Кіріспе:
Мутация сөзінің мағынасы!
Негізгі бөлім:
1)Мутацияның Биология ғылымымен байланысы
2)3) Мутация
Содержание:
Введение.
1. Типы мутаций.
2. Причины мутаций и их искусственное вызывание.
Заключение.
Литература.
Мутация сөзінің мағынасы!
Мутация дегеніміз-латын сөзі-өзгеріс, орын ауыстыру деген мағына береді.Жан-жануарлар, өсімдіктер әлемі және жер бетіндегі тірі организмдердің барлығ формаларының арғы шыққан тегі химиялық қосылыстармен және радиациялық сәулеленумен кенеттен өзгеріп кетеді. Мутация процесін тудыратын заттарды мутагендер деп атайды табиғаттағы мутагендерді үш топқа бөледі.
1) Физикалық мутагендер (рентген сәулесі гамма сәулесі, нейтрондар, протондар, температура, центрифуталар және тағы басқалар); 2) химиялық мутагендер (этиламин, диэтилсульфат, 8-этоксикофеин, колхицин, аценафтен, чай, кофе, арақ, спирт және т.б.); 3) биологиялық мутагендер (адамзат баласының қартаю процесі биологиялық мутагендердің ең бастысы болып есептелінеді. Бұл құбылысты тежеуге немесе тездетуге әбден болады. Белгілі үйреншікті әдеттен басқа заттарды жасамау керек. Қартаю процесінің өзі ауру ғой оныда емдеу керек екенін ғалымдар дәлелдеп келеді.
Семей облысының территориясында болып жатқан радиацияның зардабын кімдер тартып келді? Сол жерді тұрғын халықтар тартып келеді. Өйткені барлық атом бомбылары мен термоядролық сынаулар өте құпия және өте қатегездікпен өткізіліп отырған. Атом бомбылары жарылған территориялардың радиациялық фоны қалыпты жағдайда деп баспасөз беттерінде хабарланып жатты. Радио мен телеарналарда да сондай хабарлар беріліп тұрды. Сонымен бірге коммунистердің мықты ұрандарының бірі - Бөріде халық үшін, бәрі де халықтың игілігі үшін болған соң халық қайдан білсін айналасында не қандай сұмдықтардың болып жатқаның.
Ежелден ақ көңіл, қулық - сұмдықты білмейтін қазақ елі бәрінеде сене берді ғой. Раиоактивті элементтердің апатына араша тұратын адамдар болмады. Партия және үкімет басшылары білсе де білмеген адамдар сияқты болып отыра берді. Айт өтіп, той тарғаннан соң – кейбір ақын жазушылар: қоғам қайраткерлер, ер сымақтар, кездесоқ адамдар аттан деген ұранды бетке ұстады. Бұл жұмыс өте кеш қалған қозғалыс еді. Семей-Невада деген қозғалыс дүние жүзіне тарап кетті.
Халықты алдау мен арбау күні бүгінге дейін толастаған жоқ. Өйткені наурыздың 12 жұлдызында 1993 жылы Алматы радиосынан берілген бір хабарда – Қазақстан Республикасының Ұлттық академиясының кейбір ғалымдарымен, экология және биоресурстарды қорғау министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының территориясында радиациялық фон қалыпты жағдайда деп есептейді. Бұл қағидамен келісуге болмайды. Неге десеңіз осы кездегі Қазақстанның радиоэкологиясын бірде бір республикамен салыстыруға болмайды. Қазақстандағы жағдай басқа республикалардың бірінен де кездестіре алмайсыз. Орынсыз қорытынды жасау ғалымдар арасында бұрынғы кезде көп кездескен. Ғалымдар партияға жағыну үшін қандай қорытынды керек болса, сондай қорытындыларды беріп отырған. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы территориясында бірде-бір радиоэколог даярланбаған болатын. Мамандардың болмауынан осындай жағдайларға келіп отырмыз. Радиологиялық зерттеулер Қазақстан республикасы бойынша жүргізілген емес.
Бір кезде атом бомбасын және сутек бомбасын жасағандардың барлығы орыс ғалымдары болатын жергілікті ғалымдардыңешқандай қатынасы жоқ еді. Шет елдердің ғалымдарының қазақ халқына жаны қайдан ашысын. Қазан айының 24 санында 1992 жылы Атамекен газетінің хабарына қарағанда, Өскемендегі өнеркәсіптік аудан экологиялық апат жағдайында, қалалық кеңестің сессиясы Өскеменнің экологиялық жағдайы Чернобыльмен пара-пар деп шешім қабылдаған.
Атырау облысында Қызылқоға, Теңіз аудандарындағы 1 миллион гектардан артық шұрайлы жерді алып жатқан әскери полигонда қырық жыл бойы ракеталар сыналып, атом бомбалары жарылған. Қазақ жеріндегі көптеген әскери-өндірістік жұмыстар жүргізу үшін 20миллион гектар жерді әскериадамдар бөліп алған. Ол жерлерге білгендерін жасап, неше түрлі қалдықтармен ластаған. Қазіргі кезде ол жерлер не егін егуге, не мал жаюға келмей қалған. Қазақ елі өз жеріне өзі ие емес еді. Империялық нұсқаулар арқылы жүргізіліп отырды. Бұрынғы кездегі партия және үкімет басшылары тек менің айтқаным болады деумен болады. Сонымен бірге олар биология, химия, экология ғылымдарынан хабары жоқ болсада, бұл ғылым салаларына тікелей араласып кетті.
Осы кезде тәуелсіз мемлекет болдық, империялық нұсқаудан құтылдық, ғасырлар бойы ата-бабаларымыз білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келген боиресурстарға өзіміз иеміз. Ендігі уақытта мекен етіп отырған жер, су, өсімдік әлемі, жануарлар дүниесі олардың радиоэкологиялық апатқа ұшырамауы - өзіміздің сана – сезімімізге, білімімізге байланысты. Әрбір саналы және сауатты азамат қазақ жерінде экологиялық апаттардың болмауына тырысу керек. Радиоэкологияны тәрбие құралы ретінде пайдалану қажет.
Біздің зерттеу жұмыстарымыздың қорытындыларына қарағанда және бүкіл дүние жүзілік ғылыми әдебиеттерінің деректерін талдағанда, радиоактивтік сәуленудің аз дозасы болсада рак дертін тудыратыны сөзсіз.
Бұл кезде термоядролық сынаулар өткізілген территорияларда (Семей, Павлодар облысының кейбір аудандарында) неше түрлі қауіпті аурулар халық арасына кең көлемде таралуда. Соңғы жылдар ішінде Семей облысында әр жүз мың адамға шаққанда жүике – психикалық ауруға шалдыққан адамдардың саны 960-тан 1624-ке, ақыл –ойы кем адамдар 3105-тен 4612-ге, невроз және жүйке – тамыр аурулары бар адамдар 3692-ге көбейген. Ал сары ауру, іш ауру, туберкулез сияқты ауру түрлері халықты әбден әлсіретті. Әсіресе Қазақстанның радиоактивтік сәулелену жағдайды өте ауыр. Қазақстанның қай облысын алсаңызда, радиоэкологиялық апатқа ұшырмаған аймақты таба алмайсыз.
Қайғы – қасіретке толы аудандар көп кездеседі. Өйткені қазақ жерінде әскери – полигон болмаған жер аз кездеседі. Атырау облысының Қаракөл – Шонай жеріндегі, Абыралы қойнауының жазық даласындағы әлемге әйгілі аты шулы Семей полигонын айтуға болады. Маңғыстау түбегіндегі полигон соңғы жылдары ғана белгілі болды. 1946 жылдан 1989 жылға дейін Қазақстанның территориясында 642 термоядролық атом, сутек бомбыларын сынаудан өткізген.
Радиактивті қалдықтар мен аз мөлшердегі радиация екеуі бірімен бірі тығыз байланыста болады. Радиоактивті қалдықтарды қауіпсіз түрде сақтау бүкіл жер жүзі бойынша әлі күнге дейін шешімі табылмай отыр. Қазақстан Республикасы бойынша дүние жүзілік стандартқа сай келетін радиоактивті қалдықтарды сақтайтын бірде-бір орындар жоқ екенін ғалымдар мен мамандар жақсы біледі. Бәрімізге белгілі Қазақстан Республикасы уранды көп өндіретін мемлекеттердің бірі. Сонымен бірге уран өңдейтін кен-химия өнеркәсібінде кең орын алған. Семей полигонында қаншама радиоактивті элементтердің қалдықтары бар десеңізші.
1)Мутацияның Биология ғылымымен байланысы
Адам эволюциясын антропология ғылымы зерттейді. Антропология Х1Х ғасырдың екінші жартысында Дарвиннің эволюциялық теориясы ашылғаннан соң күрт дами бастады. Археологиялық қаба кезінде табылған Ramapіthecus миоцен – плиоценде тіршілік еткен адам тәрізді маймылдың қалдықтары, гоминидтер тармағының бастапқы түрі, яғни олар адам мен оған туыстастардың арғы тегі деп саналды. Бұл маймылдың қалдықтары ндістан мен Пәкістаннан, Таяу Шығыс пен Неандерталдық Кроманьондық Homo sapіens
Балканнан, тіпті Африкаға дейінгі континенттерден табылды (“рамапитектер” алғаш рет Үндістаннан табылып, Рама құдайының құрметіне соның атымен аталған).
1960 жылы ағылшын археологы Л.Лики Шығыс Африкадан миының көлемі 670 см3, болып табылатын 18 – 2.5 млн жылдар арасында тіршілік еткен “шебер адамның” қалдықтарын тапты. Осы қабаттардан олардың өзен тастарынан жасап шығарған, ұштары үшкір еңбек құралдары да табылды. Осыған байланысты қазіргі ғылымда бұдан 2.5 млн жыл бұрын Шығыс Африкада адам мен адам тәрізді маймылдар тармақтары бөлінген, яғни адам мен шимпанзенің эволюциялық линиялары екіге бөлінген деген көзқарас бар. Бұл тұжырымдар “молекулалық сағаттар” деп аталатын өлшемдер арқылы дәлелденді. Нүктелік мутациялар әсерінен гендердің өзгеру жылдамдығы (ДНК негіздерінің кейбір жұптарының өзгеруі) ұзақ уақыт бойына тұрақты болып, оны осы эволюциялық тармақтың негізгі түбірінен бөліну мерзімін анықтау үшін қолдануға болады.
Ғалымдар дәл осы Шығыс Африкада адамдардың пайда болу себебі ретінде, осы аймақта уран кен орындарынан бөлініп шығатын радиацияның жоғарғы дозаларының әсерінен болған мутациялық үрдістерді көрсетеді. “Шебер Адамды” австралопитектерге (“оңтүстік маймыл”) жатқызады, олардың қалдықтары 1924 жылы Африкадан табылған. Австралопитектердің миының көлемі адам тәрізді маймылдардың миының көлемінен үлкен емес, бірақ олар еңбек құралдарын жасай білген. Ява аралынан 1891 жылы табылған қалдықтар питекантроп деп аталды. 0.5 млн жыл бұрын өмір сүрген питекантроптардың бойы 150 см, ми көлемі 900 см3 болып, олар пышақ, бұрғы, т.б. қолдан жасалған кескіш құралдарды пайдаланған.
ХХ ғасырдың 20 жылдарында Қытайдан “синантроп” (“қытайлық адам”) табылды, оның миының көлемі питекантропқа жақын болып және олар от жағып, ыдыстарды пайдалана білген, бірақ түсінікті сөз сөйлей алмаған.
1856 жылы Германиядағы Неандерталь жазығында 150-40 млн жыл бұрын өмір сүрген тіршілік иелерінің қалдықтары табылды, олар неандерталдықтар деген атқа ие болды. Неандертальдықтардың миының көлемі қазіргі заманғы адамдардың миына жақын, бірақ маңдайы шығыңқы, қас үстіндегі доғасы, бас сүйегі төмен болып, мамонттарды аулап, үңгірлерде тіршілік еткен.
Ең соңында, 1868 жылы Францияның Кро-Маньон үңгірінен бас сүйегінің формасы мен көлемі (1600 см3) қазіргі заманғы адамдарға жақын, бойы 180 см, 40-15 мың жыл бұрын өмір сүрген тіршілік иелерінің қалдықтары табылды. Бұлар нағыз “саналы адамдар” болып саналды. Осы дәуірде нәсілдерге бөлінушілік пайда болғандығы белгілі. Жекелеген бөлек топтарда ерекше белгілер (ақ нәсілділерде –ашық түсті тері, т.б.) қалыптаса бастаған.
Біздің заманымыздың жаратылыстану ғылымы тұрғысынан алғанда, қазіргі адамдардың арғы тегінің тізбегі төмендегідей көрсетіледі: адам мен жоғары сатыдағы маймылдардың ғылымға белгілі ең ертедегі тегі – рамапитек – шамамен 14 млн жыл бұрын ндістаннан Африкаға дейінгі аумақта өмір сүрген. Олардан 10 млн жыл бұрын орангутангтің арғы тегі, Азияда тіршілік еткен – сивапитек бөлінген. Ғылымдағы мәліметтер бойынша, адам тәрізді тіршілік иелері басқа приматтардан 4 млн жыл бұрын бөлінген. Горилла, шимпанзе және адамның ортақ тегі – австралопитек – Африкада 2-4 млн жыл бұрын тіршілік еткен. Австралопитектер зинджантроптың арғы тегі болуы мүмкін. Африкада қабілетті адамның қалдықтары – зинджантроп табылды, ол 2-2.5 млн жыл бұрын өмір сүрген, осы жерлерде 2.5 млн жыл бұрын пайдаланылған ертедегі еңбек құралдары және тұрмыстық заттардың қалдықтары табылды. Зинджантроптар адамдар сияқты тік жүріп, олардың қол сүйектері жақсы дамыған. “Шебер” деп аталуының себебі, олар алғашқы рет тастан жасалған еңбек құралдарын пайдаланған. Осыдан кейін, қазіргі заманғы адамдардың дамуы төмендегідей жүрді: 1.9-0.65 млн жыл бұрын питекантроп; 400 млн жыл бұрын синантроп және түрлі мәліметтер бойынша 150-40 млн жыл бұрын өмір сүрген (Homo sapіens – тің ертедегі түрі) неандерталдықтар. Homo sapіens 100 млн жыл бұрын ғана пайда болып, оның қазбалары кроманьондықтар деп аталды.
Бұл жерде, антропогенездің – түп түзу сызық бойынша жүретін үрдіс еместігін көрсету керек. Адам эволюциясының жануарлардан адамға дейінгі өту сатылары түзу сызық бойынша жүрген жоқ. Табиғатта гоминидтердің бір ғана емес, бірнеше тармақтары болған және олардың көпшілігі конкуренцияға шыдай алмай жойылып кетуі әбден мүмкін.
Кейбір ғалымдар адам эволюциясының белгілі бір тармағында пайда болған неандерталдықтар гибридтену процесінің немесе олардан гөрі күштірек жетілген тіршілік ортасына жақсырақ бейімделген қарсыластарымен тіршілік үшін күрес нәтижесінде жойылып кеткен деп жорамалдайды.
Ғалымдардың екінші бір тобы түрлі генетикалық зерттеулер нәтижесінде дәлелденген пікірді жақтап, үстін жүн басқан неандерталдықтардың арасында мутацияның әсерінен аналық адам - алғашқы Ева пайда болған, неандерталдық осы алғашқы Евадан және бірнеше аталық адамдардан қазіргі адам баласы пайда болды да, қалған неандерталдықтар эволюция процесінің барысында жойылып кетті деп түсіндіреді.
Сонымен адам эволюция процесінің нәтижесінде адам тәрізді приматтардан пайда болған. Адам организмінің клеткалық құрамы жануарлардағы сияқты нуклеин қышқылдары мен белоктардан тұрады. Адам организмінің көптеген құрылымдары мен функциялары да жануарлардағыдай.
Эволюциялық шкалада жануарлар неғұрлым жоғары сатыда болса, олардың адаммен ұқсастықтары да соғұрлым жақын. Барлық жануарлардың ішінде генетикалық аппараты жөнінен адамға ең жақыны шимпанзе. Адамның ұрықтық даму стадиялары басқа организмдердің эволюциясындағы даму стадияларымен бірдей. Адамдардың жануарларда өте маңызды функциялар атқаратын кейбір органдары рудимент түрінде сақталып қалған (мысалы, соқыр ішек, шаш, жүн). Дегенмен, адамның жануарлардан айырмашылығы ерекше.
Олардың ішіндегі ең маңыздысы – ақыл-ой. Жануарларда да қуану, ренжу, қайғыру сияқты сезімдер мен қызығушылық, көңіл аудару, есте сақтау сияқты қасиеттер бар. Бірақ, ең жоғарғы сатыдағы жануарлардың түсінікті ойлау қабілеті жоқ, яғни олардың белгілі бір заттар мен олардың негізгі қасиеттері туралы түсініктері жоқ. Адамның түсінікті ойлау қабілеті неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оның санасы да жоғары болып саналады.
Адамның екінші ерекшелігі – оның сөйлеу қабілеті. Жануарларда өз кезегінде басқалармен қарым-қатынасты белгілердің көмегімен жүзеге асырады. Бірақ адамдарда, И.П.Павлов “белгілердің екінші жүйесі” деп атаған (жануарларда бірінші белгілік жүйе) сөз арқылы қарым-қатынас жүзеге асырылады. Адамзат қоғамы жануарлардан осы арқылы ерекшеленеді.
Үшінші ерекшелік – еңбек ету қабілетілігі. Әрине, барлық жануарлар белгілі бір жұмыс атқарады, ал жоғары сатыдағы жануарлар болса, оладра тіпті біршама күрделі жұмыс түрлеріне де қабілетті болады. Мысалы маймылдар ағашта өсіп тұрған жемісті таяқтың көмегімен түсіреді. Жалпы еңбек құралдарын жасай білетіндер тек қана адамдар. Жануарлар қоршаған ортаға бейімделе алады, ал адам оны өзгертеді, яғни адамдаы адам еткен еңбек деген тұжырымдарға осы негіз болады деуге болады. Адамның еңбек ету қабілетіне байланысты қалыптасқан тағы да басқа ерекшеліктері бар. Олар – тік жүру, соның нәтижесінде қолдың босанып дамуы, әсіресе бас саусақтың жақсы жетілуі және отты пайдалану.
Адамның жануарлардан ең басты ерекшектері: еңбек, түсінік бойынша ойлау мен сөйлеу – адамның жануарлардан бөліну жолдарында қалыптасқан ең маңызды белгілер болды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Горелов А.А. Концепции современного естествознания. Москва: Центр, 1997, 208 б.
2. Концепции современного естествознания: Учебник для вузов, Под ред. проф. В.Н.Лавриненко, проф. П.Ратникова. –М.: Культура и спорт, ЮНЙТИ, 1997, -271 б.
3. Мукашев З.А. Концепции современного естествознания: курс лекций. Алматы: ВШП Әділет, 1998, 150 б.
4. Потеев М.И. Концепции современного естествознания – СПб.: изд-во Питер , 1999. –352 б.
5. Рузавин Г.И. Концепции современного естествознания: Учебник для вузов. – М.: Культура и спорт, ЮНИТИ, 1999, -288 б.
6. Алексеев В.П., Першиц А.И. История первобытного общества. М.: Высш школа.: 1990
7. Андреев И.Л. Происхождение человека и общества. – М.: Мысль, 1982.
8. Будыко М.И., Голицын Г.С., Израэль Ю.А. Глобальные климатические катастрофы.-М.: Гидрометеоиздат, 1986.
9. Вернадский В.И. Биосфера. Различные издания.
10. ВладимирскийБ.М., Кисловский Л.Д. Космические воздействия и эволюция биосферы. – М.: Знание, 1986.
11. Газенко О.Г., Пестов И.Д., Макаров В.И. Человечество и космос. – М.: Наука, 1987.
12. Гумилев Л.Н. География этноса в исторический период. Л.: Наука, 1990.
13. Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера Земли. Различные издания.
14. Дикерсон Е.Р. Химическая эволюция и происхождение жизни. 103 б.
15. Ивахненко М.Ф., Корабельников В.А. Живое вещество Земли. М. 1987.
16. Каратаев О.Г. Проблемы электромагнитной совместимости. –М.: Знание, 1988.
17. Кендрью Дж. Нить жизни. М., 1968.
18. Костицын В.А. Эволюция атмосферы, биосферы и климата. М. 1984.
19. Крывелев И.А. История религий : Очерки в 2 т. М.: Мысль, 1988.
20. Кун Т. Структура научных исследований. М., 1975.
21. Майр Э. Эволюция. М., 1981.
22. Матюшин Г.Н. У истоков человечества. –М.: Мысль, 1982.
23. Монио А.С., Шишков Ю.А.. История климата. Л.: 1979.
24. Неручев С.Г. Уран и жизнь в истории Земли. – Л.: Недра, 1982.
25. Николов Т.Г. Долгий путь жихни. –М.: Мир, 1986.
26. Новиков И.Д. Эволюция Вселенной.-М.: Наука, 1983.
27. Поршнев Б.Ф. О начале человеческой истории. М., 1974.
28. Почтарев В.И. Земля- большой магнит.-Л.: Гидрометеоиздат, 1974.
29. Пригожин И., СтенгерсИ. Время, хаос, квант. М., 1994.
30. Реймерс Н:Ф: Пиродопользование. Словарь-справочник. М.: 1990.
31. Семнов Ю.И. На заре человеческой истории. М.: Мысль, 1989.
32. Сноу Ч. Две культуры. М., 1973.
33. Станы и народы мира. Общий обзор. М.: 1978, т.1
34. Тинберген Н. Социальное поведение животных. М., 1992.
35. Ушаков С.А., Ясаманов Н.А. Дрейф материков и климаты Земли. М. 1984
36. Чижевский А.Л. Эхо солнечных бурь.
37. Филиппов Е.М. Вселенная, Земля, жизнь. –Киев: Наукова думка, 1983
38. Филиппов Е.М. Ядра, излучение, геология. – Киев: Наукова думка. 1984
39. Филиппов Е.М. О развитии Земли и биосферы. – М.: Знание, 1990. 48 б.(Новое в жизни, науке, технике. Сер. Науки о Землең; б.5
40. ФлинтР.Ф. История Земли. М. 1978.
41. Эйнштейн А., Инфельд Л. Эволюция физики. М., 1965.