УДК: 681.3(574) Р 50.01.11
Қоғамдық өндiрiстi ақпараттандыру: оның маңызы мен мiндеттерi
Базарова Л., М-323, Шәкәрiм атындағы Семей мемлекеттiк университетi
Бекбаева Р.С., оқытушы, Шәкәрiм атындағы Семей мемлекеттiк университетi
Қоғамды ақпараттандыру – бұл ақпараттық ресурстарды қоғамның барлық салаларында құрудың және оны жаппай қолданудың әлеуметтiк процесi. Ол экономиканың өсу қарқындылығын, елiмiздiң ғылыми-техникалық даму процесiн жылдамдатуды және әртүрлi қоғамдық жүйелердi тиiмдi қолодануды қамтамасыз етедi. Ақпараттандырудың басты факторы- саналық және ақпараттық даму. Ақпараттандыру кезiнде келесi негiзгi мәселелер шешiлуi қажет:
1. әлеуметтiк – адамның қажеттiлiктерiн қанағаттандыру және оның өмiрлiк деңгейiн жоғарылату;
2. ұйымдастырушы-экономикалық - өндiрiстiң тиiмдiлiгiн және көлемiн жоғарылату, өнiмнiң сапасын жақсарту;
3. ғылыми-техникалық – мамандарды дайындау мен техникалық базалардың сапасын жоғарылату.
Ақпараттандырудың техникалық базалары – бұл экономиканың ядросын, дәлiрек айтқанда болашақ қоғамның өндiрiстiк аппаратын құрайтын компьютерлiк және телекоммуникациялық жүйелер мен желiлер. Мұндай аппараттың құрамына роботтар, роботтандырылған өндiрiстер, өңдеушi орталықтар, цехтар, сонымен қатар байланыстың ұйымдастырушы-басқарушы кешендерi мен жүйелерi кiредi. Ақпараттандырудың өзегi-жаңа ақпараттық өндiрiстiк құрылымдарды құру. Республикамызда жаңа ақпараттық құрылым құру және дамыту өте маңызды мәселе, оны шешпей алға жылжу мүмкiн емес. Өндiрiстiк жүйелердi ақпараттандару екi бағытта жүредi: микропроцессорлық құралдар базасында техникалық жабдықтар мен процестердi ақпараттандыру; өндiрiстi басқаруды ақпараттандыру.
Техникалық жабдықтарға қойылған микропроцессорлар оларға жаңа сапа, жаңа қолданушылық қасиеттер бередi, эксплуатациялық шығындарды төмендетедi. Технологиялық процесс жабдықтарын ақпараттандырудың қажеттi масштабын микропроцессорлық және есептеу техникасы базасында анықтау өндiрiс көлемiнiң, еңбек өнiмдiлiгiнiң және өнiм сапасының өсуi кезiнде жүредi.
Ақпараттандыру процестерiн анықтаудың негiзгi элементтерi:
қоғамды ақпараттандыруға дайындау;
ақпараттандырудың ғылыми және өндiрiстiк негiздерiн құру;
барлық деңгейдегi процестердi ақпараттандыруды басқару құрылымын таңдау.
Қазiргi уақытта кез-келген ел ХХI ғасырдағы әлемде лайықты орын алу үшiн және басқа мемлекеттермен тең түрде жарысқа түсуi үшiн, ол өзiнiң құрылымын, құндылықтарын, институттарын жаңа ақпараттық технология талаптарына сай дағдылауы қажет. ХХI ғасыр ортасында экномикалық позиция жаңашыл технологиялармен, биотехнологиямен, ғарыштық байланыспен т.б. анықталатын болады. Бiрақ оның дамуы, өз кезегiнде ақпараттандыруға тәуелдi. Мысалы, атомдық станциялардың немесе ғарыштық байланыстың тиiмдi және сенiмдi таралуын жоғарғы технологиялық, яғни компьютерлiк ақпараттық ұйымдастырусыз, қамсыздандырусыз елестету мүмкiн емес.
Бүгiн, бүкiл әлем ақпараттық қоғам деп аталатын кезеңге аяқ басқанда кез-келген елдiң баму деңгейi экономиканық барлық салаларында ұлттық ақпараттық ресурстарды өндiрiстiк қолданумен анықталатынын атап өтпеуге болмайды. Сондықтан, республикамыздағы ақпараттандыру мәселелерiн шешу кең көлемдегi өндiрiстiк, экономикалық, құқықтық-саяси шешiмдердi талап етедi.