Көз жеткісіз көне заманда, қарым - қатынас бүгінгідей етек алып жайылмаған кезеңде, талай - талай ұқсас ойлар толғаныс - тебіренулер, тіпті біріне - бірі сырттай ұқсап кететін жеке - жеке сөздер де болған

Скачать

Кіріспе

Көз жеткісіз көне заманда, қарым-қатынас бүгінгідей етек алып жайылмаған кезеңде, талай-талай ұқсас ойлар толғаныс-тебіренулер, тіпті біріне-бірі сырттай ұқсап кететін жеке-жеке сөздер де болған. Бірақ, осылардың бәрі бір елде туып, бөгде елдерге содан таралмаған тәрізді. Ең әуелі осы жәйттің басын аша кетелік.
Кейде некен-саяқ сырттай ұқсастықты ұшыратсақ-ақ болғаны Ия, мынау жат жұрттың ұғымы, мұны пәленшеден түгенше алып пайдаланған екен... деп шамалаймыз. Тіпті мұндай долбарлаудың кейбір орашолақ үлгілері өткен заманда орыс халқының зерттеушілерінде де болған ғой. Мысалы, орыс филологиясының көрнеікті қайраткері Ф.И.Буслаев орыс халқының ауыз әдебиетіндегі толғаулардың біразын көне ертектерден іздеген, кейбірін ежелгі санскритке апарып теліген, бұл бағытты Мифологиялық школа деп атайды; кезінде Ф.И.Буслаевтың осы сыңаржақ пікірін жеріне жеткізе сынап, мансұқ еткен аты-шулы сыншыларымыз
Н.Г.Чернышевакий мен Н.А.Добролюбов 2 еді.
Баяғыда 1858 жылы А.Вельтман деген ғалымның Тарихи халық аңыздарының жинағы (Свод исторических народных преданий) атты кітабына да Н.А.Добролюбов рецензия жазған-ды: А.Вельтман

1 Н. Г. Чернышевский. О полемических красотах. Со-временник, 1854, № 9 (бұдан кейіи Современник журналының 1861 жылы, 6—7 сандарында беріледі).
2 Н. А. Добролюбов. Собр. соч., т. I. М.—Л., 1961, ;. 79, 555.
мырзаның филологиялық әдістері оның өзі ашқан мынадай тіл заңдарына тиянақталады,— дейді. Мысалы:
1. Бір тілден екінші тілге көшкенде әрбір дауысты дыбыс кез келген дыбысқа ауыса береді.
2. Сондай-ақ әрбір дауыссыз дыбыс та толып жатқан дауыссыз дыбыстардың біреуіне ауыса салады.
3. Әрбір сөздің ішіндегі дауысты, дауыссыз дыбыста, әріпте, тіпті бүтін буын да, әдемі естілуі үшін түсіп те қалуы кәдік, немесе жаңадан қосылып та кетуі мүмкін.
4. Дауыстылардың дауыссыздарға айналуы да немесе керісінше көшуі де ықтимал,—бұдан әрі ол: V ғасырда болан гунның қолбасшысы Аттиланы Киевтің ұлы князі — орыс халқының патшасы етіп шығарады, өйткені, ескі латын тілінде гун деген сөз huni (хуни) болып жазылса, оны А. Вельтман chuni (куни) сонсоң chueni (куени) етіп орыс тіліне таяп әкеледі де, бұл енді Кыяне, былай айтқанда киевляне, ендеше бұлар Киев қаласының тұрғындары,3— деп түйеді.
Бұл сияқты пікірлер А. Вельтманная бұрын да, соң да болған тәрізді. Мысалы, 1853 жылы Санкт-Петербургте Отечественные записки атты журналдың 7-санында шыңқан О родстве языка славянского с сан-скритским деген мақаласында ғалым А. Гильфердинг орыс тілінде айтылатын амбар дейтін сөзді санскриттің аmbarjami (амбариами) сөзінеп шығарыпты. Орыс тіліндегі якшаться деген сөзді санкскриттің jaksh (якш) сөзінен апарып тудырған екен.
А. Гильфердингтің осы бір шұғыл байламына қарсы шығып, ұлы сыншы, өз мезгілінің ғалымы Н.Г.Чернышевский былай депті: Амбара он (А.Гильфердинг), производит (стр.13) от санскритского аmbarjamе — коплю, собираю. Но амбар (правильнее анбар) чисто арабское слово, перешедшее к нам от татар, подобно словам сходного значения: казна и сундук.
Якшаться которое отмечено в Областном словаре как вологодское, но которое употребляется на всем востоке России, производит он от санскритского

3 Н. А. Д о б р о л ю 6 о в. Собр. соч., т. 2. М., 1962, с. 335 — 339 (см. ст. Аттила и Русь IV и V века).


Скачать


zharar.kz