Қазақтарды біріктіретін бір мемлекеттік орталықсыз қуатты Ресей

Скачать

Қазақтарды біріктіретін бір мемлекеттік орталықсыз қуатты Ресей патшалығына және Орта Азия хандықтарына қарсы күресуге

болмайтындығын Кенесары түсінген болатын. Ол қазақтар арасындағы ру

араздығы мен барымтаның ел бірлігіне елеулі нұқсан келтіретінін бірнеше

рет ескерткен еді. Хорунжий Жаңбыршин Балқожаға жазған хатында

Кенесары өзінің бір орталыққа бағынған мемлекет туралы ойын ашық айтады:


Ойда-Қоқан, қырда-орыс,
Әкім болды қаласы.
Кімнен таяқ жегендей
Біздің қазақ баласы?!
Быт-шыт болып жүргені-
Ауызының аласы.



Нысанбай ақын да өзінің жырында рулық араздықтың, барымтаның

және алауыздықтың зияндығы туралы жырлаған:



Бірлік болса біздерде,
Кім мазалар бұл қазақтың баласын?!


Рулық араздық қазақ қоғамын бөлшектеп жіберді. Араздықтың басты

себебі, жайылым үшін талас болды. Рулық араздықтың жақсылыққа

апармайтынын халық мақалдарында да бейнеленген. Мысалы: “Алтау ала

болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді”, “Әркім би

болса, алып тауда да орын қалмас”.

Кенесары құрған мемлекет – феодалдық мемлекет болды. Себебі,

қазақ қоғамының өндірістік қатынастарының феодалдық негізі

Кенесарының қайта құрушылық қызметінен өзгере қоған жоқ еді. Алайда

Кенесары феодалдық экономика шеңберінде ілгерішіл маңызы бар бірқатар

дамдареформалар жүргізді. Осы реформалар қазақ халқы күштерінің

бірігуіне,сары қазақ мемлекетінің күшеюіне алып келді. Кенесары

тұсындағы хан билгінің әлеуметтік негізін билердің орта тобы мен төре

тұқымына жатпайтын феодалдар, батырлар құрады. Кенесарының қайта

құрушылық қызметі билікті ұйымдастырудың барлық жағын қамтыды.

Қазақ мемлекетінің басында Кенесарының өзі тұрды. Онымен бірге

ең жақын серіктерінен: батырлар, билер және ханның кейбір туыстарынан

құрылған Кеңес жұмыс істеді. Хан кеңесі-кеңесуші орган ғана болды: тек

хан ғана шешуші дауысқа ие болды. Әбілқайыр тұсындағы хан еркін тежеп

отырған. Ақсақалдар кеңесіне қарағанда, бұл біршама ерекшелігі еді.

Кенесары Хан кеңесінің құрамына бытыраңқылықты қолдайтын ақсүйек

феодалдарды кіргізбеді. Хан кеңесінде елдің ішкі және сыртқы жағдайының

басты мәселері қаралды. Кеңес бар уақытта Кенесары пікірімен есептесіп

отырды.

Кенесары мемлекетті сот, елшілік, қаржы, әскери іспен және азық-

түлік жинау мәселелерімен айналысатын жеке адамдар арқылы басқарды.

Олар қырғыздармен, Қытаймен және патша әкімшілігімен болған

келіссөздердің барлығына қатысты. Қаржы мекемесіне алым-салық

жинаумен және керуендерден салық алумен айналысқан.

Жоғарғы сот билігін Кенесары өз қолына шоғырландырды. Руаралық
сот істерін шешу үшін ол билерді сайлады. Ірі ақсүйектердің малы мен

мүлкін мемлекет қармағына тартып алу ісін Кенесарының әпкесі Бопай

басқарды. Мемлекет қарамағындағы көтерілісшілерге көмектесуден бас

тартқан ірі феодалдардың мал-мүлкі тартып алынып отырды. Күшпен тартып

алардан бұрын, мал-мүлік иелері алдын ала хабарландырып отырған.

Маңызды тапсырмаларды орындау үшін төленгіттер пайдаланылды,

олардың құқы күшейді.

Міне, Кенесары тұсында елді басқару белгілі бір жүйеге келтіріліп,

мемлекеттік аппарат жеке салаларға бөлінді, әр атқарушы белгілі бір

мемлекеттік (сот, әскери, елшілік) ие болды. Сот-құқықтық реформаның

мақсаты –сот істерін қарауды жақсарту және барымта, өзара талас пен ру

араздығын тоқтату еді.

Кенесары сот реформасын жасағанда, өзіне дейінгілердің ісін

жалғастыра білді. Кенесарыға дейін сот ісі реформасын жүргізген –тарихта

әдеттегі құқық жинағы-“Жеті жарғының” авторы ретінде белгілі Тәуке хан

болды. XIX-ғасырдың бірінші жартысындағы тағы бір ірі тұлға,

Кенесарының заң шығарушылық қызметіне елеулі ықпал жасаған-Арынғазы

сұлтан болды (1815-1821).Рулар арасындағы дау-жанжал ол тағайындаған

молда– қазы арқылы шешілетін болды.

Рулар арасындағы жанжалды қарастырғанда, Кенесары араздықты

тоқтатуға және өзінің жақтастарының арасында бірлікті сақтауға тырысты.

Кенесары өзіне қарасты рулардың арасындағы барымта мен жайылым үшін

болатын жанжалдарды мүмкіндігінше болдырмауға тырысты. Тек атап өтетін
нәрсе, мұрағаттағы барлық деректерден білетініміз – Кенесары тобында

құлдардың болмауы. Кенесарының барымтаға деген көзқарасын Орынбор

Шекара комиссиясының төрағасына жазған хатынанда байқауға болады.

Онда ол шүрен, тілеуқабақ, назар руларының малын барымталады деп жала

жапқан сұлтандардың хатының өтірік екендігін дәлелдеді.

Жоғарыдағы мәліметтерді қорытындылай келе Кенесарының

қызыменті рулық араздықты жоюға және қазақтардың әдеттегі заңына елеулі

өзгерістер енгізудің нәтижесінде оны жалпы мемлекеттік құқ дәрежесіне

жеткізгенін айтуға болады.


Скачать


zharar.kz