Әдістің бірінші белгісі — мұғалім модульдік оқыту әдісін 10-11 сыныптарда оқушылардың ойлау, талдау, жинақтау, ой елегінен өткізіп қорытындылау деңгейіне жеткен ерекшеліктерін ескере отыры
Әдістің екінші белгісі — уақытты үнемді, орынды жұмсау.
Мұғалім I тоқсанға арналған модульдерді бағдарлама бойынша сағат санына байланысты тақырыптарды 3 бөлімге бөледі.
I. Кіріспе бөлім.
II. Негізгі оқыту бөлімі.
III. Бақьшау бөлімі.
Барлық модульдердің бөлімдерінің жоспары, тапсырмалары алдын-ала дайындалады.
Әдістің үшінші белгісі — оқушылардың білім алуға арналған уақытының көбі сыныпта өтеді. Бұл әдісте тапсырмаларды орындау, оқыту, бақылау түрлерінің барлығы сыныпта мұғалім мен оқушылар және жұп, топ түрдегі оқыту арқылы жүзеге асырылады.
Павлодар қаласындағы №42 М.Әуезов атындағы мектептің мұғалімі Г. Г. Искакова Қазақстан тарихьн оқытуда жаңа педагогикалық техно-логияларды тиімді қолданып, жақсы нәтижеге жеткен алдынғы қатарлы ұстаздардың бірі. Ол өзі қол жеткізген нәтижелерге төмендегілерді кешенді әрі үнемі қолдануым себеп болды дейді. Олар:
— өтілетін оқу материалын мұқият оқып-зерттеп, іріктеу, про-блемаларды анықтап, оқу міндеттерін тұжырымдап, оларды шешудің ең оңтайлы тәсілдерін қарастыру;
— мұғалім оқушыларды білім алуға "сүйремейді", оларға бағыт береді, сеніммен қарайды, көмектеседі, үйретеді;
— тандалған оқыту формасы мен әдістері оқушылардың таным белсенділігін арттыратындай болуы керек;
— оқушылардың жеке ерекшеліктерін үнемі ескеріп отыру, саралап оқытуды қолдану;
— білімнің, біліктің қалыптасу дәрежесін үнемі бақылап, әділ бағалап отыру;
— сабақ кезінде оқушылармен де, оқушылардың өз араларында да ізгілікті, өркениетті, демократиялық қатынасты қалыптастыру;
— мұғалім тарихи ойлаудың, өзі жасаған қорытындылар мен берген бағалардың дәлелділігінің үлгісін көрсетуі, ұстамдылықтың, шыдамдылықтың үлгісі болуы, басқаша көзқарастарға құрметпен қарауы тиіс;
— қазіргі уақытта таным үрдісіндегі оқушылардың орны мен ролі өзгерді, олардың жеке жауапкершілігіне қойылатын талап едәуір есті т.б.
Г. Ережепова өзінің "Модульдік технология хақында" деген мақаласында (//Қазақ тарихы, 2001, №5) осы технологияны қолдану тәжірибесін ортаға салады. Оның бір модулы орта есеппен 5-12 сағаттық тақырыпты (тақырыбтарды) қамтыйды. Бір модул үшке бөлінеді. Бірінші бөлім кіріспе — 1-2 сағатқа арналады.
Үшінші –қорытынды бөлімге көбіне 2-3 сағат бөледі. Қалған уақыттың бәрі орта диалоггық бөлімге беріледі. Бұл бөлімде оқушылардың тақырыпқа бірнеше рет қайта оралуы қарастырылған (оқыту ойындары, бірін-бірі оқыту және тексеру, өздігінен оқу, өзін-өзі тексеру арқылы), оқу материалын жақсы меңгеруге, қарапайымнан күрделіге, жай тапсырмадан шығармашылық ізденуге мүмкіндік береді.
Әрбір окушы тақырыпты түсіну дәрежесінен білімді жеткізе білу дәрежесіне көтеріледі. Диалогтық бөлімде жаңа материалды оқып меңгеру, танымдық қызметті дамыту үрдісі оқушыларды 2, 4, 7-ден құралатын топтарға бөлу арқылы жүргізіледі, жұмыстың негізгі түрі бірін-бірі оқыту, ойындар арқылы қарым-қатынас жасау.
Модулдік технологияны қолданғанда мұғалім, ұйымдастырушы, ынталандырушы рөлін ғана атқарады.(17)
Осындай жаңа педагогикалық технологияларды тиімді пайдаланушылар қатарына Астана қаласындағы №4 мектеп-гимназия мұғалімі С. Ж. Дүйсеновты, Қызылорда қаласыңдағы №5 орта мектеп мұғалімі Д. Саханованы, Алматы қаласы мектептерінің тарихшы мұғалімдері Л. С. Маркованы (№10), Г. С. Асанбекованы (№159), Г. Жусанбаеваны (№145), Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Ломоносов атындағы мектеп мұғалімі Ж. М. Пауединованы, Өскемен қаласындағы №34 лицей-мектеп мұғалімі Н. Б. Шаронованы т.б. қосуға болады.
Жоғарыда келтірілген және басқа да тәжірибелерді зерттеп қара-ғанымызда жаңа педагогикалық технологияларды қолданушылардың әлі де аз екенін, ал қолданып жүргендердің өздері де көпшілікке тарататындай тәжірибе жинақтай алмағанын байқаймыз.
Көбіне жаңа технологиялардың жеке түрлерін қолдану туралы тәжірибелер жазылады, ал оларды оқушылардың дайындық дәрежесін ескере отырып қолдану, біртіндеп күрделендіру, технологияларды өзара байланыстыра қолдану, оларды пайдаланудағы жүйелілік, жоспарлылық жағы онша ескерілмейді.
Ең бастысы — жүргізілген тиімді әдіс, тәсілдің алдын ала жоспарланған мақсатқа, қалай жеткені және оның нақты нәтижесі көмескі. Бұл жерде педагогика ғылымының, оның жеке пәндерді оқыту теориясы мен әдістемесінің де, осы саладағы ғалымдардың да мектеп мұғалімдеріне қажетгі көмекті жеткілікті дәрежеде көрсете алмай отырғанын ескеруіміз керек.
Бұлардың екеуінің де дәлелді себептері бар. Дегенмен келешекте жаңашыл мұғалімдеріміз де, әдіскер ғалымдарымыз да бұл жағдайларды ескергені дұрыс.,
Математика-жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқьпуда жаңа педагогикалық технологиялармен қатар жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануда біраз тәжірибе жиналды.
Бұл жөнінде қоғамдық-гуманитарлық пәндер, солардың арасында тарих пәні де кенжелеп қалып отыр.
Қазақстан Республикасы дүние жүзінің дамыған елдері сияқты, орта білімді ақпараттандыру жолына түсті. Бірыңғай білімдік-ақпаратгық кеңістік қалыптасып келеді.
Ал, білім беру саласын ақпараттандыру тек қана оқытудың ұйымдастыру формалары мен әдістерін жетілдіріп, өзгертіп қана қоймайды, сонымен қатар бүкіл оқыту үрдісін басқарудың және бақылаудың жаңа әдістерінің пайда болуына жағдай жасайды.
Дұрыс іске қосып, пайдаланған жағдайда ақпаратгық технологиялардың мүмкіндігі мол: мұғалімде де, оқушыда да тез іске қосатын мол оқу-әдістемелік материал жинақталады, оқу матриалының қолдану тиімділігі арттырылады, жеке бағдарламалармен жұмыс істеуге мүмкіндік туады; сабаққа дайындалу мен оны еткізудің тиімділігін арттырады
Мұғалім өзі немесе оқушылардың көмегімен оларға таратылатын дидактикалық материалды көбейтеді, оқушылардың білім дәрежесін қадағалап, бақылауға мүмкіндік береді, оны тестілік тапсырма-сұрақтар бойынша жүзеге асырады, сабақты оған қажетті барлық ақпараттық материалмен қамтамасыз ететін мультемедилік бағдарлама негізінде ұйымдастырады, мұның өзі оқушыларды оқу материалын сапалы меңгеруге жұмылдырады.
Егер ақпараттық технология интернет жүйесімен байланыстырылса мұның өзі оқушылардың қажетті білімдік материалды іздеуіне мүмкіндік береді.
Тарих пәнін оқытуды ақпараттық технологиямен жабдықтауда компьютердің мүмкіндігі көбірек.
Оның өзі де күрделі жұмыс, өйткені көп әрі білікті мамандарды қажет етеді, оның үстіне мектептердегі компьютерлердің бәрі бірдей қалыпты жағдайда жұмыс істеп түрған жоқ.
2001 жылдың аяғына қарай "Иллюстрацияланған Қазақстан тарихы" (ежелгі дөуірден XVIII ғасырға дейін) хрестоматиясы орыс тілінде және 9 сыныпқа арналған "Адам. Қоғам. Қүқық" электронды оқулығы қазақ, орыс тілдерінде дайындады. Бұл үлкен істің басы ғана. Біздің тарихшы мұғалімдеріміз тарих пәнін оқытуда болатын осы жаңалықтарға біртіндеп өздерін дайындай бергені дұрыс.