Сонау ертеде осыдан екі мың жылдан астам
бұрын Қытай батыс жағындағы елдерге елшілік жібереді.Елшіліктің мақсаты
сол елдермен танысып , сауда-саттық қатынастарын дамыту еді.Елшілік он үш жыл жүріп,біраз елдерді аралап,аман-есен еліне оралды.Елшілік басшысы жол – жөнекей көрген,білгендерінің бәрін жазып отырған.Жазғандарының бәрін Қытай билеушісіне берген.Сол жазбаларда Қытайдың батыс жағындағы көптеген қалалары бар өркениетті елдер мен көшпелі тайпа одақтары туралы баяндалады .Солардың арасында қаңлы елі де аталады .Б.з.б 2 ғасырда “Халықтардың ұлы қоныс аударуы” деп аталып кеткен оқиғалар нәтижесінде Орталық Азия бірнеше жаңа мемлекеттік бірлестіктер пайда болды . Солардың бірі Қаңлы мемлекеті еді .Шығыс тарихын зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде қаңлылар көп айтылады .Бірақта нақты деректер ,әсіресе жазба деректер өте аз .
Археологиялық ескерткіштер. Қаңлылар туралы жазба деректер аз болғандықтан ,ғалымдар көбіне археологиялық қазба жұмыстарының қрытындыларына сүйенеді.Қазірге дейін археологтар қаңлылар мекендеген аудандарда қазба жмыстарын жүргізіп ,көптеген қорымдар мен қоныстарды тапты. Оларды ғалымдар қуанышы,отырар-қаратау ,жетіасар археолоиялық мәдениеттері деп атады .
Бұл мәдениеттердің біріншісі – Ташкент өңіріндегі көгалды аймақта, екіншісі- Сырдария өзенінің орта ағысы тұсындағы Қаратау беткейлерінен Талас өзеніне дейінгі аралықта тараған . Ал үшіншісі – Қуаңдария мен Жаңадария аңғарларын алып жатыр .Қазба жүмыстары кезінде Пұшық- Мардан қаласы маңындағы Қостөбе қоныстары зерттелді.Бұл жерден б.з 1
мыңжылдығының алғашқы жартысындағы топырақ қабаттары табылды . Қала ортасынан мықты салынған бекіністің қираған үйіндісі аршылды.Құрылыстың бірінші қабатында күмбез тәрізді тар дәліз болған. Ал құрылыстың екінші қабатының қабырғалары 1-1,2 метр биіктікте салынған .
Шаруашылығы және тұрмысы. Қаңлылар табиғи – климаттық, географиялық жағынан әр түрлі өңірді мекендеген.Бұл аймақтарда топырағы құнарлы, ылғалы мол тау аңғарлары мен беткейлері, мол сулы өзендер мен көлдер, көгалды жазық дала алмасып отырады . Тау-тасты аймақтардың жиі ұшырасуы түрлі ұсталық ісін , құрылыс жұмысын дамытуға қолайлы жағдай туғызады . Тас пен ағаш негізгі құрылыс материалы қызметін атқарады .
Егіншілік және мал шаруашылығы . Хорезмде , Арал өңірінде , Зеравшан аңғарында , Ташкент алқабында отырықшылық дамып , ежелгі қоныстар мен қалалар қалыптаса бастады . Отырықшы қоныстар тұрғындары қарапайым суландыру тәсілімен егіншілікпен айналысты . Олар біздің заманымыздың бас кезінде-ақ Шыршық өзенінің оң жағалауында ұзындығы 20 шақырым келетін Зах арығын қазды . Ал сол жағалауынан Ханарық арығы тартылды .
Сауда қатынастары . Қаңлылар тарихын зерттеген ғалымдар өз кезінде оларда ішкі сауда , сондай-ақ сыртқы елдермен де сауда байланысы жақсы дамыған деген қорытындыға келіп отыр . Біздің заманымыздың 2-5 ғасырларында-ақ қаңлылар өздерінің күнделікті тұрмысына қажетті барлық өнімдерді өздері дайындаған . Әсіресе , қажетті қолөнер бұйымдарымен өздерін толық қамтамасыз еткен . Мұның өзі қалалар мен қоныстардың
өсуіне , оларда сауда-саттықтың дамуына жағдай жасаған .
Қаңлы қоғамы .Қаңлы елін хан билеген . Оның үш орынбасары-уәзірлері болған . Бүкіл елді басқару ісБүкіл елді басқару ісін осы үшеуі атқарған . Кейбір жазба деректерде елдің астанасы – Битянь қаласы , ол қазіргі Түркістан қаласының маңында болған деп көрсетеді . Ал екінші бір деректерде елдің астанасы Отырар қаласы болғандығы туралы айтылады . Демек , бұл мәселе әлі толық зерттеліп болмаған .
Мәдениеті және діни нанымдары . Ертеден –ақ қаңлылардың өз заманына лайық мәдениеті болғандығы туралы тарихи деректер бар . Мәдениеттің қалыптасуына отырықшы тайпалар да , көшпелі тайпаларда қатысты . Қаңлылардың қоныстанған аумақтарында өзендер мен жылғалардың жағаларын ала орналасқан елді мекендері мен қалалары болды.
Қаңлылардың материалдық мәдениеті- бұл көбінесе отырықшы , егін салатын тайпалардың мәдениеті . Қаңлылардың жарқын ескерткіштерінің бірі – Алтынасар қала жұрты 16 га жерді алып жатыр . Биік әрі қалың дуалмен қоршалған қалада тұрғын үйлер қатарластыра салынған . Үйлердің қабырғалары шикі кірпіштен қаланып , балшықпен салынған .Ортаңғы бөлмелердің бірінің қабырғасына қызыл бояумен оюлар , гүл суреттері салынған .