Организм, тұлға: адамның сана, денелік бастамасы.Адам, жануарлар сана физиологиясы мен әлеуметтік мінез-құлқы. Адамның биологияда дәлелденген қажеттілігі. Биоэтика. Адамның психалық, денелік бастамасы: тұлға, организм. Адам мен жануарлардың жүйке жүйесінің негізгі принциптері, психикасын, мінез-құлқын қалыптастыратын физиологиялық факторлары. Адамның мекендеу ортасы, оның сапасы.
Денсаулық және ауру. Бейімділік мүмкіншілігі, шегі. Адам популяциясын көшірмелеу: генетика және адам онтогенезінің кезеңдері. Жеке тіршіліктің кезеңдері, ұзақтылығы. Адам тіршілігінің қатерлі кезеңдері, оның ерекшеліктері. Адамның биоырғақтығы, оның космос циклімен байланысы. Адам денсаулығы, ұзақ өмір сүруі, биологиялық жасы. Өлу, оның биологиялық мағнасы.
Адам экологиясы, оның негіздері. Заттар айналымы, табиғаттағы қуаттың алмасуы. Экология негіздері. Заттардың әмбебап (глобальды) айналымы, табиғаттағы қуаттың алмасуы. Тірі организмдердің биогеохимиялық циклдегі рөлі. Өсімдік пен жануарлардың бірін-бірі толықтыруы. Тірінің мекендеу ортасын өзгертуге арналған әсері.
Экожүйелер (құрылымы, динамикасы, тұрақтылық шегі). Тіршілігіндегі биологиялық әралуандық және әртүрлілік. Экожүйелер, олардың құрамы. Біртіндеп бір биоценоздың басқаға алмасуы (сукцессия). Биоөнімділік. Экожүйелердің әртүрлілігі, олардың топырақ, ландшафт типологиясына орай, негізгі типтері. Климат аумақтары, тіршілік тобы (биом). Биологиялық алуантүрлілік экожүйе тұрақтылығының басты факторы. Тіршілік жағдайының айырмашылығына сай, түрлердің әртүрлілігі. Түр түзілуінің, өлуінің қарқыны және түрлер әртүрлілігі қысқаруының зардабы.
Биосфера, оның эволюциясы. Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторлар. Биосфера, оны тұрақтылығын қамтамасыз ететін көптеген, аз түрлердің рөлі. Табиғатқа антропогендік әсер ету. Табиғатты ластау процессінің, табиғи экожүйе қысқаруының, халық тығыздығының, кенттенудің экологиялық маңызы. Ауыл шаруашылығын қарқындату проблемалары. Климат жылынуынан болатын зардаптар.
Табиғатты тиімді пайдалану, қорғау. Экологиялық дағдарыс, оны жеңу жолдары. Табиғатты пайдаланудағы экологиялық принциптер. Биоалуантүрлілікті қорғау. Әмбебапты экологиялық дағдарыс, оның аумақтағы ахуалы. Тұрақтылыққа, өсімдіктердің, жануарлардың, микроорганизмдердің өсуіне тигізетін әсерлер. Демография бұзылуы, биосфера ресурстық проблемалары, қуат, қорек ресурстары әлсіреуін болдырмау мүмкінділігі. Радиоактивтік, химиялық техногендік ластану түрлері. Тұрмыстық, өндірістік қалдықтарын жою проблемалары.
Табиғатты бұзбайтын технологиялар жасау мүмкіншіліктері, қағидалары. Биология дамуының негізгі тұжырымдамалары, заңдары және болашағы. Экологиялық сараптама, мониторинг, болжам, тұжырымдама немесе “тұрақты” даму. Биотехнология. Гендік, жасушалық, ұрықтық инженерия. Адам, жануар және өсімдіктердің қолдан ұрпақтану проблемалары, табиғатты қорғау және адам денсаулығын сақтаудың биотехнологиялық әдістері.