4 IFRS Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
Сақтандыру шарттары
Бұл нұсқа 2005 жылғы 31 желтоқсанға дейін шығарылған түзетулері енгізілген жаңа IFRS-нан туындайтын түзетулерді қамтиды.
4 IFRS Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
Сақтандыру шарттары
МАҚСАТЫ
1 Осы Стандарт мақсаты осындай шарттарды шығаруды жүзеге асыратын (осы Стандартта сақтандырушы деп аталады) кәсіпорынның сақтандыру шарттары бойынша қаржылық есептілігін Басқарма сақтандыру шарты бойынша өзінің жобасының екінші сатысын аяқтаған сәтке дейін сипаттау болып табылады. Атап айтқанда осы Стандарт мыналарды талап етеді:
(а) сақтандыру шарттары бойынша сақтандырушының бухгалтерлік есебіндегі шектеулі жетілдірулерді;
(b) сақтандырушының қаржылық есептілігіндегі сақтандыру шарттарына байланысты туындаған сомаларды айқындайтын және түсіндіретін және осы қаржылық есептіліктің пайдаланушыларына сақтандыру шарттары бойынша болашақ ақша қаражатының көлемін, уақыт бойынша бөлуді және айқындалмауын түсінуге көмектесетін ашып көрсетуді.
ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
2 Кәсіпорын осы Стандартты мыналарға қолдануы тиіс:
(а) ол шығаратын сақтандыру шарттарына (қайта сақтандыру шарттарын қоса алғанда) және оның иелігіндегі қайта сақтандыру шарттарына;
(b) ол қалауы бойынша қатысу құқығымен шығаратын қаржы құралдарына (35-параграфты қараңыз). 7-Қаржы құралдары – ашып көрсету IFRS осындай құқықтары бар қаржы құралдарын қоса алғанда, қаржы құралдары туралы ақпаратты ашып көрсетуді талап етеді.
3 Осы Стандарт 45-параграфтағы өтпелі кезеңнің талаптарын қоспағанда, сақтандырушыларды есепке алудың сақтандырушылардың иелігіндегі қаржы активтерін және сақтандырушылар шығарған қаржы міндеттемелерін (32 IАS және 39-Қаржы құралдары - тану және бағалау IАS қараңыз) бухгалтерлік есепке алу сияқты аспектілерін қозғамайды.
4 Кәсіпорын осы Стандартты мыналарға қолданбауы тиіс:
(а) тікелей өндірушілер, дилерлер немесе бөлшек сатушылар ұсынатын өнімге берілген кепілдікке (18-Түсім IАS және 37-Бағалау резервтері, шартты міндеттемелер және шартты активтер IАS қараңыз);
(b) жұмыс берушілердің қызметкерлерге сыйақы жоспарлары бойынша активтері мен міндеттемелеріне (19-Қызметкерлерге берілетін сыйақылар IАS және 2-Үлестік құрал негізіндегі төлемдер IFRS қараңыз) және белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарларының есептілігінде көрсетілген зейнетақы жоспарлары бойынша міндеттемелерге (26-Зейнетақы жоспарлары бойынша есеп және есептілік IАS қараңыз);
(c) болашақтағы пайдалануға немесе қаржылық емес бапты пайдалану құқығына қатысты шарттық құқықтарға немесе шарттық міндеттемелерге (мысалы, кейбір лицензиялық төлемдер, роялти, шартты жалдау төлемдері және осындай баптар), сондай-ақ қаржылық жалдауда құрылған жалдаушының тарату құнына берілген кепілдікке (17-Жалдау IАS, 18-Түсім IАS және 38-Материалдық емес активтер IАS қараңыз);
(d) қаржылық кепілдік берулер қаржылық кепілдіктер, аккредитивтер немесе сақтандыру шарттары ретінде сипатталатынына не сипатталмайтынына қарамастан, 39 IАS 32 IAS және 7 IFRS кәсіпорын беретін немесе олар бойынша басқа тарапқа осы Стандартты қолдану аясына кіретін қаржылық активтерді немесе қаржылық міндеттемелерді өткізу кезінде жауапкершілік сақталатын қаржылық кепілдік берулерге. Эмитент мұндай таңдауды әрбір жеке шартқа қатысты қолдана алады, бірақ бір рет жасағаннан кейін ол одан шегінуге құқылы емес;
(e) бизнесті біріктіру кезінде төлеуге немесе алуға жататын шартты өтемге (3-Бизнесті біріктіру IFRS қараңыз);
(f) кәсіпорын иеленген тікелей сақтандыру шарттарына (яғни, кәсіпорын полисті ұстаушы болып табылатын сақтандыру шарттарына). Дегенмен, цедент осы Стандартты ол иеленген қайта сақтандыру шарттарына қолдануы тиіс.
5 Қолайлылық үшін осы Стандартты сақтандыру шартын шығаратын кез келген кәсіпорын, ол заңды немесе қадағалау мақсаты үшін сақтандырушы болып табылатынына не табылмайтынына қарамастан, сақтандырушы деп атайды.
6 Қайта сақтандыру шарты – бұл сақтандыру шартының түрі. Тиісінше сақтандыру шарттарының осы Стандарт аталған барлық ескертулері де қайта сақтандыру шарттарына жатады.
Қондырылған туынды құралдар
7 39 IAS кәсіпорынның негізгі шарттардан кейбір құрылған туынды құралдарды бөлуді, оларды әділ құны бойынша өлшеуді және олардың әділ құнының өзгерістерін пайда немесе залалға енгізуін талап етеді. 39- IАS, құрылған туынды құрал өздігінен сақтандыру шарты болып табылатын жағдайларды қоспағанда, сақтандыру шарттарында құрылған туынды құралдарға қолданылады.
8 39 IAS талаптардан айырмашылық ретінде сақтандырушыға полисті ұстаушының сақтандыру шартынан белгіленген сома үшін (немесе белгіленген сомаға және пайыздық ставкаға негізделген сома үшін) бас тарту мүмкіндігін, тіпті егер осы мүмкіндікті пайдалану бағасының негізгі сақтандыру міндеттемесінен айырмашылығы болса да, әділ құны бойынша бөліп көрсету және өлшеу қажет емес. Дегенмен 39 IAS Халықаралық стандартының талабы, егер бас тарту бағасы қаржылық айнымалының (үлестік құралдың немесе тауардың бағасы немесе индекс сияқты) немесе шарт бойынша тарапқа жатпайтын қаржылық емес айнымалының өзгеруіне қатысты өзгерсе, сату опционына немесе сақтандыру шартында құрылған ақша қаражатына айырбас ретінде бас тарту мүмкіндігіне жатады. Сонымен бірге, бұл талап сондай-ақ, егер ұстаушының сату опционын немесе ақша қаражатына айырбас ретінде бас тарту мүмкіндігін пайдалану мүмкіндігі осындай айнымалылықтың өзгеруімен (мысалы, егер қор нарығының индексі белгілі бір деңгейге жетсе, сату опционын пайдалануға болады) болса, қолданылады.
9 8-параграф тең дәрежеде қалауы бойынша қаржылық құралдан бас тарту мүмкіндігіне де қолданылады.
Депозиттік құрамды бөлу есебі
10 Кейбір сақтандыру шарттарының сақтандыру құрамы және сол сияқты депозиттік құрамы бар. Кейбір жағдайларда сақтандырушыдан осы құрамдарды бөлу талап немесе рұқсат етілген:
(а) егер мына екі талап қанағаттандырылса, бөлу талап етіледі:
(і) сақтандырушы депозиттік құрамды (бас тартудың құрылған мүмкіндігін қоса алғанда) бөлек (яғни, сақтандыру құрамды есепке алмай) өлшей алады;
(іі) сақтандырушының есеп саясаты одан өзгеше түрде депозиттік құрамға байланысты туындаған барлық міндеттемелер мен құқықтарды тану талап етілмейді;
(b) егер сақтандырушы депозиттік құрамды (а)(і) тармағындағыдай бөлек өлшесе, бөлу рұқсат етілген, бірақ талап етілмейді, бірақ оның есеп саясаты одан депозиттік құрамға байланысты туындаған барлық міндеттемелер мен құқықтарды, осы құқықтар мен міндеттемелерді өлшеу үшін қандай негіз пайдаланылатына қарамастан, тануды талап етеді;
(с) егер сақтандырушы депозиттік құрамды (а)(і) тармағындағыдай өлшей алмаса, бөлуге тиым салынған;
11 Бұдан әрі сақтандырушының есеп саясаты одан депозиттік құрамға байланысты туындаған барлық міндеттемелерді талап етпейтін жағдайдың мысалы келтіріледі. Цедент қайта сақтандырушыдан залалдар өтемін алады, бірақ шарт цедентті болашақ жылдары осы өтемді кері төлеуге міндеттейді. Бұл міндеттеме депозиттік құрамға байланысты туындайды. Егер цеденттің есеп саясаты керісінше жағдайда оған осы өтемді туындайтын міндеттемелерді танусыз кіріс ретінде тануға рұқсат етсе, онда бөлу талап етіледі.
12 Шартты бөлу үшін сақтандырушы:
(а) осы Стандартты сақтандыру құрамына қолдануы;
(b) 39 IАS депозиттік құрамына қолдануы тиіс.
ТАНУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Басқа Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарынан уақытша босату
13 8-Есеп саясаты, есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер және қателіктер IАS 10-12-параграфтары бапқа тікелей қолданылатын Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары болмағанда кәсіпорын есеп саясатын әзірлеу кезінде пайдалануы үшін қажетті критерийлерді белгілейді. Дегенмен осы Стандарт сақтандырушыны осы критерийлерді өзінің есеп саясатында қолданудан босатады:
(а) ол шығаратын сақтандыру шарттарына қатысты (сатып алуға арналған тиісті шығындарды және 31 және 32-параграфтарда жазылған материалдық емес активтерді қоса алғанда);
(b) ол иеленген сақтандыру шарттарына.
14 Сонымен бірге, осы Стандарт сақтандырушыны 8 IАS Халықаралық стандартының 10-12-параграфтарындағы кейбір критерийлерінің ықпалынан босатпайды. Атап айтқанда, сақтандырушы:
(а) сақтандыру шарттары бойынша туындайтын, есепті күні болмаған ықтимал болашақ шағымдар бойынша кез келген бағалау резервтерін міндеттеме ретінде танымауы тиіс (апаттық тәуекелдер бойынша бағалау резервтері және шығындылықтың өзгеру резервтері сияқты);
(b) 15-19-параграфтарда жазылған міндеттемелердің баламалығын тексеруі тиіс;
(c) сақтандыру міндеттемесін (немесе сақтандыру міндеттемесінің бір бөлігін) баланстан, тек ол өтелген кезде, яғни шартта көрсетілген міндеттеме орындалған немесе жойылған немесе оның қолданылу мерзімі аяқталған кезде ғана алып тастауы тиіс;
(d) мыналарды есепке алуы тиіс емес:
(і) қайта сақтандыруға байланысты, тиісті сақтандыру міндеттемелері бар активтерді; немесе
(іі) тиісті сақтандыру шарттары бойынша шығыстары немесе кірістері бар қайта сақтандыру шарттары бойынша кірістерді немесе шығыстарды;
(е) қайта сақтандыруға байланысты активтердің құнсызданғанын не құнсызданбағанын талдауы тиіс (20-параграфты қараңыз).
Міндеттемелердің жеткіліктілігін тексеру
15 Сақтандырушы әрбір есепті күні оның сақтандыру міндеттемелерінің тепе-тең болып табыла ма әлде жоқ па екенін өзінің сақтандыру шарттары бойынша ақша қаражатының болашақ ағындарының ағымдағы есептік бағалауын пайдалана отырып бағалауы тиіс. Егер осындай бағалау оның сақтандыру міндеттемелерінің баланстық құны (мысалы, 31 және 32-параграфтарда жазылған сияқты сатып алу және материалдық емес активтер үшін бөлінген тиісті шығындарды шегергенде) ақша қаражатының болашақ ағындарының осындай есептері кезінде балама болмаса, онда айырманы толық көлемде пайдада немесе залалда таныған жөн.
16 Егер сақтандырушы міндеттемелердің тепе-теңдігін тексерсе және ол белгілі бір ең төменгі талаптарды қанағаттандырса, онда осы Стандарт қосымша талаптар жүктемейді. Ең төменгі талаптар төменде келтірілген:
(а) тексеру кезінде шарт бойынша ақша қаражатының барлық ағындарының және ақша қаражатының шағымдарды қарау бойынша шығыстар сияқты тиісті ағындарының, сондай-ақ ақша қаражатының жан-жақты опциондардан және кепілдік берулерден туындайтын ағындарының ағымдағы есептік бағалауы ескерілуі тиіс;
(b) егер тексеру міндеттеменің баламалы емес екенін көрсетсе, онда айырма толық көлемде пайда немесе залал ретінде танылады.
17 Егер сақтандырушының есеп саясаты міндеттемелердің 16-параграфтағы ең төменгі талаптарды қанағаттандыратын баламалығын тексеруді талап етпесе, онда сақтандырушы:
(а) тиісті сақтандыру міндеттемелерінің баланстық құнын мыналардың баланстық құнын шегере отырып айқындауы тиіс:
(і) сату үшін бөлінген тиісті шығындардың; және
(іі) бизнесті біріктіру немесе портфельді өткізу кезінде сатып алынатын тиісті материалдық емес активтердің (31 және 32-параграфтарды қараңыз). Дегенмен қайта сақтандыруға байланысты тиісті активтер қаралмайды, себебі сақтандырушы оларды жеке есепке алады (20-параграфты қараңыз);
(b) егер тиісті сақтандыру міндеттемелері 37-Бағалау резервтері, шартты міндеттемелер және шартты активтер IАS қолдану аясына кірсе, (а) тармағында жазылған сома қажетті болатын баланстық құнға қарағанда аз ба және жоқ па екенін айқындауы тиіс. Егер ол аз болса, онда сақтандырушы айырманы толық көлемде пайдада немесе залалда тануы тиіс және сатып алу немесе тиісті материалдық емес активтер үшін бөлінген тиісті шығыстардың баланстық құнын азайтуы немесе тиісті сақтандыру міндеттемелерінің баланстық құнын ұлғайтуы тиіс.
18 Егер міндеттемелердің тепе-теңдігін тексеру 16-параграфтағы ең төменгі талаптарды қанағаттандырса, онда сақтандырушы оны осы тексеру үшін көрсетілетін қорыту деңгейі үшін жүргізуі тиіс. Егер міндеттемелердің тепе-теңдігін тексеру осы ең төменгі талаптарды қанағаттандырмаса, онда 17-параграфта жазылған салыстыруды олар ұқсас тәуекелдермен иеленген және бірге бірыңғай портфель ретінде басқарылатын шарттар портфелінің деңгейі үшін жүргізуі қажет.
19 17(b)-параграфта жазылған сома (яғни 37 IАS қолдану нәтижесі) 17(а)-параграфта жазылған сома да осы маржаны көрсететін жағдайларда ғана болашақ инвестициялық болашақ пайданы (27-29-параграфтарды қараңыз) көрсетуі тиіс.
Қайта сақтандыруға байланысты активтердің құнсыздануы
20 Егер цеденттің қайта сақтандыруға байланысты активі құнсызданса, онда цедент тиісті түрде оның баланстық құнын азайтуы және құнсыздандудан болған осы шығынды пайдада немесе залалда тануы тиіс. Қайта сақтандыруға байланысты актив, егер:
(а) қайта сақтандыруға байланысты активті бастапқы танығаннан кейін болған, цедент шарттың талаптары бойынша оған тиесілі барлық соманы ала алмайтын оқиғаның нәтижесінде туындаған объективті куәлік болса; және
(b) осындай оқиғаның цеденттің қайта сақтандырушыдан алатын сомаларына әсерін шынайы өлшеуге болса, құнсызданады.
Есеп саясатындағы өзгерістер
21 22-30-параграфтар ХҚЕС қолданып отырған сақтандырушы жасаған өзгерістерге де және ХҚЕС-ын бірінші рет қолданып отырған сақтандырушы жасаған өзгерістерге де қолданылады.
22 Сақтандырушы өзінің есеп саясатын сақтандыру шарттарына қатысты өзгеріс қаржылық есептілікті пайдаланушылардың экономикалық шешімдер қабылдауы үшін неғұрлым орынды етіп, оның сенімділігін төмендетпей, немесе оны неғұрылым сенімді жасап, оның осы мақсаттар үшін қолайлығын төмендетпей жасаған жағдайда ғана өзгертеді. Сақтандырушы 8 IАS критерийлер негізінде орындылық және сенімділік туралы талқылауы тиіс.
23 Есеп саясатының сақтандыру шарттарына қатысты өзгерісін негіздеу үшін сақтандырушы осы өзгерістің қаржылық есептіліктің 8 IАS критерийлерге көп сәйкес келетініне әкеп соғатынын, бірақ осы өзгерістің осы критерийлерге толық сәйкес келтіру талап етілмейтінін көрсетуі тиіс. Бұдан әрі мынадай нақты мәселелер талқыланады:
(а) ағымдағы пайыздық ставкалар (24-параграфты қараңыз);
(b) бар іс-тәжірибені пайдалануды жалғастыру (25-параграфты қараңыз);
(c) сақтық (26-параграф);
(d) болашақ инвестициялық пайда (27-29-параграфтар); және
(e) балама есепке алу (30-параграф).
Ағымдағы нарықтық пайыз ставкалары
24 Сақтандырушыға есеп саясатын белгілі бір сақтандыру міндеттемелерін* ағымдағы нарықтық ставкаларды көрсету және осы міндеттемелердің өзгерісін пайдада немесе шығында тану үшін қайтадан өлшенетіндей түрде өзгертуге рұқсат етілген, бірақ талап етілмейді. Осы уақытта ол сондай-ақ есеп саясатының белгілі бір міндеттемелерге қатысты ағымдағы басқа бағалауларды және жорамалдарды қолдануды талап ететін аспектілерін қабылдайды. Осы параграфтағы таңдау мүмкіндігі сақтандырушыға өзінің есеп саясатын белгілі бір міндеттемелерге қатысты, оны барлық ұқсас міндеттемелерге жүйелі түрде қолданбай, керісінше жағдайда 8 IАS Халықаралық стандарты талап ететіндей өзгерту мүмкіндігі беріледі. Егер сақтандырушы осы мүмкіндікті пайдаланса және міндеттемелерді айқындаса, онда ол ағымдағы нарықтық пайыздық ставкаларды (және егер қолданылатын болса, ағымдағы басқа бағалаулар мен жорамалдарды) барлық кезеңдерде барлық міндеттемелерге, олар өтеліп болғанша жүйелі түрде пайдалануды жалғастыруы тиіс.
Қолданыстағы практиканы пайдалануды жалғастыру
25 Сақтандырушы мынадай практиканы пайдалануды жалғастыра алады, бірақ оны бастауды 22-параграфқа қайшы келетіндіктен, бірінші рет қолдана алмайды:
(а) сақтандыру міндеттемелерін дисконтталмаған негізде өлшеу;
(b) ұқсас қызмет түрлері үшін нарықтың басқа қатысушылары алатын ағымдағы сыйақылармен салыстыру арқылы алынған әділ құннан асатын сомадағы инвестицияларды басқару үшін болашақ сыйақыларға шарттық құқықтарын өзгерту. Әділ құнның осы шарттық құқықтар туындаған кезде дайындық жұмыстарының төленген шығындары, инвестицияларды басқару үшін болашақ сыйақылар және оларға байланысты шығындар нарықтық салыстырма деректермен сәйкес келмейтін жағдайларды қоспағанда, тең болуы ықтимал;
________
*Бұл параграфта сақтандыру міндеттемелері сатып алуға және материалдық емес активтерді, мысалы, 31 және 32-параграфтарда сипатталғандарды сатып алуға бөлінген шығындарды қамтиды.
(с) 24-параграфта рұқсат етілген жағдайларды қоспағанда, еншілес кәсіпорындардың сақтандыру шарттарына (және егер бар болса, сатып алу және материалдық емес активтер үшін тиісті бөлінген шығыстарға) қатысты бірдей емес есеп саясатын пайдалану. Егер осындай есеп саясаты бірдей болмаса, онда сақтанушы оны, егер өзгеріс есеп саясатындағы тағыда үлкен айырмашылыққа әкелмесе, ал осы Стандарттың басқа талаптарын қанағаттандырса, өзгерте алады.
Сақтық
26 Сақтандырушыдан артық сақтық жасауды болдырмас үшін өзінің есеп саясатын сақтандыру шарттарына қатысты өзгерту талап етілмейді. Дегенмен, егер сақтандырушы өзінің сақтандыру шарттарын жеткілікті сақтықпен өлшесе, онда ол оны ұлғайтпауы тиіс.
Болашақ инвестициялық табыстылық
27 Сақтандырушыдан болашақ инвестициялық табыстылықты болдырмас үшін өзінің есеп саясатын сақтандыру шарттарына қатысты өзгерту талап етілмейді. Дегенмен, егер сақтандырушы табыстылық шарттар бойынша төлемдерге ықпал ететін жағдайларды қоспағанда, сақтандыру шарттарын өзгерту кезінде болашақ инвестициялық табыстылықты көрсететін есеп саясатын қабылдаса, сақтандырушының қаржылық есептілігінің орындылығы және сенімділігі аз болады деген жорамал бар. Осындай маржаны көрсететін есеп саясатының екі мысалы:
(а) сақтандырушы активтерінің есептік кірістілігін көрсететін дисконттау ставкасын пайдалану; немесе
(b) осындай активтер бойынша кірістіліктің есеп айырысу ставкасы бойынша кірістерін болжау, басқа ставка бойынша болжанатын кірістерді дисконттау және нәтижені міндеттемелерді өлшеуге енгізу.
28 Сақтандырушы, егер есеп саясатының басқа аспектілері оның қаржылық есептілігінің орындылығын және сенімділігін мұның орындылық пен сенімділіктің болашақ инвестициялық табыстылықты енгізуге байланысты туындаған азаюынан асып түсетіндей дәрежеге дейін ұлғайтатын болса ғана, 27-парагарфта жазылған теріске шығарылатын жорамалды назарға алмайды. Мысалы, сақтандыру шартына қатысты есеп саясатына оларды жасау кезінде қабылданған, артық сақтық жасалатын жорамал және реттеуші орган нарықтық талаптарды ескермей, сондай-ақ кейбір тысқары опциондар мен кепілдіктерді елемей ұйғарған дисконттау ставкасы кіреді деп айталық. Сақтандырушы өзінің қаржылық есептілігінің орындылығын оның сенімділігін азайтпай, инвесторға бағдарланған, кеңінен қолданылатын және мыналар кіретін кешендік есепке алуға өту арқылы ұлғайта алады:
(а) ағымдағы бағалаулар және жорамалдар;
(b) тәуекелді және айқындалмаушылықты көрсету үшін қисынды (бірақ аса сақтықпен емес) түзету;
(c) қондырылған опциондар мен кепілдіктердің ішкі және сол сияқты уақытша құнын көрсететін өлшеу; және
(d) егер тіпті дисконттау ставкасы сақтандырушы активтерінің есептік кірістілігін көрсетсе, дисконттаудың ағымдағы нарықтық ставкасы.
29 Өлшеудің кебір тәсілдері дисконттау ставкасын пайданың болашақ маржасының келтірілген құнын айқындау үшін пайдаланылады. Одан кейін пайданың табыстылығы формулаға сәйкес жекелеген кезеңдер арасында бөлінеді. Осы тәсілдер дисконттау ставкасы міндеттемені өлшеуге тек жанама ықпал етеді. Атап айтқанда, сәйкес келмейтін дисконттау ставкасын пайдаланудың шектеулі ықпал етуі бар немесе туындаған кезде міндеттемені өлшеуге ықпал етпейді. Дегенмен басқа тәсілдерде дисконттау ставкасы міндеттемелерді өлшеуге тікелей ықпал етеді. Соңғы жағдайда активтерге негізделген дисконттау ставкасын қолданудың неғұрлым шамалы ықпалы бар, мүмкін, сақтандырушы 27-параграфта жазылған теріске шығарылатын жорамалды елемейтін болады.
Балама есепке алу
30 Есепке алудың кейбір үлгілерінде сақтандырушының активтері бойынша іске асырылған пайдалар немесе залалдар (а) оның сақтандыру міндеттемелерінің, (b) 31 және 32-параграфтарда жазылған сияқты сатып алу және (с) материалдық емес активтер үшін тиісті бөлінген тиісті шығыстардың бір бөлігін немесе барлығын өзгертуге тікелей ықпал етеді. Сақтандырушыға есеп саясатын актив бойынша танылған, бірақ іске асырылмаған пайда немесе шығын осындай өзгертуге оларға іске асырылған пайда немесе шығын ықпал еткендей ықпал ететін түрде өзгеруге рұқсат етілген, бірақ талап етілмеді. Сақтандыру міндеттемесін (немесе сату немесе материалдық емес активтер үшін бөлінген шығыстарды) тиісті түзету меншікті капиталда, егер іске асырылмаған пайда немесе залал тікелей меншікті капиталда танылса ғана, танылуы тиіс. Осындай практиканы кейде балама есепке алу деп айтады.
Бизнесті біріктіру немесе портфельді беру
кезінде сатып алынған сақтандыру шарттары
31 Бизнесті біріктіру кезінде 3-Бизнесті біріктіру IFRS Халықаралық стандартын сақтау үшін сақтандырушы сатып алу күніне әділ құн бойынша қолданылатын сақтандыру міндеттемелерін және сақтандыруға байланысты сатып алынатын активтерді өлшеуі тиіс. Дегенмен сақтандырушыға сатып алынған шарттардың әділ құны екі құрамға бөлінетін кеңейтілген көріністі пайдалануға рұқсат етіледі, бірақ талап етілмейді:
(а) шығарылған сақтандыру шарттары бойынша сақтандырушының есеп саясатын сәйкес өлшенген міндеттеме; және
(b) (і) сақтандыру шарттары бойынша сатыла алынған құқықтардың және қабылданған сақтандыру міндеттемелерінің әділ құны және (іі) (а) тармағында жазылған сома арасындағы айырманы білдіретін материалдық емес актив. Осы активтің кейінгі өзгерісі оған байланысты сақтандыру міндеттемесін өлшеуге сәйкес келуі тиіс.
32 Сақтындыру шарттарының портфелін сатып алған сақтандырушы 31-параграфта жазылған, кеңейтілген көріністі пайдаланады.
33 31 және 32-параграфтарда жазылған материалдық емес активтер 36-Активтердің құнсыздануы IАS және 38-Материалдық емес активтер IАS Халықаралық стандарттарын қолдану аясынан алып тасталады. Дегенмен 36 IАS және 38 IАS клиенттердің тізіміне және бизнесті біріктіру немесе портфельді өткізу күніндегі сақтандыру шарттары және шарттық сақтандыру міндеттемелері бойынша құқықтардың бір бөлігі болып табылатын болашақ шарттарға қатысты күтулерді көрсететін клиенттермен қатынастарға қолданылады.
Қалауы бойынша қатысу мүмкіндігі
Қалауы бойынша сақтандыру шарттарына қатысу құқығы
34 Кейбір сақтандыру шарттарында қалауы бойынша қатысу құқығы және кепілдік берілген төлемдердің элементтері бар. Осындай шарттың эмитенті:
(а) кепілдік берілген төлемдердің элементін қалауы бойынша қатысу құқығынан бөлек таниды, бірақ міндетті емес. Егер эмитент оларды бөлек танымаса, онда ол барлық шартты міндеттеме ретінде жіктеуі тиіс. Егер эмитент оларды бөлек жіктесе, онда ол кепілдік берілген төлемдердің элементін міндеттеме ретінде жіктеуі тиіс;
(b) егер ол қалауы бойынша қатысу құқығын кепілдік берілген төлемдердің элементінен бөлек таныса, онда ол осындай құқықты міндеттеме ретінде не меншікті капиталдың жекелеген компоненті ретінде жіктеуі тиіс. Осы ХҚЕС (IFRS) эмитент осындай құқық міндеттеме немесе капитал болып табылатынын не табылмайтынын айқындауы тиіс екенін белгілемейді. Эмитент осындай қалауы бойынша қатысу құқығын міндеттемелердің және меншікті капиталдың компоненттеріне бөледі және осындай бөлуге қатысты жүйелі есеп саясатын пайдалануы тиіс. Эмитент осы қалауы бойынша қатысу құқығын міндеттеме де және сол сияқты меншікті капитал да болып табылмайтын аралық санат ретінде жіктемеуі тиіс;
(c) алынған барлық сыйлықақыларды меншікті капиталдың компонентіне жатпайтын бөлігін бөлмей, түсім ретінде таниды. Кепілдік берілген төлемдер элементінің және қалауы бойынша қатысу құқығының бір бөлігінің туындаған, міндеттеме ретінде жіктелген өзгерісі пайдада немесе залалда көрсетілуі тиіс. Егер қалауы бойынша қатысу құқығының бір бөлігі немесе барлығы меншікті капиталда жіктелсе, онда пайданың немесе залалдың бір бөлігі осы мүмкіндікке жатқызылады (осылайша, оның бір бөлігі ретінде азшылық үлесіне жатқызылады). Эмитент пайданың немесе залалдың қалауы бойынша қатысу құқығының құқығын меншікті капитал компонентіне жатқызылатын бір бөлігін шығыс немесе кіріс ретінде емес, пайданы немесе залалды бөлу ретінде тануы тиіс (1-Қаржы есептілігін ұсыну IАS қараңыз);
(d) егер шартта 39 IАS қолдану аясына кіретін қондырылған туынды құрал бар болса, 39 IАS осы қондырылған туынды құралға қолдану қажет;
(e) 14-20 және 34 (а)(d)-параграфтарда жазылмаған барлық аспектілер үшін, егер ол осы есеп саясатын 21-30-параграфтарға сәйкес келетін тәсілмен өзгертпесе, қолда бар есеп саясатын осындай шарттарға қатысты пайдалануын жалғастыруы тиіс.
Қалауы бойынша қаржы құралдарына қатысу құқығы
35 34-параграфтың талаптары сондай-ақ қалауы бойынша қатысу құқығы бар қаржы құралдарына қолданылады. Сонымен бірге:
(а) егер эмитент қалауы бойынша қатысу құқығын міндеттеме ретінде жіктесе, онда ол 15-19-параграфтарда жазылған міндеттемелердің барлық шартқа (яғни, кепілдік берілген төлемдердің элементіне де және қалауы бойынша қатысу құқығын да) баламалығын тексеруі тиіс. Эмитенттен 39-ХҚЕС-ын (IАS) кепілдік берілген төлемдердің элементіне қолдану нәтижесінде туындауы мүмкін соманы айқындау талап етілмейді;
(b) егер эмитент осындай құқықтың бір бөлігін немесе толық меншікті капиталдың жеке компоненті ретінде жіктесе, онда барлық шартқа қатысты танылған міндеттеме 39 IАS Халықаралық стандартында кепілдік берілген төлемдердің элементіне қолдану нәтижесінде туындауы мүмкін сомадан аз болмауы тиіс. Осы сома шарттан бас тарту мүмкіндігінің ішкі құнын кіргізуі тиіс, бірақ егер 9-параграфқа сәйкес осындай мүмкіндік әділ құны бойынша өлшеуден босатылса, оны уақытша құнға кіргізу талап етілмейді. Эмитенттен 39 IАS Халықаралық стандартында кепілдік берілген төлемдердің элементіне қолдану нәтижесінде туындауы мүмкін соманы ашып көрсету және осы соманы бөлек ұсыну талап етілмейді. Сонымен бірге, егер танылған жиынтық міндеттеме одан анық көп болса, эмитенттен осындай соманы айқындау талап етілмейді:
(c) осы шарттар қаржы құралдары болып табылса да, эмитент осындай шарттар бойынша сыйлықақыларды түсім ретінде тануды және міндеттеменің баланстық құнының туындаған ұлғаюын шығыс ретінде тануды жалғастырады;
(d) мұндай шарттар, қаржы құралдарын білдіретініне қарамастан, 7 IFRS Халықаралық стандартының 20 (b)-параграфын қолданатын эмитент қалауы бойынша қатысу құқығы бар шартқа пайдалар мен залалдар туралы есепте танылған жиынтық пайыздық шығыстарды ашып көрсетуге тиіс, бірақ пайыздың тиімді ставкасы әдісі бойынша осындай пайыздық шығыстардың есебін жүргізуге міндетті емес.
АҚПАРАТТЫ АШУ
Танылған сомаларды түсіндіру
36 Сақтандырушы оның қаржылық есептілігіндегі соманы бірегейлендіретін және түсіндіретін, сақтандыру шарттарына байланысты туындайтын ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.
37 Сақтандырушы 36-параграфқа сәйкес мыналарды ашып көрсетуі тиіс:
(а) сақтандыру шарттарына және оларға байланысты активтерге, міндеттемелерге, кірістерге және шығыстарға қатысты өзінің есеп саясатын;
(b) сақтандыру шарттарына сәйкес туындаған, танылған активтерді, міндеттемелерді, кірістерді және шығыстарды (және егер ол ақша қаражатының қозғалысы туралы өзінің есебіне ұсыну үшін тікелей әдісі қолданса, онда ақша қаражатының ағындарын). Сонымен қатар, егер сақтандырушы цедент болып табылса, онда ол мыналарды ашып көрсетуі тиіс:
(і) пайдада немесе залалда танылған, қайта сақтандыруды сатып алудан пайдалар мен залалдар; және
(іі) егер цедент қайта сақтандыруды сатып алуға байланысты туындаған пайдалар мен залалдарды кейінге қалдырса және амортизацияласа, онда кезеңдегі амортизацияны және кезеңнің басындағы және соңындағы амортизацияланбаған сомаларды.
(с) танылған, (b) тармағында жазылған сомаларды өзгерісіне көп әсер ететін жорамалдарды айқындау үшін пайдаланылатын тәсілді. Егер нақты жүзеге асырылатын болса, сақтандырушы осындай жорамалдар бойынша сандық ақпаратты ашып көрсетуді ұсынуы тиіс;
(d) қаржылық есептілікке елеулі әсер етуін әрбір өзгерістің ықпалын жеке ұсына отырып, сақтандыруға байланысты активтерді және сақтандыру міндеттемелерін өлшеу кезінде пайдаланылатын жорамалдардағы өзгерістердің әсерін;
(e) қайта сақтандыруға байланысты сақтандыру міндеттемелеріндегі, активтердегі өзгерістерді және бар болған кезде сатып алу үшін бөлінген тиісті шығындарды салыстырып тексеру.
Сақтандыру шарттарына байланысты туындайтын тәуекелдердің сипаты мен дәрежесі
38 Сақтандырушы пайдаланушыларға сақтандыру шартына байланысты туындаған тәуекелдердің сипаты мен дәрежесін бағалауға көмектесетін ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.
39 Сақтандырушы 38-параграфқа сәйкес мыналарды ашып көрсетуі тиіс:
(а) сақтандыру шарттары бойынша туындаған тәуекелдерді басқару жөніндегі мақсатын және осындай тәуекелдерді азайту жөніндегі саясатын;
(b) [жойылған]
(c) мынадай ақпаратты қоса алғанда, сақтандыру тәуекелі туралы ақпарат (қайта сақтандыру нәтижесінде ол азайғанға дейін және кейін):
(і) сақтандыру тәуекеліне сезімталдылығы туралы (39-параграфқа қараңыз);
(іі) концентрацияны басшылықтың қалай анықтайтынын және әрбір концентрацияны бірегейлендіретін жалпы сипаттаманы сақтандыру тәуекелінің концентрациялары туралы (мысалы, сақтандыру оқиғасының, географиялық ауданның немесе валютаның);
(ііі) өткен есеп айырысу бағаларымен салыстырғандағы нақты шағымдар (яғни, шағымдарды шешу барысы). Шағымдарды шешу барысы туралы ақпаратты ашып көрсету шағымдар бойынша төлемдердің көлеміне және уақыт бойынша бөлуге қатысты әлі де айқындалмаушылық бар ең ерте маңызды шағымдар туындаған сәттен басталатын кезеңді қамтиды, бірақ он жылдан асатын кезеңді қамтуды талап етпейді. Сақтандырушыдан шағымдар бойынша төлемдердің көлеміне және уақыт бойынша бөлуге қатысты айқындалмаушылықты шешу әдетте бір жыл ішінде болатын шағымдар туралы ақпаратты ашып көрсету талап етілмейді;
(d) егер сақтандыру шарттары 7 IFRS қолдану аясына кіретін болса, пайыздық тәуекел және кредиттік тәуекел туралы 7 IFRS Халықаралық стандартының 31-42-параграфтарына сәйкес талап етілетін ақпаратты. Алайда:
(i) сақтандырушы, егер осының орнына ол сақтандыру бойынша міндеттемелерді танудан туындайтын ақша қаражаттарының таза ағынын болжанатын мерзімдері туралы ақпаратты ашса, 7 IFRS Халықаралық стандартының 39(а)-параграфы талап ететін өтеу мерзімдерінің талдауын ұсынуға міндетті емес;
(ii) егер сақтандырушы нарықтық жағдайларға байланыстың сезімталдылығының баламалы әдісін, мысалы, орнатылған құн негізіндегі әдісті пайдаланса, ол мұндай сезімталдылық талдауының нәтижелерін 7 IFRS Халықаралық стандартының 40(а)-параграфының талаптарын орындау үшін пайдалана алады. Мұндай сақтандырушы 7 IFRS Халықаралық стандартының 41-параграфында талап етілетін ашуларды жүргізуге міндетті;
(е) егер сақтандырушыдан қондырылған туынды құралдарды әділ құны бойынша өлшеу талап етілмесе және ол өлшемесе, негізінен сақтандыру шартында бар қондырылған туынды құралдарға қатысты пайыздық тәуекелге немесе нарықтық тәуекелге ұшыраушылық туралы ақпаратты.
39А. 39(с)(і)-параграфын орындау үшін сақтандыру не (а), не (b) ашып көрсетуге тиіс:
(a) пайдаға немесе залалға және капиталға ықпалды көрсететін сезімталдылықты талдау, егер есепті күнге тиісті тәуекелдің ауыспалы құрамында қисынды өзгерістер болса; сезімталдылықты талдау кезінде пайдаланылған әдістер мен жорамалдар; сондай-ақ алдыңғы кезеңмен салыстырғанда әдістер мен жорамалдарда пайдаланылған кез келген өзгерістер. Алайда, егер сақтандырушы нарықтық жағдайларға байланысты сезімталдылықтың баламалы әдісін пайдаланса, мысалы, орнатылған құн негізіндегі талдау негізінде қолданса, ол бұл талапты осындай сезімталдылықты баламалы талдауды ұсыну және 7 IFRS Халықаралық стандартының 41-параграфында талап етілетін ашуларды орындай алады;
(b) сезімталдылыққа қатысты сапалы сипаттағы ақпарат, сондай-ақ сақтандырушының болашақ ақша қаражаттарының ағындарының белгісіздігінің көлеміне, мерзімдеріне және дәрежесіне елеулі ықпал ететін сақтандыру шарттарының талаптары мен ережелері туралы ақпарат.
КҮШІНЕ ЕНУ КҮНІ ЖӘНЕ ОСЫ СТАНДАРТҚА ӨТУ
40 ХҚЕС қолданып отырған кәсіпорынның осы Стандарт бірінші қолданған жағдайына да және сол сияқты кәсіпорын ХҚЕС бірінші рет (ХҚЕС бірінші рет қолданған кәсіпорын) қолданған жағдайда да өтпелі кезеңнің 41-45-параграфтардағы талаптары қолданылады.
41 Кәсіпорын осы Стандарт 2005 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Мерзімінен бұрын қолдануды құптауға болады. Егер кәсіпорын осы Стандарт 2005 жылғы 1 қаңтардан басталатын кезең үшін қолданса, оның осы фактіні ашып көрсеткені жөн.
41А. 2005 жылдың тамызында жарияланған Қаржылық кепілдік шарттары (39 IAS пен 4 IFRS түзетулер) 4(d), B18(g) және B19(f) параграфтарына өзгерістер енгізеді. Ұйым аталған түзетулерді 2006 жылғы 1 қаңтардан басталатын және осы күннен кейінгі жылдық кезеңдерге қатысты қолдануға міндетті. Мерзімінен бұрын қолдану құпталады. Егер ұйым аталған түзетулерді неғұрлым ерте кезеңдерге қолданатын болса, ол бұл фактіні ашып көрсетуге және 39 IAS және 32 IAS тиісті түзетулермен бірге қолдануға міндетті.
Ашып көрсету
42 Кәсіпорыннан осы Стандарт ашып көрсету жөніндегі талаптарды 2005 жылғы 1 қаңтарда басталатын жылдық кезеңдерге қатысты салыстырмалы ақпаратқа қолдануды, 37(а) және (b) параграфтарда талап етілетін есеп саясатын және танылған активтерді, міндеттемелерді кірістер мен шығыстарды ашып көрсетуді қоспағанда, талап етілмейді (ал егер ол ақша қаражатының қозғалысы туралы есебін ұсыну үшін тікелей әдісті қолданса, онда ақша қаражатының ағындарын да).
43 Егер 10-35-параграфтардың нақты талабын 2005 жылғы 1 қаңтарда басталатын жылдық кезеңдерге қатысты салыстырмалы ақпаратқа қолдануға іс жүзінде мүмкін болмаса, онда кәсіпорын осы фактіні ашып көрсетуі тиіс. Осындай салыстырмалы ақпаратқа қатысты міндеттемелердің (15-19-параграфтар) баламалығын тексеруді қолдану кейде іс жүзінде мүмкін емес, бірақ 10-35-параграфтардың басқа талаптарын осындай салыстырмалы ақпаратқа қолдану іс жүзінде мүмкін еместігі екіталай. 8 IАS іс жүзінде мүмкін емес терминінің мәнін түсіндіреді.
44 39(с)(ііі) параграфын қолдану кезінде кәсіпорыннан ол осы Стандартты қолданған бірінші қаржы жылының соңына дейін кем дегенде бес жыл неғұрлым ерте кезеңдегі шағымдарды шешу барысы туралы ақпаратты ашып көрсету талап етілмейді. Сонымен қатар, егер кәсіпорын осы Стандартты қолданған кезде кәсіпорынның осы Стандартқа сәйкес салыстырмалы ақпаратты ұсынатын тым ерте кезең басталғанға дейін орын алған шағымдарды шешу барысы туралы ақпарат дайындауына іс жүзінде мүмкін болмаса, онда кәсіпорын осы фактіні ашып көрсетуі тиіс.
Қаржы активтерін қайта жіктеу
45 Сақтандырушы өзінің есеп саясатын сақтандыру міндеттемелеріне қатысты өзгертсе, онда пайда немесе залал арқылы әділ құн бойынша ретінде есепке алынатын кейбір немесе барлық қаржылық активтерді қайта жіктеуге рұқсат етіледі, бірақ талап етілмейді. Егер сақтандырушы өзінің есеп саясатын осы Стандартты алғашқы қолданған кезде өзгертсе және саясатының 22-параграфта рұқсат етілген өзгерісін жасаса, осы қайта жіктеуге рұқсат етіледі. Бұл қайта жіктеу есеп саясатының өзгерісі болып табылады және оған 8 IAS қолданылады.
____________________________
Ұйым IFRS 7 қолданған жағдайда, IAS 32 сілтеме IFRS 7 сілтемемен алмастырылады.
А ҚОСЫМШАСЫ: Терминдердің анықтамасы
Бұл қосымша осы Стандарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
сақтандыруға байланысты актив
Сақтандырушының сақтандыру шарты бойынша таза құқықтары.
депозиттік құрам
Шарттың 39 IАS сәйкес туынды құрал ретінде есепке алынбайтын және, егер бөлек құрал болса, 39 IАS қолдану аясына кірмейтін құрамы.
қайта сақтандыруға байланысты активтер
Цеденттің қайта сақтандыру шарты бойынша таза құқықтары.
қалауы бойынша қатысу мүмкіндігі
Кепілдік берілген төлемдерге қосымша ретінде мынадай қосымша пайдаларды алуға шартта негізделген құқық:
(а) шарт бойынша жалпы пайдалардың едәуір бөлігін құрауы ықтимал;
(b) сомасы немесе шартқа сәйкес уақыт бойынша бөлу эмитенттің қалауына байланысты болатын; және
(с) шартқа сәйкес негізделетіндер:
(і) шарттардың белгілі бір тобын немесе шарттың белгілі бір түрін орындауға;
(іі) эмитенттің иелігіндегі активтердің белгілі бір тобынан іске асырылған жәненемесе іске асырылмаған инвестициялық кірістерге; немесе
(ііі) шартты шығарған компанияның, қордың немесе басқа кәсіпорынның пайдасына немесе шығындарына.
кепілдік берілген төлемдер
Белгілі бір полис ұстаушыдағы немесе инвестордағы төлемдер немесе өзге пайдалардың шарт бойынша эмитенттің қалауы бойынша сөзсіз құқығы бар.
полис ұстаушы
Сақтандыру шарты бойынша, егер сақтандырылған оқиға болса, өтемақы алуға құқығы бар тарап.
Қайта сақтандыру шарты
Басқа сақтандырушыдан (цеденттен) цедент шығарған бір немесе бірнеше шарт бойынша шығындардың өтемін алу үшін сақтандырушы (қайта сақтандырушы) шығарған сақтандыру шарты
тікелей сақтандыру шарты
Қайта сақтандыру шарты болып табылмайтын сақтандыру шарты
сақтандыру шарты
Егер туындауы белгісіз (сақтандырылған оқиға) келісілген болашақ оқиға полис ұстаушыға жағымсыз әсер еткен жағдайда полис ұстаушыға өтемақы ұсына отырып, бір тарап (сақтандырушы) басқа тараптан (полис ұстаушыдан) біршама сақтандыру тәуекелін қабылдайтын шарт (В қосымшасында осы анықтама бойынша нұсқау берілген).
сақтандырылған оқиға
Туындауы айқындалмаған, сақтандыру шартын өтейтін және сақтандыру тәуекелін тудыратын болашақ оқиға.
бөлу
Егер бөлек шарттармен берілсе, шарттың құрамдарын есепке алу.
қайта сақтандырушы
Егер сақтандыру оқиғасы болса, қайта сақтандыру шарты бойынша цедентке өтем ұсыну міндеттемесін көтеретін тарап.
міндеттемелердің баламалығын тексеру
Ақша қаражатының болашақ ағындарын талдау негізінде сақтандыру міндеттемесінің баланстық құнын ұлғайту (немесе сату және материалдық емес активтер үшін бөлінген тиісті шығындардың баланстық құнын азайту) қажетті ме әлде жоқ па екенін бағалау.
әділ құн
Жақсы хабардар, осындай мәмілені жасауға ниетті тәуелсіз тараптар арасында мәмілелер жасау кезінде міндеттеме айырбасталатын немесе орындалатын сома.
сақтандыру міндеттемесі
Сақтандырушының сақтандыру шарты бойынша таза міндеттемелері
сақтандыру тәуекелі
Қаржылық тәуекелден айырмашылығы бар, шартты ұстаушыдан эмитентке өтетін тәуекел.
сақтандырушы
Сақтандыру шарты бойынша, егер сақтандырылатын оқиға болса, полис ұстаушыға өтем ұсынатын міндеттемені көтеретін тарап.
қаржы тәуекелі
Пайыздық ставка, қаржы құралының бағасы, тауардың бағасы, шетел валютасының айырбас бағамы, бағалардың немесе ставкалардың индексі, кредит рейтингі немесе кредит тәуекелі немесе кредит индексі немесе қаржылық емес айнымалы болған жағдайда оның шарт бойынша тарапқа жатпау шартымен басқа айнымалы сияқты бір немесе бірнеше факторлардағы ықтимал өзгерістердің тәуекелі.
цедент
Қайта сақтандыру шарты бойынша полис ұстаушы
кепілдік берілген төлемдердің элементі
Шартта көзделген, қалауы бойынша қатысу мүмкіндігі бар кепілдік берілген төлемдер жасау міндеттемесі.
Қаржылық кепілдік шарты
Эмитентті ұстаушы нақты дебитордың борыш құралдарының бастапқы немесе өзгертілген шарттары бойынша дер кезінде төлем жүргізбеуі нәтижесінде шеккен залалдарын нақты төлеуге міндеттейтін шарт.
В ҚОСЫМШАСЫ: Сақтандыру шартының анықтамасы
Бұл қосымша осы Стандарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
В1 Осы қосымшада А қосымшасынан сақтандыру шартын айқындау жөніндегі нұсқау бар. Ол мынадай мәселелерді қозғайды:
(а) туындауы белгісіз болашақ оқиға (В2-В4-параграфтар);
(b) заттай нысандағы төлемдер (В5-В7-параграфтар);
(с) сақтандыру тәуекелі және басқа тәуекелдер (В8-В17-параграфтар);
(d) сақтандыру шарттарының үлгілері (В18-В21-параграфтар);
(e) елеулі сақтандыру тәуекелі (В22-В28-параграфтар); және
(f) сақтандыру тәуекелінің деңгейін өзгерту (В29-В30-параграфтар).
Туындауы белгісіз болашақ оқиғалар
В2 Белгісіздік (немесе тәуекел) сақтандыру шартының мәні болып табылады. Тиісінше, кем дегенде мыналардың бірі сақтандыру шартын қолдану басталарда белгісіз болуы тиіс:
(а) сақтандырылған оқиға болуы мүмкін бе;
(b) ол қашан болады; немесе
(с) егер ол болса, сақтандырушы қандай соманы төлеуі тиіс.
В3 Кейбір сақтандыру шарттарында шартты қолдану мерзімі ішінде зиянды анықтау, тіпті осы зиян сақтандыру шартын қолдану басталғанға дейін болған оқиға нәтижесінде анықталса да, сақтандырылған оқиға болып табылады. Басқа сақтандыру шарттарында шартты қолдану мерзімі ішінде болған оқиға, тіпті туындаған зиян сақтандыру шартын қолдану аяқталғаннан кейін анықталса да, сақтандырылған оқиға болып табылады.
В4 Кейбір сақтандыру шарттары болған, бірақ біреудің қаржылық жағдайы әлі де белгісіз болып қалып отырған оқиғаны қамтиды. Тікелей сақтандырушының полистер ұстаушылар ұсынған шағымдарды шешудің жағымсыз барысына байланысты шығындары өтелетін қайта сақтандыру шарты осының мысалы бола алады. Осындай шағымдар бойынша шығындардың түпкілікті сомасын анықтау осындай шарттар бойынша сақтандырылған оқиға болып табылады.
Заттай нысандағы төлемдер
В5 Кейбір сақтандыру шарттары бойынша заттай нысандағы төлемдерді жүзеге асыру талап немесе рұқсат етілуі мүмкін. Сақтандырушы ұрланған затты айырбастауды тікелей ұсынған, бірақ оның құнын полис ұстаушыға өтемейтін жағдай осының мысалы бола алады. Сақтандырушы шарттармен өтелетін медициналық қызмет көрсетулерді ұсыну үшін өзінің ауруханалары мен медициналық қызметкерлерін пайдаланатын жағдай осының басқа мысалы болады.
В6 Белгіленген сыйақы үшін қызмет көрсетулерді ұсынуға арналған, ол бойынша қызмет көрсетулер туындауы белгісіз оқиғаға қатысты болатын кейбір шарттар осы Стандарттың сақтандыру шартының анықтамасына сай келеді, бірақ кейбір елдерде сақтандыру шарттары ретінде реттелмейді. Қызмет көрсетуге арналған шарт мысалдардың бірі болып табылады, ол бойынша қызмет көрсетуді жеткізуші белгілі бір жабдықты ол бұзылған кезде жөндеуге міндеттенеді. Ұсынылған қызмет көрсету үшін белгіленген сыйақы межелі бұзылу санына негізделді, бірақ нақты станоктың сынатынына не сынбайтынына қатысты белгісіздік бар. Жабдықтың бұзылуы меншік иесіне жағымсыз әсер етеді және шарт бойынша меншік иесіне өтемақы ұсынылады (ақша қаражатымен емес, заттай нысанда). Автомобиль бұзылған жағдайда қызмет көрсетуді ұсыну шарты басқа мысал ретінде болады, ол бойынша қызмет көрсетуді жеткізуші белгілеген жылдық сыйақы үшін автомобиль жолда бұзылған кезде техникалық көмек көрсетуге немесе автомобильді жақын жердегі техникалық қызмет көрсету станциясына тіркеп апаруға міндеттенеді. Соңғы шарт, тіпті егер қызмет көрсетуді жеткізуші жөндеу немесе тетіктерді ауыстыру жөнінде міндеттемелер қабылдамаса да, сақтандыру шартының анықтамасын қанағаттандыруы мүмкін.
В7 Осы Стандарттың В6-параграфта жазылған шарттарға қолдану, ең алдымен, егер осындай шарттар осы Стандартты қолдану аясынан тыс болса, қолданылуы мүмкін Халықаралық қаржылық есептілік стандартын қолданғанша шамалы жүктеме берілген болар еді:
(а) кездескен бұзылулар немесе іркілістер бойынша елеулі міндеттемелер болуы екі талай;
(b) егер 18-Түсім IАS Халықаралық стандарты қолданылса, онда қызмет көрсетулерді жеткізуші түсімді аяқталу сатысын (немесе басқа белгілі бір критерийлерді) ескере отырып таныған болар еді. Осы тәсілге сондай-ақ осы Стандартқа сәйкес рұқсат етіледі, ол бойынша қызмет көрсетулерді жеткізушіге (і) оларға 14-параграфта тиым салынған практиканы кіргізген жағдайларды қоспағанда, осы шарттар үшін қолда бар есеп саясатын пайдалануды жалғастырады және (іі) егер 22-30-параграфтарда рұқсат етілсе, есеп саясатын өзгертеді;
(с) қызмет көрсетулерді жеткізуші қызмет көрсетулерді ұсыну жөніндегі шарттық міндеттемелерді орындау бойынша шығындардың аванспен алынған түсімнен асатынын не аспайтынын талдауды жүргізуі тиіс. Бұл үшін ол осы Стандарттың 15-19-параграфтарында жазылған міндеттемелердің баламалығын тексеруі тиіс. Егер осы Стандарт осы шарттарға қолданылмаса, онда қызмет көрсетулерді жеткізуші осы шарттардың жүктеме берілген болып табылатынын анықтау үшін 37-Бағалау резервтері, шартты міндеттемелер және шартты активтер IАS қолданған болар еді;
(d) осы шарттар бойынша осы Стандартты ашып көрсету бойынша талаптардың басқа Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары талап ететін ашып көрсетулер көлемін біршама ұлғайтатыны екіталай.
Сақтандыру тәуекелінің басқа да тәуекелдерден
айырмашылығы
В8 Сақтандыру шартының анықтамасында осы Стандарт шартты ұстаушыдан эмитентке өтетін қаржы тәуекелінен өзгеше тәуекел ретінде айқындайтын сақтандыру тәуекеліне сілтеме бар. Эмитентті қаржы тәуекеліне ұшырататын, біршама сақтандыру тәуекелі жоқ шарт сақтандыру шарты болып табылады.
В9 А қосымшадағы қаржы тәуекелінің анықтамасына қаржылық және қаржылық емес айнымалылар тізбесі кіреді. Осы тізбеге шарт бойынша тараптарға жатқызылмаған, белгілі бір аймақтағы зілзаладан шығындардың индексі немесе белгілі бір қаладағы температуралар индексі ретіндегі қаржылық емес айнымалылар кіреді. Тізбеге шарт бойынша тараптарға жататын шарт бойынша тарапқа тиесілі активті бүлдіретін немесе бұзатын өрттің туындауы немесе туындамауы сияқты қаржылық емес айнымалылар кірмейді. Сонымен бірге қаржылық емес активтің әділ құнының өзгеру тәуекелі, егер әділ құн осындай активтердің (қаржылық айнымалы) нарықтық бағаларының өзгерісін ғана емес, сонымен қатар шарт бойынша тарап ұстап тұратын белгілі бір қаржылық емес активтің (қаржылық емес айнымалы) жай-күйін де көрсетсе, қаржы тәуекелі болып табылмайды. Мысалы, егер белгілі бір автомобильдің тарату құнына кепілдік беру гарантты автомобильдің нақты жай-күйі өзгерістерінің тәуекеліне ұшыратса, онда осы тәуекел қаржылық емес, сақтандыру тәуекелі болып табылады.
В10 Кейбір шарттар бойынша сақтандырушы сақтандыру тәуекелімен қатар қаржы тәуекеліне ұшырайды. Мысалы, көптеген өмірді сақтандыру шарттары полисті ұстаушылардың ең төменгі кірістілігіне кепілдік береді (қаржы тәуекелін жасай отырып) және сол сияқты қайтыс болған жағдай бойынша, кейде полис ұстаушының шотындағы баланстан біршама асып түсетін төлемдерді жасау міндеттемесі болады (қайтыс болу тәуекелі түріндегі сақтандыру тәуекелін жасай отырып). Осындай шарттар сақтандыру шарттары болып табылады.
В11 Кейбір шарттар бойынша сақтандырылған оқиға баға индексіне қатысты сомаларды төлеуге әкеп соғады. Осындай шарттар сақтандыру шарттары болып табылады, бұл ретте сақтандырылған оқиғаға қатысты төлемдердің көлемі едәуір болуы мүмкін. Мысалы, өмір сүру деңгейіне байланысты өмірлік зейнетақы сақтандыру тәуекелін өткізеді, себебі төлем туындауы белгісіз оқиға – аннуитенттің өміріне қатысты болады. Бағаларға байланысты болу қондырылған туынды құрал болып табылады, бірақ ол сондай-ақ сақтандыру тәуекелін өткізеді. Егер өткізілетін сақтандыру тәуекелі едәуір болса, онда қондырылған туынды құрал сақтандыру шартының анықтамасына сай болады және осы жағдайда оны әділ құн бойынша бөліп алу және өлшеу талап етілмейді (Стандарттың 7-параграфын қараңыз).
В12 Сақтандыру тәуекелінің анықтамасында сақтандырушы полис ұстаушыдан қабылдайтын тәуекелге сілтеме бар. Басқаша айтқанда, сақтандыру тәуекелі – бұл болып отырған, полис ұстаушыдан сақтандырушыға өтетін тәуекел. Осылайша, шартта жасалатын жаңа тәуекел сақтандыру тәуекелі болып табылмайды.
В13 Сақтандыру шартының анықтамасында полис ұстаушыға жағымсыз әсерге сілтеме бар. Анықтама сақтандырушы төлемдерінің мөлшерін жағымсыз әсер етудің қаржылық ықпалына тең сомамен шектемейді. Мысалы, анықтама полис ұстаушыға бұзылған ескі активті жаңасына ауыстыру үшін жеткілікті өтем төленетін ескі үшін жаңа сақтандыру өтемін жоққа шығармайды. Анықтама дәл солай, өмірлік сақтандыру шарты бойынша төлемдердің мөлшерін қайтыс болған адамның асырауындағыларға келтірілген қаржылық залалға тең сомамен шектемейді және алдын ала анықталған сомаларды төлеу төлем мөлшері қайтыс болуы немесе жазатайым жағдай салдарынан келтірілген шығынды сандық бағалау болып табылуы үшін кедергі жасамайды.
В14 Кейбір шарттар бойынша, егер туындауы белгісіз ескертілген оқиға болса, өтем төлеу талап етіледі, бірақ полис ұстаушыға міндетті талап ретінде жағымсыз әсер етудің болуы талап етілмейді. Осындай шарт тіпті, егер полис ұстаушы осы шартты оның негізінде жатқан тәуекелге ұшырауды төмендету үшін пайдаланса да, сақтандыру шарты болып табылмайды. Мысалы, егер полис ұстаушы туынды құралды құралдың негізінде жатқан, кәсіпорынның активінен ақша қаражатының қозғалысына байланысты қаржылық емес айнымалыны хеджирлеу үшін пайдаланса, онда туынды құрал сақтандыру шарты болып табылмайды, себебі өтем төлеу полис ұстаушы активтен ақша қаражаты ағындарының азаюы салдарынан жағымсыз әсерге ұшырағанына не ұшырамағына қатысты болмайды. Және керісінше, сақтандыру шартының анықтамасында туындауы белгісіз және полис ұстаушыға жағымсыз әсері шарттың төлемді жүзеге асыру үшін міндетті талабы болып табылатын оқиғаға сілтеме бар. Шарттың осы міндетті талабы сақтандырушыдан оқиға шын мәнінде жағымсыз әсері болғанын не болмағын зерттеуді талап етпейді, бірақ сақтандырушыға, егер ол оқиға жағымсыз әсер еткеніне сенімді болмаса, төлемнен бас тартуына рұқсат етеді.
В15 Шартты мерзімінен бұрын бұзу немесе неғұрлым ұзақ қолдану тәуекелі (яғни, шарттың бағасын құру кезінде шарт бойынша қарама-қарсы тарап шарттан эмитент күтіп отырғаннан ерте немесе кешірек бас тарту тәуекелі) сақтандыру тәуекелі болып табылмайды, себебі шарт бойынша қарама-қарсы тарапқа төлем жасау туындауы белгісіз және оған әсер етуі жағымсыз болатын оқиғаға қатысты емес. Осылайша, жоғары шығыстардың тәуекелі (яғни, сақтандырылған оқиғаларға байланысты шығыстар емес, шартқа қызмет көрсетуге байланысты әкімшілік шығыстардың көзделмеген ұлғаюы) сақтандыру тәуекелі болып табылмайды, себебі шығыстардың көзделмеген ұлғаюы шарт бойынша қарама-қарсы тарапқа жағымсыз әсер етпейді.
В16 Сондықтан эмитенті шартты мерзімінен бұрын бұзу тәуекеліне, шарттың неғұрлым ұзақ қолдану тәуекеліне немесе жоғары шығыстардың тәуекеліне ұшыратқан шарт, ол эмитентті сақтандыру тәуекеліне де ұшыратқан жағдайларды қоспағанда, сақтандыру шарты болып табылмайды. Дегенмен, егер осы шарттың эмитенті осы тәуекелдің бір бөлігін үшінші тарапқа беру үшін қосымша шартты пайдалана отырып осындай тәуекелді азайтса, онда осы қосымша шарт үшінші тұлғаны сақтандыру тәуекеліне ұшыратады.
В17 Кәсіпорын сақтандырушыны полис ұстаушыдан бөлген болып табылған жағдайда ғана сақтандырушы полис ұстаушыдан едәуір сақтандыру тәуекелін қабылдайды. Өзара сақтандырушымен болған жағдайда өзара сақтандырушы әрбір полис иеленушіден тәуекелді қабылдайды және оларды пулға біріктіреді. Полис ұстаушылары меншік иелері ретінде бірлесіп осы біріктірілген тәуекелді көтерсе де, өзара сақтандырушы сақтандыру шартының мәні болып табылатын осы тәуекелді қабылдайды.
Сақтандыру шарттарының мысалдары
В18 Төменде өткізілетін сақтандыру тәуекелі едәуір болуы шартымен сақтандыру шарттары болып табылатын шарттардың мысалдары келтірілген:
(а) мүліктің ұрлануы немесе залал келтіру жағдайына сақтандыру;
(b) тауар өндірушілердің жауапкершілігін, кәсіби жауапкершілігін, азаматтық жауапкершілігін сақтандыру немесе сот шығыстарын сақтандыру;
(c) өмірді сақтандыру және жерлеу бойынша шығыстардың сақтандыру жоспарлары (қайтыс болу белгісіз болса да, қайтыс болған немесе өмірді сақтандырудың кейбір түрлері үшін сақтандырумен қамтылған кезең ішінде қайтыс болған сәт белгісіз болып табылады);
(d) өмірлік зейнетақылар және зейнетақылар (яғни, олар бойынша туындауы белгісіз болашақ оқиғаға (аннуитенттің немесе зейнеткердің өмірі) қатысты өтем аннуитентке немесе зейнеткерге керісінше жағдайда оның өміріне жағымсыз әсер етуі мүмкін белгілі бір өмір деңгейін қамтамасыз ету үшін қамтамасыз етілетін шарттар);
(e) мүгедектікті сақтандыру және медициналық сақтандыру;
(f) кепілдік бондтары, алаяқтық, басшылық пен қызметкерлер тарапынан талан-тараж тәуекелдерін сақтандыру, міндеттемені табысты орындауды сақтандыру, оферттерді орындауды сақтандыру (яғни олар бойынша өтем ұсынылатын, егер басқа тарап шарттық міндеттемелерді орындай алмаса, мысалы, үй салу міндеттемесін);
(g) белгілі бір борышкер борыштық құралдың бастапқы немесе өзгерген мерзімдердің басталуы кезінде төлемдерді жүзеге асырмауына байланысты келтірілген шығынның иесіне өтем үшін белгілі бір төлемдер көзделетін кредиттік сақтандыру. Осындай шарттардың кредиттер бойынша міндеттемелерін немесе сақтандыру шарттарын орындамауға қатысты әр түрлі қаржылық кепілдік беру, аккредитив, туынды құралдар сияқты заңдық нысандары болуы мүмкін. Сөйіп, мұндай шарттар сақтандыру шартының анықтамасына жауап бергенмен, олар сондай-ақ 39 IAS-та қаржылық кепілдік шартының анықтамасына сай келеді және осы Стандарттың емес, 32 IAS пен 39 IAS қолданысына түседі (4(d)-параграфқа қараңыз). Дегенмен де, егер қаржылық кепілдік шартының эмитенті мұндай шарттарды сақтандыру шарттары деп санайтынын мәлімдесе және сақтандыру шартына қатысы есеп рәсімдерін пайдаланса, ол мұндай қаржы кепілдігінің шарттарына 32 IAS пен 39 IAS немесе осы Стандартты қолдануды таңдай алады.
(h) өнімге кепілдік беру. Өндіруші, дилер немесе бөлшек сатушы сатқан тауарларға басқа тарапқа ұсынылған өнімге кепілдіктер осы Стандартты қолдану аясына кіреді. Дегенмен тікелей өндіруші, дилер немесе бөлшек сатушы ұсынған өнімге кепілдіктер оның қолданылу аясына кірмейді, себебі олар 18-Түсім IАS және 37-Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер IАS қолдану аясына кіреді;
(i) меншік иесі мәртебесін сақтандыру (яғни, жерге меншік иесі мәртебесінің кемшіліктерін анықтау жағдайына сақтандыру, олардың болуы сақтандыру шартын жасау сәтінде айқын болмаған). Осы жағдайда сақтандыру оқиғасы ақаудың өзін емес, меншік иесі мәртебесінің ақауын анықтау болып табылады;
(j) саяхаттау уақытына сақтандыру (яғни, полис ұстаушыларына олардың саяхаттау уақыты ішінде келтірілген залалды ақша қаражатымен немесе заттай нысанда өтеу). В6 және В7-параграфтарында осындай түрдегі шарттар қарастырылады;
(k) егер белгілі бір оқиғалар облигациялардың эмитентіне жағымсыз әсер етсе, негізгі соманың, пайыздардың сомаларын немесе қандай да болмасын басқа сомалардың төлемдерін азайту көзделетін апаттар бойынша облигациялар (келісілген оқиға едәуір сақтандыру тәуекелін жасамаса, мысалы, егер осындай оқиға пайыздық ставканы немесе валютаның айырбас бағамын өзгерту болып табылса);
(l) негізінде төлемдердің мөлшері климаттық, геологиялық немесе шарт тараптарының біріне жатқызылатын басқа физикалық айнымалыларға негізделетін сақтандыру своптары және басқа шарттар;
(m) қайта сақтандыру шарттары.
В19 Төменде сақтандыру шарттары болып табылмайтын баптардың мысалдары келтірілген:
(а) сақтандыру шартының заңды нысаны бар, бірақ сақтандырушыны сақтандыру тәуекеліне ұшыратпайтын инвестициялық шарттар, мысалы, негізінде сақтандырушы қайтыс болудың едәуір тәуекеліне ұшырамайтын өмірді сақтандыру шарттары (осы шарттар сақтандырылмайтын қаржы құралдары немесе қызмет көрсету ұсынылатын шарттар болып табылады, В20 және В21-параграфтарын қараңыз);
(b) сақтандырудың заңды нысаны бар, бірақ барлық маңызды сақтандыру тәуекелін полис ұстаушыға заңдық күші бар және жоюға жатпайтын, полис ұстаушы жүзеге асыратын, сақтандырылған шығындарға тікелей қатысты болашақ төлемдерді түзететін механизм арқылы кері өткізілетін шарттар, мысалы, кейбір қаржылық қайта сақтандыру шарттары немесе кейбір топтық шарттар (осындай шарттар әдетте сақтандыру емес қаржылық құралдар немесе қызмет көрсету шарттары болып табылады, А20 және В21-параграфтарды қараңыз):
(c) өзін-өзі сақтандыру, басқаша айтқанда сақтандырумен өтелуі мүмкін тәуекелді өткізбеу (сақтандыру шарты болып табылмайды, себебі басқа тараппен келісім жоқ);
(d) егер туындауы белгісіз, бірақ полис ұстаушыға жағымсыз әсер ететін оқиғаның болуы төлем үшін міндетті шарт талабы ретінде болуы талап етілмейтін келісілген оқиға болса, өтем бөлу талап етілетін шарттар (құмар полистер сияқты). Дегенмен бұл қайтыс болу немесе жазатайым жағдай сияқты келісілген оқиға келтірген шығынды сандық бағалауды көрсететін өтемнің мөлшерін алдын ала белгілеуге кедергі жасамайды (В13-параграфты қараңыз);
(e) тараптардың бірін сақтандыру емес, қаржылық тәуекелге ұшырататын туынды құралдары, себебі олар бойынша тараптардың бірі бір немесе бірнеше айналмалылардың: белгілі бір пайыздық ставканың, қаржы құралы бағасының, тауардың бағасын белгілеудің, валютаның айырбас бағамының, кредиттік бағалардың немесе ставкалар индексінің, кредиттік рейтингтің немесе кредиттік индекстің немесе басқа айналымалының өзгерісіне негізделген төлемдерді қаржылық емес айнымалы жағдайында ол шарттық бойынша тараптарға жатқызылмау шартымен жүзеге асыруы талап етіледі (39 IАS қараңыз);
(f) қаржылық кепілдік беру шарты (немесе аккредитив, кредиттер бойынша міндеттемелердің орындалмауына қатысты туынды құрал немесе кредиттік сақтандыру шарты), ол бойынша, тіпті егер ұстаушы борышкердің уақтылы төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндігі болмауы салдарынан шығын келтірмесе де, өтем төлеу талап етіледі (39 IАS қараңыз);
(g) төлем шарт тараптарының біріне қатысты болмайтын климаттық, геологиялық немесе басқа физикалық айнымалыларға (әдетте метеорологиялық туынды құралдар деп аталатын) негізделетін шарттар;
(h) негізгі соманың, пайыздар сомасының немесе шарт тараптарының біріне қатысты болмайтын климаттық, геологиялық немесе басқа физикалық айнымалыларға негізделген қандай да болмасын соманың төлемдерін азайту көзделген апаттық облигациялар.
В20 Егер В19-параграфта жазылған шарттар қаржылық активтерді немесе қаржылық міндеттемелерді құраса, онда олар 39 IАS қолдану аясына кіреді. Бұл басқаша алғанда шарт бойынша тараптардың кейде депозиттік есепке алу деп аталатын есепке алуды пайдаланады, онда:
(а) тараптардың бірі алынған өтемді түсім ретінде емес, қаржылық міндеттеме ретінде таниды;
(b) ал басқа тарап төленген өтемді шығыс ретінде емес, қаржылық актив ретінде таниды.
В21 Егер В19-параграфта жазылған келісім-шарттар қаржылық активті немесе міндеттемелерді құрамаса, онда 18 IАS қолданылады. Егер операцияның нәтижесі сенімді түрде бағаланса, 18 IАS сәйкес қызмет көрсету болжанған операция бойынша түсім, операцияның аяқталу сатысы негізінде танылады.
Маңызды сақтандыру тәуекелі
В22 Шарт, егер ол бойынша маңызды сақтандыру тәуекелі өткізілген жағдайда ғана сақтандыру шарты болып табылады. В8-В21-параграфтарында сақтандыру тәуекелі қарастырылады. Келесі параграфтарда сақтандыру тәуекелі маңызды болып табылатыны не табылмайтыны қаралады.
В23 Сақтандыру тәуекелі, егер сақтандырған оқиға нәтижесінде сақтандырушыға коммерциялық маңызы жоқ жағдайларды қоспағанда, кез келген негізде маңызды қосымша сыйақы төлеуге тура келген жағдайда ғана маңызды болады. Егер маңызды қосымша сыйақылар коммерциялық мазмұны бар жағдайларда төлеуге жатса, онда алдыңғы сөйлемдегі талап, тіпті егер шартты ақша ағындарының межелі (яғни, ықтималдылық негізінде өлшенген) келтірілген құны шарт бойынша қалған ақша қаражаты ағындарының межелі келтірілген құнымен салыстырғанда шамалы болып табылса да, орындалуы мүмкін.
В24 В23-параграфында келтірілген қосымша сыйақылар, егер сақтандыру оқиғасы болмаса, төлеуге жататын сомалардан артық сомаларға жатқызылады (коммерциялық мазмұны бар жағдайларды қоспағанда). Осы қосымша сомаларға шағымдарды қарау және оларды бағалау шығындары кіреді, бірақ мыналар қосылмайды:
(а) полис ұстаушыдан болашақ қызмет көрсетулер үшін ақы алу мүмкіндігінің шығыны. Мысалы, инвестицияға байланысты сақтандыру шарты бойынша, полис ұстаушының қайтыс болуы сақтандырушының бұдан әрі инвестициялауды басқару жөніндегі қызмет көрсетуді ұсынбайтынын және ол үшін ақы алмайтынын білдіреді. Дегенмен, өзара қормен болған, оның басқарушысы клиенттің қайтыс болуы мүмкіндігіне қатысты сақтандыру тәуекелін қабылдаған жағдайдағыдай сақтандырушының экономикалық шығыны сақтандыру тәуекелін көрсетпейді. Сондықтан инвестицияларды басқару үшін болашақ сыйақылар шығындарының әлуеттік мүмкіндігі шарт бойынша сақтандыру тәуекелі қандай көлемде ауыстырылатынын бағалау кезінде орынды болып табылмайды.
(b) қайтыс болған жағдайда шарт тоқтатылған немесе одан бас тартқан жағдайда келтірілуі мүмкін шығыстардан бас тарту. Осы шығыстар шарттың нәтижесінде туындағандықтан, онда осы шығыстардан бас тарту полис ұстаушыға болған тәуекел үшін өтем жасамайды. Сондақтан олар шарт бойынша сақтандыру тәуекелі қандай көлемде ауыстырылатынын бағалау кезінде орынды болмайды;
(c) туындаған кезде шартты ұстаушы маңызды шығындар көтермейтін оқиғаға қатысты төлем. Мысалы, егер нәтижесінде полис ұстаушы бір ақша бірлігіне тең шамалы экономикалық шығын көтеруі нәтижесінде активке нақты шығын келсе, сақтандырушы бір миллион ақша бірлігін төлеуі тиіс шарт бар. Осы шарт бойынша полис ұстаушы сақтандырушыға бір ақша бірлігінің шамалы шығын тәуекелін өткізеді. Сол уақытта шарт, егер белгілі бір оқиға болса, эмитент 999 999 ақша бірлігін төлеуі тиіс сақтандыру емес тәуекелін жасайды. Эмитент полис ұстаушыдан маңызды сақтандыру тәуекелін қабылдайтындықтан, осы шарт сақтандыру шарты болып табылады;
(d) қайта сақтандыру шарты бойынша алынған шығындарды өтеу мүмкіндігі. Сақтандырушы оларды бөлек есепке алуы тиіс.
В25 Сақтандырушы шарттар бойынша сақтандыру тәуекелінің маңыздылығын қаржылық есептілік негізінде олардың маңыздылығы негізінде емес, жеке негізде бағалауы тиіс. Осылайша, сақтандыру тәуекелі, тіпті, барлық есепке алынған шарттар бойынша маңызды шығындардың ең төменгі ықтималдылығы болған жағдайда да маңызды болуы мүмкін. Шарттардың жеке негізде осылай бағалануы шарттарды сақтандыру шарттары ретінде жіктеуді жеңілдетуге көмектеседі. Дегенмен, егер шағын шарттардың біртекті тобы сақтандыру тәуекелдері өткізілетін шарттардан тұратыны белгілі болса, онда сақтандырушының шамалы сақтандыру тәуекелі өткізілетін туынды емес құралдар болып табылатын бірнеше шарттарды анықтау үшін осы топтың әрбір шартын жеке талдауы үшін талап етілмейді.
В26 В23-В25-параграфтардан, егер осы шарт бойынша қайтыс болу жағдайы бойынша өмір сүру кезінде төленетін сомадан асатын өтем төленсе, онда осы шарт қайтыс болу жағдайы бойынша қосымша төлемдер шамалы болған жағдайды қоспағанда, сақтандыру шарты болып табылатынын (бұл шарттардың барлық тобына емес, шарттың өзіне қатысты бағаланады) айтуға болады. В24(b)-параграфта аталып өткендей, қайтыс болған жағдайда шарт тоқтатылған немесе одан бас тартылған жағдайда келтірілуі мүмкін шығыстардан бас тарту, егер осы бас тарту нәтижесінде полисті ұстаушыға болып отырған тәуекел өтелмесе, осындай бағалауға кірмейді. Осылайша полисі ұстаушының өмірінің қалған кезеңі ішінде жүйелі төлемдер жүргізілетін зейнетақы шарты қалған өмір сүру кезеңіне қатысты жиынтық төлемдер шамалы болып табылатын жағдайларды қоспағанда сақтандыру шарты болып табылады.
В27 В23-параграф қосымша сыйақыларға жатқызылады. Осы қосымша сыйақыларға, егер сақтандырылған оқиға ерте болса және төлем ақшаның уақытша құнын ескере отырып түзетілмесе, сыйқыларды мерзімінен бұрын төлеу жөніндегі талап кіруі мүмкін. Белгіленген сомаға өмірлік сақтандыру осының мысалы болып табылады (басқаша айтқанда, қайтыс болған жағдайда белгіленген төлемдер жүргізілетін және өтеудің аяқталу мерзімі жоқ сақтандыру). Полис ұстаушы қайтыс болуы анықталды, бірақ қайтыс болу күні анықталмаған болып қалады. Сақтандырушы, тіпті егер тұтастай алғанда шарттар тобы бойынша шығын болмаса да, ұстушылары қайтыс болған жекелеген шарттар бойынша шығынды көтереді.
В28 Егер сақтандыру шарты депозиттік және сақтандыру құрамдарына бөлінсе, онда өткізілетін сақтандыру тәуекелінің маңыздылығы сақтандыру құрамы негізінде бағаланады. Қондырылған туынды құрал бойынша өткізілетін сақтандыру тәуекелінің маңыздылығы қондырылған туынды құрал негізінде бағаланады.
Сақтандыру тәуекелінің деңгейін өзгерту
В29 Кейбір шарттар бойынша сақтандырушыға сақтандыру тәуекелі оларды қолданудың басында, олар бойынша сақтандыру тәуекелі кешірек берілсе де, өткізіледі. Мысалы, белгілі бір инвестициялық кіріс көзделетін және полис ұстаушы үшін инвестиялардан түсімдерді оны өтеу мерзімі басталған кезде сақтандырушы басқа жаңа аннуитенттерге ұсынатын және осы мүмкіндікті полис ұстаушы пайдаланған сәтте қолданылатын аннуитент бойынша ағымдағы ставкалар бойынша өмірлік зейнетақыны сатып алу үшін пайдалану мүмкіндігі енгізілген шартты қарастырамыз. Шарт бойынша сақтандыру тәуекелі осындай мүмкіндік пайдаланылған сәтке дейін сақтандырушыға өткізілмейді, себебі сақтандырушыда осы сәтте сақтандырушыға өткізілетін сақтандыру тәуекелін көрсететін негізде аннуитентті бағалау кезінде таңдау еркі қалады. Дегенмен, егер шартта аннуитент бойынша ставкалар (немесе аннуитент бойынша ставкаларды белгілеу үшін қолданылатын негіз) келісілсе, онда ол бойынша сақтандыру тәуекелі сақтандырушыға осындай шартты қолданудың басында өткізіледі.