Ньютонның бірінші заңы.
Бұл заңда барлық материалдық обьектілерге ортақ қасиет – тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтау туралы айтылады. Яғни, кез келген дене өзінің тыныштық күйін немесе бірқалыпты және түзу сызықты қозғалысын басқа денелер әсер еткенге дейін сақтайды.
Егер қозғалысты санау жүйесімен байланыстыратын болсақ, онда қозғалушы дене әсер етуші күштен бөлек және санау жүйесімен байланысты бірқалыпты және түзу сызықты қозғалыста болады. Денеге ешқандай күш әсер етпесе, немесе әсер етуші күштер қосындысы нольге тең болса, онда дене өзінің бастапқы тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтайды. Материалдық денелердің мұндай қасиетін инерциялық деп атайды. Сондықтан да Ньютонның бірінші заңы, әдетте инерция заңы деп аталады. Инерция құбылысы бірден пайда болмай әсер етуші күштің әсерінен белгілі бір уақыттан кейін пайда болады.
Егер денелерде инерциялық қасиет болмаса, онда оның қозғалысы үдеуді сипаттамай, тек сол уақыттағы жылдамдықтың шамасын ғана көрсетеді.
Инерциялық қасиет микроскопиялық денелер сияқты микроскопиялық денелердің бөлщектеріне де тән. Сондықтан инерция денелер қозғалысының түріне байланыссыз обьективті түрде қалыптасқан және барлық физикалық денелерге тән қасиет. Ньютонның екінші заңын қарастырудың алдында күш,салмақ және масса ұғымдарын еске түсірейік. Күш деп денелердің өзара әсерлесуінің нәтижесінде бір-біріне үдеу беруін айтамыз. Денелердің өзара әсері бір-біріне тек үдеу беріп қоймай, бір-бірінің көлемі мен пішінін де өзгерте алады. Демек, дене бөлшектерінің орын ауыстыруы пайда болады. Міне, осы дене бөлшектерінің бір-бірімен салыстырғанда орын ауыстыруын дененің деформациясы деп атайды.
Күш- векторлық шама. Өлшем бірлігі –1 Н ( Ньютон).
Дененің жерге тартылуы кезінде оған қарсы әсер ететін екінші денеге түсетін күшті салмақ дейді. Масса-инерттіліктің сандық өлшеуіші.
Жаратылыстану ғылымдарының, әсіресе физика тәжірибелерінің нәтижелері материя бір түрден екінші түрге ауысқанда сақталу заңы орындалатынын және масса болатынын көрсетті. Мысалы, C+O2=CO2 яғни денелердің әсерлескенге дейінгі массалары әсерлескеннен кейінгі массаларына тең болады.
Сонымен массаның сақталу заңы – материя сақталу заңының негізі болып табылады. Демек, масса шамасы затты құрайтын бөлшектердің сандық мөлшері деп есептелінеді. Материя бір түрден екінші түрге өзгергенде оның массасы әруақытта тұрақты болып қалады да, пішіні ғана өзгереді. Масса – материяның сан жағынан универсал мөлшері делінеді. Масса – скаляр шама.