Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Кафедра:Акушерлік және гинекология
Студенттің аты-жөні: Сат Әсел Досанқызы
Тобы: 1-023 Мамандығы: Жалпы медицина
Мен неге дәрігер мамандығын таңдадым?
Дәрігер деген - кең жүректі асыл адам, ақ халатты абзал жандар. Дәрігер мамандығының қыр-сырын қанық біліп, анық сол жолды таңдау үшін үлкен жүрек керек. Ақ халатты киіп алу шарт емес, әрбір дәрігер адам өмірінің арашасы екендігін білуге тиіс. Дәрігер болудың қиыншылығы мен қызы неде? Мен неге бұл мамандықты таңдадым?
Кез-келген мамандықтың қиыншылығы мен қызығы болады емес пе? Дәрігер атанудың да өз қызығы мен шыжығы болады. Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейді. Себебі дәрігер адам анатомиясын өте терең білумен қатар, кез келген жағдайдағы науқастан жиіркенбейтін, қаннан қорықпайтын, адам тағдырына немқұрайлы қарамайтын, күйзеліске төзімді, жүйкесі мықты жан болуы керек. Дәрігердің өміріндегі ең қиын нарсе өз науқасының өмірден өткенін көру екен. Дәрігер алдына келетін кез-келген науқастың өмірі сол дәрігердің қолында. Сол дәрігердің қолы ең алтын қол да, ең жаман қолда бола алады себебі, науқастың өмірін сақтайтын да, алатын да сол қол. Дәрігерлер адам жанының арашашысы деп бекер айтылмаған екен. Ал ең қызық та, қуанышты сәт науқастың аяққа тұрып сауыққаны, шын жүрегімен айтқан алғысы мен тілегін есту дәрігер өмірінің мәні болып табылады.
Мен неге бұл мамандық жолын таңдадым? Біріншіден, білікті дәрігер атану – менің кішкентай кезімнен аңсаған, асқақ арманым және өз жүрегімнің таңдауы! Арман адамға қанат бітіреді деп тегін айтпайды. Сол арман жетелеп Қарағанды мелекеттік медицина университетіне алып келді. Екіншіден, мен үшін адамдарға көмектескен үлкен бақыт! Адам өмірі ақ халатты абзал жандармен тығыз байланысты. Қай жерің ауырса, жаның сол жерде. Ауру жаныңа батып тұрғанда ең жақын адамға емес, ақ халатты жандардың көмегіне жүгінеді. Адамның өміріне қатысы бар дәрігер қауымдарынан барлығы қамқорлықты сезгісі келіп, сеніммен келеді. Сол сенімдерін ақтап ,науқастардың жүздерінен шуақ шашқан күлкіні көргім келеді. Сол себепті мен үшін елім мақтан тұтатын ақ халатты абзал жан атану зор бақыт!
Болашақ дәрігер ретінде Қазақстан медицинасын дамыту үшін қызмет жасаймын! Халықтың дені сау болуына өз үлесімді қосамын!