Экранды басқаратын процедуралар мен функциялар

Скачать

Экранның фоны Setbkcolor процедурасының көмегімен орнатылады, жазылуы:
Setbkcolor (C);
Мұндағы: C – түс коды 0-ден 15-ке дейін өзгереді (түс кодтарының шкаласы алдыңғы тарауда берілген)
Процедураның орныдалу нәтижесінде экран C нөмірлі түске боялып шығады. Бұл процедурамен орнатылған түс кодының мәнін Getbkcolor процедурасының көмегімен анықтауға болады.

Экрандағы барлық салынған графиктік обьектілерді өшіріп тастау үшін параметрсіз ClearDevice процедурасы қолданылады. Бұл процедураның орындалу нәтижесінде графиктік режимде орнатылған барлық параметрлер (фон түсі, курсор орны, терезелер т.б.) күшін жойып, экран тазарып курсор қайтадан координаталары (0,0) болатын экранның сол жақ жоғарғы бұрышындағы нүктеге апарылады.

Графикалық режимнің көзге көрінбейтін сілтеме – көрсеткіш курсоры болады. Курсорды басқару үшін Moveto және Moverel процедуралары қолданылады. Moveto процедурасы курсорды координаттары өзінде көрсетілген орынға апарып қояды, мысалы:

Moveto(x,y); //курсорды A(x,y) нүктесіне апарып қояды.
Графикалық режимнен шығу үшін параметсіз CloseGraph процедурасы қолданылады. Бұл процедураның орындалу нәтижесінде компьютердің жадынан орнатылған графиктік режим драйверлері тазаланып , экранның графиктік режим орнатылар алдындағы жұмыс режимі орнайды, мысалы:
………………………….; CloseGraph End

1. Random – функциясы. Бұл функцияның негiзгi атқаратын қызметi – ол компьютердiң белгілі бір позицияны сұрайды. Функция шахматты тақтада белгілі бір шартпен бір позицияны жасырады. Ол позиция бойынша сол тақтада бес ферзіні бір ферзі жейтіндей орналастыратын программа құрып оны экранға шығару, сонымен осы тапсырманы орындау барысында бiрнеше шарт қойылады және тексерiледi:
а) бұлар міндетті түрде ферздер болу керек;
ә) олар тақтада орналасқанда олардың біреуі қалғандарын міндетті түрде ұру керек;
б) және де бұл программаның дұрысы нәтижесінде оны графикалық режим арқылы экранға шығарып дұрыс көрсету керек.
2. PrintText – процедурасы. Процедураның негiзiнен атқаратын қызметi – келесi процедурада келтiрiлетiн көмек, ескертулердi экранның төменгi жағындағы қызыл жолақшада мәтiн түрiнде келтiру.
3. Zastavka – процедурасы. Бұл роцедура программаның бет-келбетiн, яғни заставкасын келтiредi, ойынды безендiредi. Процедура негiзiнен CRT, GRAPH модульдерiнiң (кiтапханаларының) мүмкiншiлiктерiне негiзделген. Экранның қақ ортасында ойынның аты берiлген және ол қалған сөздерден айрықша үлкен қарптермен берiлген және оның түсi белгiлi уақыт аралығында өзгерiп отырады. Әрине жоғарғы және төменгi жағында кiшi қарiптермен, әр түрлi түстi қосымша ойынға байланысы сөйлемдер келтiрiлген. Берiлген сөйлемдер қара экран бетiнде әр жерiнен түрлi-түстi жұлдыздар өшiп-жанған фонында және экранның шетттерi арнайы көгiлдiр түстi оюы бар шекарамен қоршалған. Мұның барлығы компьютердiң жүйелiк динамигiнен шыққан дыбысымен бiрге берiледi.
4. ReadPlayerDigits –процедурасы. Бұл процедураның негiзгi атқаратын қызметi – мән енгiзу мүмкiндiгiн беру және осы сандарды тексеру. Ойыншы сан енгiген кезде процедура PrintText процедурасының көмегiмен ойыншыға нұсқаулар берiп отырады. Нұсқаудың шығуының бiрнеше шарты бар. Олар:
а) шахматтана координаталарын беру арқылы көріністі алуға шақырады;
ә) егер енгiзiлген координаталары дұрыс болса, ойыншы бұл жайында хабар алады;
б) егер енгiзiлген координаталр дұрыс емес болса, ойыншыға бұл координаталары дұрыс емес екендiгi жайында хабар берiледi.
Сонымен қатар бұл процедура келесi жұмысты атқара алады:
а) егер ойыншы ойыннан шыққысы келсе, “end” сөзiн терсе жеткiлiктi;
5. Бағдарламаның негiзгi денесi. Бағдарлама ойынның негiзгi шарттарын ойыншыға жеткiзедi, жоғарыдағы аталған функция мен процедураларды қолданады. Сонымен қатар ойыншының атын енгiзуге мүмкiндiк бередi, оған ойынның барысында координаталарының енгізуінде қанша позициясы дұрыс болғанын жайында мәлімет береді . Егер ойыншы жеңген болса, оны құттықтап, қайтадан бастағысы келетiндiгi жайында сұрайды.

6.Setcolor – графиктік фигуралардың тісн орнату үшін қолданылатын процедура,жалпы түрі:
Setcolor (C); C – палитрадағы түс коды 0-ден 15-не дейін өзгереді.

7.Line – түзу салу үшін қолданылады. Сондай – ақ түзу салу үшін Lineto және Linerel процедуралары қолданылады. Жазылуы:
Line (x1,y1,x2,y2);

8.Bar – экранда боялған тік төртбұрыш салу үшін қолданылады. Жазылуы:
Bar (x1,y1,x2,y2);
Процедураның орындалу нәтижесінде экранда сол жақ жоғарғы бұрышының координаттары x1,y1 болатын, алдына орнатылған фигураны бояумен толтыру стиліндегі параметрелерімен боялған тік төртбұрыш шығады.

9. Setlinestyle – түзулерді әртүрлі стильдерде шығару үшін қолданылады. Жазылуы:
Setlinestyle (L,T,p);

Мұндағы:
L – Түзу стильдері;
P – Түзу үлгісі , егер түзі стильдері стандартты болса, P=0, түзу стилін пайдаланушының өзі берсе, P=4 деп қабылданады.
T – Түзудің қалыңдығы, егер түзу қалыңдығы қалыпты болса, онда T=1, ал түзу қалыңдығы жуан болса T=3 деп қабылданады.


Скачать


zharar.kz