Бұл жолдаудың басты бағыттарының бірі болып: бастауыш және орта білім беру, сондай-ақ кадрларды қайта даярлау жүйесін әлемдік стандарттарға жақындату.
Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек.
Біріншіден, 3 ауысымдық оқытуды жою керек. Таяудағы үш жылдың өзінде мемлекеттік- жекеменшік әріптестік негізінде Қазақстанның өңірлерінде 10 жаңа мектеп салу қажет.
Екіншіден, оқытудың, әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек.
Үшіншіден, он-лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет.
Төртіншіден, оқу жоспарларына жаратылыстану ғылымдары бойынша, бірінші кезекте, математика мен ақпараттанудан қосымша сағаттар немесе пәндер енгізу керек.
Бесіншіден, мектептерге ағылшын тілінің шетелдік оқытушыларын тарту қажет. Кез келген ортасанатты мектептің балалардың ең жоғары деңгейде шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежесіне қол жеткізуіміз қажет.
Алтыншыдан, жұмыстың жоғары нәтижелеріне қол жеткізген мектептерге гранттар тағайындау жөнінде мемлекеттік конкурстар жүйесін енгізу туралы ойластырған жөн, айталық, оларды аз қамтылған отбасындағы оқушыларға арналған степендияларды қаржыландыру түрінде беруге болар еді. Бұл олардың одан әрі неғұрлым беделді әрі озық білім беру мекемелерінде білім алуларына жағдай жасайды. Үздік оқушылардың жұмысын бағалау мен оларға сыйақы төлеу жүйесін өте мұқият зерттелген жөн.
Он сегізінші бағыт- Оқу орындарын халықаралық стандарттар деңгейінде аттестациялауды енгізу, жоғары білім беру ғылымдарды басым дамыту
Біріншіден, Үкімет әрбір жоғары оқу орындағы білім беру сапасын әділ бағалауға мүмкіндік беретін халықаралық деңгейде аттестациялау жүйесін енгізуге тиіс. Жоғары білім беру ұйымдарын халықаралық аккредитациялау үшін беделді агенттіктерді тарту жөнінде де ойланған жөн.
Екіншіден, ғылымды құрылымдық реформалау шеңберінде бірқатар академиялық ғылыми мекемелерді алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен біріктірген тиімді, мұның өзі білім беру мен ғылыми зерттеу жұмысын ұштастыратын университеттер құруға негіз болар еді.
Үшіншіден, Үкімет оқытудың мамандандырылған бағдарламалары мен нақтылы және инженерлік ғылымдардың ғылыми-қолданбалы орталықтарын дамыту үшін тиісті нормативтік құқықтық база әзірлеуге тиіс.
Төртіншіден, Білім және ғылым министрлігі мен Үкіметтің өзге де тиісті құрылымдары ғылыми-техникалық оқыту бағдарламасын әзірлеп, ақша қаражатын тиімді пайдалану мен ғылыми және қолданбалы зерттеулердің қосарластығын еңсеру арқылы ғылыми, конструкторлық және технологиялық жұмыстардың салааралық үйлестірілуін нығайту қағидаттары бойынша оның іске асырылуын бақылауға алуы керек.
Бесіншіден, біздің шетелдердің мемлекеттік даму институттарын белсендірек тартып, сонымен қатар жеке меншік сектор инвестицияларының математикалық және ғылыми білім беру ісіне құйылуын көтермелеп отыруымыз қажет.
Алтыншыдан, біз үшін барынша мүдделік туғызып отырған білім беру салаларына шетел ғалымдары мен оқытушыларын белсендірек тарту өзіміздің білікті оқытушылар құрамы мен инженер-педагог кадрлардың санын ұлғайту жөніндегі стратегиямыздың құрамдас бөлігі болуы керек.
Жетіншіден, ақпараттық технологиялар мен ақпаратты тартудың жаңа нысандарына бағдарланған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр.
Келесі бағыттың бастысы «Парасатты экономика» негіздерін қалыптастыру болып табылады.
Әлемдік шаруашылық байланыстары жүйесіне белсене кіріккен осы заманғы белді мемлекеттердің барлығы дерлік бәрін де «парасатты экономиканың» жолына тіккен еді. Ондай экономика құру үшін, ең алдымен, өзіміздің «адами қазынамызды» молайтуымыз керек екені анық.
Біріншіден, тұтас алғанда әлемдік технологиялық даму деңейіне сәйкес өзіміздің жаңа экономикамызға қажетті білімнің баршаға ортақ базасын ұдайы жаңартып отыру үшін ілгері талаптар қойып, тиісті инфрақұрылым қалыптастыру қажет.
Екіншіден, білім беру бағдарламаларын іске асыру мен ғылыми қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін инновациялық білім беру консорциумдарын құруға тікелей қолдау көрсету міндет.
Үшіншіден, ғылыми- зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының мемлекеттің немесе жеке меншік сектордың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға тапсырыстарын, гранттар, бірлескен ғылыми басылымдар және т.б. алу үшін бірлесіп, конкурстарға қатысу практикасын кеңейте беру қажет.
Төртіншіден, жаңа технологиялар беруші компанияларға осы технологиялармен жұмыс істеуге тиіс қазақстандық құрамды міндетті түрде оқытуды ұсынған жөн.
Бесіншіден, кәсіпкерлердің жеке меншік сектордың ғылыми-технологиялық қамтылуы мен бәсекеге қабілеттілігіне мүдделі болуына қажетті алғышарттар туғызу да маңызды. Сондай-ақ кәсіпкерлердің қазақстандық мамандарды оқыту жөніндегі контрактілік міндеттемелерін орындауын қалтқысыз бақылап отырудың да маңызы үлкен.
2. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ның даму тарихы және оның даму кезеңдері
1998 жылдың наурызында ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасы білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау Министрлігінің білім беру мекемесінің жүйесін жетілдірудегі қосымша шаралар туралы» қаулысымен,Оңтүстік Қазақстанның екі жоғары оқу орнын –М.О. Әуезов атындағы гуманитарлық университеті мен техникалық университетін қайта құру және біріктіру жолымен М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті құрылды.
Оңтүстік Қазақстанның жоғары оқу орындарының ішіндегі бір жасы бола отырып, өз мазмұнымен М.О. Әуезов атындағы университет Қазақстанның Оңтүстігіндегі жоғары мектептердің екі жоғары технологиялық және гумантарлық білім беруді ұсынады.
Қазір университетте ғылыми-педагогикалық қызметпен 1300 оқытушы айналысады, олардың ішінде:3 Ұлттық ғылым академиясының мүше корреспонденті, 96 ғылым докторлары мен профессорлары, 427 ғылым кандидаттары мен доценттері. Университетте 101 мамандық бойынша 24 мың студент білім алады. Оқыту университеттің 16 факультетінде жүргізіледі: технологиялық; механикалық; ақпараттық техонология және қолданбалы математика факультетінде; дене шынықтыру, спорт және туризм; құқықтану және халықаралық қатынастар; жаратылыстану-педагогикалық; экономика және қаржы; және гуманитарлық, техникалық, педогогикалық мамандықтар бойынша сырттай оқудың үш факультетінде. Университет құрамында мәдениет және өнер педогогикалық институты ашылған.
Магистратура, асперантура және докторонтура бар. 7 мамандық бойынша кандидаттық және докторлық диссертация қорғаудың 5 диссертациялық кеңесі қызмет етеді. Университеттің әскери дайындық кафедрасында қосалқы офицерлер дайындау жүзеге асырылды.
М.О. Әуезова атындағы ОҚМУ ректоры ҚР ҰҒА корреспондент- мүшесі, техникалық ғылымдар докторы, профессор Валихан Қозыкеұлы Бишимбаев болып табылады. Ол отандық өндірістегі шикізат түрлеріне бұрын қолданылмаған және дәстүрлі емес өнеркәсіптік қолдану әдістері мен тәсілдерін жетілдіру облысындағы ірі ғалым. В.Қ. Бишімбаев 285 мақаланың, 4 монографияның, 7 оқу құралының және 30-дан астам өнертабыстарының авторы. Оның ғылыми жетекшілігімен 8 докторлық және 12 кандидаттық дисертация қорғалған. В.Қ.Бишімбаев Қазақстанның Жоғары мектебінде реформалау және дамыту облысындағы белгілі ғалым болып табылады.
Техникалық институттының пайда болу тарихы
Халық Комиссарлар Кеңесі 1949 жылдың 19 маусымында №679 «Шымкент қаласынан құрылыс материалдарының технологиялық институтының ұйымдастыру туралы» қаулы қабылдады. 1957 жылы құрылыс материалдар технологиясы институты Қазақ технологиялық институты болып аталды. 1964 жылы институт Қазақ химия-технологиялық институты болып аталды.1996 жылдың 7 мамырында ҚР үкіметінің №573 қаулысымен Қазақ химия-технологиялық институты Оңтүстік қазақстан университеті болып қайта құрылды. 1998 жылдың 24 наурызында ҚР Үкіметінің 256 қаулысымен Оңтүстік Қазақстан технологиялық университеті мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті бірігу нәтижесінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті болып қайта құрылды. ССРО Құрылыс материалдары Халық комиссариатында және ССРО Комиссарлары Кеңесі жанындағы жоғары мектеп ісі жөніндегі комитетіне институтты ұйымдастыру, қабылдау жоспарын белгілеп, 1943-1944 оқу жылы үшін 150 адам қабылдауды міндеттеді. 1957-1958 ж институттың мамандыру саласы артып, онда жаңа екі факультет- технологиялық және механикалық ұйымдастырылып жұмыс істей бастады. 1964 жылы институт «Қазақ химия технологиялық институты» болып қайта аталды. Осы жылы институтта өз асперантурасы ашылды. 1975-1979 жылдары институтты х.ғ.д., профессор, қазіргі ҚР ҰҒА академигі, ҚР ҰҒА Орталық Қазақстан бөлімі жетекшісі, ҚР ҰҒА көмір химиясының органикалық құрау институтының директоры Молдахметов Зейнолла Молдахметұлы басқарды. 1988-1991 жылдары институтта, қазіргі ҚазҰУ кафедра меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Наурызбаев Михаил Қасымұлы ректорлық қызмет атқарды. Бұл жылдары «Г» және «Д» оқу –лабораториялық ғимараттарының құрылысы аяқталды, сыртқы және кешкі оқу бөлімдері бойынша физика- математикалық мектеп ұйымдастырылды. 1989 жылы «Химиялық технология процестері мен аппараттары», ал 1990 жылы ССРО ЖАК бұйрығымен докторлық диссертациялар қорғалатын мамандандырылған кеңес ұйымдастырылды. 1991-1996 жылдары институтты ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті, ф-м.ғ.д., профессор, ҚР ИА академигі Қәлменов Тынысбек Шәріпұлы басқарды. Бұл жылдар тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуымен және оның нарықтық экономикаға өтуімен сипатталды. Осыған байланысты институтта 20-ға жуық жаңа экономика, биотехнология, тағам өндірістері мамандықтары ашылып, жаңа екі факультет- инженерлік, экономикалық және қайта өңдеу өндірістері мен тағамдық технология ашылды. Докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғау бойынша Ғылыми Кеңес ашылды. 1997 жылдың наурызынан ОҚТУ-ды т.ғ.д., профессор ҚР ИА академигі Айнабеков Алпысбай Иманқұлұлы басқарды. Оңтүстік Қазақстан техникалық университетін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеттерін ҚР Үкіметінің 24.03.98 жылғы №256 қаулысымен біріктіріп М.Әуезов атындағы ОҚМУ құрылды. М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры болып п.ғ.д., профессор Медеуов Есенгелді Өміржанұлы тағайындалды. Университет 8 факультетте 40 кафедра 31 мамандықтар бойынша мамандар дайындады. Студенттер континенті 5 мыңнан астам болды, оның ішінде 70-і дүние жүзінің әр түрлі елдерінен. 2000 жылдан бастап М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры қызметіне т.ғ.д., профессор, ҚР ИА академигі Бишимбаев Уалихан Қозыкеұлы сайланды.
3. ҚР және ОҚО –дағы жоғары оқу орындарындағы білім көрсеткіштері
Соңғы уақытта біздің республикамызда білім саласында ерекше көңіл аударылуда. Соңғы уақытта білімге деген инвестицияның көлемі ұлғаюда. Мемлекеттің алға қойған мақсаты жоғары білімді мамандармен әдемдік еңбек нарығына қажетті маман даярлау. Жаңа аттестация мен аккредитация жүргізілуде. Мемлекеттік білім алуға деген талпыныс жрғары әрі жыл сайын студенттер саны ұлғаюда. Олардың көюісі мемлекеттік грант иегерлері. Өткен жылғы көрсеткіштерге қарағанда біздің университет грант бөлуден алдыңғы қатарда. Облыс бойынша бірінші орын, республика бойынша үшінші орында. Бұл жақсы көрсеткіш.
Жоғарғы оқу орынға студентерді қабылдау (жыл басы 1000 адам)
4. 050509 «Қаржы» мамандық бойынша ҚР МЖМБС мазмұны
1. Қолдану саласы
Осы стандарт ҚР МЖМБС 5.03.2001-2004 негізінде әзірленген және 050509- Қаржы мамандығы бойынша білім мазмұнына және бакалаврларды даярлық деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта келесі сілтемелер пайдаланылады ҚР МЖМБС 5.03.2001-2004 «Жоғары кәсіптік білім. Бакалавриат. Негізгі ережелеріне» №1 өзгерістер енгізілген ҚР МЖМБС 5.03.001-2004 Жоғары кәсіби білім. Бакалавриат. Негізгі ережелері»;
3. Анықтамалар мен қысқартулар
Осы стандартта Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, ҚР МЖМБС 5.03.001-2004 «Жоғары кәсіптік білім. Бакалавриат. Негізгі ережелері» және ҚР МЖМБС 5.05.001-2005 «Жоғары оқу орнынан кейінгі және жоғары білім беру оқу пәндерін кодтау жүйесіне» сәйкес қысқартулар, терминдер және анықтамалар қолданылады. Оған қосымша ретінде ұсынылып отырған стандартта төмендегіндей қысқартулар пайдаланылады:
-ЖБП- жалпы білім беру пәндері;
- БП-базалық пәндер;
- ДСҰ-Дүниежүзілік сауда ұйымы;
- ЖОО- жоғары оқу орны;
- ЕО- еуропалық одақ
- ХВҚ- халықаралық валюта қоры;
-МАБ- мемлекеттік аралық бақылау;
-ЖМП- жалпыға міндетті пәндер;
- МҚА- мемлекеттік қорытынды аттестация;
-КП- кәсіптендіру пәндер;
-ОСЖ- оқытушының студенттермен жұмысы;
-СДЖ- студенттердің дербес жұмысы;
4. Мамандық аясындағы білім беру бағдарламасының тізбесі
Мамандық аясындағы оқыту бағдарламасының тізбесін Жоғары оқу орнының кеңсесі белгілейді.
5. Біліктілік және лауазымдар тізбесі
050509- Қаржы мамандығы жөніндегі бітірушіге академиялық дәреже- қаржы бакалавры беріледі.
6. 050509- Қаржы мамандығы бойынша бакалаврдың біліктілік сипаттамасы
Кәсіби қызметінің өрісі: Осы мамандық бойынша бітірушілер меншіктің барлық нысандары мен қызметінің саласы кәсіпорындарда, қаржы және сақтық органдарда, банк мекемелерінде, бағалы қағаздар рыногында басқарушылық, кәсіпкерлік, коммерциялық қызметті жүзеге асырады.
Кәсіби қызметінің функциясы:
- есептік және статистикалық ақпаратты жинау, деректерді өңдеу және оны инвесторлардың, кредиторлардың, сыртқы және ішкі пайдаланушылардың басқарушылық шешімдер қабылдау үшін басшыларға пайдалануға дайындау;
- қаржыландыру, несиелендіру, қарыз алу, баға белгілеу, инвестициялау жөнінде баламалы шешімдерді, өндіріс әдістерін талдау және бағалау;
- жалпы экономиканың мемлекеттік және жекеше секторлардың кәсіпорындары мен мекемелердің қаржылық және қаржы-шаруашылық қызметін басқару және оған бақылау жасау;
Кәсіби қызметінің мазмұны
050509- Қаржы мамандығы жөніндегі бакалаврлар ұлттық экономиканың барлық сфералары мен буындарындағы қаржыны, қаржы институттарын ұйымдастыру және басқарумен, басқарудың ғылыми-әдіснамалық және ұйымдық –технологиялық базасын жасауға қатысуымен байланысты болатын өзінің кәсіби қызметін жүзеге асырады:
- өндірісті ұйымдастыру және технологиялық үдерісті қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;
- қолда бар ресурстарды ұтымды пайдалану шараларын әзірлеу және контролингі жүзеге асыру;
- қаржы менеджментінің тиімділігіне талдау жасау, ақша қорларын жұмсаудың нәтижелігі мониторингін жүзеге асыру.
7. Білім берудің негізгі жалпыұлттық мақсаттары және мақсаттар иерархиясы (пән циклының мақсаты бойынша)
ҚР «Білім» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім берудің негізгі жалпыұлттық мақсаттары ғаламдануды ескере отырып экономиканың рыноктық жағдайларында оны сапалы өзгертуді қамтамасыз ету, әр адамға оқудың мазмұнын, нысандарын және мезгілдерін таңдауға кең мүмкіндіктер беру болып табылады. Базалық пәндер циклінің мақсаты- кең іргелі білім целенетің ынталау, еңбек рыногы мен технологиялардың өзгермелі талаптарына бейімделді, командада жұмыс істей алатын жаңа формация маманын даярлау.
8. Оқу бітіруші түлектердің білім деңгейіне қойылатын талаптар
Осы мамандық бойынша бітірушінің жалпы білімдігіне мынадай талаптар қойылады:
-қоғамның эволюциясы, мәдениеттің, өркениеттің, әлеуметтік тәжірибе нысандарының әр алуандығы туралы білім;
- дүниежүзілік тарихи үрдістегі Қазақстанның орнын айқын түсіну;
- жалпы білім беретін пәндер, оның тарихы мен экономикасы жөніндегі білімдерді игеру.
Әлеуметтік –этикалық тұлғалық құзырларға қойылатын талаптар:
050509-Қаржы мамандығы жөніндегі бакалаврдың әлеуметтік – жеке тұлғалық құзырларына қойылатын талаптар:
- мінез-құлықтың және кәсіби этиканың жалпы адамдық нормаларын пайдалану;
- моралдық-адамгершілік қағидаттардың ішкі мәдениетінің жоғары деңгейі;
- экологиялық мәдениеттің болуы, қоршаған ортаны қорғауға ұмтылу;
- индивидум мен социумнің өзара байланысын қажет ететін қоғамдық тұрмыстың объективтік заңдылықтарын білу;
- салауатты өмірді насихаттау;
Экономикалық және ұйымдық-басқарушылық құзырларға қойылатын талаптар. Осы профиль жөніндегі маман үшін экономикалық және ұйымдық- басқарушылық құзыреттерге қойылатын талаптар мыналарды қажет етеді:
- қаржы секторының экономиканың басқа облыстарымен объективті өзара байланысының болуы;
- басқарушылық шешімдерді экономикалық жағынан негіздеудегі ептілік;
- қаржы және әкімшілік –басқарушылық аппаратты функцияларын межелеудегі машықтар;
- бизнес-жоспарларды, экономикалық дамуының перспективаларын көре білу.
5. Кәсіптік қызметтің объектілері мен қызметтері
Кәсіби қызметінің функциясы:
- есептік және статистикалық ақпаратты жинау, деректерді өңдеу және оны инвесторлардың, кредиторлардың, сыртқы және ішкі пайдаланушылардың басқарушылық шешімдер қабылдау үшін басшыларға пайдалануға дайындау;
- қаржыландыру, несиелендіру, қарыз алу, баға белгілеу, инвестициялау жөнінде баламалы шешімдерді, өндіріс әдістерін талдау және бағалау;
- жалпы экономиканың мемлекеттік және жекеше секторлардың кәсіпорындары мен мекемелердің қаржылық және қаржы-шаруашылық қызметін басқару және оған бақылау жасау;
Кәсіби қызметінің мазмұны
050509- Қаржы мамандығы жөніндегі бакалаврлар ұлттық экономиканың барлық сфералары мен буындарындағы қаржыны, қаржы институттарын ұйымдастыру және басқарумен, басқарудың ғылыми-әдіснамалық және ұйымдық –технологиялық базасын жасауға қатысуымен байланысты болатын өзінің кәсіби қызметін жүзеге асырады:
- өндірісті ұйымдастыру және технологиялық үдерісті қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;
- қолда бар ресурстарды ұтымды пайдалану шараларын әзірлеу және контролингі жүзеге асыру;
қаржы менеджментінің тиімділігіне талдау жасау, ақша қорларын жұмсаудың нәтижелігі мониторингін жүзеге асыру
6. Оқу бітіруші түлектердің білім деңгейіне қойылатын талаптар --- Оқу бітіруші түлектердің білім деңгейіне қойылатын талаптар
Осы мамандық бойынша бітірушінің жалпы білімдігіне мынадай талаптар қойылады:
-қоғамның эволюциясы, мәдениеттің, өркениеттің, әлеуметтік тәжірибе нысандарының әр алуандығы туралы білім;
- дүниежүзілік тарихи үрдістегі Қазақстанның орнын айқын түсіну;
- жалпы білім беретін пәндер, оның тарихы мен экономикасы жөніндегі білімдерді игеру.
Әлеуметтік –этикалық тұлғалық құзырларға қойылатын талаптар:
050509-Қаржы мамандығы жөніндегі бакалаврдың әлеуметтік – жеке тұлғалық құзырларына қойылатын талаптар:
- мінез-құлықтың және кәсіби этиканың жалпы адамдық нормаларын пайдалану;
- моралдық-адамгершілік қағидаттардың ішкі мәдениетінің жоғары деңгейі;
- экологиялық мәдениеттің болуы, қоршаған ортаны қорғауға ұмтылу;
- индивидум мен социумнің өзара байланысын қажет ететін қоғамдық тұрмыстың объективтік заңдылықтарын білу;
- салауатты өмірді насихаттау;
7. Бітіруші кафедраның құрылу тарихы, оның жетістіктері, қызметін жетілдірудің негізгі мәселелері
«Қаржы және несие» кафедрасы 1996 жылы 26 тамызда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық Университеті ректорының бұйрығы негізінде құрылған. Кафедра құрылғаннан бастап, «070640-Қаржы және несие» мамандығын «070642-Салық және салық салу, «070644-Банк ісін ұйымдастыру» маманданулары бойынша дайындайды.
2000 жылы кафедраның алғашқы түлектері бітірді. Кафедра құрылған уақыттан бастап, облыс және қаланың қаржылық қызметтері, банк мекемелері мен ұйымдары, Республиканың әр түрлі экономика салалары үшін 800-ден жоғары мамандар дайындалды.
Кафедра оқытушылары ғылыми конференцияларға қатысып, жалпы көлемі 45 баспа бет құрайтын 150-ден астам, мақалалары баспаға жарияланды, 60-тан аса әдістемелік нұсқаулар мен дәрістік ғылыми- әдістемелік, конспектілер, оқу құралдары дайындалды. Кафедра «Қазақстан Республикасы экономикасындағы қаржы-несие механизмінің рөлі» тақырыбында мемлекеттік бюджеттік ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді, зерттеу нәтижелерінің қорытындылары іс-жүзінде практикаға енгізіліп қолданылуда. Кафедра Республикадағы және облыстағы жетекші ғылыми зерттеу институттарымен, ғылыми орталықтарымен, жоғары оқу орындарымен, салық органдарымен, қаржы департаментімен, банктермен, кәсіпорындармен және басқа ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді.
Кафедра педагогикалық және практикалық қызметте көп жылдар еңбек еткен тәжірибелі оқытушылар: Мушрапилов А.М, Бекібаева Ш.С, Нурумбетов Б.М, Бигельдиева З.А, Сапаралиев Т.Ж қызмет етеді.
Кафедраны 1996-2001 жж. э.ғ.к. Қалыков, 2001-2002жж, э.ғ.к., Утебаев Қ.А, 2003-2004 Утимисова Г.Т. 2002-2004 жж. басқарды. Қазіргі кезде кафедраны э.ғ.к., профессор Бекібаева Ш.С. басқарады.
Кафедра ИСО 9001:2000 Халықаралық сапа стандартына сәйкес тексеруден өткен.