Үй мүліктері:
Киіз кілем — киізден жасалған кілем.
Киіз қап — киізден жасалған қап.
Киіз сырмақ — киізден жасалған сырмақ төсеніш.
Қара ошақ— ұзақ ұсталған ошақ.
Қазан аспа— қазандық, ошақ.
Қасаба — ошақтың үш бұтында болатын қайқы ілмек темір.
Қасаға — ошақтың шеңбері.
Қауға— құдықтан су тартатын теріден істелген ыдыс.
Қауға шаңбағы — темірден жасалған шаңырақ тәрізді қауға терісі бекітілетін құрал.
Қобди— кішкене шебер жәшігі, сандықша.
Қож— ірі малдың жауырын сүйегінен істелетін сәнді күрек.
Қолқа—жүк артқан түйенің тарту арқанының дәл төске келетін жеріне өткізіп қоятын жең сияқты киіз.
Қолақпан— қол ағаш, қол шоқпар.
Қоржын— ердің артына бөктеріп жүретін екі басты шағын қалта-қапшық.
Қос — шағын киіз үй.
Құман — шойын шәугім.
Құр — өрген не тоқыған жалпақ бау.
Құрсау— 1. Метейдің сыртына үш жерінен салынатын жұқа, жалпақ темір құрсау.
2. Сынған шайқұмандарды құрсаулау.
3. Өте ұзын уықтарды майыстырмау үшін салынатын теріс құрсау.
Құты— сауыт, мүйізден, түйенің табанынан, былғарыдан жасалатын қалта, ыдыс.
Күйеу қазық — үй артындағы жел арқан байланатын қазық.
Қияқты — ұшы екі жүзді өткір найза.
Қырдасын — киіз кесіндісі, қиығы.
Қылдырық—кәрі жіліктің жіңішке сүйегінен жасалатын тіс шұқуыш.
Кебежеқап — кешкенде кебеженің қажалып қалмауы үшін жасалатын арнайы қабы.
Кермелі төсек — арнайы орнатылған бақандар арасына керіп ұсталған төсек.
Кесек киіз — асылған күйіндегі тұтас киіз.
Қар бау — уықтың қарына сәндік үшін ілінетін бау.
Қаршы — төсек-орын, көрпе-жастықтарды салып қоюға арналған киізден жасалған бұйым.
Төсеніштер: кілем, сырмақ, алаша, текемет, тулақ, құрақ, төсек көрпе, бірсалар,...
Тұтынатын заттар: керме, қоржын, аяқ қап, кесе қап, тұтқыш, мойнақ, мес, торсық, келі, саба, шымылдық, орамалдар, масахана, қоржын, көрпелер, жамылғылар, жастықтар, жапқыштар т.б...
Ыдыс-аяқ: қазан, бақыр, ошақ, таба, ағаш аяқ, табақ, астау, ожау, шөміш, елеуіш, құмыра, кесе т.б...
Шаруашылық заттары: иін ағаш, метей, шаттауық, көсеу, шым-шуыр, қол диірмен, самаурын, итаяқ, көнек, қауға, мес, баспақ, шилер т.б.
Киіз үйдің ағаштан жасалатын дүниелері: төсек ағаш, жастық ағаш, сандық, сандықша, қол сандық, шәйсандық, кебеже, асадал, жұқаяқ, әбдіре, жағлан, қант тоқпақ, саба аяқ, піспек, астау, табақ, тегене, шара аяқ, тостаған, ожау, қасық, күбі, ағаш шелек, келі, келсап, адалбақан, піспек, былғауыш, дойбы, тоғызқұмалақ, ер т.б...