Қазақ халқының 1000 әні

Скачать

Пән: Қазақ музыкасының тарихы

1 аттестация
1. Сөйлемді аяқта
Этнография _______________________________________________________
_______________________________________________________________
зерттейтін ғылым саласы.
2. Қазақ халқының музыкалық фольклоры жіктелетін екі арнаны
анықта:
1. Халықтық фольклор
2. Дәстүрлі фольклор
3. Салтқа байланысты туған фольклор үлгілері
4. Салттан тыс фольклор туындылары
5. Көпнұсқалық фольклор

3. Фольклор туындыларының өзіндік ерекшеліктері мен негізгі
белгілерін жаз.
4. Қазақ музыкасының тарихынан тест тапсырмаларын шешу
1. Танымдық негізде музыка фольклорының неше белгісі болады?:
а) 2
ә) 3
б) 4
в) 5
г) 6
2. Фольклор қандай құбылыс?:
а) типологиялық құбылыс
ә) халықтық мәдени құбылыс
б) көпсалалы синкреттік құбылыс
в) көпсалалы жанрлық құбылыс
г) тарихи құбылыс
3. Фольклордың типологиялық сипатының неше белгісі бар?:
а) 6
ә) 5
б) 2
в) 3
г) 4
4. Фольклортану нені зерттейтін ғылым?:
а) халық дәстүрін зерттейтін
ә) фольклорды (халық мұрасын) зерттейтін
б) халықтың эстетикалық табиғатын зерттейтін
в) күйшілік өнерді зерттейтін
г) музыка орындаушыларының шығармашылығын зерттейтін
5. Әйгілі этнограф, Қазақ халқының 1000 әні, Қазақтың 500 ән-
күйі жинақтарының авторы:
а) А. Э. Бимбоэс
ә) А. Эйхгорн
б) А. В. Затаевич
в) Б. Ерзакович
г) Е. Г. Брусиловский
6. Атақты жазушылар Р. Роллан және М. Горкий жоғары бағалаған
музыкалы-этнографиялық жинақ:
а) Музыка киргизов
ә) Музыкальная этнография
б) Қазақ халқының 1000 әні
в) Қазақтың 200 әні
г) Степные созвездия
7. Біртұтастық немесе синкреттік белгі қай өнер түрінде бар?:
а) әншілік өнерде
ә) күйшілік өнерде
б) ақындық өнерде
в) жыраулық өнерде
г) бақсылық өнерде
8. Музыкалық фольклорды жинаушылар:
а) Иванов, Козлов
ә) Савичев, Рыбаков
б) Питерцев, Москвин
в) Савельев, Сидоров
г) Соколский, Дробышев
9. Музыкалық фольклорды зерттеушілер:
а) Жданов, Жаңбыршиев
ә) Ерзакович, Ахметова
б) Брусиловский, Хамиди
в) Жұбанова, Рахмадиев
г) Иванов, Қазақбаев
10. Ш. Уәлиханов қазақ фольклоры хақында:
а) жанрға жіктеген
ә) бөлімдерді біріктірген
б) тарауларға таратқан
в) жинақтаған
г) даралаған
11. Б. Ерзакович еңбегі:
а) 500 песен и кюев
ә) Қазақтың 200 әні
б) История музыки
в) Вопросы истории музыки
г) Песенная культура казахского народа
12. Пропп деген кім?:
а) эпостанушы
ә) өнертанушы
б) әдебиеттанушы
в) фольклортанушы
г) философ
13. Музыкальная этнография атты еңбектің авторы:
а) Потанин
ә) Ерзакович
б) Брусиловский
в) Чекановска
г) Пропп
14. Фольклорлық аспап:
а) сазсырнай
ә) домбыра прима
б) бас домбыра
в) қобыз-прима
г) домбыра-тенор
15. Жар-жар қандай ән?:
а) драмалық
ә) лирикалық
б) салтқа байланысты
в) салттан тыс
г) тарихи
16. Эпос – ел мұрасы кітабының авторы кім?:
а) Әуезов
ә) Жұмалиев
б) Кенжебаев
в) Бердібаев
г) Қоңыратбаев
17. Маусымжан әнінің авторы кім?:
а) Біржан
ә) Ақан сері
б) халық әні
в) Балуан Шолақ
г) Сегіз сері
18. Қазақтың 500 ән-күйі қандай жинақ?:
а) этнографиялық
ә) тарихи
б) әдеби
в) көркем
г) философиялық
19. Халық әні дегеніміз не?:
а) елдің ортақ мұрасы
ә) халық композиторының шығармасы
б) жастар арасында айтылатын ән
в) бесік жыры
г) баяу орындалатын шығарма
20. Эпос айтушы кім?:
а) әнші
ә) күйші
б) домбырашы
в) жыршы
г) ақын
21. Үрмелі аспапқа не жатады?:
а) сырнай
ә) сыбызғы
б) қобыз
в) асатаяқ
г) жетіген
22. Шертпелі аспапты ата:
а) фортепиано
ә) домбыра
б) даңғыра
в) кепшік
г) шыңдауыл
23. Фольклорлық аспап дегеніміз не?:
а) көне дәуірден жеткен
ә) кейін жасалған
б) шебер қолынан шыққан
в) лабораторияда жетілдірілген
г) қиялдан жасалған
24. Күй қандай жанр?:
а) вокалдық
ә) әдеби
б) драмалық
в) би
г) аспаптық
25. Музыкалық аспаптар туралы мәлімет жеткізген еңбек:
а) Құтты білік
ә) Диуани хикмет
б) Орхон жазбасы
в) Түрік сөздігі
г) Диуани лұхат ат-түрік
26. Бақсылық өнер қай дәуірде туған?:
а) орта ғасырда
ә) көне түркі дәуірінде
б) ХІХ ғасырда
в) ХХ ғасырда
г) ерте кезеңдерде
27. Түркі жазбаларының мәдени-музыкалық сипаты неде?:
а) поэзиялық өрнектерінде (синкреттілігінде)
ә) мазмұнында (сюжетінде)
б) әуенінде
в) тілінде
г) музыкасында
28. Қорқыт қай дәуірдің тұлғасы?:
а) УІ ғасыр
ә) ІХ-Х ғасыр
б) УІІ-УІІІ ғасыр
в) өмірде болмаған
г) Аристотельдің замандасы
29. Музыкалық-эпикалық дәстүрге не енеді?:
а) жыр, толғау, терме
ә) ән, күй, би
б) қобыз, домбыра
в) халық әндері
г) халық күйлері
30. Жыраулардың жыршыдан ерекшелігі мынада:
а) Ерте шығарылған эпостың тек орындаушысы
ә) Эпосты өзі шығарған, өзі орындаған
б) Жырау махаббат әндерін орындайды
в) Жырау сыңсу орындайды
г) Жырау беташар айтады

5. 1 бет көлемінде Халық музыкасы - қазына тақырыбына эссе жазу.

Әзірлеген профессор м. а.: Сейтқазы О. Ж.____________________

Тапсырмалар кафедра отырысында қаралып, бекітілген:
Хаттама №2 29 09. 2015 жыл

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент: Сұлтанова Н. К . _______________


Скачать


zharar.kz