туралы мәселе қойып, заңдылықты бұзуды жою жөнінде ұйғарым енгізілді.
Уәкілдің атына Түркия Республикасының азаматы Ч-дан Алматы қаласындағы Вектстрой - 2 ЖШС-нің оның еңбек құқықтарын жалақыны төлемеу және міндетті зейнетақы жарналарын аудармау бөлігінде бұзу туралы шағым келіп түсті.
Алматы қаласы Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі департамент жүргізген тексеру барысында өтініште көрсетілген фактілер расталып, осы кәсіпорынның басқа да қызметкерлері алдында шамамен 1,3 млрд. теңге сомасында жалақы бойынша берешегі анықталды.
Тексеру нәтижесінде жұмыс беруші барлық қызметкерлер, оның ішінде Ч. алдында да жалақы бойныша берешегін толық көлемде өтеді, ал арыз берушіге сондай-ақ 400 мың теңге көлемінде зейнетақы жарнасы аударылды.
Бұдан басқа, Вектстрой - 2 ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
25 өтініште (34 пайыз) арыз берушілер жұмыстан босатуға келіспейтіндігі, кейбіреулерінде еңбек шартын жасасу кезінде және оны әкімшіліктің бастамасы бойынша бұзу кезінде басшылардың заңсыз әрекеттері көрсетілген. Барлық келіп түскен шағымдар зерделенді, 17 шағым бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетіне, Бас прокуратураға сұратулар жіберілген. Шағымдарды қарау нәтижелері бойынша еңбек заңнамасы нормаларын бұзғаны үшін 2 басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 2-і – қызметтен босатылды.
Мысалы, Ш. өтінішінде Шығыс Қазақстан облысының ауылдық орта мектебінен оны, сондай-ақ басқа да көптеген мұғалімдерді заңсыз жұмыстан шығаруы туралы көрсеткен. Сондай-ақ өтініште мектеп директоры жұмысқа тұрмаған көптеген ауылдастарының болуына қарамастан, жұмысқа көрші ауылдардан мұғалімдерді қабылдайтыны, бюджеттік қаражатты мақсатқа сай емес шығындайтыны көрсетілген.
Уәкілдің сұратуына байланысты осы шағым бойынша Шығыс Қазақстан облысының Білім беру басқармасы мен қаржы органдары тексеру жүргізген.
Көрсетілген тексерулердің нәтижелері бойынша директор қызметінен босатылды.
Өтініш беруші жұмысқа орналастырылды.
Уәкілге Ақмола облысы Степногорск қаласы Мәжбүрлеп емдеуге арналған облыстық наркологиялық аурухана МҚКК әкімшілігінің медициналық персоналдың қажет болуына қарамастан, еңбек шартын жасасу кезінде еңбек заңнамасын бұзуы (еңбек шарттары 2-3 айға жасалды) туралы Б-ның өтініші келіп түсті. Бұл кадрлардың жиі ауысуына және ауруларды емдеу процесіне теріс әсер ететін ұжымда қолайсыз жұмыс жағдайының қалыптасуына әкеп соқтырды.
Уәкілдің сұратуы бойынша осы шағымды Денсаулық сақтау министрлігінің комиссиясы тексерді. Тексеру нәтижесінде шағымда көрсетілген фактілер расталды.
Қызметтік міндеттерін тиісті орындамағаны үшін осы медициналық мекеменің бас дәрігері мен бас бухгалтері қызметтерінен босатылды.
Тараптар әрекеттерінің құқықтық бағасын беруге, олардың құқықтық салдарын белгілеуге, сондай-ақ жұмыс берушіге жүктелген міндеттер орындалмаған жағдайда қызметкер алдында жауапты болатын субъектіні анықтауға мүмкіндік беретін еңбек шартын дұрыс жасау еңбек құқықтарын қамтамасыз етуде маңызды мәселе болып табылады. Еңбек шартын жасасу мәселелерін реттеу қызметкер еңбек міндеттерін орындау кезінде оның өміріне немесе денсаулығына келтірілген залалды өтеу, жұмыс істеу үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз ету және т.б. бөліктерінде жұмыс берушінің қызметкер алдындағы жауапкершілігін белгілеу үшін маңызды практикалық мәнге ие болады.
Сонымен бірге, жекелеген шағымдардың мазмұнынан жеке меншік нысанындағы кәсіпорындарға жұмысқа қабылдау кезінде көбінесе еңбек шарттары ресімделмейтіні немесе оларда заңнамада белгіленген жалақы мөлшері қарастырылмайтыны көрінеді. Ал бұл жұмыс берушінің қызметкерді жұмыстан шығаруы кезінде еңбек заңнамасын бұзуы үшін алғышарттарды жасайды.
Қызметкерлердің қауіпсіз және салауатты жағдайларында еңбек ету құқығы заңмен қорғалады. Елімізде жаңа экономикалық және еңбек қатынастарына сай келетін еңбекті қорғау жүйесін жасау жөнінде жұмыс жүргізіледі. Еңбекті қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы бақылау рөлін нығайту өндірістегі жазатайым оқиғалардың санын азайтуға мүмкіндік берді.
Уәкілдің атына келіп түсетін шағымдар еңбек құқықтарын қорғау деңгейін одан әрі арттыру, еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік кепілдіктерді орындауды қамтамасыз ету, қызметкерлердің еңбек құқықтарын бұзғаны жұмыс берушілердің жеке жауапкершілігін күшейту қажеттілігін растайды.
2.10. Зейнетақымен қамсыздандыруға құқық
Зейнетақы төлемдерінің орта көлемін 25 пайызға көтеру бөлігінде Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында 2009 жылы зейнетақыны есептеу үшін алынатын табысты 25 еселі айлық есептік көрсеткіштен 28 айлық есептік көрсеткішке көтеруді көздейтін Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы Заң, сондай-ақ 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы Үкімет қаулысы қабылданды.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің деректері бойынша 2009 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі жағдайды біртіндеп тұрақтандыру нәтижесінде жинақтаушы зейнетақы қорлары 36,3 млрд. теңге сомасында табыс алды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша 2010 жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша ең төмен зейнетақының (базалық зейнетақы төлемді ескергенде) көлемі 18 325 теңгені құрды.
1952 жылғы 28 маусымдағы Әлеуметтік қамсыздандырудың ең төмен нормалары туралы Халықаралық еңбекті ұйымдастыру ұйымының конвенциясына сәйкес, орташа зейнетақының мөлшері бұрынғы жалақысының 40 пайызынан төмен болмауға тиіс (XI-бөлім).
Есепті жылы Уәкілдің атына зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша 29 өтініш келіп түсті, олар бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тиісті сұратулар жіберілген болатын. Зейнетақыны есептеу кезінде экономикалық қызметтің түрін белгілеумен келіспеу, зейнетақы төлемдерін есептеу әдістемесі, оларды көтеру тетігі негізінен шағым мәні болды.
Зейнеткерлік жастағы адамдар үшін олар алып отырған зейнетақы табыстың жалғыз ғана көзі екендігін ескеретін болсақ, шағымдардың негізгі саны зейнетақы төлемдерінің көлемімен келіспеуге қатысты болды (15). Бұл ретте өтініш берушілер өздерінің шағымдарында ТМД елдеріндегі зейнетақы төлемдерінің көлемдерімен салыстыруларды келтіреді. 2 өтініш зейнеткерлік жиналымдарды төлеу мәселелеріне қатысты болды.
Белгіленген ең төмен зейнетақы көлемімен келіспеген 4 өтініш берушінің шағымдары бойынша, министрлік зейнетақы заңнамасымен талап етілетін орташа айлық табыс туралы мәліметтерді зейнеткерлердің бермеуіне байланысты, оларға зейнетақы ең төмен көлемде белгіленгені туралы хабарлады.
Одан басқа, Уәкілдің атына Қазақстаннан ТМД елдеріне көшіп кеткен зейнеткерлерден оларға есептелген зейнетақы төлемінің көлемімен келіспеуі туралы 3 өтініш келіп түскен.
1992 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтарының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құқықтарына кепілдіктер туралы келісімге сәйкес, зейнеткер Келісімге қатысушы мемлекеттер шегінде көшкен болса, оның бұрынғы тұрған орны бойынша зейнетақы төлемдері тоқтатылып, зейнетақы мөлшері тұратын елдің заңнамасына сәйкес қайта қаралады.
2003 және 2008 жылғы зейнетақыны көтеру мәселелері азаматтардың, сондай-ақ 2008 жылы құрылған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қоғамдық кеңесінің құрамына кіретін Қазақстан Республикасы Зейнеткерлерді әлеуметтік және құқықтық қорғау қозғалысы қауымдастығының төрайымы И.А.Савостинаның өтініштерінде аса жиі көтеріледі.
Аталған мәселелер бойынша министрлік 2003 жылғы маусымда өткізілген зейнетақы төлемдерінің мөлшерін көтеру әдістемесі зейнеткердің орташа айлық табысын ол зейнетке шыққанға дейін еңбек еткен саладағы орташа айлық жалақымен салыстыру қағидатына негізделгені туралы хабарлаған.
Салалық қағидатты қолдану бұрынғы жылдардағы салалық орташа жалақынының өзгеруінің зейнетақы мөлшеріне әсерін ескеріп, зейнетақыны есептеу үшін қабылданған зейнеткерлер табысының үлестік салмағын зейнетақыны қайта қараудың алдындағы базалық жыл – 2002 жылы саладағы орташа жалақы деңгейінде белгілеуге мүмкіндік берді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың экономикалық қызметінің түрін белгілеу кезінде, әлеуметтік қорғау органдары халық шаруашылығы салаларының жалпы жіктегішін басшылыққа алған.
Зейнетақыны 2008 жылдың қаңтарынан бастап көтеру кезінде әлемдік тәжірибеде зейнетақыны көтеру зейнетақы мөлшерін тұтыну бағаларының индексінің деңгейіне индекстеу арқылы немесе жалақыны қазіргі заманғы деңгейге келтіру негізінде жүргізілетін болғандықтан, республика бойынша 2007 жылғы емес, 2002 жылғы орташа жалақы негізге алынды.
Осыған орай, бірінші кезеңде, яғни 2003 жылы зейнетақы 2003 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққан адамдарға зейнетақы бұрын есептелген орташа жалақыны оны 2002 жылы қалыптасқан еңбек ақысын төлеу деңгейіне сәйкес келтіру негізінде қайта есептеу арқылы көтерілген.
Бұл ретте зейнетақыны есептеуге арналған шекті табыс өзгерген жоқ және 15 АЕК-ке тең болды.
Екінші кезеңде 2008 жылы келесі қадам жасалды – зейнетақы есептелетін табыстың жоғары шегі 25 АЕК-ке көтерілді.
Уәкілдің 2008 жылғы қызметі туралы есепте Байқоңыр қаласы зейнеткерлерін зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері көрсетілген болатын. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталған есепке Байқоңыр кешенінде тұрып жатқан жәненемесе жұмыс істеп жүрген Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы азаматтарының әлеуметтік кепілдіктері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында жасалған келісімді тараптардың әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі міндеттерін бекіту бөлігінде қайта қарау жөнінде жұмыс жүргізіп отырғаны туралы хабарлады.
Келіп түскен өтініштерді талдау сондай-ақ әйел адамдардың зейнетке шығу жасын төмендету, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін көбейту, Ресейдегідей №2 тізім бойынша адамдарды зейнетке мерзімнен бұрын шығару, жинақталған зейнетақы қаражатын, инвестициялық табысты сақтау мәселелерінің өзектігін көрсетеді.
Зиянды (аса зиянды) немесе қауіпті еңбек жағдайларымен байланысты жұмыспен айналысатын қызметкерлер үшін зейнетке шығу жасын төмендету мәселесін бір қатар жылдар бойы тау-кең металлургиясы мен көмір өнеркәсібі кәсіпорындары жұмыскерлерінің кәсіподақтары көтеріп отыр.
Олар жүргізген зерттеулерге сәйкес, 50 жастан жоғары шахтерлар мен металлургтер зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсеріне, жұмыстың ауырлығы мен қауырттылығына байланысты түрлі ауруларға шалдыққан. Шахтерлардың өмір жасының орташа ұзақтығы Қарағанды облысының ер адамдарының осындай көрсеткішінен 5-7 жылға төмен.
Осыған орай, Уәкіл Үкіметтің атына қолданылып жүрген зейнеткерлік жүйені жоғарыда аталған саланың қызметкерлері үшін зейнетке шығу жасын төмендету бөлігінде қайта қарау мүмкіндігі туралы өтініш жіберген болатын.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығының қарсанында қазіргі уақытта Парламенттің қарауындағы ардагерлер туралы заңды қабылдау ерекше өзекті болып отыр. Мұндай заң ТМД-ның бірқатар елдерінде қабылданған (Ресейде – 1999 жылы қабылданды). Бұл заңда Ұлы Отан соғысы, Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің, Чернобыльдегі апатты жоюшылардың, түрлі локалды қақтығыстарға қатысушылардың және Семей ядролық полигонында қызмет еткендердің бірыңғай мәртебесі белгіленуге тиіс.
2.11. Денсаулықты қорғауға құқық
Есепті жылы азаматтардың денсаулығын қорғау саласында маңызды оқиға болды – Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі Қазақстан Республикасының кодексі қабылданды.
Осы құжатқа сәйкес, 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі қолданылады, оның негізгі міндеттері медициналық қызметтер саласындағы бәсекелестік ортаны қалыптастыру, халықтың дәрігер мен емдеу мекемесін еркін таңдауды қамтамасыз ету, денсаулық сақтау жүйесін соңғы нәтижеге қол жеткізуге бағыттау болып табылады.
2009 жылы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – ДСМ) едәуір, оның ішінде медициналық қызметкерлер нақты оқиғалар бойынша жіберген ұйымдастырушылық, емдеу-диагностикалық сипаттағы кемшіліктерді жою жөніндегі жұмыстарды атқарғанын атап өткен жөн.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тірі және өлі туу өлшемдеріне Қазақстан Республикасының ауысуы жөнінде белсенді дайындық жұмысы жүргізілуде. Семей қаласының перзентханасындағы кувездерге қатысты Уәкілдің ұсынымы бойынша ДСМ перинаталды орталық үшін 58 млн. теңге көлемінде, қалалық клиникалық №2 перзентхана үшін 2-10 млн. теңге, №3 перзентхана үшін 8,4 млн. теңге сомасына медициналық жабдық алынғаны туралы хабарлады.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 2005 жылдан бастап республикалық бюджеттен медициналық ұйымдарды, оның ішінде республиканың босандыру және балалар ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтауды жақсартуға ағымдағы трансферттер бөлінеді.
Аналық және нәрестелік өлімнің әрбір оқиғасы денсаулық сақтау органдарының профилактикалық кеңестерінің отырыстарында қаралады.
Бұрын ДСМ-де облыстардағы денсаулық сақтау департаменттерінің шешім қабылдауына әсер етуінің болмауынан ДСМ мен жергілікті атқарушы органдар арасында келісімдер жасасу жүйесі енгізілді. Одан басқа, денсаулық сақтаудың облыстық құрылымдарының қызметін үйлестіру мақсатында Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі Қазақстан Республикасының кодексінде денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшыларын тағайындау тәртібі, денсаулық сақтаудың ведомстволық бағынышты ұйымдарының, оның ішінде медициналық және фармацевтикалық білім беру мен ғылым және т.б. ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асыру тәртібі оңтайландырылды.
Былтырғы жылы Уәкілдің атына денсаулыққа конституциялық құқығын бұзу жөнінде азаматтардан 27 өтініш, оның ішінде 3 өтініш үкіметтік емес ұйымдардан келіп түсті.
Шағымдардың жалпы санында сапасыз медициналық қызмет көрсету немесе медициналық қызмет көрсетпеу оқиғалары (15) басым, олардың 11 алдын ала қамау және бас бостандығынан айыру орындарынан келіп түскен өтініштер.
Сондай-ақ медициналық қызметкерлердің мүгедектікке әкеп соқтырған әрекеттеріне, МӘСК-тің мүгедектік тобын белгілеуден бас тартуына шағымдар баршылық, сондай-ақ тексеруді өтуге, диагноз белгілеуге көмектесу, дәрілік құралдардың бағаларына наразылық білдіру мәселелері де кездеседі.
Бас бостандығынан айыру жағдайында медициналық көмек алуға құқықты тиісті деңгейде қамтамасыз етуге байланысты мәселелер ерекше назар аударуды талап етеді. Пенитенциарлық жүйе мекемелерінде бұл жағдай ойдағыдай емес.
Есепті жылы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде медициналық көмек көрсету мәселесі бойынша Уәкіл Қазақстан Республикасы Әділет министрінің атына сотталғандарға көрсетілетін медициналық көмек сапасын арттыру жөнінде арнайы бағдарламаны әзірлеу және енгізу мәселесін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп қарау туралы ұсынымы жіберілген. Онда ауруларды анықтау, диагностикалау және емдеу тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында медициналық бөлімдерді білікті кадрлармен толтыруды және материалдық-техникалық жабдығын нығайтуды қарастыру ұсынылған.
Ұсынымда бас бостандығынан айыру орындарында көрсетілетін медициналық көмектің сапасына күмән келтіруге негіздеме ретінде сотталғандарға қатысты болған үш оқиға келтірілген.
Мысалы, Атырау облысында сотталғандардың біреуіне ауруының дұрыс диагнозы Уәкілдің өтінішінен кейін және наразылық белгісі ретінде колонияда 7 жыл болғаннан кейін сотталғанның өзінің денесіне зиян келтіру актісіне ҚР ӘдМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ден қоюынан кейін ғана қойылды.
Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарындағы басқа екі сотталғанға мүгедектікті белгілеу және жеке гигиенаның арнайы заттарын беру үшін жергілікті МӘСК-ке жолдама беруден бас тартылған. Қажетті көмек олардың аналары Уәкілге жүгінгеннен кейін ғана көрсетілді.
Жоғарыда көрсетілгенге байланысты халықаралық нормалар, атап айтқанда Қамаудағыларға қараудың мейлінше төмен стандартты ережелері сотталғандарға медициналық көмек көрсету кезінде дәрігердің тәуелсіз жағдайда болуына ерекше рөл береді. Бұл мәселе 2009 жылғы мамырда Қазақстанға инспекторлық сапармен келген БҰҰ-ның Азаптау мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы М. Новак қозғаған болатын.
Дәрілік препараттарға қол жеткізу мен олардың бағасының қолайлылығы мәселесін Алматы қаласындағы С гепатитімен ауратындардың жағдайы суреттеп көрсетеді. Олар тегін препараттармен стационарлық емдеу кезінде ғана қамтамасыз етіледі, ал ауруханадан шығарылғаннан кейін препараттардың қымбаттылығына байланысты олар вирусқа қарсы терапиямен қамтамасыз етілмейді.
ДСМ-нің ақпаратына сәйкес, 2009 жылдың 8 айында 2008 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда бір қатар аурулармен ауыру деңгейі төмендеген, оның ішінде асқынған вирустік гепатитпен ауыру 35,7 пайызға қысқарған, алайда, гепатитпен ауыратын адамдарды вирусқа қарсы терапиямен қамтамасыз ету мәселесі сақталып отыр.
Қазақстан азаматтарын дәрілік препараттармен қамтамасыз ету мәселесі Президенттің ел халқымен теледидар арқылы дидарласуы кезінде көтерілді, Мемлекет Басшысы бұл мәселені ең өзекті мәселелердің бірі ретінде анықтады. Жыл сайын Қазақстан дәрілік препараттардың ішкі тұтынуының жалпы көлемінің 90 пайыздан астамын сырттан әкеледі. Мемлекет Басшысының пікірі бойынша, Қазақстанда дәрілік препараттарды сатып алудың бір ортақ орталығын құру дәрі-дәрмектердің бағасын да төмендетеді, алыпсатарлықты да жояды, сондай-ақ олардың сапасын бақылауды қамтамасыз етеді. Президент 2014 жылға қарай препараттардың 50 пайызын отандық өндірісте шығару міндетін қойды, бұл үшін Астана және Шымкент қалаларында екі фармацевтикалық зауыт салу мәселесі шешілуде.
Қазақстандық медицинаның ерекше назары халыққа паллиативтік көмек көрсетуге аударылып отыр. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымы 2002 жылы берген анықтамасы бойынша, паллиативтік көмек – бұл өлімге соқтыратын ауру мәселесімен кезіккен пациенттердің және олардың отбасы мүшелерінің өмір тіршілігі сапасын туындаған мәселелерді ерте айқындап және дәл бағалап, тиісті емдеу жүргізіп, сондай-ақ психологиялық-әлеуметтік және моральдық қолдау көрсетіп, азаптарын болдырмау немесе оларды жеңілдету арқылы жақсартуға арналған шаралар жүйесі.
Қазақстандағы паллиативтік көмек Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі Қазақстан Республикасы кодексінің 53-бабына сәйкес, дәрігердің басшылығымен мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерде, дербес медициналық ұйымдарда (хоспистерде) немесе стационар түрінде үйде емделетін ауруларға аурудың терминалды (соңғы) сатысында көрсетіледі.
XXI ғасырдың басы халықтың ғаламдық қартаюымен, онкологиялық аурулардың өсуімен, асқынған прогрессивті аурулары бар аурулар санының өсуімен ерекшеленеді, бұл аса ауыр азап шегетін және тиісті кешенді медициналық-әлеуметтік көмекті қажетсінетін инкурабельді аурулардың үлкен тобының пайда болуына әкеп соқтырады. Бүгінгі күні жыл сайын дүние жүзінде 55 миллион адам қайтыс қолады, 10 миллион адам рак аурумен ауырады (2000 ж.). 2020 жылы ауырғандардың саны 15 миллионға, ал 2050 жылы – 24 миллионға жетеді деп болжанады. (қайнар көзі: www.pallcare).
Сорос-Қазақстан қорының қаржылай қолдауымен Кредо ҚБ өткізген Қазақстанда паллиативтік көмек көрсету мәселелерін зерттеу бойынша осы салада паллиативтік көмек желісі мен қызметтерін құру үшін институционалдық және адами ресурстардың жетіспеуі, медициналық және әлеуметтік қызметкерлерді дайындау және олардың біліктілігін арттыру жүйесінің болмауы, сондай-ақ жұртшылықтың осы мәселе туралы жеткіліксіз ақпараттануы байқалады, ал бұл өз кезегінде мемлекеттік емес ұйымдар мен қайырымгерлердің осы қызметтегі аса төмен белсенділігін түсіндіреді.
Жалпы алғанда, мемлекеттің денсаулық сақтау саласындағы елеулі жұмысын атап өткен жөн. Ол жұмыс жаңа құқықтық база негізінде жалғасын табуға тиіс.
2.12. Мүгедектігі және психикасының бұзылуы бар
адамдардың құқықтары
2008 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан БҰҰ-ның Мүгедектер құқықтары туралы конвенциясының Факультативтік хаттамасына қосылды, бұл мүгедектер құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды қабылдауға және олардың құқықтарын аса тиімді іске асыру үшін құқықтық негізді жасауға дайындығын растайтын әрекет болды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 6 қарашадағы өкімімен Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір тіршілігі сапасын жақсарту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға әрекеттердің ұлттық жоспарын әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ үкіметтік емес және халықаралық үйымдардың өкілдері кірді.
2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы Қазақстан Республикасының Заңы қолданылады, ол қиын өмірлік жағдайдағы адамдарға (отбасыларына) арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ арнайы әлеуметтік қызметтер нарығын бәсекелес ортаны құруға және қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік беретін үкіметтік емес ұйымдарды қатыстыру есебінен кеңейтуді көздейді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 466 мыңнан астам мүгедектер бар, бұл республика халқының жалпы санының 3 пайызын құрайды, олардың төртен үш бөлігі (75,4 пайыз) еңбекке қабілетті жастағы адамдар, ал 17,5 пайызы – балалар.
Ересек халық арасындағы аурулардың нозологиялық нысандары бойынша бастапқы мүгедек серпіні оның себептері қан айналымы (24 пайыз), қатерлі ісіткер (17 пайыз), барлық локализациялау жарақаттары (14 пайыз), туберкулез (8 пайыз) аурулары екендігін көрсетеді.
Балалар мүгедектігі құрылымында – деформация дамуының табиғи ақауы және хромосомдық бұзылулар (33 пайыз), жүйке жүйесінің аурулары (25 пайыз), психикалық бұзылулар (12пайыз).
Есепті кезеңде Уәкілдің атына мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде 17 өтініш келіп түсті, олардың басым көпшілігі кәсіпорындарда еңбек жарақаты нәтижесінде мүгедек болған адамдардан болды. Олар зиянды өтеу сомаларын төлеуге, жұмыс берушінің санаторлық-курорттық емдеу беруіне қатысты болды. Аталған өтініштер бойныша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау министрліктеріне, облыс әкімдіктеріне тиісті сұратулар жолданған.
Осылай, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына Ресей Федерациясындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл В.П. Лукин кейін таратылған Казтяжстрой АСП-нің Стройкомплект МГП-да жұмыс істеген кезде жарақат алған К-нің мүддесін білдіріп жүгінген. Зиянды ай сайын ақшалай төлемдер түрінде өтеу жөніндегі міндет Әлеуметтік қорғаудың Атырау басқармасының Әлеуметтік сақтандыру қорына жүктелген болатын, алайда, ол бүгінгі күнге дейін орындалмаған.
Аталған қордың таратылуына байланысты, Атырау облыстық сотының ұйғарымы бойынша соманы өтеп алушыға төлем жөніндегі міндет Зейнетақыны төлеудің мемлекеттік орталығына жүктелді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының қаулысымен борышкерді ауыстыру туралы жоғарыда көрсетілген сот ұйғарымының күші жойылды, арыз беруші денсаулығының ауыр жағдайына байланысты осы қаулыға шағым бермегендіктен, атқарушылық іс жүргізу тоқтатылды.
Уәкілдің арасауынан кейін осы өтінішті қарау шеңберінде Астана қаласы прокуратурасының наразылығы бойынша атқарушылық іс жүргізу қайта қозғалып, арыз беруші өзінің өтінішінде сұрағандай, борышкерді Зейнетақыны төлеудің мемлекеттік орталығына ауыстыру туралы ұсыным сотқа жолданған.
Уәкілдің атына келіп түскен өтініштердің елеулі тобы мүгедектік топтарын белгілеу кезіндегі медициналық-әлеуметтік сараптама комиссияларының қызметіне байланысты болды. Уәкілдің 2008 жылғы қызметі туралы есепте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау министрліктеріне медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) комиссияларының мүгедектік топтарын белгілеу кезінде шешім қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету мәселесін қарау туралы ұсыным жасалған болатын.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі қаулысымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптаманы өткізу ережесіне сәйкес, МӘС ұсынылған құжаттарды, куәландырылатын адамды қарау арқылы аумақтық бөлімше басшысының және кемінде екі бас маманның қатысуымен алқалық түрде жүргізілетінін хабарлады. МӘС-ті жүргізу кезінде консультанттар (педиатр, психолог, заңгер және басқа да мамандар) тартылуы мүмкін, олардың қызметтері әкімшілік шығындарға көзделген қаражат есебінен төленеді.
Бұл ретте аумақтық бөлімшенің сараптамалық қорытындысына азамат немесе оның заңды өкілі сотта шағымдана алады.
Бұрынғыдай, мүгедектерді тұрғын үймен қамтамасыз ету, медициналық-әлеуметтік мекемелеріне жіберу, мүгедектер үшін жұмыс орындарын жасау мәселелері өзекті болып қала береді.
Мемлекет мүгедектерді оңалту, оларды қоғамға жан-жақты кіріктіру жүйесін жетілдіру жөніндегі шараларды қабылдайды. Алайда, мүгедектердің өздерінің құқықтарын іске асыруда тежеуші факторлар бар. Тиісті жағдайлардың, құрылғылардың – пандустардың, кіру жолдарының, кең лифттердің, дыбыстық бағдарлау дабылдарының, соқырларға арналған бағдарлы жолдардың болмауына байланысты мүгедектер қоғамдық ғимараттарға қол жеткізе алмайды, ал бұл оларға белсенді, тәуелсіз және абыройлы өмір тіршілігін жүргізуге мүмкіндік бермейді. Мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуіне байланысты көрсетілген мәселелерді Уәкіл өзінің қызметі туралы жыл сайынғы есептерде, Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтары мен мүмкіндіктері атты баяндамасында көтерген.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңы бойынша жергілікті атқарушы органдар елді мекендерді жобалау, салу және құрылыс салу, тұрғын үй аудандарын құру, жаңадан игерілетін және қайта ұйымдастырылатын аумақтарды және басқа да елді мекендерді абаттандыру кезінде мемлекеттік стандарттарға сәйкес, мүгедектерге тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, имараттарға және үй-жайларға қол жеткізуін қамтамасыз етуге тиіс.
Мүгедектерді кешенді оңалтудың маңызды элементтерінің бірі оларды кәсіптік оңалту болып табылады, оны ойдағыдай жүргізу олардың өмірінің деңгейін арттыруға, отбасын қамтамасыз етуге, ықтимал экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Қоғам өміріне қатысуға мүгедектерге тең мүмкіндіктер жасау мақсатында заңнамаға сәйкес, жергілікті атқарушы органдар мүгедектерге арналған жұмыс орын квотасын жұмыс орындардың жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде белгілеу арқылы мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз етеді
Алайда осы міндетті іске асыру көп жағдайда жекелеген жұмыс берушілердің жұмысқа мүмкіндігі шектеулі еңбекке қабілетті адамдарды жұмысқа алудан қашқақтауына байланысты қиын болады.
Мүгедектерді жұмысқа орналастырудың ең кең тараған түрі оларды мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің мамандандырылған кәсіпорындарына қабылдау болып табылады. Сонымен қатар, осындай кәсіпорындар қызметі мәселелерінің бірі қаржы қаражатының жетпеуі, өндірістік өнімді сатудың болмауы болып табылады, ал бұл олардың еңбек нарығындағы бәсекелестігінің төмен болуына әкеп соқтырады.
2009 жылғы 9 желтоқсанда Уәкіл мекемесінің қызметкерлері Қазақ соқырлар қоғамы ҚБ-нің Талғар оқу-өндірістік кәсіпорнына мониторингтік сапар жасады. Оның қорытындылары бойынша жүйелік құқық бұзушылықтар анықталды.
Нарықтық қатынастар жағдайында кәдімгі өндіріске теңестірілген осы мамандандырылған кәсіпорын іс жүзінде банкрот болып табылады. Үлкен кредиторлық берешек жиналған, өнім сатылмайды, ал оның барлығысы жалақыны төлеуді кідіртуге және толық көлемде төлемеуге әкеп соқтырады, еңбек заңнамасының нормалары бұзылады.
Жұмыс көлемінің азаюына байланысты кәсіпорында көз аурулары бойынша 72 мүгедек жұмыс істейді, олар Талғар ауданында тұратын барлық көзі көрмейтін адамдардың төрттен бір бөлігін ғана құрайды.
Кәсіпорынның барлық инфрақұрылымы құлдыраған. Жеке тұлғаға қазандық орналасқан жер учаскесін қонақ үйін салу үшін сату нәтижесінде, мүгедектердің әкімшілік, өндірістік және тұрғын ғимараты іс жүзінде жылу жүйесіз қалды.
Осыған орай, Уәкіл Бас прокуратураға жоғарыда көрсетілген мекемедегі бұзушылықтарға тиісті ден қою туралы өтінішпен хат жолдаған.
Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңы бойынша әрбір мүгедекке оңалту әлеуетіне сәйкес жеке оңалту бағдарламасы (бұдан әрі – ЖОБ) әзірленеді, онда оңалту шараларының кешені әзірленеді. ЖОБ бойынша мүгедектер протездік-ортопедтік көмекпен, қосалқы (компенсаторлық) құралдармен, қозғалудың арнайы құралдарымен және оңалтудың басқа да құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Мүгедектерді аталған оңалту құралдарымен қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес, жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
Алайда, берілетін құралдар сапасы әрдайым тиісті талаптарға сәйкес бола бермейді. Мысалы, 2009 жылдың қазан айында павлодарлық мүгедектер мемлекеттік сатып алу шеңберінде сатып алынған арбалардың сапасына наразылық білдіріп, оларды Павлодар облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қайтарып берді. Мүгедектер сатып алынған арбалар лифттер мен дәретханаларға кірмейтінін, шынтақшаларының болмауын, арқалары мен отырғыштарының қатты болуын, дөңгелектерінің толық резіңке болуына байланысты топырақта жүрмейтінін айтып, сапасына шағымданды.
Есепті жылы Уәкілдің атына психикасының бұзылуы (ауруы) бар адамдардың мүддесін қорғауға қатысты 5 өтініш келіп түсті, онда олардың психиатриялық мекемелерді ұсталуының негізділігі, оларға қолданылатын емнің қажеттілігі дауланды және сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысымен келіспеу болды.
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1991 жылғы 17 желтоқсанда қабылдаған Психикасы ауру адамдарды қорғау және психиатриялық көмекті жақсарту қағидаттары психикалық аурумен ауыратын немесе сондай деп есептелетін барлық адамдардың адамдық жеке басынан ажырамайтын қадір-қасиетіне ізгі және құрметпен қарау қатынасқа құқықтарын белгілейді.
Адам үшін оның бостандыққа және жеке басына қол сұқпаушылыққа конституциялық құқығының маңызды болуына байланысты қоғамдық қауіпті әрекет жасаған психикасының бұзылуымен ауыратын адамдарға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары соттың шешімі бойынша қолданылады.
Уәкілдің атына сотталушы К-нің мүддесін қорғап адвокат А.Л. Морозова Қостанай облыстық психиатриялық ауруханасының сот-психиатриялық сараптама қорытындысымен келіспеу және сараптаманы жүргізу кезінде процессуалдық нормалардың бұзылуы туралы өтінішпен жүгінген.
Уәкілдің Денсаулық сақтау министрлігіне жіберген сұратуына Дәрілік және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті психиатрия саласындағы білікті маманды тартып тексеру жүргізуді белгілеген.
Осы тексерудің нәтижелері бойынша, К-нің психикалық жағдайын бағалауда орын алған айырмашылықтың болуына байланысты Комитет Департаментінің комиссиясы стационар жағдайында қайта сот-психиатриялық сараптаманы жүргізуді ұсынды.
Жалпы алғанда, психикасының бұзылуы бар адамдардың құқықтарын қорғау жүйесі психиатриялық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту, мемлекеттік органдар тарапынан бақылауды күшейту арқылы жетілдіруді талап ететінін мойындаған жөн.
2.13. Балалардың құқықтары
Уәкілдің атына есепті жылы балалар құқықтарын бұзуға шағымданып 24 өтініш жасалған. Оларда мынадай мәселелер көтерілген: алимент төлеу, баланы беру жөніндегі сот шешімдерінің орындалмауы; құқық қорғау органдары, білім беру жүйесі мекемелері, жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің әрекетсіздігі; жетім балалардың тұрғын үй мәселесі; тергеу изоляторында ұстау жағдайлары; кәмелеттік жасқа толмаған баланы қайтаруға көмектесу; тұтыну несиесін банктің кейінгі қалдыруы және асырап алынған балаларды әлеуметтік қорғау. Барлық өтініштер ата-аналар мен мүдделі тұлғалардан келіп түскен.
Алимент төлеу жөніндегі сот шешімдерінің орындалмауының себептері борышкерге тіркелген қандай да бір жылжымалы немесе жылжымайтын мүліктің болмауы және борышкерлердің тұратын жерін анықтаудың мүмкін болмауы. Осыған байланысты сот орындаушылары бір қатар борышкерлерге ішкі істер органдары арқылы іздеу салған.
Алименттерді төлемеу мәселесін шешуде мемлекет тарапынан принципиалды көзқарас талап етіледі және осы орайда баланы асырауға белгіленген алименттерді төлеуден жасырынатын адамдардың қылмыстық жауапкершілігін күшейту мақсатқа сай болып табылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің деректері бойынша Қазақстанда шамамен 5 млн. бала тұрады, олардың шамамен 2 млн. – мектепке дейінгі жастағы балалар, 2,5 млн-нан астамы – мектеп оқушылары, 500-ден астамы – оқушы жастар.
Қазіргі уақытта мектепке дейінгі мекемелерде балаларға орынның жетіспеуі күрделі мәселе болып отыр, ол ерте жастағы балалардың мектепке дейінгі білімге қол жеткізуін қиындатады. Бүгінгі күні бір жастан алты жасқа дейінгі балаларды оқу мен тәрбиелеудің ұйымдастырылған нысандарымен жалпы қамту 36,5 пайызды құрайды және бұл көрсеткіш әлемдік статистикамен салыстырғанда көп артта қалады.
Мысалы, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің деректері бойынша республикада 2010 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша 4972 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істейді, оларда 373 100 бала тәрбие алады, бұл мектепке дейінгі балалардың 38,7 пайызын қамтиды. Мектеп алды дайындығымен 5-6 жасар балалардың 83 пайызы қамтылған.
Сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі балаларды, атап айтқанда олардың сапалы білім, медициналық қызмет алуға құқықтарын қамтамасыз етуге ерекше назар бөлген жөн.
Қазіргі уақытта ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің деректері бойынша республикада дамуында мүмкіндіктері шектеулі 148 мыңнан астам балалар, девианттық мінезді 20 мыңнан астам балалар анықталған. Толық мемлекеттік қамтамасыз етуде 16 мыңнан астам жетім балалар мен ана-анасының қамқорынсыз қалған балалар бар.
Бүгінгі күні мүмкіндіктері шектеулі 11 мың бала өздерінің құрдастарымен бірге жалпы білім беретін мектептерде оқып жатыр. 395 бала бақшада шамамен 3000 бала, ал 769 жалпы білім беретін мектептерде шамамен 7000 была білім алуда.
Осыған орай, Қазақстанда мүмкіндіктері шектеулі адамдардың біріккен білім алуға және оқуға құқықтары танылып, заңда белгіленгенін атап өткен жөн. Бұл Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенциясын орындау туралы екінші және үшінші мерзімдік баяндамаларға БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетінің қорытынды ұсынымдарына сәйкес, білім берудің инклюзивтік жүйесін құру үшін берік негіз қаланғаны туралы айтуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Оқшауланудан теңдікке: Қазақстанда мүгедектер құқықтарын іске асыру атты 2009 жылдағы адами даму туралы ұлттық есеп бойынша іс жүзінде мүгедек балаларды сау балалармен бірге оқыту үшін негізді іріктеу жүргізілмей, үйлестіріп түзету қолдауын көрсету үшін тиісті жағдайлар жасалмай кездейсоқ біріктіру тенденциясы байқалады.
Жалпы білім беретін мектептердің психологтары мен мүғалімдерінің жоғары оқу орындарындағы дайындығы арнайы психология мен арнайы педагогика саласындағы білімдерді алуды қарастырмағандықтан, олардың мүмкіндіктері шектеулі балаларға білікті көмек көрсету қабілетінің болмауы жоғарыда мазмұндалғандардың себептерінің бірі болып табылады.
Арнайы білім беру жүйесінің негізгі факторы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) болып табылады, ол баланың оқу, медициналық және әлеуметтік қызметтерді алуға құқығын белгілейді, олардың арнайы оқу жағдайларын қажет етуін (бір ПМПК 60 мың балалар халқына ашылады) белгілейді.
2008 жылдың желтоқсан айында Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау маңызды болып табылады. Ол қиын өмірлік жағдайдағы адамдар үшін арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы, туындаған әлеуметтік мәселелерді еңсеру және оларға қоғам өміріне қатысудың басқа адамдармен тең мүмкіндіктерін жасауға бағытталған жағдайлардағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша республикада мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелейтін отбасыларына үйде әлеуметтік көмек көрсетудің 127 бөлімшесі жұмыс істейді, олар 17,4 мыңнан астам балаға қызмет көрсетеді.
Қиын өмірлік жағдайдағы балаларға әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу көрсету мақсатында білім беру ұйымдарында 2624 әлеуметтік педагог, 6977 психолог, 1453 мектептегі полиция инспекторлары жұмыс істейді.
Сонымен бірге, бір қатар үкіметтік емес ұйымдардың пікірі бойынша, қиын өмірлік жағдайдағы отбасылары мен балаларға қызмет көрсетудің осы саласын мемлекеттік монополизациялауға байланысты және Қазақстанда әлеуметтік жұмыс тұратын жері бойынша әлеуметтік қамтамасыз ету, педагогикалық жұмыс, халықтың мұқтаж топтарына медициналық-оңалту жұмысы және нысаналы әлеуметтік көмек беру, жәрдемақыларды төлеу шеңберінде ғана жүргізілетіндіктен, әлеуметтік қызметтерді көрсетудің қолданылып жүрген жүйесі аса тиімді емес болып табылады.
Балалар еңбегін пайдалану фактілері аса мазалайды. Атап айтқанда, балалар еңбегін Оңтүстік Қазақстан облысының орта мектептерінде пайдаланады. Мысалы, облыс прокуратурасы тексерулерінің нәтижесінде бір ғана мектепте 284 оқушыдан сабаққа 45 бала ғана қатысқан, қалғандары егіс даласында жұмыста болған.
Балалар еңбегінің аса ауыр түрлерінің алдын алу және оларды болдырмау жөніндегі әлеуметтік орталықтар жүргізген мониторинг нәтижесінде Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында 2008-2009 жылдары 900-ден астам жұмыс істейтін балалар анықталған. Балалар жұмыс істейтін жағдайлар еңбек заңнамасының және санитарлық ережелер мен нормалардың талаптарына сәйкес келмейді: тапшы тамақтану, арнайы киім, аяқ-қиім, бас киімі, улы химикаттардан қорғауға арналған респираторлық масқалар болмаған.
Мемлекеттік органдардың қызметінде жасөспірімдер ортасында құқық бұзушылықтардың алдын алу маңызды орын алады. Осылай, ҚР ІІМ-нің ақпараты бойынша 2008 жылы тұрмыстық құқық бұзушылықтар 19,5 пайызға, ал үстіміздегі жылы – 11,5 пайызға төмендеді.
Былтырғы жылдың тамыз айында жасөспірімдердің түңгі уақытта (22.00-06.00) ойын-сауық орындарында болғаны үшін ата-аналар мен ойын-сауық орындары меншік иелерінің жауапкершілігі туралы, сондай-ақ қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішуге тыйым салу туралы (Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 112-1, 113-баптары) заңнамалық нормалар күшіне енді. ҚР ІІМ-нің деректері бойынша кәмелетке толмағандардың түңгі уақытта ойын-сауық орындарында болғаны үшін 60 меншік иесі, кәмелетке толмағандардың 1390 өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін әкімшілік тәртіппен 9 мыңнан астам адам жазаланды.
Осыған орай, кәмелетке толмағандарға қатысты заңнама әрқашан жетілдірілетінін атап өткен жөн. Осылай, есепті жылдың желтоқсан айында Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бала құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары қаралуда.
Соңғы заң жобасы кәмелетке толмағандардың жасын көтеру арқылы бір қатар қылмыстарды қылмыстан арылтуды және кәмелетке толмағандардың қалыпты адамгершілік және тән дамуына қол сұғатын қылмыстардың жекелеген түрлері үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуді көздейді. Осы заң жобасы бойынша жүргізілген ғылыми-криминологиялық сараптаманың нәтижелері оны қабылдау нәсіпқұмарлық сипаттағы азғындық әрекет жасағаны үшін, кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы әрекет жасауға тартқаны үшін балаларды тәрбиелеу жүктелген ата-аналардың, тәрбиешілердің және басқа адамдардың жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік беретінін көрсетті.
Ішкі істер органдары кәмелетке толмағандар арасында қылмыс жасаудың төмендеуінің тұрақты беталысын атап көрсетеді: егер, 2003 жылы 7 мыңнан астам қылмыс тіркелген болса, 2009 жылы жасөспірімдер 4654 қылмыс жасаған. Алайда, олардың құқыққа қарсы әрекеттерінің қоғамдық қауіптілігі жоғары дәрежеде сақталып отыр. Кәмелетке толмағандар жасаған әрекеттердің шамамен үштен бір бөлігі ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатады. Есепті жылы кәмелетке толмағандар 70 кісі өлтіру, 170 қарақшылық шабуыл және 1000 тонау жасаған. Қылмыстық жауапкершілікке тартылған кәмелетке толмағандардың жартысына жуығы мектеп оқушылары. Бұл жағдайда мектептегі полиция инспекторларының рөлі ерекше болады, олар жасөспірімдер ортасында құқық бұзушылықтың ерте алдын алу шараларын қабылдауға, оқу орындарының ресурстары мен оқытушыларды тәрбие-құқық жұмысын жүргізуге пайдалану тиімділігін арттыруға тиіс.
Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарының (бұдан әрі - КТУОБОО) ішкі істер органдарының қарауында болуы мәселесі шешілмей келеді. Бұл мәселені Уәкіл бірнеше рет көтерген болатын.
Бала құқықтары туралы конвенцияны бекіткенде Қазақстан өзіне баланы қамауды, ұстауды немесе түрмеге қамауды заңға сәйкес жүзеге асыруын және оны ең шеткі шара ретінде және мүмкіндігінше аса қысқа тиісті кезеңде ғана пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеме алды (Конвенцияның 37-бабының б) тармағы)
Бұдан басқа, БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитеті КТУОБОО-дағы негізгі контингент панасыз және қараусыз балалар екендігін назарға алап, 2003 және 2007 жылдарда Қазақстанға берілген өздерінің Қорытынды ескертпелерінде даладағы балаларға қатысты жағдайды кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі қызмет арқылы емес, ал әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы қызметтерді көрсету жүйесінде шешуді ұсынған болатын (Қорытынды ескертпелердің 73-тармағының г) тармақшасы, 2003 жыл).
Балалар құқықтарын бұзуда үлкен қауіп төндіретіні олардың отбасылық қолайсыздығы. Қазіргі уақытта ішкі істер органдарында 12 мыңнан астам қолайсыз отбасылары есепте тұр, онда 34 мыңнан астам балалар өмір сүреді. Өткен жылы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мақсатында ішкі істер органдары 2 мыңнан астам ата-аналарды және оларды ауыстыратын адамдарды балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты, 855 – ата-аналық құқықтарынан айырылды.
Әлеуметтік жетімділіктің алдын алу. Отбасылық қолайсыздықты ерте айқындау1 жобасының нәтижелері бойынша әлеуметтік жетімділік қауіпін және қауіп тобы отбасыларының қажеттіліктерін белгілейтін себептер анықталған болатын. Олар бойынша отбасылық қолайсыздық құрылымында, әсіресе, тұрғын үй мәселелеріне, материалдық ресурстардың жетпеуіне (бірқатар жағдайларда олар қалыпты тамақтану, киім сатып алу, өмір тіршілігінің қарапайым деңгейін сақтау үшін жеткіліксіз болды), ата-аналардың (қамқоршылардың) жасына, ауруына немесе мүгедектігіне байланысты әлеуметтік-экономикалық себептер басым болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 23 тамыздағы Жарлығымен Астана және Алматы қалаларында кәмелетке толмағандардың істері бойынша мамандандырылған ауданаарлық соттар (ювеналды соттар) құрылды, ал 2008 жылғы 19 тамыздағы Жарлығымен 2009-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ювеналды әділет жүйесін дамыту тұжырымдамасы бекітілді. Үкіметтің 2008 жылғы 18 қарашадағы қаулысымен 2009-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ювеналды әділет жүйесін дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Сонымен, Қазақстанда балалар құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметі олардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, алайда, жоғарыда көрсетілген мәселелер осы кезеңде толық көлемде шешілмеген.
2.14. Әйелдердің құқықтары
Қазақстан әйелдердің жағдайына қатысты бірқатар халықаралық шарттар мен конвенцияларды, атап айтқанда Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы конвенцияны, сондай-ақ оған Факультативтік хаттаманы, Әйелдердің саяси құқықтары туралы, Тұрмыстағы әйелдің азаматтығы туралы конвенцияларды бекітті.
Қазақстанда заң мен сот алдындағы барлығының теңдігі Конституцияда жарияланған. Кемсітушілікке, оның ішінде жынысы бойынша кемсітушілікке тыйым салу конституциялық кепілдік болып табылады.
Әйелдер құқықтарына қатысты өзінің халықаралық міндеттемелерін орындай отырып, Қазақстан БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою комитетіне екі рет есеп берді, кезекті есеп беру 2011 жылға жоспарланған.
Бұдан басқа, 2007 жылы Қазақстан Ерлер мен әйелдердің теңдігін қамтамасыз ету, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою, бюджетті құру және жоспарлау процесінде гендерлік бюджеттеу технологияларын енгізу бойынша заңнамалық және институционалдық шаралар қабылдау жөніндегі БҰҰ-ның Мыңжылдықты дамыту мақсаттарын іске асыру шеңберінде өзіне қосымша міндеттемелер алды.
Елімізде ұлттық заңнама тұрақты түрде жетілдіріліп отыр. Осылай, 2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген 2006-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік стратегиясы қолданылады. Есепті жылы Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы, Ерлер мен әйелдер құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңдар қабылданды.
200-2011 жылдарға арналған Еуропаға жол мемлекеттік бағдарламасы гуманитарлық өлшемде ынтымақтастықты кеңейту шеңберінде еуропалық дәстүрлер тәжірибесін пайдаланып, Қазақстанда теңдестірілген гендерлік саясатты дамыту үшін жағдайларды одан әрі жасауды көздейді.
Әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы оң өзгерістермен бірге осындағы мәселелерді белгілеу қажет. Олардың ішінде отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық басым болады.
Зорлық-зомбылықтың осы түрінің жасырын сипаты, сондай-ақ қоғамның осы мәселеге көзқарасы оны қылмыс ретінде емес, ал ерлі-зайыптылардың жеке ісі ретінде қарауы жағдайды тереңдете түседі.
Осы себепке байланысты Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына аталған мәселе бойынша келіп түскен өтініштер көп емес. Уәкілдің атына келіп түскен өтініштер отбасындағы әйелге қатысты зорлық-зомбылықтың болуын растайды.
Уәкілдің атына М. жүгінген. Ол бұрынғы жұбайы оған зорлық-зомбылықты, адамның қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін басқа да әрекеттерді қолданатынын көрсеткен. Ал ішкі істер және прокуратура органдарының оның бұрынғы жұбайына қатысты шаралар қолданбауына шағымданады.
2009 жылғы 17 маусымда Шымкент қаласы Ішкі істер басқармасы Қылмыстық кодекстің 121-бабының 1-бөлігімен көзделген қылмыс белгілері бойынша (нәсіпқұмарлық сипаттағы күштеу әрекеттері) М-ге қатысты қылмыстық іс қозғаған.
Алайда, өтінім берушінің айтуы бойынша Шымкент қаласы Әл-Фараби АІІБ қызметкерлері бұл іске субъективті қарап, тергеу әрекеттерін қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларын бұзып жүргізуде.
Уәкілдің Бас прокуратураға және Ішкі істер министрлігіне өтініш беруі бойынша өтінім берушінің уәждері тексеріліп, бұрын қозғалған қылмыстық іс тергеу барысында ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 2-бөлігінің б тармағына (кісі өлтіру қауіпімен, сондай-ақ жәбірленушіге қатысты аса қатыгездікпен жасалған нәсіпқұмарлық сипаттағы күштеу әрекеттері) қайта дәрежеленді.
Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық әйелдер мен балаларды нәсіпқұмарлық пайдалану мен құлдыққа тартуға жағдай жасайтын себептердің бірі болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, әйелдерге, балаларға, қарттарға және мүгедектерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында Қазақстанда Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру туралы ҚР Заңы қабылданды, ол жәбірленушілерге қажетті психологиялық, педагогикалық, медициналық, заң көмегін беретін, оларды қабылдауды жүзеге асыратын арнайы ұйымдарды құруды көздейді. Ал бұл БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою комтетінің Қорытынды ұсынымдарының 16-тармағына сәйкес келеді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Қазақстан әйелдері мен ерлері атты статистикалық жинағында (Астана, 2009 жыл) берілген деректер бойынша Қазақстанда, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстарын есептемегенде, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөнінде 20 кризистік орталықтар жұмыс істейді. 2008 жылы аталған ұйымдарға зорлық-зомбылық фактілері туралы 21 679 телефон қоңыраулары шалынды, оның ішінде6 165 – дене жарақаттарына, 5 539 – психологиялық, 1 251 – экономикалық, 556 – нәсіпқұмарлық зорлық-зомбылыққа, 906 – әйелдер трафигі мәселелеріне, 7 262 – басқа мәселелерге қатысты болды. Берілген деректер зорлық-зомбылыққа негізінен 40 жасқа дейінгі әйелдер ұшырайтынын көрсетеді. Жұмыспен қамту жағынан алғанда аталған жылы жұмыс істейтін 9 055, жұмыс істемйтін 7 223, оқитын 2 251, зейнеткер 849 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықты басынан өткізгенін.
Уәкілдің атына келіп түскен өтініштердің келесі тобын жалғыз басты ана мәртебесін ресімдеу, алименттерді өтеп алу, баламен қатынас құру, шетелдегі қазақстандық әйелдердің құқықтарын қорғау мәселелері құрайды.
Уәкілдің атына апасы Б-нің мүддесін қорғайтын Т-нің өтініші келіп түсті. Б. Қазақстан азаматшасы, қазіргі уақытта Швецияда тұрады. Шағымның мазмұнынан Б. Швецияның әлеуметтік қызметтерімен жанжалдасқаны, нәтижесінде баланы оның қамқорлығынан алып, әкесіне беру туралы мәселе қойылған. Б. бұған келіспейді. Оның қызы Швеция азаматымен азаматтық некеде туған, осы елдің азаматшасы болып табылады.
Б-нің айтуы бойынша, ол тұратын Альхольт қаласының әлеуметтік қызметтері ұзақ уақыт ішіндеоның баланы тиісті күтуіне қатысты тексерулерді жүзеге асырып келеді. Осындай тексерулерді жүргізуге негіздеме болған әлеуметтік қызметтерге үнемі келіп түсетін оның бұрынғы азаматтық жұбайының арыздары мен анонимдік шағымдар. Одан басқа, соңғы уақытта Альхольт қаласының әлеуметтік қызметтері оны балаға берілетін әлеуметтік жәрдемақыдан, осы отбасының жалғыз ғана табысынан айырған,ол толыққанды тамақтанудың болмауынан баланың денсаулығының нашарлауына әкеп соғуы мүмкін.
Осы өтініш бойынша Уәкіл Қазақстан Республикаы Сыртқы істер министрлігіне тиісті сұрату жіберді.
Бұл өтініш өзінің сипаты бойынша жеке-дара болып табылады, бірақ соңғы жылдары біздің әйелдердің шетелдік азаматтармен некеге тұруы жиі болуына байланысты, шетелдегі қазақстандық әйелдердің құқықтарын қорғау өзекті болады.
Тоқталуды талап ететін тағы бір мәселе әйелдер арасындағы қылмыстылық. Осылай, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті құрайтын статистикалық есептердің деректері бойынша 2008 жылы қылмыс жасаған 9054 әйел анықталған, бұл қылмыс жасағаны үшін анықталған адамдардың жалпы санының 11,6 пайызын құрайды. Қылмыстық санаттары бойынша бөлгенде олардың 1748-і– аса ауыр емес, 5434-і – орташа ауыр, 1601-і – ауыр, 271-і – аса ауыр қылмыстар жасаған. өткен жылы қылмыс жасаған әйел 9767 әйел анықталды.
Осыған орай, аталған санаттағы халықпен жұмыс істеу кезінде әйелдер арасындағы қылмыстылықтың алдын алуға ерекше орын берген жөн. Қандай да бір қылмыс жасағаны үшін жазаны өтеу кезінде әйелдер балаларын анасы тарапынан тиісті тәрбиесіз және бақылаусыз қалдыратындығынан олар қылмыстық жолға түсуі мүмкін екендігін ескеретін болсақ, бұл мәселе аса өзекті болады.
Соынмен, мемлекет әйелдердің жағдайын жақсарту үшін шаралар, оның ішінде заңнамалық реттеу шараларын қабылдайды. Атап айтқанда, Ерлер мен әйелдер құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы, Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңдар қабылданды.
2.15. Босқындардың, еңбек мигранттарының және оралмандардың құқықтары
Қазақстан БҰҰ-ның Жарғысына, Адам құқықтары жөніндегі жалпыға бірдей декларацияға және осы саладағы басқа да негіз қалаушы келісімдерге, оның ішінде Босқындардың мәртебесі туралы конвенцияға сәйкес босқындардың мәселелерін шешуге белсенді қатысады.
2008 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссардың басқармасымен бірлесіп, Орталық Азияда баспана жүйесін күшейту мақсатында институционалдық дамту мен әлеуетті нығайту жөніндегі қызмет жобасының шеңберінде Қазақстан Республикасында босқындар мен оралмандар құқықтарын қорғауды сақтау туралы аранйы баяндаамсы мемлекеттік және орынс тілдерінде дайындалып, басылды.
Баяндамада босқындар мен оралмандар ұшырайтын мәселелер талданды, жоба барысында жүргізілген олардың құқықтарын сақтау мониторингі жинақталды.
Осы құжатты барлық мүдделі мемлекеттік органдар тиянақты зерделеді, оның көптеген ұсыныстары мен ұсынымдары Мемлекет Басшысы 2009 жылғы 7 желтоқсанда қол қойған Босқындар туралы Қазақстан Республикасы Заңын әзірлеу кезінде ескерілді. Заң босқындардың құқықтық жағдайын, Қазақстан Республикасы аумағында босқын мәртебесін беру негіздемелері мен тәртібін белгілейді, шетелдіктерге және азаматтығы жол тұлғаларға баспана беру жөніндегі қатынастарды реттейді.
Қазақстандағы экономикалық өсу мен саяси тұрақтылық баспана іздеген көптеген адамдар үшін қауіпсіздік аралы болатындығы белгілі.
Қазақстанда тіркелген босқындар саны есепті жылдың соңында 603 адам болды, оның ішінде 600 – Ауғанстаннан, 1 – Сомалиден, 2 – Эфиопиядан келгендер. Соңғы үш жыл ішінде біздің елімізге келгендердің саны өсіп отырғанын атап өткен жөн: 2007 жылы – 10, 2008 жылы – 110, 2009 – 61 босқын келген. Олардың бірде-біреуіне мемлекет тарапынан ешқандай қысым жасалмайды, оларға қашуға себеп болған жағдайлардың өзгеруіне дейін біздің елімізде заңды түрде тұру қамтамасыз етілген.
Соңғы жылдар ішінде баспана іздеген адамдарды немесе босқындарды Қазақстаннан мәжбүрлеп шығару оқиғалары болмаған.
Босқындар құқықтық жағынан теңдік пен кемсітушілікке жол бермеудің жалпы қағидаттарынан басқа медициналық көмектің кепілді көлеміне, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруға, білім алуға, мәдениет жетістіктерін пайдалануға, өздерінің құқықтарын қорғау үшін сотқа және өзге де мемлекеттік органдарға жүгінуге, ар-ұждан, жүріп-тұру бостандығына және т.б. құқылы.
Еңбек мигранттарын қамтамасыз ету мәселесі қазіргі замандағы халықаралық мәселелердің бірі болып табылады.
Әрине, еңбек миграциясы экономикалық өсуді қамтамасыз ететін және қазақстандық экономиканы дамытуға жақсы әсер ететін факторлардың бірі болып табылады.
Қазақстанда миграциялық процестерді реттеу және еңбек мигранттарының құқықтарын қорғау үшін тиісті нормативтік құқықтық база құрылған. Қазақстан-2030 стратегиясы аясында 2007-2015 жылдарға арналған Миграциялық саясат тұжырымдамасы және Нұрлы көш бағдарламасы бекітілген. Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген этникалық иммигранттарын, Қазақстанның бұрынғы азаматтарын оңтайлы орналаластыру, орналасуда көмек көрсету болып табылады. Әзірбайжанмен, Белорусьпен, Қырғызстанмен, Монголиямен, Тәжікстанмен, Өзбекстанмен еңбек миграциясы мәселелері бойынша халықаралық келісімдерге қол қойылған.
Қазақстан еңбекші мигранттарға қатысты мәселелерді реттейтін бірқатар конвенцияларға қосылды, осы салада,ы өңірлік және субөңірлік ынтымақтастықты табысты жүзеге асырады.
Шетелдік қызметкерлердің еңбегі талап етілетін экономика секторлары белгіленді. Бұл мұнайгаз секторы, құрылыс, сауда және қоғамдық қамақтандыру.
Қазақстанның ұлттық заңнамасы еңбекші мигранттарға қатысты қандай да бір кемсітушілік ережелерін қамтымайды.
Еңбек мигранттарының құқықтары Қазақстан азаматтарының еңбек қызметі процесіндегі құқықтарымен, қызметкердің еңбек міндеттерін орындау кезінде оның өмірі мен денсаулығына келтірілген залалды өтеуге қатысты құқығы бірдей, олар денсаулық сақтау және білім беру саласындағы қызметтерге қол жеткізе алады. Бұл ретте екі жағдайда да тиісті құқықтар заңмен белгіленген.
2009 жылы Уәкілдің атына еңбек мигранттарының құқықтарын бұзу туралы бір өтініш келіп түсті. Ол бойынша тиянақты тексеру жүргізілді, мемлекеттік билік органдарына тиісті сұратулар жіберілді.
Бұрынғыдай, оралмандардың құқықтарын сақтау мәселесі Уәкіл мекемесінің назарында болады.
Этникалық қазақтардың Қазақстанға оралуы Қазақстан халқының санын көбейтті. Алайда, тарихи отанына оралған адамдар жүйелік сипаттағы мәселелерге кезігеді. Ол құжаттарды қабылдау және ресімдеу тетігінің анық реттелмегеніне байланысты болып отыр.
Осылай, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті (бұдан әрі – Комитет) қоятын талаптар Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясының талаптарымен қайшылыққа түседі:
- оралман мәртебесін алуға үміткр адам, квотаға кіру үшін Қазақстанға отбасын әкеліп, Комитетке оның отбасының тарихи отанында тұратынының құжаттамалық растауын (тіркеу, тұратын, оқитын, жұмыс істейдін орнынан анықтамалар) беруге тиіс. Осыдан кейін ғана оралман мәртебесін алған мигрант квотаға кіріп, мемлекет тарапынан материалдық көмек алуға құқылы.
- көші-қон полициясы, өз кезегінде, отбасының кәмелеттік жасқа толған мүшелерін олар қазақстандық азаматтық алуға құжаттарын тапсырғаннан кейін ғана тіркейді. Біздің еліміздің заңнамасы бойынша, азаматтық алған мигрант оралман мәртебесінен айырылады.
Сонымен, ағымдағы жағдайды талдау осы санаттағы адамдардың құқықтары заңнамадағы белгілі бір ақаулардың болуын көрсетеді, оларды мүдделі мемлекеттік органдардың бірлескен әрекеттерімен ғана шешуге және болдырмауға болады.
Қорытынды
2009 жыл Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-да төрағалық етуіне дайындық, сондай-ақ құқық қорғау заңнамасын маңызды күшейту кезеңі болды. Бұл процеске ұлттық құқық қорғау институты тікелей қатысты.
Елімізде адам құқықтарын қамтамасыз етуді жетілдірудің жүйелік және нақты бағдарламасын білдіретін 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы және 2009-2012 жылдарға арналаған Қазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы іс-әрекеттерінің ұлттық жоспары әзірленіп, бекітілді.
Адам құқықтарын қорғауға бағытталған бірқатар маңызды заңдар, атап айтқанда Босқындар туралы, Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы, Ерлер мен әйелдер құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білікті заң көмегін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және т.б. заңдар қолданысқа енгізілді
Омбудсмен азаматтық, саяси және экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы халықаралық пакттер, Нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы халықаралық конвенция жөніндегі ұлттық баяндамаларды, сондай-ақ БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесте УПО рәсімін өтуге арналған Ұлттық баяндаманы дайындауға қатысты.
Үкіметтік емес ұйымдармен әріптестік және сындарлы қатынастар одан әрі дамыды, оған IV Азаматтық форум қосымша серпін берді. Кейбір жағдайларда Омбудсмен мекемесі қандай да бір міндеттерді шешуде мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасында медиатор қызметін атқарды.
Омбудсмен қызметі есепті кезеңде Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуіне дайындық жөніндегі әралуан іс-шараларға, сондай-ақ БҰҰ Кеңесінің Адам құқықтары жөніндегі әмбебап кезеңдік шолуы, БҰҰ-ның Нәсілдік кемсітушілікке қарсы комитеті, БҰҰ-ның Азаптауға қарсы комитеті шеңберіндегі ұлттық баяндамаларды әзірлеуге қатысуына байланысты болды.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2008 жылғы қызметі туралы есеппен таныстыру рәсімі қараша айында АҚШ-та: Мемлекеттік департаментте, Азия, Тынық мұхит өңірі және жаһандық қоршаған орта жөніндегі АҚШ Конгресі өкілдері палатасының кіші комитетінде, сондай-ақ халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен өткен дөңгелек үстелдер шеңберінде өтті. Есепті шетелде таныстыру рәсімінің осындай биік деңгейде өтуі Омбудсмен қызметімен және елдің құқықтық жүйесіндегі оның рөлімен халықаралық қоғамның танысуына мүмкіндік береді.
Варшава қаласында адами өлшем саласындағы міндеттемелерді орындау жөніндегі ЕҚЫҰ-ның жыл сайынғы сессиясында Омбудсменнің сөйлеген сөзі Қазақстанда адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мәселелері арналды. Жоғарыда аталған ұйымда Еуропа елдері елшілері делегациясымен және ДИАҚБ директоры Я. Ленарчичпен Қазақстанға танысу сапарымен келу барысындағы кездесулерде де осы мәселелер талқылау нысанасы болды.
Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының делдалдығымен Адам құқықтары жөніндегі Дания институтымен ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді, ол жұмыс бабында қажетті әдістемелік көмек беруге, Еуропаның бірқатар елдері омбудсмендері кеңселерінің қызметімен танысуға бағытталады.
Уәкілдің почтасын талдау өткен жылы Қазақстан азаматтары өздерінің бұзылған құқықтарын қорғау кезінде қорғаудың қолданыстағы тетіктерін белсендірек пайдаланғанын көрсетеді, бұл бұрын тән болатын құқықтық нигилизмнен біртіндеп арылуды білдіреді.
Оны 2009 жылғы 13 қарашада өткен Ел халқымен тікелей желі шеңберінде Қазақстан Республикасының Президентіне келіп түскен азаматтар мен ұйымдардың 44 мыңнан астам өтініштерін мазмұнды талдау анық көрсетеді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілге келіп түскен жекелеген мәселелер құқық қорғау тақырыбының шеңберінен тыс шықты, олар Мемлекет Басшысының адам құқықтарын одан әрі күшейтуге бағытталған бағдарламалық нұсқаулары тұрғысынан қаралды. Осыған орай, Уәкіл өтініштерінің шамамен 50 пайызы Үкіметке жіберілді, бұл ортақ мәселелермен біріктірілген азаматтар топтарының аса маңызды мәселелерін шешу қажеттілігіне байланысты болды.
Жеткілікті қаржыландыруды, оңтайлы штаттық ресурсты, халықтың қол жеткізуін қамтамасыз ету арқылы Омбудсмен институтын нығайту және оның қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері Қазақстан Республикасы Парламентімен және Үкіметімен бірлесіп пысықталып, негізінен келісілді.
Жалғасын тапқан әлемдік қаржылық-экномикалық дағдарысқа қарамастан, 2009 жылы мемлекет өзінің азаматтарының құқықтарын сақтауды тұтастай алғанда тиісті деңгейде қамтамасыз ете алды. Белгілі дәрежеде ол мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор арасында осы міндетті орындаудың ортақтығын, ол үшін өзара іс-қимыл жасау қажеттігін түсінуге байланысты болды.
Соңында, Конституциялық Кеңеске, Жоғарғы Сотқа, Бас прокуратураға, Парламент депутаттарына, Үкіметке, мемлекеттік органдарға, халықаарлық және ұлттық құқық қорғау ұйымдарына, Уәкілдің мекемесіне құқық қорғау процесіндегі бірлескен табысты жұмыс үшін, сондай-ақ осы есепті дайындауға ат салысқандары үшін құрметтеушілік білдіріледі.
Қосымшалар:
1. 2009 жылы азаматтардың хаттарымен жұмыс істеу жөніндегі статистикалық деректер
Жазбаша және ауызша хаттар саны
Атауы
Хаттар саны
Жазбаша хаттар
1175
Ауызша хаттар
173
Барлығы
1348
Атауы
Хаттар саны
Өндіріске алынды
647
Өндіріске алынбады
284
Олардың ішінде біздің құзырымызға жатпайтыны
221
Құқықтардың бұзылуы табылған жоқ
63
Өндірісте
77
Сұратуларды қарау нәтижелері
Атауы
Хаттар саны
Адам құқықтарының бұзылуы анықталмаған
437
Құқықтарды мемлекеттік орган қалпына келтірді
92
Шағымданушының талаптары қалпына келтірілді, бірақ толық емес
17
Құқық бұзушылық анықталды бірақ қалпына келтірілмеді
24
Хаттарды қараудың жалпы нәтижесі
өндіріске алынғандардың 20,6% - оң шешілді
Қарауға қабылданбаған хаттар
Атауы
Хаттар саны
Анонимдік
Мазмұны түсініксіз
2
Тиістігі бойынша түспеген
207
Ұсыныс хат
2
Құжаттардың қайтарылуы
2
Қосымша құжаттарды ұсыну
18
Кері қайтарып алған өтініштер
4
Қайтарып алу өтініші
3
Алғыс хат
6
барлығы
244
Қайта түскен хаттар
95
Хаттар субъектілері туралы ақпарат
Хаттар түрі
Барлығы
Жеке
961
олардың ішінде әйелдерден
494 (51,4%)
олардың ішінде ерлерден
467 (48,6%)
Ұжымдық
76
астында қолдары
1022
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары
ҮЕҰ
95
өзге де ұйымдар
43
жіберген хаттар
Ауызша қабылдау
173
олардың ішінде аумақтарда
Барлығы уәкілге шағымданған азаматтар саны
2294
Аумақтардан келген жазбаша хаттар
Аумақтар
2009 жылғы хаттар саны
2008 жылы хаттар саны
Астана
198
136
Алматы
155
103
Акмола облысы
77
72
Ақтөбе облысы
14
15
Алматы облысы
104
59
Атырау облысы
21
21
Шығыс Қазақстан облысы
92
104
Жамбыл облысы
38
40
Батыс Қазақстан облысы
16
24
Карағанды облысы
120
77
Қостанай облысы
67
45
Қызылорда облысы
18
17
Маңғыстау облысы
15
10
Павлодар облысы
92
40
Солтүстік Қазақстан облысы
45
30
Оңтүстік Қазақстан облысы
44
54
Шет елдерден
59
59
Барлығы
1175
906
Кыргызстан
4
Ресей
42
Молдава Приднестровье Республикасы
3
Өзбекстан
2
Украина
2
Әзірбайжан
1
Германия
2
Монголия
1
Польша
1
АҚШ
1
Уәкілдің сұратулары жіберілген мемлекеттік органдар мен ұйымдар
Органның атауы
Сұратулар саны
Мерзімдері бұзылып ұсынылған жауаптар саны
Бас прокуратура
335
29
Ішкі істер министрлігі
143
4
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
75
2
Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі комитеті
62
5
Әкімдіктер
91
4
Әділет министрлігі
120
7
Қаржы министрлігі
7
2
Денсаулық сақтау министрлігі
16
4
Білім және ғылым министрлігі
17
2
Сыртқы істер министрлігі
7
1
Қорғаныс министрлігі
5
Ауыл шаруашылығы министрлігі
2
Туризм және спорт министрлігі
1
Көлік және коммуникация министрлігі
1
Төтенше жағдайлар министрлігі
2
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
31
10
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
2
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
4
Ақпараттандыру және байланыс министрлігі
3
1
Қаржылық нарықты және қаржы ұйымдарын реттеу агенттігі
7
1
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті
4
Республикалық ұлан
1
Самұрық-қазына ұлттық әл ауқат қоры
1
1
Соттар
4
2
Мемлекеттік мұрағат
8
1
Банктер
2
Шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік органдары
5
1
Өзге де ұйымдар
6
2
Қазақстан адвокаттары одағы
1
Барлығы
963
79
Өтініштерде көтерілген мәселелер сипаттамасы
№
Мәселелер ерекшеліктері
Сұрақтар саны
1
Орталық атқару органдарына әкімшілік ету мәселелері
32
2
Жергілікті атқарушы және өкілетті органдарына әкімшілік ету мәселелері
72
3
Сот шешімімен келіспеуі туралы
289
4
Сот органдарының әрекеті мен әрекетсіздігі
29
5
Cот шешімдерінің орындалмауы
58
6
Кәсіби заңгерлік көмек алу құқығы
3
7
Кешірім сұрау туралы өтініш
8
Құқық қорғау органдарының әрекеті мен әрекетсіздігіне арналған шағымдар
318
9
Азаптаулар, зорлық зомбылық, басқа да қатыгез, адамның қадір қасиетін қорлайтын қарым қатынас пен жазалау
82
10
Пенитенциярлық жүйе мекемелері әкімшіліктерінің әрекеттері мен әрекетсіздігі
75
11
Бір пенитенциарлық мекемеден екіншіге ауыстыру
41
12
Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу құқығы
12
13
Қазақстан Республикасының қарулы Күштерінде жарғыдан тыс қарым қатынастар
14
Ар-ождан бостандығы
98
15
Жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке және отбасы құпиясы, қадір қасиетін қорғау құқығы
1
16
Жеке салымдар және жинақтар, хат алмасу, телефонмен сөйлесулер, почта және телеграф хабарламалары құпиялылығына құқықтар
17
Сөз бен шығармашылық бостандығы
18
Ақпарат алу құқығы
33
19
Еркін жүру құқығы
1
20
Жеке меншік құқығы
2
21
Мемлекет істерін басқаруға қатысу құқығы
22
Сайлану және сайлау құқығы
23
Мемлекеттік қызметке қол жеткізу құқығы
1
24
Бірлестіктер, жиналыстар еркіндігіне құқықтар
1
25
Ұлттық белгісіне байланысты кемсіту
1
26
Жүйке ауруына байланысты кемсіту
3
27
Тіркеу, азаматтықты алу, тұрғылықты орналасу түріне, азаматтың жеке тұлғалылығын растайтын құжаттар мәселелері
28
28
Зейнетақы тағайындау және төлеу
29
29
Әртүрлі негіздермен әлеуметтік қамтамасыз ету
28
30
Мүгедектер құқығы
17
31
Тұрғын үй құқықтары
88
32
Жер құқықтары
32
33
Еңбек құқықтары
73
34
Қолайлы қоршаған ортаға құқық
2
35
Жаппай құғын сүргін құрбандарын ақтау мәселелері бойынша
8
36
Денсаулық сақтау құқығы
27
37
Тұтынушылар құқықтары
13
38
Білім алу құқығы
10
39
Бала құқығы
24
40
Әйелдер құқығы
9
41
Оралмандар құқықтары
4
42
Кәсіпкерлер құқығы
4
43
Шет елдерде Қазақстан азаматтарының құқықтарын бұзу
4
44
Үкіметтің қатысы жоқ заңды мекемелердің әрекеттеріне шағымдар
76
45
Жеке тұлғалармен өзара қарым қатынас мәселелері
20
46
Басқа мемлекеттік органдарға тапсыру туралы өтініштер бар хаттар
4
47
Заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар
5
48
Басқалар (Барлығы – 1675)
18
Хаттар мен ұсыныстар әзірленген мемлекеттік органдар
Мемлекеттік орган
Хаттар мен ұсыныстар саны
Үкімет
6
Президент Әкімшілігі
1
Бас прокуратура
3
Әділет министрлігі
2
Денсаулық сақтау министрлігі
1
Ішкі істер министрлігі
1
Әкімдіктер
1
Барлығы
15
Хаттар түрі
Хаттар саны
Мемлекеттік тілдегі хаттар
48
Электрондық поштамен келген хаттар
74
Басқа мемлекеттердің АҚУ түскен хаттар
33
2. Ұсыныстар мен хаттар
Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
Қ.Ә. Мәмиге
Құрметті Қайрат Әбдіразақұлы!
Менің атыма 2009 жылы ресей Федерациясы субъектілері Свердлов облысы және Алтай өлкесі омбудсмендерінен В.Е. Андриенко мен Рыбакова (Браер) П.Д. мүдделеріне оларды жаппай саяси құқығын-сүргін құрбандары деп тану туралы екі хат түсті, шағымданушылар Ресей азаматтары болып табылады, бірақ өткен ғасырдың 40 жылдары Андриенконың ата анасы Қазақстанға көшірілген, ал Рыбакованың ата-анасы Ақмола облысында тұрақты жерінен арнайы орналасуға есепке алынған. Андриенко мен Рыбакова бала шағында ата-аналарымен бірге тұрған және олар саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккендер болып табылады. Қазір шағымданушылардың ата-аналары жоқ.
Ақмола облысының прокуратурасына ата-анасы мен өзіне ақталу туралы анықтама беру туралы хат жазғаннан кейін, оларға прокуратура Жаппай саяси құғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы Заңның 2-бабының 1 бөлігіне сәйкес осы Заңның күші қазіргі уақытта Қазақстан азаматы болып табылатын адамдарға қатысты қолданылады деген жауап берген.
Ресей ішкі істер органдары шағымданушылардың ақталу мәселесін шешуден бас тартқан, себебі оларға қатысты қуғын-сүргін Қазақстан аумағында орын алған.
Осылайша, біздің бұрынғы азаматтарымыз іс жүзінде саяси құғын -сүргіннен зардап шеккен бола тұра, оған құжаттық дәлелдеме алуға мүмкіндігі болмайтындай жағдай туындап отыр.
Қазақстан ратификациялаған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 9-бабының 5 бөлігіне сәйкес заңсыз тұтқындалған немесе қамауда болған әр адам талап арыз күші бар өтемақыға құқылы.
Сонымен бірге, қалыптасқан жағдайда шағымданушылардың өтемақы алуға әлеуметтік құқықтары бұзылып отыр.
Прокуратура органдары Жаппай саяси құғын -сүргін құрбандарын ақтау туралы Заңның 10 және 8-баптарына сәйкес жаппай саяси құғын -сүргін құрбандарын ақтауды жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады.
Осыған байланысты, құрметті Қайрат Әбдіразақұлы, көршілес мемлекеттік органдардың мемлекеттік органдарымен қазіргі кезде Қазақстан азаматтары болып табылмайтын шағымданушыларды саяси құғын-сүргін құрбандары, олардан зардап шеккендер деп тану тәртібін реттеу туралы мәселені шешуді сұраумен хат жолдаймын.
Құрметпен,
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров
2009.08.04.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
Р.Т. Түсіпбековке
ҰСЫНЫС
Құрметті Рашид Төлеутайұлы!
Маған Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің мекемелерінде жазаларын өтеп жатқан тотталушылардың мүддесіне медициналық көмектің ұйымдастырылуына шағымдар келіп жатады.
Мысалы, Комитеттің Атырау қаласы бойынша басқармасының УГ -157 9 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушы К. Жапиннің мүддесіне Қазақстандық адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөнідегі бюросы хат олдады.
Жапин оған қатысты мекеме қызметкерлері қатыгез және адамның қадір қасиетіне нұқсан келтіретін қарым қатынас жасағаны үшін дене мүшесін зақымдау актісін жасаған. Бұл оқиға туралы В моей смерти прошу винить мақалада хабарланған (Свобода слова газетінде 2008 жылғы 6 қарашада жарияланған).
Атырау облысы бойынша Ішкі істер департаментінің біздің сұратуымызға берген ақпаратына сүйенсек, сотталушыға қатысты 2008 жылғы желтоқсанда соттық психиятриялық сараптама жасалып, Психопатия истеро возбудимого круга с яастными декомпенсациями на фоне ограниченной недостаточночти деген диагноз қойылған.
Бірақ бұл диагноз ол өзіне дене жарақатын слғаннан кейін анықталған, ал сотталған Жакин қылмыстық атқару жүйесінің мекемелерінде жылдан астам жазасын өтеп жатыр.
Менің атыма Шығыс Қазақстан облысы бойынша ӘМ ҚАЖКБ ОВ – 156 2 Мекемесінде жазасын өтеп жатқан ұлының мүддесіне азаматша Н.А. Телятникова оның алып жатқан медицинаық көмек сапасына шағыммен жолданды. Шағымданушының пікірінше 3 топ мүгедегі болып табылатын ұлының денсаулығы төмендеуде.
Павлодар облысы бойынша ӘМ ҚАЖКБ АП – 162 4 Мекемесінде жазасын өтеп жатқан ұлының мүддесіне М.С. Исаева өзінің хатында оың ұлы арнайы гигиена заттарына және төсек режиміне мұқтаж екенінабарлайды. Ауыр сырқатына байланысты ол, 2002 жылдан бастап балдақпен жүреді және кезең кезеңмен ҚАЖКБ АП – 162 4 Мекемесіне емдеуге жіберіліп тұрады. Бірақ ананың пікірінше, баласынын емдеу тәсілдері тиімді емес, медицина қызметінің қызметкерлері жергілікті МСЭКқа мүгедектікті анықтау және арнайы гигиена заттарын бөлу үшін жіберуден бас тартып отыр.
Халықаралық экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пактінің 12- бабына және Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-бабына сәйкес әркім дене және психикалық денсаулығының неғұрлым жоғары деңгейіне және оны қорғауға құқылы.
БҰҰдың Сотталушылармен қарым қатынастың ең төменгі стандартты ережелерінің 24-тармағына, Қылмыстық атқару кодексіне және ҚР әділет органдарының түзеу мекемелерінде және тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарды емдеу профилактикалық қамтамасыз ету ережелеріне сәйкес әрбір қамаудағы адам оны қабылдау кезінде және кейін қажетіне қарай оның енсаулығы мен ой өрісі түзу екенін анықтау үшін медициналық тексеруге жатады.
Бірақ жоғарыда келтірілген жағдайлар сотталушылардың өкілдері бас бостандығынан айыру жерлеріндегі медициналық қызметтің сапасына күмәндануына негіз бар екенін куәландырады.
Одан әрі, Жапиннің мүддесіне жазған хаттың материалдары мекемелердің медициналық қызметкерлері тарапынан сотталушылардың денсаулығына тиісті бақылау жүргізбейтінін дәлелдейді, сонының арқасында сырқаттар уақытылы анықталмайды да қоғамда әртүрлі пікір туғызатын жағымсыз салдарларға әкеп соғады.
Атырау облысында 2008 қарашада өткен ведмстволық медицина мәселелері жөніндегі республикалық семинар кеңесте айтылғндай, өткен жылы сотталушыларды профилактикалық терең тексеру барысында бес мыңға жуық әртүрлі аурулар анықталған.
Осыған байланысты, құрметті Рашид Төлеутайұлы, Сізге Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп медициналық бөлімдерді білікті кадрлармен жабдықтауды қарастыра отырып, сотталушыларға көрсететін медициналық көмектің сапасын арттырудың арнайы бағдарламасын әзірлеп енгізу мәселесін ауруларды тиімді диагностикалау және емдеуді қамтамасыз ету мақсатында қарауды ұсынамын.
Қосымша: сотталушылар Жапин, Телятников және Исаевтың мүдделеріне арыздардың көшірмелері мен оларға қоса берілген құжаттардың көшірмелері бетте
Құрметпен,
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров
2009.08.04.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің
Басшысы
А.Е. Мусинге
Құрметті Аслан Есполаұлы!
Ү.ж. 21 сәуірде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Азаптауларды қолдану фактілерін қарау жөніндегі жұмыс тобының кезектен тыс отырысы жиналды, онда ү.ж. 16 сәуірінде Петропавловск қаласының ЕС – 164 3 мекемесінде орын алған төтенше жағдай (жаппай дене мүшелеріне зақым келтіру) талқыланды .
ӘМ ҚАЖК төрағасының, Бас прокуратура өкілдерінің, құқықтық қорғау ұйымдарының, сондай-ақ оқиға орнында болған Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкерінің ақпараттары тыңдалды.
Жұмыс тобының отырысында оқиғаға себеп болған мән жайларды бағалау әртүрлі болса да жүмыс тобы мүшелерінің пенитенциарлық жүйе қызметінде осы уақытқа дейін сотталушылармен қарым-қатынастың халықаралық және ұлттық стандарттарына сәйкестігі бағытында жүйелі сипаттағы мәселелердің болуы туралы ортақ пікірі дау тудырмады.
Осы мағынада бас бостандығынан айыру және шектеу саласында адам құқықтарын қамтамасыз ету ахуалын талдау құқық қорғау органдарының қызметінде Қазақстанның осы саладағы жаңа халықаралық міндеттемелерін орындау аясында үйлестіру жоқтығын көрсетеді.
Атап айтқанда БҰҰ азаптау мәселелері бойынша арнайы баяндаушысы М. Новактың ү.ж. 4-14 мамырда жоспарланып отырған инспекторлық сапарына келісіп дайындалудың болмауын куәландырады.
Аталған сапар азаптау немесе контингентпен лайықсыз қарым-қатынас жасау фактілерінің болуы ықтимал объектілерге (тергеу изоляторлары, колониялар, арнайы қабылдағыштар, балалар үйлері, гауптвахталар, қарттар үйлері, психиатриялық ауруханалар және т.б.) баруды көздейді.
Арнайы баяндаушының Қазақстанның ЕЫҚҰ төрағалық етуі алдындағы және Мемлекет басшысы Еуропаға жол бағдарламасын жариялағаннан кейін шеккен сапарының қорытындыларына аса назар аударылатыны анық, бұл оған айтарлықтай саяси мән береді.
Осыған байланысты осы сапарға дейін БҰҰ Азаптауларға қарсы комитетінің 2008 жылы берген ұсыныстарын іске асыру жөніндегі Үкіметтің ұлттық жоспары жобасының, сондай-ақ еліміздің пенитенциарлық жүйесін реформалаудың қазіргі таңдағы шындықтар ескеріліп түзетілген стратегиясының болмауы алаңдатушылық тудырады.
Арнайы баяндамашымен болатын келіссөздер барысында осы мәселелерді талдау жоспарланады.
Осы уақытқа дейін баруға ұсынылатын мекемелер тізілімі белгіленбеген және келісілмеген. Сондай-ақ, арнайы баяндаушының қазақстандық құқықтық қорғаушылармен ү.ж. 28 сәуірдегі Вена қаласында өтеді деп белгіленген алдын ала кездесу алдында мемлекеттің ұстанымын үйлестіру жөнінде қажетті шаралар қабылданбаған.
Мазмұндалғанның негізінде ҚР Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің негізінде БҰҰ арнайы баяндаушысының Қазақстанда болуы кезінде мүдделі мемлекеттік органдардың әрекеттерін үйлестіру жөнінде жұмыс кеңесін өткізу жөн деп санаймыз.
Қарауды сұраймын.
Құрметпен,
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров
2009.23.04.
Қазақстан Республикасының
Премьер –Министрі
К.Қ.Мәсімовке
ҮНДЕУ
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
Соңғы кезде баспананы кепілге беріп, банктерден несие алған азаматтардан шағымдар жиі келіп түсетін болды, оларға қарыздарын өтеудің ай сайынғы сомасы уақытылы төленбеген жағдайда жылжымалы мүлкі сауда саттыққа шығарылатыны не хабарландырусыз сатылатыны туралы мәлімдеме жіберіледі.
Бұл ретте, банктер Азаматтық кодекстің кепілге берілген мүлікті сату рәсімін қамтитын Кепіл деген 3 параграфын, 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Жылжымайтын мүлік ипотекасы Заңының 20, 24, 25, 27-тармақтарын, Қазақстан Республикасында банктер және банк қызметі туралы Заңның 3-бабының 3- тармағын басшылыққа алады.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-бабы баспанаға қол сұқпаушылығын және одан айыруға тек сот шешімімен ғана жол беріледі деп бекітілген.
Қазақстан Халықаралық экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пакті бойынша ( 11- бабының 1-тармағы) міндеттемелеріне сәйкес әркімнің өзіне және оның отбасына деген, баспананы қоса алғанда, лайықты өмір сүру деңгейіне құқығын мойындайды.
Аталған құқықтарды қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа да халықаралық құжаттарда бекітілген.
Осылай, БҰҰдың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі комитетінің № 7 (1997) Жалпы реттегі ескертулерінің 16-тармағына сәйкес үйден шығару үйсіз адамдардың пайда болуына әкеп соқпауы тиіс. Ескертулердің 15- тармағы тиісті сот талқылауы мәжбүрлеп үйден шығару жағдайларында аса маңызға ие болып, барлық құқықтарды қорғаудың маңызды аспектісі болып табылады. Жалпы алғанда, жалпы қабылданған халықаралық стандарттар мәжбүрлеп үйден шығару рәсімдерімен байланысты қорғаудың рәсімдік аспектілері, мүдделері қозғалатын адамдармен кеңес жүргізу, жоспарланып отырған шығарулар туралы уақытылы және негізді түрде хабардар ету қажеттігін қамтиды.
БҰҰ Бас Ассамблеясы комитетінің ү.ж. наурыз айында өткен үшінші отырысында несиелер мен ипотекалық қарыздарды төлеумен байланысты мәселелер табысы төмен отбасыларды қауіпті жағдайға ұшыратады және оларды үйсіздер қатарына қосады деген алаңдатушылық білдірілді.
Осыған байланысты, кепілге қойылған жылжымалы мүлікті іске асырудың орын алып отырған банк тәжірибесі, егер бұл несие алушы және оның отбасы тұрып жатқан жалғыз баспанаға қатысты болса, бұл Конституцияның, сондай-ақ Қазақстан ратификациялаған халықаралық актілерге қайшы келеді.
Сонымен қатар, БҰҰдың лайықты баспанаға құқық жөніндегі арнайы баяндаушысы Ракель Рольниктің үстіміздегі жылы инспекторлық сапармен келуін күтуімізге байланысты елімізде жоғарыда аталған халықаралық актілердің талаптары мен нормаларын адамның баспанаға құқығын қамтамасыз ету бөлігіндегі бұзушылықтар жағымсыз халықаралық сипатқа ие болуы мүмкін.
Жоғарыда мазмұндалғандарды ескере отырып, сондай ақ ү.ж. Қазақстан Халықаралық экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пактіні орындауы туралы елдік баяндаманы қорғау қарсағында Сізге, құрметті Кәрім Қажымқанұлы, құзырлы мемлекеттік органдарға қолданылып жүрген заңнамаға баспананы сот тәртібінен тыс сатылуы мүмкін жылжымайтын мүлік есебінен шығару мәселесі бойынша түзетулер енгізу мәселесін қарауды тапсыру туралы өтінішпен үндеу жолдаймын.
Құрметпен,
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров
2009.24.04.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
міндетін атқарушы
Д.Р. Құсдәулетовке
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл атына ү.ж. 17 сәуірінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ӘМ ҚАЖКБ ЕС – 164 3 Мекемесінде жазасын өтеп жатқандардың ата аналарынан 18 сотталушы дене мүшелеріне зақым келтіргені туралы хабарлап, жағдайдың мән жайын анықтау үшін көмек көрсетуді сұрайды.
Осыған байланысты ү.ж. 21 сәуірде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Азаптауларды қолдану фактілерін қарау жөніндегі жұмыс тобының кезектен тыс отырысы жиналды (бұдан әрі Жұмыс тобы).
Отырыс барысында ӘМ ҚАЖК төрағасының , Бас прокуратура өкілдерінің , құқық қорғау ұйымдарының , сондай ақ оқиға орнында болған Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкерінің ақпараттары тыңдалды.
Жұмыс тобының отырысында оқиғаға себеп болған мән жайларды бағалау әртүрлі болса да пенитенциарлық салада осындай оқиғалардың алдын алу жөнінде жүйелі және тиімді жұмыстың болмауы атап көрсетілді.
Отырыстың қорытындылары бойынша Жұмыс тобы мыналарды ҰСЫНАДЫ:
1. ӘМ ҚАЖК :
ЕС – 164 3 Мекемесінде төтенше жағдайдың себептерін талдау мақсатында көшпелі отырыс өткізсін және осындай оқиғалардың алдын алу жөнінде кешенді шаралар қабылдасын.
Сотталушылардың туыстары үшін колониядағы тәртіп пен сотталушыларды ұстау ережелері туралы түсіндіру брошюраларын әзірлесін.
2. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ӘМ ҚАЖКБ колония қызметкерлерінің, олардың білімдерінің сотталушылармен қарым қатынас жасаудың халықаралық нормалары мен ұлттық стандарттарға сәйкестігіне кезектен тыс аттестаттау жргізуді қоса, кәсіптік даярлық пен құқықтық мәдениетін арттыру жөнінде шара қолдансын.
ЕС – 164 3 Мекемесінің әкім мүшесіне зақым келтірілген белгілері бар сотталушыларды куәландыру жөнінде дереу шара қолдансын:
Оқиғаға байланысты зардап шеккен сотталушылардың денсаулық жағдайларына ерекше назар аударсын:
Сотталушылардың туыстарын сотталушылардың денсаулық жағдайы туралы және төтенше жағдай кезінде колониядағы ахуал туралы ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдірсін:
Қоғамдық қадағалау комиссиясының мүшелеріне колония аумағына кедергісіз кіруді қамтамасыз ету жөнінде шара қолдансын.
3. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қоғамдық қадағалау комиссиясы колония әкімшілігімен өзара әрекеттесу жүйесін жетілдіру жөнінде шара қолдансын, сондай ақ колония қызметкерлері мен жазасын өтеп жатқан адамдар арасындасотталушылардың құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық стандарттардың нормаларын түсіндіру жөнінде жұмысты ұйымдастырсын.
Жұмыс тобының жетекшісі А. Шәкіров
2009.24.04.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары
Ө.Е. Шөкеевке
ҮНДЕУ
Құрметті Өмірзақ Естайұлы!
Жылжымалы мүлік нарығындағы мәселелерді шешу Үкімет, Ұлттыө банк және Қаржылық қадағалау агенттігі Экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру жөнінде бірлескен іс шаралардың 2009-2010 жылдарға арналған жоспарының (бұдан әрі Жоспар) мақсатына қол жеткізу үшін маңызды бағыттардың бірі деп белгілеген.
Аталған жоспарды іске асыру кезінде азаматтардың баспанаға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге кедергі келтіретін белгілі бір құқықтық және ұйымдастыру техникалық мәселелер туындады. Маған келіп түскен шағымдардың талдауы көрсеткендей, мыналар негізгілері болып табылады:
Екінші деңгейдегі банктердің басқа несиелеуші үйымдардан алынған ипотекалық несиелерді қайта қаржыландырудан бас тартуы, олар бұны Үкімет қарыздарды қайта қаржыландыру үшін белгіленген он банктің қарыз алушылары болып табылмайтынымен негіздейді;
Банктердің қарыз алушылардың 3-4 жыл бұрын алған ипотекалық несиелерін қайтар қаржыландыруға жататындар тізімінен алып тастау үрдісінің өсуі;
Банктердің ай сайынғы төлемдер мерзімі өтіп кеткен жағдайда қайта қаржыландырудан бас тартуы;мемлекеттік уәкілетті органның қайта қаржыландыру үшін банктерге ұсынатын құжаттар тізімінің бекітілмеуі, бұл осы процеске қатысуға ниет білдірген қарыз алушылар үшін қосымша кедергі тудырады.
Жоғарыда аталғандармен бірге көбінесе банктер мен несие алушылар арасында жасалған келісімдердің шарттарымен байланысты басқа да мәселелер туындар отыр:
Несие төлеуді кейінге қалдыру мерзімі өткеннен кейін кейбір бнктер
Ай айынғы төлем сомаларын өсіретіні, шағымданушылар онымен мүлдем келіспейді;
Банктердің несие алушыларға құқықтық салдаларға әкеп соққан жағдайлардан шығу жолдарын іздеуден бас тартуы (ысалы Казкомбанк жесір қалған әйелге қайтқан зайыбының несие алу туралы шартын өз атына қайта ресімдеуден бас тартқан);
несие алушылардың тәуекелдерін сақтандырған сақтандыру компаниялардың сақтандыру жағдайлары туындаған кезде өздерінің міндеттерін орындау жөніндегі төрешілдік кедергілері.
Жоғарыда аталған Жоспарды одан әрі іске асыру үшін неғұрлым қолайлы жағдай туғызу, азаматтардың баспанаға конституциялық құқығын іс ке асыруын қолдауға бағытталған банктік шаралардың жеделдігін, тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында, құрметті Өмірзақ Естайұлы, Сізден тиісті мемлекеттік органдарға мынадай ұсыныстардың тиімділігін зерттеуді тапсыруды сұрар едім.:
1. Несие алушылардың арыздарын жеке, азаматтардың қаржылық экономикалық және әлеуметтік жағдайын ескере отырып қарау.
2. Қоғамның әлеуметтік қауқарсыз мүшелерін – жас отбасылар, жалғаз аналар, асырауында еңбекке жарамсых адамдар – мүгедектер және қарттар бар отбасыларына қатысты жеңілдіктер, кейінге қалдыру ұсынуды немесе басқа да шараларды қабылдау;
3. Банктерге ұсынатын құжаттардың нақты тізімін бекіту.
4. Сақтандыру компаниялардың несие беруші банктермен қосылуымен байланысты мәселені шешу.
5. Дағдарысқа қарсы шараларды жедел іске асыру, ипотекалық несиеге байланысты банктік мәселелерді шешу қажеттігі туралы Мемлекет Басшысы үстіміздегі жылғы сәуірде өткен Астана қаласының даму мәселелері жөніндегі кеңесте атап өткен.
Қарауды сұраймын.
Құрметпен,
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров
2009.27.04.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Ж.А. Досқалиевқа
ҰСЫНЫС
Құрметті Жақсылық Ақмырзаұлы!
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес Алматы қаласында 2008 жылы вирустық 635 адам вирустық гепатитке шалдыққан, сондай ақ вирустық гепатиттің дифференциалдық емес түріне шалдыққан адамдардың саны екі есе өсуі байқалады. Үкіметтің 2000 жылғы 30 наурыздағы №468 қаулысына, сондай ақ Тегін медициналық қызметтің кепілді көлемінің 2008- 2009 жылдарға арналған тізіміне сәйкес айналадағы адамдардың денсаулығына қауіп келтіретін ауруларды тексеру тегін жүзеге асырылуы тиіс.
Ал, Алматы қаласында вирустық гепатитке шалдыққан ауруларға гепатит вирусын анықтау үшін тегін иммунологиялық және генетикалық тексеру жөніндегі қызмет көрсетуден бас тартылып отыр.
Аталған жағдай ұзақ уақыт бойы қалыптасқан, біздегі деректер бойынша бұл тек Алматыда ғана, себебі Қазақстанның басқа қалаларында вирустық гепатитпен ауратындар диагностика мен емдеу жөнінде қажетті қызметтермен тегін қамтамасыз етілген.
Осыған байланысты, менің атыма Алматы қаласының тұрғыны вирустық гепатитпен ауыратын С.А. Бирюков хат жолдаған., ол тегін тексеруе өту мен емделуге көмектесуді сұрайды, себебі қалалық денсаулық сақтау органдары ақылы қызмет көрсететін қалалық денсаулық мекемелерінде тексерілуді ұсынады. Бұдан бұрын шағымданушы тек қалалық денсаулық сақтау басқармасына ғана емес, Денсаулық сақтау министрлігіне де шағымданғанын атап өткен жөн.
Денсаулық сақтау министрлігі Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың және Бирюковтың өзінің сұратуларына берген жауаптарында Аматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының жоғарыда аталған әрекеттері заңсыз деп келіскен болатын.
Медициналық қызмет көрсету саласында бақылау жөніндегі комитеттің Алматы қаласы бойынша департаментінің ақпараты бойынша С гепатитімен ауыратындардың басқа да күрделі мәселесі оларды дәрі дәрмекпен қамтамасыз ету болып табылады. Дәрі дәрмек тек стационарлық ауруларға тегін беріледі, ал ан шыққаннан кейін вирусқа қарсы емдеумен қамтамасыз етілмейді, себебі дәрілер қымбат.
Осылайша, Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы бұйрығымен бекітілген Амбулаториялық емдеу кезінде рецепт бойынша дәрілер мен арнайы емдік тамақ тегін және жеңілдікпен берілетін ауру түрлері мен халықтың жеке санаттарының тізімінде вирустық гепатит пен оны емдеуге арналған дәрі дәрмектер көзделмеген.
Бұл ретте гепатит Айналадағы адамдардың денсаулығына қауіп келтіретін аурулардың тізіміне кіреді, сондықтан онымен ауыратындар емдеу кезінде мемлекеттен қолдау табуға құқылы.
Осылайша Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы осыны біле тұра, бұл ретте Денсаулық сақтау министрінің жоғарыда аталған бұйрығына негізді түрде сүйене отырып, гепатитпен ауыратындарға денсаулығын сақтау құқығын іске асыруға көмектесуден бас тартып отыр. Халықаралық экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пактінің 12-бабына сәйкес Қазақстан әр адамның денсаулықтың барынша қол жетімді деңгейіне құқығын мойындаған. Осы құқықты толық жүзеге асыру үшін қолданылуы тиіс шаралар аурулардың алдын алуды, емдеуді және онымен күрес жүргізуді қамтамасыз етуді, сондай ақ ауырған жағдайда қажетті медициналық көмек пен медициналық күтімге кепілдік беретін жағдай жасауды қамтиды.
Осы ереже Мемлекет басшысының Еуропаға жол бағдарламасында бекітілген, ол еліміздің халқын еуропа стандарттарына сай сапалы медициналық көмек қызметтерімен қамтамасыз ету, соның ішінде арасына гепатит көрсетілген аурулардың диагностикасы мен емдеу және алдын алу сапасын жақсарту аса маңызды бағыты болып белгіленген.
Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, құрметті Жақсылық Ақмырзаұлы, Сізден Алматы қаласы тұрғындарының денсаулығын сақтау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі құқықтарын жоғарыда аталған мәселелерді шешу арқылы қажетті шаралар қабылдауды тапсыруды сұраймын.
Қосымша: С.А. Бирюковтың хатының көшірмесі 3 бетте;
Денсаулық сақтау министрлігінің және Медициналық қызмет көрсету саласында бақылау жөніндегі комитеттің Алматы қаласы бойынша департаментінің хаттарының көшірмелері 4 бетте
Құрметпен,
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров
2009.14.05
Қазақстан Республикасының
Премьер –Министрі
К.Қ.Мәсімовке
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
2009 жылдың екінші жартыжылдығында БҰҰ Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі комитетінің 43-ші сессиясында Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің аясында Қазақстан Республикасының қабылдаған міндеттемелерін орындау туралы алғашқы баяндамасы қаралады.
Осыған байланысты, үстіміздегі жылы Қазақстанға БҰҰдың жеткілікті тұрғын үй мәселесі бойынша арнайы баяндаушысы Ракель Рольниктің сапармен келеді деп күтілуі белгілі түрде өзекті мәселеге айналып отыр.
Бірқатар халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар осы іс-шараға алдын ала дайындықты бастаған. Атап айтқанда, БҰҰдың Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Орталық Азия бойынша өкілі Д. Шалев 2008 жылғы қарашада Қазақстанда болып, ҮЕҰ өкілдерімен тақырыптық кездесу өткізді.
Қазіргі уақытта АҚЖКБ Қазақстанда мәжбүрлеп үйден шығару мәселесін кешенді түрде зерттеу жобасын іске асыруда. АҚЖКБ осы мәселе бойынша ү.ж. наурызда Бішкек қаласында халықаралық семинар өткізді, онда тұрғын үй мәселелері бойынша ұлттық кеңесшілердің, солардың ішінде Қазақстаннан екі тәуелсіз кеңесші құрастырған шолуларының тұсаукесері өтті. Соңғылардың шолуларында билік органдарының қазақстандықтардың тұрғын үй құқықтарын бұзуы фактілері басым орын алған.
Жоғарыда мазмұндалғанның мағынасында, осы іс шараға байланысты мәселелерді қарастыру мақсатында Р. Рольниктің сапарына дайындық үшін жауапты үйлестіруші органды белгілеу қажет деп санаймыз, ұсынылып отырғанның орындылығы Қазақстанға ү.ж. 5-13 мамырда БҰҰ азаптаулар мәселелері бойынша арнайы баяндаушысының осындай сапары тәжірибесімен расталады.
Адам құқықтары жөніндегі кеңес БҰҰ құрылымдарына Қазақстанда адам құқықтарын қорғау және қолдау мәселелерінің жағдайы туралы конвенциялық халықаралық және ұлттық құқықтық қорғау ұйымдарынан түсетін ақпаратты 2010 жылғы ақпанда Қазақстанның жалпы мерзімдік шолу аясындағы ұлттық есебін қорғауы кезінде пайдаланатын болады.
Мазмұндалғанды ескере отырып, мүдделі мемлекеттік органдарға және аймақтардың басшыларына БҰҰ арнайы баяндаушысының аталған сапарына дайындық жөнінде уақытылы тиісті шаралар қабылдауы туралы тиісті тапсырма беру орынды болар деп ойлаймыз.
Қарауды сұраймын.
Құрметпен,
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров
2009.21.05.
Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
Қ.Ә. Мәмиге
Құрметті Қайрат Әбдразақұлы!
Қазіргі уақытта Қазақстанда арнайы мемлекеттік төлемақы алатын 40 484 ақталған азаматтар бар, олардың 70% жаппай саяси қуғын сүргіннен зардап шеккендер.
Жаппай саяси құғын сүргін құрбандарын ақтау туралы Заңның 22-тармағына сәйкес ақталған азаматтар ақшалай өтемақы алуға да құқылы.
Сонымен бірге, Еңбек және халықты әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігі және оның аумақтық бөлімшелері заңнамаға сәйкес саяси құғын сүргіннен зардап шеккен болып танылған ақталғандарға өтемақы тлеуен бас тартады. Осылай, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталыққа осындай сипатта В.А. Папстан әлеуметтік қамтамасыз ету құқығының бұзылуы туралы шағым келіп түсті.
Заңның 1-тармағы ақталған деп адамды саяси қуғын сүргін құрбаны немесе саяси қуғын сүргіннен зардап шеккен деп тануды білдіреді.
Заңның 22- бабы қуғын сүргінге шалдыққандар санынан не құрбандарды, не зардап шеккендерді бөлмейтіндей мазмұндалған, ал Заңның 26-бабына келсек, 18-19-баптардың қолданысы осы Заң күшіне енгенге дейін ақталған саяси қуғын сүргін құрбандарына таралады.
Осыған байланысты мемлекеттік әлеуметтік қорғау органдары аталған Заңның 26-бабын басшылыққа ала отырып, өтемақыға тек жаппай саяси қуғын сүргін құрбандары болып танылған адамдар ғана құқылы деп санайды.
Осы жаңдай ақталған азаматтар олар саяси қуғын сүргін құрбандары емес, зардап шеккендер болып табылғандықтан өтемақыға құқылы емес деп қорытынды жасауға мүмкіндік бермейтіні анық.
Осылайша, арнайы мемлекеттік төлемақы алғанына қарамастан, саяси қуғын сүргіннен зардап шеккендер Заң олардың өтемақыға құқығын бекітеді, оны мемлекеттік органдар мойындамайды деп санайды.
Прокуратура органдары туралы Заңға сәйкес прокуратура Республика аумағында заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің бірыңғай және нақты қолданылуына жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратын орган болып табылады және кезкелген заң бұзушылықты анықтау және жою жөнінде шара қолданады, Конституцияға және Республика заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да нормативтік актілерге наразылық білдіреді.
Жоғарыда мазмұндалғанды ескере отырып, Сізден , құрметті Қайрат Әбдіразақұлы, саяси қуғын сүргіннен зардап шеккендер болып танылған азаматтар санаты құқықтарын қалпына келтіру жөнінде шара қолдану орындылығы мәселесін қарауды тапсыруды, не Заңның 22- бабын еркін түсінуге жол бермеу мақсатында аталған бапқа қажетті түзетулерге бастама жасауды сұраймын.
Қосымша: 1. В.А. Папстың хаты 1 бетте;
2. Еңбек және халықты әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті хатының көшірмесі 1 бетте.
Құрметпен,
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров
2009.14.07.
Алматы қаласының әкімі
А.С. Есімовке
ҰСЫНЫС
Құрметті Ахметжан Смағұлұлы!
Еліміздің ең ірі мегаполисі Алматы қаласының дамуына байланысты халықты баспанамен, инженерлік коммуникациялармен, жолдармен, сумен, жылумен, электр қуатымен, газбен, экологиямен және тұру қауіпсіздігімен қамтамасыз ету өзекті мәселелерге айналып отырғаны баршаға мәлім.
Оңтүстік астананың маңындағы шағын аудандар , солардың ішінде өзіндік пайда болған ауылдар, оның күрделі мәселеге айналып отырған нүктелерінің бірі болып табылады. 15 жылда қала айналасында қажетті әлеуметтік тұрмыстық жағдайлары жоқ тұрғын үй алабы қалыптасты. Кейбір қала маңындағы кенттерде бұл мәселелер ішінара шешілген, сонда да бұл осы туындап отырған мәселелерді шешу үшін жүйелі іс шаралардың нәтижесі болып табылмайды.
Әлеуметтік инфрақұрылымы жоқ күрделі мәселе тудырып отырған қала маңындағы шағын аудандардың бірі 1990 жылы Алматы қаласының шекарасына кірген Алтын бесік шағын ауданы. Бірақ ол бұл күндердің өзінде шалғайда қалған ауылға ұқсайды.
Аталған шағын ауданда жол, көше жарығы, газ, ыстық су және кәріз су құбырлары жоқ. Суық су үнемі тоқтап қалады, электр желілерінде қуат жетіспейді. Шағын аудан құрамына 200 үй кірсе де, онда не мектеп не бала бақша жоқ.
Қарапайым коммуналдық қызметтердің болмауы туралы мәселелер Мемлекет басшысы алдында ү.ж. 13 қарашада өткізген Халықпен тікелей байланыс аясында қойылған.
Жуырда, маған Казречка көшесінде орналасқан 14 үйің тұрғындары атынан азаматша А.М. Шукебаева хат жолдаған.
Хатқа сүйенсек, Жарбұлақ өзеннің үстінен өтетін Шығыс айналыс жол жүйесіне кіретін көпір құрылысы төтенше жағдайға әкеп соғу қаупін төндіреді, оның нәтижесінде тұрғындардың өміріне, денсаулығына , олардың үйлеріне залал келтіру қауіпі бар, себебі үйлердің көпшілігі ескі.
Электрондық БАҚта орналастырылған осындай мазмұндағы хаттарға келсек, (Қазақстан Республикасы Премьер министрінің блогында 2009 жылғы 27 маусымдағы № 14005 сұрақ ) қалыптасқан ахуал Казречка көшесі тұрғындарының лайықты өмір сүру құқын бұзады. Шағымданушылар мен олардың отбасылары басынан кешіп отырған қиындықтар жер қабатының күн сайын құлап жатқанымен, жолдың, мектеп пен № 5 ауруханаға баратын жолдың жоқтығымен күрделене түседі.
Алматы қаласының әкімі аппараты басшысының қарауына енгізілгені туралы жауап келген (қоса беріледі).
Өз кезегінде Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Мұқашев бұл мәселенің шешілуі Төтенше жағдайлар жөніндегі қалалық департамент арқылы қаралып жатыр деп хабарлады (қоса беріледі).
Аталған органдардың ақпараттары бойынша мүдделі қалалық қызметтер өкілдерінен тұратын комиссия екі рет ү.ж. 26 мамыр және 12 тамызда Казречка көшесіндегі үйлердің техникалық жағдайын көздерімен көріп қайтты, олар бір ауыздан Көктебе тау бөктерінің құлауы ықтималдығы мен көшкін болу мүмкіндігінен адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп бар деген қорытынды шығарды. Соңғы қарау нәтижесі бойынша Алматы әкімдігіне, аталған үйлер автожолдар құрылысын салу аймағынан тыс болғандықтан мемлекеттің мұқтажы үшін сатып алуға жатпайтынына қарамастан, 16 үй иесінен үйлерді сатып алу үшін қаржы қарастыру туралы ұсыныс берілді (Алматы қаласы әкімінің 2009 ж. 14 мамырдағы № 4322 қаулысы).
Сонымен қатар, Алматы қаласы әкімінің 2007 ж. 22 қаңтардағы № 1111 қаулысына сәйкес бұл үйлер мен жер телімдері алғашқыда Шығыс айналма жолын салуға байланысты мемлекет қажеттігіне сатып алынуға жататын, бірақ кейін жобалау сметалық құжаттаманы түзетуге байланысты алып тасталған.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайар туралы Қазақстан Республикасы Заңының 13-тармағына сәйкес жергілікті өкілді және атқару органдары тиісті аумақта табиғи сипаттағы төтенше оқиғалардың алдын алуға және жоюға жауапты. Алдын ала кешенді іс шаралар жүргізу төтенше жағдайдың пайда болу тәуекелін төмендетеді, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға, залалдың және материалдық шығын мөлшерін кемітуге мүмкіндік береді.
Бұрын Казречка көшесі тұрғындарының мәселелеріне үстірт қарау мерзімсіз аштық жариялау мен басқа да жаппай акцияларға әкеп соққан.
Қазақстанның Халықаралық экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пактінің 11- тармағына сәйкес міндеттемелеріне сүйеніп мемлекет әркімнің өзіне және оның отбасына деген, баспананы қоса алғанда, лайықты өмір сүру деңгейіне құқығын мойындайды. Бұл жағдайда Алтын бесік шағын ауданы және Казречка көшесі тұрғындарының аталған құқығы іске асырылмайды.
Жоғарыда мазмұндалғанға, сондай ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ереженің 25-тармағына сәйкес, құрметті Ахметжан Смағұлұлы Сізден жоғарыда аталған тұрғындардың мәселелерін шешу үшін қажетті шара қолдануды және олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге ықпал етуді тапсыруды сұраймын.
Құрметпен,
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров
2009.13.11.
Қазақстан Республикасы
Премьер –Министрі
Кеңсесінің Басшысы
Ғ.Р. Әбдірахымовқа
ҰСЫНЫС
Құрметті Ғабидолла Рахматуллаұлы!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ереженің 16-тармағына сәйкес, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз құзыры шегінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылу фактілері туралы мәліметтерді келіп түскен хаттар негізінде, сондай ақ, егер бұл бұзушылықтар туралы оған ресми көздерден немесе бұқаралық ақпарат құралдарынан белгілі болса өз бастамасы бойынша да тексереді.
Осылайша, соңғы кездерде, бұқаралық ақпарат құралдарында еліміздің оқу мекемелерінде хиджаб кию мәселесі бойынша үлкен дикуссия болып жатыр.
Қазақстандықтарды алаңдатып отырған бұл тақырып ү.ж. 13 қарашада Халықпен тікелей арнада Мемлекет басшысына ең көп қойылған сұрақтар қатарына енді.
Одан басқа, менің атымаосы мәселе бойынша , атап айтқанда адвокат Апахаевадан Н.Нұрбекова КК,Әмірқұлова Б.К., Г. Жаманова мүддесіне хиджаб киюге тыйым салынуы туралы шағым түсті.
Оның мазмұнына келсек, К.К. Нұрбекованың Жамбыл облысы Мерке ауданында орналасқан Трубицин атындағы №17 мектепке бару мүмкіндігі жоқ, себебі осы мектептің директоры бұл баланың ата анасынан хиджаб киюге аудандық білім бөлімінің рұқсатын ұсынуды талап етеді. Аудандық инстанцияға жазған хаты осы киім бұйымын киюге тыйым салумен аяқталды.
Хатта Тараз қаласының орта мектептерінде орын алып отырған тағы да осындай бірнеше мысалдар келтіріледі.
Хаттың басқа бөлігі Ақтау қаласының мектеп мұғалімдері мен қаланың жоғары оқу орындарындағы студенттерінің хиджаб кию мәселесіне қатысты.
Ақтау қаласының №12 мектеп мұғалімі Г. Жаманованың хатына келсек, оны мектеп директоры кемсітіп қорлық көрсетеді, ол аталған себеп бойынша мұғалімді осы себеп бойынша жұмыстан кетуге мәжбүрлейді.
Жоғарыда аталған мәселелер бойынша ҚР Әділет министрлігінің Діни істер комитетіне (бұдан әрі - Комитет) және ҚР Білім және ғылым министрлігіне тиісті сұрату жіберілген.
Біздің сұратуымызға Комитет төрағасы А. Досжанның жауабына сүйенсек, Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабының 1,2-тармақтарына сәйкес әркім өзінің сенім бостандығына құқылы. Аталған құқықты іске асыру мемлекет алдында жалпы адами және азаматтық құқықтарға байланысты немесе оларды шектеуге тиіс емес. Одан басқа, оның пікірінше, не ҚР Білім туралы заңында, не өзге де нормативтік құқықтық ктілерде орамал мен хиджаб киюге тыйым салатын нормалар жоқ. Ал бұндай киім бұйымын мұғалімдердің киюіне қатысты Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 7-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес әркімнің өзінің еңбек саласындағы құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға тең мүмкіндіктері бар.
Ешкім өзінің еңбек құқықтарын іске асыру кезінде дінге қатысты қандай да бір кемсітушілікке тап болмауы тиіс.
Орта білім департаментінің директоры Н.Аршабековтың мазмұндауында ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұстанымы , Діни наным және діни бірлестіктер туралы ҚР Заңының 5-бабына сәйкес республикамызда мемлекеттік білім беру және тәрбие жүйесі діни бірлестіктерден бөлінген және зиялы сипатта. Білім туралы ҚР Заңының 43-бабына және 47-бабының 14-тармағына сәйкес білім ұйымы оқу және тәрбие процестерін дербес жүзеге асыруға құқылы, оқушылар мен тәрбиеленушілер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білім мен тәрбие алуға , ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, білім ұйымының жарғысында және білім беру қызметін көрсету туралы шарттарда көзделген басқа да талаптарды орындауға міндетті.
Осыған байланысты дінді білімнен бөлу және орта мектептерде бірыңғай мектеп формасының болуы діни сенім бостандығына құқықтарды бұзу болып табылмайды, себебі форма оқушы қандай да бір дінді тұтуына қарамастан оқушылар үшін міндетті болып табылады.
Осылайша, қазіргі уақытта қоғамда осындай пікірталас тудырған мәселе бойынша жоғарыда аталған мемлекеттік органдардың ұстанымдары сәйкес келмейтін жағдай қалыптасып отыр.
Қазақстан әлемде хиджаб кию мәселесі күрделі болып отырған жалғыз зиялы ел емес екені анық.
Мысалы, 2008 жылы Турция Конституциясына елдің жоғары оқу орындарында хиджаб киюге тыйым салудың күшін жоятын түзетулер енгізілген.
Сонымен қатар, бельгияда билік шешімімен келесі оқу жылы мектептерге хиджаб пен келуге тыйым салынатын болады, тек оларға доктриналдық және философиялық оқу орындары жатпайды.
Еуропа елдері арасында 2004 жылы Франция хиджаб киюге толық тыйым салған, оның нәтижесінде елде баршаға белгілі кең ауқымды тәртіпсіздік орын алған.
Осындай тийым салу заңдары Германияның 8 федералды аймақтарында қолданылады.
Мектептерде діни киім киюге, сондай ақ Өзбекстан мен Қырғызстанда тыйым салынған.
Қазақстан этникааралық және конфессияаралық келісімнің өнегесі болып табылады, оның негізінде ұлттық және діни шыдамдық пен толеранттық жатыр. 2003 жылдан бастап елімізде әлемдік және дәстүрлі діндердің көшбасшыларының құрылтайы өтуде, 2011 жылы республика Ислам конференциясы ұйымын басқаратын болады. Сонымен бірге 2010 жылы Қазақстан ЕЫҚҰ төрағалық етеді, осыған байланысты қаралып отырған мәселені ойланып шешкен қажет.
Бұл мәселе уақытылы шара қолданбаған жағдайда күрделі әлеуметтік сипатқа ие болуы, қоғамда белгілі бір қарсылық тудыруы мүмкін, бұл болмауы тиіс.
Мазмұндалғанды ескере отырып, және өзара қолайлы ұстанымды әзірлеу мақсатында құрметті Ғабидолла Рахматоллаұлы, Сізден осы қалыптасқан жағдайды шешу жөнінде ведомствоаралық деңгейде қажетті шара қолдануды сұраймын.
Құрметпен,
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров
2009.14.11.
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
С.Н.Баймағамбетовке
ҰСЫНЫС
Құрметті Серік Нұртайұлы!
Ішкі істер органдарының азаматтық заңнаманы қолдануы мәселесі бойынша менің атыма келіп түскен хаттардың талдамасы осы салада белгілі бір күрделі мәселелердің бар екенін дәлелдейді.
Мәселен, В.Н. Рашитованың хатының мазмұнына келсек, оны жұбайы С.В.Рашитов 2008 жылғы сәуір айында Шымкент қаласының Абай аудандық ІІБ ПБ миграциялық полиция бөліміне Қазақстан Республикасы азаматтығын беру туралы өтініш берген.
2009 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (бұдан әрі Комитет) материалды басқа мемлекет азаматтығының жоқтығын немесе тоқтатылуы туралы анықтаманы сұрату және іске қоса тігу үшін толықтыруға қайтарған. Осы материал Шымкент қаласының Абай аудандық ІІБ ПБ миграциялық полиция бөліміне 2009 жылғы 3 шілдеде түскен.
Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Қазақстан Республикасы заңының 32-бабына сәйкес азаматтық алуға өтінішті қарау мерзімі 6 айдан аспауы тиіс.
Одан басқа, ҚР ІІМ 2002 жылғы 23 тамыздағы № 556 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығымен байланысты мәселелерді қарау жөніндегі нұсқаулығының 10-тармағында жергілікті ішкі істер органдарында және ұлттық қауіпсіздік органдарында, Ішкі істер министрлігінде және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарында өтініштерді қарау мерзімі осы органдардың әрқайсысында бір айдан, барлығын қосқанда алты айдан аспауы тиіс деп көрсетілген.
Бірақ осы талаптарды бұза отырып, Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің Миграциялық полиция басқармасы С.В. Рашитовтың өтінішін бір жылдан артық қарап, осы күнге дейін оның Қазақстан республикасы азаматтығын алу мәселесі өз шешімін таппаған.
Олыс ІІД қызметкерлерінің істі тиісті түрде ресімдемеуі себеп болған, осының салдарынан ол Комитетке қайтарылған.
Басқа мысал, Ресей Федерациясы Свердлов облысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Т.Г. Мерзлякованың Свердлов облысының түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан В.В. Федотовтың мүддесіне соңғының азаматтығы мәселесі бойынша құзырлы органдардың тұжырымдамасын алуға ықпал ету жөніндегі өтініші.
В.В. Федотовтың қылмыстық іс материалдарына ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің миграциялық комиссия бөлімінің бастығы А. Тоқсановтың хаты қоса тігілді, оған сәйкес В.В. Федотов Қазақстан республикасының азаматы болып табылмайды және азаматтығы жоқ адам болып табылады.
Осы хат негізінде В.В. Федотовтың қылмыстық ісі Ресей Федерациясының 26 гарнизондық әскери сотының соттылығына жататындық мәселесі шешілді.
Сонымен қатар, Министрлікке және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жіберген біздің сұратулар бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Қазақстан Республикасы заңының 3-бабына сәйкес В.В. Федотов қазақстан азаматы болып табылады деген жауап келді.
Осы ақпарат Свердлов облысы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жіберілді. Алайда, кейін жұмыс барысында, ол Ресей Федерациясының Бас әскери прокурорының көмекшісінің Байқоңыр қаласындағы ҚР ІІМ өкілдігінің арнайы полиция басқармасының бастығының міндетін атқарушы Г.В. Ким өзінің 2009 жылғы 6 мамырдағы хатында В.В. Федотов Қазақстан азаматы емес екенін тағы растағаны туралы хатын алған.
ҚР ІІМ және Бас прокуратурасының жауаптарында біздің кезекті сұратуымызға олардан В.В. Федотовқа қатысты Байқоңыр қаласындағы ҚР ІІМ өкілдігінің ол Қазақстан азаматы емес екені туралы ақпарат расталмады деп есептеу керек деген жауап келген.
Осылайша, аумақтық бөлімше мен мемлкеттік орган арасында үйлестіру болмағандықтан адам құқығын айтарлықтай бұзу жағдайы туындаған, ол сонымен қатар халықаралық сипатқа ие болды.
Жоғарыда мазмұндалғанды ескере отырып және Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ереженің 25-тармағына сәйкес, құрметті Серік Нұртайұлы, Сізден осындай жағдайларды болдырмау жөнінде заңнамалық шараларды қолдану туралы тапсырма беруді сұраймын.
Құрметпен,
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров
2009.18.11.
Қазақстан Республикасының
Премьер Министрі
К.Қ. Мәсімовке
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық Адам құқықтары жөніндегі институт қалыптасқан уақыттан бастап республиканың барлық пенитенциарлық мекемелерінің мониторингін жасады. Осы мониторингтің талдауы , сондай ақ келіп түсетін шағымдар Үкімет тарапынан шешуді талап ететін кейбір мәселелердің бар болуына сенуге негіз болып отыр.
Мәселен, еліміз қосылған халықаралық құжаттарда қамаудағылардың олар өздері тұратын жерлерге жақын ұсталу құқығы бекітілген.
Сонымен қатар, ҚАЖ мекемелерінің орналасуы халықаралық нормалар мен стандарттардың талаптарына ғана емес , қолданыстағы ұлттық заңнаманың да талаптарына сай болуға мүмкіндік бермейді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексінің 68-бабының талаптары орындалмайды, оған сәйкес бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазасын олар өздері қамауға алынған не сотталған күнге дейін тұрған облыс аумағында өтеуі тиіс, себебі барлық облыстарда барлық режим түрлеріндегі түзеу мекемелері бола бермейді. Осындай жағдай сотталушыларды жазасын өтеп жатқан жерге, апелляциялық сатыдағы сот мәжілістеріне тасымалдауға, сондай ақ оларды тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмсалатын бюджет қаражатын арттырады. Неғұрлым кемсітіген жағдайда әйелдер мен кәмелетке толмағандар болады.
БҰҰдың қылмыскерліктің алдын алу және қылмыскелермен қарым қатынас жөніндегі Бірінші конгрессте қабылданған Ең төменгі стандарттық ережелерде қамаудағыларға климат жағдайы, бөлменің кубатурасы, жарығы, жылу жүйесі, және вентиляциясы ескеріліп барлық санитарлық нормаларға сай жеке камералар ен бөлмелер берілуі тиіс. Бұндай кепілдікті әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, сотталушыларды ұстаудың камерлік жйесі арқылы қамтамасыз ету мүмкін.
Осы кезде ҚР Әділетминінің ҚАЖ комитетінің жабык типтегі 56 түзеу мекемесінен 52інде отрядтық жйе бойынша барақ үлгідегі жатақханаларда ұсталады (100-150 адам). Жұмыс істейтін түзеу мекемелері өткен ғасырдың 1930-1960 жылдары салынған ғимараттар мен құрылыстар, олардың негізгі бөлігі көп жылдар бойы күрделі жөндеусіз пайдаланылады. Көптеген мекемелер ауылдық жерлерде орналасқан, коммуникациялары ескірген және авариялық жағдайда. Кейбір ғимараттар істен шыққан. Зерттеу актілеріне сәйкес, 10 блыстың түзеу екемелерінің 43 жатақханасы авариялық жағдайда және ТЖМ мамандарының нұсқамалары бойынша күрделі жөндеуді талап етеді.
Сотталушыларға ұстау жағдайларын жасау мәселесін шешу ҚАЖ дамыту бағдарламасымен көзделген жаңа СИЗО және ТМ пайдалануға беру және бар ғимараттардың қайта құрылысын жасау арқылы мүмкін болады.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта түзеу мекемелерінің ұзақ салыну мәселесі орын алып отыр, атап айтқанда:
2004 жылдан бастап Павлодар қаласында Химпром ААҚ өндірістік корпустарының өірлік бас бостандығынан айыруға сотталғандарды ұстау үшін 1500 орындық айрықша режимдегі түзеу колониясы ретінде қайта құрылысын жасау.
Бұл шешім Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақстанда өлім жазасына мораторий жариялау туралы Жарлығына және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі Пенитенциарлық жүйені одан әрі реформалау туралы хаттамалық шешіміне сәйкес қабылданған.
Қайта құрылыстың құны бағалардың 2004 жылға болжанып отырған деңгейінде 3 млрд. 860 млн. теңгені құрды. Бұл қаражат көп уақыт бойы 2004-2008 жылдары объект құрылысының нормативтік ұзақтылығы ескерілместен республикалық бюджеттен бөлініп отырған. Нәтижесінде, құрылыс материалдарына , электр қуатына, жанар жағар май бағаларының өсуіне және жалақының өсуіне байланысты бөлінген қаражат қайта құрылысты аяқтау үшін жеткіліксіз болып шықты. Бюджеттік қаражатты толық игерген жағдайда орындалған жұмыстардың жалпы көлемі 60 пайызды құрды.
Қайта құрылысты аяқтау және объектіні пайдалануға беру 2007-2008 жылдарға жоспарланған, бірақ қаражаттың жетіспеуіне байланысты бірқатар объектілер бойынша жұмыстар аяқталмай қалды, нәтижесінде түзеу колониясы пайдалануға тапсыруға және сотталушыларды қабылдауға дайын емес.
ҚАЖ комитеті жобалау сметалық құжаттаманы түзетуді ескере отырып, 2010 жылға 1 млрд.484 млн. теңге көлемінде бюджеттік тапсырыс берген. Бірақ РБК шешімімен бюджеттік тапсырыс қолдау таппаған.
Алматы қаласында жаңа тергеу изоляторының құрылысы мен қайта салынуы (ЛА -155 18 мекемесі).
2004 жылы Қазақстан Республикасының ІІМнен Әділет министрлігінің
қарамағына қылмыс жасады деп күдіктілер мен айыпталушыларды ұстауға арналған тергеу изоляторлары , солардың ішінде құрылысы аяқталмаған Алматы қаласындағы жаңа тергеу изоляторының құрылысы мен қайта салынуы (ЛА -155 18 мекемесі).
Бұл объектіні 2000 жылдан бастап ҚР ІІМ Алматы қаласы Турксиб ауданында орналасқан бұрынғы № 11940 әскери бөлімінің құрылыстары негізінде салынып жатқан. 2007 жылдан бастап оның құрылысын Әділетминінің ҚАЖК жалғастырған, соның нәтижесінде 2007 жылғы 31 қазанда мемлекеттік қабылдау комиссиясының шешімімен бірінші жіберілетін кешеннің объектілері пайдалануға берілген.
Жоба бойынша құны 3 мрд. 254 млн. 200 ың тенге. Құрылыс басталғаннан бері республикалық бюджеттен 3 млрд. 73 млн. 640 мың тенге блінген. Барлық қаражат толық игерілген. Бүгінгі таңда құрылысты аяқтау және объектіні толық пайдалануға беру үшін 180 млн. 560 мың. Тенге қажет. 2010 жылға бюджеттік тапсырыс РБК шешімімен қолдау таппады.
ҚАЖ салынып жатқан басқа да объектілеріне қаржы бөлу жөніндегі ахуал алаңдатушылық туғызып отыр, олар сотталушыларды халықаралық нормалар мен стандарттардың талаптарына сай ұстау үшін қажетті жағдай жасауға бағытталған болатын.
Осы объектілерді қаржыландыруды тоқтату атмосфера әсеріне байланысты құрылысы бітпеген құрылыстардың конструкцияларының бұзылуына, инженерлік коммуникациялар, құрылыстық конструкциялар элементтерінің қатардан шығуына, сыртқы және ішкі әрлеудің сапасының төмендеуіне, техникалық құралдардың ескіруіне және пайдаланудың кепілдік мерзімдерінің өтуіне, сондай ақ салынып бітпеген объектілерді күзетуге шығындардың өсуіне әкеп соғады, кейін бұл қалпына келтіру жұмыстарына одан да көп қаражатты талап етеді және объектілерді тапсыру мерзімін алыстатады.
Одан басқа, қазіргі кезде ҚР Парламентінде Қазақстан Ресупбликасының кейбір заң актілеріне қылмыстық жазалауды атқару жүйесін және қылмыстық атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР заңының жобасы қаралуда. Осы заң жобасы бір түзеу колониясында қатаң оқшауландыруды қамтамасыз ете отырып, оқшауландырылған учаскелерді жасау арқылы әртүрлі режимдерде жазасын өтеуге сотталғандарды жоғарыда аталған камераларда ұстау мүмкіндігін қарастырады. Бұл да айтарлықтай қаражат бөлуді талап ететін болады.
Лондон университеті жанындағы Халықаралық түрмелерді зерттеу орталығының статистикалық деректері негізінде әққұ жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы еліміздің 100 мың – 23-ші,, яғни соңғы 3 жылда сотталушылар санының тұрақты өсі үрдісі байқалады. ҚР Әділетинінің ҚАЖК деректері бойынша ү.ж. басында республиканың пенитенциарлық жүйесінде 58692 сотталғандар мен тергеуде қамаудағылар ұсталса, (2007.01.01 – 51544), 2009.25.09. жағдай бойынша – 63302 .
Қамау орындарының тым толық болуы санитарлық гигиеналық жағдайдың нашарлануына, тұрудың айтарлықтай тығыз болуына әкеп соғады, қызмет көрсету жүйелері үшін тым жүктеме келтіреді, атап айтқанда, медициналық жағынан,
Бағдарламалық іс шараларды жүзеге асыруды қиындатады, қамаудағылар мен персоналдың қарым қатынасының тым күрделене түсуіне әкеп соғады, бұл зорлық зомбылық тәуекелін арттырады.
Еліміздің пенитенциарлық жүйесінде қалыптасқан ахуалды халықаралық және отандық құқық қорғаушы ұйымдар өкілдері өздерінің баяндамаларында сипаттайды, олар қылмыстық атқару жүйесін реформалау өте баяу жүргізілетінің атап өтеді.
Қазақстанның Азаптауға қарсы конвенцияның Факультативтік хаттамасын ратификациялау отырып, еліміздің адам құқықтары саласындағы имиджін нығайтуға ықпал етті және халықаралық стандарттарға сай бас бостандығынан айыру орындарын қоғамдық бақылау үшін ашықтығын дәлелдеді, колониялар мен тергеу изоляторларына мониторингтік бару, оның ішінде, халықаралық инспекторлардың бару саны артты.
Осыған байланысты, Қазақстанның сотталушыларға лайықты ұстау жағдайларын жасау жөніндегі халықаралық актілерден туындайтын міндеттемелеріне сүйене келе, құрметті Кәрім Қажымқанұлы, Сізден ҚАЖдың бар объектілерінің жаңадан құрылысын жүргізу және жаңа объектілерін салуға қаражат бөлу кезінде жоғарыда аталған жағдайды назарға алуды сұраймын.
Құрметпен,
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров
2009.23.11.
Қазақстан Республикасының
Премьер Министрі
К.Қ. Мәсімовке
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
Қазіргі таңда Қазақстан экономикалық дағдарыс жағдайында тиімді және мақсатты саясат жүргізіп отырған санаулы елдердің бірі болып отыр, оның негізгі бағыттары Мемлекет Басшысының 2009 жылғы наурыздағы Дағдарыстан жаңару мен дамуға Жолдауында белгіленген. Әлеуметтік, мәселелерді шешу, қазақстандық қоғамның барлық әлеуметтік топтарының өмір деңгейін үнемі арттыру осы бағыттардың бірі болып табылады.
Үкіметтің экономиканы тиімді дамыту және қазақстандықтардың әл аухатын жақсартуды қамтамасыз ету жөніндегі күштерін атап отырып, Арселор Миттал Теміртау АҚ кәсіпорнында қалыптасқан ахуалға Сіздің назарыңызды аудару қажет деп ойлаймын.
Еңбек, әлеуметтік құқықтарды реттеу, жұмысшылардың қосымша жеңілдіктерін және кепілдерін белгілеу мәселелері осы компания мен Арселор Миттал Теміртау АҚ Металлургия комбинатының кәсіподақ ұйымы ҚБ пен Қорғау көміршілер кәсіподағы ҚБ арасында жасасылған ұжымдық шартта бекітілген.
Компания кәсіподағының ақпаратына сәйкес аталған уағдаластықтар орындалады.
Сонымен қатар, өз шешімін талап ететін бірқатар мәселелер бар.
Зейнетақы жасын оңтайландыру.
Бірнеше жылдар бойы тау кен және көмір өнеркәсібі кәсіподақтары ауыр, зиян және еңбектің қауіпті жағдайлары бар жұмыспен айналысатын жұмысшылардың зейнетке шығу жасын кеміту мәселесін қозғап жүр.
Олар жүргізген зерттеулерге сәйкес 50 жастан асқан кеншілер мен металлургтердің көпшілігі қауіпті және зиянды өндірістік факторларға, еңбектің ауырлығы мен қиындығына байланысты ауруларға шалдыққан. Шахтерлердің өмірінің орташа ұзақтығы Қарағанды облысындағы ерлердің осындай көрсеткішінен 5-6 ға төмен (58,6 жас). ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүргізген еңбек жағдайларын медициналық кешенді зерттеу және кеншілер мен металлургтердің денсаулығына зиян, қауіпті өндірістік факторлардың әсерін бағалау осы санаттағы азаматтардың 50 жастан зейнетке шығу қажеттігін дәлелдейді (ақпарат көзі: ҚР Кәсіподақтар сайты www.fprk).
Сонымен қатар, ТМД елдерінде зиян немесе қауіпті еңбек жағдайларымен байланысты жұмыспен айналысатын жұмысшылардың зейнетке мерзімнен бұрын шығуы заңнамада қарастырылған.
Мәселен, Ресейдің 2001 жылғы 17 желтоқсандағы О трудовых пенсиях в Российской федерации заңында ерлерге 50 жасқа келгенде және әйелдерге 45 жасқа келгенде, егер олар жерасты, еңбектің зиянды жағдайдағы жұмыстарда, ыстық цехтарда тиісінше 10 жыл және 7 жыл 6 ай жүмыс істеп, тиісінше 20 және 15 жыл сақтандыру стажы болса кәрілік бойынша зейнетақы тағайындалады. Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Украина заңына сәйкес зиян және ауыр жағдайдағы жұмыстың кейбір түрлерімен айналысқан адамдарға әйелдерге 55 жасқа келгенде, ерлерге 60 жасқа келгенде зейнетке мерзімнен бұрын шығу құқығы көзделген.
Денсаулығына зиян келтірілуіне байланысты төленетін соманы индекстеу туралы.
Қазақстан 2005 жылы Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пактіні ратификациялай отырып, өзіне әр адамның өзіне және оның отбасына деген, баспананы қоса алғанда, лайықты өмір сүру деңгейіне құқығын қамтамасыз ету жөніндегі құқықтарын қамтамасыз ету жөнінде міндеттеме алған.
Сонымен қатар, Денсаулығына зиян келтірілуіне байланысты төленетін соманы кәсіпрында еңбекақы деңгейінің өсуіне байланысты индекстелмейді.
ҚР Азаматтық кодексінің 943-бабына сәйкес еңбек ақының ең төменгң көлемі заңнамада белгіленген тіртіппен өскен жағдайда жоғалтқан еңбек ақы, денсаулыққа зақым келген немесе өліммен байланысты жағдайларда тағайындалған өзге де төлемдер сомалары айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты көбейеді.
Өндірісте еңбекке байланысты мүгедек болып қалған көптеген кеншілер, металлургтер үшін денсаулығына нұқсан келтірілген үшін төлемақы сомасы есептелген еңбек ақы көлемі бүгінгі еңбекақы деңгейінен айтарлықтай төмен. Бұл қаражаттың емделу, денсаулығын қалпына келтіру және дәрі дәрмек сатып алу үшін жеткіліксіз екені сөзсіз.
2009 жылғы 25 маусымда Время газетінде жарияланған Шахтерская угроза мақалада ү.ж. маусым айында Арселор Миттал Теміртау АҚ көмір шахталарында еңбекке жарамсыз болып қалған кеншілер Қарағанды қаласында рұқсатсық жиналыс өткізген, онда олар кәсіпорында денсаулығына нұқсан келтіруіне байланысты төленетін зиянның орнын толтыру сомаларын қайта қарауды талап еткен.
Еңбекте зардап шегу нәтижесінде мүгедек болған бұрынғы бірқатар шахтерлер, металлургтер олар алып отырған зиянның орнын толтыру сомасы шахтердің 1995 жылғы 1 қарашадағы жағдайдағы орташа еңбек ақыдан есептелген. (ақпарат көзі: www.time 2009 ж. 15 қазандағы Жертвы доброй воли мақаласы).
Қауіпсіздікті мен еңбек қорғауды қамтамасыз ету.
Арселор Миттал Теміртау АҚ көмір шахталарында жалғасып жатқан қайғылы оқиғалар онда орын алып отырған еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіндегі айтарлықтай кемшіліктердің куәсі. Бүкіләлемдік лайықты еңбек күніне арналған баспасөз мәслихатында Лайықты еңбек тау кен, көмір және металлургия өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіподағы қайғылы статистиканы келтірді. 13 жыл бойы 1996 жылдан 2008 жылға дейін компания жұмыскерлері шахталар мен жер бетіндегі кәсіпорындарда 6203 өндірістік жарақат алған, оның ішінде 455 ауыр, соның нәтижесінде мүгеек болған және 191 өлімге әкеп соққан (ақпарат көзі: www.inform, Каждый добытый миллион тонн угля обходится в две человеческие жизни - профсоюз Достойный труд 2009 ж. 08 қазан).
Арселор Миттал Теміртау АҚ көмір шахталарында Қарағанды облысы прокуратурасы еңбек туралы заңнаманың және қауіпсіздік техникасының сақталуын тексеру нәтижесінде 13 423 шахта жұсшыларының бұзылған құқықтары қалына келтірілді. Облыс прокуратурас ының нұсқамасы бойынша шахталардың 8 басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 30 лауазымды адам тәртіптік түрде жазаланды (ақпарат көзі: Kazakhstan Today Прокуратурой Карагандинской области восстановлены нарушенные права работников шахт Арселор Миттал 2009ж. 23.01.)7
2009 жылғы 28 маусымда орын алған Тентекская шахтасындағы кезекті аварияда көмір мен газдың күтпеген жерден атылып шығу нәтижесінде үш жұмысшы қаза болды, екеуі зардап шекті. Үкіметтік комиссия жұмыс берушіні кінәлі деп тапты. Комиссия қорытындысы бойынша, компания тау кен жұмыстарын жүргізу кеіне қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ететін техникалық процестерді жетілдіру жөнінде жеткілікті шара қолданбаған.
Одан басқа, ү.ж. 21 қыркүйегінде Арселор Миттал Теміртау АҚтың №2 кокс цехында көмір концентратының құлауы нәтижесінде бір жұмысшы қаза тапты, ү.ж. 26 қыркүйегінде Арселор Миттал Теміртау АҚ Постремонтная стансасы маңында үйме үстінен құлап 49 жастағы әйел –транспорттық басқару жолының кезекші монтері қаза болды.
Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пактінің 7- тармағы әркімнің, қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай жұмыс жағдайларын қоса алғанда, әділ және қолайлы еңбек жағдайларына құқығын жариялайды.
Сонымен қатар, ҚР Еңбек кодексінің 3116 317-тармақтарыжұмыс берушіге жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі жағдайларының қолданыстағы мемлекеттік стандарттар мен ережелерге сәйкестігін қамтамасыз етуді жүктейді .
Осылайша, көптеген жылдар бойы кәсіподақтар мен Қарағанды облысының тұрғындары көтеріп жүрген мазмұндалған мәселелер қолданыстағы зейнетақы жүйесін зиян немесе қауіпті еңбек жағдайларымен байланысты жұмыспен айналысатын жұмысшылардың зейнетке шығу жасын кеміту бөлігінде қайта қарау қажеттігін дәлелдейді. Осыған байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігіне денсаулығына нұқсан келтіруіне байланысты төленетін зиянның орнын толтыру сомаларын төлеу механизмін жетілдіру жөнінде осы мәселе бойынша құрылған жұмыс тобы аясында тиімді шаралар қолдануды, Арселор Миттал Теміртау АҚында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау шараларын күшейтуді тапсыру қажет деп түсініледі.
Жоғарыда мазмұндалғанды негізге ала отырып, және Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ереженің 21-тармағына сәйкес, құрметті Кәрім Қажымқанұлы, Сізден осы үндеудегі көтерілген мәселелерге назар аударуыңызды және оларды шешуге ықпал етуіңізді сұраймын.
Құрметпен,
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров
2009.01.12.
Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
Қ.Ә. Мәмиге
Құрметті Қайрат Әбдіразақұлы!
Время газетіндегі 2009 жылғы 2 желтоқсандағы Ой-бай, какие люди! және 5 желтоқсандағы Город слепых в стране глухих жарияланымдарына байланысты Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлері ү.ж. 9 желтоқсанда Қазақ су қараңғылар қоғамы қоғамдық бірлестіктің Талғар оқу-өндірістік кәсіпорнына мониторинг жасау үшін барып қайтты.
Осы барып қайту нәтижелері бойынша халықтың әлеуметтік қауқарсыз тобы болып табылатын мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарының жүйелі түрде бұзылатыны анықталды.
Аталған нарық қатынастар жағдайында қарапайым өндірісіне теңестірілген мамандандырылған кәсіпорын іс жүзінде банкрот болып табылады. Үлкен кредиторлық қарыз пайда болды, өнім өтпейді, бұл толық көлемде жалақының кешігуіне және төленбеуіне әкеп соғады, еңбек заңнамасының нормалары бұзылады. Мысалы, ү.ж. қазан айында кәсіпорында жұмыс істейтін мүгедектерге жалақының 28 пайызы төленді. Уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша науқастық парақтар төленбейді.
Қазақ су қараңғылар қоғамы қоғамдық бірлестік ЖШС қазіргі директоры Н.Г. Жандаровтың айтуынша, кәсіпорынның қиын экономикалық жағдайын оның бұрынғы басшылығы күрделендіріп жіберді, олардың тиімсіз және заңсыз қызметі үшін бүгін онла жұмыс істеп жүрген мүгедектер жазасын тартып жүр.
Кәсіпорында жұмыс көлемінің төмендеуіне байланысты барлығы 72 мүгедек жұмыспен қамтылған, бұл Талғар ауданында тұратын су қараңғылардың төрттен бір бөлігі. Барлығы кәсіпорында 114 адам жұмыс істейді.
Кәсіпорынның барлық инфрақұрылымы құлдырап кеткен. Мүгедектердің әкімшілік, өндірістік және тұрғын үй ғимараты жер телімін бу қазанымен бірге қонақ үй салу үшін жеке тұлғаға сатылуы нәтижесінде жылу жүйесінен айырылған.
Кәсіпорында жұмыс орындары ұйымдастырылмайды, мүгедектердің тұрғын үй сатып алатын немес тым болмаса оны жалға алуға мүмкіндіктері жоқ. 18 мүгедектің жанұяларының барақ үлгісіндегі ведомстволық жатақханада тұру жағдайлары санитарлық нормаға сай емес, онда орталық жылу жүйесі, су, кәріз су құбырлары жоқ . Үкіметтің 2005 жылғы 20 маусымдағы № 754 қаулысымен бекітілген Ережелер бұзыла тұра 1 топтағы 15 мүгедекке 1 көмекші бекітілген.
Қоғамдық ұйымдардың жеке жылу жинау есебінен ұйымдастырған қайырымдылық көмегі аталған мамандандырылған кәсіпорында жұмыс істейтін мүгедектердің жылдар бойы жинақталған мәселелерін шеше алмайтыны анық. Бұл мәселенің талдауы көптеген осындай үлгідегі мекемелер үшін көкейтесті деп ойлауға негіз бар.
Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуі, БҰҰдың Мүгедектер туралы конвенциясын ратификациялауы, сондай –ақ алдағы уақытта, 2010 жылы БҰҰдың жеткілікті тұрғын үй мәселесі бойынша арнайы баяндаушысының инспекторлық сапармен келуі арнайы әлеуметтік мекемелердің халықаралық мониторингі үшін барынша транспаренттікті қамтамасыз етуді болжайды.
2009 жылғы 13 қарашада өткен Қазақстан Республикасы Президентінімен тікелей байланыс аясында келіп түскен көптеген шағымдарға байланысты мемлекеттің мүмкіндігі шектелген адамдарға шынайы көмек көрсетуі Мемлекет басшысының айрықша бақылауына алынды.
Мазмұндалғандарға байланысты Сізден, құрметті Қайрат Әбдіразақұлы , Қазақ су қараңғылар қоғамы қоғамдық бірлестіктің Талғар оқу-өндірістік кәсіпорнында орын алған заңдылықтардың бұзылуына прокурорлық шара қолдану туралы тапсырма беруіңізді сұраймын.
Құрметпен,
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров
2009.15.12.
3. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің және оның мекемесінің қоғамдық іс шараларға қатысуы
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері М. Байжуменовтың Азаптауларды жоюдың және ҚР өзінің осы саладағы халықаралық міндеттемелерін орындауының келешегі тақырыбындағы дөңгелек столға қатысуы
Астана
03.02.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Астана қаласы әкімінің 2008 жылғы жұмысының қорытындылары бойынша тұрғындармен есепті кездесуіне қатысуы
Астана
04.02.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің судьялардың 2008 жылғы жұмысының қорытындылары бойынша кеңейтілген мәжілісіне қатысуы
Астана
05.02.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың Нұр Отан ХДП Қоғамдық кеңесінің мемлекеттік органдардың Жеке және заңды тұлғалардың хаттарын қарау тәртібі туралы ҚР Заңын сақтауына арналған отырысының жұмысына қатысуы
Астана
06.02.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Иранда Ислам революциясы жеңісінің 30 жылдығын мерекелеуге қатысуы
Астана
06.02.2009
Грузияның Қазақстандағы Елшісін дипломатиялық миссиясын аяқтауына байланысты қабылдау
Астана
06.02.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың Мемлекет Басшысының Наным бостандығы жөніндегі ҚР Заңына қатысты хаты бойынша ҚР КК отырысының жұмысына қатысуы
Астана
10.02.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың Парламенттің қоғамдық Палатасының Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы және Тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы тұру туралы заң жобаларын талқылау жөніндегі жылжымалы отырысына қатысуы
Павлодар
13.02.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері М. А. Жакупованың Қабылдау тарату орындарында және ішкі істер органдарының арнайы қабылдағыштарында азаматтардың құқықтарын сақтау тақырыбындағы дөңгелек столға қатысуы
Астана
24.02.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қазақстан Республикасында азаптауларға қарсы күрес: дискуссиядан іс жүзінде іске асыруға кірісу халықаралық конференцияға қатысуы
Астана
26.02.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Тұрмыстық зорлық зомбылықты болдырмау саласындағы заңнаманы жетілдірудің құқықтық аспектілері конференцияның жұмысына қатысуы
Алматы
26.02.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қазақстан Республикасында азаптауларға қарсы күрес: дискуссиядан іс жүзінде іске асыруға кірісу халықаралық конференцияға қатысуы
Астана
27.02.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ҚР Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің жұмысына қатысуы
Астана
27.02.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысының жұмысына қатысуы
Астана
02.03.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ҚР Әділет министрлігі ұйымдастырған Заң жобалау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына қатысуы
Астана
10.03.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың семинарға Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі. Омбудсмен институты. тақырыптағы лекциямен қатысуы
Астана
16.03.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың Қазақстан жағдайында мүгедектер құқықтарын сақтаудың халықаралық стандарттарын іске асыру тақырыбындағы дөңгелек столдың жұмысына қатысуы
Астана
17.03.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Азаптаулар жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысуы
Астана
19.03.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ҚР қылмыстық атқару жүйесін одан әрі дамыту және өмірлік бас бостандығынан айыру түрінде жазаны атқарудың халықаралық тәжірибесі тақырыбындағы дөңгелек столдың жұмысына қатысуы
Астана
19.03.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ҚР Президенті жанындағы кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның отырысына қатысуы
Астана
27.03.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері Т.А.Тикебаеваның өткізу режимін сақтау мәселелері бойынша кеңеске қатысуы
Астана
27.03.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері М. Байжуменовтың Азаптауларға қарсы жұмыс тобымен шығуы
Шымкент
30.03.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ҚР Әділет министрлігі ұйымдастырған Заң жобалау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына қатысуы
Астана
30.03.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысының жұмысына қатысуы
Астана
02.04.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері К. Муратованың Балалықты қорғау: жағдайы, стратегия, іске асыру жолдары ғылыми практикалық конференцияның жұмысына қатысуы
Алматы
02.04.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың Адам саудасына қарсы тұру: тәжірибе алмасу, стратегиялық тәсілдерді әзірлеу және ынтымақтастықты нығайту ғылыми практикалық конференцияның жұмысына қатысуы
Астана
07.04.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың РБК 4-ші отырысының жұмысына қатысуы
Астана
13.04.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері М.М. Амированың Қырғыз Республикасында ұлттық алдын алу механизмі мәселесі жөніндегі дөңгелек столдың жұмысына қатысуы
Бишкек
16.04.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жұмыс тобының кезектен тыс отырысына қатысуы
Астана
21.04.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ҚР Әділет министрлігі ұйымдастырған Заң жобалау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына қатысуы
Астана
21.04.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері М.М. Амированың Орталық Азия елдерінің өкілдері үшін Жалпы мерзімдік шолу жөніндегі брифингтің жұмысына қатысуы
Бишкек
27.04.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысына қатысуы
Астана
27.04.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ҚР Президентінің Мұрағаты дирекциясының отырысына қатысуы
Алматы
28.04.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қылмыстық сот ісін жүргізуді оңтайландыру мәселесі және қылмыстық процесте адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мәселелері тақырыбындағы дөңгелек столдың жұмысына қатысуы
Алматы
30.04.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері М.М. Амированың УПО жөніндегі Консультативтік кеңеске қатысуы
Астана
30.04.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ҚР Әділет министрлігі ұйымдастырған Заң жобалау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына қатысуы
Астана
12.05.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ҚР Әділет министрлігі ұйымдастырған алдағы кездесудің ұйымдастырушылық мәселелерін талқылау жөніндегі жұмыс кеңесіне қатысуы
Астана
13.05.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері М. Касенованың Қазіргі заманғы жағдайларда әлеуметтік жетімдіктің алдын алу ғылыми практикалық семинарда дәріс беруі
Алматы
14.05.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың және ұлттық орталық қызметкері Марьинаның ҚР Президентінің Мұрағаты жиналысына қатысуы
Астана
18.05.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың Қазақстан және Еуропаға жол халықаралық ғылыми практикалық конференцияның жұмысына қатысуы
Астана
21.05.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Адам құқықтарының жалпыға бірдейлігі және адам құқықтары жөніндегі ұлттық институттардың рөлі халықаралық конференцияның жұмысына қатысуы
Анкара
21.05.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері туралы заң жобасы Қазіргі заманғы жағдайы мен оны қабылдаудың келешегі тақырыптағы семинарға қатысуы
Окжетпес
29.05.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері А.Каирбайулының оқу тренингіне қатысуы.
Алматы
01.06.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің жұмысына қатысуы
Астана
03.06.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері А.Каирбайулының Қазақстан Республикасының жиналыстар бостандығы саласындағы заңнамасын одан әрі жетілдіру тақырыбындағы дөңгелек столдың жұмысына қатысуы
Алматы
04.06.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың Балалар еңбегінің неғұрлым төмен жағдайларына қарсы күрес жөніндегі Ұлттық Үйлестіру кеңесінің отырысына қатысуы
Астана
15.06.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың Дағдарысқа қарсы шараларды әзірлеу жөніндегі партияаралық кеңестің отырысына қатысуы
Астана
16.06.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ҚР Президенті жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің және ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің жұмысына қатысуы
Астана
18.06.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ҚР Президенті жанындағы кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның отырысына қатысуы
Астана
25.06.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері М.М. Амированың ЕО-Қазақстан: сот жүйесі және бас бостандығынан айыру орындары жөнінде : еуропалық стандарттарға жақындату тақырыбындағы семинарға қатысуы
Алматы
29.06.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері К.М Ағбаеваның қызметтік ішкі мемлекеттік қаржылық бақылау жұмысы жөніндегі семинарға қатысуы
Астана
30.06.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері А.Каирбайулының УПО аясындағы ұлттық баяндаманы талқылау жөніндегі жұыс тобының отырысына қатысуы
Астана
10.07.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері М.М. Амированың Ұлттық баяндама жобасы бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған семинарға қатысуы
Астана
14.07.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері М.М. Амированың Гуманитарлық құқық жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 8-ші отырысының жұмысына қатысуы .
Астана
16.07.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері К.М Ағбаеваның Қаржы министрлігі ұйымдастырған бухгалтерия бойынша қатысуы дөңгелек столдың жұмысына қатысуы .
Астана
27.07.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері М.М. Амированың адам құқықтары жөніндегі 2010 жылға арналған ЖМЕ аясында Ұлттық баяндаманы жасау жөніндегі жұмыс тобының жұмысына қатысуы
Астана
28.07.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ҚР Парламентінің 2009 -2010 ж.ж. төртінші шақырылымының ІІІ сессиясының ашылуына қатысуы
Астана
01.09.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері М.М. Амированың Конституция: ҚР заңдарының заңы республикалық ғылыми практикалық конференцияның жұмысына қатысуы
Астана
01.09.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ҚР Адам құқықтары саласындағы іс шаралардың 2009-2012 жылдарға арналған ұлттық жоспарының тұсау кесеріне қатысуы
Астана
09.09.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ҚР Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік жөніндегі ұйымға 2010 жылы төрағалық ету мәселесі жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысына қатысуы
Астана
09.09.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің алдағы уақытта Варшава қаласында өтетін кеңес барысындағы іс қимылдарды әзірлеу үшін делегация мүшелерінің қатысуымен Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған кеңестің жұмысына қатысуы.
Астана
10.09.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері А.Жакупованың Құлшылыққа жол жоқ! дөңгелек столдың жұмысына қатысуы
Астана
14.09.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері Р.А. Рахимовтың Жоғарғы Сот ұйымдастырған ҚР медиацияны енгізу мәселелері жөніндегі дөңгелек стол мен семинардың жұмысына қатысуы
Астана
17.09.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері К.М Ағбаеваның Кәсіби бухгалтер мен аудитордың қаржылық жүйені тұрақтандырудағы рөлі тақырыптағы бухгалтерлер мен аудиторлардың ІІ-ші Халықаралық құрылтайына (форумға) қатысуы.
Астана
18.09.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің алдағы уақытта Варшава қаласында өтетін кеңеске делегацияны дайындау мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы орынбасарының қатысуымен Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған кеңестің жұмыс кеңесіне қатысуы. .
Астана
21.09.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ҚР Парламенті Сенатының Заңнама және құқықтық мәселелер жөніндегі комитеті ұйымдастырған Түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдардың конституциялық құқықтарын сақтау мәселелері бойынша кездесуге қатысуы
Астана
15.10.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың Қазақстан Республикасының Президенті жаындағы Мемлекеттік басқару академиясында семинарға лекциямен қатысуы
Астана
16.10.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ҚР Әділет министрлігі ұйымдастырған Заң жобалау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 203 отырысына қатысуы
Астана
19.10.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ҚР Үкіметінің отырысына қатысуы
Астана
20.10.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкерінің на открытии архитектурно-скульптурного комплекса монумента Қазақ елі архитектуралық мүсіндік монумент кешенінің ашылуына қатысуы
Астана
20.10.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ҚР Әділет министрлігі ұйымдастырған Заң жобалау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 204 отырысына қатысуы
Астана
26.10.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ҚР СІМ жауапты хатшысы Жошыбаевтың басшылығымен өткен семинарға қатысуы
Астана
26.10.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың Ұлттық есептің тұсаукесеріне қатысуы
Астана
27.10.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері А.Х. Уразбаеваның Мектепте ақша жинау барлығына қатысты мәселе тақырыбындағы қоғамдық тыңдаулардың жұмысына қатысуы
Астана
28.10.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері Р.А. Рахимовтың Азаптауларға қарсы күрес: Қазақстанда ұлттық алдын алу механизмін құружобасы аясындағы семинардың жұмысына қатысуы .
Костанай
28.10.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің жұмысына қатысуы
Астана
29.10.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ҚР Әділет министрлігі ұйымдастырған Заң жобалау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 205 отырысына қатысуы
Астана
29.10.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың Қазақстан Республикасындағы сот-құқықтық реформаның келешегі дөңгелек столдың жұмысына қатысуы
Астана
06.10.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ҚР Премьер Министрінің орынбасары Е.Орынбаевтың жанындағы кеңестің жұмысына қатысуы
Астана
06.10.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері А.Х. Уразбаеваның Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері туралы заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысына қатысуы
Астана
09.10.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері К. Муратованың ҚР ҚБК Қазақстан халқының қауқарсыздығын төмендетудегі рөлі тақырыбындағы қоғамдық тыңдаулардың жұмысына қатысуы
Астана
11.10.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ҚР Үкіметі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс қимыл жасау жөніндегі Үйлестіру кеңесінің жұмысына қатысуы
Астана
11.10.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ҚР Премьер Министрінің орынбасары Е. Орынбаевтың жанындағы кеңестің жұмысына қатысуы
Астана
13.11.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың Омбудсмен институты семинарының жұмысына қатысуы және баяндама жасауы
Астана
17.11.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері К.К. Боранбаевтың Мемлекеттік сатып алулардың жариялылығы және жеткізулерді басқару: азаматтық қоғамның рөлі
Алматы
18.11.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері Т.А. Тикебаеваның ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінде кадр қызметінің қызметкерлеріне арналған семинардың жұмысына қатысуы
Астана
18.11.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері А.Х. Уразбаеваның Қазақстандағы ювеналдық юстиция: даму мәселелері мен келешегі дөңгелек столдың жұмысына қатысуы .
Астана
20.11.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ҚР Әділет министрлігі ұйымдастырған Заң жобалау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 207 отырысына қатысуы
Астана
23.11.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ҚР Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 9-шы отырысына қатысуы
Астана
24.11.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қазақстанның IV Азаматтық форумына қатысуы
Астана
24.11.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың сот билігі мен емлекеттік органдардың өкілдері үшін семинардың жұмысына қатысуы .
Астана
25.11.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері Р.А. Рахимовтың ҚР Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған халықаралық гуманитарлық құқық жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына қатысуы
Астана
25.11.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері А.Жакупованың Қазақстандық БАҚ және адам құқықтары мен бостандықтары ғылыми практикалық конференцияның жұмысына қатысуы
Алматы
07.12.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың, А.Х. Уразбаеваның Білім және ғылым министрлігі мен ЮНИСЕФ ұйымдастырған Қазақстан жасөспірімдері мен жастарының форумына қатысуы
Астана
07.12.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясының 20 жылдығына арналған дөңгелек столдың жұмысына қатысуы
Астана
0912.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері К.М. Муратованың Қазақстандағы көзге көрінбейтін және қорғалмайтын лесбиянкалар, гейлар, бисексуалдар мен трансгендерлер есебінің тұсаукесеріне қатысуы
Алматы
14.12.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың Азаптауларга карсы Конвенцияга косымша хаттаманы ұлттық заңнамаға имплементациялау: ұлттық алдын алу тетік мәселелері семинардың жұмысына қатысуы.
Астана
14.12.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері А.Х. Уразбаеваның Тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы тұру: тәжірибе алмасу, стратегиялық тәсілдерді әзірлеу және ынтымақтастықты нығайту дөңгелек столдың жұмысына қатысуы .
Астана
14.12.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері К.М. Муратованың ҚР жеке өмірге қолсұқпаушылық құқығы эксперттік кездесуге қатысуы
Астана
15.12.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері К.К. Боранбаевтың Қысқартылған тәртіппен алдын ала тергеу және анықтау ісін жүргізудің практикалық аспектілері дөңгелек столдың жұмысына қатысуы
Астана
22.12.2009
4. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің және оның мекемесінің халықаралық іс шараларға қатысуы
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың АРУХ ХАК ҚҚмен ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюы
Алматы
03.03.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың Орталық Азия МКК аймақтық өкілдігінің заңгерлік білім беру және ақпараттық бағдарламаларының басшысы Рауль Фостермен кездесуі
Астана
10.03.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Дания Корольдігінің өкілдерімен кездесуі
Астана
12.03.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Индиямен техникалық және экономикалық ынтымақтастық күнін мерекелеу жөніндегі қабылдауға қатысуы
Астана
18.03.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың Халықаралық Қызыл крест аймақтық өкілі Ивом Джованноимен кездесуі
Астана
02.04.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Дания Корольдігі елшілігінің өкілдері Рубеном Мадсен мырзамен және Данияның Мәскеудегі елшілігінің бірінші хатшысы Ульриком Бирк – Петерсонмен кездесуі
Астана
27.04.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Нидерланд Корольдігі патшайымы күніне арналған іс шараға қатысуы
Астана
28.04.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ЕЫҚҰ демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі директор Янеш Ленарчичпен кездесуі
Астана
29.04.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің БҰҰдың Азаптаулар мен басқа да қатыгез жазалау түрлері мәселелері бойынша арнайы баяндаушы Манфред Новакпен кездесуі
Астана
05.05.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің еурокомиссия елшісінің делегациясымен кездесуі
Астана
12.05.2009
Азаптауға қарсы комитетінің арнайы баяндамашысы М.Новактын құзыретті мемлекеттік органдардың өкілдеріне арналған брифингін өткізу
Калюжный В.А ,Амирова М.М
Астана
13.05.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкерлерінің Дания Корольдігі Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Г.Джепсенмен, Е.Олсенмен кездесуі
Астана
19.05.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың Дания Корольдігі Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Г.Джепсенмен, Е.Олсенмен кездесуі .
Астана
20.05.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ЕЫҚҰ және Орталық Азия елдеріндегі демократизациялау процестері тақырыбындағы халықаралық ғылыми практикалық конференцияның жұмысына қатысуы
Алматы
28.05.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Хьюман Райтс Уотч атқарушы директоры К.Росспен кездесуі.
Астана
02.05.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың Адам құқықтары жөніндегі халықаралық федерация делегациясы Катерин Бут ханыммен, Француаз Петре ханыммен кездесуі
Астана
11.06.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері Р.А. Рахимовтың Азаматтық қоғамның БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңестің Жалпы мерзімді шолу механизміне қатысуы дөңгелек столдың жұмысына қатысуы
Алматы
04.06.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ресей күнін мерекелеуге қатысты қабылдауға қатысуы
Астана
11.06.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Her Majesty Queen Elizabeth II туған күніне қатысты салтанатты жиналысқа қатысуы
Астана
12.06.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Amnesty Internationale халықаралық құқықтық қорғау ұйымының өкілдері М.Вайхеррдингпен және О. Фишермен кездесуі
Астана
22.06.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Дания Сыртқы істер министрі Пером Стиг Меллермен кездесуі
Астана
25.06.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің НАТО Парламенттік Ассамблеясының 71-ші Роуз Рот семинарына қатысуы
Астана
26.06.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың БҰҰ Азаптауға қарсы конвенцияға Факультативтік хаттаманы іске асыру механизмін талқылау жөніндегі дөңгелек столдың жұмысына қатысуы
Алматы
27.06.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері А.Жакупованың Внедрение принципов и стандартов деятельности ОБСЕ мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарына қатысуы
Германия
29.06.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қасиетті Эджидио Марко Импальяццо қауымының Президентімен кездесуі.
Астана
30.06.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қазақстан республикасындағы АҚШ елшілігі ұйымдастырған АҚШ Тәуелсіздігінің 233-жылдығы мерекесіне қатысуы.
Астана
02.07.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасының азшылықтар мәселелері жөніндегі тәуелсіз сарапшы Гей Макдугалл ханыммен кездесуі
Астана
07.07.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ыссық көлдегі Адам құқықтары жөніндегі III халықаралық форумға қатысуы.
Киргизия
15.07.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Норвегия Хельсинки комитетінің өкілдері Ари Блуд мырзамен и Камила Лагате ханыммен кездесуі.
Астана
23.07.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ПРООН халықаралық сарапшысы В.Сироткинмен кездесуі.
Астана
14.09.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қазақстанның ЕЫҚҰ төрағалық етуі. ҚР демократия мен сөз бостандығының дамуы тақырыптағы конференцияға қатысуы.
Астана
22.09.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың Penal Reform International Өкілдігінің өкілдері С.Мектепбаевамен- аймақтық директорымен, А.Джумашевамен – координатормен кездесуі.
Астана
23.09.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың БҰҰ БЖКБ өкілдері М.Фаркуарсон ханыммен – халықаралық консультант, К.Оразов мырзамен кездесуі..
Астана
28.09.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ЕЫҚҰ адами өлшемдер саласындағы міндеттемелерді орындау жөніндегі жыл сайынғы кеңесінің жұмысына қатысуы.
Варшава
29.09.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ҚР-ЕО Адам құқықтары жөніндегі құрылымдық диалогты дайындау жөніндегі мәжіліске және ҚР-ЕО Әділ сот билігі және құқық тәртібі жөніндегі шағын комитетінің 8-ші отырысының жұмысына қатысуы
Астана
19.10.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Испанияның Адам құқықтары жөніндегі айрықша тапсырмалар бойынша елшісі Сильвия Эскобармен кездесуі...
Астана
20.10.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қазақстанның 2010 жылы ЕЫҚҰ төрағалық ету аясында ЕЫҚҰ елшілері тобымен кездесуі
Астана
21.10.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ҚР мен ЕО Адам құқықтары жөніндегі құрылымдық диалогына қатысуы.
Астана
21.10.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың ЕО делегациясының Қазақстанда болуының 15 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты жиналысқа қатысуы.
Астана
21.10.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қор жобалау үйлестіруші Фрудрих Эбертпен кездесуі
Астана
22.10.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясының 15 жылдығына арналған салтанатты жиналысқа қатысуы..
Астана
26.10.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің С.Минекеспен (ЕЫҚҰ жанындағы АҚШ бұрынғы елшісі) кездесуі
Астана
27.10.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Үнді елшілігі ұйымдастырған Үнді сауда өнеркәсіптіқ палаталары федерациясының жоғары мәртебелі бизнес делегациясы атына берген салтанатты коктейльге қатысуы. .
Астана
27.10.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың конференцияға қатысушы американдық делегация мүшелерімен кешкі асқа қатысуы .
Астана
27.10.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың Қазақстан Республикасының 2010 жылы ЕЫҰҚ төрағалық етуіне дайындалу аясында Қазақстанның ЕЫҰҚдағы басымдықтары ҚР Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған халықаралық ғылыми практикалық конференцияның жұмысына қатысуы .
Астана
28.10.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің БДИПЧ сарапшысы Марк Дельмартиномен кездесуі
Астана
28.10.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің БҰҰ БЖКБ аймақтық өкілі Фиона Фрейзермен кездесуі
Астана
29.10.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түрік Республикасының құрылуына 86-жылдығына арналған салтанатты кездесуге қатысуы ..
Астана
29.10.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ЮНИСЕФ өкілі Ханаа Сингермен кездесуі.
Астана
04.11.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың Хьюман Райтс Вотч өкілі Джейн Бьюкенен – Еуропа және Орталық Азия бойынша бөлімшесінің қызметкерімен кездесуі..
Астана
11.11.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ҚР саяси дамуы саласындағы бағдарламалық құжаттардың: Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасының, Адам құқықтары саласындағы іс шаралардың 2009 -2012 жылдарға арналған ұлттық жоспардың, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2008 жылғы есебінің, IV Азаматтық форум қорытындыларының тұсаукесерлеріне қатысуы
Вашингтон
16.11.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың Қазақстан Республикасындағы ПРООН ұйымдастырған Қазақстанда қоғамдық ақпаратқа қол жеткізу Халықаралық конференцияға қатысуы
Астана
19.11.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкерлері Муратова К.М., Аукашева Г.А. НИПР рөлі және БҰҰ адам құқықтары жөніндегі механизмдерімен ынтымақтастығы: УПО, Шарт органдары және арнайы процедуралар семинарға қатысуы.
Швейцария
24.11.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А. Калюжныйдың Қазақстанның ЕЫҚҰ төрағалық етуі: гендерлік аспектісі Халықаралық конференцияға қатысуы
Астана
25.11.2009
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Бейбітшілік және адам құқықтары орталығының өкілдерімен К.Бондевиктің сапары аясында кездесуі
Астана
07.12.2009
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкері А. Қайырбайұлының Орталық Азияда азаматсыздықты азайту және алдын алу және азаматтығы жоқ адамдарды қорғау жөніндегі аймақтық конференцияға қатысуы.
Туркменистан
09.12.2009