Тығыздығы ауа ортасымен салыстырғанда жоғары тіршілік ортасы

Скачать


Экология мамандығының 1 курс студенттеріне арналған
Биологиялық экология пәні бойынша тест сұрақтары.
Құрастырушы: Экология және қоршаған ортаны қорғау кафедрасының
м-д.ғ.к., аға оқытушысы, Нуржуманова Ж.М.


Бөлім тақырыптары
әрбір бөлімнің сұрақтарының саны
Бөлім салмағы
1
Биологиялық экология негіздеріне кіріспе.
1-6
1
2
Өсімдік экологиясының қазіргі даму кезеңдері мен зерттеу әдістері
6-8
1
3
Қоршаған орта, тіршшілік жағдайлары мен экологиялық факторлар жөніндегі түсінік
8-10
1
4
Өсімдікпен қабылданатын жарықтың сандық және сапалық сипаты
10-19
1
5
Антропогенез. Организмдердің қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы.
19-26

6
Биологиялық су ластаушыларына жататындар
26-33
1
7
Өсімдіктердің экологиялық топтары және тіршілік формалары
33-36

Барлығы:
236

1

I Биологиялық экология негіздеріне кіріспе.
Биологиялық экология – ол
A. өсімдіктер мен жануарлардың, сипаттамасы, жіктелуі және талдау өзара байланыстарын түзетін организмдердің қоғамдастықтары
B. жануарлардың анатомиялық және морфологиялық құрылысының жүйесі
C. жануарлардың морфологиялық құрылысының жүйесі
D. өсімдіктер мен жануарлардың, морфологиялық құрылысының жүйесі

Әлеуметтік экологияны қандай жүйе негізінде қарастыруға болады?
A. табиғат+адам+қоғам
B. қоғам+ экология +табиғат
C. экология+қоғам +табиғат
D. адам+қоғам+ экология

Алғаш енбектерінде экология туралы жазған ғалым?
A. Аристотель
B. Э.Геккель
C. Мальтус
D. Сократ

Экологияның қанша түрі бар?
A. 2
B. 3
C. 4
D. 5

Тұщы судың тапшылығы қай ғылымның өзекті проблемасына айналып отыр?
A. экология
B. мәдениеттану
C. химия
D. саясаттану

Н.А.Северцев, В.В.Докучаев сияқты ғалымдардың еңбектері қай кезеңде жарық көрді?
A. екінші кезең
B. бірінші кезең
C. үшінші кезең
D. төртінші кезең

Экологиялық жүйе термині ғылымға қай жылы енді?
A. 1935
B. 1866
C. 1914
D. 1896

Физика, химия, география пәндері қай ғылымның кешеніне кіреді?
A. экология
B. экономика
C. мәдениеттану
D. геология

Экологияның басты зерттейтіні не?
A. экологиялық жүйелер
B. экологиялық қатынастар
C. экологиялық байланыстар
D. экологиялық тұрақтар

Экология ғылымы адамға байланысты қанша қызмет атқарады?
A. 3
B. 4
C. 5
D. 6

Биосфера туралы ілімнің негізін қалаған кім?
A. В.И.Вернадский
B. К.Линней
C. Ч.Дарвин
D. В.Шельфорд

Қай ғасырда экология ғылымы өз алдына жеке ғылым ретінде қалыптасты?
A. XXғ. 50жж
B. XIXғ. 70жж
C. XVII ғ. 60жж
D. XVIII ғ. 30жж

Экологиялық иімділігі өте төмен болып келетін ағзаны ата
A. стенобионтты
B. пойкилотермді
C. эврибионты
D. эвритермді

Антропогенді факторлар мерзімділігіне байланысты неше түрге бөлінеді?
A. 2
B. 3
C. 4
D. 5

Топырақтың құрамы, тығыздығы, ауа өткізгішдігі абиотикалық фактордың қай классификациясына жатады?
A. эдафикалық
B. орографиялық
C. химиялық
D. климаттық

Даралар экологиясы қалай аталады?
A. Аутэкология
B. Синэкология
C. Демэкология
D. Экология

Қоршаған орта факторларының жеке организмдерге, популяцияға, түрлерге әсерін зерттейтін экологияның бір саласы қалай аталады?
A. Аутэкология
B. Демэкология.
C. Синэкология
D. Экология

Биологиялық деңгей нешеге бөлінеді?
A. 7
B. 5
C. 10
D. 9

Зат алмасу, энергияның алмасуы, ақпараттың берілуі қай деңгейде өтеді?
A. Молекулалық
B. Биосфералық
C. Ұлпалық
D. Ағзалық

Тіршілікке тән барлық процестер байқалады?
A. Жасушалық
B. Биоценотикалық
C. Ағзалық
D. Ұлпалық

Құрылымы ұқсас, шығу тегі бір жасушалар және жасушааралық заттар жиыны қалай аталады?
A. Ұлпа
B. Мүше .
C. Ағза
D. Жасуа

Тіршілік ортасы нешеге бөлінеді?
A. 4
B. 8
C. 5
D. 6

Гидросфера Жер шарының неше пайызын алып жатыр?
A. 71%
B. 10%
C. 90%
D. 78%

Экология білімінің дамуы неше кезеңге бөлінген?
A. 3
B. 4
C. 5
D. 6

Биосфера туралы фундаментальді ілімді кім қалыптастырды?
A. В.И. Вернадский
B. Ламарк
C. В.В. Докучаев
D. Геккель

ХХ ғасырдың 50- ші жылдарынан қазіргі кезенге дейін нешінші кезең?
A. ІІІ кезең
B. ІІ кезең
C. І кезең
D. IV кезең

Экология терминің 1866 жылы ең алғаш кім ұсынды?
A. Геккель
B. Ламарк
C. В.И. Вернадский
D. В.В. Докучаев

Экологияның басты зерттейтіні?
A. Экологиялық жүйелер
B. Ағзалар
C. Мүшелік
D. Жасушалар

Экология адамға байланысты қанша (негізгі ) қызмет атқарады?
A. 3
B. 7
C. 5
D. 9

Жүріс тұрысының формаларын өзгерту қандай бейімделу типі?
A. Экологиялық
B. Морфологиялық
C. Физиологиялық
D. Паразитологиялық

Популяцияның динамикалық көрсеткіштері нешеге бөлінеді?
A. 3
B. 2
C. 4
D. 5

Бәсекеге қабілетті даралардан тұратын популяцияларды қандай стратегияға жатқызамыз?
A. K
B. R
C. S
D. экологиялық

В.И.Вернадский қай жылы биосфера туралы өз мақаласында қолданды?
A. 1914
B. 1947
C. 1925
D. 1955

Биосфера Жер шарының қандай қабықшасы?
A. геологиялық
B. гидрологиялық
C. метеорологиялық
D. экологиялық

Тас көмір, әктас және т.басқаны қандай заттарға жатқызамыз?
A. биогенді зат
B. биокосты зат
C. тірі зат
D. қосты зат

Геологиялық тығыз байланысқан қанша типті бөліп қарастыруға болады?
A. 7
B. 6
C. 8
D. 9

II ӨСІМДІК ЭКОЛОГИЯСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

Ағылшын химигі әртүрлі жануарларға төменгі атмосфералық қысымның әсерін бақылап, нәтижесін жариялады.
A. Р. Бойль
B. Ж. Бюффон
C. Э.Геккель
D. К.Линней

Ірі оқымысты-схоласт өз еңбектерінде (1193-1280) өсімдіктердің қыстық ұйқы себептерін, топырақ сапасының өсімдік тіршілігіне әсерін зерттеген.
A. Ұлы Альберт
B. Р. Бойль
C. Э. Геккель
D. Теофраст

39. Табиғат экономиясында барлық табиғи денелердің қарым-қатынасын түсіндіріп, белгілі заңдармен өмір сүретін табиғатты адам қоғамымен салыстырған ғалым.
A. К. Линней
B. Р. Бойль
C. Э. Геккель
D. Ұлы Альберт

Өсімдіктер мен жануарлар эволюциясында, ағзалардың өзгерістерге бейімделуінің маңызды себебі сыртқы ортаның әсері деп есептеген ғалым.
A. Ж.Б. Ламарк
B. Р. Бойль
C. Э. Геккель
D. К.Ф. Рулье

Биологиялық жүйелердің қоршаған ортамен байланыстарын зерттейді.
A. Классикалық экология
B. Ауқымды (глобальды) экология
C. Қолданбалы экология
D. Экологиялық мониторинг

Биосфераның бірлігін және тұтастығын зерттейді.
A. Ауқымды (глобальды) экология
B. Экологиялық мониторинг
C. Геоэкология
D. Классикалық экология

Қоғам мен қоршаған орта жүйесіндегі байланыс пен тәуелділікті қарастырады.
A. Қоғамдық экология
B. Қолданбалы экология
C. Ауқымды (глобальды) экология
D. Классикалық экология

Әртүрлі деңгейдегі геожүйелерді және оларға антропогендік өзгерістердің әсерін зерттейді.
A. Геоэкология
B. Қолданбалы экология
C. Ауқымды (глобальды) экология
D. Классикалық экология

Адамның табиғи мәнін, оның тіршілік ортасының денсаулығының экологиялық факторларын зерттейді.
A. Адам экологиясы
B. Геоэкология
C. Ауқымды (глобальды) экология
D. Классикалық экология

Агрожүйе байланыстарын, қала экожүйесін, техносфераның қоршаған ортамен байланысын зерттейді.
A. Қолданбалы экология
B. Геоэкология
C. Ауқымды (глобальды) экология
D. Классикалық экология

Қоршаған орта жағдайын болжау, бағалау, талдау мен бақылау жүйесі.
A. Экологиялық мониторинг
B. Қолданбалы экология
C. Ауқымды (глобальды) экология
D. Классикалық экология

Экосфераның биотикалық және абиотикалық құрауыштарының арасындағы энергия ағыны мен заттардың айналымына шоғырланатын әдіс;
A. Экожүйелік әдіс
B. Популяциялық әдіс
C. Мекен ету орнын зерттеу әдісі
D. Қауымдастықтарды зерттеу әдісі

Биологиялық үлгілеудің негізгі мақсаты
A. биологиялық жүйелердің құрылымы мен қызметіне қатысты гипотезаларды тәжірибелік тексеру болып табылады.
B. биологиялық жүйелердің құрылымы болып табылады.
C. қызметіне қатысты гипотезаларды тәжірибелік тексеру болып табылады.
D. экологиялық жүйелердің құрылымы мен қызметіне қатысты гипотезаларды тәжірибелік тексеру болып табылады.

III ҚОРШАҒАН ОРТА, ТІРШІЛІК ЖАҒДАЙЛАРЫ МЕН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР ЖӨНІНДЕГІ ТҮСІНІК
Жер бетіндегі адамдардың байланысынсыз пайда болған және бұрынғы ұрпақтардан қалған орта.
A. Табиғи орта
B. Тіршілік ортасы
C. Өмір сүру ортасы
D. Техногенді орта

Адамның көмегімен түзілген орта.
A. Техногенді орта
B. Қоршаған орта
C. Табиғи орта
D. Тіршілік ортасы

Ағзаларды қоршайтын және олардың құрылысымен қызметіне тікелей немесе жанама әсер ететіндер.
A. Қоршаған орта
B. Тіршілік ортасы
C. Техногенді орта
D. Өмір сүру ортасы

Біздің планетамызда негізгі төрт тіршілік ортасы:
A. су, жер, ауа, топырақ және тірі ағза денесі болып бөлінеді.
B. су, жер, ауа, топырақ
C. су, жер, ауа, тірі ағза денесі болып бөлінеді.
D. су, жер, ауа, тірі ағза денесі

Абиотикалық экологиялық факторларды келесідей топтарға бөледі:
A. Климаттық факторлар
B. Эдафикалық немесе топырақ-грунттарының факторлары
C. Топографиялық (немесе орографиялық) факторлар
D. Биотикалық факторлар
Биотикалық факторлар:
A. фитогенді, зоогенді
B. микробогенді, зоогенді
C. микогенді, фитогенді
D. микогенді, зоогенді

Климаттық факторлар:
A. ауа, оның қозғалысы, жарық, жылу, жауын-шашын, ауа және топырақ ылғалдылығы, электрлік құбылыстар.
B. механикалық құрамы, физикалық қасиеті, грунт пен топырақтың микробиологиясы және химизмі.
C. рельеф, айнала қоршаған орта
D. ауа және топырақ ылғалдылығы, электрлік құбылыстар.

Эдафикалық немесе топырақ-грунттарының факторлары:
A. механикалық құрамы, физикалық қасиеті, грунт пен топырақтың микробиологиясы және химизмі.
B. рельеф, айнала қоршаған орта
C. ауа және топырақ ылғалдылығы, электрлік құбылыстар
D. ауа, оның қозғалысы, жарық, жылу, жауын-шашын, ауа және топырақ ылғалдылығы, электрлік құбылыстар

Топографиялық (немесе орографиялық) факторлар
A. рельеф, айнала қоршаған орта.
B. ауа, оның қозғалысы, жарық, жылу, жауын-шашын, ауа және топырақ ылғалдылығы, электрлік құбылыстар.
C. ауа және топырақ ылғалдылығы, электрлік құбылыстар
D. механикалық құрамы, физикалық қасиеті, грунт пен топырақтың микробиологиясы және химизмі

Өсімдіктердің бірге тіршілік ететіндердің тура (механикалық контакт, симбиоз, паразитизм, эпифиттердің қоныстануы) және жанама (тіршілік ортасының өсімдіктер үшін фитогенді өзгерістері) қалай аталады;
A. фитогенді
B. зоогенді
C. эвритермді
D. стенотермді

Жануарлардың әсері (қоректенуі, таптауы, басқа да механикалық әсерлері, тозаңдану, ұрықтарды таратуы, сонымен бірге ортаға жанама әсерлері) қалай аталады.
A. зоогенді
B. эвритермді
C. стенотермді
D. фитогенді

IV ӨСІМДІКПЕН ҚАБЫЛДАНАТЫН ЖАРЫҚТЫҢ САНДЫҚ ЖӘНЕ САПАЛЫҚ СИПАТЫ
Жалпы тура және шашыраңқы түсетін жарықты қалай атайды
A. қосынды (суммарлы) радиация
B. шашраңқы радиация
C. жалпы тура радиация
D. тікелей радиация

Күннің тура түсетін радиациясының интенсивтілігін арнайы мамандандырылған құралдар
A. актинометр және пиргелиометр
B. пиранометр және актинометр
C. пиргелиометр және пиранометр
D. актинометр және пиранометр

Қосынды радиацияның интенсивтілігін – немен өлшейді.
A. пиранометр
B. актинометр
C. пиргелиометр
D. актинометр және пиргелиометр

Жапырақтың радицияны сіңіру спектрлі аумағына көрінетін сәулелер
A. ультра-күлгін сәулелер (УК), инфроқызыл сәулелер (ИҚ)
B. ультра-күлгін сәулелер (УК),
C. инфроқызыл сәулелер (ИҚ),
D. күлгін сәулелер

Ультра-күлгін сәулелер толығымен не арқылы сіңіріледі.
A. жасуша қабықшаларымен, цитоплазма, ферменттер мен әртүрлі пигменттер арқылы
B. жасуша қабықшаларымен, цитоплазма, ферменттер мен
C. ферменттер мен әртүрлі пигменттер арқылы
D. жасуша қабықшаларымен, ферменттер мен әртүрлі пигменттер арқылы

Қандай– сәулелер жапырақ ұлпаларындағы су арқылы және цитоплазма арқылы сіңіріледі.
A. Инфроқызыл
B. Ультра-күлгін
C. Тоқсары-қызыл
D. Көк-сия

Көрінетін жарық диапазонында жапырақта сіңірілудің екі максимумы бар олар
A. тоқсары-қызыл (толқын ұзындығы 660-680нм) және көк-сия (460-490нм) сәулелер
B. көк-сия (460-490нм) сәулелер
C. тоқсары-қызыл (толқын ұзындығы 660-680нм)
D. тоқсары-жасыл (толқын ұзындығы 660-680нм)

Екі дараның бір-бірімен кездесу жиілігі өте төмен, бұл кеңістікте таралудың қай түрі?
A. бірқалыпты
B. диффузиолды
C. конгрегационды
D. жауаптар дұрыс емес

Популяцияның тығыздығы дегеніміз не?
A кеңістіктегі даралардың орташа саны B белгілі бір территориядағы дарңлардың жалпы саны? C берілген көлемдегі даралардық саны D жауаптар дұрыс емес

Шашыраңқы атомдарға қайсысы жатады?
A. гелий
B. инертті газ
C. азот
D. аргон

25 км биіктікке дейін температура тұрақты болып келетін атмосфералық қабат?
A. стратосфера
B. тропосфера
C. ноосфера
D. мезосфера

Ионосфераның биіктігі қанша км-ге дейін жетеді?
A. 600-1000км
B. 400-800км
C. 500-700км
D. 300-900 км

Тірі заттың қатысынсыз түзілетін заттар қауымдастығы қалай аталады?
A. қосты зат
B. биогенді зат
C. биокосты зат
D. радиоактивті зат

Жердің қатты қабығы қалай аталады?
A. литосфера
B. атмосфера
C. биосфера
D. гидросфера

Атмосфера қандай заттан тұрады?
A. су буы
B. ультракүлгін сәуле
C. фреондар
D. тірі ағза

Тропосфера қабаты қанша км биіктікке дейін орналасқан?
A. 12
B. 9
C. 10
D. 11

Жан-Батист Ламарк өзінің Гидрогеология туралы еңбегінде қандай терминді қолданды?
A. зоология
B. экология
C. биосфера
D. ботаника

Грек тілінен аударғанда– тіршілік, шар деген мағынаны білдіретін термин?
A. биосфера
B. зоология
C. экология
D. ботаника

Биосфера терминіне жаңадан өмір берген геолог?
A. Миллер
B. Чаргафф
C. Зюсс
D. Данилевский

Жер қыртысындағы Рубидийдің тарихы туралы мақаласында Биосфера терминін кім қолданды?
A. Вернадский
B. Миллер
C. Зюсс
D. Чаргафф

В.И. Вернадский биосферада әр алуан, бірақ геологиялық тығыз байланысқан неше типті заттарды бөліп қарастырды?
A. 7
B. 5
C. 6
D. 8

Жерде мекендейтін барлық тірі ағзалардың жиынтығы?
A. Тірі зат
B. Биогенді зат
C. Косты зат
D. Биокосты зат

Г елий, сутегі, оттегі атомдары?
A. Шашыраңқы атомдар
B. Биогенді зат
C. Косты зат
D. Биокосты зат

Метеориттер мен космостық шаң-тозаң?
A. Космостық табиғаты бар
B. Биогенді зат
C. Шашыраңқы атомдар
D. Биокосты зат

Жердің газды немесе газтәрізді қабаты?
A. Атмосфера
B. Литосфера
C. Гидросфера
D. Биосфера

Жермен жанасып жататын атмосфераның төмеңгі қабаты?
A. стратосфера
B. мезосфера
C. тропосфера
D. Термосфера

Атмосфераның қабаты ауаның 90%-н құрайтын қабаты?
A. тропосфера
B. мезосфера
C. стратосфера
D. Термосфера

Трпосферадан кейінгі қабат?
A. стратосфера
B. тропосфера
C. мезосфера
D. Термосфера

Темпратура -1000 С-қа тең қабат?
A. мезосфера
B. тропосфера
C. стратосфера
D. Термосфера

Кинетикалық температура жоғарылаған сайын ұлғаятын қабат?
A. термосфера
B. тропосфера
C. мезосфера
D. стратосфера

Биосфераның келешектегі геологиялық кезеңін қалай атайды?
A. Ноосфера
B. Биосфера
C. Гидросфера
D. Атмосфера

Экология ғылымы қай ғасырда әйгілі бола бастады?
A. 20ғ
B. 17ғ
C. 15ғ
D. 19ғ

1 м2 топырақта қанша қарапайымдылар жасушалары болады?
A. 100млрд
B. 100ден аса
C. 100млн
D. 100мың

Тығыздығы ауа ортасымен салыстырғанда жоғары тіршілік ортасы?
A. топырақ
B. су
C. .құрлық-ауа
D. ауа

Ауа массаларының қозғалуы, желдің болуы қай тіршілік ортасына тән?
A. құрлық-ауа
B. су
C. топырақ
D. ауа

Су ортасындағы жануарлардың жер шарындағы жалпы жануарлар түрінің неше процнетін құрайды?
A. 7
B. 70
C. 0,7
D. 0,007

Құрамына тірі және өлі компоненттер кіретін жүйе?
A. биокосты
B. биосфера
C. экожүйе
D. гомеостаз

Тіршілік ортасында абиотикалық жағдай ескерілсе ол?
A. биогеоценоз
B. экожүйе
C. биоценоз
D. гомеостаз

Өмірдің негізгі таратушы қорабы тіршілік ортасы?
A. ағза
B. топырақ
C. құрлық-ауа
D. су

Көпжасушалы ағзаның бөлігі?
A. мүше
B. ағза
C. ұлпа
D. Жасушалық

Жасушалар тобы?
A. ұлпа
B. ағза
C. мүше
D. Жасушалық

Тіршілікке тән барлық процестер байқалатын деңгей?
A. жасушалық
B. ағзалық
C. ұлпалық
D. мүшелік

Биосфера ілімінің негізін қалаған?
A. Докучаев
B. Северцев
C. Вернадский
D. Сукачев

Шелфорд толеранттық заңын қай жылы ашты?
A. 1913
B. 1900
C. 1914
D. 1915

Тірі ағзаларды ұйымдастырудың қандай деңгейін экология пәні зерттейді?
A. Популяционды-түрлік.
B. Ұлпалық.
C. Молекулярлы.
D. Молекулярлы-жасуша.

Аутэкология – нені зерттейді?
A. Ағзаларды
B. Биогеоценоздар.
C. Жеке дербестер, популяциялар.
D. Жеке дербестер, түрлер, популяциялар, биоценоздар.

Демэкология – нені зерттейді?
A. Популяцияларды.
B. Түрлер, популяцияларды.
C. Ағзаларды.
D. Түрлерді.

Синэкология – нені зерттейді?
A. Бірлестіктерді.
B. Популяцияларды.
C. Түрлерді.
D. Түрлер мен популяцияларды.

Тірі ағзаны қоршайтын және онымен тікелей байланысты бөлігін атаңыз:
A. Экологиялық қуыс.
B. Экологиялық фактор.
C. Адаптация.
D. Қоршаған орта.

Эволюция барысында ағзалардың қоршаған ортаға бейімделу қасиеті қалай аталады:
A. Адаптация.
B. Экологиялық фактор.
C. Мекендейтің орта.
D. Экологиялық қуыс.

Ағзаларға әсер ететін бейорганикалық орта жағдайларының жыинтығын экологиялық факторлардың қандай тобына жатқызады:
A. Абиотикалық.
B. Эдафикалық.
C. Химиялық.
D. Биотикалық.

Өсімдіктерде фотосинтез процесі жүру үшін қандай фактор ерекше қажет:
A. Жарық.
B. Ылғалдылық, тыңайтқыштар.
C. Температура, судың тұздылығы.
D. Қысым.

Радиация,шу,діріл экологиялық фактор қай түріне жатады:
A. Абиотикалық.
B. Химиялық.
C. Эдафикалық.
D. Биотикалық.

Шөлейтті жерде жануарлардың таралуын шектейтін экологиялық фактор:
A. Ылғалдылықтың жетіспеушілігі.
B. Ылғалдылықтың артық мөлшері.
C. Жылудың жетіспеушілігі.
D. Қоректің артық мөлшері

Тундрада жануарлардаң таралуын шектейтін экологиялық фактор:
A. Жылудың жетіспеушілігі
B. Ылғалдылықтың артық мөлшері.
C. Ылғалдылықтың жетіспеушілігі.
D. Азықтың артық мөлшері.

Суда жануарлардың таралуын шектейтін экологиялық фактор:
A. Оттегінің концентрациясы.
B. Ылғалдылықтың артық мөлшері.
C. Жылудың жетіспеушілігі.
D. Азықтың артық мөлшері.

Гомойотермділерге жатқызады:
A. Құстар, сүт қоректілер.
B. Балықтар, қос мекенділер.
C. Өсімдіктер, омыртқалы жануарлар.
D. Рептилиялар мен микроағзалар.

Пойкилотермді ағзаларға жатады:
A. Құстар мен сүтқоректілерден басқалардың барлығы.
B. Жәндіктер.
C. Құстар, сүт қоректілер.
D. Құстар, амфибиялар.

Күн ұзақтылығының маусымдық өзгерістеріне ағзаның жауап беруі:
A. Фотопериодизм.
B. Циклдік.
C. Периодтылық.
D. Биологиялық ырғақ.

V Антропогенез. Организмдердің қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы.
Биологиялық ырғақтар дегеніміз:
A. Биологиялық процестер мен құбылыстар ерекшелігі және периодты ауытқудың қарқындылығы.
B. Түн мен күннің периодты кезектесуі.
C. Жануарлардағы активтілік мен тыныштық периодының кезектесуі.
D. Ішкі мүшелер жұмысының ырғағы.

Жарыққа байланысты өсімдіктерді қандай экологиялық топтарға бөледі:
A. Гелиофиттер, сциофиттер, факультативті гелиофиттер
B. Жарық сүйгіш, көленкеге төзімділік.
C. Гелиофиттер, ксерофиттер.
D. Жарық сүйгіш, көлеңке сүйгіш.

Суықты ұнататын түрлер, бұл:
A. Монофилдер.
B. Термофилдер.
C. Псаммофилдер.
D. Гетерофилдер.

Жоғарғы температураны ұнататын түрлер:
A. Термофилдер.
B. Псаммофилдер.
C. Гетерофилдер.
D. Криофилдер.

Толықтай суға батқан су өсімдіктері қалай аталады?
A. Гидатофиттер
B. Мезофиттер.
C. Гигрофиттер.
D. Гидрофиттер.

Жартылай суға батқан су қоймаларының жағалауларында таяз суларда тіршілік ететін өсімдіктер қалай аталады?
A. Гидрофиттер.
B. Мезофиттер.
C. Гигрофиттер.
D. Ксерофиттер.

Жоғарғы ылғалдылық жағдайларда өсетін жер бетіндегі өсімдіктерді қалай аталады?
A. Гигрофиттер.
B. Мезофиттер.
C. Гидрофиттер.
D. Гидатофиттер.

Қоңыржай – ылғалды жерлерде мекендейтін өсімдіктер:
A. Мезофиттер.
B. Ксерофиттер.
C. Гигрофиттер.
D. Гидрофиттер.

Құрғақ жерлерде мекендейтін өсімдіктер:
A. Ксерофиттер.
B. Мезофиттер.
C. Гигрофиттер.
D. Гидрофиттер.

Жер бетіндегі жануарлар арасында су режиміне байланысты қандай экологиялық топтарды ажыратады:
A. Гигрофилдер, мезофилдер, ксерофилдер.
B. Мезофиттер, гигрофиттер.
C. Гигрофилдер, мезофиттер, ксерофиттер.
D. Мезофилдер, ксерофиттер.

Өмірге қолайсыз жағдайларда, тіршілік процестері күрт баяуланатын ағзаның уақытша жағдайы:
A. Метаболизм.
B. Анабиоз.
C. Анаболизм.
D. Парабиоз.

Популяциялық негізгі сипаттаушы ерекшеліктеріне не жатады?
A. Саны, тығыздығы, туылымы, өлімі, өсімі, өсу жылдамдығы.
B. Тууы, саны, тығыздығы, миргация жылдамдығы.
C. Саны, тығыздығы, миграция, туылымы.
D. Өлімі, жыныс – жастық құрамы, тууы, өсімі

Өлімнің түрлері:
A. Барлық жастағы өлім бірдей, еркек ағзалардың арасындағы өлім, жас ағзалардың арасындағы өлімнің басым болуы.
B. Кездейсоқ, табиғи, абсолютті.
C. Барлық жастағы өлім бірдей, кәрі арасында өлім жоғары.
D. Жасты, кездейсоқ, шынайы.

Мекендейтін территорияға байланысты Н.П.Наумов бойынша популяциялардың түрлері:
A. Элементарлық, экологиялық, географиялық
B. Географиялық, кездейсоқ.
C. Қеңістік, экологиялық, тұрақты.
D. Өсетін, экологиялық, тұрақты.

Кәрі ағзалардың басым болуы популяцияның кай түріне жатады?
A. Азайып келе жатқан.
B. Тұрақты.
C. Өсетін.
D. Өзгермейтін.

Жас ағзалары басым болуы популяцияның қай түріне жатады?
A. Өсетін.
B. Азайып келе жатқан.
C. Тұрақты.
D. Өзгермейтін.

Кәрі және жас ағзалардың қатынасы бір біріне тең популяциялар:
A. Тұрақты.
B. Азайып келе жатқан.
C. Өсетн.
D. Өзгермейтін.

Қабылданған минимумға дейін саны төмендеген популяциялар:
A. Жойылатын популяция
B. Саны көп популяция.
C. Реттелетін популяция.
D. Жойылған популяция.

Белгілі бір уақыт ішінде дүниеге келген даралардың жалпы саны:
A. Тууы.
B. Тығыздығы.
C. Саны.
D. Өлім.

Жануарлардың мінез – құлығының заңдылықтарын зерттейтін ғылым:
A. Этология.
B. Эмбриология.
C. Зоология
D. Энтомология.

Планетадағы барлық тірі организмдердің жалпы қосындысы қалай аталады?
A. Тірі заттар;
B. Биоқиғаш заттар;
C. Биогендік эаттар;
D. Өлі заттар;

Ортаның бірдей жағдайларында бірігіп өмір сүретін өсімдіктер, жануарлар, микроағзалар популяцияларының үйымдастырылған тобын қалай айтады:
A. Биоценоз
B. Биогеоценоз.
C. Экотоп.
D. Биотоп.

Автотрофты организмге жататындар:
A. Жасыл өсімдіктер;
B. Насекомдар;
C. Құстар;
D. Адам;

Күн сәулесінің әсерінен өсімдіктер жапырағында қандай процесс жүреді
A. Фотосинтез;
B. Тыныс алуы;
C. Органикалық заттардың ыдырауы;
D. Белоктың синтезделуі;

Биологиялық ырғақ дегеніміз не
A. Өмір сүрудін циклдік өзгерістердің жағдайларына бейімделу үшін биологиялық құбылыстардың біркелкі кезектесуі.
B. Ішкі мүшелер жұмысының ырғағы.
C. Тірі ағзалардың өмір сүрудін кейбір өзгерістерінің уақыттағы біркелкі кезектесуі.
D. Тірі ағзалардағы активтілік пен тынығу периодының кезектесуі.

Төменгі құбылыстардың қайсысы тәулік ырғаққа бағынады?
A. Өсімдіктер гүлдерінің ашылуы мен жабылуы.
B. Устрица қабыршағының ашылу мен жабылу периодтылығы.
C. Өзендерге көбею үшін келетін балықтардың миграциясы.
D. Жоғарыдағы барлығы.

Жылдық ырғаққа төменгі құбылыстардың қайсысы бағынады?
A. Өзендерге көбею үшін келетін балықтардың миграциясы.
B. Устрица қабыршағының ашылу мен жабылу периодтылығы.
C. Өсімдіктер гүлдерінің ашылуы мен жабылуы.
D. Жоғарыдағы барлығы.

Көтерілу – қайту ырғақтары төмендегі көрсетілген қай құбылыстарға бағынады?
A. Устрица қабыршағының ашылу мен жабылу периодтылығы.
B. Өзендерге көбею үшін келетін балықтардың миграциясы.
C. Өсімдіктер гүлдерінің ашылуы мен жабылуы.
D. Жоғарыдағы барлығы.

Тіршіліктің негізгі орталарын айтыңыз:
A. Ауа, жер беті, су, топырақ , тірі ағзалар
B. Топырақ, теңіз ,ауа.
C. Су, жер беті, тау.
D. Тірі ағза , жер беті, ауа, су

Жеке ағзалар азық, мекендеу орны және тағы басқалары үшін бір біріне кері әсер ететін жағдайдағы түраралық немесе түрішілік қарым – қатынастар:
A. Конкуренция.
B. Жыртқыштық.
C. Паразитизм.
D. Комменсализм.

Бір түрдің екінші түрді аңдуы мен оларды ұстап жеуі,түраралық карым-қатынастың қандай формасы:
A. Жыртқыштық.
B. Конкуренция.
C. Паразитизм.
D. Комменсализм.

Екі түрдің конкуренция типі бойынша биотикалық қарым - қатынасына мысалы:
A. Қайың және шырша.
B. Аскарида және адам.
C. Росянкалар мен шыбындар.
D. Акула және жабысқақ балық.

Тірі өсімдіктерді тұтынушылар:
A. Фитофагтар.
B. Сапрофагтар.
C. Копрофагтар.
D. Некрофагтар.

Өлі өсімдіктің қалдықтарымен қоректенетін:
A. Сапрофагтар.
B. Фитофагтар.
C. Копрофагтар.
D. Некрофагтар.

Өлік пен қоректенетін жануарлар:
A. Некрофагтар.
B. Фитофагтар.
C. Копрофагтар.
D. Сапрофагтар.

Тірі қоректі қажет етеді:
A. Зоофагтар.
B. Фитофагтар.
C. Копрофагтар.
D. Некрофагтар.

Экскременттер мен қоректенетін жануарлар:
A. Копрофагтар.
B. Фитофагтар.
C. Сапрофагтар.
D. Некрофагтар.

Қорек тізбегіндегі энергия беруді дұрыс көрсететін төмендегі тізбектің қайсысы дұрыс:
A. Өсімдіктер-жапырақтар түсуі-жауын құрты-жертесер-түлкі.
B. Өсімдіктер-жертесер-жауын құрты-жапырақтар түсуі-түлкі.
C. Жапырақ түсуі-жауын құрты-өсімдіктер-жертесер-түлкі.
D. Түлкі-жертесер-жауын құрты-жапырақ түсуі-өсімдіктер.

Деструкторларға ағзалардың қайсысы жатады:
A. Саңырауқұлақтар мен микроағзалар.
B. Продуценттер.
C. Бір дара клеткалы балдырлар.
D. Ет қоректі жануарлар.

Биогеоценоздағы шөп қоректі жануарлар қайсысы:
A. Консументтер.
B. Продуценттер.
C. Хемотрофтер.
D. Редуценттер.

Екінші ретті консументтерге төмендегі ағзалардың қайсысы жатады:
A. Ет қоректі жануарлар.
B. Дара клеткалы балдырлар.
C. Хемосинтездеушілер.
D. Автотрофтылар.

Күн сәулесінің энергиясын химиялық байланыстар энергиясына төмендегі ағзаладың қайсысы айналдырады:
A. Продуценттер.
B. Консументтер.
C. Консументтер, редуценттер
D. Продуценттер, редуценттер.

Ластанудың бір ел территориясынан екіншісіне таралуы қалай аталады?
A. аймақтық;
B. трансшекаралық;
C. биологиялық;
D. лимфалдық;

Жердің қатты қабаты:
A. литосфера;
B. ноосфера;
C. термосфера;
D. стратосфера;

Шөлді жағдайдағы тірі ағзалардың таралуын шектейтін экологиялық фактор:
A. Жылудың жетіспеуі.
B. Жылу мен ылғалдың жетіспеуі.
C. Азық пен ылғалдың жетіспеуі.
D. Ылғал қоры мен азық жетіспеуі.

Ағзалардің қоршаған ортаның қандай да бір диапазонына бейімделу қасиеті:
A. Экологиялық валенттілік
B. Экологиялық толеранттылық.
C. Оптимальдылық.
D. Экологиялық өзгергіштік.

Далалы жердегі экожүйенің өнімділігінің лимиттік фактор:
A. Ылғалдылық.
B. Температура.
C. Топырақ шіріндісі.
D. Қореқ.

Жасыл өсімдіктер-бұл:
A. Продуценттер.
B. Биоценоз элементтері.
C. Консументтер.
D. Тірі табиғат факторлары.

Жыртқыштар дегеніміз:
A. Басқа организмдерді баспана ретінде пайдаланатын жануарлар
B. Консументтер.
C. Басқа организмдерге баспана болатын жануарлар.
D. Продуценттер.

Биотикалық популяциялық қарым – қатынас мысал ретінде екі түрдің паразитизм түрі жағынан бірігіп өмір сүруі:
A. Қызыл кеңірдек және құрт - құмырсқа.
B. Шабақ және мөңке.
C. Канадалық және Европалық кәмшат.
D. Адам және адам аскаридасы.

Келесі организмдер жарық сүйгіш организмдер болып табылады:
A. Гелиофиттер.
B. Сциофиттер.
C. Мезофиттер.
D. Термофилдер.

Жануарлардың қауымдастығы аталады:
A. Зооценоз.
B. Микробиоценоз.
C. Фитоценоз.
D. Биотоп.

VI Биологиялық су ластаушыларына жататындар

Ластану – бұл:
A. Физикалық, биологиялық және химиялық агенттердің ортаға енуі.
B. Физикалық агенттердің ортаға енуі.
C. Биологиялық агенттердің ортаға енуі.
D. Негізгі деңгейдің орта агенттерінен жоғарылауы.

Биологиялық су ластаушыларына жатады:
A. Балдырлар.
B. Фенол.
C. Радионуклид.
D. Марганец тұзы.

Атмосфералық ауа құрамында азот мөлшері (%):
A. 78,08.
B. 101.
C. 15.
D. 48,2.

Көптеген экожүйелерде энергияның бастапқы көзі болып не табылады:
A. Күн сәулесі.
B. Күн сәулесі мен өсімдік қорегі.
C. Өсімдіктер мен жануарлар қорегі.
D. Күн сәулесі мен минералды заттар.

Озон қабаты атмосферадағы беткі қабаты ретінде:
A. Ультракүлгін сәулесінен сақтайын экран.
B. Жердің жылу сәулесін сақтайды.
C. Өндірістік ластану нәтижесінде пайда болады.
D. Ластанған заттарды серпіп отырады.

Озон бұзушы заттар::
A. Метан және көмір қышқыл газы.
B. Күкірт және азот.
C. Фреондар.
D. Көліктерден шығатын газдар.

Жылулық эффект мәселесін тудыратын қай газ:
A. Көмір қышқыл газы.
B. Күкірт және азон оксиді.
C. Фреондар.
D. Көліктерден шығатын газдар.

Қышқылдық жаңбырларды тудырады:
A. Көліктерден шығатын газдар.
B. Метан және көмір қышқыл газы.
C. Фреондар.
D. Күкірт окидтері.

Рак ауруларының себебі болып табылады:
A. Стрестер.
B. Канцерогендер.
C. Темекі шегу.
D. Табиғаттың химиялық ластануы.

Озон тесігі келесі жерде басым:
A. Антрактидада.
B. Евразияда.
C. Африкада.
D. Австралияда.

Қышқыл жауынның түсуі келесі құбылысқа байланысты:
A. Атмосфераға күкірт диоксиді мен азот оксидінің шоғырлануымен.
B. Атмосферадағы көмір қышқыл газ ының өзгеруімен.
C. Атмосферада азон құрамының өзгеруімен.
D. Күн радиациясының өзгеруімен.

Тұманның түрін ата:
A. Лос-анджелестік түр және мадридтік түр
B. Лондон және мадридтік түр.
C. Лодон және чикагалық түр
D. Лос-анджелестік түр және миландық түр.

Ұзақ уақытта өзін-өзідері реттейтін қабілетті экожүйелер:
A. Климаксты.
B. Кемейтін.
C. Өсуші.
D. Конвейрлі.

Төмендегі пункттердің қайсысында тірі зат анықтамасы берілген:
A. Барлық тірі ағзалар жиынтығы: микроағзалар, өсімдіктер мен жануарлар және олардың белсенді биомассасы.
B. Өлі органика, детрит түрлерінің бәрі.
C. Тірі заттар мен биогенді заттардың араласы.
D. Биогенді тау жыныстары, қазба отын бөлігін қоса алғанда.

В.И. Вернадский биосферада келесі тірі заттар функциясын бөледі:
A. Газды, концентрациялы, энергетикалық, орта түзуші, тасымалдаушы, тотығу-тотықсыздану, ақпаратты.
B. Газды, концентрациялық, тотығу-тотықсыздану, ақпаратты, адамның биогеохимиялық әрекеті.
C. Газды, концентрациялы, өңдеуші, ақпаратты, адамның биогеохимиялық әрекеті.
D. Газды, концентрациялы, тотығу-тотықсыздану, адамның биогеохимиялық әрекеті.

Литосфера деген не:
A. Жердің қатты қабаты.
B. Атмосфераның озон қабаты.
C. Жердің газды қабаты.
D. Жердің су қабаты.

Планетадағы адамның саналы әрекеті басты факторы болатын биосфераның даму сатысы:
A. Ноосфера
B. Техносфера.
C. Антропосфера.
D. Социосфера.

Тіршілік және өндірістік процесстері қиындатылған адам мен қоршаған ортаның шиеленісу жағдайлары қалай аталады?
A. Экологиялық кризис.
B. Экологиялық статус.
C. Өзін-өзі реттеуші.
D. Айналым.

Қоршаған ортаға антропогенді әсер етудің мүмкін болатын зардаптарын болжау:
A. Экологиялық болжау.
B. Табиғатты қорғау.
C. Табиғаттың қайта өзгеруі.
D. Іс-әрекетті талдау.

Таралу масштабы бойынша ластанудың негізгі түрлерін ата:
A. Жергілікті, аймақтық, ғаламдық.
B. Аймақтық, локальды.
C. Глобальды, жергілікті.
D. Локальды, глобальды, жергілікті.

Жергілікті ластанудың сипаттамасы қай жауапта көрсетілген:
A. Қандай да бір пайдалы қазбаларды алу аудандарына тән.
B. Ірі өндіріс аудандарының әсеріне ұшыраған үлкен территориялар мен акваторияларды қамтиды.
C. Атмосфералық қалдықтармен сипатталады.
D. Ірі аймақтарға қолайсыз әсер тигізеді.

Аймақтық ластану сипаттамасы қай жауапта берілген:
A. Ірі өндіріс аудандарының әсеріне ұшыраған үлкен территориялар мен акваторияларды қамтиды.
B. Қандай да бір пайдалы қазбаларды алу аудандарына тән.
C. Атмосфералық қалдықтармен сипатталады.
D. Ірі аймақтарға қолайсыз әсер тигізеді.

Ғаламдық ластанудың сипаттамасы қай жауапта берілген:
A. Үлкен территориялар мен акваторияларды және барлық планетаны қамтиды.
B. Ірі аймақтарға қолайсыз әсер етеді.
C. Өзінің пайда болу жерінен үлкен қашықтықтарға таралады.
D. Атмосфералық қалдықтармен сипатталады.

Жылулық эффект құбылысын ашқан:
A. Н. Фурье.
B. Э. Геккель.
C. Р. Шерлок.
D. В. Вернадский.

Аталған газдардың қайсысы парникті газдарға жатпайды:
A. Сутегі.
B. Азот оксидтері.
C. Көмірқышқыл газы.
D. Күкірт оксидтері

Парникті эффектінің нәтижелерінің теріс әсері ең қауіпті қайсысы:
A. Әлемдік мұхит деңгейінің көтерілуі.
B. Грунттардың маусымдық еруінің артуы.
C. Адам денсаулығының нашарлауы.
D. Батпақтану.

Төменде қай түсініктің анықтамасы беріліп отыр: Ерекше табиғи қорғалатын, ғылыми, мәдени, эстетикалық, рекреациялық сауықтыру маңызы бар табиғи кешендер және объектілер мемлекеттік билік органдарының шешімімен шаруашылықта толықтай не бөлшектеп қолдануға тыйым салынған және сол учаскідегі суы және ауа кеңістігі:
A. Ерекше қорғалатын территория.
B. Қорық.
C. Экожүйе.
D. Қорғалым.

Ерекше қорғалатын табиғи территориялардың қандай формасы ұйымдастырылмаған:
A. Жаратылыс саябақ.
B. Қорық.
C. Табиғи саябақ.
D. Қорғалым.

Ерекше қорғалатын табиғи территориялардың қандай ұйымдастыру формасының анықтамасы берілген Табиғи кешенді жаратылыстың күйінде сақтап қалу мақсатымен кәдімгі шаруашылық қолданысынан алынған учаскелер территориясы:
A. Қорық
B. Жаратылыс саябағы.
C. Табиғи саябақ.
D. Қорғалым.

Ерекше қорғалатын табиғи территориялардың қандай ұйымдастыру формасының анықтамасы берілген: Салыстырмалы үлкен табиғи территориялар мен акваторияларда экологиялық, рекреациялық, ғылыми сияқты үш негізгі мақсат орындалады, бірақ шаруашылықта қолданылатын зоналар да бар:
A. Табиғи ұлттық саябақ.
B. Қорық.
C. Табиғи саябақ.
D. Қорғалым.

Шығыс Қазақстан территориясында қандай қорық орналасқан:
A. Батыс Алтай.
B. Үстірт.
C. Ақсу-Жабағалы
D. Барсакелмес.

Қазақстандағы ең бірінші қорықты ата:
A. Ақсу-Жабағалы.
B. Үстірт.
C. Батыс Алтай.
D. Барсакелмес.

Қазақстандаға ең алғашқы қорық қандай жылы ұйымдастырылды:
A. 1926
B. 1916
C. 1946
D. 1936

Планетадағы орман массивтерінің жалпы ауданы шамамен құрайды:
A. 4,0 млрд. га
B. 9,8 млрд. га
C. 5,5 млрд. га
D. 10,5 млрд. га

Біздің еліміздің территориясының қанша пайызын орман алып жатыр:
A. 2 %
B. 3 %
C. 4 %
D. 5 %

Экологиялық заңдылықтың негізгі даму кезеңдерін атаңыз:
A. Консервативтік, табиғиресурстық, экологиялық.
B. Пайда болуы, қалыптасуы, дамуы.
C. 19 ғасыр, 20 ғасыр, 21 ғасыр.
D. Бірінші, екінші, үшінші.

Бақа қай жануарлар тобына жатады:
A. Пойкилотермдік.
B. Ксерофиттік.
C. Гетеротермдік.
D. Гомойотермдік.

Кит қандай топқа жатады:
A. Гомойотермдік.
B. Паразиттер.
C. Мезофилдік.
D. Гиобионттық.

Эвтрофтылар қандай топырақтың өсімдіктері:
A. Бай топырақтың.
B. Кедей топырақтың.
C. Тұзды топырақтың.
D. Орташа қоректік заттары бар топырақтың.

Жасыл өсімдікке түскенде күн радиациясы қалай пайдаланады:
A. Фотосинтез процесінде және өсімдік бойының жылынуы үшін қолданылады.
B. Толық шағылысады.
C. Өсімдіктің бойында жылыну процесі жүреді.
D. Өсімдік бұл процеске қатыспайды.

Пелагиальдық организмдер:
A. Нектон, планктон.
B. Нектон, бентос.
C. Бентос.
D. Нектон, планктон, бентос.

Топырақта ылғал қандай түрде болады:
A. Бу түрінде, капиллярлық, гравитациялық, байланыстылық.
B. Бу түрінде, капиллярлық, минералдық , байланыстылық.
C. Байланыстылық, гравитациялық, ерітінді, бу түрінде.
D. Капиллярлық, бу түрінде, гравитациялық.

Қоршаған ортаның физикалық ластануы - бұл:
A. Шулы ластану.
B. Бактериялармен ластану.
C. Көмірқышқыл газымен ластану.
D. Ауыр металдармен ластану.

Түтіннің, тұманның, шаң-тозаңның улы қоспасы қалай аталады:
A. Түтін (смог).
B. Фреон.
C. Иісті газ.
D. Қышқыл жаңбыр.

VII Өсімдіктердің экологиялық топтары және тіршілік формалары

Сумен қамтамасыз етуге жарамды тұщы сулар, гидросфераның жалпы көлемінің мына пайызына келеді:
A. 1 %.
B. 0,5 %.
C. 0,3 %.
D. 2 %.

Төмендегілердің қайсысына адамның ең көп ықпалы тиеді:
A. Жер беті өсімдігіне.
B. Топырақ өсімдігіне.
C. Жер асты өсімдігіне.
D. Су өсімдігіне.

Топырақ деградациясының ғаламдық көрінуі:
A. Шөлдену.
B. Ластану.
C. Тұздану.
D. Эрозия.

Қышқыл жаңбырларды шақырушы күкіртті газдың негізгі көзі:
A. Жылу электр станциялары.
B. Мұнай химия өндірісі.
C. Құрылыс материалдар өндірісі.
D. Автотранспорт.

Атмосфераға ластанудың ең көп мөлшері двигателі бар жүк автомобилінің қандай түрінен түседі:
A. Іштен жану.
B. Дизельді.
C. Газды.
D. Электрлі.

Суды ластанудан тазалаудың биологиялық әдісі мынаны қолдануға негізделген:
A. Микроағзалар
B. Өсімдіктер
C. Балықтар
D. Шымтезек

Қоршаған орта неден тұрады?
A. Табиғи және техногендік мегажүйеден
B. Табиғи мегажүйеден
C. Техногендік мегажүйеден
D. Биосферадан

Бастапқы минералдардың желдетуден пайда болған минерал:
A. Каолинит
B. Ортоклаз
C. Апатит
D. Кварц

Қоршаған ортаның физикалық ластануына не жатады?
A. Шумен ластану
B. Батериялармен ластану
C. Көмірқышқыл газбен ластану
D. Ауыр металлдармен ластану

Атмосферада көмірқышқыл газының жиналуы антропогенді әсер әсер нәтижесінде келесі жағымсыз салдарды болдыруы мүмкін
A. Климаттық ауытқулар
B. Азон тесіктерінің пайда болуы
C. Фотосинтездеуші ағзалармен органикалық заттар түзудің күшеюі
D. Жер атмосферасындағы шағылысу қабілетінің ұлғаюы

Қышқылдық жаңбырлар туындайтын мәнді рөл ойнайтын затты атаңыз:
A. Күкірт оксидтері
B. Иісті газ
C. Метан
D. Фреондар

Қышқылдық жаңбыр түсуіне себепкер саналатын атмосфераға әсерін тигізетіндер
A. Күкіртті газдың қалдықтарын шығару
B. Жоғары улы қосылыстар
C. Электромагниттік саулелер
D. Күйе болшектері

Күн сәулелерінің беттен шағылысқан үлесінің аталуы:
A. Альбедо
B. Диатриба
C. Магнето
D. Марина

Адамның максималды әсер:
A. Жерүсті өсімдіктеріне
B. Топырақ өсімдігіне
C. Жерасты өсімдіктеріне
D. Су өсімдігіне

Топырақ деградациясының жаһанда көрінуі
A. Шөлденулер
B. Ластанулар
C. Тұзданулар
D. Эрозия

Жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы Конвенцияға қол қойылды:
A. 1973 ж.
B. 2000 ж.
C. 1960 ж.
D. 1930 ж.

ҚР-ң Қызыл-Кітабындағы бірінші санаттағы жануарлар түрлеріне жатады.
A. Қызыл қасқыр, қызыл құм арқары, скопа
B. Кіші аққу
C. Қар барсы, ілеусін, жарқанат
D. Құлан, сары құтан

Қызыл кітаптағы екінші санатқа жататын өсімдіктер мен жануарлар түрлері:
A. Сандары азайып бара жатқан түрлер
B. Белгісіз түрлер
C. Сирек түрлер
D. Қалпына келтірілген түрлер.

Қызыл Кітаптағы төртінші санаттағы өсімдіктер мен жануарлар түрлері :
A. Белгісіз түрлер
B. Қайтымсыз жоғалған түрлер
C. Сирек түрлер
D. Жоғалып бара жатқан түрлер

Сайғақтар популяциясын сақтау мақсатында құрылған қорық
A. Барсакелмес.
B. Алматы.
C. Алакөл.
D. Наурызым.

Халықаралық Қызыл Кітапқа енген ҚР жануарлар түрлері
A. Құлан, гепард, ақ тырна, қызғылт фламинго, бірқазан.
B. Кіші саршұнақ, сұр қасқыр
C. кесіртке, жолбарыс
D. Жарқанат, аққу, дауылпаз

МСОП Қызыл кітабындағы қара тізімге енгендер
A. Сирек түрлер
B. сандары қалыпына келтірілген түрлер
C. Жоғалған түрлер
D. Сандары азайып бара жатқан түрлер


Скачать


zharar.kz