Мәди Бәпиұлының Қарқаралы, Қаракесек өлеңдері арқылы ақын өмірін болжай отырып, талдап жазыңыз.
Тезисі: Мәди Бәпиұлы өз шығармаларында бостандықты, адам жанының тереңдігін, қазақ халқының тамаша дәстүрлерін жырға қосады.
Аргументтері: 1. Атақты Қарқаралы әні:
Саяңнан сайғақ құрлы сая таппай,
Мен бір жан қуғын көрген Арқадағы- деген өлең жолдарынан туған жеріне деген сағыныш;
2. Қаракесек өлеңінде:
Сұрасаң руымды Қаракесек,
Досымнан дұшпаным көп қылған өсек-деген өлең жолдарынан ақынның жалғыздығы.
Қорытынды: Мәдидің бүгінгі ұрпағына қалдырып кеткен баға жетпес бай мұрасы мен өнегелі өмірі.
Жас кезінен-ақ ән айтып, домбыра тартып аты шыққан, арғы аталары атақты, текті би Қазыбек биден тараған Мәди ақын. Болашақ сазгердің балалық шағы әсем табиғат аясында өтеді. Алғашқы өлеңдері туған жер, шетсіз де шексіз кең дала жайлы жазылған. Атақты әнші-композитор Мәди Бәпиұлы өз шығармаларында бостандықты, адам жанының тереңдігін, қазақ халқының тамаша дәстүрлерін жырға қосады. Кең тынысты, салтанатты, шаттыққа толы оның әңдері күні бүгінге дейін ел аузында.
Мәди Бәпиұлының Қарқаралы, Қаракесек өлеңдері ақынның басынан өткен қиыншылықтардан сыр шертеді. Қамауда елін, жерін сағынып, әділетсіз заманға налыған ақынның жан күйзелісін байқаймыз.
Қарқаралы, Қаракесек өлеңдерінде үстем тап өкілдерінің "ұры" деген жаласымен елден қуылған кездегі ақынның ішкі сырлары суреттеген. От ауызды, орақ тілді Мәдидің елден кетуіне себепкер болған өткір, әділ және тура сөйлеуі еді. Композитордың тағдыр-талайынан терең сыр қозғайтын Мәди Бәпиұлының әндері тыңдармандарының жанын тербейді.
Атақты Қарқаралы әні:
Саяңнан сайғақ құрлы сая таппай,
Мен бір жан қуғын көрген Арқадағы- деген өлең жолдарынан туған жеріне деген сағыныш сезіледі. Жануар сайғақпен өзін қатар алады да, бірақ ақын сайғақ құрлы бола алмағанына налыйды. Келесі шумағында ақынның жан күйзелісін одан әрі көруге болады. Мен туған бір атадан жалғыз едім дей отырып, бірге туған бірге өлмек дегендей, атадан жалғыз екенін, нағыз жалғыздықты баса айтады. Кір жуып, кіндік кескен жеріне деген адал махаббатын жырына арқау еткен. Сондай-ақ ақында өкініш те бар, өйткені жастық шақ, жастық жалын өтіп, бойындағы күш-қуат әлсірегенін байқаймыз. Жасттық қайраты бойында болғанда оны қайрап алып, жауға сермейтін еді.
Қаракесек өлеңінде:
Сұрасаң руымды Қаракесек,
Досымнан дұшпаным көп қылған өсек-деген өлең жолдарынан ақынның жалғыздығын сезгендейміз. Өйткені ақын келесі шумағында Науқасым жанға батып жатқан кезде, Болмады жан ашитын туысқаным дейді. Бұл жерде ақынның жалғыздықты сезінгенін байқаймыз. Атқамінер жандайшаптардан жасырынып, ұзақ уақыт туған жерге ат ізін сала алмай қиналған туыс-достан, ауыл-аймақтан жырақ кеткенін сездік.
Халықтың арасыннан жырақ жүрсе де оның әндері халына тарап кеткен еді. Мәдидің қайсарлығы мен өткірлігі жайлы аңыздар да айтылған.
Қорытындылай келе, айтарымыз Мәдидің бүгінгі ұрпағына қалдырып кеткен баға жетпес бай мұрасы мен өнегелі өмірі бар. Мәдидің қиыншылық кезде өмірді, туған жерді сүюі артындағы ұлылыққа бас иер ұрпаққа үлгі.