Қазақстан Республикасы экономикасын ғаламдандыру кезеңінің күрделілігі мен мәселелері тәжірибеде инновациялық қызмет мәселелеріне көңіл бөлудің күшеюін жоймайды.
Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыруда инвестициялық қорға маңызды орын беріледі.Инвестициялық қордың қызметі «Қазақстандағы инвестициялық қорлар туралы» заңымен реттелінеді, онда инвестициялық саясаттың мақсаттары, міндеттері және бағыттары, оның мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара қатынас ерекшелігі анықталады. Қазақстанның инвестициялық қоры акционерлік қоғам формасындағы, құрылтайшысы Қ.Р-ның Үкіметі болып табылатын коммерциялық ұйым. Қорды құру және оның қызметі Қазақстанда акционерлік қоғамдар туралы заңдылықтарында және «Қазақстанның инвестициялық қоры туралы» заңында көрсетілген ерекшеліктерді ескере отырып қарастырылған тәртіпте жүргізіледі.
Қор қызметінің мақсаты келешекті ұйымдардың жобаларына инвестицияларды іске асыру мен тарту жолымен экономиканың шикізатқа жатпайтын секторындағы жеке меншік секторының бастамасына қаржылық қолдау көрсету. Қазақстанның индустриялық-инновациялық саясатын іске асыруға жәрдемдесу.
Қор қызметінің негізгі бағыттарына ақталатын және тиімді инвестициялық жобаларды іске асырушы ұйымдарды инвестициялаумен және инвестициялар тарту жатады. Қормен инвестициялау Қордың инвестициялық декларациясына сәйкес жүргізіледі. Қор инвестицияларды келесі шарттар негізінде жүргізеді:
- инвестициялық жоба ҚР индустриялық-ииновациялық саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келуі;
- инвестициялық жоба қаржылық және экономикалық көрсеткіштері бойынша ұтымды болып табылса;
- инвестициялық жоба жоғары сапалы ұйымның технологиялық әлеуетінің өсірілуіне және өнімдермен қызметтер өндірісі көлемін жоғарылатуға, материалдар мен шикізаттарды тереңірек өңдеуге, жоғары технологиялық өнімді өндіруге бағытталған.
Сондықтан инновациялық қызметті қаржыландыру сұрағы маңызды болып табылады.
«Республикалық инновациялық қор» акционерлік қоғамы ҚР инновациялық қызметті дамыту және инновациялық қайтарымды қаржыландыру механизмін жүзеге асыру мен ғылымды қажетсінетін өндірістерді құруға жәрдемдесу мақсатында құрылған. Оның жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы 100 пайызды құрайды. Инновациялық қордың құрылуы инновацияларды енгізудің тиімді және нарықтық механизмдерінің болмау жүйелік мәселесін шешеді және венчурлық қаржыландыруды ынталандырады.
Инновациялық қордың міндеттеріне жатады:
- отандық және шетел инвесторларымен бірлесіп венчурлық қорлар құру;
- әсерлі көзқараста келешекті болып табылатын жаңа технологиялар, тауарлар, қызметтер құруға бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру және гранттар ұсыну;
- инвестицияланатын компаниялардың жарғылық капиталында үлестік бақылаусыз қатысу жолымен инновацияларды енгізуді қаржыландыру;
- ұлттық инновациялық инфрақұрылымның элементтерін құруға қатысу (технополистер, технопарктер, бизнес-инкубаторлер, инновациялық орталықтар);
- ғылыми-техникалық өнімдер нарығын қалыптастыруға қатысу;
- «инновациялық технологияларды көшіру, қарызға алу және өсіру» облысында халықаралық бірлестіктерді дамыту, оларды коммерцияландыру және енгізу.
Инновацияларды енгізу кәсіпорындардың меншіктік құралдарының жетіспеушілігімен және несие алу үшін жоғары пайыздық ставкілермен тежеледі. Талдау көрсеткендей отандық компаниялармен инновациялық қызметтерді қаржыландыру қысқартылғанымен, Қазақстандың өңдеулерді шетел компанияларымен қаржыландыру тұрақты өсуде. Инновациялық қызметпен айналысатын көптеген шетел компанияларының стратегиясы олардың 30-40 пайыз пайдасы жаңа технологияларды енгізу есебінен алынған тауарлар мен қызметтерді сатудан түсетіндігін көрсетеді. Бүгінгі күнге нарыққа ұсынылған 1500 жобаның тек бір жобасы ғана түпкі өнім алуда. Осындай жағдай АҚШ-та, Жапонияда және Европада байқалады. Шетел зерттеулерінде көрсетілгендей, егер ғылымды дамыту шығындары жалпы ішкі өнімнің бір пайызынан кем болған мемлекеттерде жалпы ұлттық экономикаға шығын келетіндігін дәлелдейді. АҚШ-да, Германияда және Жапонияда ғылымға шығындар 2,5-3 пайызды құрайды.
Бүгінгі күнде Қазақстанда келешекке даму стратегиясын таңдаудың негізі болып табылатын өзінің ғылыми-технологиялық және халықаралық кооперацияны іске асыру мен дамытудың жаңа мүмкіншіліктері ашылуда. Нарықтық реформа жолында ілгерілеген мемлекеттің ғылыми потенциалындағы құрылымдық өзгерістерді талдау екі бағыттағы өзгерістердің болуын анықтайды:
- академиялық ғылым жоғары оқу орындарымен жақындастырылуы;
- салалық институттар-кәсіпорындармен және қаржылық өнеркәсіптік топтармен жақындастырылуы.
Нарық жағдайында ғылым ұлттық инновациялық жүйенің ядросы болып табылады. Әлемдік тәжірибе дәлелдегендей, бұл жүйенің негізгі элементіне адами ресурстар жатады. Білімнің екі түрін бөлу қабылданған. Кодталған білім белгілер, теңдеулер, ақпараттар текстері көмегімен жазылуы және берілуі мүмкін. Батыста білімнің екінші түрі адамда қалыптасқан: жеке білімінің, біліктілігінің, қабілетінің жиынтығы, мінезінің инновациялық белгілері және т.б.
Сонымен тиімді инновациялық құралдар салымы адамға салынған салым болып табылады.
Жақын келешекте кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігіне білімді дамыту мен сәйкестендіру мүмкіндіктері көбірек әсер етеді, олардың базасында шешуші құзыретті құру, соңында инновацияға айналдыру. Қазіргі уақыттың өзінде мынадай ірі компаниялар General Motors, Hewlett Packard, Rank Xerox, Philip Morris, Dow Chemical, Philips т.б. білімді инновациялық шешімдер базасы стратегияны өңдеу сферасына енгізген. Кейбір компаниялар білім менеджментін дамытуға өздерінің табыстарының 3,5-10 пайызын бағыттайды.
Шетел тәжірибесі көрсеткендей компаниялар өздерінің құрылымына мынандай маңызды орындар: білім трансферті бойынша вице-президент, интеллектуалық капитал бойынша вице-президент, білім ауысу бойынша менеджер немесе «түпкі білімдер бойынша басты топ» құрылымдық бірліктер енгізу арқылы өзгертеді.
Компанияның ішінде эксперттік бөлімдер білімді анықтау, дамуын сәйкестендіру сұрақтарымен айналысып, олардың бәсеке қабілетті өнімге және процесске айналуын ұйым ішінде берілуімен айналысады. Бұл жүйелердің және жеке эксперттердің қызметі көбінесе қысқа мерзімді дамытуларды ізденуге емес, ұзақ мерзімді бәсекелестердің деңгейінен асып түсетін жобалардың іске асуына, нарықтық қызметтердің стратегиялық генераторларын өңдеуге бағытталған. Крок пен Венцин анықтағандай Sensorp америкалық компаниясына өзінің оперативтік жүйесіне білім менеджменті моделін өңдеу мен енгізуге 10 жылдан артық уақыт кеткен.
Стратегиялық менеджмент теориясында соңғы 10 жылда ресурстық тәсілдеме жаңа аналитикалық бағыты туған бұл жерде компанияның нарықтағы ролі, оның ішкі ситуациясынан маңызды болып табылады. Ресурстық тәсілдеме көмегімен ғалымдар бәсекелестік артықшылықтарын нарықтық позицияда ғана емес, сонымен қатар компанияны ішкі ресурстармен қамтамасыз етуді анықтауда.
Инновациялық шешімдер бөлігінде компанияның стратегиясын өңдеу кезінде ресурстар мінездемесінің белгілерінің есебі маңызды. Мұндай белгілерге жатады:
- тұтынушы тарапынан өнімдер мен қызметтердің құндылығы;
- бәсекелестермен салыстырғанда түп нұсқалығы;
- еліктеу қиындығы;
- ауыстыру мүмкінсіздігі.
Соңғы екі белгі ерекше маңызды болып табылады.
Білім қиын еліктелінетін және қиын ауыстырылатын ресурс болып қарастырылғандықтан, оларды басқаруға бәсекелестік күресте маңызды роль беріледі. Бұндай жағдайда менеджменттің мақсатына білімдердің жинақталуы және оның бәсекелестік артықшылыққа айналуы жатады.
Компанияның стратегиясы білімді басқа ресурстарымен араластыру жағдайында ерекше тиімділікке ие болады. Менеджмент теориясының негізін салушы америкалық ғылым П.Дракер білімді басқарудың қиындығын ескере отырып инновациялық белсенділіктің бірқатар қайнар көздерін анықтаған. Оларға қосымша атап көрсетті: саладағы болып жатқан күтілмеген оқиғаларды, келіспеушіліктерді, процесс қажеттілігін өзгерістерді, клиенттің өнімге қатынасын, клиентураның демографиялық құрылымын.
Әр түрлі ресурстар мен білімдерді білікті басқару компанияға қамтылған нарықтағы бәсекелестерден асып түсуге, сонымен қатар жаңа нарыққа енуге мүмкіндік туғызады.
Компанияның инновациялық құзыретін жаңартуды ынталандыруға ішкі салалық нарықта қалыптасқан жағдайлар қызмет етеді: компания өзінің білімін бағалау, бәсекелестерде сәйкес білімдердің болуы, салада компанияның жағдайын позитивтік өзгертуге әсер ететін құзыретін анықтау.
Құзырет инновацияның маңызды қайнар көзі болып табылғандықтан инновациялық процесске қажетті инфрақұрылыммен әлеуметтік жағдаймен қамтамасыз ете отырып оларды ынталандыру қажет.
Білім менеджментінің ролі артады егер ол туралы мынадай нақты ұсынымдар болса:
- ұйым қандай білімдермен қамтылған;
- білім қандай формада және қай жерде шоғырланған;
- саладағы жағдайы бойынша ұйым қандай мәліметтермен қамтылған;
- қандай облыстарда білім жетіспеушілігі байқалады;
- олардың ұйым үшін артық болу мүмкіншілігі;
- таза оперативтік жұмысты ескере отырып қызметкерлерге өзін білім қорын дамыту үшін орташа уақыт қажеттілігі;
- бұл жағдайда оның қызметінің марапатталуы;
- менеджерлердің стратегиялық сұрақтар бойынша пікір таласу жиілігі;
- пікір алмасудың жүргізілуі;
- ұйымда білімнің дамуымен қолданылуы;
- қолданылмаған білімдердің қалып кетуі;
- келешекте ұйымның алдындағы жаңа міндеттері және оларды шешуге қажетті білім;
- өнімдерді өңдеу барысында нарықпен қарсы байланысы.
Сонымен жоғарыда айтылғандарды қорытындылағанда білім облысындағы инновациялық шешімдер компанияның қаржылық стратегия варианттарын өңдеуде міндетті түрде ескерілуі қажет.