Аз санды халқы бар Қазақстанның ұланғайыр территориясын әуе жолымен қамтуда жақын және орта қашықтыққа арналған шағын самолет өндірісін, вертолет жасау саласын қолға алған қолайлы болар еді. Бұл жолда қолда бар екі жөндеу зауытын шетелдік инвестиция мен технологияға тарту тиімді.Ең әуелі шағын да арнаулы салаға арналған (ауыл шаруашылығы, өрт қызметі, медициналық, геологиялық, жеке адамдар үшін) әуе техникаларын шығару өзін өзі тез ақтар еді.
Елдің теміржол саласын тәуелсіз елдің жол индустриясының көрнісі етіп қайта құратын кез келді. Ол үшін қазіргі басқарушылар монополиясына айналған ірі үш теміржол (ТЖ) басқармаларын шағындап бес аймақ бойынша бес басқармаға жіктеу керек те, 14 бөлімшенің орнына Алматы, Арыс, Қандыағаш, Бейнеу, Көкшетау, Тобыл, Ақмола, Семей сияқты тораптар негізінде жеті бөлімше қалдыру қажет. Қысқасы, теміржолдарды біртұтас Қазақстан теміржолы етіп біріктіру керек. Сөйтіп, артылған мүлік жекешеленіп, одан түскен қаржы мен үнемделген қаражатты жаңа жолдар салуға жұмсаған жөн.
Сондай-ақ, елдің ішкі бағыты бойынша жолаушылар қозғалысын тиімсіз де шығынды маршруттарды қысқартып, дербес(персональный) вагондарды бос қаңтару “мәртебесіне” босатып, жаңа составтар құру арқылы қанағаттандыру қажет.
көлік инфрақұрылымы – көлік коммуникацияларының, порттардың және жағалық құрылыстардың, көлік құралдарына, жолаушыларға, жүктерге (жүк-багажға) қызмет көрсету объектілерінің, көліктің жұмысын және вокзалдардың, станциялардың, қойма жайлары мен аумақтарының, санитарлық-қорғау және күзет аймақтарының, сондай-ақ аталған объектілерге бекітілген жерлердің ондағы жылжымайтын мүлік объектілерінің, мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінің ғимараттары мен құрылыстарының, қалалық электр көлігі электр желілерінің функционалдық қызметін инженерлік қамтамасыз етудің жиынтығы
КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС
2008 жылғы қаңтарда облыс көлігімен (теміржол көлігін қоспағанда) 18,3 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2007 жылдың қаңтарына қарағанда 2,3%-ға көп. Жүк айналымы 427,6 млн. тонна-километрді құрады. Автомобиль көлігімен 18316,0 мың тонна, әуе жолы арқылы 1,1 тонна жүк тасымалданды.
Бір ай ішінде облыстың автомобиль, қалалық электр және әуе көлігімен 81,3 млн. жолаушы тасымалданды, бұл 2007 жылдың қаңтарына қарағанда 4,2%-ға көп.
Жолаушылар тасымалының негізгі бөлігі автомобиль көлігінің үлесіне тиді.
Көліктің жолаушы айналымы 696,9 млн. жолаушы-километрді құрады, бұл 2007 жылдың бір айымен салыстырғанда 3,0%-ға көп. Автомобиль көлігінің жолаушы айналымы 3,1%-ға артты, электрлі көлік бойынша 4,6%-ға, әуе көлігінде 5,1%-ға қысқарды.
2008 жылғы қаңтарда облыстың байланыс кәсіпорындарымен 765,1 млн. теңгенің қызметі көрсетілді, бұл 2007 жылдың тиісті кезеңіне қатысты алғанда салыстырмалы бағалармен 20,9%-ға көп. Байланыс қызметін көрсетуден түскен табыс құрылымының айтарлықтай көлемін қалааралық телефон байланысы, жергілікті телефон байланысы, телерадиобағдармаларды тарату алады.
2008 жылғы қаңтарда халыққа көрсетілген байланыс қызметінен түскен табыс көлемі 492,4 млн. теңгені (байланыс қызметінің жалпы көлемінің 64,4%-ы) құрады және 2007 жылдың сәйкес кезеңіне қатысты алғанда 27,7%-ға өсті. 2007 жылғы қаңтарда халықтың жан басына шаққандағы байланыс қызметінің көлемі 348 теңгені құрады.
Жеке қосылу Бір телефон аппараты бір абонент желісі арқылы қосылады.
Жеке қосылу мыналарды қамтамасыз етеді: мына қызметтерге кіру: жергілікті қалааралық, халықаралық байланыс, анықтама қызметі, Интернет торабы (dial-up) және басқ. номері серпінді терілетін телефон аппараты жұмысы; номері серпінді терілетін режимде жұмыс істейтін және 60 Вольттық желідегі абонент құрылғысының барлық түрлеріне қосылу; 19,2 Кбит/с дейінгі жылдамдықтағы модем арқылы Интернет торабына кіру (dial-up) . Қосымша қызмет түрлері (ҚҚТ) ұстамайды . Абонент желісінің тығыздау аппараты арқылы қосылу (РСМ) Абонент желілерін тығыздау жүйесі екі, төрт, он бір немесе он алты тәуелсіз және бір мезгілдегі телефондық және ақпараттық қосылуларға бір мысты екі сымдық сыммен ешқандай жаңа мыс сымын қосуды қажет етпейтін абоненттік жүйе болып табылады. Қосылу РСМ (pulse code modulation) цифрлық тығыздау жабдығы арқылы қамтамасыз етіледі. Әр абонент жеке телефон номеріне ие және АТС-ке тұрақты ену мүмкіндігінде. РСМ арқылы қосылу аналогтық АТС-ке мыналарды қосу кезінде қамтылады: мына қызметтерге кіру: жергілікті қалааралық, халықаралық байланыс, анықтама қызметі, Интернет торабы (dial-up) және басқа; номері серпінді терілетін телефон аппараты жұмысы; номері серпінді терілетін режимде жұмыс істейтін және 60 Вольттық желідегі абонент құрылғысының барлық түрлеріне қосылу; 19,2 Кбит/с дейінгі жылдамдықтағы модем арқылы Интернет торабына кіру