Қатты күйде

Скачать

Жылу қубылыстары.
Жылулық құбылыстар. Заттың құрылысы.
№1 өзіндік жұмыс.

I-деңгей.

1. Денені қыздырғанда және суытқанда оның көлемі қалай өзгереді?
2. Газ сығылғанда оның көлемі қалай өзгереді?
3. Ыдыстағы газдың көлемі оның молекулаларының жалпы көлеміне тең бола ма?
4. Гемір жолдың рельстерін біріне-бірін неге тиістіріп салмай, араларына саңылау қалдырады?
5. Металдарды пісіру үшін неге жоғарғы температура керек?
6. Бір молекуланың қозғалысын жылулық қозғалысқа жатқызуға бола ма?
7. IIIс ауада неліктен тарайды?

ІІ-деңгей

1. Су буға айналғанда, судың молекулалары өзгереді ме? Олардың орналасуы мен қозғалысы қалай өзгереді?
2. Қатты дене неге өзінің пішінін сақтайды?
3. Суық су мен ыстық су молекуларанының айырмашылығы қандай?
4. Металдарды пісіруде неліктен жоғарғы температура қажет?
5. Сұйықтың қатты денеге жұғу құбылысын қалай түсіндіруге болады?
6. Күрделі заттардың молекуласының диамтрі 0,005мкм. Егер молекулалардың арақашықтығы олардың өз молекулаларының өлшеміне тең болса, 1см ұзындықта неше молекула болар еді?
7. Көлемі 0,003мм3 май тамшысы су бетіне жайылып, қалыңдығы май молекуласының диаметріне тең кабат пайда болды. Қабаттың ауданы 300см2 болса, молекуланың диаметрі қандай болғаны.

ІІІ-деңгей

1. Балоннан ауа сорып алса, оның ішіндегі қалған ауаның көлемі өзгере ме?
2. Жылулық қозғалыстың қарқындылығын арттыруға бола ма?
3. Жер атмосферасында ұшатын ғарыш кемесінің корпусына жанасқан ауа неліктен қызады?
4. Мысты сұйық күйге, ал сынапты қатты күйге айналдыруға бола ма? Қандай жағдайда?
5. Мұзды суға айналдырып, суды қыздырып, қайнаған соң буға айналдырса, осы құбылыстар кезінде су молекуласы өзгеріске ұшырады ма? Молекулалар қозғалысы мен өзара әсерінде қандай өзгерістер болды?
6. Көлемі 0,003м3 майдың тамшысын суға тамызғанда 300см ауданға жайылады. Су молекуласының диамтрін есептеңдер.
7. Қағазды бір-біріне кілейлегенде неге сұйық кілей қолданылады?

Диффузия. Заттың үш күйі.
№2 өзіндік жұмыс.

І-деңгей.

1. Мектеп дәлізінің еденін сырлағанда
А) Температура төмен болса сыр тез кебеді
Ә) Сырдың IIIсі молекулалар қозғалғандықтан таралады
Б) Еден жел өтінде тұрса сыр жай кебеді.

2. Қазанға картоп пісіріп жатқан, тұз салғанда
А) Су қайнағанда тұз картошкаға сіңеді
Ә) Температура төмен болса тұз тез сіңеді
Б) Диффузия әсерінен тұз сіңеді.

3. Су қатайып, мұз пайда болады
А) Су молекулаларының құрамы өзгереді
Ә) Молекулалардың өлшемі кішірейеді
Б) Мұзға айналғанда молекулалардың өзара орналасуы өзгереді.

4. Бірдей суық және ыстық суы бар стаканға бір-бір кесек қант салғанда
А) Екі стаканға салған қанттар бір мезгілде ериді
Ә) Молекулалар жай қозғалса, қант тез ериді.
Б) Ыстық судағы қант тез ериді.

5. Бірдей температурадағы бір заттың қатты, суйық, газ тәрізді күйінде диффузия тез өтеді
А) Қатты күйде
Ә) Сұйық күйде
Б) Газ күйінде.

6. Қыста көл беті мүзбен толық жабылса, су астындағы балық
А) Судың қатты суығандығынан апат болады
Ә) Су молекулаларынан бөлінген оттегімен демалады
Б) Диффузия әсерінен су астындағы ауамен демалады.
ІІ-деңгей
1. Өсімдік жапырақтарына азот пен оттегі молекулалары қалай енеді?
2. Қияр тұздағанда суық сумен тұздай ма, әлде ыстық сумен бе?
3. Ыдыстың жартысын газбен толтыруға бола ма?
4. Суық сумен шайды шығаруға бола ма?
5. Адамның демалуына диффузия құбылысының қатысы бар ма?
6. Екі металл бөлшекті дәнекерлегенде қандай құбылыс болады?
7. Металдарда диффузия құбылысы төменгі температурада неге ұзақ уақыт өтеді?
8. Газдың неге өзінің белгілі көлемі болмайды?
9. Қатты дененің өзінің пішін сақтауын қалай түсіндіруге болады?

Ішкі энергия. Дененің ішкі энергиясының өзгеру тзсілдері.
№3 өзіндік жұмыс

I - деңгей

1. Екі стаканда колемдері бірдей суық және ыстық су бар. Қай стакандағы судың ішкі энергиясы көп?
2. Жүмыс кезінде қолараның ішкі энергиясы өзгере ме, неге, қалай?
3. Арқанға жабысып немесе бақан бойымен тез сырғанап түскенде, қолдың қызуы неліктен?
4. ДIIIрменнен шыққан ұн мен пештен шыққан нан да ыстық. Осылардың әрқайсысының ішкі энергияларының артуы қандай прцестер арқылы жүзеге асады?
5. Тоқтайтын пойыздың тежелуі кезінде кинетикалық энергиясы энергияның қандай түріне айналады?
6. Су мен мұздың ішкі энергиялары бірдей ме?
7. Газ ұлғайса ішкі энергиясы қалай өзгереді?
II - деңгей

1. Қарабауыр (орман құсы) суық түндерді қар астында өткізеді, не себепті құс қар астына түнейді?
2. Бактағы ыстық суды суыту үшін мұзды бактың бетіне қойған дұрыс па, әлде бактың астына қойған дұрыс па?
3. Қазандықтардан шығатын түтінді темірден немесе кірпіштен жасалған мұржаның қайсысы жақсы тартады, неге?
4. Термостарды квадратты емес дөңгелек қималы етіп жасауының себебі неде?
5. Оттегінің екі молекуласы 900мс және 1200мс жылдамдықтармен қозғалады. Қай молекуланың температурасы жоғары, неліктен?
6. Кесек қантты бөлшектегенде және ұнтағанда, қай жағдайда қанттың ішкі энергиясы коп болады?
7. Екі стаканға бірдей мөлшерде қайнаған су құйылсын. Бір стакандағы су бетіне 4-5 тамшы күнбағыс майын құйып, 5 минуттан кейін температураларын өлшегенде, әртүрлі болатын себебі неліктен?


Скачать


zharar.kz