7 шілде 2004 жылы ҚР Инвестициялық қорлар туралы №576-11 заңына сәйкес инвестициялық үлестік жарна немесе акционерлік қоры құрылған болатын.
Қазақстан Республикасында инвестициялық қордың екі түрі бар.
1) акционерлік инвестициялық қор (АИҚ);
2) үлестік жарна инвестициялық қоры (ҮЖИҚ); олар келесі формада болуы мүмкін: ашық, аралық немесе жабық.
Ашық ҮЖИҚ ҚР Инфестициялық қорлар
туралы заңында белгіленген тәртіп пен шарт негізінде компания басқарушысынан оның үлестік жарна иесіне үлестік жарнасын сатып алуды талап ететін құқықты ұсынады. Осы инвестициялық қордың (ИҚ) ережесіне сай екі аптада бір рет, ал ҮЖИҚ аралығында – ұзартпай жылына бір рет сатып алу ұсынылады. Жабық ҮЖИҚ оның үлес жарнасының иеленушісіне осы қордың үлес жарнасын иеленушісінен жалпы жиналысына қатысу құқығын табыс етеді. Сонымен қатар қордың қарастырылған ережесімен үлес жарнасы бойынша және шарт тәртібінде дивиденттерді алуды ұсынады.
Жабық түрдегі ҮЖИҚ үлес жарнасын иеленушіге өзіне жататын үлес жарнасын компания басқарушысынан сатып алуды талап етуге құқы жоқ.
ИҚ инвестициялық қызметі лицензиясының бар кезінде дербес АИҚ инвестицияларының немесе осы қордағы жарналық үлесті иеленушілердің немесе басқарушы компания қоры акционерлерінің табыс алу мақсатының жинақталуымен қорытындылады.
Басқарушы компания – бағалы қарыздар нарығында кәсіби қатысушы , инвестициялық қоржынды лицензияның негізінде басқаруға және ИҚ активтерін сенімгерлікпен басқарып жүзеге асырушы.
Инвестициялық декларация – сақтандыру жағдайында және қор активтерін әртараптандыру. ИҚ активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің шектеу мақсатын, стратегиясын, жағдайын және инвестициялық объектілер тізбесін анықтайтын құжат.
Инвестициялық кіріс (табыс) – оларды инвестициялау нәтижесінде алынған ақша түріндегі ИҚ активтерінің өсімі.
1) Инвестициялық акционерлік қор (ИАҚ) ҚР Инвестициялық қорлар туралы белгіленген заңның талаптарына сәйкес жинақтау мен инвестициялаудың айрықша қызмет түрі болып табылатын акционерлік қоғам. Сонымен қатар, осы қоғам акционерлері енгізген оның инвестициялық декларациясын, ақшасын және оның акциясын, осындай инвестициялаудың алынған нәтижесінде төлеу.
АИҚ активтерінің сақталуы мен есепке алынуын кастадион жүзеге асырады. Компания басқарушысы, кастадион мен тіркеуші өзара үлестес болмауы керек.
АИҚ акциолары тек қана ұлттық валютаның ақшасымен төленеді.
2)Үлестік жарна инвестициялық қоры (ҮЖИҚ)
Үлестік жарна инвестициялық қор заңды тұлға болып саналмайды, ол шексіз мерзімге құрылады. ҮЖИҚ-ң меншік активтерінің үлесіне құқық беруді басқарушы компания шығаратын үлес жарнасымен куәландырылады.
Үлестік жарна – құжатталмаған формада шыққан атаулы эмиссиялық бағалы және үлестік инвестициялық жарна қорындағы оның меншік үлесін дәлелдейді.
Үлестік инвестициялық жарна қоры активтерінің ең аз мөлшері есептік айлық елу мың еселік көрсеткішін құрайды.
Үлес жарнасын алғаш рет (бастапқы ) кезеңдегі ҮЖИҚ орналасуы қор ережесінде барлық инвесторлар үшін белгіленген атаулы (номинал) біріңғай құны бойынша орналастырылды.
ҮЖИҚ қызметі жоғарыда аталған Инвестициялық қор туралы заңымен реттеліп отырады.
Қазақстанда бірінші үлестік инвестициялық жарна қоры 2004 жылыдың соңына таман пайда болды. Басқарушы Compass компаниясы 2004 жылдың қарашасында компанияға қарасты қазақстандық екі ҮЖИҚ-дың бірінші рет тіркелгені туралы хабарлап жария етті. Бұл қорлардың біріншісі қоржынды инвестициямен, екіншісі тікелей инвестициямен айналысады.
Сол жылы инвестициялық қоржынды басқару жөніндегі Сентрас- Секьюритез компаниясы Қазақстанда алғаш рет Қазыналық ашық ҮЖИҚ құрды.
ҮЖИҚ активтерін тек қана жоғары сенімді құралдар инвестициялайды: мемлекеттік құнды қағаздар, халықаралық қаржы институттарының құнды қағаздары мен рейтингісі, жоғары корпоративті бағалы қағаздар.
Қазіргі кезде әлемде 50,0 мың ҮЖИҚ бар, олардың бәріне де халықаралық инвесторлардың жеткізулеріне мүмкіндіктері бар. Олардың көпшілігі шағын салымшылар есебінен қызмет істеуде.
2005 жылдың басында Қазақстанда 6 ҮЖИҚ тіркелген болатын, мамандардың болжамдары бойынша шамамен қазақстандардың 10 % өздерінің жинаған ақшаларын осы қорларда сақтайды,-дейді.
Пайдаланған әдебиеттер:”Ақша, несие, банктер” кітабы; 215-219 беттер аралығы; авторы: Сейітқасымов.Ғ.С.