Құжаттарды баспаға шығару

Скачать

Word мәтіндік редакторы жөнінде

Microsoft Word for Windows - дүние жүзі елдеріне кең тараған мол мүмкіндікті мәтіндік редактор болып тбылады. Редактордың алғашқы варианты Windows атауы бойынша тоқсаныншы жылдардың бас кездерінде жарыққа шыққан болатын. Соңғы жылдары оның Word 7,0. Word 97 атаулы варианттары пайда болды. Көп жағдайларда Word 6.0 – мен жұмыс істеу жеткілікті болып, тіпті оның көптеген мүмкіндіктері пайдалана берілмейді.
Word 6.0 программасы үлкен көлемді болып келеді. Ол үшін кемінде винчестерде 20 мв, ал ішкі жадта 4 мв орын болуы тиіс. Write бір терезелі, ол Word көп терезелі редактор.
Сонымен қатар Word 6.0 редакторының белгілемесін «Программа менеджері» терезесінің ішіндегі программалар топтарының біріне орналастырып қоюға болады.

Негізгі бөлімі: Редактор мәзірі
Word редакторының мәзіріне Write – қа қарағанда қосымша төмен бағытты (еңкіш) мәзірлер мен оларға көптеген жаңа пункттер қосылған. Пункттік командалардың іс-әрекеттерімен толығырақ танысу үшін курсорды басқару клавиштері арқылы мәзір курсорын оның үстіне әкеліп, F1 клавишін басу қажет.
Төменде еңкіш мәзірлер және олардың кейбір пункттерінің атаулары мынадай үлгі бойынша көрсетілген:
1) пункт атауының қазақша аудармасы,
2) атаудың халықаралық тілде жазылуы,
3) пункттік команданың қысқа түрде баяндалған іс-әрекеті.
Word – редакторында файлдармен жұмыс:
Құру ... New (Ctrl+N) жаңа файл құру
Ашу ... Open (Ctrl+O) Сақтаулы файлдары ашу.
Сақтау... Save (Ctrl+S) Файлды сақтау
Жабу... Close Құжатты жабу
Басылымды алдын ала шығару Print Preview
Басу ... Print Құжатты басып шығару
Құжатты басып шығару - үшін принтер компьютерге қосылып, дайындық жұмыстары аяқталған соң Файл- Басу командасының берілуі тиіс. Егерде оның тек бір данасын басып шығару керек болса, аспаптар панелінің Басып шығару түймесін шертуге болады. Мәзір командасының, оның кейбір беттерін басу не бірнеше көшірмесін алу үшін берген дұрыс болады. Бұл кезде экранға қосылуы принтер аты көрсетілген сұхбаттық терезе шығады.
Терезеге үш өріс енгізілген.
1) Басу – басылып шығатын құжат түрлері енгізілген мәзір.
2) Көшірме – бұл өріске көшірме саны енгізілуі тиіс. Егерде «Көшірмелерді теңестіру» ауыстырып қосқышы қосулы тұрса, принтер автоматты түрде алдымен құжаттың бірінші данасын, одан соң көшірмелерін ретімен басып шығады.
3) Аралық – бұл өріске қажеттісі таңдалатын үш режим енгізілген;
а) Бәрі – құжатты толық басып шығару
б) Ағымдық бет – курсор орналасқан бетті басу.
в) Беттер – құжаттық бірнеше бетін басып шығару режимін орнату.
Бұған басылып шығатын бет номерлерінің біріншісі мен соңғысының енгізілуі тиіс.
Көзделген мақсатқа байланысты өрістерді енгізіп болған соң, ОК түймесін шерту керек.


Скачать


zharar.kz