Кіріспе
Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсарту, экономикалық дағдарыстан шығу мемлекеттік тұрғыдан бақыланып отырылатын мәселелер арасында күн тәртібінде бірінші кезекте қойылып отыр. Бұған ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан 2030 атты стратегиялық бағдарламасында Еліміздің экономикалық саясатының бірден- бір басымды бағыты шағын және орта бизнесті дамыту- деп атап көрсетуі дәлел бола алады. Сондықтан да кәсіпкерлікті еліміздің шаруашылық қызметін жандандырған күш деп білу қажет. Шағын және орташа бизнесті дамытуға мемлекеттік тұрғыдан көп көңіл бөлінуіне байланысты елімізде күннен- күнге бухгалтерлік есеп және аудит мамандығына деген сұранысты арттыруда. Әрине олардың кәсіпкерлік шаруашылығын дамытуға қосатын үлесі мен жасайтын қызметі елеулі де, әрі тиімді. Сонымен қатар қазіргі таңда халықаралық стандартқа көшу барысында бухгалтерлік есеп және аудит жұмысына қойылатын талап өте күрделі.
Экономиканың қай саласындағы болмасын кәсіпорындар мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүдделі. Бұл орайда ұйымдардың шаруашылық материалдық құндылықтарын, ақшаларын сондай- ақ басқа да ресурстарын тиімсіз жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша атап өтуге болады. Осы жоғарыда айтылғандарды дұрыс жүргізу үшін кәсіпорындардағы еңбек құралдарының атқаратын ролі ерекше. Жаңа үлгідегі, сапасы жоғары еңбек құралдары болмайынша кәсіпорынның айтарлықтай жетістікке жетуі мүмкін емес. Сондықтан Негізгі құралдардың қозғалысының есебі және аудиті тақырыбы бүгінгі күн талабына сай тақырып болып табылады.
1. Негізгі құралдардың есебі
1. 1 Негізгі құралдардың жіктелуі мен бағалануының есебі
Кәсіпорында пайдаланылатын және бухгалтерлік есепте есептелінуге жататын негізгі құралдар деп- өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін) сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөлініп- бөлініп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. Ұйымдарда негізгі құралдың есебі № 6 Негізгі қорлар есебі деп аталатын бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес жүргізіледі.
Жалпы Негізгі құралдарға- қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеу аспаптары мен құралдар, есептеуіш машиналар мен техникалар және олардың программалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал саймандары, өнім және жұмыс малдары, көпжылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатқызылады. Көлемінің түріне, бағасының арзан- қымбаттылығына қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына жатқызылмайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына кәсіпорынның қоймаларындағы дайын бұйымдар болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды қажет ететін жабдықтар, сондай- ақ құрылыс- монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған қосымша шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатқызылмайды.
Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:
a) үйлер (тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма);
b) ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары, эстокадалар);
c) өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер);
d) машиналар (бумен жұмыс істейтін двигательдер, электроаппараттық трансформаторлар, эксковаторлар, бетон араластырғыш машина, көтергіш крандар, бульдозерлер, жүк көтергіш шығырлар, су өлшегіш құралдар, монометрлер, таразылар, кассалық аппараттар);
e) тасымалдау құралдары (жолаушылар және жүк таситын көліктер, жеңіл көліктер, көлікке тіркемелер, тракторлар);
f) құрал- саймандар мен жабдықтар (шкафтар, бактар, контейнерлер);
g) шаруашылық құрал жабдыұтары (диван, креслолар, кілемдер, сейфтар);
h) жұмыс және өнім малдары;
i) көпжылдық көшеттер мен өсімдіктер;
j) жер (ұйымның сатып алған жеркөлемінің құны);
k) жерді жақсартуға жұмсалған күоделі шығын;
l) басқа да негізгі құралдар
Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдағы уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал- жабдыұтар жатқызылады.
Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдарбастапқы құнмен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық құнымен және келісілген құнымен бағаланады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны-ол активті сатуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге орнатуға кеткен шығындарын, сондай- ақ сатып алу барысында төленген салық салаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін процент салалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез- келген шығындардың жиынтығынан тұрады.
Негізгі құралдардың ағымдағы құны- бұл шаруашылық ұйымның белгілі бір уақыттағы, яғни бүгінгі күнгі негізгі құралының нарықтық бағасы болып табылады.