Гиперкинезияның кезеңдері.
Гиперкинезия деп- тіршілік жағдайында денеге артық салмақ түсіретін жаттығулармен шамадан көп айналысу. Оған көбіне жасөспірімдер көптеп ұшырайды.
Жасөспірім спортшылардың гиперкинезияға үйреніп, дағдылануын 3 кезеңге бөлуге болады:
1 кезең: Организмнің функционалдық жүйелерінің қалыпты жағдайы, спортшылардың салыстырмалы түрдегі жақсы көңіл-күйі. Бірақ спорттық жетістіктер жоғарыламайды, керісінше төмендеуі мүмкін. Қимыл- қозғалыс координациясында, ұйқы процесінде кейбір өзгерістер байқалады. Егер осы кезде спорттық жүктемені
жоғарылататын болса, бұл өзгерістер ұлғая береді.
2кезең: Ағзалар мен жүелерде, ең алдымен орталық жүйке
жүйелерінде едәуір функционалдық өзгерістер пайда болады. Спорттық жетістіктер төмендейді, селқостық, ұйқышылдық, ашуланшақтық байқалып, жаттығуға зауқы болмайды. Мұндай спортшыларда қиын жаттығулардың алдында қорқыныш пайда болып, тез қажиды.
3 кезең: Айқын паталогия алдындағы жағдай. Невроз, психоастения, истерияға сәйкес келетін өзгерістермен көрінеді. Жасөспірімдердің жағдайы жүйкедегі қозу процесінің жоғарылауымен, жалпы әлсіздікпен, ұйқысыздықпен сипатталады. Гиперкинезияның бұл кезеңі иммундық қарсы тұрушылықты және организмнің арнайы емес қарсы тұрушылықты және мүмкіндігін төмендетін стресс жағдайынан байқалады.
Жалпы алғанда, гиперкинезия организмге ашық қолайсыз әсер етеді. Оның өсу процесін, жыныстық жетілу жағдайын тежейтіні туралы, жеке морфо функционалдық жүйелердің дамуын жоғарылатып, басқалардың дамуын баяулататыны сияқты көптеген мәліметтер бар.