Пойыздарды қабылдау және жөнелту

Скачать

Сабақ №13
Тақырыбы: Пойыздарды қабылдау және жөнелту.

Пойыздарды стансаға тек қана бос жолдарға және кіріс сигналы ашық күйінде, және осыған арналған стансаның техникалық-басқарушының актісіне сәйкес қабылдау керек.
Арнайы стансаларда жол ұзындығы 2-моторлы вагонды пойызды қабылдай алатын болса,онда осы жолды екіге маршутты бағдаршам арқылы бөліп сол 2-моторлы вагонды қабылдауға рұқсат етіледі.
Стансаға локомотивтерді және көмекші локмотивтерді қабылдау және составқа тіркелетін локомотив стансасының белгілі бір учаскесінде орын ала алады.Керек жағыдайларда станса бос жолдарға өрт пойызын,қалпына келтіру пойызын, вагонсыз локомотивтерді,қар тазалағыштарды және шаруа пойыздарын,путевой машиналарды қабылдай алады.Бұларды қабылдау тәртібі,жол ережесі тәртібі арнаулы пойыз қозғалысы,маневрлау жұмыстар ережелеріне сай жүргіледі.Станса кезекшісіне қабылдау пойызына маршут дайындамай,стрелканы құлыптамай, жол дайындығын білмей және қабылдау стрелкасында маневр жұмыстары тоқтатылмай кіру (қабылдау) бағдаршамын ашуға болмайды.Пойыз толық кіріп болғасын немесе рубар болса бірінші дөңгелегі өткесін кіру бағдаршамы жабылуы қажет.Стансаға пойызды кіруге рұқсат етілмеген бағдаршаммен қабылдауға болмайды.Станса кезекшісі келесі станса кезекшісінің келісімінсіз бір жолға немесе бағыттағы емес 2 жолды жерге пойызды жіберуге болмайды. Бір жолды учаскеде автоблокировка бар жерде диспетчердың бұйрығымен бір блок-участок босаған соң,келесі станса кезекшісі рұқсатынсыз келесі пойызды жібере алады.
Станса кезекшісі немесе диспетчер пойыз жіберерде төменгі жағыдайларға міндетті:
- Перегон бос болуына көзі жетуі керек,АБ-болса бірінші блок-участікі бос болуы керек;
- Маневр жұмыстары сол маршутта тоқтауы керек;
- Жіберуге маршут дайындау керек;
- Шығу светафорын ашу немесе машинистке рұқсат қағаз беру.
Станса кезекшісі рұқсатынсыз пойызды жіберуге болмайды.Жолаушылар және почта-багажды пойыздары расписаниеден ерте кетуге болмайды.Және расписаниеде тоқтау керек болса,адамдарды мінгізу,түсіру керек болса,онда тоқтамай кетуге болмайды.


Скачать


zharar.kz