Тұлғааралық қатынастар психодиагностикасы

Скачать

Тұлғааралық қатынастар психодиагностикасы

Адамдар арасындғы қарым-қатынас өзара іс-әрекеттен олардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түскендегі өзара байланыс қоғамдық деп те аталады.
Тұлғааралық қатынастарды: саяси, құқықтық, ізгілікті, сезімдік, психологиялық т.б. бөліп қарастыруға болады.
Психологиялық қарым-қатынасты адамдар арасындағы байланыс қандай мекеме топ болсын қайда құрылатынына қарай ресми және бейресми деп бөлуге болады. Ресми қатынастар іс-қағаздар жүзінде болады және қоғамда немесе жеке тұлғалармен талқыланып, бақыланады. Бейресми қарым-қатынас ресми мекемелерде де болуы мүмкін, бірақ іс-қағаздар жүзінде реттелмейді.
Іскерлік қарым-қатынас және жеке қатынас деп бөлінеді. Іскерлік қатынастарды оқуда немесе еңбектегі тұлғалардың бірлестіктегі әрекеттерін жұмыс барысындағы іс-әрекетті айтуға болады.
Жеке қатынастар бағалы (белгілі, атақтылық, өзін-өзі қызмет тұту) болуы мүмкін және әрекетті (өзара іс-әрекет). Бұл байланыстар оншалықты объектті шарттарды қамтымайды, қарым-қатынаста сонша субъектті қажеттіліктерді қанағаттандырылуынан байланысты.
Адамдардың өзара бір-біріне ықпалы (адамдардың әрекетін) қарым-қатынасын көбінесе былай қарастырады:
Я.Л.Коломинский бойынша: аффективтік (аффективтік жағдайына қарай жан ұшыру, күйіп-пісіру деген сияқты) мінезіне қарай және когнетивті. А.А.Бодалев бойынша: реттеушілік (регулятивную), аффективті, ақпараттық. Мінез-құлық компанентіне іс-әрекетінен қылықтарының нәтижелері, мимикасы жест (дене қимылы) пантомимикасы, әңгімесі т.б. кіреді.
Эмоция компанентіне - тұлғаның әртүрлі эмоциялы жағдайдағы күйі – жағымды және жағымсыз жағдайлар, конфликт (тұлғааралық, тұлғаішілік) сезімдік, өзіне деген қанағаттану сезімі, жұмысына, серігіне т.б.
Когнетивтік компанентке - айналаны тануға бағытталған барлық психикалық процестер, сонымен бірге тұлғаның өзіненбастап (түйсігі, ұабылдауы, елестету, ес, ойлау, қиял).
Көбінесе психологиялық қатынас тұлғааралық болып табылады:
1. қабылдау және адамдар арасындағы түсіністік
2. тұлғааралық өзара тартымдылық (симпатия, құштарлық, көңіл аудару, ұсыну)
3. тұлғааралардың бір-біріне ықпалы (өзара ықпалдастық)
Ұнату (симпатия) – бұл субъектіні әрекетіне деген оң жағымды эмоциялы қасиеттер.
Симпатия топішілік, мақсатты, қатынастағы қанағаттанарлық жағдай (тұлғаға деген) туғызады.
Өзіне тарту – (адамдар бір-бірін ұнатқан кездегі ұнатқан адамның тартымдылығы, сүйкімділік, сезімдік жағдай).
Өзіне тарту (притяжение) тұлғааралық сезімдік қатынастардың ішіндегі (сүйкімділіктің) симпатияның бір бөлігі болып, негізінен адамдардың бір-бірін ұнатқан кездегі, сол ұнатқан адаммен бірге болу қажеттілігімен байланысты. Тартымдылық бұл тұлағалар әрекетіндегі эмоциялы компанентінде жиі кездеседі.
Тұлғааралық қатынастардың дамуында бірлескен әрекеттестік, біріне жасалған іс-әрекеттер бір топқа бағынуда ұлкен роль атқарады. өзара әрекеттестікті тұлғалар арасындағы айырмашылықтар мынадай факторлармен анықталады:
- әлеуметтік (әлеуметтік экономикалық беделі, мамандығы, білімі);
- әлеуметтік психологиялық (мақсаттары тұлғалардың позицияларын бір екендігі, құнды бағыттылығы, тұлғааралық беделі);
- психологиялық (мінез-құлқы, сериотипі);
- психофизиологиялық (темпераменті, әсерленушілігі (эмоциональность) реакция туғызу қабілеті (реактивность организма)).
Достық қарым-қатынастағы мінездің жыныстық айырмашылығы бар: ер адамдарда достық көбінесе заттық әрекеттермен сипатталады, ал әйелдер арасында субъективті эмоциялы болып келеді.
Өзара қатынаста тұлғаның тұрақтылығы тек қана тұлғаның құнды бағыттылығының сәйкестігімен анықталып қоймай, басқа да әлеуметтік, әлеуметтік психологиялық параметрлердің сәкестігімен де анықталады. Шапашандық, ырғақтық дәмді, мінез-құлықтың әрбір актті (іс-әрекетті) орындау барысындағы дәмділік, тек пәндік емес, сонымен қатар адамдардың бір-біріне әсері, өзара әрекеті осының бәрі ресми және бейресми топтарда сәтті жұмыс істеу үшін өте маңызды.
Тұлағаның ішкі және сыртқы әлемге бағыттылығы тұлғааралық қатынастардағы маңызды сипаттама болып табылады.
Адамдар арасындағы өзара әрекеттестікті тереңдету процесінде тұлғалардың ортақ қызықшылықтары құнды бағыттылығы күшейе түседі.
Тұлағалар арасындағы өзара тұлғааралық тартымдылықты қалыптастыру механизмі өзінің спецификасын иемденеді. Оған: адамның жас мөлшері, жағдайы т.б. себеп болып, осыдан туындайтын жағдайлар, қатынастар жатады.
Мектепте кездесетін оқушылар арасында ұнату, тартымдылық сияқты сезімдер мынадай шарттармен белгіленеді. (сыныптағы парталас көрші, кейбір себептерге байланысты жақындылық, оқушылардың ортақ қызығушылығы т.б.)
Оқушыларда студенттерге қарағанда рационалистік (ақыл ой талабына негізделген) таңдау аздап кездеседі. Студентер байланысқа түсе отырып, бұны жекелеген, сапалармен есепте жасауға тырысады.
Байланысқа түсіп, алдымен симпатия (жағымды, сүйкімді) және антипатияны сезіну үшін адам саналы түрде немесе санасыз түрде басқа адамды тани бастайды. Осы процес кезінде адамдар арасында өзара түсінісу пайда болады. Бірін-бірі түсінісу әдетте өзара түсінісуден келіп шығады.


Скачать


zharar.kz