Иірімдердің режимі суарынды және серпімді суарынды

Скачать

ҚАЛАМҚАС - Тұран плитасының Оңтүстік Бозащы ойпанының солтүстік батыс шетіндегі ірі мұнай-газ кені. Маңғыстау облысында, Ақтау қаласынан солтүстік-шығыста 280 км жерде орналасқан. Құрьшым 1974 жылы белгілі болды. Іздестіру бұрғылауы 1976 жылы басталды, сол жылы кеннің өзі де ашылды.
Кен ортаңғы юра қабатының беті бойынша амплитудасы 100 м-ге жуық ендікке қарай созылған брахиантиклинальдық қатпардан орын алған. Кеннің мұнай сыйыстырушы қимасы триас, юра және бор ғүмырларындағы терригендік шөгінділерден құралған, бұлардың ең көп –ашылған қалындығы 2395 м. Апт шөгінділерінде 2 газды қабат, неокомда 6, ортаңғы юра шөгінділерінің қатқабатында 2 газды-мұнайлы, 5 мұнайлы қабат анықталды. Өнікті қабаттардың жатыс тереңдігі 505-936 м. Газ иірімдерінің биіктігі 16,6-67 м, мұнай иірімдерінің биіктігі 16,8-124 м-ге дейінгі шектерде өзгеріп отырады. Табиғи сыйымдылықтың түрі жөнінен апт иірімдері, неокомның бір қабаты, юраның бес иірімі қабаттық күмбездік, неокомның бес иірімі қабаттық литологиялық қалқаланған, юраның үш иірімі қабаттық, тектоникалық қалқаланғат болып қалыптасқан. Қод: лекторлары қуысты, ашық кеуектілігі 23 - 29%-ке, өткізгіштігі 105-тен 1,468 мкм2 жететін құмтастар мен алевролиттерден құралған. Жаппасы қалындығы 4-53 м-ге дейінгі сазды жыныстардан тұрады. Өнікті қабаттардың жалпы қалындығы 4 - 28 м, тиімді қалындығы 4,2 - 10,3 м-ге дейінгі шаманы құрайды. Мұнайға қаныққандық коэффициенттері 0,66-0,72, газға қаныққандығы 0,32-0,69. Мұнайдың тығыздығы 902-914 кгм3, күкіртті, парафинді, мол смолалы, газға қаныққандығы 25 м3т. Қаламқас мұнайының ерекшелігі - оларда ванадий мен никельдің өнеркәсіптік шоғырларының бар екендігі. Бастапқы қабаттық қысым 6,5-9,6 МПа, температура 39-44°С, 7 мм-лік штуцерде мұнайдың бастапқы шығымдары 26,4-62,1 м3тәулігіне болды. Мұнайда еріген газдар құрамы жағынан түрліше келеді: юраның екі иірімінде олар ауыр, этанұстаушы, ауыр көмірсутектердің үлесі 11,1-12,7%-ке жетеді. Болмашы мөлшерде азот пен көмірқышқыл газы бар. Юраның үш қаба-тындағы газдар жеңіл, ауыр көмірсутектердің мөлшері 5,9 - 9,9%-ке дейін өзгереді. Юраның бір иірімінде еріген газ құрамы жөнінен "кұрғақ", ондағы метандық қүраушы 94,5%-ке жетеді. Төменгі бор иірімдерінің еркін газдары құрамы жағынан метанды, оларда ауыр көмірсутектер жоқ дерліктей (0,85%), азот жоқ, көмірқышқыл газының мөлшері 0,31%-тен аспайды. Бастапқы қабат­тық қысым 9,5-8 МПа, температура 30-38°С. Қабаттар бойынша газ шығымдары 38-80,8 мың м3тәу болды. Иірімдердің режимі суарынды және серпімді суарынды. Хлоркальций типті сулардың тығыздығы 1083-1095 кгм3, жалпы минералдылығы 97,4-170,6 гл. Кен 1979 жылдан бері пайдаланылуда.


Скачать


zharar.kz