Айтыс поэзиясы

Скачать

Айтыс поэзиясы
Қазақ фольклорының аса мол дамыған дербес
бір саласы-айтыс.Айтыс-айту, айтысу деген сөзден туған. С.Мұқанов «Айтыс» жйнағының бірінші томына (1964) жазған алғы сөзінде бұл атаудың кейде «талас» мағынасында ұғылатынын да айтып өтті. Алайда екі адам арасындағы талас, жанжал-әдеби жанр, көркем де көрікті ойға құрылған нағыз ақындар айтысы бола алмаса кекрек. Айтыс поэзиясының нышандары қазақтың эпостық жырларынан мол кездесіп отырады. Оған көбінесе екі герой арасындағы диалогтарды жатқызар едік. Тек эпос кейіпкерлері
батырлық рухта сөйлесе, айтыс поэзиясы әдеп-ғұрып, әлеуметтік мәселелерін қамтиды. Сол себепті оны халық тұрмысы, түрлі әдет-ғұрыптарымен тығыз байланыста туған салт өлеңдері дейміз. Айтыстың мұндай үлгілеріне бәдік, жар-жар, қыз бен жігіт айтысын жатқызуға болады. Одан әрі қайым айтыс, дара айтыс, ақындық-импровизаторлық айтыс деп жіктеле береді.
ХІХ ғасырда айтыс поэзиясы өзінің кемеліне жетіп, жеке айтушылар туады. Оның көпшіліке және жеке авторға байланысты екі арнасы болған.
Шын мәніндегі көркем айтыс осы кезеңде туады.
Оның қарапайым айтушыға байланысты саласын
қайым, жеке авторға қатысты арнасын авторлық айтыс дейміз. Қайым айтыста фольклор әсері күшті, орындаушылардың көпшіліктен шығып отырады. Мысалы:«Қыз бен жігіт айтысы» деген
атауда анонимдік белгі басым. Мұндағы қайым- коллективтік салт өлеңдерінен қалған сипат. Осы қайым айтыс ізінде ХІХ ғасырда ақындар айтысы туады. Алғашқы ақындар айтысында анонимдік белгі елеулі болған. Оған «Жанақ пен баланың айтысы» куә. Мұндағы айтыскерлердің бірі белгілі болса, бірі белгісіз. Мұны фольклор үлгісіндегі айтыс дейміз. Оған семьялық шеңберде туған «Айдос пен Қарашаш», «Молда Бейім мен қыз айтысы» да жатады.
Қарашаш:
Бау қарағай түрленіп бітер тауға.
Бүкіл қазақ аттанды былтыр жауға.
Былтыр кетткен жорықшы келдің қалай?
Ер-азамат аман ба бізге сауға?
Жігіт:
Бау қарағай түрленіп бітер тауға.
Бүкіл қазақ аттанды былтыр жауға.
Саған берген сауғамыз осы емес пе?
Айдос жәкемді алдырдым осы тойға.
Келе-келе қалыптасқан ақындар айтысының табиғатында қайым элементі жоқ. Сөз бен ой жеке ақындардың өз атынан айтылып, ерекше өріледі. Мұндай айтыс үлгісінің мазмұны да, көтеріп отырған мәселесі де күрделі болып келеді. Оны келелі поэзия үлгісі деп аталады.
Айтыс, импровизаторлық өнерге қатысты пікірлер Шоқан, М.Әуезов, С.Сейфулин, С.Мұқанов, Е.Ысмаилов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, М.Ғабдулин еңбектерінде тәп-тәуір айтылса да, бұл жанрды топтастыру қазақ фоль-
клористикасында бір ізде коріне бермейді. Мысалы, жоғарыда аталған зерттеушілердің еңбектерінде айтысәдет-ғұрып, қайым, жұмбақ, діни, ақындар, енді бірде бәдік, жар-жар, адам мен мал, өлі мен тірі, жұмбақ, салт, қызбен жігіт, ру айтысы, совет дәуіріндегі айтыс деп әр алуан жіктелген. Алпысыншы жылдары жарық көрген үш томдық «Айтыс» жинақтарында совет дәуіріндегі айтысты 1920-1940,1940-1945 және 1946-1957 жылдар арасына бөлу де бой көрсетті. М.Жармұхамедов болса, өзінің айтыс туралы арнаулы еңбектерінде оның санын он түрге жеткізді.
Айтыс-эпостан гөрі нақты өмірге жақын тұрған,
мадығы мен сатирасы егіз поэзиясы, түрлі өнердің басын біріктіріп тұрған синкреттік салт өлеңдері.
Асылы, оларды формасына қарай емес, туған дәуірінен, мазмұнына қарап бөліп, коллективтік, қайымдық-анонимдік, даралық айтыс деу мақсатқа жақынырақ. Аноним айтушы көп ортасынан шықса, дара импровизатор профессионл айтушы дәрежесінде болған. Осы жайларды ескере отырып, ХІХ ғасырда туған айтыс поэзиясн біз: а) ру айтыс (Жанақ пен бала); ә) салт айтысы (Ақбала мен Боздақ); б) жұмбақ айтысы (Сапарғали мен Нұржан); в) әлеуметтік айтыс (Біржан-Сара); г)совет айтысы деп беске бөлеміз.
Мұның ішінен ру және сат айтыстары бүгінде сирек кездеседі. Қыз бен жігіт арасындағы айтыс көп жайда бозбалалық ауқымнан озбайды. Кештеу туған жұмбақ және мысал айтысы болса, онда жазба стилі басым. Революциядан бұрынғы айтыстың ең құндысы-әлеуметтік айтыс. Онда феодалдық капиталистік құрылыстың, ескі әдет-ғұрыптың, саяси тәртіптің, діни ұғымдардың сыны бар. Арқада туған айтыстарда импровиза-
ция, Сыр елінің айтысында (Қаңлы Жусіп, Нақып қожа) жазба дәстүр басым. Оны бір кездері әдебиетші Әлібек Қоңыратбаев зерттеген еді.
Бүкіл ХІХ ғасыр, әсіресе ХХ ғасырдың бас кезінде айтыс поэзиясы ақындар үшін зор мектеп болған. Айтысқа түсіп, өзінің өнерін таптырған ақын кемде-кем.


















Қолданылған әдебиеттер:


Қазақ фольклоры........................Ә.Қоңыратбаев
Қазақ халық әдебиеті..................С.Мұқанов
Ғасырлар әдебиеті........................Ж.Жүнісбеков


Скачать


zharar.kz