Құқықтың реттеу функциясы - нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың орыңдалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру

Скачать

Құқықтық реттеудің мәні мен маңызы

Мемлекеттік-құқықтық ілімдер тарихында құқық белгілі нысанда қабылданатын заңның алғышарты ретінде қарастырылады. Құқық адамдардың коғамдық және жеке іс-әрекеттерін реттеудегі қажеттіліктерімен және мүдделерімен байланысты. Ол тұлғаның бостандығын, адамгершілікті, әлеуметтік әділеттілікті, қоғамдық процестердің тарихи тұрақтылығы мен беріктігін қамтиды. Яғни, құқық билік етуші топтардың, монархтың еркі емес, солардың қалауы бойынша пайда болмайды, жоғары мемлекеттік билік (парламент немесе президенттің) бекіткен жай заң емес, адамдардың ынтымақтастығын, бір-біріне байланыстылығын білдіретін олардың сана-сезімінің, мінез-құлқының қызметтерінің және қатынастарының белгілі құрамдас бөлігі (компоненті).
Құқық заңда бекітілген жағдайда әсер етудің зандық күшіне ие болады (мемлекеттік құрылымдар арқылы жүзеге асады), немесе адамдардың құқықтық сана-сезімдерінде, дәстүрлерінде, әдет-ғұрыптарында көрініс тауып, тікелей жүзеге асырылады. Оның өзіне тән екі міндеті бар:қоғамдағы қарым-қатынастарды дұрыс реттеп, орындалуын тездету және қатынастардың байланысын бақылап, қорғап отыру. Осы міндеттерге сәйкес құқықтық өзіне тән екі функциясы туындайды: реттеуші және қорғаушы. Құқықтың реттеу функциясы - нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың орыңдалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтық қорғау функциясы - аса маңызды қоғамдық қатынастарды қорғауға (сақтауга) бағытталады. Жаман қатынастарға тыйым салу.
Құқыктық реттеу әлеуметтік, нормативтік және тәжірибелік аспектілердің бірлігін білдіреді. Адамдардың жеке қарым-қатынасын емес, олардың қоғамдық қатынастарын реттейтіндіктен құқықтық реттеу әлеуметтік сипатқа ие болады. Ол адамдардың сана-сезімдерінде олардың болашақтағы өмірі үшін өзекті, маңызды мәселелердің қалыптасуымен байланысты. Болашақта қолданыста болатын тәртіп нормасынан (ережесінен) тұратын құжатты әзірлеу өткен кезендегі ақпараттар (қажеттіліктер, мұқтаждықтар), белгілі бір әлеуметтік игіліктерге деген сұраныстар негізінде жүргізіледі. Сондықтан құқықтық реттеу әлеуметтік мағынада болжамдық сипатқа ие болады, яғни адамдар өздерінің ертеңгі күнін құра алады. Осыған байланысты заң шығару ісі жеке адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, қоғамның еркін тіршілік-әрекетінің қағидасына (императивіне), қоғамдық қатынастардың адамгершілігіне (гуманизм), әлеуметтік әділеттілікке, халықтар арасындағы бейбіт өзара байланыстарға сай болуы керек. Ол ғылыми тілде заңға сәйкес келушілік (легитимность) және заңдылық түсініктерімен сипатталады. Егер заңдылық іс-әрекеттің заң нормаларының талаптарына сай болуымен анықталса, легитимділік (заңға сәйкес келушілік) заңның құқық мәнісіне сай болуының, яғни заңның қаншалықты қоғамдық өмірдің объективті негіздеріне сәйкес келетіндігін және сол арқылы адамдардың сенімін тудыратынын білдіреді.
Нормативтік аспект дегеніміз - адамдар әрекетінің нормаларын немесе ережелерін әзірлеп, занды түрде бекіту. Оның элементтері: 1) гипотеза-өмірдегі карым-қатынастар мен әр түрл і жағдайлардан туындайтын нормалардың бір бөлігі; 2) диспозиция — іс-әрекет (тәртіп) ережесінің мән-мазмұнын анықтайтын субъектінің зан­ды құқықтары мен міндеттері; 3) санкция - тиісті нормалар диспозициясы мен гипотезасының орындалмаған жағдайда мемлекеттік биліктің қолданатын шараларынан тұратын норманың бір бөлігі.
Құқықтық реттеудің тәжірибелік аспектісі заң нормаларының арнайы мемлекеттік-ұйымдық құрылымдар арқылы жүзеге асырылу барысын білдіреді. Осы жерде құқықтық реттеудің аталған аспектісінің ең күрделі екендігін атап өткен жөн, себебі кейбір қабылданған нормаларды, әсіресе адамның мінез-құлқын (тәртібін) және іс-әрекетін өзгертуді талап ететін нормаларды қоғам мүшелерінің бәрі бірдей орындауға ниет білдіріп, оларды оң қабылдай бермейді. Көбінесе нормативтік талаптардың ескеріліп, оларды адамдардың орындауы үшін тиісті мемлекеттік құрылымдар тарапынан ықпал ету қажет болады. Құқықтық реттеу қандай да бір жүріс-тұрыс нормалары (ережелері) қабылданған (бекітілген) кезде емес, осы нормалар нақты өмірде басшылыққа алынып және олардың мән-мағынасына сәйкес мінез-құлық пен іс-әрекет жүзеге асқанда туындайды. Осыған орай құқықтық реттеудің ұтымдылығы мен тиімділігі маңызды алғышарт ретіндегі занды нормалардың мазмұнымен емес, олардың нақты жүзеге асырылуымен, адамдардың қарым-қатынастарына, сана-сезіміне, жүріс-тұрысына, қызметіне тікелей әсер етуімен және тіршілік ету процестерін өзгерту қабілетімен анықталады.
Сонымен құқыктық реттеу адамдар әрекетінің занды нормаларын, ережелерін анықтаумен байланысты болатын мемлекет қызметінің бір түрі. Ол әлеуметтік жағынан негізделген, тиімді жүйелі түрде ұйымдастырылған болуы тиіс және іске асырылуы қажет.

Тапсырма

1. Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз.
2. Сөздік құрастырыңыз (сөздерді орыс тіліне аударыңыз).


Скачать


zharar.kz