ЕЖЕЛГІ РИМДЕГІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ОРАТОРЛЫҚ ӨНЕР

Скачать

Римнің мемлекеттік тарихында (біздің эрамызға дейінгі ІІІ ғасыр – біздің заманымыздың ІІ ғасыры) заңгерлердің ролі ерекше әйгілі болған. Атап айтқанда дәл осы кезеңде қылмыстық процестің жарысу формасы өзінің толық дамуына ие болып, және жақтардың белсенділігімен сипатталатын болған. Сот форум алдында өтіп, ал бас төраға ағаш орндықта (трибунада) отыратын болған. Бір жағында сотталушы және қорғаушысы және екінші жағында айыптаушылар ораналасады. Айыптаушы (ол Римнің кез – келген азаматы болуы мүмкін) өзі сотты жинап және дәлелдерді жинақтап және куәлердің келуін қамтамасыз ететін болған. Римдің классикалық құқық өзіне жалпы нормалардың өрнектелуінің жоғары техникасын, дәлдігін және шешімдерді негіздеуі, және мәселелерді құрылымдауы бойынша шеберлігін қабылдап және дамыған ораторлық өнерге сәйкестік танытады. Айтпақшы, Ежелгі Римнің көптеген құқықтық нормалары афоризмдер сипатына ие: «Құқы сенімді, өз пікірін дұрыс ұстай білушілер үшін жазылған», «Заңдарды білу- ол өз сөзінде тұрып қалу емес, бірақ оның күші мен мәнін түсіну», «барлық заңды емес, тек оның қандай да бір бөлігіне сүйене отырп жауаптар беру, кеңестер беру немесе істі шешу дұрыс емес».
Ежелгі Грециядағы сияқты, сөз өнері тәрбиелеу жүйесінің өзінде қалыптасатан болған: ең бірінші кезеңде басты фигура болып әдебиет оқытушысы есептелген, ал екінші маңызды орынға – грамматика оқытушысы, және одан кейін риторикаға оқыту жүргізілетін болды. Оқытудың өзі ораторлық өнер теориясынан және практикалық жаттығулардан құралды, олар негізінен тарих, мифология, әдебиеттер немесе қоғамдық өмір саласынан берілген тақырып ала отырып сөз құрастыруға негізделген. Бұл жаттығулар бірнеше формаларға ие болды: декламация – тақырыпты ойластыру үшін сөздер, контрверсия – қылмыстық казусты ойлау бойынша қорытындылар сөзі және свазории – қандай да бір қиын жағдайларда бет алысты таңдауда тербелетін тұлғаға қатысты сөздер. Мұнда қызыл тілді өнер ғана рмдік аристократ үшін артықшылық болып саналған.
Ежелгі Римнің ораторлық өнер теориясы көп жағдайда ежелгі грециялық дәстүрге сүйеген деп айтуға болады. Өінің одан ары дамуына классикалық риториканың бе бөлігі (материалды табу, оны орналастыру, сөздік өрнектеу, еске түсіру және айту) ие болды. Табу туралы ғылым қылмыстық қарсыврсияның барлық мүмкін болатын нұсқаларын жүйелеп және оларды жалпы типке туралап келтірген. Орналастыру туралы үйрену сөз композициясына қатысты болды. Сөздік өрнектеу туралы ғылым немесе оны үйрену Ежелгі Римдік риториканың орталық бөлігі болып саналған және риторикалық фигуралар мен тәсілдердің теориясын жасаған. Есте сақтау немесе еске түсіру туралы ғылым оратордың кәсіби жадысын дамытты. Айту немесе жаттау туралы ғылым көп жағдайда актерлік өнер және шеберлікке негізделді, ол сөздің өзінің жетістігіне және мазмұнаына сай келетін дауыс интонациясын, беттің өрнектелуі және оратор денесінің қозғалысын қарастырды. Римде қызыл тілділік теориясы бойынша ең артықшылық немесе басты еңбектің бірі оратор Марка Фабия Квинтилиянаның (біздің эрамыздың шамамен 30 – 100 жылдары) 12 томдық кітаптағы «Риторикалық үгіттеу» еңбегі саналады.


Скачать


zharar.kz