Жалпы шолу
Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау мекемесі жыл сайын Табиғат сұлулығы әлемді сақтайды деген тақырыпта балалар шығармашылығының байқауын ұйымдастырады. Есілдің сол жағалауына жиылған жас өрендердің барлығы Астананы кішкентай да ұшқыр қиялдарымен көркемдеп, сан түрлі суреттер салады. Ең бастысы қай баланың қиялында да Астана тек таза, сұлу қалпымен ерекшеленеді. Байқауды ұйымдастырушылардың айтуынша мұндай шара олардың қоршаған ортаны аялап, қадірлеп өсуіне үлкен көмек көрсетеді.
Сәуір айының соңына қарай Астанада дәстүрлі сенбіліктер кезеңі басталады. Оған жас та кәрі де бір кісідей ат салысады. Өзгелерге үлгі болып ең бірінші, әрине, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өкілдері шығады. Астананы көгертейік! деп ұран тастайтын олар, бұл күндері кәсіби мерекелері қарсаңында сенбілік өткізуді дәстүрге айналдырған. Экологтардың жұмыс жоспары бойынша, көктем мен күзде жылына екі рет өткізетін санитарлық айлықтары белгіленген. Мұндағы негізгі міндет – аула мен көшелерді тазалау, қоқыс шығару және ағаш отырғызу. Бүгінгі күні Астанада өткізілетін көпшілік сенбіліктерге әрбір оныншы қала тұрғыны қатысады екен.
Қаланы қоқыс пен кірден тазартып алған соң, әсем табиғат аясында демалудың өзі қандай ғанибет! Сәулетшілер мен экологтардың мақсаты – Астананы жасыл оазиске айналдыру. Бұл бағыттағы бастапқы қадамдар жасалып та үлгерді. 6 саябақ, 20 шақты гүлбақ (сквер) пен қаланың жаңа әкімшілік орталығындағы сулы-көгалды булварь – соңғы жылдардың жемісі деп мақтануға тұрарлық. Бұл күндері Есіл өзенінің жағасында Президенттік саябақтың, Ақбұлақ жылғасының жағасындағы, Сарыарқа көшесіндегі жасыл аймақтардың құрылысы аяқталуға жақын. Осынау атқарылған шаралар ғажайып жоспардың кішкентай бөлігі ғана болса керек, ал, қалғанының іске асуы үшін тағы бір онжылдықтың өзі аздық ететін секілді.
Сәулеттік туындылармен қаланы көркейтіп келе жатқан құрылысшылардан жасыл әлем орнатушылар да қалыспайды. Астананың қазіргі заманға сай өркендеуі үшін, қаланың саябақтары мен гүлбақтарын ең озық үлгіде жасандырып, сәндеуге ландшафты сәулеткерлер кірісті. Сән әлемінің отаны саналатын ұлы Париж үлгісімен алдағы уақытта Ақбұлақ өзенінің жағасында Арай саябағы бой көтереді. Оның өзгелерден ерекшелігі ағаштардың барлығы симметриялы орналасады. Ал, орталық стадион алдынан гүл-кілемдер төселген алаңқайда Олимпиядалық шар пайда болады.
Уақыт қалай тез өтетінін кейде аңғармай да қаласың. Өткен жылы ғана ашылып, қала жастарын қуантқан сол жағалаудағы Ғашықтар саябағының жасыл өркендері бүгінде желек жая бастады. Енді бір-екі жылда кәдімгідей бой түзеп, махаббат пен сырлы сезім шертер ғашықтардың әнін бірге салатын да болады. Ал Жасыл аймақ мемлекеттік мекемесі дайындаған Жақұтты дөңгелек жобасы тіпті таңқаларлық. Бұл 75 мың гектар алқапты алатын, Астана қаласын сыртқы қапталдан дөңгеленте орайтын жобаның жартысына жуығы дайын көрінеді. Шамамен 2-3 миллиард теңге жұмсалатын жасыл белдеудің пайдалануға берілетін уақыты 2015 жылдың аяғы деп белгіленіп отыр. Теңдесі жоқ жасыл белдеуге қазіргі күні 30-ға жуық ағаш түрлері отырғызылып жатыр. Сар далаға жасыл оазисті орнату оңай шаруа емес. Қазіргі кезде ғалымдар осы өлкенің топырақтық картасын дайындап, тәжірибелер жүргізуде. Экологтар бұл жерге тек жергілікті жердің табиғатына бейім, бұрыннан өсіп келе жатқан ғана ағаш сорттарын, әрі өскіндерді тамыр жүйесімен отырғызуды ұсынады. Табиғатты қорғау мәселесі бұдан былай қатаң жолға қойылмақ.
Ендігі жерде әрбір заң бұзушылар еңбегімен өтем немесе ақшалай айыппұл төлеуге міндетті. Тек қана өткен жылдың сәуір айында Астананың Сарыарқа ауданының инспекторлары көліктерін белгіленбеген орында жуғаны үшін автокөлік иелеріне жалпы сомасы 398,6 мың теңге көлемінде айыппұл салған. Құрылыс қоқыстарын көрсетілмеген орындарға төккені үшін 280,1 мың теңге, ал қоқыстарды жүретін жол бойына төккені үшін 262,2 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұдан былай орман кодексін бұзушылармен де қатаң заң талаптары бойынша күресу көзделген. Егер компания өндіріс қажеттіліктеріне орай бір гектар орман ағаштарын кесетін болса, екі гектарға түгелдей ағаш отырғызып, оған 10 жыл бойына күтім жасауға міндеттеледі. Жеке тәртіп бұзушыларға да қойылатын талап осындай. Бір ағаш кестің бе, екеуін отырғыз!
Тың өлкесі саналатын бұл мекеннің көк құжаты әр кез мақтаулы. Сондықтан да астананы Ақмолаға көшіруді экологтар қызу мақұлдаған болатын. Алайда, әр нәрсенің бір қиындығы болады. Бас қала статусымен бірге қалаға көптеген проблемалар да келді. Ең бірінші мұнда қоршаған ортаның тазалық мәселесі қиындап кетті. Қоршаған ортаны ластайтындар – қазандықтар мен ЖЭО-ы, өндіріс және құрылыс алаңдары, автокөліктер болып табылады. Қалалық қоршаған ортаны қорғау басқармасы Гринпис атты кең ауқымды бағдарламаны дәстүрге айналдырды. Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, қаланың экологиялық жүйесі біршама деңгейде жақсарды. Қоршаған ортаны ластайтын қалдықтар деңгейі стационарлық көздерге қарағанда 2003 жылы 51,5 мың, ал 2004 жылы 44,2 мың және 2005 жылы 43,9 мың тоннаны құраған. Соның өзінде қалдықтардың 90 пайызы Астана-Энергия АҚ-ның ЖЭО-1 мен ЖЭО-2-нің еншісіне тиеді екен. Бұл нысандарға қазіргі кезде жоғары деңгейлі тазартқышы бар күл аулағыштар орнатылған. Сондықтан атмосфералық қалдықтардағы күл үйінділерінің қосындысы 8 есеге қысқарды. Күкіртті бөлінулер 3 есеге азайды. Тазалау жүйелерінің жаңартылған түрлері мен мен қазандықтарды бастан-аяқ жөндеуден өткізу – қай қала үшін де салмақты әрі қымбат тұратын операциялармен бара-бар.
Бас қаламыздың экожүйесінде бүгінгі күні ең әлсіз звено деп автокөліктер жағдайын айтуға болатын шығар. Астана жолдарымен күнделікті 100 мыңнан аса ауыр және жеңіл көліктер жүреді. Бұлардың барлығы жиналып улы қалдықтардың айтарлықтай, атап айтқанда, жалпы көлемнің 40%-ын құрайды. Мамандар автокөлік иелеріне ілеспе газды пайдалануды, ал қалалық автопаркті электр көліктермен толтыруды әрі жанармай сапасына қатаң бақылау қоюды ұсынып отыр. Біздің жер қойнауларымыз пайдалы қазбалармен байытылған болса, үстіңгі жағы зиянды қалдықтарға толып барады. Егер көрінбейтін ауа қалдықтарымен жоғарғы технологиялар көмегі арқылы күресетін болсақ, тұрмыс және өндіріс қалдықтарынан тек қана көму арқылы құтылуға болады. Астана қаласының шығыс жағында қала бойынша қалдық-қоқыстар көметін бір ғана орын бар. Бұл полигонның аумағы 65,4 гектар. Арнайы дайындалған карьерде 1972 жылдан бері қалдықтарды көму жұмыстары жүргізіліп келеді. Мамандардың айтуынша, оны шамамен 2010 жылға дейін пайдалануға болады. Бүгінге дейін полигонға 14 млн. м3 қалдықтар көмілген. Жыл сайын мұнда 450-500 мың м3 қалдық-қоқыстар келіп түседі екен. Ал, жаңа полигонның құрылысына байланысты жоба дайын тұр.
Еліміздегі үлкен қалаларға жүргізілген мониторинг, экологиялық қолайсыз қалалардың алдыңғы қатарын Алматы мен Өскемен бастап келе жатқанын, ал, ең қолайлы, таза қалалар басында Астана мен Қостанай тұрғанын көрсетті. Қай аймақтың болмасын, өзен-көлдерінің, ауасының тазалық деңгейлері қаланың басты көрсеткіші болып саналады. Осыдан барып, Атмосфералық ауаның ластану индексі(ААЛ5) және Су деңгейінің ластануы (СДЛ) секілді көк әліппенің алғашқы түсініктерін таратуға болады.
Қазақстанның үлкен қалаларындағы атмосфера мен су деңгейлерінің ластану индексі динамикасы
Қалалар атауы
ААЛ5
СДЛ
2003ж.
2004 ж.
2003 ж.
2004 ж.
Астана
3,9
3,1
1,04
0,93
Алматы
11,3
15,0
3,30
1,30
Өскемен
8,9
7,0
1,18
1,90
Қостанай
3,6
3,5
0,61
0,57
Астана үшін таза судың қайнар көзі саналатын, жыл сайын 67 млн; сумен қамтитын, жобалық сыйымдылығы 410,9млн; болатын Есіл аумағындағы Вячеславск су қоймасының орны ерекше. Мұнда соңғы бес жыл көлемінде суды жинау 20 пайызға, ал тұрғындардың суды пайдалануы екі есеге артқан. Қазіргі уақытта Интернациональный және Мичурин поселкелерінде су қоршауы желілеріне қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Талдыкөл ағын су жинағышын жою жұмыстары жүргізіліп, жаңа сусорғыш станциялары пайдалануға берілді. Бұл шаралар пайдаланылатын сулардың құрамын тазартуға, балдырлы құрамалардың жиналмауына септігін тигізеді.
Бүгінгі күні қаланың негізгі тамыры саналатын Есіл өзеніне үлкен көңіл бөлініп отыр. Өзен жағасына бөгендер орнатылып, Ақбұлақ жылғасының айналасы абаттандырылды, арнайы құрал-жабдықтармен өзеннің түбін тазарту жұмыстары басталды.
Астана қаласында бірнеше ұзақ мерзімді экологиялық жобалар бір мезетте жүзеге асырылып келеді. Тұрғындардың экологиялық білімін арттыру мен белсенділігін көтеру мәселесі үлкен маңызға ие. Экологтар жалғыздың үні шықпас деген халық даналығын бетке ұстап, қала тұрғындарын өздерін қолдауға шақырады. Бұл саладағы олардың іс-шаралар реті әр түрлі, солардың қатарына қоқысты тастамау қағидасы секілді кішкентай мәселелерден бастап, жалпықалалық сенбіліктерді өткізуге дейінгі әрекеттер ойластырылған. Есілдің бойында болашақтың ең таза қаласы Астана жайлы арманын өрнектеген жас суретшілердің қиялы шындыққа айналар күн де алыс емес секілді. Оған тек барлығымыздың арман-тілегіміз бен мақсат-мұратымыз бірге үндессе ғана жете аларымыз анық.
Түтін тұмшалаған қала
Аспанмен таласқан биік құбырлар еңбек белсенділігінің белгісі ретінде Кеңестік хроника мен қырықыншы және елуінші жылдардың кинематографиясының кадрларында ғана қалды. Енді, қоршаған ортаны қорғаушылар – экологтардың дәуірі келді. Қаланы тұмшалаған түтін адамға ой салатын да болды. Қарапайым адамның да, табиғат ананың да жай-күйін ойлап, алаңдары анық. Бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі – адамның зәру мұқтаждығын табиғаттың онша зәру емес мұқтаждықтарымен алмастыру.
Әрбір адамға мына өмірде жарық та, жылу да аса қажеті болып табылады. Ал олардың кез-келгенін өндіру олардың өздерінің тұрып жатқан айналасын ластап, қоршаған ортасына зиян келтіретін процеспен байланысты болып келеді. Оның үстіне, бұл процестердің бәрі де үздіксіз жүреді, соған байланысты, одан бөлінетін зиянды заттар да үздіксіз бөлінеді деген сөз. Рас, оның еңбек интенсивтілігі жыл бойына өзгеріп отырады. Бұның бәрі де ЖЭО-мен (жылу электр орталығы), оның өз кезегінде, қаланың жылу мен электр қуатын пайдалануына байланысты жұмысымен, сыртқы ауа мен аймақтық климаттық ерекшеліктерімен тығыз байланысты болып келеді.
Елордамыз үшін жылу мен жарықтың қайнар көзі болып табылатын ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 Астана-Энергия АҚ-ның құрамына кіреді. ЖЭО-1 1961 жылдан бері жұмыс істесе, ЖЭО-2 1979 жылдан іске қосылған. Әрбір осындай нысан электр қуатына, бу және ыстық суға органикалық отын қуатын өндіру үшін энергетикалық кешен ұсынады. Органикалық отынды жағу – химиялық тотығу процесі. Оның әсерінен түрлі заттар тотығы мен жанбайтын қалдықтар пайда болады. ЖЭО-на тікелей әсер ететін нысан – атмосфера болып табылады. Гидросфера мен литосфераға, дәлірек айтсақ, су мен жерге әсер етудің өзіндік зардаптары бар. Түтінді газбен сыртқа бөлініп жатқан зиянды заттар астаналық өзен, үйлер мен көшелерге, алаңдар мен саябақтарға шөгеді. Сондай-ақ, ЖЭО-ның аймағында жай қана көміп тастаған өндірістік қалдықтардың пайда әкеле қоймасы анық. Әсіресе, қатты отынды жағудан пайда болған күл-қож қалдықтары (КҚҚ). ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 алаңы қаланың солтүстік-шығысындағы, кәсіпорындық аймақта орналасқан.
Қала күннен-күнге өсіп, энергетиктер мен экологтар өздерінің жаңа талаптарын қоюда. Сонымен қатар, елорданың жасыл келбетін автомобиль транспортының көбеюі де бұзады. Сондықтан да, Астана-Энергия АҚ-ның қызметкерлері ЖЭО-ның зиянды әсер етуін жоюға бар күштерін жұмылдыруда: жаңа бағдарламалар жасалып, тың технологиялар енгізіліп, әсері жоғары табиғатты қорғайтын іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Ол үшін өздері де, мемлекет те қаражат бөліп отыр. ЖЭО-1-дің қаланың эко жүйесіне әсерін азайту мақсатында ескірген технологиялық жабдықтарды ауыстырды. Соның әсерінен, 2004 жылға қарағанда, 2005 жылы көмір күлін (жану жүйесінің жақсаруы есебінен) 1077, 912 тоннаға, ал күкірт ангидриді 29,476 тоннаға, азот тотығы 4,454 тоннаға азайды. Энергетиктер осы бағытта жұмыс жүргізуде, мәселен, 2006 жылы ЖЭО-1-де батареялық типтің екінші буынды эмульгаторлы КВТ-128-150 қазан қондырғысы іске қосылған. Эмульгаторларды енгізу – түтін газдарын тазалау жүйесіндегі жаңа технологиялық қадам болып табылады. Астана – Энергия АҚ-ның ЖЭО-2-де 2005 жылы №3 және №5 қазан қондырғыларында бұрынғы күлтұтқыштардың орнына тура осындай эмульгаторларды ауыстырды. Түсіндіре кетейік, бізге қажетті жарық пен жылуды өңдейтін кезде, бір қазанға сағатына 75 тонна көмір қажет. Ал ЖЭО-2-дің 180 метрлік құбыры айналаны ластайтын заттарды жеті жарым шақырымға дейін таратып жібереді.
Ақылға салып, ойлап қарасақ, егер де, қазанда күлтұтқыштар тұрмаса немесе жаңа үлгідегі эмульгаторлар болмаса, не болатынын көзге елестету қиын емес. Себебі, дәл осы қондырғылар 2005 жылы ЖЭО-2-нің зиянды заттарының бөлінуін 1300 тоннаға дейін азайтқан болатын. 2006 жылдың наурыз айында алдын-ала жүргізілген сынаққа байланысты, күлдің бөлінуі 350,0 мгнм3 болған. Бұл ЖЭО-1 мен ЖЭО-2-дегі қазандардан бөлінген күлден 8,5-9 есе аз. Эмульгатор қондырғылары, сонымен қатар, түтін газдарының суармалы сумен жүз пайыз қатынаста болғандықтан, күкірт диоксидінің бөлінуін де азайтады. Вентури құбырлы күлтұтқыштар күкірт тотықтарының үш пайызын жойса, эмульгатор болса, күкірт диоксидін 15-20 пайызға дейін азайта алады.
ЖЭО-2 қазандарына оны кеңейту және қайта құру бағдарламасы аясында, одан да, тиімді, күшті – электрлі фильтірлі құрылғылармен жабдықталатын болады. Ол қаланың қарқынды өсуіне, соған байланысты, сұраныстың көбеюіне байланысты болып тұр. Жоба бойынша, ЖЭО-2-де негізгі және қосымша құрылғыларды орнату қарастырылуда. Оның басқаларға қарағанда, артықшылығы, тиімділігі мен техникалық, экономикалық және экологиялық көрсеткіштері жағынан байқалады. Кез-келген энергетикалық құрылғылар экологтардың рұқсатынсыз пайдалануға берілмейді. ЖЭО-2-ні қайта жөндеу және кеңейту жөніндегі жұмыстар жобада үш кешенге бөлінген. Жобаны жүзеге асырғаннан кейін, электр қуаты - 120 МВт-қа және жылу - 483 Гкалс көбееді. Нәтижесінде, кешенді шараларды енгізу зиянды заттардың бөлінуінің деңгейін азайтатын болады.
Алайда, қазіргі таңда, экологтар көмір күлінен шығатын газды басты проблема деп санамайды. Олардың айтуынша, көзге көрінбейтін дұшпан, яғни, азот тотығы анағұрлым қауіпті болып саналады. Олар бірінші кезекте, жоғарғы тыныс алу жолдары арқылы өтіп адам ағзасына, сондай-ақ, Астанаға көрік берген, қылқан жапырақты ағаштарға зиян келтіреді. АО Астана-Энергия АҚ-ы ЖЭО-2-дегі №1 және №2 қазандарда оларды азайту үшін, түрлі шаралар жасауда. Энергетиктер азот тотығын жою жөнінде жобаларды төменгі үрлеу немесе оны жағудың үш сатылы әдістерін жүзеге асыруда. Басқаша айтқанда, отынды жағудың үш қабатты әдісі. Мұнда жағу кезінде, азот тотығының пайда болу процесін баяулатады және атмосфераға тотығып үлгермеген, яғни, адам денсаулығына зияны жоқ азот бөлінеді.
Қысқы жұмыс кезінде, бір сағатта - 126 тонна. ЖЭО-2-де осыншама күл пайда болады. ЖЭО-2-ні іске қосқаннан бері, күл үйінділерінде 1 миллион тоннадан көп күл және қож қалдықтары жиналады. Күл үйінділері үлкен кеңістікті алып жатыр. Ескі үйінділерді толтыру үшін күлдерді жинайтын жаңа сыйымдылықты, қаладан жер алып, құру қажет. Екібастұз тасты көмір күлі құрылыстарда шектеусіз қолданыла береді. Және де бүгінде ЖЭО-2-нің күл үйінділеріне арналған аймақта тиімді құрылыс материалдар зауытының құрылыс жүргізілуде. Ол зауытта жиналған күлдің 50 пайызы пайдаланылады. Ал бұл, жылына 250 тоннаны құрайды. Пайдалы жағы - өндіріс қалдықтарын қайта пайдалану және күл үйінділерінің қызмет мерзімін ұзарту.
Күлді қоймалжың, яғни, сұйық құм күйінде жинайды. Қойма ретінде дамбалы, биіктігі жиырма метрлік күл үйінділері бар, жасанды көлшіктер қолданылады. Сол жерлерде олар ондаған жылдар бойы сақтала береді. Әрине, күл түбіне шөге береді, ал су, бүкіл күл үйіндісінің периметрі арқылы қойылған сүзгі арқылы өтіп, техникалық қолданыста пайдалануға беріледі. Таза техникалық және ішуге жарамды суды ЖЭО-2-де пайдалануды азайту үшін, жобада сумен жабдықтаудың екі айналым жүйесі қарастырылған. Бұл бізге белгілі, ГКТ (гидро күлден тазарту) және айналмалы суыту жүйесі. Мұндай жүйелерді сақтау – ЖЭО-2-дегі күл үйінділеріндегі су ресурстарын қалыпты пайдалану мен оны сақтау жөніндегі негізгі іс-шара. ЖЭО-2 сағат сайын 600 шаршы метр техникалық суды алуда, бұл дегенің, табиғи ортаның таза суды пайдалану көлемі азаяды дегенді білдіреді. Одан өзге, күл үйінділерінің картасы арқылы, қоршаған ортаны төменгі деңгейге дейін азайтатын белгілі бір іс-шараларды жүргізу жоспарланып отыр.
Тура осы сынды іс-шаралар, алғашында Тұзды жылғаға, одан кейін, Есілге тасталатын, құрамында майы бар, салқындататын агрегаттармен де жүргізілуде. Өңделген суды қайта пайдалану арқылы астаналық сумен жабдықтау сорғы стансаларын іске қосып, қала тұрғындарының мұқтаждығы үшін қолданылатын таза су қорын үнемдеуге болады.
Салыстырмалы анализ арқылы, экологтар бүкіл кешеннің өте тиімді екеніне көз жеткізді. Демек, астананың тұрғындары мен қонақтары еркін демалатын болады. Яғни, бұл жағдай қалаға қажетті жылу мен электр қуатын өндіретін өндіріс көбейсе де, сол қалпында қалады. Энергетиктердің ойлап тапқан жоспарлары болашаққа арналғаны түсінікті де, демек, әлі де талай іс-шараларды қамтиды деген сөз. Яғни, ескірген жабдықтар ауыстырылып, жаңа технологиялар енгізіледі.
“Астана-Энергия” АҚ (ЖЭО-1 және ЖЭО-2) бойынша өндірістік қалдықтар мен зиянды заттарды бөліну мониторингі
2002 жыл
2003 жыл
2004 жыл
2005 жыл
1
2
3
4
5
ЖЭО-1
Жанған отын, шартты отын тоннасы (осында)
102398
136983
135264
131160
Шығарылған өнім:
Электр қуаты, мың.кВт
жылу энергиясы, гКал
42545
496725
45019
653244
46981
646866
45893
597436
Зиянды заттардың бөлінуі барлығы:
мың. тонна;
шартты отын кгтонн
5,75
56,153
7,726
56,401
6,905
51,048
6,192
47,209
Оның ішінде: газ күйінде, мың, тонна
2,458
3,043
1,943
2,308
Қатты, мың, тонна
3,292
4,683
4,962
3,884
Күл және қож қалдықтарының пайда болуы, тонн
70416,0
76019,0
83703,0
84689,0
ЖЭО-2
Жанған отын, шартты отын тоннасы (осында)
768107
802215
814122
806420
Шығарылған өнім:
Электр қуаты, мың.кВт
жылу энергиясы, гКал
1412338,6
2062613
1436361,9
2248495
1442553,0
2243933
144329
2380894
Зиянды заттардың бөлінуі барлығы:
мың. тонна;
шартты отын кгтонн
35,194
45,819
34,434
42,924
33,844
41,572
33,695
41,629
Оның ішінде: газ күйінде, мың, тонна
19,351
19,608
18,801
20,006
Қатты, мың, тонна
15,843
14,826
15,043
13,689
Күл және қож қалдықтарының пайда болуы, тонн
546892,0
565324,0
563486,0
558249,0
Ағынды сулар
Астананы сумен жабдықтау толығымен қайта жөнделуде, үш жыл бұрын қабылданған бағдарламаға сәйкес, жыл сайын ондаған шақырым желі қайта жөндеуден өтіп жатыр. Келесі жоспарда тұрған жұмыстар – ескі қаладағы су құбыры желісін және қала құрамына кіретін жаңа елді-мекендерде құрылыс жүргізу. Сумен жабдықтау туралы айта отырып, канализация мәселесін көтермеу мүмкін емес. Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты, жарты миллион тұрғыны бар қала тек қана суды пайдаланбайды, сонымен қатар, оны төгіп те жатады. Коллекторларда жиналып қалған шаруашылық-тұрмыстық ағындар табиғи айналымға қайтып оралу үшін, әбден тазартуды қажет етеді. Бірнеше ондаған жылдар бойы, тазарту қызметін қаладан алты шақырым жерде орналасқан Талдыкөл атқарып келген. Алайда, соңғы жылдары ескі жинауышқа толып кету қаупі төніп тұр. Үлкен қарқында өсіп келе жатқан қаланың қалдықтарын сіңіріп үлгермей жатыр.
Талдыкөл жинауышына қаланың тіршілік әрекетінен күнделікті 136 мың текше метр лас су құйылады. Болжамдарға сүйенсек, 2020 жылы бұның көлемі 2,5 есе өсіп, тәулігіне 254 мың текше метрге жетеді екен. Көктем мезгілінде ағынның деңгейі өте қауіпті мөлшерге жетеді. Сондықтан да, амалсыздан санитарлық қашыртқы жасалады. Экологтар дабыл қақты, ал тұрғындардың арасында, қаланың ол жерге жақын орналасқан бөлігін су басады, сонымен қатар, масаның көбеюі мүмкін деген қауесет сөз тарап кетті. Тұрғын санының көбеюі мен жаппай құрылыстың жүргізілуінен, бұл жалпы қалалық мәселеге айналды.
Астаналық үкімет бірден бірнеше қалалық канализация жүйесін құтқару жоспарын қарастырды. Олардың әрқайсысы егжей-тегжейлі тексерілді. Нәтижесінде қалалық комиссия қымбат, алайда, табиғатпен үйлесетін, Шнет пен Ағанас көлдерінің аймағында орналасқан Қарабидайық жинауышы жобасын қабылдады. Бағдарлама аясында, қазіргі Талдыкөл жинауышын жою да қарастырылған. Бекітілген тұжырымдамаға сәйкес, бүкіл жұмыс кешені үш кезеңге бөлінген. Бүгінде жобаның екі кезеңі жүзеге асты. Оларға жұмыс істеп тұрған төрт тазарту резервуарын қайта жөндеу мен жаңадан екі тазарту резервуары және тұнбаны сусыздандыру цехінің құрылысы кіреді. Сонымен қатар, он бес жыл бұрын салынған Талдыкөл жинауышынан Қарабидайыққа тұнбаны тасымалдайтын жүйе де қалпына келтірілді. Басқаша айтқанда, Талдыкөлдің ағын суын тазартып, оны Қарабидайыққа айдайды. Сонымен қатар, бастапқы жинауышты құрғатады. Жаңа суқоймасы Астанадан 34 шақырым жерде орналасады. Ағынды сулар азот пен фосфор байланысынан терең биологиялық тазартатын имараттың көмегімен тазартылып отырады. Арнайы цехта әбден сусыздандырылған қалдықтар қоймаланып, жабық алаңда көміледі.
Жобаны жүзеге асыру үшін үш миллиард теңге жұмсалды. Биылғы жылы суды зарасыздандыру станцияларын құру жөнінде де жұмыстар басталды. Ол жерде ағынды суды балық шаруашылығының көрсеткішіне дейін тазарта алады. Келесі кезекте, нөсер суларын тасымалдау станциясы мен тазартылған ағынды тасымалдайтын құбыр желесінің екінші тармағы тұр. Үшінші кезекті жүзеге асыруда, Қарабидайық жинауышы 27 млн. текше метрге дейін кеңейтіледі. Талдыкөл көлі өзінің бастапқы мөлшеріне түседі, яғни, 400 гектарға жуық. Сонымен қатар, суқоймасын табиғи тазарту механизмі іске қосылады. Жинауышты жою жөніндегі жоба 2010 жылы аяқталады. Болашақта қазіргі жинауыштың аймағы жасыл аймаққа айналуы тиіс – 18 мыңнан астам гектар жерге терек отырғызылады. Ол жердің бәріне де суару жүйесі жүргізіледі. Яғни, қала тұрғындары қайтадан жанданған көлдің айналасындағы жас ағаштардың көлеңкесінде демалатын болады. Астана экожүйесі де жақсарып, лай тұндырғының орнына қала-саябақ пайда болмақ.
Қоқыстарды жою
Астананың шығыс жақ шетінде тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды төгетін арнаулы орын бар. Бұл полигонның аумағы – 65,4 гектар. Мұнда 1972 жылдан бері арнайы дайындалған қазаншұңқырларда (карьерде) қоқыстар көміледі. Жобаның есебі бойынша аталмыш полигон 2010 жылға дейін пайдаланылады. Жыл сайын полигон аумағына 450-500 мың шаршы метр қоқыстар әкелінеді. Қаланың өркендеуіне байланысты бұл көрсеткіштер де ұлғайып келеді. Қазіргі кезде қала шеңберінде күл үйінділері қалдықтарын жоюға арналған силикатты кірпіштер шығаратын зауыттың құрылысы басталды. Бұған инвестициялық көмек көрсетіп жатқан Тиімді құрылыс материалдары зауыты ЖШС-і. Мұндай зауыт салу қасиетті Жер-ананың қосымша өндірістік қалдықтармен ластануының алдын алады. Сонымен қатар ЖЭО-1 және ЖЭО-2 секілді орындардың күл үйінділері карталарын қайта пайдалануға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні Тұрмыстық қатты қалдықтарды жоюды модернизациялау мен Астана қаласының экологиясын жақсарту жөніндегі қазақ-испан бірлескен жобасы аяқталды. Бұл жаңа полигон арнайы маталармен жабдықталған, су өткізбейтін екі ұяшықтан тұрады. Мұндай құрылым жер асты сулары мен су қоймаларын ластанудан сақтайды. Қоқыстарды көму технологиясы ығыстыру әдісі арқылы жүзеге асады. Арнайы орында әкелінген қалдықтарды жоғарыға қарай, 14 метрге дейін үйіп жинайды да, әрбір текше жиналып, бастырылады. Жаңа полигонның пайдаланылатын уақыты шамамен 16 жыл деп есептелініп отыр. Бұл шараның тезірек іске асуы – карталар түбіне төселген қорғаныш экран арқылы тұрмыс қалдықтарын көмудің қоршаған ортаға зиянды әсерін мейлінше азайтуға мүмкіндік береді.
Талдыкөл су қоймасы 1970 жылы пайдалануға берілді. Қазіргі кезде 2021 гектар аумақты алып жатқан су қоймасының сыйымдылығы 65,5 млн. м²-қа тең, ал бу қазандығындағы судың көлемі 54,0 млн. м²-ты құрайды. Жыл сайын қайнар сулар мен суармалы жер аумағының азаюы су жинағыш қоймалардың суға толып кетуіне себеп болып отыр. Мұның өзі Есілдің сол жағалауындағы жер асты суларының көтерілуіне және 7500 га жердің батпақтануына, қамыс пен қоға секілді өсімдіктердің көбейіп, лай қалдықтардың түзілуіне әкеп соқтырады. Талдыкөл су қоймасының аймақ экологиясына кері әсерін жою және алдын алу үшін оны түгелдей таратып, босатылған жерді қалпына келтіру жөнінде шешім шығарылды.
Қазіргі уақытта Талдыкөл су қоймасынан Қарабидайық су қоймасына биологиялық тазартылған суды тарту жүйесі толық жолға қойылды. Жыл соңына дейін залалсыздандыру стансасының құрылысы аяқталуы тиіс. Сонымен бірге осы уақыт аралығында нөсер суларын тартатын жаңа станса мен тазартылған сулар жүретін құбырдың екінші тартылымы аяқталады деп күтілуде.
Жасыл аймақ
Сарыарқа төсінде саябақты қала тұрғызу туралы ата-бабамыз өткен ғасырда да армандаған болатын. Жасыл аймақ туралы жылнаманың бірінші парақтары он тоғызыншы ғасырдың аяғында, яғни, астана шағын ғана қалашық, Ақмола болған кезінен жазылған. Дәл сол сәтте қалада алғашқы қала саябағы пайда болып, орман ағаштары отырғызылып, Есілдің айналасында алғашқы жасыл аймақ пайда бола бастады. 1904 жылы алғашқы экологиялық жобаны А.Л. Адамович ұсынған болатын, яғни, ол Ақмоланың шет аймағын жасанды жасыл аймаққа айналдырды. Алдын-ала жасалған теріс болжамдарға қарамастан, Ақмоланың шет жағынан жас шыбықтар бой көтеріп, көп ұзамай-ақ, жайқалып шыға келді. Биолог ағашты сор жерге отырғызуға да болатынын дәлелдеп берді. Қызыл жар шағын орманында қарағай, қайың, терек, мойыл, бозқарағандар өсетін. Бұл шара кейін де жалғасын тапты. Біртіндеп, қалашық көшелерінде алғашқы ағаштар отырғызыла бастады.
Аймақтың өсімдікті тарихының тағы бір парақтары – Целиноград студенттерінің жасыл қаласы. Комсомолдар ең үздік іс-шараларды іске асырып, бүкіл бір кварталды құлпыртып жіберді. (Қазіргі Самал шағын ауданы). Алайда, кейінірек, кейін анықталғандай, қала жоспарына кішігірім саябақтың енбейтіні анықталды, соған байланысты, ағаштарды кесіп, орнына тұрғын үй ауданы бой көтерді. Қаланың жасыл картасына жаңа астаналық мәртебе де өзгерістерін ала келді. 1997 жылы ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, Ақмола аймағында санитарлы қорғау аймағы құрылды. Экологиялық дәлізді құру қызметінің жауапкершілігі орман шаруашылығы мен еліміздің басты, табиғатты қорғау ведомствосына жүктелді. Мамандар барын салды, сынақ учаскелерінде өсімдіктердің ондаған сұрыптары сыналып жатты. Ал жасыл аймақ жобасына көптеген жұмыс күші тартылды.
Сәулетшілер мен экологтардың ортақ ойы – елордамыз жасыл желекке орануы тиіс. Бұл бағытта бірінші қадамдар жасалды да. Соңғы бес жылдың ішінде қалада алты бақ, жиырма шақты саябақ пен елорданың әкімшілік орталығында сулы жасыл бульварлар пайда болды. Бүгінде Есілдің жағасында Президент бағының, сонымен қатар, Сарыарқа көшесінен демалыс аймағының құрылысы аяқталып келеді. Сәулет біртумасын құруды қала тұрғызушылармен қатар, жасыл сәулеткерлері де қолға алды. Астананы гүлдендіру жұмысына қазіргі заманның дизайнерлері де кірісіп, елорда бақтары мен саябақтарын барынша жайқалтуды уәде етуде. Ақбұлақ өзенінің бойынан француз стиліндегі Арай саябақ құрылысы жүргізіледі. Мұнда ағаштар симметриялы орналасатын болады. Ал орталық стадионның алдында түрлі гүлдермен көмкерілген Олимпиада шары орнатылады. Северная корона тұрғын үй кешенінің жанындағы баққа әр беретін, көп жылдық шырмауық гүлінің өзіндік ерекшелігі бар. Жақында Астананың шағын жасыл аймақтарында елорда халқы үшін бейтаныс ағаштар пайда болады: емен жапырақ тектес магония, куриль шайы, матсудан талы, маньчжур жаңғағы, сүйір жапырақты үйеңкі және басқалары. Әрине, елордалық өсімдіктерге қарағанда, мұндай экзотикалық түрлердің ерекше күтімді қажет ететіні анық. Бұдан кейін, қаланың кез-келген учаскесіне, бақтар мен саябақтарына бақташы топтар бекітіледі. Қала салушылар коммуналды шаруашылықтың алдына нақты жоспар қойды, яғни, жылына он саябақ құрылысы бітуі керек. Ал әрбір жаңа нысанның толығымен бітуі үшін, қазынадан 30-45 миллион теңге бөлінуі тиіс.
Елорданың бас жоспарында толық көрсетілген қаланы көгалдандыру тұжырымдамасы жеке эко-орманы, эко-дәлізі, эко-кеңістігі бар эко-қаланы құруды ұсынып отыр. Жасанды шалғындар, сондай-ақ, жасанды көлдер мен айдындар түрлі ағаштармен айнала қоршалатын болады. Бүгінде қалаға шаған, қайың, қарақат, алма ағаштары, үйеңкі, қарағай, емен, тал ерекше көрік беріп тұр. Бәрінен де, Астана бақтары мен саябақтарында тал, үйеңкі, қарағаш және сары акациялар көп. Құстың самғар биігінен қала кілемдей жайқалып жатыр. Экологтар елорданың жасыл киімі қалаға тек қана сән беріп қана қоймай, сонымен қатар, табиғи апаттардан да сақтап қалатынын айтады. Жасыл желектер арнайы жолдармен отырғызылып, қатты желге қарсы қорғаныш қалқан құруда. Мұндай әдіс арқылы желдің жылдамдығын 50-80 пайызға дейін азайтуға болады. Одан өзге, қалың жасыл аймақтар жазғы шаң-тозаң мен қысқы дауылдарды да азайтып, жалпы экологиялық жағдайды реттейді. Ғылыми деректерге сүйенер болсақ, жапырақты ағаштар шаң-тозаңның отыз пайызын, ал қылқан жапырақтылар – 42 пайызға дейін ұстап қалуға қабілетті. Ал бір гектар орман 400 келі күкірт қышқыл газын сіңіре алады.
Келешекте Астананың айналасындағы су артериялары мен жасыл белдеуін қамтитын экологиялық дәлізді құру жоспарлануда. Масштабты бағдарламаны жүзеге асыруда Ресей, Израиль, Канада мамандары еңбектеніп жатыр. Ең басты жасыл осі Есіл өзенінің бойымен өтіп, күрделі сәулет композициясының басты байланыстырушы нүктесі болып, ішкі белдеуден онымен екі жүйедегі жасыл дәліздер келіп байланысатын болады. Мұндай жанды бағыттар екі бағытта жүргізілетін болады, біріншісі - Ақбұлақ пен Сарыбұлақ өзендері арқылы болса, екінші бағыт – Майбалық көлінен сол жағалауға дейін созылады. Тағы да бір жасыл жолақты экологтар темір жол периметрі арқылы салуды жоспарлауда. Бұл ось қаланың тұрғын үйлер және өндірістік бөліктерінің арасында шекара іспеттес болмақ. Астананың айналасын жасылдандыру жөніндегі жоба да жүзеге асып жатыр. Қазақстанның жас астанасын қоршаған, бірнеше миллиардқа бағаланған жасыл шеңберді мамандар 2015 жылы аяқтамақ. Орман отырғызу екі кезеңнен тұрады. Сыртқы қатарға жапырақты ағаштар отырғызылса, ішкі жағында қылқан жапырақтылар болады. Соңғы сегіз жылғы жұмыстың қорытындысы – Астана айналасында 25 мың гектар орман отырғызылды.
Жалпы 75 мың гектар жерді алатын Зүбаржат алқаның жартысы дайын болып тұр. Оның құрамына үйеңкі, тал, шие ағашы мен қайыңдар кіреді. Ерекше экологиялық белдеу құру үшін, отыздан аса ағаштың түрі пайдаланылып жатыр. Сар даланы жасыл желекке көмкеру қиынға соғуда, себебі, жасылдандыру мақсатында бөлінген жердің тең жартысы сор топырақ болып тұр. Қазіргі таңда ғалымдар тәжірибе жұмыстарын жүргізіп, топырақ картасын дайындап жатыр. Қаншама зерттеулер жүргізіліп, жасыл тұжырымдамасы дәлелденді, яғни, қала маңына орман отырғызуға болады. Негізінен, жергілікті сұрыптардан, жабық тамырлы жүйемен ағаштарды отырғызбақшы. Агрохимияның ескі заңдары артта қалып, жаңа әдістерді белсенді түрде игеруде. Мәселен, құнарсыз қайраңдар ылғалды сіңіретін, бірақ, оны буландырмайтын гидрогелдермен өңделіп,топырақты құнарлындыруда. Шаруашылықтағы екі питомникте бүгінде конвейерлік жасыл өндіріс жолға қойылған. Мұнда елордалық бақтар мен саябақтар үшін отырғызылатын материалдарды өсіріп, құнарландырады.
Бекітілген тұжырымдамаға сәйкес, 2030 жылы әрбір қала тұрғыны үшін екі ағаштан және жиырма түптен келеді екен. Астанада барлығы алты мың гектар жер игеріледі. Ал бұл – бір жарым миллион ағаш пен он алты миллион түп. Мұндай тамаша ойды жүзеге асыру үшін ондаған жылдардың кететіні анық. Табиғат адам сияқты емес, асықпайды. Ғашықтар бағындағы жас ағаштар біздің ата-әжелеріміз саясында серуендеген ағаштардың деңгейіне жақын күндері жете қоймасы анық. Енді, басты мәселе, отырғызылған сол бір жасыл желектерді сақтау болып тұр. Ал орман кодексін бұзған адамдарға қатал жаза қолданылатын болады. Егер де, кәсіпорын бір гектар орманға зиян келтірсе, компания екі гектар жерге ағаш отырғызып, оған он жыл бойы қарайтын болады. Ал жеке зиян келтірушілер үшін де жаза сондай, бір тал кессең, екі тал ек. Бүгінде экожүйені құру үшін жүздеген мамандар еңбектеніп жатыр. Олар бәрі де, бір ауыздан, Саябақты қаланы бірігіп жүріп тұрғызу қажеттігін айтады. Экологтар ынтымақтастыққа әрбір қала тұрғындарын шақырып, елорданың жасыл картасына әрқайсысының өз үлесін қосуға үндеуде.
Ауыз су
Бәрі де сонау 1998 жылдан басталып еді. Астана деп алып-ұшып келушілердің алғашқы легі көп уақыт өтпей-ақ, бұл қаладан көңілдері құлазып, қинала бастады. Әрине, көшіп келушілердің негізгі бөлігін құрайтын, жанға жайлы климат пен қызмет көрсетудің ең озық үлгілерін тұтынуға үйреніп қалған алматылықтар үшін бастапқы жылдардың қиын тигені рас. Қақаған бораны мен суық климаты, қызмет көрсетудің қай саласында болмасын төмен де жайсыз сервис деңгейі, демалыстың қарапайым индустриясы қай жағынан алсаң да, Алматымен салыстыруға тіпті де келмейді. Басқаның бәрін былай қойғанда келушілер үшін ең үлкен қиындық тудырған – ауыз су мәселесі болатын. Көк иіс пен балдырдың дәмі кетпейтін, бұлыңғыр тартқан, лас суға үйрену шын мәнінде бастапқыда адам төзгісіз еді. Әрине, қала белсенділері, Үкімет отырыстарының жиналыстары ма, Мәжілістің төрінде ме, тіпті дастархан басында да ауыз судың жыры таусылмай, дүркін-дүркін көтеріле беретін.
Өз кезегінде қалалық сумен жабдықтаушылар да қарап жатпады. Өзен-су ресурстарына бай Жапония суды пайдаланудың ең тиімді тәсілдерін меңгерген ел ретінде мақтана алады. Сондықтан да күн шығыс елінің үлгісін пайдалану тиімді деп табылып, арнайы бағдарлама жасалды. Жапон үкіметінің 215 млн. доллар көлемінде бөлген грантын иеленіп, нәтижесінде қаламыздағы ауыз су мен оны пайдалануды дұрыс жолға қою мәселесі шешімін тапты. Ауыз су мәселесі тек бір бағытта ғана жүргізілген жоқ. Судың жоғары дәрежедегі тазалығына жету үшін су құбырлары жүйесінің кешенді бағдарламасы жасалып, бірнеше сүзгі станциялар салынды. Қаланы негізгі ауыз сумен қамтитын Вячеславск су қоймасының су жинау көлемі ұлғайып, ондағы судың тазалығын қамтамасыз ететін филтрлердің жұмыс қабілетін бақылау мен қадағалау ең негізгі мәселеге айналды. Айтылған ауыр сын мен ескертпелер де өз нәтижесін берді, көп уақыт өтпей-ақ, су құбырлары арқылы келетін сулар шын мәнінде тазарып, өңі өзгере бастады.
Бүгінгі күні елорданың барлық су сүзгіш станциялары цеолит атты химиялық элементтің көмегі арқылы судың сапасы мен түсін жақсартуға мүмкіндік алды. Шынтуайтқа келгенде бұл қордаланған көп мәселенің бірі ғана. Сонау тың игеру жылдары мен кеңес дәуірінен қалған канализациялық құбырлар мен ауыз суды жеткізетін магистраль жүйелердің әбден ескіргені белгілі. Болат құбырлардың ең жоғарғы пайдалану мерзімі 10 жыл екенін ескерсек, қала су жүйесіндегі қиыншылықтардың беті ашылатыны рас.
Қалада жыл сайын ішкі жүйедегі үзілген құбырлар бойынша 950-ге жуық жөндеулер жүзеге асырылады. Уақыты өткен, қолданыстан шығаруды күтіп тұрған осындай құбырлардың жайы негізгі мәселенің бірі. Үш жыл бұрын қабылданған бағдарламаға сәйкес, жыл сайын он шақты километрдегі жүйелер жаңартылады, одан кейін оң жағалаудағы бұрынғы үйлердің су құбырлары жолдарын жөндеу мен қала аумағына кіретін жаңа поселкелерге канализациялық құбырлар жүргізу мәселесі кезекте тұр. Қазіргі кезде жапондық үлгі бойынша 100 мың қала пәтерлеріне есептегіш құралдар орнатылды. Алдағы үш жылда мұндай есептегіштер әрбір үйге орнатылады.
Есіл өзені мен Вячеславск жасанды су қоймасы қаланың негізгі су көзі саналады. 1969 жылы Мәскеу ғылыми-зерттеу институтының жобасы арқылы жүзеге асқан су қоймасынан келетін су жалпы ұзындығы 1000 шақырымдық, екі бөлікке бөлетін торап арқылы қалаға жеткізіледі. Қажет болған кезде Ертіс-Қарағанды каналы арқылы су тартатын құрамында екі сусорғыш станциясы бар қосымша су жинағын пайдалануға болады. Соңғы екі жылда Вячеславск су қоймасында су жинау 20 пайызға артты, бұл қаланың су тұтынуға деген сұранысы екі есеге артқанын айғақтайды.
Қала пәтерлеріндегі су құбырыларынан әлі де болса қатты әрі дәмсіз су келеді Алайда бүгінгі күні қала ауыз суының сапасыздығы жайлы айтылған әңгімелердің бәрін бірдей рас деуге келмейді. Эпидемиологтар жүргізген зерттеулерге қарағанда, Астананың ауыз суы республика бойынша орташа деп белгіленген көрсеткіштерден 3 есе жоғары тұратын көрінеді. Олардың бұл пікірін, эксперттер де растаған. ПРООН есептері бойынша, қала тұрғындары құбыр арқылы келетін, сапа көрсеткіші бойынша ең жоғары баға алған таза суды тұтынады. Тұрғындардың төрттен бірі бөтелкелерде сатылатын ауыз суды тұтынатын болса да, тұрғындардың тең жартысы қазіргі ауыз су сапасына бәлендей арыз-шағым айтпайды.
Бүгінгі күні Астана су арнасы Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны кең көлемді жұмыстарды жоспарлап отыр. Бұғанға дейін атқарылған істердің ауқымын жеңіл арсеналдар атқарса, ендігі кезекте ауыр да көлемді шаралар басталмақ. 2009 жылдан бастап, Вячеславск су қоймасына бастан-аяқ қайта жөндеу жүргізіліп, суына сынап араласып үлгерген Нұра өзенін тазарту шаралары іске асады. Қомақты қаржыны талап ететін мұндай жобаларға сумен жабдықтаушылар әзірден дайындық жұмыстарын жасап жатыр. Мамандар мұндай күрделі тазарту шараларынан кейін Астанадағы тұтынатын судың сапасы бұдан да жақсара түсетінін айтып, қуантады. Астананың өркендеуіне бүкіл әлем көз тігеді. Сондықтан да оның тұрмыс пен тіршілікке қатысты ірілі-ұсақты проблемалары тек өз еліміздің азаматтары үшін ғана емес, Қазақстанмен қандай да болсын байланыс орнатқысы келетін шетелдіктер үшін де аса маңызды.
"АСТАНА – ЖАҢА ҚАЛА" АЭА СИПАТТАУ
Арнайы экономикалық аймақ – капиталды инвестициялау және экономиканы дамыту үшін жағдай туғызатын шетел және отандық кәсіпкерлерге ерекше экономикалық жеңілдіктері бар ұлттық-мемлекеттік шектелген аумақ бөлігі. Арнайы экономикалық аймақтар ішкі сауда, жалпы экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-техникалық мәселелерді шешу үшін құрылады.
Астана – жаңа қала АЭА құру кезінде біздің еліміз аумағындағы АЭА, сонымен қатар ТМД және алыс шетел елдеріндегі АЭА-дың жұмыс тәжірибесі есепке алынды. Астана – жаңа қала АЭА салалық бағыттылығы бойынша құрылыстық болып табылады.
Астана – жаңа қала АЭА құрудың басты мақсаты – АЭА аумағын игеру және жеделдетіп дамытуды қамтамасыз ету, қазіргі заманғы инфрақұрылымды жасау, әкімшілік және әлеуметтік-мәдени маңыздағы бірегей обьектілер құрылысын салу, жабдықталған тұрғын үйлер салу, сонымен бірге Қазақстан Республикасы елордасының экономикалық және әлеуметтік дамуына жағдай жасау болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Астана – жаңа қала АЭА құру туралы Жарлығына қол қойған күннен бастап жоспарланған 238,6 млрд. теңге орнына 793,5 млрд. теңге шамасында инвестиция тартылды. Астананы көшіргенде бұндай ғаламдық және тәуекелді іс іс шарасы жақын арада жемісін айқын арада бере қоятынына ешкім сене қоюы неғайбыл еді. АЭА обьектілер құрылысына инвестицияларды тартуға құқықтық, яғни кеден және салық жеңілдіктері әсер етеді.
АЭА аумағы басында 1 052,6 га құрады, 2005 жылы аумақ 513,7 га кеңейтілді. Осы жылы АЭА екі есеге артты және аздап 3874,1 га өсті және 5440,4 га құрайды. Қазақстан Республикасы Президентінің соңғы 2007 жылғы 21 маусымдағы № 352 Жарлығымен ауданы 598,1 га Индустриалды парк жұмыс атауымен аумақ қосылды. Оның аумағында өндірістік обьектілер тұрғызу жоспарланып отыр. Индустриалды паркте Nissan маркасындағы автокөліктер және Nokian маркасындағы автошиналар шығарылатыны белгілі болды.
Астана – жаңа қала АЭА аумағында жағымды инвестициялық климат жасау мақсатында инвесторларға жеңілдік беретін ерекше құқықтық тәртіп белгіленген:
1. АЭА аумағында құрылыс жүргізу мақсатында тауарлардың айналымы бойынша (жұмыс және қызмет көрсету) ҚҚС босату;
2. Құрылыс барысында толық тұтынатын тауарларға қосылған құн салығы бойынша нольдік мөлшерлемені пайдалану;
3. Құрылыс обьектілері салынып жатқан жер учаскелерін жер салығынан босату;
4. Ғимарат пен имараттың қалған сомасының мүлігі салық салу обьектісі болып табылмайды.
Одан басқа АЭА аумағы еркін кедендік режимі жүргізілетін аумақ ретінде қарастырылады. Шетелдік тауарларды еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырған кезде импортталатын тауарларға акциз салуды қоспағанда кеден баждары мен салық салынбайды және тауарлар қауіпсіздігі жөніндегі талаптардан басқа тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды. Астана – жаңа қала АЭА шегіндегі обьектілер құрылысының өзіндік құны инвестор үшін әдеттегі салынып жатқан құрылыстан (жеңілдікті пайдаланбағанда) 14-20% төмен .
АЭА аумағында инвесторлар үшін кеден және салық жеңілдігінен басқа да пайда бар. АЭА аумағындағы құрылыстың негізіг мақсаты бюджеттік қаржы есебінен аумақты инженерлік дайындау және инженерлік желілер мен жолдарды салу болып табылады.
Осындай бағдарламаны жүзеге асыру АЭА аумағының кешенді құрылысын жүргізуіне көмектеседі, инженерлік желілер, жолдармен және қаланың басқа бөлігімен байланыстыратын қолайлы көлікпен қамтамасыз етеді.
Сөйтіп, потенциалды инвесторларға инженерлік желілер және жолдар салынған инженерлік аумақтарда жұмыс істейтіндіктен, обьектілер құрылысы үшін қосымша стимул жағдайы жасалған.
Астана – жаңа қала АЭА аумағы құрылысында алдыңғы қатарлы технологиялар қоданылып және әлемнің жетекші сәулеткерлері авторы болып табылатын бірегей жобалар жүзеге асырылып жатыр.
Мемлекет басшысының 2001 жылғы 15 тамыздағы Жарлығымен әлемге әйгілі сәулетші Кишо Курокава мырза жетекшілік ететін Халықаралық ынтымақтастық бойынша Жапон агенттігінің зерттеу тобы әзірлеген Астана қаласының бас жоспарының жобасы бекітілді.
Астана – жаңа қала АЭА аумағының құрылысына өз үлестерін қосқан атақты сәулетшілер:
Бейбітшілік және Келісім сарайының, Хан шатыры мәдени-ойын-сауық орталығының жобасын салған Норман Фостерс. Жоба болат діңгектермен тіреліп тұрған шатыр түрінде. Ауданы 100 000 м² болатын орталық Астана қаласының ең биік (150 м) нүктесі болады. Ғимараттың ортасында мәдени шаралар өтетін және ойын-сауық және көрмелік қызмет көрсетілетін кең икемді алаң бар. Хан Шатыры ойын-сауық орталығында 40 000 м² ауданда орналасқан жабық автокөлік тұрағы, кафетерий, мейрамхана және кинотеатрлар бос уақытты өткізу мүмкіндігін туғызады.
М. Николетти 3 500 мың орындық кешенді киноконцерт зал жобасын әзірледі. Онда симфониялық, классикалық және қазіргі заман әндері концерті, балет, конгрестер, кино қойылымдары және саяси шаралар өткізіледі.
СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР
Арнайы экономикалық аймақ аумағында құрылған күннен бастап 231 обьекті тіркелді, оның ішінде 74 обьект инженерлік-көлік инфрақұрылымы, 62 тұрғын үй, 59 әлеуметтік-тұрмыстық мағынадағы обьектілер және 30 әкімшілік ғимараттар. Бүгінгі күнде 118 обьекті мемлекеттік және жұмысшы комиссиясының актісімен пайдалануға берілді, 113 обьектіде құрылыс жүргізілуде.
2007 жылдың 1 шілде айы бойынша 793,5 млрд. теңге игерілді, оның ішінде: бюджеттік қаржы – 297,3 млрд. теңге (республикалық бюджет – 248,5 млрд. теңге, жергілікті бюджет – 48,8 млрд. теңге), кәсіпорындардың жеке қаржысы – 279 млрд. теңге, ұлттық компаниялар қаржысы – 45,6 млрд. теңге, шетел инвестициялары – 156,1 млрд. теңге, шетел мемлекеттерінің гранты – 15,5 млрд. теңге.
Бүгінгі күнде 513,5 млрд. теңге игерілді. Соның ішінде 2007 жылда 165 млрд. теңге 2006 жылмен салыстырғанда 18% (139,3 млрд. теңге) көп игерілді.
Астана – жаңа қала АЭА құрылғанына 5 жыл ішінде инвестицияны игерудинамикасын көрсетуге болады:
Жыл
2002 жыл
2003 жыл
2004 жыл
2005 жыл
2006 жыл
2007 жыл
Млрд. теңге
30,7
44
49,8
74
139,3
165
Құрылысты 85 шамасында бас мердігерлік және 600-ден жоғары қосалқы мердігерлік ұйымдар жүзеге асырып жатыр. Оның ішінде – отандық компаниялар – 68, Түркия, Германия, Ресей, Қытай, АҚШ, Испания, Словакия, Корей құрылыс шетел ұйымдары – 17.
Астана - әсем қала
Бегенаева Ботагоз Жексенбаевна
Павлодар СОШ№23 учитель
Казахского языка и литературы
Әсем қала мерейтойы ерлігі де, өрлігі де ұрпаққа өнеге болып жалғасқан қасиетті қазақ жерінің шежіресін паш етер, көңілі дархан,жаны жомарт қазақ елінің ұлылығын ұлықтайтын асқақта, айбынды ажарлы Астананың қазақ елі монументы.
Жүздері бал-бұл жанып,қуанышы қойнындарына симай, шаттанған халық, Бейбітшілік және келісім сарайына қарай ағылып қазақ елі тарихи ескерткіш монументінің ашылуы салтанатында болдық.
Стеланың ұшар басында алып Самұрық құс бейнеленген.Қазақ ұғымында Самұрық-еркіндіктің,күш-қуаттың, кендік пен тәкәппарлықтың символы болып саналады.
Сол сияқты біздің Самұрық та –іргесі берік, шанырағы биік қазақ елінің бір көрінісі.
Тәуелсіздігіміздің символы-“Қазақ елі” монументі асқақтап тұр.Монументінің ауқымы 5,02гектар жерді алып жатыр.
Ескерткіштің мұнарасы 91 метр.
Қазақсан өз тәуелсіздігін 1991жылы алды.
Ескерткіштің биіктігі осы жылға орайлыстырып белгілеген.
1900 шаршы метр кеңістікке созылған мәрмәр тастан жасалған.
Ал тәуелсіздік тұғырын асқақ мұнараның ұшар басында заңғар аспан еркесі- Самұрық құстың 2,500 тонна алтындатылған қоладан жасалған бейнесі.
Күн нұрына шағылысқан ақ мәрмәр ескерткіш, алып Самұрық құс дархан пейіл,жайсан қазақтың ақ көлінің, асқақ арманындай.
Астаның 10 жылдық тойы – бұл Қазақстанның шаттыққа толы мереке болуымен қатар елдің кезекті даму биігіне қолжеткізген бүкіл халқымыздың үлкен жеңісі.
Қазақстанымыз бар болған он жылдың ішінде адам айтса нанғысыз көздің жауын алар әдемі,зәулім үйлері, қыран ұшар биікке өрмелеген Елорда өзінің бар қасиетімен ерекшелінеді.
Сарыарқа самалымен тербелген ерке-Есілдің бойындағы ғажап қала-ол біздің Астанамыз.
Астана сан-түрлі арман қиялдарды жүзеге асырып,сан-қилы тағдырларды тоғыстырып жатқан керемет те көркем қала.
Сымдай бой түзеген көшелер, жымың-жымың сәулелер.
Сарыарқа төсін тіліп аққан ерке Есіл қала көркін асқақтата түседі.
Шаһар сәні мен дария сұлулығы сабақтасып, керемет бір тылсым тіл, симфониялық үн сезім қылын шертеді.
Сұлу шаһар,тұнық әсем аспанда қалықтаған әсем ән.Астанадағы “Есіл” тұрғын үй кешені,”Астана –дәуір”,”Рамстор”,”Парламент ғимараты”,”Ғашықтар саябағы”,”Байтерек” салтанатты Ақорда,сәулеті келіскен сол жағалау сырт келбеті өзгеше бейбітшілік келісім сарайы,”Думан” ойын-сауық орталығы сынды Астананың көркіне көз тоймас талай ғажайыптары бар.
Осы жеті күннің ішінде қаламызда қандай фестиваль,конкурс,қандай көрме болмады.
Қала парктерінде қанша мерекелік іс-шаралар өтті.М.Горький атындағы орыс драма театрында елдің сахна ұжымдарының қатысуымен “Астана сахнасы” атты театр калейдоскопы, К.Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театрында “Опералия-2008” атты төртінші халықаралық музыкалық фестиваль,”Астана айналасындағы мыңжылдықтар” атты көшпелі өркениет фестивальдері өтті.
Сол мәдени шаралардың ең жоғары, Астана тойына арналған өнер шеберлерінің шығармашылық шашуының ең сүбелісі деп Ақорда алаңындағы амфитеатрда ұйымдастырылған “Жан жүрегім-Астана” атты мерекелік спектакль –феерияны айтқан жөн болады.
Неше түрлі әндер мен күйлер халқымыздың музыкалық мол мұрасын жарқырата танытты,бүгінгі композиторлардың, қазіргі заман эстрадасының биік деңгейін нақты көрсетті.
Жез тандай әнші, қазақ халқының бұлбұлы, өнер майталманы Бибигүл Төлегенова шырқаған әні, және Нұрғали Нұсыпжанов,Ескендір Хасанғалиев екеуінің қосылып салған әні,Роза Рымбаеваның тағы да талай-талай әншілердің асқақта та салған әні Астананың аспанында қалықтады.
Бүгінгі тәуелсіз еліміздің тапжылмас тұғырына айналған Астананы осы он жыл ішінде айтыскерлеріміз талай татымды жырға арқау етті, еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан келген айтыскер ақындарымыз елордалық саябақта тағы да шабыт шақырып, қаланың өткені мен бүгінгі қажыр-қайратын, онын қым-қуыт тіршілігін тілге тиек етіп, сөз сайыстыру үшін бас қосты.
Осы күні олар жыр додасының бірінші кезеңінде 11 жұпқа бөлініп, өзара сайысқа түсті. Олардың өнеріне елімізге белгілі ғалым-жазушылар Мырзатай Жолдасбеков, Сейіт Қасқабасов, Рымғали Нұрғали бастаған қазылар алқасы нағыз бабындағы жүйрікті анықтау үшін баға беріп отырды.
Екінші күні ең шырайлы, ең шұрайлы сөз сайысына түскен сегіз ақын астаналық саябақта өнер додасын одан әрі жалғастырды.
Астана тойына дүниенің әр түкпірінде тұрып жатқан бауырлардың елордаға келіп К.Байсейтова атындағы ұлттық опера және балет театрында “Астана-Арқау “ деген мерекелік кеші өтті.
Екі күн бойы зал ішінде иіне шаншыр бос орын болмады. Жұрт өз құрметтерін ыстық ықыластарымен танытты.
Сахна елінен келген Александр Саввинов “Тойук алғыс” атты шығарманы орындады. Алтайдан келген Евгений Улугбашев “Алыпхан” жырын айтты. Өзбекстаннан келген Н.Пирматова мен Н.Абрайкулова өз әріптестерімен бірге ән мен биді қатар орындап, халықтың ерекше ілтипатына бөленді.
Байтерекке шығып түнгі Астананың көрінісін тамашалағанымызда қала оттары Есіл үстінде жарқ-жұрқ, от шашып құбылып жатқаның көрдік. Шетсіз,шексіз қала құлашын кең жайып, бүкіл Сарыарқаның сауырын ала көсіліп жатыр.
Құрылыстардың күндізгі ауырылығынан босап , жеңілденіп, аспанға ұшуға ыңғайланған алып құс сияқты көрінеді.
Астананың бүгінгі көркі бойымызды тіктеп, жанымызды шымырлатып Сұлұлықтың жылы лебімен тербейді, бүгінгі өмірдің талабына үндесе көтерілген ғимараттар көрген жанды баурап алады, көңіл-күйін шарықтата биіктетеді.
Адам намысын қозғап ,әдет ғұрып салтымызға , рухани байлығымызға деген құрмет сезіміне бөлеп, сүйспеншілікке жетелейді.
Сондықтан да Астананың 10 жылдық мерекесінің күллі Қазақстандықтар
Үшін тәрбиелік маңызы зор , мәні мол .
Әсіресе жастарды елдік рухқа баулуға ,оны қалыптастыруға әсері ерекше күшті.
Ортақ мүдде ауыз бірлік, ұлтаралық келісіммен де татулықтың кілті де, сенімді Астана екені баршамызға аян.
Қазақ елін тірегіміз, қазақ тілін жүрегіміз етсек екен.
Байтерек –жер жаһанды кейіптейтін әлем ағашы,Астана көркі, адамды сүйсіндіретін ұлт мақтанышы.
Ел мерейін өсірер мындай жетістіктер Елбасымыздың ұстанған сы ндарлы саясатының арқасында Астана асқақтап еліміз қарыштап қанатын кеңге жаюда.
Жылдан жылға көркейіп, гүлденуге, егемен ел болғанымыздың айғағы , өркендеуіміздің көрінісі.
Астананың он жылдығы аталып өтуі, оған өзге елдерден қонақтардың келуі елімізге деген үлкен құрмет.
Тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген табыстары ,түсінікте тату-тәтті өмір сүріп жатқан тұрғындардың достық қарым-қатынасы, ынтымақ –бірлігі, Отан сүйгіштігі, ел жандылық сезімдері ой арқауына айналған.
Тарихымен табиғаты, сәулетімен бүкіл тіршілігі дара, ғажап үлгілі күйіміздің күмбірі, көңіліміздің жыр-гүлі жас қала Астана күн сайын енсесі биіктеген қалаға айналуы өзімізді сүйсіндіріп , әлем жұртын көркімен тамсандырды.
Ол көз алдымызда жыл санап емес, ай санап емес, күн санап, аңызға бергісіз шындықпен өсіп келе жатқан нұрлы қала.
Оған бара қалсан , нешеме көріністерге куә боласын да, қайтарда бір қимастық сезім билеп алады.
Елбасымыз айтқандай, жана әлемдегі жаңа Қазақстанның жаңа Астанасы әрі жас Астанасы қайсымыздың болса көкірімізде арайлы рухты оятады.
Алыстан айбынды көрінетін мәдениеттің қайнаған қазаны , жайнап тұрған ажарлы Ақорданы, қаланың қалыптасу жолдарын бүгінгі ұрпақ сезініп, әрбір қазақстандық мақтанышпен “Менің Астанам” деп айтады.
Тарих үшін 10 жыл - өте қысқа уақыт.
Мереке құшағындағы Астана қыз жасауындай құлпырып , сән-салтанатын асқақтата түскен.
Бүгін көк аспанды кереукелеген ақшанқан бұлттар да ыдырап, шілденің арайлы күні нұрлы шуағын жомарттана тойы тұр.
Ел байтағынан тараған шаттық шұғыласына шомылған жұртшылық алаңға өте көп жиналды.
Олардың барлығы еліміз орталығының төл мерекесімен , Қазақстан атты жас мемлекеттің тағы бір тәуелсіздік тойымен бір-бірін құттықтайды.
Осы кеште ән де, жыр да түгел Астанаға арналады.
Астана-шын мәніндегі жаңа дәуірдің қаласы.
Елордамыздың тұнғыш мерейтойына орай әлемнің оншақты елінен мемлекет басшылары , беделді халықаралық ұйымдардың жетекшілері келді.
Астана - қазақтың үшінші мынжылдыққа, жиырма бірінші ғасырға шаршамай жеткен, кірленбей жеткен, пассионарлық әулетің сақтаған ұлт екендігін айғағы.
Астана-қазақтың достыққа адал, сертке берік салты барлық қазақстандықтардың ортақ менталитетіне айналған.
Осыдан дәл он жыл бұ рын Астананың халықаралық тұсаукесері өткен жер- Қажымұқан атындағы стадион бұрынғы Ақмола бекінісінің дәл салынған еді.
Енді бүгінде елі үшін ,жнрі үшін он жыл бойы аттан түспеген қазақтың соңғы ханы ат ойнатқан күйі ерке Есілдің арғы жағынан сол жағалаудағы жаңа қалаға қарап тұр.
Астана дегеніміз- алдымен адамдар.
Астана адамдарымен асқақбайды.
Астананың көркеюі-ел дамуының негізгі көрсеткіштердің бірі.
Астана тек қана әкімшілік қала емес ,халықаралық деңгейдегі жоғары оқу орындары, ғылыми мекемелері, театрлары мен музейлері.
Астана-келешектің қаласы болуы тиіс.
Астана-толассыз түлеу, дамылсыз даму үстінде әсем қала.
Бұл біздің Астанамыз жайқалған жас қаламыз ұрпақтан ұрпаққа айтылатын аңыз болып айтылар ардақты Астанамыз!
АСТАНА — ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ЕРІК-ЖІГЕРІНІҢ НЫШАНЫ
Астана — бұл кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер көрінісінің нышаны . Бұл саяси батыл қадам. Астана шаңырағы әлі де болса биіктей түспек. Жаңа астананың келешегі бүтіндей XXI ғасырдың еншісінде жатыр. Ал оның ертеңгі еңсесін көтеретін бүгінгі жас жеткіншектеріміз.
Сарыарқаның сары белінде Қанжығалы қарт Бөгенбай елінде ұлан-байтақ қазақ жерінің қасиетті орталығында мемлекетіміздің жаңа астанасының бой көтеруі, жаңа бір мәдени-ғылыми һәм саяси-экономикалық алып ортаның, Отанымыздың күретамырына қан жүгіртетін, жан бітіретін сәулетті, қуатты орданың дүниеге келуі, әлбетте, барша жақсылықтардың игіліктердің шоғырлануы.Тарихқа үңілсек, 1830 жылдың маусым айында Есіл өзені бойындағы Қараөткел тұсында Астана қаласының алғашқы іргетасы қаланды. 1832 жылы Ақмола ішкі округі ресми түрде жарияланып, оның округтік аға сұлтаны болып Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы тағайындалды. Ал 1838 жылы Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсылық білдірген жергілікті халықтың көтеріліс деңгейін іле-шала Кенесары Қасымұлы Ақмола бекінісін алу үшін патша әскерлеріне қарсы алғаш шабуыл жасады.Сөздікке жүгініп, парсы түбірінен қазақша түсінігін іздейтін болсақ, астана — табалдырық, босаға, кіре беріс, сарайдың қақпасы, салтанатты орда есігі деген ұғымдарды білдірнді. Парсыша үндестігі астан (асетан) деп келеді. Келе-келе қазақта жұрт бас қосар орын, халық жиналып ақылдасар жер, ел ағалары байлам-бәтуа айтар орталық мәніне ие болғанға ұқсайды
Өйткені Махамбет ақынның:
Астана жұртын айналған
Атына тұрман болсам деп
Жұртына құрбан босам деп,
келетін Исатайды арқаландырар жырында астана деп ауыл-аймақ, ел-жұртын айтқан.Шығыс халықтарының өмірінде бір кезде араб, парсы тілдерінің ықпалы Еуропа үшін латын, француз тілдері атқарған қызметпен барабар болды. Сондықтан қазақ тілінің бірқатар ғылыми, саяси, тұрмыстық ұғымдары әу баста осы тілдерден еншіленуі заңдылық. Алтын Орда тұсында билеушілер тағы орналасқан орталықтарыңыз парсының сарай сөзімен аталды. Сол кездегі Сарай-Батый, Сарай-Берке қалалары Еділ жағалауындағы осы есімдес хандар басқарған астаналарымыз еді. Яғни Батый мен берке мемлекетінің орталығы екені тарихтан белгілі. Жайық бойындағы Сарайшық (яғни, кіші Сарай), Қырымдағы Бақшасарай, Балқандағы сарай (еуропалықтар Сараево дейді) — осының бәрі сән-салтанаты асқан мекен деген парсы сөзі.
Елімізді шыңғыс әулеті билеген заманда орталық деген мағына бірте-бірте моңғол мен түрік халықтарының әскери-әкімшілік аймағы ұғымын білдіретін орда сөзімен алмаса бастады. Оның соңғы жұрнағы — Бөкей хандығының астанасы болған, бүгінгі таңда атауы сақталған Орда қаласы.Парсы тілінде мекен, жер, ел дегенді білдіретін стан сөзі де бүгінгі Қазақстан аумағына сол тұста деген. Түркі тектес халықтардың киелі астанасы Түркістан аталуы, бір қиырымыздың Моғолстан екені бұған дәлел. Сол кездегі ғылыми-тарихи әдебиетте түркі халықтары мекендеген өлкеге орай стан түбірінің кеңінен қолданылуы нәтижесінде кейіннен қазақ тілінде астана сөзі қалыптасқан деген болжам қисынсыз көрінбес. Аудармалары сәл алшақтау болғанымен, стан мен астана (астан) түбірлерінің мағына ортақтығы бүгінгі парсы елінің өз мысалынан аңғарылып тұр. Иранда әкімшілік бөліністер остан аталып, аймақтарының дені Систан, Белужстан, Лорестан, Хұзестан болып келеді.Сарай. Орда. Астана! Билік орталығын білдіретін осынау ежелгі атауларды қазақ халқы мәңгіге еншілеп, мағыналас ұғымда қолдануының өзі тарихтың тамаша сыйы емес пе! Сарайдың ордаға орын беруі ұлы оқиғаларға байланысты үрдіс. Ал орданың кешегі жиырмасыншы жылдары астана мағынасына айналуы тым тез—бір жылда, тіпті бір күнде болған оқиға деген болжамға батылдық жасағалы отырмыз.
1925 жылдың сәуірінде Қазақстанның орталығын Орынбордан Ақмешітке көшіру туралы шешім қабылданды. Орынбор алты жыл бойы әуелі Қазревкомның, кейіннен Қазақ АССР-інің үкімет органдары орналасқан қала болғанымен, ел астанасы деп ресми атала қойған жоқ. Сол кездің құжаттарынан, баспасөзі мен әдебиетінен астана деген атуды кездестіре қоймаймыз. Ал Ақмешітті Қазақ елінің шын орталығы ету жөнінде ұйғарым алынғанда, кеңестік республика астанасының атауында мешіт сөзінің тұруы сол кездің идеологиясымен үйлесе қоймағаны анық. Орталық ұғымындағы орда сөзінің кәдеге асқаны сонда. Революция символы қызыл сөзімен кірігіп, Қызылорда атаулы қала пайда болды. Алайда, бір қиындығы ендігі жерде Қазақстанның ордасы Қызылорда деген қосарлы тіркес тұрақты қолданылуы тиіс еді. Орталық ұғымына синоним боларлықтай тың сөз қажет еді. Зиялы азаматтар осылайша халық жадында , жыр-толғауларда айтылатын ежелгі астана сөзіне таңдау жасағаны аңғарылады. Жаңа ұғымның жұртқа әлі тосын екені Бейімбет Майлиннің 1925 жылдың 8 маусымында жазған Астана өлеңінен де аңғарылып тұр.
Кәрі-жасы, бәрінің де
Айтатыны — астана!
Ел көгерген астанасы
Осы ма, әлде басқа ма?
Мен астанаң, мен ордаңмын!
Мұнда түгел тілегің...
Ел ордасы—астанасы,
Шаш нұрыңды әлемге!
Білім туын қолыңа ұстап,
Тұтқа болшы бар елге!..
1929 жылы астана Алматыға қоныс аударғанда Ілияс Жансүгіров Жаңа астана атты очерк жазып: Алматыға Қазақстан орталығы көшіп келді. Алматы—астана болды. Қазақстан ортасы—ордасына орнықты. Қазақстан еңбекшілерінің ұйтқысы—орталық, өкімет мекемелері басты ұйымдар жаңа қонысына ірге тепті деп қуанды. Қазақстан орталығы, Қазақстан ортасы, ордасы деген түсініктерді Ілияс та астана сөзімен жарыстыра қолданады. Бір кездегі сарай, орда, астана сөздерінің елдің қоғамдық саяси өміріне, тарихи кезеңдеріне байланысты мәні, атқарар жүгі алмасып отырған тәжірибеге сүйенсек, астана енді қала атауына түпкілікті ауысып, ол ұғымның қызметін басқа балама атқаруы тиіс. Мыңжылдық қолданбасы бар, бір кездерде осы мағынаны білдірген орда атауының елорда түрінде қайта оралуы бүгінгі Астанамызға шартты құбылыс.
Елорданы Алматыдан Астанаға көшіру тәуелсіз мемлекеттің алғашқы стратегиялық шешімдердің қатарында тұр.Бұл мәселені Президент Н. Назарбаев тұңғыш рет 1992 жылы көтерген болатын. Жоғарғы кеңестің елорданы көшіру туралы шешімі елдің аса маңызды оқиғалары хронологиясында 1994 жылғы 6 шілде болып белгіленді.1998 жылғы 6 мамырға дейін Ақмола деп аталған Астана, Президенттің Жарлығымен 1997 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының елордасы деп жарияланды. 1998 жылғы 10 шілдеде Қазақстанның жаңа елордасы—Астананың халықаралық тұсауы кесілді. 1999 жылы Астанаға ЮНЕСКО-ның Бейбітшілік қаласы деген наградасы берілді. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста, Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды. Астана өте серпінді дамуда. Елорда көшірілген кезден бастап қала экономикасына салынған инвестиция көлемі 3,5 млрд. доллардан асты. 2007 жылға дейін Астананың құрылысына 238,6 миллиард теңге көлемінде қаражат жұмсау жоспарлануда.Астананың ойдағыдай дамып келе жатқанының белдгілерін оның халқының жедел өсуінен байқауға болады. Елорданы көшіру жарияланған жылы мұнда не барі 225 мың адам тұратын. 2004 жылы елорда тұрғындарының саны екі есе өсіп, жарты миллионнан асып кетті.1998 жылы Астана еркін экономикалық аймақтың WEPSA халықаралық қауымдастығына кірді. Әлемнің 15 қаласы Қазақстан елордасының бауырлас қалалары болып табылады, олардың арасында Мәскеу, Берлин, Будапешт, Варшава, Минск, Киев, Анкара, Рига, Бангкок және басқалары бар. Бүгінде Астана тәуелсіз Қазақстанның елордасы ретінде әлемнің саяси картасында берік орнықты. Қазақстан егемендік алғалы бері бірінші рет астанасының орнын ауыстыруда тұрғылықты халықтың мүддесін ескере отырып, дербес шешім қабылдады. Осы іспеттес оқиғалар өмірдің өзі халық пен үкіметінен маңызды шешім қабылдауын талап еткен жағдайларда іске асып жатады. Ресей, Нидерландия Германия, Пәкстан, Түркия, Бразилия және тағы басқа елдердің астана ауыстырудағы тәжірибелерін мысал ретінде келтіруге болады.Ұлы Ататүріктің жаңа демократиялық Түркия астанасын елдің орталығы Анкара қаласына ауыстыруы тегін шешім емес. Осман империясының құлаған әкімшілік орталығы Ыстамбұл сол бір тарихи кезеңде жаңа талапқа сай келмей, бұрынғы режимнің қайта орнау қаупін туғызды. Болашақ астана ретінде Анкара қаласы түрік мемлекетінің негізін қалап, ғасырлар бойы ұлт бірлігін сақтап келеді және әкімшілік орталық ретінде түрік туын асқақтатуда. Сол кездегі дана Ататүрік шешімінің ұлт мүддесіне сай келенін тарихтың өзі дәлелдеді. Өткен ғасырда Ресейдің динамикалық түрде дамуын Петр I-дің империя астанасын Нева жағалауына орналастыру туралы шешімінсіз көзге елестету қиынға соғар еді. Сол уақыттағы қала салуға кедергі келтіретін табиғи жағдайлардың қиындығына қарамастан, ел астанасы салынып бітті. Ұлы реформатор Еуропаға терезе аша отырып, елдің ұзақ уақытқа гүлденуі мен өркендеуінің бағыт-бағдарын анықтады. Петербург мемлекет астанасының тарихи миссиясын орындап, қазіргі кезде тек Ресейдің ғана емес, Еуропаның, тіпті бүкіл әлемнің экономикалық мәдени және ғылыми орталығы болыап табылады. Әрине, астананы ауыстыру жөніндегі әлемдік тәжірибелерді айта берсек, көптеген мысалдар келтіруге болады. Түркі-монғол дүниесі саяси орталыққа ат беруде ерекше ұстамдыылқ танытқан. Саяси үстемдік құмарлықты білдіретін немесе мемлекет пен билікшіні мадақтайтын дәріптемелік сипаттамалар атымен ұшыраспайды. Көбіне-көп оның мемлекеттің саяси орталығы екендігін білдірумен ғана шектелген. Қарақорым — әскери қосын қонатын орын. Ұрға — әскер басының ордасы тұратын тұрақ. Сарай — билік мекемесі орналасқан жәй. Олар бұл қағиданы өздері үстемдік еткен кеңістіаае де кеңінен дарыта білген. Мәселен, Пекинді монғолдар Ханбалгат (патша қала) деп атаса, қытайлар Бэйцзин —солтүстік астана, ал Нанкинді Нанцзин — оңтүстік астана деп атаған. Жапондар да ескі астанасын Киото — батыс астана, жаңа астанасын Токио — шығыс астана деп атаған. Бұл батыс елдеріне тән дәстүр. Славян дүниесі Византия астанасы Константинопольді Царь-град — патша қала атаған. Кингстон — король тұратын қала атауы соған куә. Сондықтан жаңа саяси орталығымызды жәй ғана Астана атауымыздың тарихи дәстүрлерімен қай тұрғыдан келсек те, терең қабысады.Өткен ғасырларда астананың орнын ауыстыру тек қана сол кездегі жауапкершілік себептерге байланысты болса, ал XX ғасырдың ортасынан бастап геосаясатқа, экологияға, демографияға қатысты басқа бағыт алды.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттің астанасын Ақмолаға көшіру туралы Жарлығын шет ел басшылары түсіністікпен қабылдап, геосаяси мәнге ие деп бағалауда.Еуразия құрлығының дәл жүрегінде орналасқан Астананың XXI ғасырда халықаралық саясаттағы маңызды орталыққа айналу мүмкіншілігі бар. Жаңа астананың Алматы қаласына қарағанда көркеюі үшін өндірістік объектілер, әлеуметтік инфрақұрылымдар, әуежайлар, әлемдік деңгейдегі офистер және қонақүйлер салу жағынан көптеген перспективалық артықшылықары бар.Еліміздің астанасын көшіру халықаралық байланысты тереңдетуге үлкен септігін тигізбек. Мемлекет астанасының орналасу орны болашақта жолаушылар және жүк тасымалдаудың, сонымен қоса телекоммуникацияның, үлкен халықаралық транзитті жолдар торабының түйісетін орталығы болмақ. Атап айтқанда, кіндік қала Еуропа елдерін Азия Тынық мұхит аймағының жылдам дамумен келе жатқан аудандарымен тез және сенімді түрде байланыстырады.Бас қаланың Астана деген атауына келетін болсақ, оның біршене негіздері бойынша артықшылығы бар. Атап айтқанда, оның бір ғана түсіндірмесі бар және де бұл сөз нақты айшықталған мәнге ие. Астана атауы ешқандай да келеңсіз саяси немесе тарихи ұғындыруларға салынбаған. Жаңа атау құлаққа жағымды естіледі және графикалық тұрғыда мемлекеттік тілде де, сондай-ақ негізгі халықаралық тілдерде де сәтті көрінеді, оның үстіне естілу әуезі іс жүзінде ешқандай өзгеріске ұшырамайды.Қазақстанның территориялық бөлінбейтін біртұтастығы Ата Заңда бекітілген. Қазіргі егеменді еліміздің шекарасы республиканың қауіпсіздік кепілі болып табылатынын бүкіл әлемдік қауымдастық таныған. Қазақстан астанасының көшуі республикадағы этникалық ахуалды нығайтуға және біздің елдің халықаралық ынтымақтастықтың белсенді мүшесі болуға бағытталған.
Заң Қазақстан Республикасы астанасының құқықтық мәртебесін, жұмыс істеуінің ұйымдық-саясатын және экономикалық негіздерін айқындайды.
1-бап.Қазақстан Республикасының астанасы
1. Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының астанасы—мемлекеттің әкімшілік саяси орталығы, Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің Конституциялық кеңесінің, Жоғарғы сотының, Бас прокуратурасының және орталық атқарушы органдарының орналасқан жері.
3. Жекелеген орталық атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы астанасынан тыс жерлерде орналасуы мүмкін.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы және Мемлекеттік елтаңбасының эталондары және Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекет астанасындағы резиденциясында сақталады.1
Макиавелли былай дейді: ...Қандай мемлекет болмасын, оның тыныс-тіршілігі орталықтан бастау алуы тиіс. Елдің шеткері аймақтағы ірі қаласынан гөрі кіндігіндегі мекен алғашқыда көзге қораш, елеусіздеу, жұпыны болып көрінгенімен, келе-келе үлкен, күш-қуатқа ие болып, мемлекеттің темірқазығына айналады. Өйткені, өмір, тіршілік—ортада, орталықта.
Астананы Ақмола қаласына көшіріп, Ақмола арнайы экономикалық аймағын құру үшін мыналар негізгі алғышарттар болды:
қаланың республиканың кіндігінде геосаяси тұрғыдан тиімді орналасуы;
Ақмола қаласының елеулі өнеркәсіптік әлеуеті.
құрылыс индустриясын одан әрі дамытуға қажетті базаның болуы;
ірі тасымал торабындаорналасуы әрі қажетті көлік және телекоммуникациялық инфрақұрылымның болуы;
жоғарғы білікті кадрлар әлеуеті;
жеке меншік сектордың және кәсіпкерлікті дамыту үшін әлеуетті мүмкіндіктердің болуы;
аймақтағы саяси және әлеуметтік тұрақтылық;
қаланы дамытуға қажетті бос жерлердің болуы.
Қаланы дамытудың басымдықтары мынадай:
энергияны өндіріп, сақтаудың осы заманғы технологияларын қолдану арқылы энергиямен жабдықталуы және оның даму болашағы;
қаланы осы заманғы телекоммуникация құралдарымен қамтамасыз ету;
халықаралық стандарттар деңгейіндегі осы заманғы сервистік жүйесі бар Алматы—Астана автожолын салу;
айналмалы жол және Есіл өзені арқылы бірнеше көпір салу;
халықаралық әуежай салу;
бизнес-орталықтар, халықаралық сыныптағы мейманханалар, сауда орталықтарын салу;
тұрғын үй қрылысы;
құрылыс индустриясының осы заманғы базасын дамыту.
Басқару құрылымы
Ақмола арнайы экономикалық аймағының басқару органы Әкімшілік кеңесі болып табылады, оны Астана қаласының әкімі басқарады. Астана арнайы экономикалық аймағының басқару құрылымына Астана АЭА Әкімшілік кеңесінің аппараты, Астана АЭА Әкімшілік кеңесінің дербес атқарушы органдары, сондай-ақ министрліктер мен мемлекеттік комитеттердің аумақтық органдары кіреді.
Астана қаласы экономикасының (кәсіпорындарының) құрылымы Астана қаласында төменгі экономика салаларының кәсіпорындары жұмыс істеп тұр:
машина жасау;
құрылыс материалдары өнеркәсібі;
энергетика;
баспагерлік өнеркәсібі;
жеңіл өнеркәсіп;
құрылыс кешені 2
Жаңа Астананың жарқын келбеті қалыптаса бастады. Бұрын Астананы тыңгерлердің астанасы ретінде біліп келсек, енді тәуелсіз Қазақстанның бас қаласына айналды. Бұл—үлкен мәртебе.Бүгінде халқы 500 мың адамға жеткен Астана Орталық Азия өңіріндегі күрт дамып келе жатқан қала.Президент әкімшілігі, парлемент, министрліктредің орталық ақпараттары қоныстанған тамаша сарай-резиденциялар пайда болды. Келісті қонақ үйлер мен жаңа тұрғын үй кварталдары салынуда. Шетелдің дипломатиялық өкілдіктері үшін резиденциялар тұрғызылуда. Грузия, Қырғызстан, Түрікменстан, Украина және Куба өздерінің елшіліктерін ашты. Елордада Ресей елшілігінің бөлімшесі, ҚХР мен АҚШ-тың өкілдіктері бар.Астана мен Вашингтон біздің мемлекеттеріміздің жүрегі — биліктің атқарушы, заң шығарушы және сот тармақтары шоғырланған жер болып табылады деді Вашингтон мэрі Энтони А. Вильямс 2002 жылғы 2 маусымда Астана тұсаукесерінің кезекті жылдығына орай жіберген құттықтау сөзінде3.Үкіметтің басқару құрылымдары, министрліктер мен ведомстволар, қоғамдық ұйымдар алаңсыз жұмыс істеп жатыр. Ерекше айтатын бір жәйт: бұлардың бәрінде де мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейіп, мамандар, тіпті көшедегі қарапайым адамдар өз ана тілімізде қазақшасөйлей бастады. Мұны да жаңа Астанадағы жақсы жетістіктердің бірі.Жаңа, тәуелсіз Қазақстанды бейнелейтін жаңа елордамен қазақстандықтардың барлық ұрпақтарының арманы мен үміті астасып жатыр.Астана, бір жағынан, жаңа Қазақстанның мақтанышына, екінші жағынан —ұлттық идеяны орнықтырудың және елді біріктірудің нышанына айналды. Ол елдің орталығында, тарихи кезеңдерде Еуропа мен Азияның транзиттік күретамырын байланыстырған, дамыған индустриялық өңірде орналасқан.
Астана әуежайының болақшақтағы даму перспективалары
ТМД аумағында теңдесі жоқ Астана әуе айлағының болашағы зор. Аумағы 24 мың шаршы шақырым, өткізу жылдамдығы – сағатына 750 адам, жолаушыларды тіркеуден бастап, олардың жүгін тексеру, бүкіл терминалдың қауіпсіздігін бақылауға дейінгі барлық міндеттерді атқаратын операциялық жүйе, жаңа ұшу-қону жолдары – осының бәрі әуе лайнерінің барлық түрлеріне қызмет көрсетіп, шетелдік және отандық жолаушы, жүк ұшақтарын қабылдауға мүмкіндік береді. Бес қабатты терминал 24 тіркеу үстелімен, алты телескопты траппен, қол жүгін жүз пайыз сканерлеу арқылы тексеретін автоматтандырылған жүйемен жабдықталған. Терминалдың басты ерекшелігі – тіркеу барысында және ұшып келгенде жолаушыларды тексерудегі шапшаңдығы. Транзиттік жолаушылар үшін ыңғайлы қонақүй, мейрамханалар, дүкендер, бейнезал бар, бұған қоса діни рәсімдерді орындауға, балалы аналарға арналған екі бөлмемен жабдықталған.
Алматы әуежайының болақшақтағы даму перспективалары
2010 жылы әуежайды жетілдіру мен құрылысының бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін, оның жіберу қабілеттілігі жылына 2 миллион жолаушыны құрайды, 2014 жылы екінші кезеңі іске асқаннан соң – 4 миллионды, ал 2020 жылға қарай – 6 миллионды құрайды.
Жобаның бірінші кезектегі бағасы 100 миллион долларға бағаланып отыр. Терминалдың жобалаушысы болып француздың ADPi компаниясы табылады.
Жаңа терминал аумағының маңында “Әуежай Сити” инфрақұрылымдық кешені салынады деп күтілуде. Ол Marriot жүйесіндегі қонақ үйді, конференц-холлды, бизнес-орталықты, экспо-орталықты, шоппинг-орталықты, кинотеатрларды және басқа да нысандарды қамтитын болады.
Әрекет етуші Алматы әуежай терминалы болашақта, жаңа терминалдың құрылысы аяқталған соң тек республикалық ішкі әуерейстерін қамтамасыз ететін болады. Ол пайдалануға 2003 жылы берілген болатын. Оның жолаушыларды жіберу қабілеті жылына 2,5 млн. құрайды, көлемі – 29 мың шаршы метр. Транспорт және коммуникация Министрлігінің мәліметі бойынша, Алматы әуежайына жолаушылар ағыны көлемінің жартысы және 68 пайыз жүк ағыны тура келеді.
2006 жылы Алматы әуежайының жолаушылар ағыны 2015565 адамды құраған, 2005 жылмен салыстырғанда ол 21,2 пайызға ұлғайғанын көрсетеді. Ал жүк тасымалының ағыны 59219 тоннаға немесе 38 пайызға көп болып отыр.
Астана қаласының денсаулық сақтау жағдайы туралы
2006 жылы Астана халқына 22 аурухана және 114 емхана мекемелері мен оның бөлімшелерінде медициналық көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, қаланың денсаулық сақтау жүйесінде жедел медициналық жәрдем бекеті, апат медицина Орталығы, қан Орталығы, Мамандандырылған балалар үйі, ЖҚТБ-мен күрес және оның алдын-алу Орталықтары және ведомстволық медициналық мекемелері қызмет атқарады.
Астана қаласының медициналық мекемелері
өлш.бірл.
2004ж.
2005ж.
2006ж.
Барлық ведомстволардағы дәрігерлік аурухана мекемелерінің саны
бірлік
19
21
22
Дәрігерлік емхана мекемелерінің саны
(жеке және басқа ұйымдардың құрамына кіретіндер)
бірлік
99
115
114
Тіс дәрігерінен басқа, барлық мамандықтағы дәрігерлер саны
адам
3015
3287
3716
Тіс дәрігерлерін қоса есептегенде,
орта медициналық қызметкерлер саны
адам
3747
3769
4349
оның ішінде туатын және жүкті
әйелдер төсегі
бірлік
270
350
350
Аурулар төсегінің саны
бірлік
3616
3743
4121
Емхана мекемелерінің қуаты
ауысымда келіп-кеткендер
5638
6144
6549
Соңғы үш жылда емдеу-алдын алу мекемелерінің жүйесі азын-аулақ кеңейді, ол негізінен жеке меншік емханалық жәрдем мекемелері санының 2004 жылы 66-дан 2005 жылы 98-ге дейін өсуінен болды. Олардың негізгі үлесі (90%) халыққа стоматология, гинекология, венерология және дәстүрлі емес медицина салалары бойынша емханалық медициналық жәрдем көрсететін мекемелерге тиесілі.
Қаланың медициналық мекемелерінде 2006 жылы барлық мамандықтардағы 3716 дәрігер мен 4349 орта медициналық қызметкерлер жұмыс істеді. Медициналық қызметкерлердің жалпы саны 2004 жылмен салыстырғанда 19,3%-ға өсті, бұл қызмет көрсетілетін халықтың өсуімен байланысты болды. Дәрігерлердің жалпы санының 70%-дан астам бөлігін, орта медициналық қызметкерлер арасында – 96,6%-ын әйелдер құрайды.
Дәрігерлердің арасында терапевтикалық бейінділері – 25%, хирургиялық – 14%, педиатрлық бейінділері – 9,4%.
2007 жылдың басында дәрігерлермен қамтамасыз етуді Астана қаласы халқының 10 мың тұрғынына шаққанда 66 дәрігер, 77 орта медициналық қызметкерлер құрады.
Дәрігерлер және орта медициналық қызметкерлермен
қамтамасыз ету
халықтың 10 мың тұрғынына шаққанда
Астана қаласының халыққа стационарлы медициналық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын аурухана мекемелерінде 2007 жылдың басында 2004 жылмен салыстырғанда төсек қоры 14,0%-ға көбейіп, 4121 төсекті құрады. 2006 жылы 108,5 мың адам ауруханаға жатқызылып, орта есеппен бір науқас стационарда 12 күн жатты.
Басымдықты қайта бөлу үрдістері жеке емханалық мекемелер жағында сақталып, 2006 жылы олардың қуаты орта есеппен бір ауысымда 22 келіп-кетуді құрады. Жеке емханалық жәрдем мекемелерінің мамандарымен 982,1 мың келіп-кетулер тіркелді, бұл 2004 жыл деңгейінен 22,3%-ға жоғары. Жеке емхана жүйелерінің бар болғанына қарамастан қала тұрғындарының басым бөлігі медициналық көмек үшін мемлекеттік мекемелерге қаралғанды қалайды, бұл келіп-кеткендердің жалпы санынан 98,1%-ды құрайды.
Аурулардың кейбір топтары бойынша
тұрғындардың ауру-сырқаулығы
халықтың 100 мың адамына шаққанда
2006 жылы емхана мекемелеріне қаралғандар бойынша 539,5 мың ауру немесе халықтың 100 мың тұрғынына шаққанда 95,9 мың ауру тіркелді. Аурулардың өсуі барлық негізгі ауру топтары бойынша байқалады. Ауру-сырқаулық құрылымының алғашқы орнында тыныс мүшелерінің аурулары (29%), екінші – қан айналым жүйелерінің аурулары (9,5%), үшінші орында – несеп жүйелерінің аурулары (9,0%) тұр. Ауру-сырқаулықты жас ерекшеліктердің жеке топтары бойынша салыстырғанда қаралатындардың жалпы санынан үлкен жастағы тұрғындар, яғни 67,0%-ы, жастардың 7,7%-ы дәрігерлерге үнемі қаралады. Астана қаласының МСЭБ Департаментінің деректері бойынша халықтың 100 мың тұрғынына шаққанда 2006 жылы жұқпалы аурулар 2005 жылы тіркелген сифилиз (20,2%-ға), қышыма (2 есеге), педикулез (27,9%-ға), тұмау (16,4 есеге) жағдайларына қарағанда төмендеуімен сипатталады. Сонымен бірге, эхинококкоз (39,4%-ға), жоғары тыныс алу жолдары инфекцияларымен (3,9%-ға) ауырғандар санының өскені байқалды, сондай-ақ, 31 АҚТҚ-ын жұқырғандар тіркелді.
Өлім – халық денсаулығы жағдайының маңызды әрі әділ көрсеткіші. Астана қаласы бойынша бұл көрсеткіш 2004 жылы – 6,5 жағдайға қарсы 2006 жылы халықтың 1000 тұрғынына шаққанда 6,6 жағдайды құрады. Аурулар қатарынан қан айналым жүйелерінің аурулары, сәтсіз жағдайлар, улану мен жарақаттанулар, онкологиялық аурулар өлімнің басты себептері болып табылады. 2006 жылы 3724 адам өлген болатын, олардың 51%-ы еңбекке қабілетті жастағылар еді. Сәтсіз жағдайлар, улану мен жарақаттанулар (40,7%) және қан айналым жүйелерінің аурулары (23,2%) 2006 жылы еңбекке қабілетті халықтардың жиі өлу себептері болып табылады. Еңбекке қабілетті ерлер арасында сәйкесінше 43,3% және 24,3%, ал әйелдер арасында – 31,6% және 19,1%. Мұның барлығы халық өмірінің ұзақтығын күтетін көрсеткіштің биігінен көрінеді, қазіргі уақытта өмір ұзақтығы шамамен ерлерде 66,7 жас пен әйелдерде 75,8 жасты құрайды.
Негізгі ауру топтары бойынша 2006 жылы өлгендер
2006 жылы сәбилердің шетінеу деңгейі 1000 тірі туған балаға шаққанда 10,98 шетінеген сәбиді құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2,5 промиллге және Республика бойынша орташа деңгейден 3,1-ге төмен. Туылған сәбилердің шетінеуінің негізгі себебі: 1 жасқа дейінгі шетінеген сәбилердің санынан 49,5%-ды құрайтын, перинаталды кезеңде қалыптасқан жағдайлар болып қалуда.
Қала халқының денсаулығын қорғауда әйелдер мен балаларға көрсетілетін медициналық жәрдем маңызды орынды иеленеді. Астанада соңғы үш жылда 27,1 мың сәби дүниеге келген 2 перзентхана мен перинаталдық орталық қызмет атқарады. 2004 жылы халықтың 1000 тұрғынына шаққанда туылу коэффициенті 15,4 туылған сәбиге, ал 2006 жылы – 17,8 промиллге дейін өсті.
Қаланың аурухана мекемелерінде туатын және жүкті әйелдерге арналған 350 төсек пен 160 гинекологиялық төсек берілді, 2006 жылы қалада акушер-гинекологиялық төсектермен қамтамасыз ету қаланың 10 мың әйеліне шаққанда 17,7 құрады.
2006 жылы барлық меншік нысанындағы денсаулық сақтау мекемелерінде көрсетілген қызметтердің көлемі 12,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2005 жылға қарағанда 18,9%-ға жоғары. Денсаулық сақтау қызметінің жалпы көлемінен 9,7% - кәсіпорын, 11,2% - халық, 79,1% - бюджет қаражаты есебінен болды. Денсаулық сақтау мекемелерінің күрделі жөндеуіне 646,2 млн. теңге, олардың 98,9%-ы мемлекеттік медицина ұйымдарына жұмсалды. 2006 жылы 1,9 млрд. теңгеден астам сомаға машиналар мен құрал-жабдықтар алынды, бұл қаражаттың негізгі үлесі (94,7%) мемлекеттік меншік нысанындағы денсаулық сақтау мекемелеріне тиесілі.